Елбасымыздың тәуелсіздік жолында баяндалған туындыларын тарихнамалық тұрғыда талдау және осы туындылардың Қазақстандық қоғам және ғылым үшін таңдағы қажеттілігі мен маңызы



Кіріспе
1. «Тәуелсіздік белестері» Елбасы еңбектерінде.
2. Тәуелсіздік және «Ғасырлар тоғысы».
3. «Қазақстан.Ресей қарым.қатынастары» және тәуелсіздікті нығайту үшін күрес.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Тақырыптың өзектілігі. Әр халықтың, ұлттың өз даму тарихы және ерекшелігі бар. Бұл заңдылық. Тарихқа көз жүгіртсек , әр халықтың, ұлттың даму жолында жүздеген, мыңдаған тарихи оқиғалар өзгерістер болған. Сол секілді өзгерістер әр халықтың өз мемлекеттігімен тәуелсіздік жолындағы жанталасып, күресуі мен ғасырлар бойы көксеген арман мұратының негізінде жүзеге асқан. Қай ұлттың болмасын тарихы отарлау немесе тәуелсіз болу, тәуелсіздік жолында күресу және тәуелсіздік алу секілді тіркестермен тұрақты үндесіп жатыр. Біздің мемлекетіміз қазақ елі үшінде дәл осы тіркестер тайға таңба басқандай анық, әрі оларсыз тарихымызды елестету мүмкін емес. Бірақ өмірінің жартысын ат үстінде өткізген жауынгер халық өз тәуелсіздігінің тізгінін ешкімге бермей,еркін даланың ер саңлағы атағын өзі ғана иеленіп келді
Әлемнің барша халқы үшін теңсіз өзгерістерге толы «отарлаушы» мен «отарланушы», «әлді» мен «әлсіз», «қарулы» мен «қарусыз» ұғымдармен сипатталған ХVІІ – XVІІІ ғ.ғ біздің мемлекетімізге де ұшын тигізбей өткен жоқ. Сол кезеңнен бастап өз тізгінінен айырыла бастаған ерен халқымыз күні кеше ғана, кеңес үкіметі ыдыраған шақта қайтадан еркін даланың тәуелсіз иесі атанды. Бұл кезеңге дейін не заман өтіп, тауқымет тартқан халқымыз «Тәуелсіздік» деген қасиетті ұғымға жер дүниеде ешбір мағыналы сөз де, еш түпсіз әлемде теңесе алмайтындығына тағы бір мәрте көзі жетті.
Тәуелсіздік тарихының мәселелері Елбасының «Тәуелсіздік белестері», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих тағылымдары және қазіргі заман», «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Тарих толқынында» туындыларында баяндалған.
Тұңғыш президентіміздің тәуелсіздік жолында баяндалған еңбектері Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады. Елбасымыздың еңбектерінің ішіндегі ең алғаш тәуелсіздік жолында өте құнды материал болып табылатын 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның егемендігі мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегін атауға болады. Бұл еңбекте Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресі,тәуелсіздік деген терең мағыналы ұғымға жан таласа жеткен қазақ халқы және оның тұңғыш президенті жайлы толық баяндалған. Сонымен қатар атап етуге тұрарлықтай, 1996 жылы елбасының тікелей өзінің қатысуымен жазылған «Ғасырлар тоғысында» еңбегін атап өтуді жөн көрдім. Бұл еңбектің ІІ ші бөлімі яғни «Жол айрығында» деп аталатын бөлімде өткенге саяхат жасай отырып, КСРО ның құлауын 1991 жылы қазақ елі өз тәуелсіздігін алып, ұлт болып қалыптасып Қазақстан Республикасы атанғандығын, ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіздікті, тәуелсіздік жолындағы күресті баяндайтын бірден- бір ірі туынды болып табылады.
1. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы: Атамұра, 2003. –336б.
2. Сонда.
3. Сонда.
4. Сонда.
5. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 256б.
6. Сонда.
7. Назарбаев Н. Қазақстан-Ресей қатынастары: баяндамалар, сөйлеген сөздер, мақалалар, сұхбаттар. Алматы: Қазақстан, 1998.-336,
8. Атабаев Қ Деректану: Оқу құралы.— Алматы: «Қазақ тарихы»2007. 272б
9. Сонда.
10. Н.Ә. Назарбаев Ынтымақ пен татулықты нығайта түсу-басты міндетіміз.// Егемен Қазақстан, 2008ж., 16желтоқсан
11. Сәбит қажы Салқынұлы Тұңғыш президент. –Алматы, «Бабамұра-М», 2006 ж. 256б
12. Назарбаев Н. Ел межесі-елулік// Егемен Қазақстан. – 2006. 22 –наурыз
13. Назарбаев Н.Ә Қалың елім, қазағым. -Алматы: Өнер-1998.-306-б.
14. Назарбаев Н.Ә Тарих толқынында. -Алматы: - Атамұра,-1999.-269-б.
15. Назарбаев Н.Ә Тарих тағылымдары және қазіргі заман. –Алматы: -Қазақстан,-1997.-127-б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе

1. Тәуелсіздік белестері Елбасы еңбектерінде.

2. Тәуелсіздік және Ғасырлар тоғысы.

3. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары және тәуелсіздікті нығайту үшін
күрес.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әр халықтың, ұлттың өз даму тарихы және
ерекшелігі бар. Бұл заңдылық. Тарихқа көз жүгіртсек , әр халықтың, ұлттың
даму жолында жүздеген, мыңдаған тарихи оқиғалар өзгерістер болған. Сол
секілді өзгерістер әр халықтың өз мемлекеттігімен тәуелсіздік жолындағы
жанталасып, күресуі мен ғасырлар бойы көксеген арман мұратының негізінде
жүзеге асқан. Қай ұлттың болмасын тарихы отарлау немесе тәуелсіз болу,
тәуелсіздік жолында күресу және тәуелсіздік алу секілді тіркестермен
тұрақты үндесіп жатыр. Біздің мемлекетіміз қазақ елі үшінде дәл осы
тіркестер тайға таңба басқандай анық, әрі оларсыз тарихымызды елестету
мүмкін емес. Бірақ өмірінің жартысын ат үстінде өткізген жауынгер халық өз
тәуелсіздігінің тізгінін ешкімге бермей,еркін даланың ер саңлағы атағын өзі
ғана иеленіп келді

Әлемнің барша халқы үшін теңсіз өзгерістерге толы отарлаушы мен
отарланушы, әлді мен әлсіз, қарулы мен қарусыз ұғымдармен
сипатталған ХVІІ – XVІІІ ғ.ғ біздің мемлекетімізге де ұшын тигізбей өткен
жоқ. Сол кезеңнен бастап өз тізгінінен айырыла бастаған ерен халқымыз күні
кеше ғана, кеңес үкіметі ыдыраған шақта қайтадан еркін даланың тәуелсіз
иесі атанды. Бұл кезеңге дейін не заман өтіп, тауқымет тартқан халқымыз
Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымға жер дүниеде ешбір мағыналы сөз де, еш
түпсіз әлемде теңесе алмайтындығына тағы бір мәрте көзі жетті.

Тәуелсіздік тарихының мәселелері Елбасының Тәуелсіздік белестері,
Ғасырлар
тоғысында, Тарих тағылымдары және қазіргі заман, Жадымызда жатталсын,
татулық дәйім сақталсын, Сындарлы он жыл, Қазақстан жолы, Тарих
толқынында туындыларында баяндалған.

Тұңғыш президентіміздің тәуелсіздік жолында баяндалған еңбектері
Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады. Елбасымыздың еңбектерінің
ішіндегі ең алғаш тәуелсіздік жолында өте құнды материал болып табылатын
1992 жылы жарық көрген Қазақстанның егемендігі мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы атты еңбегін атауға болады. Бұл еңбекте
Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресі,тәуелсіздік деген терең мағыналы
ұғымға жан таласа жеткен қазақ халқы және оның тұңғыш президенті жайлы
толық баяндалған. Сонымен қатар атап етуге тұрарлықтай, 1996 жылы елбасының
тікелей өзінің қатысуымен жазылған Ғасырлар тоғысында еңбегін атап өтуді
жөн көрдім. Бұл еңбектің ІІ ші бөлімі яғни Жол айрығында деп аталатын
бөлімде өткенге саяхат жасай отырып, КСРО ның құлауын 1991 жылы қазақ елі
өз тәуелсіздігін алып, ұлт болып қалыптасып Қазақстан Республикасы
атанғандығын, ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіздікті, тәуелсіздік
жолындағы күресті баяндайтын бірден- бір ірі туынды болып табылады.

Сонымен қатар елбасының Тәуелсіздік белестері туындысында Тарих және
тәуелсіздік атты 1999 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей қияметтіде
қияпатты соңғы онжылдықта бұған дейінгі жүздеген ұрпақтардың қолы
жетпегенге қол жеткіздік: Тәуелсіз мемлекет құра алдық. Бізді енді ешқандай
тарих желі жер бетінен жойып жібермейтіндігіне кепілдік беремін- дейді
елбасы. Қазақстан жолы еңбегінде тәуелсіздікке арналған арнайы
Тәуелсіздік стратегиясы бөлімі бар. Онда егемен Қазақстанның дүниеге
келуі мен мемлекеттік құрылымы қарастырылады. Жалпы алғанда Н.Ә.
Назарбаевтың туындаларында тәуелсідік толық дерлік қарастырылып,зерттелген.

Қазақ елінің тәуелсіздік тарихы бұрын-соңды ғылыми тұрғыда талданып өз
бағасын ала алмай келді. Тіпті тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның
тарихнамасы былай тұрсын тарихы толық зерттеліп, зерделенбей келеді. Осы
мәселе көбінесе Елбасы еңбектерінен көрініс тапқан. Сондықтан да тұңғыш
Президенттің шығармаларын таразылап, баға беру ғылыми және болашақ дамуымыз
үшін аса қажет.

Біздің мақсатымыз - Елбасымыздың тәуелсіздік жолында баяндалған туындыларын
тарихнамалық тұрғыда талдау және осы туындылардың қазақстандық қоғам және
ғылым үшін таңдағы қажеттілігі мен маңызын айқындау. Осы мақсат тұрғысында
мына міндеттер алға қойылды:

• Елбасы еңбектерін тәуелсіздік жолындағы бірден –бір нақты туынды
ретінде көрсету;

• КСРО-ның құлауымен Қазақстанның тәуелсіздік алуынның маңыздылығын
сипаттайтын ғылыми еңбектерге тарихнамалық тұрғыда талдау жасау;

• Тәуелсіздік жолындағы Н.Ә. Назарбаевтың және қазақ халқының күресін
жүйелі түрде сипаттау.

Деректік негіздері. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы туралы
жарияланған еңбектер көптеп кездеседі. Олардың көпшілігі ғылымми және
ғылыми бұхаралық мақалалар болып табылады. Мұның өзі тәуелсіздік жайлы
нақты зерттеулердің мардымсыз екендігіне көз жеткізеді. Қазақстанның
тәуелсіздік алуы мәселелері тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың
еңбектерінде жан-жақты көрсетіліп, терең зерттелген. Осы орайда
Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік жолындағы туындыларының деректік және
тарихнамалық маңызы зор. Жалпы елбасының қазақ тілінде жарық көрген 42
еңбегі бар, ал орыс тіліндегі еңбектері мен мақалалары және сөйлеген
сөздері жайында айтар болсақ олардың саны қазақ тіліндегі туындыларға
қарағанда екі есе саны көп. Президентіміздің қазақ тілінде жарық көріп
бізге жетіп отырған еңбектеріне тоқталсақ: Әділеттің ақ жолы (1991ж),
Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде (1993ж), Қазақстан
егемендігі мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы (1992ж),
Ғасырлар тоғысында (1996ж), Тарих тағылымдары және қазіргі заман
(1997ж), Қазақстан-2030 (1998ж), Қалың елім, қазағым (1998ж),
Қазақстан-Ресей қатынастары (1998ж), Жадымызда жатталсын, татулық дәйім
сақталсын (1998ж), Тарих толқынында (1999ж), Бейбітшілік кіндігі
(2001ж), Сындарлы он жыл (2003ж), Еуразия жүрегінде (2005ж), Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында (2005ж),
Қазақстан өз алға дамуының жаңа серпілісі кезеңінде (2006ж), Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан (2007ж), еңбектерінің деректік маңызы нақты уақыты
мен тура айтылған шындығымен ерекше. Негізінен бұл туындылардың немесе
еңбектердің алғашқы нұсқалары КСРО кезеңіндегі орталық мерзімді басылым
беттерінде жарияланған. Шығармалардың мазмұнына арқау болған оқиғаларға
Елбасының өзі қатысқандықтан олардың шынайылығы туралы айтпаса да болады.
Осылайша Президент еңбектері өз басынан кешкен сәттерден жинақталған
материалдарға негізделген.

Жалпы алғанда Н.Ә. Назарбаев еңбектері тарихи дерек көзі ретінде
сақталу формасы жағынан да әр алуан болып келеді. Олар бұқаралық ақпарат
құралдарының негізгі түрін құрайтын –газет не журналдарда, жеке кітаптар
мен кітапшаларда және ақпарат көздерінің жаңа түрі – интернетте қазақ, орыс
және басқа да көптеген ұлттардың тіліндеріндегі шығарммалар түрінде
сақталуда. Және солардың көбі қазақ немесе орыс тілінде пайда болған
түпнұсқалық еңбектер болып табылады. Елбасының еңбектерінің жартысынан көбі
дерлік Қазақстанның тәуелсіздік алуында маңызды рөл атқарды.

Мәселенің зерттелу деңгейі.

С. Салқынов

Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Н.Ә. Назарбаевтың алғаш тәуелсіздік
жолында жарық көрген еңбегінен басталады. 1991-2007 ж.ж аралығын қамтиды.

Жұмыстың методологиялық ұстанымы. Зерттеуде негізінен тарихилық, шынайылық
принциптеріі басшылыққа алынды. Сонымен қатар тарих ғылымының дамуындағы
кезеңдер мен сатыларды нақты ашып, талдап көрсетілді және әлеуметтік тарихи
прогресінің заңдылықтарын анықтайтын алғышарттары анықталды. Н.Ә
Назарбаевтың тәуелсіздік жолында жазылған еңбектерін жүйелеу және
функционалды құрылымдық әдістер бойынша тарихнамалық тұрғыда зерттеуге
талпыныс жасалды. Хронологиялық, салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи, талдау,
логикалық талдау, т.б. ғылыми әдістер пайдалынылды.
.

Қолданбалы маңыздылығы. Қазіргі таңда Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік жолында
жазылған еңбектері немесе туындылары Қазақстанда ғана емес Орта Азия
халықтарында орыс тілінде жарық көрген даналарын қолданысқа ие болған. Бұл
туындылардың аса көп қолданылып жатқан аумағы Қазақстанның жоғарғы оқу
орындары болып табылады.

І. Тәуелсіздік белестері Елбасы еңбектерінде.

Елбасымыздың тәуелсіздік жолында бірден –бір толық, жан-жақты
қарастырылып жазылған туындысы - ол Тәуелсіздік белестері еңбегі болып
табылады. Бұл еңбекті негізінен жазуға арқау болған нәрсе ол
президентіміздің Қазақстан-2030 стратегиялық жолдауы және жыл сайын
шығып отыратын жолдаулары, сонымен қатар елбасының ассамблеясында, түрлі
жиналыстар мен симпозиуымдарда сөйлеген сөздері негізінде жинақ болып жарық
көрген еңбек болып табылады. Бұл туынды 2003 жылы Алматыда Атамұра
баспасында президенттің бұйрығымен басылып шықты. Бұл еңбек жалпы алғанда
тәуелсіздік жайында сиптталып, нақты мәлімет беретін еңбек болып табылады
және жалпы қазақ халқына арналған, сонымен бірге тәуелсіздікті толық ашып
көрсететін нақты дерек болып есептеледі. Бұл еңбекте ең басты көтерілген
мәселелер ең алдымен Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен жолдауларды жүзеге
асыруды және дүниежүзі қазақтарының құрылтайы секілді мәселелерді көтерген.
Еңбектің маңыздылығы сол – бұл еңбек ел болып қалыптасып, еңсемізді
түзегелі бері өз атамекенімізде тәуелсіз, жан жақты тарихи негізі,
дәстүрлі халықтық бояуы бар нақышта жарық көрген ғасырдың біртуар
туындыларының біріне айналып отыр. Еңбекте мемлекетіміздің тәуелсіздік
алуының ұлттық сипаттағы негізгі алғышарттары, Еуразия кіндігінде орын
тепкен ұлан даланың, еркіндікті сүйіп өскен халықтың арман мүддесінен,
мақсат – мұратынан туған барлық белестердің нелер көріністері аталған.
Елбасының жыл сайын қазақ халқына жолданатын сөздерінің өзі бүгінде елу ел
қатарына қосылам деп талпынған мемлекетіміз үшін негізгі тетік, басты бағыт
болып отыр. Сондықтан сол Жолдаулар шоғырының еңбекте бұлтартпай берілуінің
өзі бұл еңбектің ролі ерекше, маңызы елеулі екендігінің нышаны емес пе?

Мемлекеттік, тәуелсіздік- бұл тарихтың сыйы емес және тек қазіргі
ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес. Бұл өткеннің алдындағы парыз және
болашақтың алдындағы жауапкершілік. Қазіргі ұрпақтың рөлі мынада- ол осы
мемлекеттік пен тәуелсіздікті тек нышандармен ғана емес, олар қандай
сүйкімді болып көрінсе де, қайта нақты мазмұнмен толықтыруға тиіс. Жай ғана
тәуелсіздікпен мемлекет арасын орсан зор қашықтық бөліп тұр. Біздің
мақсатымыз Қазақстанның тәуелсіздігін ақиқат шындыққа айналдыру,
экономикалық құқықтық, әскери, ақпараттық өлшемдерді ақиқат шындыққа
айналдыру 1.

Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамырын терең
жіберген қиын да, қызықты, талайлы тағдыр кешті. Ол негізінен, тәуелсіздік
жолындағы күреспен өтті. Қазақстанның тәуелсіздік тарихы аппақ парақ бетіне
күні кеше түсе қалған жоқ. Бүгінгі Қазақстанның алдына уақыт қойып отырған
міндеттердің ауқымымен артар жауапкершілік жүгін әлгіндей оқиғалардың
таңбалы тарихи тізбегін, ата-бабаларымыздың жүздеген ұрпақтарының жанын жай
таптырмаған азапты ізденістерін ескермей тұрып бағалау да, бағамдауда да
қиын.

Қазақ халқының тәуелсіздік идеясын дамытпау мен өзара билік үшін талас
қазақ жеріндегі бытыраңқылық процесінің күшеюіне және жоңғар шапқыншылығына
алып келді. Осы кезеңдегі ақын- жыраулар шығармаларында көрініс тапқан
елдік, егемендік, тәуелсіздік идеясы бүкіл қазақтық идеяға айналды.
Бұлардың барлығы елбасымыздың еңбектерінде көрініс тауып отыр. Менің ойымша
тұңғыш президентіміздің жасап отырған қадамы оң екенін байқай келе, еңбекте
тәуелсіздік идеясын терең зерттеп, мән-мағынасын ашатын, толығымен талдай
келіп, тәуелсіздігіміздің қалай келгенін зерттеп, зерделеп берген ең жақсы
еңбектердің бірі екенін айтқым келеді. Сонымен қоса, елбасы өзінің
басынан өткені мен бүгінін Тәуелсіздік белесі атты еңбегінде былайша
көзге елестеткен. ХХ ғасырдағы сонау бүкіл Орта Азия елдері КСРО - ның
құлауы нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткізгені бәрімізге мәлім. Қасиетті
тәуелсіздік ұғымы қазақ халқының ғасырлар бойы аңсап жеткен арман тілегі
екенін білеміз. Қазіргі таңда Қазақстанның тәуелсіздік алуы туралы түрлі
көзқарастар айтылып жүр, ол жайында президентіміздің еңбектерінде толығымен
жазылып қарастырылған. Осынау тәуелсіздікті жырлайтын Қазақстанда өзіндік
бір ерекшелігі бар туындылар ол Н.Ә. Назарбаевтің еңбектерінде толығымен
зерттелген. Елбасымыз Қазақстанның тәуелсіздік алуын Тәуелсіздік
белестері туындысында мынадай сөздермен келтіреді: КСРО-ның құлауы –бір
күнде, тіпті бір айда жүзеге асты деп кесіп айта қоятындай оңай оқиғаға
жатпайды. Уақыттан өткен әділ қазы жоқ. Қазірдің өзінде бұл оқиғаға ерекше
қуатты державалардың бірінің экономикалық, геосаяси, идеологиялық тұрғыдан
стратегиялық жеңілісі болғандығы талас тудырмайды. Әрине КСРО-ның құлауының
себептерін сөз еткенде, геосаяси бәсекелестің қатаң қысымы да бар екенін
байқамау үшін барып тұрған идеалист болу керек шығар. Бірақ мұны ешкім
жасырын жауап та жатқан жоқ. Солай бола тұрса да, негізгі себеп- жүйенің
іштей ірігені еді.- дейді 2

Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік жайында жазылған туындыларында
жазылғандай бес жыл бұрын Қазақстан дербес сыртқы саясат жүргізуді тақыр
жерден бастаған болатын. Рас, КСРО-ның тұсында Қазақстан тәуелсіздігінің
алынуы ешбір қол жетпестей болып көрінді. Алайда, ХХ ғасырдың соңғы
ширегінде көптеген қиыншылық нәтижесінде Орта Азия елдерімен қатар
тәуелсіздігімізге де қол жеткіздік.

Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арман мұраты. Әлем
халықтарының арасында дүниенің бір қиырынан бір қиырына өтіп барып ел
болғандары да, сан түрлі ұлт пен ұлыстың араласуы нәтижесінде жаңа этнос
ретінде қалыптасқандары да баршылық. Қазақ халқы тамырын тереңге жіберген,
осынау қасиетті даласынан табан аудармаған халық. Әлемде талай ел өз
тәуелсіздігіне қанқасып соғыспен, қыруар шығынмен жеткен. Қазақстанның
тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді.

Кеңестік жүйенің қирауының алдындағы хал-ахуалын көзге елестету үшін
ұзыннан-ұзақ шұбатылып жататын кезектерді, талон – карточкасыз ештеңе
берілмеуге айналғанын және сол кезеңдегі жағдайдың шектен тыс ауыр
болғандығын ескерсек, Кеңес үкіметі қазақ халқын адам төзгісіз жағдайға
душар еткендігін көреміз. Осындай жағдайлардың барлығы Қазақстанның сонымен
қатар Орта Азия елдерінің тәуелсіздік алуына алып келді. Тәуелсіздік бізге
оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда ұлан-байтақ жерімізді ата-бабаларымыз
найзаның ұшымен білектің күшімен қорғады. Алаш жұртынң бірлігін көксеген
бабалар рухы жебеуімен бұдан он жеті жыл бұрын дербес ел атанып, ғасырлар
бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әрине сол кезде әркім өзінше тон
пішті. Жетпіс жыл бойы КСРО-ның демеуімен, жебеуімен күн көргендер
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы қиынға соғады деген пікір
айтты. Бірақ, біздің бағымызға орай, Н.Ә. Назарбаевтай алысты болжай
алатын, нарықтың қиындығына қайыспай қарсы тұра алатын нар тұлғалы басшының
арқасында Қазақстан атты жас кеме бағдарлы бағытпен еркін жүзе алады.
Шындығын айту қажет, тәуелсіздіктің елең-алаң шағында Қазақстан жұрты
Елбасын таңдауда қателескен жоқ.

Тәуелсіздіктің мәні мен маңызы демекші, біз –қазақстандықтар, соның
ішінде қазақ халқы бейбіт жолмен қол жеткізген тәуелсіздігімізді қорғай
білуіміз қажет. Өйткені, біз тәуелсіздіктің арқасында дербес ел болып,
өркениетке қадам бастық. Мемлекеттің тәуелсіздікке қол жеткізуі ешқашан
оңайға соқпаған. Ендеше тым әріге арқан тартпай-ақ кешегі Кеңес Одағының
уысынан аман-есен босағанымыз, бірінші кезекте, тағдырдың сыйы болса,
екіншіден, азттық жолындағы құрбандықтарымыздың өтеуі екені еш күмән
туғызбаса керек. Міне, сондықтан егемен ел атанып, жеке отау тігуіміз
қаншалықты маңызды болса, тәуелсіздігіміздің құны соншалықты қымбаттай
түсетінін айқын сезінетініміз анық 3.

Тәуелсіздік кейбіреулер айтатындай, есіктен кіре салған жоқ, мезгілі
жеткенде кірді. Сол кезде өз жерінде азшылық құрған халқымыз бүгінде
топшысы бекіді, бұғанасы қатайды. Дүние жүзі санасатын, айтқан уәжі құлаққа
енетін қуатты мемлекетке айналды. Жұбан ақын айтқандай, Мың өліп, мың
тірілген қазақтың көсегесі көгерген кезеңі осы.

Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман,
Австрия-Венгрия, ал мүлде таяуда-Кеңес Одағының жан тәсілім екенін көрген
дәуірде дүниеге келді. Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды. Көптеген
адамдар қазір мұны тиісті нәрсе ретінде қабылдауға әзір, бірақ
қазақстандықтар мұның біздің тарихымызда қаншалықты сирек әрі қиындықпен
болғанын ұмытпауға тиіс.

Біз өзіміздің тәуелсіз, егемен мемлекетіміздің негізін қаладық. Барлық
қажетті мемлекеттік институттар қазірдің өзінде бар, әрі ай сайын
тәжірибесі мен біліктілігін ширата түсуде. Бірақ мемлекетіміздің құрылысы
аяқталатын күні алыс. Біз жетпіс жыл бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси
және экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде
жаңа мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе
жұмыс істеуде.

Ресей империясы құрамында болған кезіміз көшпеліліктің тарихтағы бағы
баянды еместігіне көз жеткіздік. Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің
сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға
нақты мүмкіндік туды. Ол мүмкіндікті туғызғандар Алаштың ардақты
азаматтары еді. Алайда баса трагедия-таатлитаризм трагедиясы алдан шығып,
тарихымыздың жүз жылға жуық белесін жаптыда тастады. Тікелей немесе жанама
шығындардың кесірінен тек қазақтардың өзі айналасы бірнеше жылда халықтың
40%-н айырылып шыға келді. Сол кезеңде бәрімізге белгілі КСРО-ның қазақ
халқының басынан не күндерді өткені мен кешкенін бәріміз айдан анық көріп
отырмыз. Жалпы алғанда Кеңес елінің Орта Азия халықтарына жасаған
қиыншылықтарымен бастан кешкен қиыншылықтарын еске алуы менің ойымша
қиынның да қиыны екенін еске түсіру өте қиынға соғады деп ойлаймын.

Ұзақ жылдар бойы халықтың бойындағы қуат дамуға емес, өлместің күнін
кешуге жұмсалып жатты. Біз жаңа табалдырықтың жүз жылдығына қилы-қилы
мұраны арқалап жеттік, сонымен бірге ұлттық тарихта бізге дейін ешқандай
ұрпақтың қолына тимеген мүмкіндікті де ала келдік.

Біз бүгін тарих тағылымдарын жақсырақ түсінеміз. Мәселе тек қана
түсінуде ғана емес, сонымен қатар қорытынды шығара білуде. Ұлттық
тарихымыздың ең бір алмағайып сағаттарында халық бірігу үшін әрқашанда күш
таба білді, алайда ұлттық ыдырау тетіктерінің соншалық тез іске қосылуы да
мәңгілік лағынетке батыратын. Біз ғасырлар бойы шыға алмай келген ескі
қақпанға түспес үшін атам заманғы қиыншылықтардан іргені аулақ салуымыз
керек. Сондықтан біздің міндетіміз шынайы ұлттық топтасуға қол жеткізуде
болып отыр, онсыз біздің мемлекетіміздің болашағы жоқ.

Ұлтаралық келісім – бұл тәуелсіздігіміздің бірінші және екінші
бесжылдығының мәселесі емес жалаңаш саяси прагматизмнің мәселесі емес. Біз
қарапайым екі ақиқатты игеріп, келесі ұрпаққа беруге тиіспіз: Қазақстан
әрқашан да көпұлысты мемлекет болды және ешкім, ешқашан да қандай да бір
ұлттық тазартуды жүргізбейтін экономикалық және саяси ресурс. Тарихта еш
халық ешқашан өз тәуелсіздігінен ерікті түрде бас тартқан емес. Қазақтардың
да басқалардан айырмашылығы жоқ. Қазақ халқының ұлттық тәуелсіздікке деген
ұмтылысына баға берудің өзі қиын. Алдымызда қарапайым міндет тұр-біздің
бәріміз азаматтық ортақтығымызды сезінуге тиіспіз. Біз жаңа саяси болмысты
– тәуелсіз Қазақстанды тезірек сезінсек-әркімнің өзінің оның тағдырына
қатыстылығын сезінсе, біздің ұлтаралық татулығымыз да одан да бетер бекем
бола түседі. Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген
өмірден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, нарықтық экономикасы
әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-
қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекет құруға кірісті. Саяси жүйе
мен мемлекеттік құрылыс түбегейлі түрде өзгеріп келе жатқаны, республиканың
демократиялық бағытқа, халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы
айқын. Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам. Адамдардың
заң жүзінде құқықытары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген,
топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың
теңдігі идеялары негізделген4.

Ғасырлар бойы халқымыз бойына жинақтап келе жатқан рухани бірлігіміздің
тарихында кейде ақаулықтар да болып, өкіндіріп жүретіні рас. Соның бір
дерті – Ресей империясы тұсында қазақ даласын отарлау барысында жүргізілген
сұлтан, болыс сайлаулары кезінде ағайын арасына әдейі араздық дарытып, бір-
біріне қарсы қоюшылық саясаты, сол арқылы бүкіл елдің ішіне іріткі салу
әрекеттері. Бұл зымиян саясатты Кеңес Одағының тұсында да орталық басқару
жүйелері асқан жымысқылықпен пайдаланды.

Жалпы осы тарауды қорытындылайтын болсақ, қазақ халқы сан ғасырлар бойы
өзінің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күресіп келді. Өзінің таңдаулы
қасиеттерінің, қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ
басқа халықтармен бейбітшілікте, келісім мен тату көршілікте тұруға деген
ынта-ықыласының арқасында тарихтың тұңғиығына батып кетпей, ондаған
жылдардан кейін өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды. Өз басына түскен
барлық қиындықтарға қарамастан туған халқының болашағын қамтамасыз етіп,
тілін, мәдениетін, дәстүрлерімен бостандық сүйгіш қасиеттерін сақтай білген
бабаларымыздың көптеген ұрпақтарына құрмет көрсеткеніміз жөн. Осының бәрі,
сайып келгенде, Қазақ мемлекеттігінің қайта қалпына келуіне және сонымен
қатар Қазақстан өзі армандаған тәуелсіздігіне қол жеткізді.

Қияметті де қияпатты соңғы онжылдықта бұған дейінгі жүздеген
ұрпақтардың қолы жетпегенге қол жеткіздік: тәуелсіз мемлекет құра алдық.
Бізді енді ешқандай тарих желі жер бетінен жойып жібермейтіндігінің басты
кепілі, міне, осы.

ІІ. Тәуелсіздік және Ғасырлар тоғысы.

Елбасының қаншама тәуелсіздік жолындағы еңбектері бер екені бәрімізге
белгілі. Сол еңбектердің ішінде КСРО-ның құлауы мен Қазақстанның
тәуелсіздік алуы жайын толық сипаттап қамтып зерттеліп жазылған еңбектің
бірі ол Ғасырлар тоғысында туындысы болып табылады. Бұл еңбек 1996 жылы
жарық көрген. Еңбек барысында Кеңес үкіметі құлаған тұстан бері қарайғы
қазақ тарихына қатысты барлық маңызды кезеңдер Күні кешегіні көзге
елестетсек, Жол айрығында, Мағұрып пен машырық арасында атты үш бөлім
негізінде көрсетілген. Бөлімдерде қозғалған басты мәселелер негізінен
алғанда елімізге, ұлттық бет бедерімізге төнген бұлт іспеттес сұрапыл
кезеңнен жарқын әрі еркіндік жайлаған бүгінімізге дейінгі халық басынан
өткен нелер қилы ғасырлар хақында оңды, түсінікті әрі мағыналы ой
қозғалған. Еңбекті оқи келе көзі қарақты әрбір көрермен өзіне жүктелген
азаматтық парызды бұлтартпай ұғып, демде мағынасы терең туындының түбіне
терең бойлап кетері сөзсіз.

Жыл өткен сайын КСРО-ның құлау себептері жайлы таластың тек теориялық
немесе академиялық сипатқа ғана ие емес екендігіне көбірек түсіне
түскендейміз. Бәлкім, бұдан елу жыл өткен соң, бұл оқиғалар жайында салқын
қанды сарапшының пайымымен байсалды ой толғауға болатын шығар. Сол себепті
де, қай саясатшының КСРО-ның қалай құлағанын, қалай бағалайтына қарап, оның
кешегі кеңестік кеңістіктегі оқиғалардың бұдан әрі қалай өрбігенін
қалайтынын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ОРНАУЫ ТАРИХЫ КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДА
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Қазіргі театр өнері
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Авторлық құқықтың түсінігі
Уақыт және тарих
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Мамандығы
Пәндер