Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі және оның механизмдері



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Аталған диссертациялық жұмыс бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау жасап, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындауға бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады. Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан, рыноктық шаруашылығы дамыған мемлекеттерде сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың стратегиялық секторы болып отыр.
Қазақстанда жеке меншіктің дамуымен бірге сақтандырудың да рөлі өсуде, алайда отандық сақтандыру қызметіңің халыққа және кәсіпкерлерге көрсетіп отырған сақтандыру қызметтерінің көлемі тар, тиімділігі аз болып отыр. Сақтандыру рыногындағы компаниялардың тұрақты дамуына қарамастан, отандық сақтандыру жүйесінің дамуы төменгі деңгейде қалуда. Оған дәлел сақтандыру сыйлықақыларының республикалық ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі 2008 жылы 0,8% құрап отыр. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 8-12% құрайды. Сол себепті апаттардың алдын алуға, халыққа әлеуметтік жәрдем көрсету бойынша елеулі мемлекеттік шығындар жұмсауға тура келуде.
Сақтандыру қызметі өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға сай және қарқынды дамыған сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін құруды талап етеді. Сақтандыру секторы қалыпты дамымай мемлекеттің тұрақты дамуы туралы айту қиын.
Сақтандыру қызметі рыногының жеткіліксіз дамуы сақтандыру компанияларына келетін капиталдың аздығынан болып отыр, ол өз кезегінде сақтандыруға деген ынталандырудың жетіспеушілігінен, соның ішінде өмірді сақтандыруға, халықтың отандық қаржы ұйымдарына деген сенімділігінің төмендігі, әсіресе ұзақ мерзімді салымдар жасауға көп халықтың сенбеуінде болып отыр. Сақтандыру рыногының дамымай қалғандығын және оның Қазақстандағы институционалдық аяқталмағандығы мемлекеттік мәселе болып отыр, егер осы мәселені мемлекет шешсе сақтандыру қызметі рыногы экономикалық өсудің маңызды тұрақты факторы болар еді.
Отандық сақтандыру қызметі рыногының дамуын тежеп отырған негізгі себептер тек сақтандыру қызметін ұсыну тәжірибесінің жеткіліксіздігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі мен төлемқабілеті бар кәсіпорындардың санының аздығында болып отыр. Осы себептер сақтандыру қызметінің потенциалын анықтап және құру механизмдерін жетілдіруге бағытталған және болашақтағы тенденцияларын қорытындылайтын зерттеулердің жоқтығынан болып отыр. Осы себептер тақырыптың өзектілігін ашады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі кезде қалыптасып отырған ұлттық экономикадағы ақша-қаражат жүйесінің салдарынан туындап отырған жағдайлар кезеңінде сақтандырудың жаңа рөлін жан- жақты зерттеу өте маңызды. Атап айту керек, У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. ғұлама ғалымдардың математика және экономика бойынша еңбектерінде сақтандырудың негізі қаланып, сақтандыру қорының мәні ашылды және өмірді сақтандыру теориясы ғылыми негізделіп, сақтандырудағы актуарлық есептердің мәселелері өз шешуін тапты деп айтуға болады. Рыноктық әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметінің даму мәселелері сақтандыру бизнесін ұйымдастырушы мамандардың еңбектерінде кең талқыланған. Сақтандыру қызметінің мазмұны, оның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі туралы көптеген атақты отандық және шетелдік ғалымдар еңбектер жазған.
1 Место и роль страхования в социально-экономической системе общества // Вестник КазНУ. Серия экономическая. - 2007. - № 2 (60). - С. 28-32.
2 Страхование и его значение в стране // Материалы международной научно-практической конференции «Состояние и перспективы конкурентоспособности экономики Республики Казахстан: современная методология промышленного маркетинга, финансирования и управления», КазНТУ им. К.И. Сатпаева. - Алматы, 2007. - Ч. 1. - С. 408-410.
3 Сақтандыру қызметінін қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктеріне талдау // Ізденіс. - 2009. - № 2 (2). - 18-23 бб.
4 Особенности зарубежной практики организации страховой деятельности // Вестник университета Туран. - 2009. - № 3 (43). - С. 7-11.
5 Шетел тәжірибесінін негізінде сақтандыру қызметін отандық нарыққа қалыптастыру мен дамыту перспективалары // IV Рысқұлов оқулары халықаралық ғылыми форумы, 2009 жылғы 25-27 мамыр. - Алматы, 2009. - 30¬36 бб.
6 Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін ұйымдастырудын басымды бағыттары // ҚазЭУ хабаршысы. - 2009. - № 4. - 25-30 бб.
7 Развитие рынка страховых услуг в Республике Казахстан // Известия
вузов. - Бишкек, 2009. - № 4. - С. 55-58.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 368.01(574)
Қолжазба құқығында

ӘКЕЖАНОВ ДАНИЯР ҚАНАТҰЛЫ

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі және оның
механизмдері

Экономика және басқару теориясы мамандығы бойынша экономика
саласындағы философия докторы (Ph.D.) академиялық дәрежесін алуға
арналған диссертациялық жұмыстың

авторефераты

Қазақстан Республикасы Алматы 2009
Жұмыс әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде орындалды.

Ғылыми жетекшілері:
экономика ғылымдарының докторы, профессор Шеденов Ө.Қ.;

философия докторы (Ph.D.) Шмидт Г.

Рецензенттер:
экономика ғылымдарының докторы Қуатбаева Г.Қ.;

экономика ғылымдарының докторы,
профессор Тинасилов М.Д.

Диссертация 2009 жылдың 16 маусымында сағат 10.00-де әл-Фараби
атындағы қазақ ұлттық университетінде Мемлекеттік аттестациялау
комиссиясының мәжілісінде жүргізіледі. Мекен жайы: 050040, Алматы қаласы,
әл-Фараби даңғылы, 71, экономика және бизнес факультеті, 201 аудитория.

Диссертациямен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ғылыми
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2009 жылдың маусымында таратылды.

МАК хатшысы
К.Р. Мусина

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Аталған диссертациялық жұмыс бәсекелестік
жағдайындағы сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау жасап,
сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму
бағыттарын айқындауға бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның
әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық
әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады. Сақтандыру
механизмдерінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін
сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін
шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан, рыноктық
шаруашылығы дамыған мемлекеттерде сақтандыру әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешудегі экономиканың стратегиялық секторы болып отыр.
Қазақстанда жеке меншіктің дамуымен бірге сақтандырудың да рөлі өсуде,
алайда отандық сақтандыру қызметіңің халыққа және кәсіпкерлерге көрсетіп
отырған сақтандыру қызметтерінің көлемі тар, тиімділігі аз болып отыр.
Сақтандыру рыногындағы компаниялардың тұрақты дамуына қарамастан, отандық
сақтандыру жүйесінің дамуы төменгі деңгейде қалуда. Оған дәлел сақтандыру
сыйлықақыларының республикалық ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі 2008 жылы 0,8% құрап
отыр. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 8-12% құрайды. Сол себепті
апаттардың алдын алуға, халыққа әлеуметтік жәрдем көрсету бойынша елеулі
мемлекеттік шығындар жұмсауға тура келуде.
Сақтандыру қызметі өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Қазіргі
әлеуметтік-экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға сай және қарқынды
дамыған сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру
жүйесін құруды талап етеді. Сақтандыру секторы қалыпты дамымай мемлекеттің
тұрақты дамуы туралы айту қиын.
Сақтандыру қызметі рыногының жеткіліксіз дамуы сақтандыру
компанияларына келетін капиталдың аздығынан болып отыр, ол өз кезегінде
сақтандыруға деген ынталандырудың жетіспеушілігінен, соның ішінде өмірді
сақтандыруға, халықтың отандық қаржы ұйымдарына деген сенімділігінің
төмендігі, әсіресе ұзақ мерзімді салымдар жасауға көп халықтың сенбеуінде
болып отыр. Сақтандыру рыногының дамымай қалғандығын және оның
Қазақстандағы институционалдық аяқталмағандығы мемлекеттік мәселе болып
отыр, егер осы мәселені мемлекет шешсе сақтандыру қызметі рыногы
экономикалық өсудің маңызды тұрақты факторы болар еді.
Отандық сақтандыру қызметі рыногының дамуын тежеп отырған негізгі
себептер тек сақтандыру қызметін ұсыну тәжірибесінің жеткіліксіздігінде
ғана емес, сонымен бірге халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі мен
төлемқабілеті бар кәсіпорындардың санының аздығында болып отыр. Осы
себептер сақтандыру қызметінің потенциалын анықтап және құру механизмдерін
жетілдіруге бағытталған және болашақтағы тенденцияларын қорытындылайтын
зерттеулердің жоқтығынан болып отыр. Осы себептер тақырыптың өзектілігін
ашады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі кезде қалыптасып отырған
ұлттық экономикадағы ақша-қаражат жүйесінің салдарынан туындап отырған
жағдайлар кезеңінде сақтандырудың жаңа рөлін жан- жақты зерттеу өте
маңызды. Атап айту керек, У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б.
ғұлама ғалымдардың математика және экономика бойынша еңбектерінде
сақтандырудың негізі қаланып, сақтандыру қорының мәні ашылды және өмірді
сақтандыру теориясы ғылыми негізделіп, сақтандырудағы актуарлық есептердің
мәселелері өз шешуін тапты деп айтуға болады. Рыноктық әлеуметтік-
экономикалық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметінің даму мәселелері
сақтандыру бизнесін ұйымдастырушы мамандардың еңбектерінде кең талқыланған.
Сақтандыру қызметінің мазмұны, оның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық
қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі туралы көптеген
атақты отандық және шетелдік ғалымдар еңбектер жазған.
Олардың ішінде К.К. Жүйріков, У.Б. Баймұратов, К.Г. Воблый, Э.А.
Вознесенский, А.Г. Грязнова, Е.Ш. Качалова, А.К. Сембеков, Е.Р. Хандшке,
Э.С. Гребенщиков, Ю.М. Журавлев, С.Л. Ефимов, Л.А. Мотылев, А.М. Годин,
В.Д. Мельников, О.Э. Лер, Ө.Қ. Шеденов, Қ.Е. Құбаев, Қ. Алтынбекұлы және
т.б. көптеген ғалымдар бар.
Бұл авторлардың еңбектерінде сақтандыру қызметінің және өнімдерінің
жіктелуі қарастырылған және сақтандырудың жеке типтері, түрлері бойынша
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерінің мәні ашылып көрсетілген, сондай-ақ
экономиканың әртүрлі салаларындағы өндірістік және қаржылық қызметтермен
байланысты түрлі тәуекелдерді сақтандыруды ұйымдастырудың өзіндік
ерекшеліктері анықталған.
Отандық және жақын шетелдердегі экономикалық әдебиеттерде сақтандыру
бойынша жазылған еңбектер көбіне оқу құралы ретінде жарық көрген. Ал
күнделікті басылымдарда жарық көретін мақаларда сақтандыру қызметінің
қалыптасуының өзекті мәселелері ғана талқыланады. Бұл басылымдарда
сақтандырудың экономикалық аспектілері жеткіліксіз қарастырылған, сондай-ақ
қазіргі кездегі жаңа бағыт, сақтандырудағы менеджмент толық сипат алмаған.
Сондықтан, жаңа қоғамдағы сақтандыру қызметінің қалыптасу және даму
мәселелерінің өзектілігі, тәжірибелік маңыздылығы және теориялық тұрғыдан
жеткіліксіз өңделуі диссертациялық жұмыстың объектісін, пәнін, мақсатын
және міндеттерін анықтап отыр.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық
жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың әлеуметтік-
экономикалық табиғатын және теориялық негіздерін нақтылап, бәсекелестік
жағдайдағы сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау, сонымен қатар
экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын
айқындау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
бәсекелестік ортадағы сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні мен оның
жіктемесін нақтылау;
Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінің даму эволюциясына баға беру;
сақтандыру қызметінің қалыптасуының маңызды бағыты ретіндегі инвестициялық
қызметтің сипаттамасын беру;
қазіргі жағдайдағы сақтандыру қызметін ұйымдастырудың басымды бағыттарын
айқындап, оның даму ерекшеліктеріне талдау жасау;
сақтандыру қызметіне әсер етуші тәуекелдердің табиғатын зерттеп, оларды
басқару әдістерін нақтылау;
- шетел тәжірибесіне сүйене отырып, сақтандыру қызметінің
артықшылықтарын қалыптастырушы стратегияларды белгілеп, отандық тәжірибемен
ұштастыру;
Зерттеу нысаны - ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық саласы
ретіндегі сақтандыру жүйесінің қалыптасуы мен шаруашылық қызметтегі пайда
болатын тәуекелдерге қарсы тұратын қаржылық қорғаныс институты ретіндегі
сақтандыру қызметі.
Зерттеу пәні - бәсекелестік орта жағдайындағы Қазақстан Республикасы
сақтандыру қызметінің ұйымдастырушылық және экономикалық аспектілері болып
табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - сақтандыру теориясының
мәселелері, тұрақты даму теориясы, сондай-ақ күрделі әлеуметтік-
экономикалық жүйені стратегиялық басқару сұрақтарын жан-жақты талдаған
танымал отандық және шетелдік ғалымдардың еңбегі диссертациялық зерттеудің
жалпы теориялық негізі болып табылады.
Жұмыстың методологиялық негізін сақтандыру қызметін ұйымдастыруға, оның
экономикалық интеграция және жаьандану жағдайындағы тұрақты даму
мәселелерін шешуге арналған Қазақстан Республикасының заң шығарушы және
атқарушы билік органдарының заңнамалық, нормативтік актілері құрайды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде статистикалық мәліметтер,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы
рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері,
осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады.
Осы жұмыста монографиялық зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар,
зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу,
салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық
әдістер қолданылды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сақтандыру қызметінің
концептуалдық алғышарттарын әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып
табылады. Ғылыми жаңалықтың негізгі тұстарына мыналар жатады:
қаржылық шығындарды төмендету мақсатында құрылған және жеке субъектілердің
экономикалық тәуекелінің бірігуіне негізделген қаржылық қорғау институты
ретіндегі сақтандыру қызметінің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны
анықталды;
инвестиция және жинақтау көзі, сонымен қатар жинақтау қоры рөлін орындай
отырып, өндіріс процесінің бөлінбес элементі болып табылатын сақтандыру
қызметінің ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіндегі орны мен мәні дәлелденген;
зиянды қайтару мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде,
заңды және жеке тұлғалардың қызығушылықтарын қорғау жүйесіндегі сақтандыру
қызметінің экономикалық мазмұны дәлелденген;
сақтандыруға тиесілі қызметтердің мәні мен маңызы нақтыланып, бұл
категорияның өзіндік ерекшелігін сипаттайтын мазмұндық қағидалары
айқындалды;
теориялық аспектілерді ғылыми жүйелендіру мен зерттеудің негізінде
инвестициялық портфель ұғымына авторлық анықтама берілді, яғни ол
сақтандыру компанияларына тән қаржылық инструменттердің жиынтығы деп
түсіндіріледі;

рыноктың қазіргі даму ерекшеліктерін ескере отырып, шетелдік тәжірибенің
тиімді жақтарын отандық сақтандыру жүйесіне қалыптастырып, сақтандыру
қызметінің жетілдіру стратегиялары әзірленді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелер. Тақырыпты зерттеу барысында жаңа
көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, соның ішінде маңыздылары
мыналар:
сақтандыру қызметі кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі және экономикалық
тәуекелден қорғау институты ретінде;
1. Қазақстан экономикасындағы сақтандыру жүйесінің қалыптасу жағдайы;
инвестициялық қызмет сақтандыру компаниялары қызметінің табыс көзі ретінде;
3. отандық сақтандыру қызметінің дамуындағы негізгі проблемалар;
сақтандыру компаниясы қызметінің бәсекеге қабілеттілігін басқару тәсілі
ретіндегі тәуекел-менеджмент;
сақтандыру қызметін дамыту перспективасына қатысты үш түрлі балама
болжамдар келтірілген.
Зерттеу нәтижесінің практикалық маңыздылығы диссертациядағы теориялық
жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды сақтандыру ұйымдары мен брокерлік
компаниялар қызметтерінде, сақтандыру резервтерін басқарушылар кеңінен
пайдалануы мүмкін. Ғылыми зерттеудің материалдарын Сақтандыру курсы
бойынша лекцияда және семинарлық сабақ жүргізуде қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің сыналуы. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен
нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Диссертацияның жалпы мазмұны 3
б.т. тұратын 7 ғылыми мақалаларда жария етілген, оның ішінде 3 мақала ҚР
Білім және ғылым министрілігінде бекітілген жарияланымдарда, 3 мақала
халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында жарық көрген.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы
зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға
негізделген. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш бөлімге біріккен тоғыз
бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан
тұрады. 11 кесте, 20 суретті қамтиды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Сақтандыру қызметі ұлттық экономиканың маңызды саласы және тәуекелден
қаржылық қорғау институты ретінде әрдайым дамып келеді. Зерттеу тақырыбын
таңдап алу осымен байланысты.
1 Сақтандыру қызметін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік
мәселелерінің негіздері:
- экономиканың қорғаушы саласы ретіндегі сақтандыру қызметінің
экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны, мәні зерттеліне отырып, оның
қазіргі заманғы Қазақстан экономикасындағы рөлі мен артықшылықтары,
белгілері, үрдісі зерделенді; экономиканың қорғаушы саласы ретіндегі
сақтандыру қызметінің жүйелік ұғымдары мен өзара байланыстары, атқаратын
қызметтері зерттелініп, жалпы құрылымдық негіздері жіктелінді; сақтандыру
саласындағы әртүрлі ғалымдардың ойлары зерделенді.
Рыноктық экономика жағдайында тәуекелдікті тиімді басқарудың негізгі
әдісі сақтандыру қызметі болып табылады.
Сақтандыруда өндіріс, айналым, материалдық игіліктерді айырбастау және
тұтыну процестерде адамдар арасында қалыптасатын белгілі экономикалық
қатынастар іске асады. Ол барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғам
мүшелеріне шығындарын өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар
арасында бөлу арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын
өтеу әдісі ретінде көрініс береді.
Сақтандыру қызметі - бұл қаржылық тұрақтылықты және төлемқабілеттілікті
қамтамасыз ету мақсатында қаржы рыногында пайда алу үшін қордың уақытша бос
қаражаттарын пайдалану және дәстүрлі мәміле аясында сақтандыру оқиғаларының
туындауы себебінен болған зияндарды қайтару жағдайында, заңды тұлға
тарапынан кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың салымдарын (сақтандыру
сыйлықақылары) мәміле есебінен төлеу бойынша сақтандыру қорын құруға
негізделген кәсіпкерліктің ерекше түрін көрсететін сақтандыру қызметінің
қатысушылары арасындағы ерекше тұйықталған қатынастар жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру - сақтандырушы мен сақтанушы
арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы, яғни
мүліктің бір бөлігі сақтандыру сыйақысы ретінде (ақшалай немесе натуралды
үлгіде) бір субъектіден екінші субъектіге сақтандыру төлемі түрінде
сақтандыру оқиғасы туындаған кезде қайтарым жағдайына беріледі.
Сақтандыру және оның қоғамдық экономикалық қатынастардағы жүйесі ұлттық
табысты қайта бөлу (айырбастау) сатысынан итеріле отырып, төрт сатыдан
тұратын өзіндік ұдайы өндіріс қызметін жүзеге асырады (сурет 1).
I саты - сақтандырушылармен сақтандыру жарналарын құру және сақтандыру
өнімін сату
нәтижесінде сақтандыру төлемдерін өндіру үшін олардан сақтандыру қорын
құру.

II саты - сақтандыру топтары, сыныптары, түрлері және басқа бағыттары
бойынша сақтандыру қорларын құру және тарату.

III саты - сақтандыру шарттары бойынша (сақтандыру қорларын бағыты бойынша
жұмсау) сақтанушыларға сақтандыру төлемдерін өтеу.

IV саты - сақтанушылардың өтелінген сақтандыру төлемдерін жоғалтқан немесе
бүлінген
нысандарын қайта қалпына келтіру үшін қолдануы.

Сурет 1 - Сақтандырудағы экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі
сатылары. Қоғамдық ұдайы өндіріс сатылары

Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің бірінші сатысы
азаматтардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік институттардың ерікті және
міндетті сақтандыру тізбесі бойынша сақтандыру қорғанысы қызметін сатып ала
отырып, нетто-табыстан сақтандырушыларға төлейтін сақтандыру
сыйлықақыларының есебінен, сақтандыру қорларын құру арқылы сақтандыру
қорғанысын қамтамасыз етеді. Бұл сақтандыру қызметін сатып алу- сату
сатысы.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысы
-сақтандыру қорларын құру және тарату. Бұл сатыда сақтандырушылар
біруақытта сақтандыру қорларын құра отырып, оларды сақтандыру
8
тарифтерінде, бизнес-жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша, мемлекеттік
нормативтерге (мысалы, сақтандыру қорларын құру және орналастыру ережесіне
сәйкес) сай таратады.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің үшінші сатысы
-сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен, нақты зардап шеккен
сақтанушыларға жоғалтуларын өтеп беру үшін сақтандыру қорын пайдалану
арқылы сақтандыру қорғанысының жекелей жүзеге асуымен байланысты.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің төртінші сатысы
-сақтандыру төлемдерінің сақтанушылардың ие болу, басқару, қолдануымен
байланысты мүліктік қызығушылығын, олардың үшінші тұлға алдындағы
жауапкершілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуімен байланысты.
Жоғарыда айтылған тұжырымдарды талдай келе, біз сақтандыру қызметі
терминіне қатысты үш категорияны береміз. Біріншіден, бұл қатысушылар
арасында туындайтын экономикалық қызығушылықтарды қорғау тәсілі болып
табылады. Екіншіден, сақтандыру қызметі - қоғамдық қатынастар жүйесінің
ажырамас бөлшегі болады. Үшіншіден, сақтандыру қызметі - бизнес түрі болып
табылады.
Қазақстандағы мемлекеттік сақтандыруды қадағалау жүйесі әрекет етуші
заңдарға сүйенеді, оған жалпы құқықтық актілер, арнайы сақтандыру
заңнамалары және ведомстволық нормативтік құжаттар кіреді.
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу ұлттық сақтандыру жүйесінің
дамуын және экономиканың сақтандыру секторын әсерлі бақылауды қамтамасыз
етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда сақтандыру қызметі саласын реттейтін тиімді
құрал сақтандыру заңы бар. Алайда, экономиканың бұл саласы халықаралық
стандарттар мен қағидаларды қолдана отырып, табысты жетілдіруді қажет
етеді. Осы орайда, отандық сақтандыру заңнамаларын тиімді, тұрақты
сақтандыру қызметін дамытуға көмек көрсету әрекеттері мен қолдауға, сондай-
ақ әртүрлі мемлекеттердің қадағалау органдарымен келешектегі
ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық талаптарға сәйкестендіруді
қамтамасыз ету қажет.
Сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалау және реттеу жүйесін жетілдіру
мақсатында компанияның тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік беретін реттеу
механизмдері мен жаңа тәсілдерін әзірлеу қажет.
Шетелдерде сақтандыру институты әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізгі
құрамдасы ретінде өте жақсы дамыған, ал біздің елдегі осы саланың жағдайы
қарқынды дамытуды талап етеді.
Осыған орай сақтандыру жүйесін қарқынды дамытудың жолы сақтандырушылар
мен сақтандыру ұйымдарының салық салу жүйесін жетілдіру болып табылады.
Сақтандыру компанияларының қызметі белгісіздікке негізделетінін назарға
ала отырып, сақтандыру компаниясына оның ағымдағы және күтілетін болашақ
қаржылық жағдайын көрсететін мүмкін болатын жағдайларды ескеру керек.
Осыған орай бүгінгі күні сақтандыру ұйымдарының тәуекелділікті басқару
жүйесін құру мәселесі өзекті болып табылады.

2 Қазацстан Республикасындагы сақтандыру цызметініц қалыптасу жагдайына
талдау:
- отандық сақтандыру компанияларының қалыптасу жағдайы және өсу
динамикасы қарастырылды; сақтандыру сыныптары бойынша жасалған сақтандыру
төлемдерінің құрылымы зерделенді; AMANAT INSURANCE)) СК АҚ-ның қызметін
талдау жүргізілді.
Еліміздегі сақтандыру ісі әлі толықтай қалыптасып болған жоқ:
сақтандыру рыногының даму болашағы сақтандыру секторының өсу динамикасы
бойынша бағаланады (кесте 1).

Кесте 1 - Қазақстанның сақтандыру рыногының негізгі көрсеткіштері
Сақтандыру ұйымдарының санының динамикасын былай байқауға болады:
1998ж. - 71, 2000ж. - 42, 2001ж. - 39, 2002ж. - 33, 2003ж. - 32, 2004ж. -
36, 2005ж. - 37, 2006ж. - 38, 2007ж. - 40, 2008ж. - 42, 2009ж. - 44. 1998
жылмен 2003 жылдар аралығында сақтандыру ұйымдарының саны күрт төмендеген
еді, ал 2004 жылдан бастап қайта өсу байқалған.
2009 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша, 44 сақтандыру компаниясының
ішінде: 8 - өмірді сақтандыру секторында, 36 - жалпы сақтандыру
секторында, 12 сақтандыру брокері және 55 актуарий өз қызметтерін лицензия
негізінде жүзеге асырады.
Сақтандыру рыногының қарқынды дамуы мен жағымды тенденциялары елдегі
қолайлы макроэкономикалық жағдайлардан және қарастырылып отырған саладағы
тиімді заңнамалық іс-әрекеттен туындаған. Сақтандыру рыногы біздің елде
қарқынмен өсіп келеді. Оны жалпы ішкі өнімдегі сақтандыру сыйлықақыларының
өсуінен көруге болады, дәл осы көрсеткіш сақтандыру рыногының дамуын
сипаттайды (кесте 2).
Әрбір жыл сайын сақтандырудың Қазақстан экономикасындағы рөлі өсіп
келеді. Сақтандыру салымдарының ЖІӨ-ге қатынасы дамыған елдердің
көрсеткішінен төмен болғанымен, оның қарқынды өсуі байқалады.
Сақтандырушылар салымдарының көлемінің ЖІӨ-ге деген қатынасы 2008 жылы
0,83% құраған.
Салыстырмалы түрде алсақ, АҚШ-та ол көрсеткіш 9,2%, Ұлыбританияда
-14,7%, Германияда - 7,5%, Францияда - 9,1%. Осы елдерде жиналған
сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ-ге деген қатынасы әрдайым өсіп келеді.
Алайда, сақтандыру рыногының дамуы ЖІӨ-ге тікелей қатысты емес.
Сақтандыру секторының дамуы көптеген факторларға тәуелді, әсіресе, халықтың
ақшалай табысының өсуіне, жалпы сақтандыру мәдениетінің дамуына, экономика
салаларының жинақтаушы сақтандырумен бәсекелестігінің жетістігіне
байланысты дамиды.
2008 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру сыныптары бойынша
жасалған сақтандыру төлемдерін қарастырған кезде мынаны айтып кетуге
болады:
- міндетті сақтандыруда - көлік құралдары иелерінің
азаматтыққұқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша 47,6 % (3,9
млрд.теңге), қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде
олардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша төлемдер 30,5 % (2,5
млрд. теңге), өсімдік шаруашылығын сақтандыру бойынша 19,5 % (1,6 млрд.
теңге) және басқалар бойынша - 2,4 % болды;
ерікті жеке сақтандыруда - сақтандыру төлемдерінің 74,3 % (5,5 млрд. теңге)
аурулардан сақтандыру бойынша, жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша -
12,2 % (0,9 млрд. теңге), аннуитеттік сақтандыру бойынша - 9,5 % (0,7 млрд.
теңге) және өмірді сақтандыру бойынша - 2,7 % (0,2 млрд. теңге) болды;
ерікті мүліктік сақтандыруда - 88,2 % (33,6 млрд. теңге) басқа да қаржылық
шығындардан сақтандыру бойынша, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша - 5,5
% (2,1 млрд. теңге), мүлікті сақтандыру (автокөлікті, әуе, теміржол, су
көлігін және жүкті сақтандыруды қоспағанда) бойынша - 2,1 % (0,8 млрд.
теңге), басқалар бойынша - 4,2 % болды.
2008 жылғы он бір айда жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы
бойынша сақтандыру төлемдерінің мейлінше көп көлемі басқа да қаржылық
шығындардан сақтандыру сыныбы бойынша сақталып, төлемдердің жиынтық
сомасының 62,7 %-ы болды.
Ескерту - Автормен құрастырылған.

Сурет 2 - Сақтандыру төлемдерінің құрылымы, %-бен
Сақтандыру төлемдері құрылымының динамикасы 2-суретте көрсетілген.

2009 жылдың 1 қаңтарындағы сақтандыру ұйымдарының активтерінің жиынтық
көлемі 268 822,9 млн. теңгені құрап, ол 2008 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 20,3 %-ға өскен. Оны 3-кестеден көруге болады.

Кесте 3 - Сақтандыру ұйымдары активтерінің құрылымы
Сақтандыру компаниясын таңдаған кезде қала тұрғындары көбіне бағалау
критерийлеріне жүгінеді, яғни мұнда таңдау алдыңғы жылдарда халыққа адал
қызмет көрсетумен танылған сақтандыру компаниясының пайдасына жасалады.
Осыған байланысты сақтандыру компаниялары қызметінің негізгі міндеті
түлынушыларға маңызды сипаттар бойынша өзін таныту және жайғастыруды
қалыптастыру болуы керек. Тағы атап кеткен жөн болар, көп жағдайда
сақтанушылар сақтандыру жүйесіне және жеке сақтандыру компанияларына сенбей
жатады, осы жерде сақтандыру оқиғасы пайда болған кезде оның сапасы мен
қызметтің сезілгіштігі маңызды рөл ойнайды.
Сақтандыру компаниясы өз қызметінің сезімталдығын көтеру үшін
потенциалды түлынушылармен тек сақтандыру кезеңінде ғана емес, тіпті
сақтандыру шартының әрекет ету мерзімінде де қатынасты үзбегені дұрыс.
Сақтандыру компаниясын сақтандырудың барлық кезеңінде әйгілендіретін
осындай шаралар тұрақты, берік, сенімге ие болған компанияның имиджін
құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, міндетті сақтандыруды және оның

қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Статистикаға
жүгінетін болсақ, республикадағы барлық тұрғындардың небәрі 27%-ы ғана
сақтандыру компанияларының қызметін түлынады немесе тұтынуды көздейді екен.
Бұл халық арасында сақтандыру қызметі туралы көп түсіндіру шараларын өткізу
қажет екенін көрсетеді.
Енді сақтандыру қызметін түлынушы жеке тұлғалардың әлеуметтік-
демографиялық жағдайын талдап қарайтын болсақ, республика бойынша
сақтандыру қызметін жиі түлынушылардың ішінде әйелдерге қарағанда жастары
45-55 жас аралығындағы ер адамдардың басым екенін көрсетеді. Олардың бәрі
жоғары білімді, отбасын құрған, жоғары табысы бар азаматтар. Сақтандыру
қызметінің өте үлкен потенциалы соңғы уақыттарда еліміздің бас қаласы -
Астанада орын алып отыр. Астана түрғындарының арасында сақтандыру қызметін
түлынушылардың жас шамасы 33-47 аралығында.
Қазақстан Республикасындағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірі 1997
жылдың 24 шілдесінде Медео СҰ ЖШС болып құрылған. 2001 жылы акционерлер
құрамының өзгерісіне байланысты, ол AMANAT INSURANCE)) СК АҚ болып
өзгертілді. Компанияның акционерлері Alma Art. Design ЖШС, ДИН-АС ПЛЮС
ЖШС, БИОТА ЖШС, ННК-10 ЖШС, ХАН ТЕНГРИ ЖШС болып табылады.
Бүгінгі таңда компанияның жарғылық капиталы - 210 000 млн. теңге,
сақтандыру қорлары - 2 929 711 млн. теңгені құрап отыр. 2008 жылдың аяғында
жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 8 972 746 млн. болған. 2008
жылдың 1 қыркүйегіне алатын болсақ, AMANAT INSURANCE СК АҚ Қазақстанның
сақтандыру рыногында жиналған сыйлықақылардың көлемі жағынан 6 орынға ие
болған (кесте 4).

Кесте 4 - AMANAT INSURANCE СК АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштері
AMANAT INSURANCE СК АҚ-ның 2009 жылдың 1 қаңтарындағы
жағдай қарағанда сақтандыру сыныптары бойынша келіп түскен сақтандыру
сыйлықақыларының құрылымы 8 973 млн. теңгені құраған, оның ішінде:
14
Сурет 3 - AMANAT INSURANCE)) СК АҚ-ньщ сақтандыру сыныптары бойынша
түскен сақтандыру сыйлықақыларынын құрылымы

Енді, компаниянын 2004 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықтағы қызметінін
негізгі қаржылық көрсеткіштеріне тоқталып кетейік.
5-кестеден көріп отырғанымыздай, компаниянын сыйлықақылары 2008 жылы
алдағы жылмен салыстырғанда 5%-ға төмендегенін көріп отырмыз.
Бұл жалпы экономикада сонғы жылдардағы қалыптасып отырған құбылыстарға
байланысты, әсіресе қазіргі тандағы қаржылық дағдарыс жағдайы жалпы
сақтандыру компанияларынын қызметіне кері әсер етуде.

Кесте 5 - AMANAT INSURANCE) СК АҚ даму динамикасынын негізгі
көрсеткіштері
Алайда, 2008 жылдағы компания активтерінін санын 2007 жылмен
салыстыратын болсақ 7,2%-ға өскенін көруге болады. Бұл өсім экономиканын
дағдарыс жағдайына қарамастан, компаниянын инвестициялық саясатынын тиімді
жүзеге асырылғандығын байқатып отыр.
Біздін елде сақтандыру қызметінін дамуы көптеген себептерге байланысты
болып келеді. Атап айтар болсақ, ол елдін әлеуметтік-экономикалық дамуы,
сақтанушы-түлынушылардын төлемқабілеттілігі, сақтандыру заннамаларынын жай-
күйі, мемлекеттік реттеу құралдары мен онын сақтандырушылар үшін
тиімділігі. Сондай-ақ, сақтандыру қызметінін дамуына тек ішкі факторлар
емес, сонымен қатар, сыртқы факторларда әсер етеді, оларға: БСҰ-ға кіру
шарты, ТМД және Шығыс Еуропа елдерінін сақтандыру рыноктарынын дамуы
секілді факторлар жатады.

3 Бәсекелестік жагдайындагы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен
дамыту перспективасы:
- сақтандыру қызметін жетілдіру мен оны ары қарай дамыту
перспективасына байланысты нұсқалар жүйесі айқындалды.
Сақтандыру қызметі өркениетті қоғамнын ажырамас бөлігі болып табылады.
Осыған орай, онын даму стратегиясы республиканын жалпыэкономикалық дамуынын
стратегиялық міндеттерімен тығыз байланыста болуы шарт. Сақтандыру жүйесін
реттеуді ұйымдастырудын жетілдірілмегендігі, осы сектор дамуынын
мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру механизмдерінін жоқтығы - осы
аталғандар сақтандыру қызметін дамыту қиыншылықтарынын көзі болып табылады.
2006 жылдын ақпан айында Қазақстан Республикасынын Азаматтық кодексіне
(негізгі бөлім) және Қазақстан Республикасынын келесі Зандарына:
Сақтандыру қызметі туралы, Көлік құралдарынын азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы, Тасымалдаушынын жолаушылар
алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы,
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы және басқа да зандарға
өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын Сақтандыру мәселелері
бойынша кейбір заннамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Заны қабылданды. Көрсетілген зандарды қабылдау сақтандыру қызметі
субьектілерінін іс-әрекетін реттеу және қадағалау бойынша талаптарды ЕО
нормаларына сәйкес жасауға мүмкіндік берді.
Осыған орай, ұлттық сақтандыру қызметін дамыту стратегиясын әзірлеу
барысында обьективті және субьективті түрде келесі талаптар ескерілуі тиіс
болды:
1. сақтандыру қызметі дамуынын ұйымдық тұжырымдамасын әзірлеу;
бағалаудын сапалық және сандық өлшемдерінін жүйесін анықтау және даму
бағыттарын тандау мен негіздеу;
Қазақстан - 2030 елдін ұзақмерзімді стратегиясы дамуынын негізгі
сатыларына сәйкес келетін сақтандыру қызметі рыногынын даму стратегияларын,
олардын мақсаттары мен міндеттерін әзірлеу;
ұлттық және халықаралық рыноктағы өз орнын нығайту және бәсекелік
артықшылықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сақтандыру жүйесі дамуынын
стратегиялық бағдарламалары мен жобаларын стратегиялық манызды бағыттар мен
салаларға бағыттай отырып әзірлеу;
- әлемдік стандарттарға сай келетін сақтандыру қызметінін даму
процестерін реттеу механизмдері жүйесін жасау.
Осы талаптарға сәйкес үш түрлі балама болжамды нұсқаларды қарастырып
кетуге болады: пессимистік, реалистік және оптимистік.
Пессимистік нұсқада сақтандыру қызметінін дамуын басқару жүйесі
құрылымдық өзгеріске ұшырамайды деген пікірді қарастырады. Кейінгі алты-
жеті жыл ішінде қолданылып келген сақтандыру қызметін реттеу құралдарын
қолдануды жалғастыру саладағы тоқырауға әкеліп, дағдарысқа ұшыратады.
Осы нұсқаны жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық даму факторлары мен
жағдайларынын әсеріне ұшырауға әкеледі. Макроэкономикалық тұрақсыздық
сақтандыру қызметінін дұрыс емес дамуына әкеп соқтырады. Ал, бұл өз
кезегінде рыноктын даму қарқынынын төмендеуіне, даму жағдайларынын
нашарлауына және сақтандыру қызметінін құрылуы мен қызмет етуіне әлуетті
үлкен қатерлердін әсерінін жоғарылауына әкеледі. Осы кезде біздін
республикамыз тәжірибе жүзінде сақтық қызмет көрсетулерді толығымен
шетелден әкеледі. Нәтижесінде капиталдын мемлекеттен кетуі жүреді. Осы
нұсқанын кейбір жағдайларынын болу ықтималдығын естен шығармаған дұрыс.
Екінші нұсқа, реалистік көрініс, отандық сақтандыру қызметі рыногында
қалыптасқан үрдісті толығымен көрсетеді. Осы тәсіл сақтандыру саласынын
дамудын ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламасы аясындағы саланы басқару
және ұйымдастырудын жоғары денгейіне сатылап өтуін қарастырады. Онын үлгісі
төмендегі суретте сипатталған.
1 кезең - тұрақтандыру кезеңі (2004-2010 жж.)

Мақсаты: сақтандыру индустриясынын тұрақтылығы мен сенімділігін нығайту
(сақтандыру қызметін дамытудын 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасына
сәйкес) болып табылады.
Мазмұны:
ЕО директивасы мен IAIS стандартына сәйкес Қазақстаннын сақтандыру
заннамасын үйлестіру;
республикадағы сақтандыру статистикасы дамуынын құқықтық қамтамасыз етілуін
құру;
сақтандыру қызметінін міндетті түрінін тізбесін онтайландыру;
- 2008-2009 жылдарға білікті кадрларды дайындау мүмкіншілігінін пайда
болуы (сюрвейерлер, диспаншерлер, сақтандыру брокерлері);
өмірді сақтандырудын дамуын салықтық ынталандыру арқылы құқықтық базаны
құру.

2 кезең - тұрақты өсу кезеңі (2010-2020 жж.)

Мақсаты: әлемдік сақтандыру индустриясында отандық сақтандыру қызметі
рыногын жайғастыру, қалыптасқан даму денгейін ұстап қалу мен әрі қарай
дамыту болып табылады. Мазмұны:
таяу шетел рыногында отандық сақтандырушылардын экспансия жүргізуіне әрекет
ету;
өмірді сақтандыру бойынша кем дегенде тағы бір компаниянын пайда болуы және
20102012 жылдары осы салада сақтандыру қызметін көрсетудін жалпы көлемінде
4-5%-ға үлесін көбейту (ағымдағы қарқынмен);
- сақтандырушылардын инвестициялық мүмкіншіліктерін кенейту, қаржы
институттары арасында ресурстарға бәсекелестік күресті шиеленістіру;
ішкі сақтандыру статистикасын кен қолдану, сақтандыру статистикасынын
көрсеткіштерін жинау мен өндеу бойынша институттардын әрекет етуі;
мемлекет ішінде қайта сақтандыру қызметін дамыту үшін шарттар құру.
Мақсаты: сақтандыру қызметі ішкі инвестиция көзі ретінде шаруашылық
субъектілер мен азаматтардын сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ете отырып,
толық мөлшерде барлық қызметтерді атқаруы болып табылады.
Мазмұны:
әлемдік рынокта толық бірлесуге қол жеткізу және әлемдік сақтандыру қызметі
рыногында бәсекеге қабілетті сақтандырушылардын пайда болуы;

ЖІӨ-де сақтандырушылардын активтерінін үлесін 5-6%-ға жеткізу;
сақтандыру түсімдерінін жалпы көлеміндегі ерікті сақтандыру бойынша алым
үлесінін көбейту;
өмірді сақтандыру бойынша , сонын ішінде жинақтаушы түрлері бойынша қызмет
көрсетуге сұранысты өсіру;
капиталды орталықтандыру мен шоғырландыру үрдісін сақтау;
жалпы сақтандыру компанияларынын қызметін 80%-ға дейін бақылайтын ерекше
ірі
сақтандыру компаниялар тобын құру.

Сурет 4 - 2030 жылға дейінгі Қазақстаннын сақтандыру қызметі рыногынын
дамуы (реалистік болжам бойынша)
Жоғарыдағы сурет сақтандыру қызметінін алдағы 25 жылға арналған даму
мүмкіндігінін басты кезендерін көрсетеді.
Сақтандыру қызметінін дамуын тежейтін келенсіз факторларды бірден атап
өту мүмкін емес, сондықтан мақсатты механизмдерді қолдануға біртіндеп көшу
кейінгі қайта құруға жағымды жағдай туғызады. Сонғы 5 жыл ішіндегі
экономиканын даму қарқынын сақтай отырып, тұрақтылықты көтере отырып,
келенсіз сыртқы факторлардын әсеріне шалдығу әсерлерін төмендете отырып,
осы көріністі оптимистік үлгіде сипаттауға болады.

1 кезең - ұйымдық-құқықтық қайта құру (2010 жылға дейін)

Сақтандырудын қорғаныс және инвестициялық қызметтерін ынталандыру:
қолайлы әлеуметтік-экономикалық ортаны құру; сақтанушылардын рыногын
қалыптастыру; бағалы қағаздар рыногын жетілдіру;
сақтандыру заннамасын халықаралық талаптарға сай үйлестіру;
сақтандырушылардын тұрақтылығын жоғарлату;
сақтандыру қызметінін инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау.
2 кезең - инвестициялық мүмкіншіліктерді жоғарлату (2020
жылға дейін)

Инновациялық және инвестициялық қызметтерді жетілдіру:
1. сақтандырушылардын инвестициялық мүмкіншіліктерінін аясын кенейту;
2. инновациялық қызмет тәуекелін қорғау бойынша жана қызмет көрсетулердін
пайда болуы;
3. сақтандырушылардын капиталдандырылуын ұлғайту;
4. таяу шет ел рыногында ұлттық сақтандырушылардын өктемпаздығы;
5. заннамаларды жетілдіру;
6. сақтандыру қызметінін инфрақұрылымын дамыту.
Барлық сақтандыру қызметтерінін толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:
7. әлеуметтік қорғаудын үш денгейлі жүйесінін толыққанды қызмет етуі
(сақтандыру компанияларынын белсенді рөлі жағдайында);
8. ЖІӨ-н 15%-ға дейінгі масштабымен сақтандырушылардын институционалдық
қызметін нығайту;
9. ұлтаралық сақтандырушылардын пайда болуы;
10. таяу шет ел рыноктарында инвестициялық өктемпаздық жүргізу.

Сурет 5 - 2030 жылға дейінгі Қазақстаннын сақтандыру қызметі рыногынын
дамуы (оптимистік болжам бойынша)
Осы нұсқадағы мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін, механизмдерді өз
еліміздегі сақтандыру қызметін басқару тәжірибесіне енгізу үшін қолайлы
жағдай туғызу қажет. Бұл жағдайларға мыналар кіреді:
сақтандыру компанияларынын автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу;
жоғарғы білікті мамандар дайындау және оларды қайта дайындаудан өткізу үшін
өте мықты білім беру базасын құру (сақтандыру компаниянын менеджері,
агенттер, брокерлер, актуарийлер, сэджастерлер, т.б.);
сақтандыру қызметін дамытудын жана қағидаларына көшу, стратегиялық
мақсаттардын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жайлы
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдау жүйесі
Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының мемлекеттік-аймақтық түрі және оны іске асырудың механизмдері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қаржы нарығы: мәні, құрлымы, түрлері
Пәндер