Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері


2 Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
2. 1 Үдемелі индустриялы-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өтпелі шарттары
Біздің еліміздің болашағы оның интеллектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылыми жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Ғылыми-техникалық әлеует кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркеюдің негізгі жолы негізгі жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада көшбасы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құрылуына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекет ғылыми-техникалық және инновациялық саясат - ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Ал бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі басты мақсаты. Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулері мен инновациялық саласы дағдарыстық жағдайда. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетіміздің дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.
Инновациялық прогрестің инновациялық саясатпен тікелей байланысты екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық прогресті жаңа жағдайда мемлекеттік реттеу былай түсіндіріледі:
- ірі инновациялық жобаларды іске асыруда белгілі бір уақытта кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыра алмаса, оған мемлекет тарапынан құрылған орталықтың көмегі керек болады. Бұл өз кезегінде ғылыми ізденістің тәуекелшілік элементтерімен байланысын көрсетеді;
- Мемлекеттік үйлестірушілік қызметін керек ететін және технологиялық жүйелердің мызғымастығын анықтайтын кешенді өндірісті білдіретін, өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын және технологиялық жылжушылыққа әкелетін ғылым мен техниканың жетістігін жариялайтын жеке басылымдар шығарылуы керек;
- Ірі зерттеулерді ұйымдастыру және оларды қоғамның денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым салаларын қолдану, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде тәжірибеден өткізу мүмкіндігін қарастыру.
Инновациялық саясаттың басты ерекшелігі - оның әрдайым мемлекет назарында болуы. Қызықтысы ғылым мен техника нарық жағдайында басқа салалар сияқты өз алдына дербес дами беруге кейде қабілетсіз болып келеді. Алайда ғылым жеке меншік өндіріске жұмыс істеген жағдайда, оның нарықтық сұраныс пен ұсыныс заңдылығы арқылы даму мүмкіндігі жоғары екендігі сөзсіз. Мұны қазіргі күні АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибелері толықтай дәлелдеп отыр. Ғылыми-техникалық саясаттың жетістіктері индустриалды қоғамды әрі қарай дамытуға жол көрсетеді.
Инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту тұрғысында сападан алшақтамау бірінші кезектегі мәселе болары сөзсіз. Тек шикізат орталығымен ғана шектеліп қоймай, "өндірістен - өндіріске" қағидасын ұстаған абзал дейді зерттеушілер. Мұның мәні - шикізат өндіре отырып одан дайын өнім шығаруға ұмтылу. "Өндірістен - өндіріске" қағидасы бүгінгі күні Қазақстан үшін ең қажетті қағидалардың бірі болып отыр. Бұл қағида өндірісте шығынды жағы өте жоғары әрі сапасыз артық өнім шығарудан сақтандырады. Осындай адамзат үшін өте тиімді және оңтайлы болып отырған инновациялық саясаттың негізгі бағыттары төмендегідей болып келеді:
- жоғары бәсекелестікке ұмтылған, шығыны аз, керісінше, пайдаланатын ресурстарды қолданудың сапалы, жаңа деңгейін қалыптастыру. Ресурстарды үнемдеу арқылы өндіріс өзінің өсімін көбейтеді. Еліміздегі энергетикалық, материалдық және қазба байлықтары баршылық. Ресурстарды үнемдеудің нәтижесі ретінде халық шаруашылығының құрылымдарындағы ішкі саудада қазба байлықтарының үлес салмағы кеміп, керісінше, оларды өңдейтін өндіріс орындарының мөлшері артуы қажет;
- елдердің техникалық артта қалуын тоқтатып, жаңа технологияларға қол жеткізу. Арнайы техникалардың сапасының әлсіздігінен инженерлік басқару технологияларының заман талабына сәйкес болмауы дамуды біршама тежейді. Енді осы саланы инновациялау керек. Бәсекелестікке ұмтылған әрбір мемлекет саясаты технологияларды игеруді басты міндет деп санайды. ;
- өнім өндірмейтін салалардағы құрылымдық алға жылжу, яғни технологиялық негізде қамтамасыз ету;
- мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік қорлар құру және венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
- инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандары мен әдістерін әзірлеу;
- инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құруға енетін инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;
- өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру.
Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету 1-шi суреттегi жүйе бойынша iске асады. (Сурет 1) / 4, 56 б. /
1-шi сурет бойынша инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.
Сурет 1 - Инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету
Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды. /7/
Инновациялар саласындағы мемлекеттің 2 қызметін атауға болады
Мемлекет
Құқықтық- нормативтік жағынан Бюджеттен немесе басқа
қамтамасыз етеді көздерден қаржыландырады
Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%- ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.
Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі индустриалды-инновациялық процестерді басқару негізінде тұрақты экономикалық өсуге жету. Ертеректе, технологиялық инновациялар кез-келген ұлттық экономикаға тән және автиматикалық режимде жүретін табиғи процесс деп қарастырылатын.
Казір бәсеге потенциалды қабілеті бар, соның ішінде экспортқа бағытталған, шикізаттық емес, бағыттағы экономика салаларында жүзеге асатын өндірістер Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясаттың негізгі басымдықтары болып келеді. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасауға ерекше назар аудару керек.
Экономиканы модернизациялау мен диверсификациялау негізінде елдің тұрақты дамуын, өнімнің бәсекеге қабілетті түрлерін өндіру мен экспорттың өсуіне жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында 17 мамыр 2003 жылы Елбасы 2003-2015 жылдарында Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясына қол қойды. Аталған Стратегияны экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі индустрия мен сауда, білім мен ғылым, көлік пен коммуникация, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, энергетика мен минералды ресурстар, Қазақстан Руспубликасының қаржы Министрліктері мен табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігімен, Ұлттық банкпен бірлесе отырып жасады.
Стратегияның басты мақсаты - шикізаттық бағыттамадан алшақтауға мүмкіндік беретін, экономика салаларын диверсификациялау жолымен тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда қызметті-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайларды дайындау. /6-49-51/
Өңдеу өнеркәсібінде орташа жылдық өсу қарқынын 8-8, 4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2015 жылғы еңбек өнімділігін 2000 жылмен салыстырғанда кем дегенде 3 есе көбейтіп және ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2 есе кеміту, өңдеу өнеркәсібінде негізгі қорлардың өнімділігін көтеру, жеке секторды ынталандыратын және бәсекелес артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын дайындау және кәсіпкерлік климатты жасау, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өндірісті қалыптастыруды ынталандыру, сапаның әлемдік стандарттарына көшу және әлемдік пен аймақтық экономикамен интеграцияны дамыту Стратегияның басты міндеттері болып табылады.
Стратегияны іске асыру мерзімі 3 кезеңге бөлінген:
- 1-ші кезең (2003-2005жж. ), мұнда Стратегияны іске асыру бойынша дайындық сипатындағы жұмыстарды жүргізу көзделген. Бұл кезеңде салық салу механизмін жеңілдету бойынша қазіргі ҚР заңшығарушылық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы, Казақстанның Метрикалық конвенциясына қосылу мен Халықаралық электротехникалық комиссияға ену көзделіп отыр. Ғылымды, білімді дамыту және кәсіби кадрларды даярлау бойынша реформаларды жүргізу, оларды индустриалды-инновациялық дамуға бағыттау, стандартизация мен сертификацияны жетілдіру мен Қазақстанның ХТМ ену үрдісін аяқтау көзделген
- 2-ші кезең (2006-2010жж. ), бұл кезең экономиканың барлық салаларында Стратегияны іске асыру бойынша іс-шараларды белснеді жүргізумен сипатталады. Ғылыми-инновациялық құрылым қалыптасады. Жеке сектордың қаржы ресурстары бір бағытта жұмыс істеп, инфрақұрылым кәсіпорындарды ұлғайту, қайта құру мен жаңа өндіріс салу мәселелерін кешенді шешеді. Экономиканың диверсификациялау саласындағы прогреске қарағанда, экономиканың дамуы мұнай мен газды өндіру мен экспорттау арқасында орын алады.
- 3-ші кезең (2011-2015жж. ) Стратегияны іске қосудағы ең өнімді кезең болмақ. Бұл кезеңде жаңа аялар мен нарықтарды енгізілген қуаттарды игеру мен Қосылған құн тізбегінің дамуы орын алады. Тауар мен кызмет өндірісі мен экспортының өсуі мен темпі мұнай мен газ өндірісінің өсуін озады. Экономика мен экспорт құрылымының диверсификациясы пайда болады.
Стратегияның орындалуы оны іске асыру бойынша шаралар жоспарының көмегімен жүргізіледі, олар үш жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының Үкіметімен әзірленіп бекітіледі. /6-49-51/
Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының сәтті іске асуы ел экономикасының диверсификация, модернизация және өнімнің бәсекелес түрінің өндірісі мен экспорт өсуіне жағдай жасау негізінде ұзақ мерзімді тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
Индустриалды-инновациялық саясаттың белсенді жүргізілуі ел экономикасына мынадай өзгерістерді көздеп отыр. (1-кесте)
Әлемдік экономиканың ғаламдану тұрғысынан Қазақстан экономикасы бірнеше проблемалармен ұштасады. Негізгі проблемаларға: шикізаттық бағыттама, әлемдік экономикамен төмен деңгейде интеграциялану, ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының төмендігі, ел ішінде салааралық мен аймақаралық экономиканың интерграцияның төмендігі, ғылым мен өндірістің арасында әрекеттің болмауы жатады.
Кесте 1-Индустриалды-инновациялық саясатты жүргізуді ескере отырып, ЖІӨ динамикасының болжамы
Қаржылық делдалдық
қызметтер
Стратегия елде ғылым мен инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми инновациялық саясат жүргізуді жөн көріп отыр. Қойған мақсаттарға жету қаржы нарығын әрі қарай дамыту мен фискалды, білім беру монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясаттарды жетілдіру қарастырылған. Стандарттандыру саясаты шеңберінде экономика мен бесқарудың барлық салаларында әлемдік стандарттарға көшу көзделген.
Cтратегияны сәтті жүзеге асыру адами, өндірістік және табиғи капиталды тиімді қолдануға, экономиканың тұрақты өсуіне алып келетін, сапалық өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. /7-11-13/
Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиiмдi модернизациялауды қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе Қ. Р-сы үшiн өте маңызды, өйткенi 1991 жылдан бастап елiмiзде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндiрiстiң техникалық деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмiн жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖIӨ көлемi де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейiн азайды.
Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8, 8-9, 2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемi шамамен 3, 5-3, 8 есе өседi. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсiбiнде орта жылдық өсу қарқыны 8-8, 4 % дейiн, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жұмыс өнiмдiлiгiнiң өсiмi кемiнде 3 есе және ЖIӨ энергияны тұтынуы-2 eceгe төмендейдi. /5/
Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде.
Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға өту үшiн 2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды /10/.
Стратегияны iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi. Стратегияны iске асыру:
ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46, 5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;
ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0, 9 %-тен 2015 жылы 1, 5-1, 7 %-ке дейiн көтеру;
ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13, 3 %-тен 2015 жылы 12-12, 6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10, 9 %-тi құрайтын болады) ;
Стратегияны iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31, 0 % және 25, 6% салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0, 1 %-тен 2015 жылы 1-1, 4 %-кe дейiн өседi.
Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40, 1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38, 1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0, 6 %-ке қарағанда 9-11%-тi құрайды.
Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2, 1-2, 4 есе ұлғаяды.
Сонымен қатар елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi 0, 9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0, 6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1, 7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр.
Егер мұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлiнетiн қаржы Францияда 45%, АҚШ пен Германияда - 36%, Жапонияда - 20% құрап отыр.
Елiмiзде стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖIӨ-нiң құрылымының болжамы ( % ), ( Сурет 2 ) . / 8, 95-100 б. /
Сурет 2 - Инновациялық қызметке бөлiнетiн ЖIӨ көлемiнiң стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесi. (%)
2. 2 Инновациялық дамудың басты басым бағыттары
Жиырмасыншы жүз жылдықтың 90-жылдары ғылыми-технологиялық әлеуеттi әлсіретуге, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң дағдарысына әкелген, Қазақстанда ғылыми-технологиялық дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарындағы зерттеулердi күрт қысқарту, ғалым беделiнiң және ғылыми нәтижелердiң сұранысқа ие болуының құлдырауы, кәсiпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуi, мамандар мен зияткерлiк меншіктердi шетелге қайтару болды.
Инновациялық процестердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi.
Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі проблемаларды бөлуге болады:
1. Оларды тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды рынокқа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi;
2. Технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi;
3. Инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz