АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастары (1991-2007 жж.)



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І тарау. АҚШ мемлекетінің Орталық Азиядағы геостратегиясының негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.1 АҚШ.тың Орталық Азиядағы жария және шынайы мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 АҚШ мемлекетінің Орталық Азиядағы сыртқы саясатының бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15

ІІ тарау. Қазақстан Республикасы және АҚШ арасындағы саяси қарым.қатынастардың орнауы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Мемлекетаралық саяси қарым.қатынастардың дамуы 24
2.2 Қазақстан.Американ экономикалық байланыстарының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Жалпы сипаттама. XX ғасырдың 90-шы жылдарында халықаралық саясатта елеулі өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан және Кеңес Одағының құрамында болған басқа республикалар тәуелсіздік алды. Қазақстанмен бір аймақта - Орталық Азияда (ОА) - орналасқан мемлекеттер тәуелсіз дамудың бірінші мүшелінен өтуде. Жетпіс жыл бойы Кеңестік Ресейдің ықпалында, ортақ, бірыңғай әлеуметтік-идеологиялық жағдайда болып келгендеріне қарамастан, қазіргі ОА республикаларын экономикалық-әлеуметтік, саяси дамулары бойынша түрліше сипаттауға болады.
Этнотарихи-географиялық тұрғыдан біртұтас болған аймақ қазіргі кезде саяси-экономикалық дамуларының әркелкілігіне орай бір-бірінен алшақтай түскен тәрізді. Бұл жағдай қуатты шет мемлекеттердің аймақ елдеріне ықпал жасап, өз мүдделерін алға ұстап, ойлаған мақсаттарын жүзеге асыруына ыңғайлы мүмкіншіліктер беруде.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін биполярлық тепе-теңдік жойылып, халықаралық саясат пен экономикада АҚШ анық басымдылыққа қол жеткізді. Көптеген ғалымдар XXI ғ. алғашқы ширегінде АҚШ-тың белсенділігі мен басымдылығы сақталады деп есептейді.
Бұл мемлекеттердің арасында Қазақстан өзінің экономикалық және саяси тұрғыда Батыс ұсынып отырған модельге жақын даму үстінде.
АҚШ әскери тұрақтарының Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде пайда болуы және орналасуы біздің мемлекетіміздің саясаты үшін /1/ қажетті тың мәселелерді анықтап, байымдауды міндеттеп отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі. Кеңес Одағы ыдыраған соң АҚШ бірден Ресейдің ықпалын шектеп, өзінің стратегиялық мүдделерін анықтай бастады. Клинтон әкімшілігінің сыртқы саяси стратегиясында дүниежүзінің әртүрлі аймақтарына кіруге, өз ықпалын кеңейту мәселелері басымдылыққа ие болды. Бұл ретте АҚШ Орталық және Шығыс Еуропада едәуір елеулі жетістіктерге жетті. Беларусь Республикасынан басқа барлық елдер АҚШ бастаған Батыс елдерінің ықпал жүргізу аймағына айналды. АҚШ-тың дүниежүзілік және әртүрлі аймақтардағы стратегиясы, саясаты әлемдік гегемондығын сақтауға, нығайтуға бағытталуда. ОА елдері мұны сезіп, біліп қана қоймай, өз мүдделерін көздей отырып, оған тиісті жағдай жасауда. Бұл - өте күрделі саяси процесс. Оның барысы, басты мақсаттары, салдары, нәтижелері қандай болатынын әзірге кесіп айту қиын. Бірақ оны білу ОА елдері үшін аса маңызды.
Қазақстан Республикасы дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде, Ұлы Кеңес державасы ыдырағаннан кейін аяққа тұрғанына да 17 жыл болды. Осы қысқа мерзім ішінде тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сөзіне сүйенсек, еліміз еркін де тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудың ұзақ жолын жүріп өтті. Алғашқы күндерден-ақ біз ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтуды басым бағытымыз етіп алған болатынбыз. Кешегі қырғи-қабақ соғыстан кейін елдің қуатын әлемде оның әскерінің санына емес, экономикасының өнім өндірісіне, және дипломатиясының жасампаздығына, табысқа қол жеткізе алатынына қарап бағалай бастады. Осы екі өлшем тұрғысынан алып қарағанда, Қазақстан шынында да мықты мемлекетке айнала білді. Бұл тұжырымды растай келе ірі саясаткерлер, дипломаттар "сыртқы саясатта маңызды бір кезең аяқталды, бұл кезеңде Қазақстан халықаралық аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде шығып, өзін таныта білді, әлем Қазақстан мен оның сыртқы саясатымен танысты", - деп куәлендіреді /2/.
Ел нағыз ел, мемлекет болу үшін, оның рәміздері, өзін-өзі ел санағандығы, экономика мен саясат, тағы басқа салалары өмір сүргендігі жеткіліксіз, ең бастысы оны дүниежүзі, өзге мемлекеттер, көршілер тануы, санасуы, ақылдасуы қажет екендігі айдан анық. Мемлекетті таныстыру ол тек Елбасының ғана тірлігі емес, сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі, елшілік пен өкілдіктердің тікелей ісі болып табылады. Ал бастапқыда біздің сыртқы саяси қызметтегі дәстүріміз жұтаң еді, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі (СІМ) дипломатиядан алыс қызметпен шұғылданатын" - дейді Н.Ә.Назарбаев өз еңбектерінде. Бұл әрине қазір жөнделген мәселе, қазіргі таңда Қазақстанды 120-дан аса мемлекет танып, 105-мен дипломатиялық қарым-катынастар орнатылып, қаржылық және кадрлық қиындықтарға қарамастан шетелде 26 елшілік ашылды, ал Алматыда 40 шетел елшілігі мен миссиялар, 16 халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдігі жұмыс істеп, 800-ден аса мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер жасалғанын статистика көрсетеді. Бұл әрине, енді аяққа тұрған жас мемлекет үшін үлкен жетістік. Сонымен қатар еліміздің халықаралық байланыстар географиясы бүкіл континенттерді дерлік қамтыды. Серіктестеріміздің арасында Азия, Европа, Австралияның алдыңғы қатарлы мемлекеттері бар. Жан-жақты және теңестірілген саясатымыздың арқасында Қазақстанның АҚШ-пен, Қытай, Жапония, Франция, Канада, Түркия, Иран, Индия, Пакистан, Египет, Сауд Аравиясы, Венгрия және тағы басқа шығыс еуропалық мемлекеттермен қатар, Прибалтика және Скандинавия, Украина мен Закавказье мемлекеттерімен байланыстары жетістіктерге жетіп, дамуда /3/.
Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына байланысты көп бағытты саясат ұстануда, осыған қарамастан кезінде Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Қ. Тоқаев мырза өз есеп-баяндамасында: «Қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыттарының бірі Америка Құрама штатымен қарым қатынасты күшейту болып табылады. Қазақстанның Америкамен ынтымақтастығы экономикалық дамудың тұрақты негізі деген тұжырымдама біраз мәселенің төбесін шолып өтетіні сөзсіз»,- деп атап өтті /4/.
Осыған орай АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастарын зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі АҚШ ықпалының мейлінше артып, аймақтағы мемлекеттердің болашағы үшін маңызды кезеңнің басталуымен негізделеді. АҚШ әскери тұрақтарының Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде пайда болуы және орналасуы біздің мемлекетіміздің геостратегиялық саясаты үшін қажетті тың мәселелерді анықтап, пайымдауды міндеттеп отыр. Сондықтан аймаққа АҚШ-тың кірігуі, оның стратегиясының аймақтағы мемлекеттер үшін қандай перспективаларды ашатынын немесе әкеле алатынын зерттеу бүгінгі күн үшін аса өзекті мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейіне тоқталатын болсақ, АҚШ-тың ОА-дағы геостратегиясы қазіргі кезде түрлі тұрғыдан және түрлі деңгейде зерттелуде. ОА аймағы өткен ғасырдың 90-жылдарында тәуелсіздік жариялап, дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрды. Бұл мәселені көптеген қазақстандық және шетелдік зерттеушілер өз ізденістерінің нысанына алуда. Аймақтағы саяси процестер мен сыртқы мемлекеттер, соның қатарында АҚШ-тың саясаты көптеген ғалымдардың зерттеу нысанына айнала бастады.
Деректемелік негізі ретінде:
1. Дипломатиялық құжаттар, заң шығарушы актілері, екі ел арасындағы келісімдер қарастырылды;
2. БҰҰ елбасы Н.Ә. Назарбаев, Қ.К. Тоқаев сөйлеген сөздері, АҚШ мемлекеттік хатшыларының мәлімдемелері, дипломатиялық өкілдердің мәлімдемелері;
3. Шетел, ресей зерттеушілерінің дипломатиялық еңбектері, монографиялары;
4. «Егемен Қазақстан», «Аналитик», «Саясат», «Международная жизнь», «Континент» сияқты баспасөз мақалалары пайдаланылды;
5. Сонымен қатар интернет жүйесінен ресми сайттар материалдарына талдау жасалынды.
Біздің зерттеу еңбегіміздің өзегін құрап отырған мәселенің теориялык және практикалық басты қырлары Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаевтың, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың, Қ.Сұлтановтың, Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримовтың, Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахмоновтың және басқа мемлекет қайраткерлерінің еңбектерінде ашылды. М. Тажин, К. Бұрханов, Л. Иватова еңбектерінде Орталық Азия аймағындағы геосаяси мәселелер әлемдік мәселелермен сабақтас қарастырылды.
М. Мұхамедов, Б. Султанов, Л. Музапарова, А. Абишев, В. Галямова, Л.Ерекешева, А. Кожихов, Л. Байдельдинов, Л. Бакаев А. Садыкова, Чжен Кун Фу, Е. Карин, тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінде біз қарастырып отырған мәселелермен тектес жалпы теориялық ізденістер жүргізілді. Әлемдегі ірі мемлекеттердің Орталық Азия аймағындағы мүдделерін М. Лаумулин, Е.Арынов, Е. Абенов, И. Тасмағамбетов, Ө. Қасенов, К. Сыроежкин, С.Кушкумбаев, А. Бисенбаев, М. Ашимбаев, Г. Курганбаева еңбектерінде сөз болды. 3. Бжезинский, Г. Киссинджер, М. Олкот, А. Кожихов, А. Уткин, А.Орсариев, Х. Халил, тағы басқа ғалымдар түрлі бағытта және түрлі деңгейде зерттеді. Д. Қыдырбекұлы өзінің монографиясында АҚШ-тың Қазақстанға қатысты геостратегиясын тиянақты қарастырып, бірталай шешімдер мен қорытындылар жасағанын атап өткен дұрыс. Дегенмен, АҚШ-тың Орталық Азиядағы геостратегиясын біртұтас маңызды ғылыми мәселе ретінде зерттеудің салалары мол.
Л.И. Иватованың "Энергетический фактор сотрудничества между Казахстаном и США" мақаласы, А. Арифхановтың "Деятельность Всемирного банка РК" мақалалары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты – АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастарын, АҚШ-тың ОА аймағындағы сыртқы саясатын кешенді зерттеу. Бұл мақсат келесі міндеттерді шешуді талап етеді:
- геостратегиялық тәжірибе негізінде АҚШ сыртқы саясатының басым бағыттарын айқындау;
- АҚШ-тың дүниежүзінің түрлі аймақтарына қатысты сыртқы саяси тәжірибесі аясында оның Қазақстанға байланысты сыртқы саясатына тән жалпы және дара ерекшеліктерді анықтау, жария және шынайы мақсаттарын көрсету;
- АҚШ сыртқы саясатына ықпал жасайтын факторларды саралау;
- АҚШ сыртқы саясатына қатысты Орталық Азия аймақтық ынтымақтастық қарым-қатынас сипатын ашу;
- АҚШ-тың сыртқы саясатын Қазақстан үшін тиімді пайдаланудың маңызын анықтау.
- Қазақстан және АҚШ қарым-қатынастарының орнауының сатыларын айқындау;
Зерттеудің пәні ретінде АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастарының кешенді зерттелуі қойылған.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері ретінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күнінен бастап, АҚШ мемлекетімен тәуелсіз ел ретінде қарым-қатынастар орнату кезеңінен қазіргі күнге дейінгі мәселелер қарастырылады.
Диплом жұмысының құрылымы мазмұнына сәйкес кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан. 1.10.1998 ж.
2. Внешняя политика Казахстана: сборник статей" Алматы- Москва., 1995 г.
3. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996 ж. 19-бет.
4. Назарбаев Н. Казахстан 2030: Послание Президента страны народу Казахстана. Указы Президента Республики Казахстан. - Алматы: Раритет, 2002.-144 с.
5. Уткин А.И. Стратегия США для 21 века. М., 2000
6. Современные международные отношения / Под ред. Торкунова А.В. М., 2001
7. Касенов У. Безопасность Центральной Азии. Алматы,1998
8. Проблемы глобальной безопасности.М., 1995
9. Лаумулин М.Т. Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология. Алматы, 2000
10. Касенов У., Елеукенов Д., Лаумулин М. Казахстан и договор о нераспространении ядерного оружия. Алматы, 1994.
11. Проскурин С.А. Национальная безопасность страны: сущность, структура, пути укрепления, М.,1991
12. Джекшенкулов А. Новые независимые государства Центральной Азии в мировом сообществе. М., 1999.
13. Дугин А.Г. Основы геополитики. Геополитическое будущее России. М., 2002г
14. Дергачев В.А. Геополитика. Учебное пособие. Киев, 2000г.
15. «Партнерство во имя мира и развития экономики» К итогам официального визита Н.Назарбаева в Вашингтон.. «Казахстанская правда» 28.01.2000. 3 бет
16. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. М., 2000г.
17. Гаджиев К.С. Геополитика. -М.: Международные отношения, 1997.
18. Бжезинский З. Великая шахматная доска. Господство Америки и его геостратегические императивы.-М.: Международные отношения, 1998.
19. Всеобъемлющая международная безопасность. Международно-правовые принципы и нормы: Справочник /Отв. Ред. Б.М.Клименко.-М., 1990
20. Европейский Союз и Центральная Азия, Алматы, 2000.
21. Исингарин Н.И. СНГ: десять лет.-Алматы, 2001.
22. Идрисов Е.А: Казахстан и мировой рынок нефти // Сборник материалов конференции.-Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2003.
23. Мантусов В.Б. "Интеграционные образования в рамках СНГ"// ВЭБ, 2001, №12.
24. Петраков Н., Шагалов Г., "Валютный фактор в экономической интеграции стран СНГ" // "Вопросы экономики." - 2003г, №2.
25. Покровский В.А. "Некоторые экономические аспекты сотрудничества стран СНГ". // ВЭБ, №1 2003г.
26. Рыбалкина "Мировые экономические отношения" //Москва 2003г.
27. Шапира М. "Интеграция стран СНГ: политический и экономико-теоретический аспект" МЭ и МО №7 2000г.;
28. www.sng.nso-mgimo.ru;
29. Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. - Алматы: Атамұра, 2003. – 240- б.
30. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: Өнер, 1996. – 269- б.
31. Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. – 292- б.
32. Назарбаев Н. "5 лет независимости" Алматы, 1996, С. 273.
33.Внешняя политика Казахстана : сборник статей, Алматы- Москва,1995 9- бет.
34.1996 ж. 12 сәуірде өткен Дж. Бейкердің келуіне байланысты сұхбаттан // Егемен Қазақстан, 1996 ж. 13 сәуір.
35. Иватова Л.М. Казахстанско-американские отношения опыт политологичсского анализа результатов экспертного опроса //Саясат, 1999, № 5.
36 Ғиззатов М. Қазақстан-Американ қатынастарының жаңа кезсңі // Ақиқат, 94/6, 18 бет.
37. Иватова Л.М. Казахстанско-американские отношения: опыт политологического анализа результатов экспертного опроса // Саясат, 1999, 10, 45-б.
38. Казахстан-США: Отношения развиваются успешно и имеют хорошие перспективы // Казахстанская правда, 15 марта 1997 г.
39. Нұрғалиев Б. Америка көзқарастан басталады // Егемен Қазақстан, 24 наурыз 2000 ж.
40. Дж. Бейкер мырзаның келуіне байланысты дөңгелек стол туралы // Егемен Қазақстан, 11-14 сәуір, 1996 ж.
41. Байдельдинов Л. Основы политологии: Учебник.- Алматы: Аналит. Центр "Стратегия", 2002. - 249 с.
42. Бакаев Л., Кыдырбекулы Д. Казахстан в фокусе геополитики США начала XXI века: проблемы и перспективы // США-Канада. - 2002. - №8. - С. 75-89,
43. Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана. - Алматы: Жеті Жарғы, 1999. -416
44. Жамбылов Д.Ә. Тәуелсіздік және саяси сана. - Алматы: Жеті жарғы, 1999.
45. Токаев К. Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы: Білім, 1997. - 736 с.
46. Токаев К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации Алматы, 2000. - 584 с.
47. Токаев К.К. ООН: полвека служения миру.-Алматы, 1995.
48. Токаев К.К. Дипломатия РК. Астана: Елорда, 2001.

49. Жумагулов Б. Наши корни едины. Доклад на Форуме центрально-
азиатских стран от 05.05. 2006.
50. Кушкумбаев С.К. Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность. Алматы, 2002.
51. КИСИ Центральная Азия до и после 11 сентября: геополитика и
безопасность. Алматы, 2002.

АҚШ – ҚАЗАҚСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
(1991-2007 жж.)

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
І тарау. АҚШ мемлекетінің Орталық Азиядағы
геостратегиясының негіздері 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1.1 АҚШ-тың Орталық Азиядағы жария және шынайы мақсаттары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .9
... ... ... ... ... ...
1.2 АҚШ мемлекетінің Орталық Азиядағы сыртқы саясатының
бағыттары 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
..


ІІ тарау. Қазақстан Республикасы және АҚШ арасындағы саяси
қарым-қатынастардың орнауы мен дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .24
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Мемлекетаралық саяси қарым-қатынастардың дамуы 24
2.2 Қазақстан-Американ экономикалық байланыстарының қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .35
... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 49



КІРІСПЕ
Жалпы сипаттама. XX ғасырдың 90-шы жылдарында халықаралық саясатта
елеулі өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан және
Кеңес Одағының құрамында болған басқа республикалар тәуелсіздік алды.
Қазақстанмен бір аймақта - Орталық Азияда (ОА) - орналасқан мемлекеттер
тәуелсіз дамудың бірінші мүшелінен өтуде. Жетпіс жыл бойы Кеңестік Ресейдің
ықпалында, ортақ, бірыңғай әлеуметтік-идеологиялық жағдайда болып
келгендеріне қарамастан, қазіргі ОА республикаларын экономикалық-
әлеуметтік, саяси дамулары бойынша түрліше сипаттауға болады.
Этнотарихи-географиялық тұрғыдан біртұтас болған аймақ қазіргі кезде
саяси-экономикалық дамуларының әркелкілігіне орай бір-бірінен алшақтай
түскен тәрізді. Бұл жағдай қуатты шет мемлекеттердің аймақ елдеріне ықпал
жасап, өз мүдделерін алға ұстап, ойлаған мақсаттарын жүзеге асыруына
ыңғайлы мүмкіншіліктер беруде.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін биполярлық тепе-теңдік жойылып,
халықаралық саясат пен экономикада АҚШ анық басымдылыққа қол жеткізді.
Көптеген ғалымдар XXI ғ. алғашқы ширегінде АҚШ-тың белсенділігі мен
басымдылығы сақталады деп есептейді.
Бұл мемлекеттердің арасында Қазақстан өзінің экономикалық және саяси
тұрғыда Батыс ұсынып отырған модельге жақын даму үстінде.
АҚШ әскери тұрақтарының Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде пайда болуы
және орналасуы біздің мемлекетіміздің саясаты үшін 1 қажетті тың
мәселелерді анықтап, байымдауды міндеттеп отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі. Кеңес Одағы ыдыраған соң АҚШ бірден
Ресейдің ықпалын шектеп, өзінің стратегиялық мүдделерін анықтай бастады.
Клинтон әкімшілігінің сыртқы саяси стратегиясында дүниежүзінің әртүрлі
аймақтарына кіруге, өз ықпалын кеңейту мәселелері басымдылыққа ие болды.
Бұл ретте АҚШ Орталық және Шығыс Еуропада едәуір елеулі жетістіктерге
жетті. Беларусь Республикасынан басқа барлық елдер АҚШ бастаған Батыс
елдерінің ықпал жүргізу аймағына айналды. АҚШ-тың дүниежүзілік және әртүрлі
аймақтардағы стратегиясы, саясаты әлемдік гегемондығын сақтауға, нығайтуға
бағытталуда. ОА елдері мұны сезіп, біліп қана қоймай, өз мүдделерін көздей
отырып, оған тиісті жағдай жасауда. Бұл - өте күрделі саяси процесс. Оның
барысы, басты мақсаттары, салдары, нәтижелері қандай болатынын әзірге кесіп
айту қиын. Бірақ оны білу ОА елдері үшін аса маңызды.
Қазақстан Республикасы дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде, Ұлы Кеңес
державасы ыдырағаннан кейін аяққа тұрғанына да 17 жыл болды. Осы қысқа
мерзім ішінде тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сөзіне сүйенсек,
еліміз еркін де тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудың ұзақ жолын жүріп өтті.
Алғашқы күндерден-ақ біз ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтуды басым бағытымыз
етіп алған болатынбыз. Кешегі қырғи-қабақ соғыстан кейін елдің қуатын
әлемде оның әскерінің санына емес, экономикасының өнім өндірісіне, және
дипломатиясының жасампаздығына, табысқа қол жеткізе алатынына қарап бағалай
бастады. Осы екі өлшем тұрғысынан алып қарағанда, Қазақстан шынында да
мықты мемлекетке айнала білді. Бұл тұжырымды растай келе ірі саясаткерлер,
дипломаттар "сыртқы саясатта маңызды бір кезең аяқталды, бұл кезеңде
Қазақстан халықаралық аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде шығып, өзін
таныта білді, әлем Қазақстан мен оның сыртқы саясатымен танысты", - деп
куәлендіреді 2.
Ел нағыз ел, мемлекет болу үшін, оның рәміздері, өзін-өзі ел
санағандығы, экономика мен саясат, тағы басқа салалары өмір сүргендігі
жеткіліксіз, ең бастысы оны дүниежүзі, өзге мемлекеттер, көршілер тануы,
санасуы, ақылдасуы қажет екендігі айдан анық. Мемлекетті таныстыру ол тек
Елбасының ғана тірлігі емес, сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі,
елшілік пен өкілдіктердің тікелей ісі болып табылады. Ал бастапқыда біздің
сыртқы саяси қызметтегі дәстүріміз жұтаң еді, Қазақстанның Сыртқы істер
министрлігі (СІМ) дипломатиядан алыс қызметпен шұғылданатын" - дейді
Н.Ә.Назарбаев өз еңбектерінде. Бұл әрине қазір жөнделген мәселе, қазіргі
таңда Қазақстанды 120-дан аса мемлекет танып, 105-мен дипломатиялық қарым-
катынастар орнатылып, қаржылық және кадрлық қиындықтарға қарамастан шетелде
26 елшілік ашылды, ал Алматыда 40 шетел елшілігі мен миссиялар, 16
халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдігі жұмыс істеп, 800-ден аса
мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер жасалғанын статистика
көрсетеді. Бұл әрине, енді аяққа тұрған жас мемлекет үшін үлкен жетістік.
Сонымен қатар еліміздің халықаралық байланыстар географиясы бүкіл
континенттерді дерлік қамтыды. Серіктестеріміздің арасында Азия, Европа,
Австралияның алдыңғы қатарлы мемлекеттері бар. Жан-жақты және теңестірілген
саясатымыздың арқасында Қазақстанның АҚШ-пен, Қытай, Жапония, Франция,
Канада, Түркия, Иран, Индия, Пакистан, Египет, Сауд Аравиясы, Венгрия және
тағы басқа шығыс еуропалық мемлекеттермен қатар, Прибалтика және
Скандинавия, Украина мен Закавказье мемлекеттерімен байланыстары
жетістіктерге жетіп, дамуда 3.
Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына байланысты көп бағытты
саясат ұстануда, осыған қарамастан кезінде Сыртқы істер министрі қызметін
атқарған Қ. Тоқаев мырза өз есеп-баяндамасында: Қазақстандық сыртқы
саясаттың маңызды бағыттарының бірі Америка Құрама штатымен қарым қатынасты
күшейту болып табылады. Қазақстанның Америкамен ынтымақтастығы экономикалық
дамудың тұрақты негізі деген тұжырымдама біраз мәселенің төбесін шолып
өтетіні сөзсіз,- деп атап өтті 4.
Осыған орай АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастарын зерттеу өзекті мәселе
болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі АҚШ ықпалының мейлінше артып, аймақтағы
мемлекеттердің болашағы үшін маңызды кезеңнің басталуымен негізделеді. АҚШ
әскери тұрақтарының Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде пайда болуы және
орналасуы біздің мемлекетіміздің геостратегиялық саясаты үшін қажетті тың
мәселелерді анықтап, пайымдауды міндеттеп отыр. Сондықтан аймаққа АҚШ-тың
кірігуі, оның стратегиясының аймақтағы мемлекеттер үшін қандай
перспективаларды ашатынын немесе әкеле алатынын зерттеу бүгінгі күн үшін
аса өзекті мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейіне тоқталатын болсақ, АҚШ-тың ОА-дағы
геостратегиясы қазіргі кезде түрлі тұрғыдан және түрлі деңгейде зерттелуде.
ОА аймағы өткен ғасырдың 90-жылдарында тәуелсіздік жариялап, дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бұрды. Бұл мәселені көптеген қазақстандық және шетелдік
зерттеушілер өз ізденістерінің нысанына алуда. Аймақтағы саяси процестер
мен сыртқы мемлекеттер, соның қатарында АҚШ-тың саясаты көптеген
ғалымдардың зерттеу нысанына айнала бастады.
Деректемелік негізі ретінде:
1. Дипломатиялық құжаттар, заң шығарушы актілері, екі ел арасындағы
келісімдер қарастырылды;
2. БҰҰ елбасы Н.Ә. Назарбаев, Қ.К. Тоқаев сөйлеген сөздері, АҚШ
мемлекеттік хатшыларының мәлімдемелері, дипломатиялық өкілдердің
мәлімдемелері;
3. Шетел, ресей зерттеушілерінің дипломатиялық еңбектері,
монографиялары;
4. Егемен Қазақстан, Аналитик, Саясат, Международная жизнь,
Континент сияқты баспасөз мақалалары пайдаланылды;
5. Сонымен қатар интернет жүйесінен ресми сайттар материалдарына талдау
жасалынды.
Біздің зерттеу еңбегіміздің өзегін құрап отырған мәселенің теориялык және
практикалық басты қырлары Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаевтың, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың,
Қ.Сұлтановтың, Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримовтың,
Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахмоновтың және басқа мемлекет
қайраткерлерінің еңбектерінде ашылды. М. Тажин, К. Бұрханов, Л. Иватова
еңбектерінде Орталық Азия аймағындағы геосаяси мәселелер әлемдік
мәселелермен сабақтас қарастырылды.
М. Мұхамедов, Б. Султанов, Л. Музапарова, А. Абишев, В. Галямова,
Л.Ерекешева, А. Кожихов, Л. Байдельдинов, Л. Бакаев А. Садыкова, Чжен Кун
Фу, Е. Карин, тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінде біз қарастырып отырған
мәселелермен тектес жалпы теориялық ізденістер жүргізілді. Әлемдегі ірі
мемлекеттердің Орталық Азия аймағындағы мүдделерін М. Лаумулин, Е.Арынов,
Е. Абенов, И. Тасмағамбетов, Ө. Қасенов, К. Сыроежкин, С.Кушкумбаев, А.
Бисенбаев, М. Ашимбаев, Г. Курганбаева еңбектерінде сөз болды. 3.
Бжезинский, Г. Киссинджер, М. Олкот, А. Кожихов, А. Уткин, А.Орсариев, Х.
Халил, тағы басқа ғалымдар түрлі бағытта және түрлі деңгейде зерттеді. Д.
Қыдырбекұлы өзінің монографиясында АҚШ-тың Қазақстанға қатысты
геостратегиясын тиянақты қарастырып, бірталай шешімдер мен қорытындылар
жасағанын атап өткен дұрыс. Дегенмен, АҚШ-тың Орталық Азиядағы
геостратегиясын біртұтас маңызды ғылыми мәселе ретінде зерттеудің салалары
мол.
Л.И. Иватованың "Энергетический фактор сотрудничества между Казахстаном и
США" мақаласы, А. Арифхановтың "Деятельность Всемирного банка РК"
мақалалары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты – АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастарын, АҚШ-
тың ОА аймағындағы сыртқы саясатын кешенді зерттеу. Бұл мақсат келесі
міндеттерді шешуді талап етеді:
- геостратегиялық тәжірибе негізінде АҚШ сыртқы саясатының басым
бағыттарын айқындау;
АҚШ-тың дүниежүзінің түрлі аймақтарына қатысты сыртқы саяси тәжірибесі
аясында оның Қазақстанға байланысты сыртқы саясатына тән жалпы және дара
ерекшеліктерді анықтау, жария және шынайы мақсаттарын көрсету;
- АҚШ сыртқы саясатына ықпал жасайтын факторларды саралау;
АҚШ сыртқы саясатына қатысты Орталық Азия аймақтық ынтымақтастық қарым-
қатынас сипатын ашу;
АҚШ-тың сыртқы саясатын Қазақстан үшін тиімді пайдаланудың маңызын анықтау.
Қазақстан және АҚШ қарым-қатынастарының орнауының сатыларын айқындау;
Зерттеудің пәні ретінде АҚШ - Қазақстан қарым-қатынастарының кешенді
зерттелуі қойылған.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері ретінде Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік алған күнінен бастап, АҚШ мемлекетімен тәуелсіз
ел ретінде қарым-қатынастар орнату кезеңінен қазіргі күнге дейінгі
мәселелер қарастырылады.
Диплом жұмысының құрылымы мазмұнына сәйкес кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АҚШ мемлекетінің Орталық Азиядағы геостратегиясының негіздері

1.1 АҚШ-тың Орталық Азиядағы жария және шынайы мақсаттары
Американ әкімшіліктерінің II дүниежүзілік соғыстан кейінгі
геостратегиясы Кеңес Одағына қарсы бағытталып, іс жүзінде жоғарыда
келтірілген үш аймақта өз үстемдігін орнатуға ұласты. Осы геостратегияның
Батыс Еуропадағы нәтижелілігі ортақ құндылықтар мен ортақ жаудың
болғандығымен анықталды. Қырғи қабақ соғыста Кеңес Одағының жеңілуі АҚШ
геостратегиясындағы компоненттердің тұрақтылығын жойды. Өз кезегінде бұл
тұрақтылық батыс пен шығыс арасындағы түбегейлі геостратегиялық
қарсыластыққа негізделген еді. Ортақ жаудың жойылып, жаудың демократиялық-
нарықтық құндылықтарды мойындауы АҚШ пен Батыс Еуропа елдері арасындағы
идеологиялық негізді айналып өтсе де, экономикалық және сыртқы саясат
салаларындағы бірлікті теңселтіп кетті. АҚШ-тың сенімді одақтасы - Батыс
Еуропа елдері қырғи қабақ соғыс аяқталған соң, Американың саяси
мәпелеуінен жалыққан тәрізді сыңай танытты. Соңғы кездерде Еуропаның
қорғаныс мәселелерінде байқалып отырған өзгерістер НАТО-ның Еуропадағы
ролін қайта саралауға әкелді. Германия мен Франция бастаған Еуропаның
бірқатар елдері қауіпсіздікті қамтамасыздандыру шаралары бойынша жаңа
құрылымдарды құру туралы мәселені қарастыруда. 1993 жылы жасалынған
Маастрихт келісімінде Батыс Еуропа елдері тек экономикалық және қаржы
саласында одақтасуды көздеп қоймай, сонымен қатар сыртқы саясат пен
қауіпсіздік саласында тығыз одақ орнатуға міндеттенді. Америка
әкімшілігінің 1999 жылғы Косоводағы соғыс НАТО мен АҚШ-тың біріншілігін
ақтайды дегеніне қарамастан, бұл соғыс, АҚШ-қа соншалықты тәуелді
болмайтындай ортақ Еуропалық қорғаныс ұйымын құруға бағытталған әрекеттерді
күшейте түсті. Дамыған Еуропа елдері АҚШ-тың қыстырма қамқорлығы мен ұсынып
отырған мезі құндылықтарын, салт-дәстүрлерін қабылдаудан бас тартуда. 1997
жылы Денверде өткен Үлкен 7-нің бас қосуында Еуропа басшылары
Б.Клинтонның банкетке АҚШ-тьщ ұлттық киімі саналатын джинсы, ковбой
телпегі мен етігін киіп бару өтінішін қабылдаған жоқ. Германияның канцлері
Г.Коль Тайм газетіне берген сұхбатында Америка басшысымен ковбой етігі
туралы ұзақ әңгімелескенін және оны ешқашан кимейтінін айтты. Осындай
бағытты Италия премьер-министрі Р. Проди мен Францияның президенті Ж.Ширак
ұстанды. Американдық модель туралы салтанаттың қабылдануы қиынға соқты
5.
АҚШ пен Еуропалық Одақ арасындағы ортақ экономикалық мүдделер
айналасында да қайшылықтар көбеюде. Олардың ретін қарапайым банан
соғыстары мен жоғарғы технологиялық машина-ұшақ жасау салалары қамтиды.
Бірақ АҚШ тарапына негізгі қатер ортақ Еуропалық валюта - еуродан төніп
тұр. Белгілі экономист Фрэд Бергстеннің ойынша, еуроның қатаюы II д.ж.с-тан
бері доллар басым болып келген халықаралық қаржы жүйесін екі өрісті
тәртіпке айналдырып, уақыт өте халықаралық инвестициялардағы 1 триллионға
жуық АҚШ доллары сомасындағы қаржы еуроның үлесіне көшуі ықтимал 6.
Осыған байланысты еуроның ықпалы бірінші кезекте Еуропалық Одақ елдерімен
сауда жүргізетін аймақтарға таралмақ. Олар бұрынғы КСРО елдері мен Парсы
шығанағы аймағы болып табылады. Германия мен Франция экономикаларының
қарқынды дамуы осы бағдардың күшеюін білдіреді. Қазіргі жағдайда АҚШ бұл
процесті еуро аймағына тасымалданатын мұнайды бақылау арқылы қолға алуы
мүмкін. АҚШ пен біріккен Еуропа арасындағы сыртқы саясат пен қорғаныс
салаларындағы қарама-қайшылықтардың тамыры, осы -экономика мәселесінен
бастау алады. Сондықтан қазіргі кезде Германия мен Францияның халықаралық
қатынастар мәселелері бойынша ұстанған дербес позициясы (Парсы шығанағы,
Таяу Шығыс, сауда-экономикалық мәселелер) Вашингтонның геостратегиялық
бағдарламасына қиыншылықтар келтіруде.
Қорыта келгенде, АҚШ-тың Батыс Еуропа бағытындағы геостратегиясының
компоненттері – идеология, экономика, әскери және саясат жүргізу
мәселелері өзара байланыста болып, екі тарап арасында бұл мәселелер бойынша
күрделі келіспеушіліктер орын алған жоқ. Бірақ геостратегиялық мақсатқа
жету күтпеген нәтижелерге - атлантикалық одақтағы бірлік пен тұрақтылықтың
әлсіреуіне себеп болды.
Вашингтонның Парсы шығанағы аймағындағы геостратегиясының
компоненттерінде идеологиялық фактордан басқалары айқын көрінді.
Экономикалық компоненттің жетістігі де жартылай еді. Себебі АҚШ аймақтағы
ірі елдер - Иран мен Ирақта экономикалық тұрғыдан орныға алмаса да, басқа
Сауд Аравиясы, Кувейт, Катар және Бахрейн секілді елдерде мұнай орындарын
пайдалануға қол жеткізді. Дегенмен, Американың аймаққа экономикалық
тұрғыдан тәуелділігі және аймақ елдерімен дос ретінде қабылданбауы
геостратегиядағы әскери-саяси компоненттің айқын басымдылығын белгіледі.
Вашингтон геостратегиясындағы басты мақсаттың экономикалық салада жатқанын,
ал, кейінірек қауіпсіздік мәселесімен толыққанын ескерсек, ақ үй әкімшілігі
бұл аймақта әлі айтарлықтай нәтижелерге жеткен жоқ, бірақ географиялық
фактор АҚШ үшін ыңғайлы деп қорытындылауға болады. Қалай болмасын, қазіргі
кезде бұл аймақтың басқа аймақтарға қарағанда Құрама Штаттарға ең үлкен
қиыншылықтар келтіріп отырғаны анық 7.
Американ әкімшіліктерінің АТА-да Кеңес Одағына қарсы қолданған
геостратегиясы сәтті болды. Мәскеудің осы аймақтағы ықпалы Қытаймен
теңгеріліп, АҚШ басымдылығы орнатылды. Вашингтонның бұл бағыттагы
геостратегиясындағы компоненттерде идеологиялық фактор Парсы шығанағы
аймағындағыдай міндетті сипатқа ие болған жоқ. Себебі, аймақ елдері үшін
демократия туралы американдық ұғым олардың ұлттық тәжірибесіндегі шешуші
элементі емес еді 8
Аймақ елдерінің АҚШ-ты жапон езгісінен азат етуші ел ретінде қабылдауы
американ құндылықтарының жарым-жартылай орнығуына жол ашты. Ал дер кезінде
көрсетілген экономикалық және технологиялық көмек азиялық сипаттағы
нарықтық-демократиялардың пайда болуына әкелді. Әскери-саяси салада АҚШ
негізінен екі мемлекетте - Жапония мен Корея Республикасында орнығуға қол
жеткізді. КСРО-ны тежеу стратегиясы тұрғысынан алғанда көзделген мақсат
орындалды. Бірақ Вашингтон мен Мәскеу арасындағы темір перде құлағаннан
кейін, соңғысының орнында Қытай көріне бастады. Бұл әрине, енді АҚШ пен ҚХР
арасында жаңа қырғи қабақ соғыс басталады дегенді білдірмесе де жанама
түрде АҚШ геостратегиясының нәтижесі болып табылады.
АҚШ-тың геостратегиясы қазіргі кезде өзінің тәжірибесінде бұрын-соңды
болмаған жағдайға тап болып отыр. АҚШ-тың XX ғасыр ортасына дейінгі
геостратегиялық тәжірибесі негізінен Америка құрылықтарымен шектелді. Оның
бұл кезеңдегі тәжірибесін шартты түрде бір өрісті тәжірибе деп атауға
болады. XX ғасыр ортасынан 1991 жылға дейінгі тәжірибесін екі өрісті деп
қарастырған орынды. Бұл кезеңдерде Вашингтондағылар дүние жүзінің әр түрлі
аймақтарында өз үстемдігін орнатуға қол жеткізді. Тарихтағы геосаяси
тәжірибе көрсеткендей, бұл мақсатқа жетуде АҚШ баяғы замандағы
империялардың ізімен жүрді. Айырмашылык тек географиялық орналасу мен
ғылыми-техникалық жетістіктердің деңгейінде болды 9.
Ал қазіргі кездегі геостратегияда әскери-саяси компоненттің экономикалық-
саяси компонентке орын бергенін ескерсек, бүгінгі әлем орталықтары біріккен
Еуропада, Ресейде, Жапонияда, Қытай мен Үндістанда орналасқан көп өрісті
жүйеге кіре бастауда. Қалыптасқан жағдайда АҚШ әкімшілігінің алдында
әлемдік саясаттағы мақсат-мүдделерін қайта қарап, өзінің дүниежүзіндегі
үстемдігін нығайту мәселесі тұр.
Қазіргі кезде Вашингтон осындай мәселелерді шешудің көзін ОА аймағынан
іздестіруде. Себебі ОА аймағы өзінің геосаяси орналасуына орай Вашингтонға
жоғарыда келтірілген үш аймаққа да ықпал жүргізуге ыңғайлы кеңістік болып
табылады. Осыған байланысты АҚШ-тың ОА аймағындағы басты және басым
мүдделері мен мақсаттары оның осы үш аймаққа, Еуразияға қатысты ұстанатын
геостратегиясына байланысты анықталмақ. Демек, Вашингтонның ОА аймағындағы
мүдделері бірінші кезекте оның дүниежүзілік деңгейдегі мүдделерінің
мазмұнынан және оларды іс жүзіне асыруда аймақтың геостратегиялық маңызынан
туындайды
АҚШ-тың қазіргі кездегі ғаламдық мүдделерін, мақсаттарын анықтау оның ОА
аймағындағы стратегиясын белгілеуге, басым бағыттарын ажыратуға мүмкіндік
береді. Кеңес Одағының ыдырауы ең алдымен АҚШ геостратегиясының
компоненттеріне әсерін тигізіп, олардың мазмұнын өзгертпесе де бағыттарын
қайта сараптауға алып келді. Нақтырақ айтқанда, әуелгі бағыттан адастырды.
Егер АҚШ-тың биполярлық жүйедегі жауы бір мемлекетпен анықталып,
геостратегиялық компас тек бір бағытты көрсетіп тұрса, қазіргі кезде
жағдай мүлде өзгерді 10.
Идеологиялық тұрғыдан алғанда, нарықтық-демократиялық құндылықтар
дүниежүзіндегі бірен-саран мемлекеттерді ғана айналып өтті. Әскери
одақтастар мен идеологиялық серіктестер экономикалық бақталастар болып
шықты. КСРО-ның ыдырауы геосаяси тұрғыдан маңызды аймақтардың пайда болуына
әкелді. Осылардың барлығы айналып келгенде, АҚШ-ты өзінің геостратегиялық
мүдделері мен мақсаттарын қайта қарастырып, анықтауға мәжбүр етті. Әрине
бұл мүдделердің арасында тұрақты және ауыспалы мүдделердің болатыны
белгілі.
Тұрақты мүдделердің қатарына өмірлік маңызы бар, демек, мемлекеттің
қауіпсіздігіне тікелей қатысты мүдделер (жаппай жою қаруының, зымыран
технологияларының таралуы және т.б.) жатады. Ал, ауыспалы мүдделердің ретін
тұрақты мүдделерді қамтамасыздандыратын аралық мүдделер құрайды. Соңғылары
халықаралық ахуалдың, белгілі бір аймақтардағы геосаяси жағдайдың өзгеруіне
немесе орындалуына байланысты ауысып, өзгеріп отырады.
АҚШ зерттеушілері өздерінің тұрақты мүдделерінің қатарына АҚШ аумақ
тұтастығының, халқының аман-саулығын және экономикалық-саяси
институттарының тұрақты әрі өнімді қызметінің сақталуын жатқызады.
Сондықтан АҚШ ЖЖҚ мен оны жеткізу құралдарының таралмауына, демократиялық
құндылықтардың қанат жаюы мен маңызды шикізат қорларының американ
компанияларына ашық болуына мүдделі. Бұған дейін осы мүдделерді
қамтамасыздандыру КСРО-мен бақталасудың, екі өрісті жүйенің аясында іске
асырылды. Ал қазіргі кезде бұл мүдделерге тек Ресей ғана емес, сонымен
қатар басқа да ғаламдық және аймақтық басымдылыққа ұмтылып отырған
мемлекеттер, әр түрлі ұйымдар қауіп төндіруде. Мұндай сипаттағы мәселелер
тежеу секілді геостратегиялық бағдарламаға толығымен сай келмейді. Біздің
ойымызша, АҚШ бұл мүдделерді өзіне икемді күш тепе-теңдігін орнату арқылы
іске асырады. Себебі тежеу геостратегиясының мақсаты бір мемлекетпен
шектелді. Ал, қазіргі күндері әлемдік және аймақтық гегемондыққа ұмтылып
отырған мемлекеттердің барлығын тежеу АҚШ үшін өзін-өзі оқшаулатуға
ұшыратумен бара-бар 11.

1.2 АҚШ мемлекетінің Орталық Азиядағы сыртқы саясатының бағыттары
КСРО таратылып, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан бері он алты жылдан
астам уақыт өтті. Қысқа уақыт аралығында ОА жерінде ірі саяси-экономикалық
өзгерістер орын алды. Аймақтың географиялық орналасуы мен табиғи
ресурстарға байлығы дүние жүзіндегі қуатты, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің
қызығушылығын туғызды. Олар осы аймақтың бай ресурстарынан, басқа да
мүмкіншіліктерінен пайда табу жоспарларын, геостратегияларын жасап, өз
мүдделерін батыл алға жылжытты. АҚШ бұл ретте аймақтың төңірегінде
орналасқан басқа қуатты мемлекеттерге қарағанда геостратегиялық маңызы бар
жетістіктерге жетуде. Оның бұл реттегі ықпалы 1991 жылдан бері Еуразияның
түрлі аймақтарына таралды. АҚШ-тың осындай мақсаты, бағдарланған іс-
әрекеттері, бұл саладағы ізденістері қоғамның практикалық әрі теориялық
тұрғылардағы қызығушылығын туғызып, Вашингтонның ОА аймағындағы саясатын
егжей-тегжейлі сараптаудан өткізудің саяси-әлеуметтік қажеттілігі айқындала
түсті. Бұл орайда ғылыми шешілген әрбір мәселе келесі бір ірі мәселені күн
тәртібіне шығарып, саяси ғылымдар алдына жаңа ғылыми міндеттер қоюда 12.
АҚШ-тың ОА аймағындағы геостратегиясын, оның негізгі әдістерін
пайымдаудың көзі саяси тарих тәжірибесінен, ежелгі замандағы және одан
кейінгі даналардың саясат, мемлекетті басқару туралы терең ойларынан бастау
алатыны сөзсіз.
Бұл жерде айтып кететін жағдай мыналар – геосаясат ғылымы Жер шарының
географиясы түпкілікті анықталып, ойшылдардың Жер кеңістігін пайымдау
деңгейінің артқан шағында, ХІХ ғасыр аяғында қалыптасты; геосаясат
ғылымының даму бағыты кеңістік факторымен байланысты. Сондықтан қазіргі
кезде бұл ғылымның пәні мен нысаны ауқымы Жердің шеңберінен шығып, астро-
физика және т.б. нақты ғылымдармен байланысқа түсу үстінде деген ой
түйіндеуге болады. Болашаққа көз сала отырып, бұл ғылым тек Жердің
географиясын ескеріп қоймай, сонымен қатар Күн жүйесіндегі планеталардың
географиясын, қозғалу траекторияларын, бір-біріне жақындасу уақытын,
олардың тарту күшін және көптеген басқа да факторлардың алпауыт
мемлекеттердің геостратегиясына тигізетін ықпалын зерттеумен айналысады деп
жорамал жасай аламыз 13.
Жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың идеологиялық деңгейге мемлекеттік
мүдде бағдарламасы тұрғысынан көтеріліп, осыған бағынатындығы дәлел. Бұл –
АҚШ геостратегиясының әр түрлі кезеңдер мен аймақтарда, соның қатарында ОА-
да жүргізіп келе жатқан геостратегиясына ортақ әдіс-тәсіл болып табылды.
Бұл ретте идеологияның жоғарыда келтірілген мақсаттарға жету үшін оңтайлы
жағдайларда алдыңғы орынға шығарылып, қолайсыз жағдайларда кейінге
қалдырылғаны айқындалады.
Тарихта болған геосаяси тәжірибелердің негізінде қазіргі кездегі АҚШ
геостратегиясының құрамдас бөліктері Вашингтонның геостратегиясындағы
идеологиялық, экономикалық және әскери-саяси факторлар АҚШ-тың мемлекеттік
мүдделеріне сай қызмет жасап, белгілі бір мақсатқа жетудің әдіс-айласы,
жолы қызметін орынды атқарды. Геостратегиялық қажеттілік пен қарапайым
пайдакүнемдік АҚШ-ты өзі құрыла салысымен жариялаған идеологиялық
құндылықтардан кейін шегінуге мәжбүр етті. Құрама Штаттардың
геостратегиясындағы идеологиялық компонент ішкі саясатта қоғамды
жұмылдырушы, топтастырушы қызметін атқарып, сыртқы саясатта керісінше,
стратегиялық мүдделерін жүзеге асыруға қажеттілік басымдық алғанда, тиісті
елдердің ішкі саясатына араласып, өзіне ыңғайлы топтардың билік басына
келуіне жағдай жасады 14.
Геосаяси тәжірибе Құрама Штаттардың ХVІІІ-ХІХ ғғ. дүниежүзілік қуатты
мемлекеттермен, ұлы державалармен қақтығыста, бәсекелестікте дамығанын
көрсетеді. АҚШ-тың көршілес мемлекеттерге қарағандағы қуаты мен ұлы
державаларға қарағандағы икемді географиялық орналасуы оның тәуелсіздігі
мен болашақ дамуын қамтамасыз еткен басты факторлар болып табылады.
II дүниежүзілік соғыстан кейін Құрама Штаттардың қуаты дүние жүзінің
түпкір-түпкіріне таралып, теңіздермен және мұхиттармен шекаралас елдерге,
маңызды теңіз-сауда жолдарына (бұғаздар, шығанақтар, каналдар) бақылау
орнатылды. Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Таяу Шығыс және Азия-Тынық мүхит
аймақтарындағы бірқатар мемлекеттер АҚШ-тың әскери тұрақтарына орын берді.
XX ғасырдың екінші жартысынан бері Вашингтон Кеңес Одағымен қарсыласа
отырып, жоғарыда келтірілген аймақтарда орнықты. АҚШ-тың Батыс Еуропаға
қатысты жүргізген геостратегиясында идеологиялық, экономикалық және әскери-
саяси компоненттер толығымен іске асырылды. Бұған Батыс еуропалықтардың АҚШ-
пен тарихи-мәдени тұрғыдан ортақ тамырларының болуы, ортақ жауларының болуы
септігін тигізді. Азия-Тынық мұхит аймағында Құрама Штаттардың
геостратегиялық ықпалы Жапония мен Оңтүстік Кореяда толығымен іске асырылды
деп айтуға болады 15.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін осы аймақтардың ортасында геосаяси тұрғыдан
әлсіз, бос кеңістік пайда болып, Құрама Штаттардьщ геостратегиялық бағытына
әсерін тигізді. Елу жылға жуық уақыт аралығында АҚШ Еуразияға ықпал жасау
геостратегиясын жоғарыдағы үш аймақ - Батыс Еуропа, Парсы шығанағы және
Қиыр Шығыстан жүргізді. XX ғ. аяғына таман ОА аймағында Ресей ықпалының
әлсіреуі АҚШ-қа үлкен геосаяси басымдықтардың бетін ашып, бір нүктеден үш
бағытты – Парсы шығанағы, Ресей және Қытайға ықпал жасауға, аймақтың
байлығын пайдалануға қолайлы жағдай туғызды. Осының барлығын зерттеуде АҚШ-
тың аймақта көздейтін жария және шынайы мақсаттарын ажыратуды талап етті
16.
АҚШ-тың ОА-дағы шынайы мақсаттары оның қауіпсіздігімен тікелей байланысты
– стратегиялық басты мүдделерінен туындайды: жаппай жою қаруын ОА аумағынан
шығару, оның таралмауына шек қою; экономикалық мүдделеріне қатысты –
аймақтың табиғи ресурстарын игеруге АҚШ-тың және одақтас елдердің
компанияларына жол ашу; әскери-саяси мақсаттарға қатысты – аймақтың
географиялық орналасуын әскери-саяси, экономикалық салаға бейімдеу. Бұлар
АҚШ-тың ОА-дағы шынайы мақсаттарының негізін түзеді 17.
Құрама Штаттардың жария мақсаттарының қатарына ОА аймағында демократиялық
қоғамды орнату мәселесін жатқыздық. Мұны Вашингтон басты мақсат ретінде бет
алдына ұстағанмен, шын мәнінде ол Құрама Штаттардың әскери-саяси және
экономикалық мақсат-мүдделерін ілгерілетуге септігін тигізетін
геостратегиялық әдістің бір түрі болып табылады. Осыған дәлел ретінде ОА
елдеріне және дүние жүзіндегі басқа да мемлекеттерге қатысты екіжақты
стандарттардың қолданылуы келтірілді.
ОА аймағының төңірегіндегі Ресей, Иран және Қытай мемлекеттері АҚШ-ты
дүниежүзілік және аймақтық мәселелер аясында қарсылас ретінде қарастырады.
АҚШ та өз кезегінде бұл елдерді өзінің халықаралық саясаттағы
геостратегиялық мүдделеріне ниеттес деп есептемейді. Осыған байланысты ОА
аймағының төңірегіндегі бұл елдер аймақта АҚШ ықпалының шексіз орнауына
мүдделі емес. Бұл мемлекеттер өздерінің қарсы әрекеттерін іске асыруға
тырысып, ОА елдеріне ықпал жасау арқылы АҚШ ықпалын шектеуге ықыласты 18.

Аймаққа ықпал жүргізу деңгейі бойынша Ресейдің мүмкіншіліктері жоғары.
Оның ықпалы геостратегиядағы маңызды үш компонент – идеологиялық,
экономикалық және әскери-саяси салаларды қамтиды. Қытайдың ықпалы қазіргі
кезде экономикалық басымдығын орнықтыру шараларымен шектелуде. Иран аймақ
елдеріне айтарлықтай ықпал жасаудың тетіктеріне ие болған жоқ. Осыған
қарамастан бұл елдерге ортақ бір мүдде бар деген шешімге келуге болады. Ол
– аймақтағы тұрақтылық мәселесі.
АҚШ-тың аймақтағы геостратегиясына аймақ елдерінің ұстанған саясаты да
елеулі ықпал жасайды. АҚШ-тың аймақтағы саясатына өз қатынасын барынша ашық
және тиісті геостратегиялық тұрақты басымдықтарсыз білдіріп отырған
мемлекет – Өзбекстан. Өзбекстанның географиялық орналасуы АҚШ-тың әскери-
саяси ықпалының аймақта сақталып қалуының басты кепілі саналады. Қазақстан
мен Түркменстанның көлік-байланыс саласындағы мүмкіншіліктерін толық
дамытуға әрекет жасауы классикалық геосаясат тұрғысынан алғанда, АҚШ-тың
геостратегиялық мүдделеріне сәйкес келмеуі ғажап емес 19.
Аймақтағы келесі мемлекеттер – Қырғызстан мен Тәжікстан АҚШ-қа
Вашингтонның экономикалық көмегінің мөлшеріне байланысты қолдау көрсетіп,
Ресей мен Қытайдың да мүдделерімен санасуға да мәжбүр болады.
ОА елдерінің қатысуымен құрылған халықаралық әскери, саяси және
экономикалық ұйымдардың мақсат-міндеттері қарастырылып, Ресей мен Қытайдың
белсенділігі анықталды. АҚШ-тың белсенділігі аймақтағы елдермен екі жақты
қатынастардан байқалса, Ресей мен Қытайдың белсенділігі екі жақты және көп
жақты қатынастарда көрініп, АҚШ ықпалының шектен тыс таралуына тежеу
келтіруде 20.
Орталық Азия өңірі, оның ішінде Қазақстан үшін қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мен өңірдегі, ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызуда,
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында АҚШ-пен арадағы
ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз берілетін болу керек. Қазақстанның жедел
экономикалық және саяси әлеуметтік прогресі үшін АҚШ инвестициясын тартып,
оны мақсатты пайдалану тиімді болмақ.
АҚШ Орталық Азия республикаларында демократияның дамуына, азаматтық
қоғамның орнығуына қолғабыс тигізуге қазіргі шақта барынша мүдделі
екендігін естен шығармау керек. Орталық Азия елдері Американың бұл аймақта
жекешелендіру процесін жеделдетуге, нарықтық экономика құрып, дамытуға
деген ынталылығын да өз мүдделеріне сәйкес оңтайлы пайдалану жолдарын
саралап, бұл бағытта өз стратегиялық басымдықтарын барынша негіздей түсуге
ерекше маңыз беруге тиісті. Сонымен қатар АҚШ-тың Жібек жолы туралы заңынан
(1999 ж.) тиісті қорытынды шығарып, қажетті стратегиялық іс-шаралар
кестесін анықтау да ОА республикаларының өмірлік маңызды мүдделерін
қорғауға қызмет ететіні анық. Қазақстанның ШЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ реформалауға
ерекше мән беруінің республикада ғана емес, тұтас ОА өңірінде XXI ғасырдың
бағытына қарсы тұруға, ұзақ мерзімді стратегиялық мүдделерді қамтамасыз
етуге тигізетін оң ықпалы болатыны сөзсіз. Жалпы алғанда, Орталық Азия
аймағының, даралап қарағанда, өңірдегі әр республиканың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, іске асырылып жатқан реформаларға қолайлы жағдай туғызу
барынша интеграциялануды талап етеді. Осы орайда Қазақстан Президентінің
Орталық Азия елдері Одағын құру туралы ұсынысының өңірдегі әрбір мемлекет
үшін өмірлік маңызы зор 21.
АҚШ геостратегиясының қалыптасуы мен дамуындағы басым бағыттар оның
тиісті аймақтарда идеологиялық, экономикалық және әскери-саяси бақылау
орнатып, өз мүдделерін тиімді түрде жүзеге асыру қажеттіліктерімен
анықталады.
АҚШ-тың дүниежүзінің түрлі аймақтарына қатысты геостратегиялық
тәжірибесі аясында оның Орталық Азиядағы геостратегиясына тән жалпы сипат
тиісті мүдделерін іске асырудағы идеологиялық, саяси-экономикалық
факторлардың басымдығымен және тұрақтылығымен ерекшеленеді, ал дара
ерекшеліктері өңірдің (ОА) географиялық жағдайымен сипатталады.
АҚШ Орталық Азиядағы геостратегиясына ықпал жасайтын басты факторларды
анықтаудың үлкен ғылыми және практикалық маңызы бар. Америка Құрама
Штаттарының Орталық Азиядағы геостратегиясына ықпал жасайтын факторлар
қатарында тараптардың мүдделеріндегі сәйкестіктің, үйлесімділіктің, өзара
тиімділіктің орын алуы оң қызмет атқарады. Сонымен қатар АҚШ-тың Орталық
Азия өңірінде геостратегиялық басымдыққа қол жеткізуге ұмтылысы өңірдегі
және өңірмен шектес, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің өз мүдделерін
қорғауы мен жүзеге асыруы жолындағы белсенділігін арттырады 22.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін биполярлық тепе-теңдік жойылып,
халықаралық саясат пен экономикада АҚШ анық басымдылыққа қол жеткізді.
Көптеген ғалымдар XXI ғ. алғашқы ширегінде АҚШ-тың белсенділігі мен
басымдылығы сақталады деп есептейді.
АҚШ-тың қаржысын, технологиялық және ғылыми жетістіктерін пайдалануға,
әскери қолдауына сүйенуге Орталық Азия мемлекеттері мүдделі. Өткен ғасырда
Батыс Германияның, Жапонияның, Шығыс Азия жолбарыстарының пайда болуы АҚШ-
тың геостратегиялық мүдделерін іске асыру қажеттілігінен туындады. Ал оның
қарсылығына ұшыраған мемлекеттер соққыға алынып, қысым көруде. АҚШ-тың
Югославиядағы әскери операциялары Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
қалыптасқан халықаралық саяси қатынастар жүйесін шайқалтып жібергені анық.
Сонымен қатар бұл операциялар АҚШ-тың биполярлы кезеңнен кейін өзгере
бастаған әлемдік халықаралық саяси жүйеге деген көзқарасын білдірмейді деп
те айта алмаймыз. Құрама Штаттардың XX ғ. аяғы мен қазіргі кезде
халықаралық қатынастарда жасап отырған іс-әрекеттерінен осы көзқарастың
бағыт-бағдары қандай екенін байқауға болады. Құрама Штаттары үшін оларға
ыңғайлы болатын халықаралық экономикалық, саяси және идеологиялық ортаны
қалыптастыру өте маңызды. Осындай ортаны қалыптастыру үшін Ақ үйдегі
әкімшіліктер өз саясатында идеологиялық факторды – адам құқығы,
нарықтық экономика, демократия секілді және т.б. құндылықтарды алға
жылжытуда. Бұл құндылықтардан бас тартып, АҚШ-тың сыртқы саясатының
мүдделеріне қайшы келген мемлекеттер соққыға алынып, зардап шегуде. Құрама
Штаттарының халықаралық саясаттағы осындай іс-әрекеттері жаңа құбылыс емес.
АҚШ-тың геостратегиялық тәжірибесіне сүйенгенде, Вашингтонның өз
мүдделерін іске асыруда жоғарыдағы құндылықтарды желеу етіп, өзге
мемлекеттерге қатысты талай рет күш қолданғанын байқамау мүмкін емес.
Бастапқы кезде Ақ үй әкімшіліктерінің назары Америка құрылықтарымен
шектелді. АҚШ-тың осы жерлерде нығайып, өз үстемдігін орнатуы оның әлемдік
үстемдігіне жол ашты. Өз кезегінде осы жолда жүргізілген саяси
бағдарламалардың негізінде тарихта өз көріністерін тапқан геостратегиялық
тәжірибе жатты 23.
АҚШ-тың ОА аймағында жүргізе бастаған сыртқы саясатын қарастырғанда үш
кезең нақты аңғарылады. Бірінші кезең – 1991-1995 жж. АҚШ-тың қауіпсіздік
мәселелерінің шешіліп, идеологиялық және экономикалық мүдделерінің
анықталуы. Осы кезеңде АҚШ ОА мемлекеттерімен дипломатиялық байланыстарды
орнатып, жаңадан пайда болган мемлекеттердің қалыптасуына үлес қосты. ОА
мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесіне кірігіп, демократиялық жолмен
дамуды ұйғарды. Ал АҚШ жаңадан қалыптасқан халықаралық ортаға бейімделіп,
сол ортада өз мүдделерін белгілеп, оларды жүзеге асыруға бет қойды.
Екінші кезең: 1996-2000 жж. Құрама Штаттары аймақтың табиғи қорларын
белсенді игеруге кіріскен шақ. Бұл тұста батыстың көмегімен ОА елдері
жүргізген саяси-экономикалық реформалар өз нәтижелерін бере бастаған еді.
АҚШ капиталының аймаққа кіруі мен ОА төңірегіндегі геосаяси ахуалдың
ширығуы осы кезеңде орын алды. Негізгі мәселе Каспийдегі мұнай-газ қорларын
тасымалдауға қажетті құбырлардың бағытын анықтаумен байланысты болды.
Қуатты елдердің аймақтағы мүдделері мен ықпалының айқындала түсіп, аймақ
елдерінің тәуелсіз дамуға бейімделуі осы кезеңге сай келді.
Үшінші кезең – 2001 жылдың 11 қыркүйегінен басталып, қазіргі күнге дейін
жалғасуда.
Аталған кезеңдердің әрқайсысының ерекшеліктерін анықтау, олардың
өзегінде жатқан ортақ желіні көрсету, жалғастық жолдарын байқау, бүгінгі
күннің басты ғылыми мәселелері қатарына жатады.
Кеңес Одағы ыдыраған соң АҚШ бірден Ресейдің ықпалын шектеп, өзінің
стратегиялық мүдделерін анықтай бастады. Клинтон әкімшілігінің сыртқы саяси
стратегиясында дүниежүзінің әр түрлі аймақтарына кіруге, өз ықпалын кеңейту
мәселелері басымдылыққа ие болды. Бұл ретте АҚШ Орталық және Шығыс Еуропада
едәуір елеулі жетістіктерге жетті. Беларусь Республикасынан басқа барлық
елдер АҚШ бастаған Батыс елдерінің ықпал жүргізу аймағына айналды. АҚШ-тың
дүниежүзілік және әртүрлі аймақтардағы стратегиясы, саясаты әлемдік
гегемондығын сақтауға, нығайтуға бағытталуда. ОА елдері мұны сезіп, біліп
қана қоймай, өз мүдделерін көздей отырып, оған тиісті жағдай жасауда. Бұл
өте күрделі саяси процесс. Оның барысы, басты мақсаттары, салдары,
нәтижелері қандай болатынын әзірге кесіп айту қиын. Бірақ оны білу ОА
елдері үшін аса маңызды.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Сындарлы он жыл атты
еңбегінде: Каспий төңірегінде бірнеше күш орталықтары – АҚШ, Ресей,
Қытай, Еуропалық Одақ, Түркия, Иран, Парсы шығанағы елдерінің аса маңызды
өмірлік мүдделері айрықша өткір қақтығысқа түскен 24, - деп анықтайды.
АҚШ-тың геостратегиясын зерттеу қажеттілігі пайда болады. Дүниежүзіндегі ең
қуатты мемлекет саясатының Қазақстанға келтіре алатын жағымсыз салдарының
алдын алу мен пайдалы жақтарын нығайтуды сараптап талдау Құрама Штаттардың
ОА аймағы мен көршілес мемлекеттердің геосаяси тәжірибесі аясында зерттеуді
талап етеді.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін АҚШ ОА-ны игеру, онда орнығу мүмкіндігіне
ие бола бастады. 2001 жылдың күзіне дейін АҚШ ОА-да негізінен экономикалық
тұрғыдан белсенділік көрсетті. Аймақтың көмірсутегі ресурстарын өндіруде
Американ компаниялары жетекші орындарға ие бола бастады. Ауғаныстандағы
антитеррористік операциялардың нәтижесінде АҚШ әскерилері жаңа тұрақ
базаларын орнатуға мүмкіндік алды. Аймақтағы үш ел -Өзбекстан, Қырғызстан
және Тәжікстан өз аумақтарын АҚШ пен оның одақтастарының әскерлеріне ашық
деп жариялады.

2. Қазақтан Республикасы және АҚШ арасындағы саяси қарым-қатынастардың
орнауы мен дамуы

2.1 Мемлекетаралық саяси қарым-қатынастардың дамуы
Қазақстан - Американ қарым-қатынастары Америка Құрама Штаттары
Қазақстан Республикасын егеменді мемлекет ретінде таныған 1991 жылдың
соңынан ресми түрде бастау алады. Осылайша ұлы держава ішінде Қазақстанды
алғашқылардың бірі болып таныған АҚШ, оның тәуелсіз мемлекет ретінде
қалыптасуына өзінің мүдделі екенін көрсетті 25.
Кеңес қоғамының қайта құру кезеңінен өту барысында республиканың
халықаралық байланыстары белгілі дәрежеде кеңейіп, жан-жақты терендетіле
түседі. Әсіресе осы кезеңде Америкамен тікелей байланысты қамтуға көп көңіл
бөлініп, әртүрлі дәрежеде белсенді делегациялық алмасулар басталады.
Алғаш кездесулердің бірі сонау КСРО қойнауында пайда болған "Невада-Семей"
антиядролық қозғалыстың қайраткерлерінің бас қосуы еді 26. Невада штаты
мен Семей облысындағы сынақтарды тоқтату талабын қойған екі елдің озық ойлы
азаматтарының қозғалысының бірігу тарихы туралы Вирджиния университетінің
профессорының "Ақиқат" журналындағы мақаласы осыған дәлел. Бұл қозғалыстағы
О. Сүлейменов ағамыздың орны мен маңызы туралы айта кетуге болады.
Қазақстан Республикасының Президснті Н.Ә. Назарбаевтың 1990 жылдың
шілде айында американдық сауда консорциумы Президенті Дж.Гиффеннің
шақыруымен АҚШ-қа алғаш рет ресми емес сапары Американдықтарға Қазақстан
туралы ресми түрде жалпы түсінік беріп, екі ел арасындағы толыққанды да
жемісті қарым-қатынасардың бастамасы болды 27. "Тәуелсіздік сайалы енді
өсе бастаған осы 1990 жылы наурызда Н.Ә. Назарбаев алғаш рет "үш бірдей АҚШ
президенттерінің (Дж. Форд, Р. Рейган, Дж. Буш) тұсында аса жауапты
мемлекеттік қызметкер атқарған Джеймс Бейкер мырза қызметтен босағаннан соң
да, тікелей атсалысуының арқасында Вашингтонда Қазақстан-американ кеңесі
құрылып, бұл кеңесті Дж. Бейкердіің өзі басқаруға келіседі. Кеңестің екі
жақты саяси, экономикалық мәдени байланыстарды күшейтудің тиімді құралы
болып табылатынына 28 Дж. Бейкер мырзаның күмәні жоқ. Екі ел арасындағы
қызуқанды байланыстардың жоғарғы деңгейде үнемі қолдау тауып келе
жатқандығы мемлекеттердің ұйымдары мен шаруашылық негіздерінің тікелей
байланысуына жағдай жасайды. Осы кезеңде Қазақстандағы болып жатқан саяси
оқиғалар, оның экономикалық жағдайы мен тікелей байланыстар жасауға
американдықтар талап білдіре бастайды.
Осыған орай, 1991 жылы қыркүйекте Алматыға Американың мемлекеттік хатшысы
Дж. Бейкер мырза сапар шегіп, көптеген ұсыныстарын тапсырады. Олар сауда-
экономикалық байланыстар орнату, Қазақстан үшін американдық инвестициялық
қор ашу, оның Халықаралық валюта - қаржылық ұйымдарға кіруіне көмектесу
туралы, Қазақстанның АҚШ-та, АҚШ-ң Қазақстанда өз өкілдіктерін ашу,
республикамызға жан-жақты көмек беру, рыноктық экономикаға тездетіп кіруіне
байланысты экономикалық және басқару кадрларын дайындауда көмектесу туралы
ұсыныстар болатын.
Қазақстанның ашық саясаты, орасан зор экономикалық мүмкіншілігі, өзгеше
табиғи байлықтары Американың саяси және іскер орталарын барған сайын қатты
қызықтыра берді. Республика экономикасының жандануына бұл қарқын тым
баяулық ететін. 1991 жылғы тамыз оқиғасы орталықтың тағдырын шешіп, елдегі
қоғамдық-саяси процестердің тездетуіне әкеліп, ақырында КСРО-ның құлап,
ТМД-ның құрылуына жол ашады. Қазақстанның әлемдік саяси маңыздылығы оның
Еуразиялық континенттің орталығындағы географиялық орналасуымен іспеттес
болып қалды. Бұл жағдай, ең алдымен, Қазақстанның ядролық қаруға иелік
етуіне байланысты болды.
1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыға екінші ресми сапарымен мемлекеттік
хатшы Дж. Бейкердің келуінің басты мақсаты да, осы ядролық қарудың болашағы
еді. Сонымен қатар хатшы мырза Дж. Буш АҚШ президентінің елбасымызды ресми
сапарға келіп қайтуға ресми шақыруын табыс етеді 29.
1991 жылы желтоқсандағы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып
жариялануы еліміздің тез қарқынмен әлемге танылып, көптеген елдермен
дипломатиялық қатынас жасауға мүмкіншілік жасады. Алғашқылардың бірі болып
Қазақстанды Америка таныған, ал 1992 жылы 4 ақпанда-ақ Алматыда тұңғыш рет
тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде Америка Құрама Штаттарының елшілігі ашылады
30. Елшіліктің қызметкерлері бірден республикамен танысуға кіріседі.
Американың Қазақстандағы мәселелерінің Уақытша Сенімді өкілі У. Кортни мен
АҚШ елшілігінің экономикалық мәселелер бойынша бірінші хатшысы Дж. Сколатт
өздерінің алғашқы сапарын Семей облысынан бастаған болатын. Бұл
кездейсоқтық емес-ті, өйткені Семей облысын Америка көпшілігі "Невада-
Семей" антиядролық қозғалыс бойынша білетін. Іс-сапар АҚШ-тың ТМД-ға
гуманитарлық көмек акциясымен жалғасып, Семейге азық-түлік пен дәрі-
дәрмекке толы 3 ұшақ жеткізіледі. Американ елшілігінің қызметкерлері Шығыс,
Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болады. Іс-сапар туралы У.
Кортни мырза "Шынында да Қазақстан біз, американдықтар өте аз білетін,
өкінішке орай, үлкен мемлекет, ел екен. Мұнда табиғи байлықтар мол, білімді
адамдар көп. Көптеген селоларда қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік бар. АҚШ-
тың тәжірибесі көрсеткендсй еркін рынок, ойдың еркін дамуы – демократиялық
қоғамның негізі тәуелсіз Қазақстанда өз дамуын табады, ал бұл өз кезегінде
екі ел арасындағы жемісті қарым-қатынасқа жағдай жасайды",- деген тұжырымға
келеді 31.
1992 жылы 3 сәуірде Қазақстан үкіметі Американдық "Сколден, Арис
Елейт, Мигер энд Флай" адвокаттық конторасымен келісім шартқа отырады. Бұл
мекеме Қазақстанның АҚШ-пен ЕЭС (Европаның экономикалық Одағы) аралық
келіссөздерде шетелдік инвестициялар, жекешелендіру, сауда, салық салу,
әртүрлі үкіметаралық келісімдер салаларында өкілі болады. Қазақстан бұрынғы
Кеңес Одағы елдерінің ішінде бірінші болып американ компанияларынан АҚШ-пен
келіссөздерде кеңестер алу үшін келісімге отырады.
1992 жылы 18-24 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының президенті
АҚШ-та бірінші ресми сапарында болып қайтады. Ресми сапардың екі ел
арасындағы саяси-экономикалық байланыстардың жаңа деңгейге көтерілуіне
жасаған ықпалы өте зор. Сапар барысында Президенттер төрт құжатқа қол
қояды, олар: "Сауда катынастары жөніндегі келісім", "Қаржы салымдарын өзара
қорғау жөніндегі шарт", "Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері
арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум", "Қос қабат салық салуды
болдырмау жөніндегі конвенция туралы бірлескен мәлімдемелер". Осылай, екі
жақты карым-қатынастардың шарттық құқылық негіздері қаланды 32. Осы сапар
барысында елбасымыз Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ бас хатшысы
Бутрос Галимен, кейіннен қаланың ірі іскер адамдарымен кездесіп, сонымен
қатар сапар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстанның Шығыс елдерімен өзара қарым - қатынасының дамуы
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Қазақстан Республикасының және НАТО
Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары
Үшіншісі - шекараны нақтылау мәселесі
Халықаралық қатынас туралы түсінік
Германияның орталық Азиядағы саясаты (1992-2009 жж.)
Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты
Пәндер