Қор биржасының мәні мен міндеттері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Тарау. Қор биржасының мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ...
1.1. Қор биржасының түсінігі мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қор биржасының құрылымы мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Биржаны басқару органдары, биржа мүшелері ... ... ... ... ... ..
1.4. Биржаны қаржыландыру және мемелекеттік бақылау ... ... ..
1.5. Қор биржасының құрылымы мен қызметі

2. Тарау. Қор биржасындағы мәміле түрлері мен операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Кассалық және фьючерстік мәміле ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Опционмен жасалған фьючерстік мәміле ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Стеллажды мәміле ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4. Фьючерстік контракт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5. Биржалық операцияларды хеджирлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Тарау. Қазақстан Республикасындағы қор биржалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. ҚР қор биржаларының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасын жақсартып, бекіту үшін қор нарығын дамыту керек және де қор нарығы әр түрлі меншік нысандарының және кәсіпкерліктің еркін қызметін қамту керек.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар нарығы үлкен орын алады, ол капиталдың қозғалысын реттеп және оның озін өзі реттеу жағдайларын жасай отырып, олар сонымен қатар портфельді инвестициялар ағымы арқылы дамуына ықпал етеді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы -ақша массасының өсуін шектейтін, несие-ақшалай институтарының баланстарының заңдылығын қолдайтын және мемлекет бюджетінің дефицитін қаржыландыратын қайнар көзі.
Қазақстанның қор нарығы өзін инвестициялық механизм ретінде әлі де көрсете алған жоқ. Республиканың елбасы Н.Ә. Назарбаев қаржы секторы реформасын аяқтап және бағалы қағаздар нарығын шығаруға шақырады және де оны реттеуде мемлекеттің үлкен ролін айтады. Мемлекет мұнда екі түрлі қатысады: берілген қызметтің заңдылығын қанағаттандыратын гарант рөлінде және дербес қатысушы-комитет ретінде. Қор нарығында мемлекеттің кәсіби және реттеу қызметін біріктіру - бұл көрініс әлемде көп, бірақ бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылардың дамымауына байланысты үкіметтің дұрыс есептелмеген қадамы нарықтың жалпы станациясына әкелуі мүмкін.
Қор нарығының проблемаларының тиімділігі ролінің кілті - меншік қатынасы. Осы қатнастар ғана қоғам типін және мақсатты бағытын, әлеуметтік және экономика-технологиялық құрылымын анықтайды. Меншік қатнастары материалдық қажеттіліктермен байланысты болғандықтан қор биржасындағы қызмет әлеуметтік-экономикалық жағдайға, республиканың даму темпіне тікелей әсер етеді. Қор нарығы нарықтық экономикада ерекше бөлінеді, ал қор нарығының ең маңызды бөлігі қор биржасы, сондықтан дақор биржасына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл нарықтың сату-сатып алуының объектісі арнайы тауар - бағалы қағаздар.
Заңдар жинағы:
1. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" 5 наурыз 1997ж.
2. "ҚР бағалы қағаздармен келісімдердің тіркслуі" 5 наурыз 1997ж.
3. "Бағалы қағаздар мен қор биржасы" (21/04/95ж.)
Оқулықтар:
1. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. /Алматы: Әкономикс, 2001ж./
2. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. /Алматы: Әкономикс, 1999ж./
3. Сутемгенов Н.Д., Таттимбаев К.М. Фондовый рынок /часть II, Алматы, 2002г./
4. Саханова, Исингарина. Проблемы и перспективы фондовых рынков Казахстана.
5. Лялин В.А., П.В. Воробьев. Ценные бумағи и фондовая биржа.
6. Миркин. Ценные бумаги и фондовый рынок
7. Килячков, Чалдаева. РЦБ и Биржевое дело.
8. Бабичев, Карташов. Фондовая биржа на западе.
9. Биржевая деятельность. Под. редакц. Гризновой Ю.Биржевое дело. Галанова, Басова,
Газет, журналдар:
1. Рынок ценных бумаг Казахстана /2004ж. Соңғы номерлері/

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Тарау. Қор биржасының мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ...
1.1. Қор биржасының түсінігі мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.2. Қор биржасының құрылымы мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Биржаны басқару органдары, биржа мүшелері ... ... ... ... ... ..
1.4. Биржаны қаржыландыру және мемелекеттік бақылау ... ... ..
1.5. Қор биржасының құрылымы мен қызметі

2. Тарау. Қор биржасындағы мәміле түрлері мен
операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..
2.1. Кассалық және фьючерстік
мәміле ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
2.2. Опционмен жасалған фьючерстік
мәміле ... ... ... ... ... ... ... . ...
2.3. Стеллажды
мәміле ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Фьючерстік
контракт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Биржалық операцияларды
хеджирлеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3. Тарау. Қазақстан Республикасындағы қор
биржалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..
3.1. ҚР қор биржаларының пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасын жақсартып, бекіту үшін қор
нарығын дамыту керек және де қор нарығы әр түрлі меншік нысандарының және
кәсіпкерліктің еркін қызметін қамту керек.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар нарығы үлкен орын
алады, ол капиталдың қозғалысын реттеп және оның озін өзі реттеу
жағдайларын жасай отырып, олар сонымен қатар портфельді инвестициялар ағымы
арқылы дамуына ықпал етеді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы -ақша
массасының өсуін шектейтін, несие-ақшалай институтарының баланстарының
заңдылығын қолдайтын және мемлекет бюджетінің дефицитін қаржыландыратын
қайнар көзі.
Қазақстанның қор нарығы өзін инвестициялық механизм ретінде әлі де
көрсете алған жоқ. Республиканың елбасы Н.Ә. Назарбаев қаржы секторы
реформасын аяқтап және бағалы қағаздар нарығын шығаруға шақырады және де
оны реттеуде мемлекеттің үлкен ролін айтады. Мемлекет мұнда екі түрлі
қатысады: берілген қызметтің заңдылығын қанағаттандыратын гарант рөлінде
және дербес қатысушы-комитет ретінде. Қор нарығында мемлекеттің кәсіби және
реттеу қызметін біріктіру - бұл көрініс әлемде көп, бірақ бағалы қағаздар
нарығының басқа қатысушылардың дамымауына байланысты үкіметтің дұрыс
есептелмеген қадамы нарықтың жалпы станациясына әкелуі мүмкін.
Қор нарығының проблемаларының тиімділігі ролінің кілті - меншік
қатынасы. Осы қатнастар ғана қоғам типін және мақсатты бағытын, әлеуметтік
және экономика-технологиялық құрылымын анықтайды. Меншік қатнастары
материалдық қажеттіліктермен байланысты болғандықтан қор биржасындағы
қызмет әлеуметтік-экономикалық жағдайға, республиканың даму темпіне тікелей
әсер етеді. Қор нарығы нарықтық экономикада ерекше бөлінеді, ал қор
нарығының ең маңызды бөлігі қор биржасы, сондықтан дақор биржасына ерекше
көңіл бөлу керек. Бұл нарықтың сату-сатып алуының объектісі арнайы тауар -
бағалы қағаздар.
Қазір қалыптасып келе жатқан мемлекттік бағалы қағаздар және жаңа
комитеттерінің агрессиялық әсері бар, көп жағдайда шынайы активтері жоқ
мемлеттік нарықтың орнына кәсіпкерлік, түрғын, кәсіпорындардың
құрылысындағы инвестициялық проекттерге қызмет көрсететін қор нарығы пайда
болу керек.
Қазақстанда қор нарығы жекешелендіру процесінің логикалық элемент
ретінде қалыптасты, мүнда мемлекеттік реттеу үлкен роль ойнайды. Зейнетақы
реформасы, массалық жекешелендіру - бұндай барлық ұйымдастырулар бағалы
қағаздар нарығына тікелей ықпал етеді, сонымен қатар бұндай тығыз байланыс
бір элементтің дұрыс жүзеге асуы үшін басқа элементті дұрыстап шығару
керек. 1998 жылға дейін қор нарығы көбінесе жекешелендіру процестеріне
қызмет көрсетті, бағалы қағаздарға спекулянттық салымдар салды. Акционерлеу
арқылы бірінші рет акцияларды орналастыру жүргізілді.
Корпоративті облигациялар нарығының дауына объективті себептер бар.
Бағалы қағаздар нарығының дамуы анализі арқылы қор нарығы дамуындағы
жиналған тәжірибені бағалауға, қазіргі жағдайында өткендегі қателерін
ескере отырып, ұлттық экономиканың ерекшеліктерін, нарық экономикасы бар
мемлекеттер тәжірибесіне критикалық қарауға, берілген нарықтың даму
жолындағы болашақ мақсаттарды және оларға жету жолдарын қарастыруға
мүмкіндік аламыз.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік басқару ғылыми дәлеледенген және
дұрыс жасалған, болып жатқан жағдайларды ескеретін экономикалық өсу
мақсаттарына сай келетін концепцияға сүйену керек.
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеу
белгілі органдардың тікелей не жанама түрде нарық қызметіне араласуы.
Тікелей мемлекеттің араласуына мемлекеттік органдардың заңишығармашылық
қызметінің комплексі және бағалы қағаздар нарығыныңпроблемалары бойынша
орындайтын өкімет органдары кіреді. Қор нарығының негізігі заңи
инфрақүрылысына ҚР елбасының "Бағалы қагаздар мен қор биржасы" туралы заңи
күші бар жарлығы (210495ж.) және ҚР Үкіметінің жарлығы бойынша шығарылған
нормативті-құқықтық актілер тізбегі, бағалы қағаздар бойынша Ұлттық
комиссия (БҚҰК):
- "Бағалы қағаздар нарығы туралы" 5 наурыз 1997ж.
- "ҚР бағалы қағаздармен келісімдердің тіркелуі" 5 наурыз 1997ж.
Жанама әсер ететін жүйеге кіретіндер:
- мемлекеттің салық саясаты;
- депозит, займ, несие бойынша үкіметтің гарантиясы;
- айналымдағы ақша массасын және қарыз пайыз молшерлемесіне
мемлекет тарапынан әсер етіп берілген несиені бақылау;
- қарыз капитал нарығына мемлекеттің шығуы,
корпорацияларға тікелей бәсекелес жасу мақсатында;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты;
Бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық институттар қызметіне бағытталған
және реттеуші рөлді мемлекеттік органдарға берілген. Қазақстанда бұндай
орган бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша ҚР ¥лттық банк Департаменті,
қаржы Министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, меншікті реттеу бойынша Мемлекеттік
комитет және жекешелендіру бойынша Мемлекеттік комитет. Реттеу органдары
инвесторларды қаржылық жоғалтулардан қорғауға бағытталған негізінен үш
қызмет атқарады. Бұл, біріншіден, бағалы қағаздар нарығының барлық
қатысушыларын тіркеу; екішіден, экономиканың барлық субъектілеріне шынайы
ақпарат беру; үшіншіден, бағалы қағаздар нарығында бақылауды және құқықты
жүзеге асыру.

I бөлім. Қор биржасының мәні мен міндеттері
1.1. Қор биржасының түсінігі мен дамуы
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздар сатып алнатын және сатылатын негізгі
орталандырылған, тіркелген сату орны бар нарық. Қор биржаларында ірі
банктер қожалық етеді. "Биржа" деген терминнің шығуы туралы көптеген
болжамдар бар. Соның бірі ежелгі грек сөзі XVI ғасырда пайда болған, ол
Голландиядағы Брюге қаласындағы алаңнан (de borse) шыққан; бұл алаңда XIII
ғасырда көпестердің жиналыстары өтетін болған. Шамамен 100 жыл өткеннен
кейін, XVII ғасырда, биржалар Америка құрлығында да пайда бола бастады.
Алғашқы қор биржасы XVII ғасырда Голландияда бағалы қағаздарды шығару және
сату үшін пайда болған. Ал XVII ғасырда биржалар тауар және қор биржасы
болып бөліне бастайды. Қор биржаларының ең кең дамыған кезі - капитализмнің
монополизм сатысына өту кезеңі, яғни XX ғасырдың басы. Ол уақытта қор
биржаларының негізгі операциялары өндіріс кәсіпорындарының акцияларын
шығару және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап
отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу
фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарысфазасында баяулауына себепші
болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді,
олар сатылатын тауарға байланысты: қор биржасы, валюта биржасы, тауар
биржасы, еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным
негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер
жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келсімге келу үшін кездесетін
орын.
Қор биржасы - кү-нды қағаздармен басқа да қаржы құралдарының
ұйымдастырылған, тұрақты жұмыс істейтін нарығы. Ұйымдастыру - құқықтық
түрғыдан қор биржасы дегеніміз ресми бекітілген ережелер бойынша, биржалық
делдалдардың қатысуымен қор құндылықтарын сатушылар мен сатып алушылар
арасындағы сауда мәмілелері жүзеге асырылатын, жұмыс тәртібі реттелген
қаржылық делдал мекеме болып табылады. Мұндағы ережелер мемлекет заңдарымен
және биржа заңдарымен белгіленеді.
Қор биржасы мен оның қызметкерлерінің құнды қағаздармен тікелей еш
мәміле жүргізбейтінін айта кеткен жөн. Қор биржасы осындай мәмілелерді
өткізуге жағдай жасайды, қызмет көрсетіп, сатупіы мен сатып алушыны
байланыстырады, оларға орын беріп, кеңестік және арбитраждық қызмег
көрсетеді, технологиялық қызмет ұйымдастырып, сол мәмілені жүзеге асыру
үшін бәрін жасайды.
Әлемде 200-ге жуық қор биржалары бар. Бірқатар елдерде өздерінің
ұлттық тарихи қалыптасқан қор биржалары жүйесі бар. Құқықтық мәртебесі
түрғысынан алғанда әлемде қор биржасының үш түрін кездестіруге болады:
бүқаралық құқықтық, жекеменшік және аралас.
Бұқаралық - құқықтық типтегі қор биржалары тұрақты мемлекет
қадағалауында болады (Германия, Франция). Мемлекет биржа сауда ережелерін
құруға қатысады және олардың орындалуын қадағалайды, сауда кезіндегі құқық
тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, биржа маклерлерін тағайындап, оларды
жұмыстан босатады.
Жекеменшік компониялары ретінде қор биржалары (Англия мен АҚШ)
акционерлік қоғамдар түрінде қүрылады. Мұндай биржалар мүлдем өз бетінше
қызмет жасайтын органдар. Биржадағы барлық мәмілелер елдің заңдарына сәйкес
жүзеге асырылады, оны бұзу құқықтық жауапкершілікті талап етеді. Биржалық
сауда тұрақтылығын қамтамасыз ету және сауда мәмілелерінің тәуекелін
төмендетубойынша мемлекет өзіне еш кепілдік бере алмайды.
Егер қор биржалары акционерлік қоғам ретінде құрылып, бірақ олардың
капиталының кем дегенде 50%-ы мемлекетке тиесілі болса, олар араласұйымдар
типіне жатады. Мұндай биржалар көшінің басында сайланбалы биржалық комиссар
биржа қызметін қадағалап, биржалық курсты ресми түрде тіркеп отырады.
Бір орталықта (моноцентрлік) және көп орталықты (полицентрлік)
биржалық жүйелерді айырады. Бір орталықты биржалық жүйе жағдайында (Франция
мен Жапония) басты орында елдің қаржы орталығында орналасқан бір биржа
болады, ал қалған биржалар жергілікті маңыз алады. (Лондон халықаралық
қаржы биржасы). Көп орталықта жүйе жағдайында елде басты қор биржасынан
басқа бір неше ірі қор биржалары қызмет етуі мүмкін (Канада биржалар). АҚШ-
та биржалық сауданың дамуы бір орталықты жүйеге де, көп орталықты жүйеге де
жатқызуға келмейтін ерекше қор биржаларының жүйесінің пайда болуына алып
келеді. Бұл елде Нью-Йорк қор биржасының сәзсіз басымдығына қарамастан,
аймақтық биржалық институттар оның қосалқы бөліміне айналмай, өз
дербестігін сақтап, жалпы мемелекеттік биржа жүйесі шегінде қызмет жүргізіп
келеді.
Қор биржасы қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып табылады. Биржаның
негізгі рөлі қаржы және несиелік капитал қозғалысына қызмет көрсетуде: бір
жағынан бұл капиталды жинақтап, шоғырландырса, екінші жағынан мемлекет пен
түрлі субъектілеріне несие беріп, қаржыландырады. Қор биржасының ел
экономикасындағы ролі меншіктің мемлекет тарапынан кету дәрежесімен,
долірек айтсақ, жалпы ішкі өнім өндірісіндегі акционерлік меншіктің
үлесімен анықталады. Сондай-ақ биржа ролі тұтасымен алғанда құнды қағаздар
нарығының даму деңгейіне байланысты.

1.2. Қор биржасының құрылымы мен қызметі
Қор биржасы құнды қағаздардың екінші нарығын ұйымдастырушы болып
табылады. Биржадан тыс нарық әлбетте құнды қағаздардың жаңа шығарылымдарын
қамтиды. Онда несие-қаржы институттары тұлғасында ұжымдық салушы іс-қимыл
жасайды. Биржадан тыс нарықта, көбінесе, облигациялардың үлкен бөлігі
орналастырылады. Биржада керісінше құнды қағаздардың бұрынғы
шығарылымдарының, негізінен акционерлік қоғам акциясының бағасы
белгіленеді.
Қор биржасы жабық және кемінде 3 мүшесі болуы тиіс. Тек, қор
биржасының акционерлері ғана оның мүшелері болады. Ол коммерциялық емес
ұйым, оның мақсаты пайда табу емес, өзін-өзі өтеуге негізделген және өз
қызметінен өзінің мүшелеріне табыс төлемейді. Қор биржасының ең аз жарғы
капиталы заң жүзінде белгіленеді. Қор биржасы инвестиция институты
қызметімен шұғылданбайды, бірақ биржаға мүше болуға құқық беретін өз
акцияларын шығарып, сата алады.
Қор биржасы кәсіпорындар туралы заңға сәйкес тіркеліп, Қаржы
министрлігінде құнды қағаздармен биржа жұмысын жүргізуге лицензия алады.
Құнды қағаздар операцияларын тауар және биржалардың қор бөлімдерінде
де лицензиясы бар болса, жүргізе алады.
Қор биржасы мен басқа биржалардың қор бөлімінде заң тәртібімен
бекітілген ереже, биржа жарғысы, құнды қағаздармен жасалынатын мәмілелердің
ішкі ережесі негізінде жұмыс істейді.
Қор биржасының қаржы қызметі мыналардың есебінен жүзеге асырылуы
мүмкін:
қор биржасының оған мүшелікке енуге қүығын беретін акцияларын сату;
қор биржасы мүшелерінен мүшелік жарналары;
биржада жасалынған әрбір мәміледен алынатын биржа алымы; биржа
қызметіне түсетін басқа табыстар;
Биржаның табыстары оның қызмет ауқымын ұлғайту мен жетілдіруіне
байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Қор биржасы қаржы министрлігімен келісе отырып құнды қағазды саудаға
жіберу — листинг, сондай-ақ оларды шығару делистинг ережелерін белгілейді.
Қор биржасының негізгі қызметі (функциялары):
- Бос ақшалай капиталдар мен жинақтарды құнды қағаздар
сату арқылы шоғарландыру;
- Мемлекет және басқа шаруашылық ұйымдарды, олардың құнды
қағаздарын сатып алу арқылы несиелеу, қаржыландыру;
- Құнды қағаздарға салынған салымдардың кері
қайтарымының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Биржалық операциялар
Негізгі биржалық операциялар мыналар: листинг, делистинг, бағалау,
опционды, форвардтық және фьючерстік келісімдер жасау, есептесу, клиринг,
консалтинг т.б.
Қор биржасы құнды қағаздардың сұранымы мен ұсынысын шоғырландыруға,
акционерлік капиталдың қызметінің тиімділік деңгейін көрсететін биржалық
баға қалыптасу негізінде олардың теңестірілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Барлық ресми тіркелген қор биржаларында қор құндылықтарының айналу
процесі арнайы биржалық процедура - листингте (сөзбе-сөз "тізімге қосу ")
табысты өткен құнды қағаздар мен жүзеге асырыла алады. Құнды қағаздардың
нақты тирлерінің листингі, яғни олардың биржа тізімінде пайда болуы олардың
саудаға қатысуына рұқсат етілгендігін білдіреді және де биржа саудасына
араласып жүрген кез келген басқа құнда қағаздарға берілетін артықшылықтарды
береді. Листинг артықшылықтарына ең алдымен мартабильділігінің жоғарлығын,
сондай-ақ олардың бағасының тұрақтылығынан түсетін пайдасының
жоғарлығы жатады. Сол беттерде енгізілген қор
құндылықтарына қаражат салудыш шешкен кез келген инвестор, солармен бірге
қор биржалары ұсынатын барлық қорғау құралдары кешенін қосатын барлық
артықшылықтарға ие болады. Бірақ қор биржасы листингтен өткен компания
акцияларына салынған инвестициялардың кірістілігіне кепілдік бермейді.
Биржа — акциялардың нарықтық құнын қолдау жүйесі. Компаниялардың
бірігуі немесе бағалау акциялардың, әдетте төмен болатын кітаптық,
баланстық құнына емес, нарықтық курстық құнына сүйенеді. Бірқатар елдерде
листинг компанияға салық салу кезінде елеулі шегерімдер беруге негіз болыи
табылады. Сондай-ақ Мұндай парақтарда тұрған компанияларға қарыз немесе
несие керек болған жағдайда банктер мен қаржы институттарының сенімі мен
жақсы қатынасына қол жеткізу жеңіл болады, сонымен қатар тізімдік
(листингтік) акцияларға коньертанциялатын облигациялардың жаңа шығарымын
орналастыруды жеңілдетеді. Сонымен, листинг - нарықты қолдау жүйесі, ол
ұйымдасқан нарықүшін қолайлы жағдай тудырып, ең сенімді және сапалы құнды
қағаздарды анықтауға мүмкіндік береді.
Батыста листинг тек өзінің акцияларын биржаға қойғысы келген кез
келген комитет өтуі тиіс формальді-заңды процедура ғана емес. Листинг
-сыртқы инвесторға арналған белгі.
АҚШ корпорациялардың листинг өтуіне күшті стимул бао. Біріншіден, бұл
нроцедура құнды қағаздарды өтімді етед. Биржадағы үздіксіз бағалану
акциялардың, биржадан тыс нарықпен салыстырғанда, сыртқы инвесторлар үшін
тартымдылығын арыттырады. Екіншіден, листинг комитетті акциялардың жаңа
шығарылымын орналастыруын жеңілдетеді, бұл инвестиция үшін қаржы
қаражаттарын тартуды қамтамасыз етеді, өйткені акцияларды биржалық тізімге
кіргізілуі фирмаға тұрақты мәртебе береді. Үшіншіден, листинг туынды құнды
қағаздармен жедел мәмілелерден ұту мүмкіндігі де соншалықты жоғары.
Төртіншіден, өнеркәсіп компанияларының акцияларын биржа бағалауына жіберу
олардың өнімініңжариамасы болып табылады және сатып алушылардың
қызығушылығын қолдауға мүмкіндік береді.
Стимул беру қызметтерінен басқа листинг беру функциясын
да орындайды. Бұның басты міндеті, өйткені бұлай болмаса акцияларды
биржалық тізімге қосу процедурасы жарнамаға айналар еді. Листинг қор
нарығына тиімділігін қамтамасыз етудің ең маңызды факторларының бірі болып
табылады.
Тиімді қор нарығында листинг процедурасы құнды қағаздарды теңесті
курсының анықталуына жол ашады. Тиімді қор нарығы деп -акциялар курсы сол
берілген уақыттағы кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы ақпаратты көрсететін
нарық. Сол себепті нарықта сұраныс пен ұсыныс бағаларының тепе-теңдігі
орнайды. Одан ауыт нарықта бұрын болжамбаған процестердің бұрын өтіп
жатқандығын немесе акциялардың бұрын қол жетпеген ақпаратқа жауап қатып
жатқанын көрсетеді.
Қор нарығының тиімділігінің басты критериі акция курстарының комитет
жағдайы туралы ақпаратқа жауап қату қабілеті болып табылады. Мысалы,
биржалық курстар циклді түрде қайталанып отырады және құнды қағаздар
құнынын бұрынғы өзгерулері негізінде олардың курстарының болашақтағы
қозғалысын болжауға болады.
- Орташа нарық (жартылай күшті), мұнда биржалық өткен өзгерістерді
механикалық түрде қайталамайды, жарияланған ақпаратқа реакция береді, бұл
ақпарат табыс пен девиденттер туралы, акционерлік қоғамдардың бірігуі
туралы, қаржылық немесе басқа бухгалтерлік есеп берулер туралы болуы
мүмкін;
- Тиімділігі күшті нарық мұндағы құнды қағаздар курсы компанияның
қаржылық тұрақтылығы туралы тек жарияланған емес, сондай-ақ бар қол жетер
ақпаратқа реакция береді.
Бұл жағдайда нарықтық әділ тепе-теңдік баға орнығады, бірде-бір
инвестор өзінде бар, ешкімге мәлім емес ақпарат есебінен табыс ала алмайды.
Батыс экономистер тиімділіктің "күшті" типіне дамыған елдердің өзінде
де қол жеткізу мүмкін емес деген пікірмен келісуге де болады. Шынымен де
құнды қағаздар курсы барлық қол жетерлік ақпаратқа реакция беретіндігін
тексеру өте қиын. Сондықтан батыс нарықтары негізінен жарияланған ақпаратқа
реакция береді, сондықтан да тиімділіктің басым типі орташа "жартылай
күшті" болып табылады.
Биржалық курстың кем дегенде жарияланған ақпаратқа реакция
беретіндігінде листингтің атқаратын рөлі зор. Кейбір жағдайда ірі қор
биржаларының листинг бөлімдері қаржы есептерін толығымен жариялауды талап
етеді. Кейбір кезде акцияларды бағалауға жіберілген тәуелсіз сарапшылар -
коммерциялық банктердің немесе билік құрылымдарының қатаң қадағалауымен
жүзеге асырылады. Нарықтың тиімділігі тек листинг процедурасы ғана емес,
әрине, сондай-ақ және де ең алдымен құнды қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеу саясатымен және кәсіпорындардың қаржылық есептерін жариялауға
міндеттейтін заң құжаттармен шартталады.

1.3. Биржаны басқару органдары, биржа мүшелері
Қор биржасының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби
мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті
хабарларды тарататын компьютерлік техникасын қажет етеді. Ол үшін қазіргі
уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Олардың жалпы
экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды шешетін
психологиялық дайындықтары болуы шарт. Сонымен бірге қор биржасының кәсіби
мамандарының тәжірибесінің маңызы мен олардың сезімталдығын (интуиция) да
бағалауға болмайды.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:
1. Брокерлер - келісім жасаудағы делдалдар, клиенттердің
тапсырмасы бойынша және олардың есебінен, онысы үшін белгілі бір төлем ала
отырып, жұмыс істейді. Қазіргі жағдайда делдалдық операцияларды
банктермен тығыз байланысы бар брокерлік фирмалар (фирмалар жүйесін қоса)
жүргізеді.
2. Дилер құнды қағаздар сатып алу және сатумен өз атынан және өз
есебінен айналысады, бұлар: жеке фирмалар, банктер, жеке
адамдар қор биржасының мүшелері.
3. Джобберлер - нарық конъюктурасын бақылаушылар.
Бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды жүзеге асыру - негізгі
міндеттеріне кіретін инвестиция институттары, сондай-ақ мемлекеттік атқару
органдары қор биржаларына мүше бола алады. Қор биржасындағы операцияларды
оның мүшелері ғана асыра алады. Олардың тапсыруы бойынша құнды қағаздарды
сатыи алу және сатуды брокерлер мен диллер атқарады.
Қор биржасындағы брокерлер құқықтық түлға ретінде тіркелген
маманданған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не жеке
фирма, не акционерлік қоғам ретінде қүрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде
олар ЖШС мекемесі болып құрылған. Салық төлеуден жеңілдік алу
мақсатында кіші кәсшорын ретшде тіркелгендіктен олардың жарғылық қоры өте
аз. Дегенмен, бұл фирмалар өз капиталымен қарызға алған капиталын өсіру
мақсатында клиенттер санын көбейтуге ұмтылуда.
Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес
беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі және хабарлама-техникалық
бөлімінен түрады. Шамамен фирмада 15-25 адам қызмет етеді.
Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
1. Консалтинг (кеңес беру);
2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;
3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с. Бұлардан
басқа брокерлер ақша нарығында бір сыпыра ерекше қызмет
көрсетеді, атап айтқанда, банктік несие алушыларға делдалдық жасау
және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру.
Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:
1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық
тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайда
сатып алу жөнінде;
2. Брокер клиенттің белгілеген сомасы шамасында әрекет жасайды.
Бірақ алған тапсырма көлеміндебағалы қағаздарды таңдауда өз
қүқығын пайдаланылады;
3. Брокер тапсырмасын орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта
клиентке түскен қаржыны клиенттің есепшотына аударады;
4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Ол жөнінде клиент
кешірме талап етуге қүқығы бар;
5. Клиент брокерге барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.
Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім
алғашқыда ауызша болса, ол кейін жазбаша қүжатта көрсетіліп, заңды
күшіне енеді.
Брокерлік фирма өз клиенттеріне тапсырма алғанда олардан кепілдік
беруді талаи етеді (әсіресе клиент сатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биржа ісін талдау
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қор биржасы мәні, міндеттері және операциялары туралы ақпарат
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Пәндер