Коммерциялық емес ұйымдар



Кiрiспе

I. Негiзгi:
I.I. Мекеме
I.II.Қоғамдық бiрлестiк
I.III Саяси партия
I.IV.Кәсіптік одақ
I.V. Коммерциялық емес акционерлік қоғам
I.VI. Қоғамдық қор
I.VII.Тұтыну кооперативі
I.VIII. Дiни бiрлестiк
I.IX.Қауымдастық одақ

II.Қортынды:
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектiлерi болып табылады. Азаматтық –құқықтық қатынастар субъектi-
лерiнiң ауқымы АК-ның 2-айқындалған. Құқық, оның iшiнде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Сондай-ақ мiндеттердiң де әлде-
бiреуiнiң мойындағы мiндет екеннiн жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тiлiнде құқықтың және мiндеттердiң иелерiн “құқық субъектiлерi” деп
немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы
құқық қабiлеттiлiк ұғымымен сәйкес келедi. Құқық өкiлеттiгiн алған құқық қабiлеттi атаулының бәрiн тұлға деп атауға болады. Бiрақ әртүрлi топтармен түрлерге орай субъектiң мазмұны бiркелкi бола бермейдi. Заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде азаматтық құқық субъектi- лерiн белгiлеу үшiн әдетте “тұлғалар” деген жинақтаушы термин пайдаланы-
лады. Ал азаматтық құқық қабiлеттiгi дегенiмiз субъектiң азаматтық құқыққа ие болып, мiндетiн орындау қабiлетi деп түсiну керек.
Тұлғаның екi категориясы бар. Құқық субъектiлерi ең алдымен адамдар. Әрбiр адам –құқық субъектiсi. Бiрақ,құқықта субъектiнiң басқа да категориясының барлығы мәлiм. Бұл-ұжымдар,толып жатқан ұйымдар,кәсiпорындар, қоғамдар және тағы басқа да құқық пен мiндеттiң иелерi болып табылады.
Жоғарыда айтылған екi категориялы құқық субъектiлерiн (яғни адамдар мен ұйымдарды) бiр-бiрiнен ажырату үшiн заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөледi.
Жеке тұлға дегенiмiз-Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабына сәйкес, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,сондай-ақ мiндеттердi атқарады.
Жеке және заңды тұлғалармен қатар, аазаматтық –құқықтық қатынас- тардың қатысушылары мемлекет пен әкiмшiлiк –аумақтық бөлiнiстер (облыстар,аудандар,қалалар және т.б.) болуы мүмкiн, бұлар азаматтық – құқықтық қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негiздерде әрекет етедi. Заңды тұлға деп мекемелердi, ұйымдарды,кәсiпорын- дарды және тағы сол сияқтыларды атайды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
қАЗАқСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Бiлiм жӘне ғылым министрлiгi

Экономика және құқық академиясының жанындағы колледжi

Курстық жұмыс

тақырыбы: Коммерциялық емес ұйымдар.

Орындаған :
Тексерген

Алматы 200 ж.

Жоспар.

Кiрiспе

I. Негiзгi:
I.I. Мекеме
I.II.Қоғамдық бiрлестiк
I.III Саяси партия
I.IV.Кәсіптік одақ
I.V. Коммерциялық емес акционерлік қоғам
I.VI. Қоғамдық қор
I.VII.Тұтыну кооперативі
I.VIII. Дiни бiрлестiк
I.IX.Қауымдастық одақ

II.Қортынды:

Кіріспе

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың
субъектiлерi болып табылады. Азаматтық –құқықтық қатынастар субъектi-
лерiнiң ауқымы АК-ның 2-айқындалған. Құқық, оның iшiнде азаматтық құқық
реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар
арасындағы қатынастар болып табылады. Сондай-ақ мiндеттердiң де әлде-
бiреуiнiң мойындағы мiндет екеннiн жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тiлiнде құқықтың және мiндеттердiң иелерiн “құқық субъектiлерi”
деп
немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы
құқық қабiлеттiлiк ұғымымен сәйкес келедi. Құқық өкiлеттiгiн алған құқық
қабiлеттi атаулының бәрiн тұлға деп атауға болады. Бiрақ әртүрлi топтармен
түрлерге орай субъектiң мазмұны бiркелкi бола бермейдi. Заң актiлерiнде
және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде азаматтық құқық субъектi- лерiн
белгiлеу үшiн әдетте “тұлғалар” деген жинақтаушы термин пайдаланы-
лады. Ал азаматтық құқық қабiлеттiгi дегенiмiз субъектiң азаматтық құқыққа
ие болып, мiндетiн орындау қабiлетi деп түсiну керек.
Тұлғаның екi категориясы бар. Құқық субъектiлерi ең алдымен адамдар.
Әрбiр адам –құқық субъектiсi. Бiрақ,құқықта субъектiнiң басқа да
категориясының барлығы мәлiм. Бұл-ұжымдар,толып жатқан
ұйымдар,кәсiпорындар, қоғамдар және тағы басқа да құқық пен мiндеттiң
иелерi болып табылады.
Жоғарыда айтылған екi категориялы құқық субъектiлерiн (яғни адамдар
мен ұйымдарды) бiр-бiрiнен ажырату үшiн заңгерлер бұларды жеке тұлғалар
және заңды тұлғалар деп бөледi.
Жеке тұлға дегенiмiз-Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа
мемлекеттiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабына сәйкес,
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшiн
белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,сондай-ақ мiндеттердi
атқарады.
Жеке және заңды тұлғалармен қатар, аазаматтық –құқықтық қатынас-
тардың қатысушылары мемлекет пен әкiмшiлiк –аумақтық бөлiнiстер
(облыстар,аудандар,қалалар және т.б.) болуы мүмкiн, бұлар азаматтық –
құқықтық қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең
негiздерде әрекет етедi. Заңды тұлға деп мекемелердi, ұйымдарды,кәсiпорын-
дарды және тағы сол сияқтыларды атайды.

Негізгі бөлім
Құқықтар мен мiндеттердiң иесi бола бiлу, азаматтық айналымда
құқықтық дербес субъектiсi ретiнде қатысу, бiз жоғарыда айтқанымыздай, жеке
тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.
Азаматтық кодекстiң 33-бабында оған мынандай тұжырым берiлген:

“мемлекеттiк,шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз
атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттерге ие болып ,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп танылады . Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы
болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.”
Заңды тұлғаларды құру.
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнiндегi жалпы ережелер
енгiзiлген, сол арқылы оның түрлерiнiң жекелеген нормалары нақтыланады.
Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгiзiлген.
Азаматтық кодекстiң 40 бабына сәйкес заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше
құрылтайшы құруы мүмкiн.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттың түрiн және мiндеттi реквизиттерi
мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстiң 41 бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметiн жарғысы
не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негiзiнде жүзеге асырады.

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Азаматтық кодекстен
басқа, Қазақстан Республикасы Президентнiң 1995жылы 17 сәуiрде шығарған
“Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы” Заң күшi бар Жарлығымен және
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң заңды тұлғаларды мемлекеттiк
тiркеу туралы ережесiмен реттеледi.
Мемлекеттiк тiркеудiң құқықтық маңызы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен
бастап заңды тұлға болып саналады.
Заңды тұлғаны тiркеу фактiсi заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және
өзiнiң құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендiрудi мiндеттейдi.
Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
1.Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігі аясында айырма
болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен азаматтың құқықтары мен міндеттерін
тудыратын тұрмыс қатынастарына көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған
отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды
тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін
құрылғанына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді.
Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет
түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни белгілі бір
қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық
қабілеттілігі сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Мемлекеттік
кәсіпорындарын басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай
құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру
үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.
2.Заңды тұлғаның атауы.
Азаматтық кодекстің 33-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны
басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды
тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып
табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды
тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады.
Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғаның бірыңғай
мемлекеттік тізіміне енеді.
3.Заңды тұлғаның тұрған жері.
Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде өте маңызды.
4.Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдері.
Азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен
тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның
ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып
табылады.
Филиалдар мен өкілдерінің құқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық
жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын не бөлігін, оның
ішінде өкілдің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған
заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер мен
басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.
5. Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату.
Қайта құру дегеніміз –заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің
мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады.
Қайта құрудың бес түрі бар; қосу,біріктіру,бөлу,бөліп шығару,өзгерту.
Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай
құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның органының
шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарда көзделген реттерде сот органның
шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Тарату-заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа
өткізбей тоқтату тәсілі.
Заңды тұлғаның жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік еткен
тиісті органның шешімімен заң заң құжаттарында қаралған негіздер бойынша
жүзеге аса алады.Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің немесе
заңды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге
асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып отыр, ал басқа
жағдайларда сот арқылы таратылады.
Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына
хабарлайды тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және оның
несие берушілердің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ресми
баспасөзде жариялайды.
7. Банкроттық.
Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы сол банкрот жариялау болып
табылады. Заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты,
яғни борышкердің несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен
өтеуге мүмкіндіктің болмауы.
Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның тарауына негіз болады.
Дәрменсіздігі заңды тұлғаны таратудағы негізгі мақсат –оған несие
берушілер мүдделерін қамтамасыз ету.
8.Оңалту рәсімдері.
Банкроттық рәсімнің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем
қабілеттігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман алып
қалу болып табылады.
Оңалту рәсімі деп – дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу
мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған сот
немесе соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылық,
ұйымдастырушылық – шаруашылық, басқарудың, инвестициялық, техникалық, қаржы-
экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды
айтады.
Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады
және екі жылдан аспауы керек.
Заңды тұлғаның түрлері.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
Коммерциялық және коммерциялық емес.
Осының ішінде коммерциялық емес ұйымға тоқталам.
Коммерциялық емес ұйым деп-кірісті түсіру мақсаты болып табылмайтын
және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға.

Коммерциялық емес ұйым –заңды тұлға ретінде :
1)Мекеме
2)Қоғамдық бірлестік
3)Тұтыну кооперативі
4)Қор
5)Діни бірлестік
6)Қауымдастық одақ
7)Коммерциялық емес акционерлік қоғам
8)Саяси партия
9)Кәсіптік одақ
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін Азаматтық кодекс,
Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, коммерциялық емес ұйымдардың
жекелеген түрлері туралы заңдар және заңға тәуелді нормативтік актілер
реттеп отырады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестік нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне
қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заңды актілерінде коммерциялық
емес ұйымдардың өзгеше нысаны белгіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар
туралы заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық палаталар,
адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсіп палаталары,аудиторлар
палаталары,меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық
емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру,
қайырымдылық, басқа мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың
құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдар- ды
шешу;азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанаттандыру; аза-
маттардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен
спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді
және өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да
мақсаттарда құрылуы мүмкін(Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 4-
бабының 1-тармағы).
Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық
мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық ұйымдардан
өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жеңілдігін пайдаланады. Бұл
оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар
белгілі бір нысанда кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін
кірістер, әдетте, коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландырудың
негізгі көзі болып табылады.
І.І.Мекеме дегеніміз-бұл осы арқылы меншік иесі өзінің азаматтық
қатынастардағы еркін білдіретін ұйымдық-құқықтық нысандардың бірі.Басқа
заңды тұлғалардан өзгеше, мұндай заңды тұлғаның өз құрылтайшысына
тәуелділігі әлдеқайда күшті болады. Азаматтық құқықтың кез келген
субъектісі мекеме құруы мүмкін, яғни мекеме меншіктің мемлекеттік те,
сондай-ақ жекеменшік те нысандарында құрылуы мүмкін. ТМД елдерінде көбіне
мемлекеттің әр түрлі басқару, білім беру, медициналық және т.с.с.
функцияларын атқаратын мемлекеттік мекемелер құрылады.
1998 жылға дейінгі Қазақстандағы секілді, барлық елдерде туыстық ұғым
ретіндегі мекеме өзіне түр ұғымы ретіндегі мемлекеттік және жекеменшік
мекемелерді қамтиды. Қазақстанда 1998 ж. Қаржы министрлігі Азаматтық
кодекске өзге де нормативтік өзгерту актілерін енгізді, олар мекемені
(туыстық ұғым) тағы да мекеме (түр ұғымы) мен мемлекеттік мекемеге (түр
ұғымы) жіктеді.
Азаматтық кодексте жеке меншік мекемеге мынадай анықтама берілген:
басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы
қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым
мекеме деп танылады.
Мемлекет ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес немесе ҚР Президентінің,
ҚР Үкіметінің және астана, облыстар, республикалық бағыныстағы қалалар
әкімдерінің шешімдеріне сәйкес құрылатын және егер заң актілерінде қосымша
қаржыландыру көздері белгіленбеген болса, мемлекеттік бюджет есебінен
ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады (АК-ның 105-бабының 2-
тармағы). Мемлекеттік мекемені құруда оның аумақтық қызмет ету аясы
(республикалық, жергілікті немесе аймақтық айқындалуы тиіс).
Коммерциялық емес сипаттағы кез келген мақсат үшін мекеме құрылуы мүмкін.
Мысалы, басқару, білім беру, медицина, ғылыми зерттеу, мәдени және т.с.с.
мемлекеттік мекемелер, әдетте, басқару мақсаттарын көздейді. Мекемені,
әдетте, бір тұлға құрады, бірақ оны бірнеше тұлғаның құруына тыйым
салынбайды. Бұл жағдайда, меншік иесінің құқықтары құрылтай шартына сәйкес
бөлініп, жүзеге асырылады.
Мекеме мен мемлекеттік мекеменің өздеріне бекітіліп берілген мүлікке
құқықтары АК-ның 202-208-баптарына сәйкес анықталады. Басқаша айтқанда,
мүлік оралымды басқару құқығында мемлекеттік мекемеге тиесілі болады. Тұтас
алғанда, жеке меншік мекемелерге де осындай режим таралады. Мекеме меншік
иесі бекітіп берген сметаның негізінде өз қаражатына билік етеді.
Мемлекеттік мекеменің тиісті қаржы жылына бекітелген қаржыландыру
жоспарынан асатын шарттық міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді. Мекеме
өзінің міндеттемелері бойынша қолында бар ақшамен жауап береді. Олар
жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның
құрылтайшысы жауапты болады (АК-ның 44-бабының 1- тармағының 2- бөлігі).
Таратылатын заңды тұлғаның ақшасы несие берушілердің талабын қанағаттандыру
үшін жеткіліксіз болса, тарату комисиясы заңды тұлғаның мүлкін сот
шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіп бойынша жария сатуды жүзеге
асырады. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі
ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болатын
жағдайда оның міндеттемелері бойынша Үкімет немесе тиісті жергілікті
атқарушы орган жауапты болады.
Кіріс түсіруді өз қызметінің негізгі мақсаты етпеу-мекеменің міндетті
белгісі. Басқаша айтқанда, мекеменің кәсіпкерлік қызмет ауқымынан тыс
жағдайда кіріс түсіруіне және, тиісті, айтарлықтай мөлшерде түсіруіне тыйым
салынбайды. Бірақ бұл негізгі мақсат емес. Алынған ақша құрылтайшының
меншігі болып табылады және мекеме оны смета бойынша жұмсайды немесе
құрылтайшы алып қояды. Жеке меншік мекемелер өздерінің жарғылық құқық
қабілеттілігі шегінде кәсіпкерлік қызмет жүргізе алады. Оны жүргізу құқығы
құрылтай құжаттарында баянды етілуі тиіс. Солай бола тұрса да, мемлекеттік
органдар болып табылактын мекемелер (министрліктер, ведомствалар,олардың
заңды тұлға құқықтары бар бөлімшелері және т.с.с.), заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқысыз болады. Жеке меншік
мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістері
құрылтайшының меншігі болып табылады. Мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік
қызметтен түсірген кірістері мекеменің дербес билігіне өтеді. Олар және
оларға сатып алынған мүлік мекемеге оралымды басқару құқығында емес, ерекше
заттық құқықта – мүлікке дербес билік ету құқығында тиесілі болады.
Мемлекеттік және өзге де мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық
жағдайларының ерекшеліктері заңдармен айқындалады. Аталған органдардың
жергілікті деңгейі бірыңғай заңмен реттеледі. Министрліктер мен
ведомстволар Үкімет қаулыларының, Президент жарлықтарының немесе
Парламенттің заңдарының негізінде іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік басқару
органдарынан басқа, жекелеген нормативтік актілер қадағалау органдарын,
мысалы,ҚР прокуратурасы біртұтас орталықтандырылған мекемелер жүйесін
құрайды және Конституцияның, Президенттің 1995ж. 21 желтоқсандағы Заң күші
бар Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы Жарлығының негізінде
жұмыс істейді. ҚР Президенті,ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі,ҚР Конституциялық
Кеңесі,ҚР Соты, ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік органдар болып
табылады. Олар азаматтық айналымға мемлекеттік мекемелер ретінде қатысады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен
ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы
мүмкін деп көрсетілген. ҚР Конституциясына, конституциялық заңдарға, өзге
де заң актілеріне немесе ҚР Президентінің Жарлықтарына сәйкес мемлекеттік
органдар болып табылатын қалған мемлекеттік органдар, егер олар көрсетілген
заңдармен немесе оларды құру жөніндегі жеке актілермен заңды тұлға ретінде
анықталған болса, мекемелер болып танылады.
Мемлекеттік органның құзіретін, құрылымын, ведомстволық бағыныс-
тылығын және оның функциясын жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелерін
заңдар немесе осы мемлекеттік органдарды құру жөніндегі жеке актілер
айқындайды.
Егер мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекеттің
атынан емес, өздеріне смета бойынша бөлінген мүліктің шегінде өз атынан
қатысатын жағдайда, олар мекемелер ретінде қарастырылады.
Мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелер тиісті нормативтік
актінің негізінде құрылады және мемлекеттік мекемелер үшін белгіленген
заңдар бойынша тіркеуден өтуі тиіс. Қазақстан Республикасы немесе мемлекет
уәкілеттік берген мемлекеттік орган мемлекеттік органдар болып табылатын
мекемелердің құрылтайшылары болады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану,
билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанда,
мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның
құрылтайшысы бола алмайды.
І.ІІ. Қоғамдық бірлестік. Қазақстан Республикасында саяси партиялар,
кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін,өздерінің ортақ
мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері
қоғамдық бірлестіктер болып танылады. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның
күші, діни бірлестіктері қоспағанда, шетелдік және халықаралық коммерциялық
емес, үкіметтік емес бірлестіктердің Қазақстан Республикасы аумағында
құрылған және жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне таралады.
Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау, белсенділігі
мен ынталылығын дамыту;кәсіби және әуесқойлық мүдделерін
қанағаттандыру;ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын
дамыту;адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны
қорғау; қайырылымдық қызметке қатысу; мәдени-ағарту, спорттық-сауықтыру
жұмыстарын жүргізу; тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау;патриоттық
және адамгершілік тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және
нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де
қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылып,жұмыс істейді.
Мақсаттары немесе іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп
өзгертуге ,Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға,мемлекеттің қауіп
сіздігін әлсіретуге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни,тектік-топтық және
рулық араздықты өршітуге бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және
олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскеридендірілген
құрамалар құруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендірілген құрылымы, түрі,
арнаулы айырым белгілері, гимндері, жалаулары, вымпелдері, ішкі тәртіп пен
басқарудың ерекше шарттары, қаруы, соның ішінде қару іспеттес заттары бар
әскерилендірілген құрамалар үлгісіндегі қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым
салынады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының,
діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен
кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының жарғы
қабылданып,басқарушы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін шақыратын,
кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.
Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті
қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. Қоғамдық бірлестік
жарғының негізінде жұмыс істейді. Мұндай бірлестіктің қаржаты, егер оларды
төлеу жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелік жарналардан;
ерікті жарналар мен жиналған жылудан;жарғыға сәйкес дәрістер, көрмелер,
спорттық және басқа шаралар, лотереялар өткізуден түскен түсімдерден;
өндірістік және өзге де шаруашылық қызметтен алынған табыстан;заң
актілерінде тыйым салынбаған басқа түсімдерден құралады. Қоғамдық
бірлестікке қатысушылардың осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, оның
ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздері мүшелері ретінде
қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал
аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестік өзінің балансына бекітелген мүліктің меншік иесі
болып табылады. Қоғамдық бірлестік мүлкінің жеке меншіктің ерекше түріне
жататын құқықтық режимі болады. Бірлестіктің жарғысында көзделген қызметті
материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажетті объектілер,сондай-ақ оның
қаражаты есбінен құрылатын кәсіпорындар қоғамдық бірлестіктің меншігі болып
табылады. Соттың шешімі бойынша таратылған қоғамдық бірлестіктің мүлкі,
егер заңда өзгеше көзделмесе, оның жарғысында көзделген мақсаттарға
пайдаланылады.
І.ІІІ. Саяси партия. Қоғамдық бірлестік түрлерінің бірі саяси партия болып
табылады. Саяси партиялардың өмір сүруінің негізгі формальдық принциптері
Қазақстан Конституциясында айқындалған. Бұл тұста мемлекет мемлекеттік
институттары саяси партиялардан жоғары қойғандай болады. Сондықтан
мемлекеттік органдарда саяси партияларды құруға жол бермейді.
ҚР азаматы бір ғана саяси партияның мүшесі бола алады. Мемлекетік орган-
дар мен жұмыс берушілерге азаматтардан қандай түрде болса да, оның ішінде
ресми құжаттарда да, адамның қай партияның мүшесі екенін сұрауға талап
етуге тыйым салынады. Саяси партияның мүшелігінде болу ҚР азаматының
құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз бола алмайды.
Саяси партияның қоғамда алатын орнына қатысты мемлекеттік идеология және
оның мемлекетпен қатынасы бірнеше негізгі принциптерден тұрады. Олардың
біреуін шартты түрде партияның мемлекеттен бөлінуі деп белгілеуге болады.
Саяси партиялардың қызметін Конституция, АК, Қоғамдық бірлестіктер туралы
заң және Саяси партиялар туралы заң реттеп отырады. Саяси партия
азаматтардың өз өкілдері арқылы мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуы
арқылы ҚР азаматтарының еркін анықтауына және білдіруіне жәрдемдесуі тиіс.
Мемлекет саяси партияларға мемлекеттік бақылау жасау тұжырымдамасын
ұстанады. Мұндай бақылау қазақстандық юрисдикция шеңберінде ғана жүзеге
асырылуы мүмкін. Сондықтан осы тұжырымдамаға сәйкес, біріншіден, саяси
партиялардың жетекшілері ҚР аумағында болуға тиіс. Екіншіден, Қазақстан
аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының, сондай-ақ тіркеуден
өтпеген саяси партиялардың қызмет етуіне жол берілмейді.
Мемлекеттік идеологияның саяси партияны нақ әрі тек саяси ұйым ретінде
түсінуі маңызды қағида болып табылады. Қазақстандық заң шығарушылар бұл
принципті дәйектілікпен жүргізіп келеді.қоғамдық бірлестіктер туралы заңның
ережелерін жалғастыра келе, Саяси партиялар туралы заң азаматтардың кәсіби,
нәсілдік, ұлттық, этникалық және діни белгілері бойынша саяси партиялар,
әскерилендірілген саяси партия құруына, сондай-ақ мемлекеттік органдарда
саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол бермейді.
Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, діни, аймақтық, қауымдық
және гендерлік белгілерді көрсетуге, оның лидерлерінің, тарихи тұлғалардың
есімдері мен фамилияларын пайдалануға жол берілмейді. Саяси партиялар
туралы заңды жаңа редакциясында қабылдауға байланысты 2002ж. барлық саяси
партияларға қайта тіркеуге жүргізілді, жоғарыда аталған талаптарға қайшы
келетін атаулары бар кейбір партиялар тіркеуден өте алмай қалды.
Қазақстан Республикасының жасы он сегізге толған азаматы саяси партияның
мүшесі бола алады. Саяси партияға шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың
мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелікке жол берілмейді. Әскери
қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының
қызметкерлері және судьялар саяси партияда болмауға, қандай да болсын саяси
партияға қолдау көрсетпеуге тиіс. Саяси партия саны 1000 адамнан кем емес,
саяси партияның құрылтай съезін шақыратын және облыстардың, республикалық
маңызы бар қала мен астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін
азаматтар тобының бастамасы бойынша құрылады. Партияның құрамында партияның
барлық облыстарындағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы
әрқайсысында кемінде 700 партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің атынан
өкілдік ететін кем дегенде 50000 партия мүшесі болуға тиіс.
2003 жылға дейін Қазақстандатіркелген 19 партия болды. 2003 жылғы жағдай
бойынша партияны тіркеу жөніндегі қатаң талапты 7 партия орындады:
Коммунистік партия, Отан, Аграрлық партия, Азаматтық партия, Қазақстанның
демократиялық Ақжол партиясы, Ауыл және Патриоттар партиясы.
Саяси партияның съезінде (конференциясында) партияның жарғысы мен
бағдарламасына өзгерістер мен толықтрулар енгізіледі, басшы органдары
сайланады, партияның мүшелік жарналарының мөлшері бекітіледі. Сонымен
қатар, съезде саяси партияның мүшелері ҚР Президенттігіне, Парламент
мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ретінде ұсынылады, депутаттыққа
кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін ұсынылатын патриялық
тізімі бекітіледі, өзге де мәселелер шешіледі. Саяси партия съезінің шешімі
саяси партияның съезіне саяси партияның барлық облыстық, республикалық
маңызы бар қалалық, астаналық филиалдары мен өкілдіктерінің өкілдері
қатысқан кезде көпшілік дауыспен қабылданады.
Саяси партияның филиалы мен өкілдігінің конференциясы оның филиалы мен
өкілдігінің жоғарғы басшы органы болып табылады. Филалдың және өкілдіктің
жиналысында олардың басшы органдары сайланады, тиісті маслихаттардың
депутаттығына кандидаттар ұсынылады, өзге де мәселелер шешіледі.
Саяси партия мүлкінің, оның ішінде құрылымдық бөлімшелері мүлкінің меншік
иесі, тұтас алғанда, саяси партия болып табылады. Партия таратылатын
жағдайда оның мүлкі партияның жарғысына сәкес пайдаланылуы тиіс. Егер саяси
партияның жарғысында мұндай тәртіп көзделмеген болса, онда мұндай мәселенің
шешімін саяси партияны тарату туралы шешім қабылдаған орган жүзеге асырады.

Саяси партияның қаражаты мүшелікке кіру және мүшелік жарналардан,
кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерден, құжатпен расталып, олардың шығу
көздері көрсетілген жағдайда Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен жүзеге
асырылатын Қазақстан азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының
қайырмалдықтарынан тұрады. Саяси партиялар туралы заң саяси партияға және
оның құрылымдық бөлімшелеріне шетелдік тұлғалардан, мемлекеттерден,
халықаралық ұйымдардан, шетелдер қатысатын заңды тұлғалардан, мемлекеттік
заңды тұлғалардан, діни бірлестіктердің және қайырымдылық ұйымдарынан,
беймәлім қайырмалдық жасаушылардан қайырмалдық алуға тыйым салады. Саяси
партиялардың ақшасы Қазақстан заңдарына сәйкес тіркелген банктердің
шоттарына орналастырылады. Саяси партияның ақшасы мен өзге де мүлкі оның
мүшелері арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалуға
тиіс. Саяси партияның өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына
рұқсат етіледі. Саяси партия мүшелері партияның міндеттемелері бойынша
жауап бермейді, ал саяси партия өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
I.IV.Кәсіптік одақ. Кәсіптік одақ – бұл қоғамдық бірлестіктердің кең
таралған түрлерінің бірі. Кәсіптік одақтардың қызметі Кәсіптік одақтар
туралы 1993ж. 9 сәуірдегі заңмен реттеледі. Кәсіподақтар туралы заң
кәсіподақтарға мынадай анықтама береді: бұл өз мүшелерінің еңбек, сондай-
ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және
қорғау, еңбек қорғау және еңбек ету жағдайларын жақсарту үшін азаматтардың
кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде олар ерікті түрде құратын,
белгіленген жеке мүшелері бар дербес бірлестіктер. Коммерциялық емес басқа
ұйымдардан өзгеше, Кәсіподақтар туралы заң кәсіподақтарға коммерциялық
қызметтің барлық түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді: сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыру, кәсіпорындар, банктер, сақтандыру және
акционерлік қоғамдар құру, бірлескен кәсіпорындар құру және олардың
қызметіне қатысу, лотереялар ұйымдастыру және өткізу, баспагерлік қызметпен
айналысу, өзге де өндірістік және шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің қаржыландыру көздері
Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі
Коммерциялық емес ұйымдар туралы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Коммерциялық емес ұйымдардың жалпы түсінігі жəне қызметінің ұйымдастырудың теориялық негіздері
Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы туралы
Мекемелердің құқықтық жағдайы
Пәндер