Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ф. И. О.
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
“Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті”
ғылыми жетекші:
аға оқытушы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 - тарау. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп және аудит
жұмысының ұйымдастыруы
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі
Ұйымны экономикалық саясаты
2 - тарау. Ұйымдағы ақшалардың есебі
2. 1 Ұйымдағы касса операцияларының есебін ұйымдастыру
Есеп айырысу шотындағы ақшалар есебі
Валюталық және банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар есебі
Аударылған жолдағы ақшалар
3 - тарау. Ақша қаражаттарының ішкі аудиті
Ұйымның ақшаларын аудиторлық тексерудің маңызы мен мақсаты
3. 2 Ақша қаражаттарының қозғалысын ішкі бақылау
3. 3 Ақшалардың ішкі аудиті
3. 4 Ақша қозғалысын талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Экономиканы нарықтық жолмен жүргізіп және өндірістің сапасын жетілдіру үшін елімізде бірқатар өзгерістердің қажет болғандығы белгілі. Біздің елімізде экономиканы нарықтық жолмен дамыту үшін көптеген реформалар жасалуда. Еліміздің нарықтық қатынастарға сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін дамыған капиталистік елдердің және дамушы елдердің өтпелі кезенінің аспектілерінің оң және теріс жақтарын түбегейлі зерттеп, сонымен қатар нарықтық қатынастар жолымен экономикасы дамыған елдер қазіргі таңда қандай деңгейге жеткенін білу қажет болды.
Кез-келген өркениетті қоғамда нарық механизмі мен мемлекеттік реттеу іркіліксіз жұмыс істейді. Үкімет нарықтың барлық ұйымындары үшін орындауға міндетті экономикалық қатынастың айқын әрі лайықты ережелерін белгілейді. Мұның өзі қоғамға қажетті, әрі тұрақты экономикалық өсудің басты жағдайы болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау 1993-жылғы бухгалтерлік есепті енгізу мен қаржылық есеп беруді дайындаудың халықаралық тәжірибесін зерттеуден басталды. Соған сәйкес мына төмендегі үш жол сарапқа салынып таңдалынды:
Лондондағы бухгалтерлік есептің халықаралық үлгілері жөнінде комитет (БЕХК) бекіткен бухгалтерлік есептің халықаралық үлгілерін мойындау;
Еуропалық қауымдастық елдерінде есепті жүргізу ережелерін белгілейтін номері 4- және номері 7- директиваларды қабылдау;
өтпелі экономиканың ұлттық заңдар жиынтығының және Бухгалтерлік есептің халықаралық комитеті бегіткен негізінде бухгалтерлік есепті жүргізудің қалыптасқан іс тәжірибесі ерекшеліктерін негізге ала отырып Бухгалтерлік есепті зерттеп және қайта өңдеп Қазақстан Республикасының ұлттық бухгалтерлік есеп үлгілерін құру.
Бұл таңдаудың қорытындысы бойынша жоғарыда аталғандардың үшінші жолы таңдалынып алынды. Халықаралық талаптарға сай бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін әзірлеу үшін екі жарым жыл уақыт қажет болды. Ал 1995-жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті “Бухгалтерлік есеп туралы” номері 2732- заң күші бар жарлыққа қол қойды. Бұл заңға 2002-жылғы 24-маусымда толықтырулар енгізілді. Ол бухгалтерлік есеп жүйесін белгіледі және заңды тұлғалар үшін есепке алудың негізгі дәйектері мен жалпы ережелерін, ішкі бақылау мен сырттай бағалау талаптарын тағайындады. Сонымен бірге ол Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, заңды тұлғалары, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке түлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген резидент емес болып табылатын шаруашылық ұйымдарымен олардың өкілдіктері үшін де белгіленді. Тұңғыш рет егемендік алған өз елімізде осы заңға сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің дәйектері заңды түрде қабылданды. Бұл активтер мен міндеттемелердің, меншікті капиталдың, кірістермен шығындар (шығыстар) ретіндегі қаржылық есеп берудің элементтерін анықтай отырып, бухгалтерлік есептің нәтижесін пайдаланудың әдістері мен тәртібін орнықтыратын құжаттар есебінде дем берді. Бухгалтерлік есеп реформасы мақсаттарының бірі мемлекет өкілеттігін меншік иесіне міндеттемелер мен өзіндік капиталды, активтерді бағалау әдістерін пайдалануға беру болып табылады.
Ұйымның шаруашылық іс-әрекеттері барысында жабдықтаушылармен, олардан алған негізгі құралдар, шикізаттар, материалдар және басқа да товарлы материалдық құндылықтар және көрсетілген қызмет үшін, сатып алушылармен олардың сатып алған товарлары үшін, тапсырма берушілермен орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін, несие беруші мекемелермен ссуда және басқа да қаржылық операциялары үшін, бюджетпен әртүрлі шаруашылық операциялары үшін есептеседі.
Ұйымның ақшалары кассада қолма-қол ақша (түрінде) және ақша құжаттары түрінде, банк мекемелеріндегі есеп айырысу және валюталық шоттарында, сондай-ақ ашылған аккредитивтермен арнайы шоттарда, чек кітапшаларында сақталынады. Олардың кіріске алынуы мен жұмсалынуының және сақталынуының дұрыс жолға қойылғандығын есептеп, тіркеп отыру ұйымның бухгалтерия қызметкерлерінің басты мәселесі болып табылады. Шаруашылық ұйымдарының төлем қабілеттілігі, жұмысшы-қызметкерлермен еңбекақы бойынша дер кезінде есеп айырысуы, жабдықтаушы-мердігерлерге және бюджет пен бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлемнің уақытылы жүргізілуі ақша қаражаттары есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты. Сондықтанда қазіргі еліміздің нарықты экономикаға көшуді өзіне ұран етіп ұстаған тұсында қай шаруашылық ұйымында өз жұмысын жүргізуі барысында қаржыға, яғни ақшаға келіп кідіртектеп, ел бюджетіне немесе шетелдердің инвестициясына (қаржы салымына) қол жайып қарап отыруы қай экономистіңде жүрегін жаралап, ойландыратыны сөзсіз. Міне осы тұрғыдан алып қарағанда жоғарыдағы мәселелерді толық шешпегенмен, ол туралы ой қозғайтын, белгілі бір пікір тудыратын “Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті” тақырыбына жазылған диплом жұмысының актуальды, күн талабына сай екедігі анық. Міне осы себептенде диплом жұмысына осы жоғарыда аталған тақырып таңдалынып алынды. Сонымен қатар бұл диплом жұмысын жазуда өндірістік іс-тәжірибеде болған “Бурда-Алатау Пресс” жабық акционерлік қоғамының материалдары пайдаланылды.
1-тарау. ҰЙЫМДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі
“Бурда - Алатау - Пресс” Қазақ-Герман жабық акционерлік қоғамы 1996 жылығы 11 шілде тіркелініп, ал бұл ұйымды қайта тіркеу 1999 жылы 5-тамызда Алматы қалалық Әділет басқармасымен жүргізілді. Бұл ұйым Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келесідей қызметтер көрсетумен айналысады:
редакциялық - баспа қызметі;
жарнама - баспа қызметі;
қайта - сатарлық қызмет;
Ал негізгі емес қызметтеріне:
коммерсиялық - делдалдық қызмет;
аударма қызметі;
ақпараттық - делдалдық қызмет және т. б.
Жабық акционерлік қоғам “Бурда-Алатау-Пресс”-те басқарма органдарына:
жоғарғы орган - акционерлердің жалпы жиналысы;
қызмет көрсету органы - президент;
бақылау органы - ревизиялық комиссия жатады.
“Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғамда Астана қаласында өзінің филиалы бар. Бұл филиал 1998 жылы құрылды. Бұл филиалдың басты қызметі болып басты ұйымның функцияларын атқару болып табылады.
Жабық акционерлік қоғам “Бурда-Алатау-Пресс” 7 жыл қызмет етіп келеді, осы уақыт аралығында фирма көбінесе дилерлық қызмет атқаруда, яғни Қазақстан территориясы бойынша баспа өнімдерін таратумен айналысып келуде. Республиканың оңтүстік астанасы Алматы қаласынан баспа өнімдері Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы таратылады.
1998 жылы құрылған Астана қаласындағы филиал жабық акционерлік қоғам “Бурда-Алатау-Пресс” қазіргі таңда ең үлкен жеті облыстарды баспа өнімдерімен қамтамасыз еттіп келеді, яғни оларға Орталық, Шығыс және Батыс Қазақстан (Қарағанды, Ақмола, Петропавл, Өскемен, Павлодар, Ақтобе, Қостанай облыстары) . Бүгінгі таңда Астана қаласындағы филиал фирманың 40% тауар айналымын өткізуде. Бұл бастапқы кезден 4 есе көбейгенің көруге болады.
Сурет 1
Товар айналымының географиялық бағыты
ЖАҚ "Бурда-Алатау-Пресс" 2001-2005 жж.
Ұйымның негізгі қызмет көрсету түрі баспа өнімдерін көтерме сауда арқылы сату болғандықтан, негізгі бағыты Қазақстан териториясында үлкен дилерлық сеттер ашу. Осыған байланысты Астана қаласында клиенттер аймақ бойынша 36 адамнан 2004 жылы 21 адамға 2005 жылы қысқарғаның көрдік. Сондықтан аймақтардағы ұсақ ұйымдарды біріктіруге тура келді.
Осындай оқиға Алматы қаласында да байқалды, яғни қала бойынша 2004 жылы 18 клиент болса, қазіргі таңда 2005 жылы 8 үлкен дилерлық мекемелер қалды. Оны төмендегі 2 суреттен көруге болады.
Сурет 2
Дилерлық сеть ЖАҚ "Бурда-Алатау-Пресс" 2004-2005жж
ЖАҚ “Бурда-Алатау-Прессте” 2005 жыл сәтті өтті, яғни оны 1. 1 кестедегі негізгі қаржылық көрсеткіштерден көруге болады.
Кестеден көріп отырғанымыздай өнімді өткізуден түскен табыс 2004 жылы 38, 9%-тен 2005 жылы 43, 6% өскендігін байқауға болады. Бұл өнімнің өзіндік құның жоғарлату процесінде болып отыр. Табыс салығын салғанға дейінгі табыс кезені шығындарына өз әсерін тигізді, өйткені әкімшілік шығындар және өткізу шығындары 2005 жылы 8, 2% өсті.
Орташа жұмыс істеу 2 адамға өсіргендігіне қарамастан, жұмыс өнімділігі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 29, 3% өсті.
Кесте 1. 1
Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер
ЖАҚ "Бурда-Алатау-Пресс" 2004-2005 жж.
Көрсеткіштер
Өлшем бірлік.
2001 ж
2002 ж.
Ауытқу (+; -)
Өсу қарқыны
%
1
2
3
4
5
6
7
Табыс
1
Өнімді өткізуден түскен табыс (жұмыс, қызмет)
Мың тг.
329 246
457 308
+128 062
138, 9
2
Өнімнің өзіндік құны
(жұмыс, қызмет)
Мың тг.
258 644
371 486
+112 842
143, 6
3
Жалпы табыс
Мың. Тг
70 602
85 822
+15 220
121, 6
4
Кезең шығындары
Мың. Тг
51 859
56 121
+4 262
108, 2
5
Салық салынғанға дейінгі табыс
Мың. Тг
18 743
29 701
+10 958
158, 5
6
Рентабельдік
%
5, 7
6, 5
+0, 8
114
7
Орташа жұмыс қабілеті
Адам
27
29
+2
107, 5
8
Еңбек өнімділігі
Мың. Тг
12 194, 3
15 769, 2
+3, 575
129, 3
Актив өтімділігі және төлем қабілеттілігі
9
Ағымдағы активтер
Мың. Тг
52 667
98 380
+45 713
186, 8
10
Ағымдағы міндеттемелер
Мың. Тг
37 249
68 194
+30 945
183, 1
11
Ақша қаражаттары
Мың. Тг
4 057
14 907
+10 850
367, 4
12
Дебиторлық борыш
Мың. Тг
38 712
91 178
+52 466
235, 5
13
Басқа да активтер
Мың. Тг
5 864
6 103
+239
104, 1
14
Айналым капиталы
Мың. Тг
15 418
30 186
14 768
195, 8
15
Кредиторлық борыш
Мың. Тг
37 249
68 194
+30945
183, 1
16
Жалпы өтімділік коэффициенті
1, 41
1, 44
+0, 03
102, 1
17
Абсолюттік өтімділік коэффициенті
0, 11
0, 22
+0, 11
200
18
Аралық өтімділік коэффициенті
1, 31
1, 65
+0, 34
126, 0
1
2
3
4
5
6
7
19
Жеке айналыммен қамтамасыз ету коэффициенті
0, 29
0, 31
+0, 02
106, 9
Активтердің бағалануы.
20
Меншікті капиталдың айналымдылық коэф-фициенті (Ө. Ө. Т. Т. / меншікті капитал)
21, 4
10, 9
-10, 5
50, 9
21
Ағымдағы активтердің айналымдылық коэф-фициенті. (айналымдылық саны) (Ө. Ө. Т. Т. / айналымдылық саны) .
6, 3
4, 7
-1, 6
74, 6
22
Ағымдағы активтердің айналымдылығы (күндері бойынша) (360*Ағымдағы активтердің орташасы / Ө. Ө. Т. Т. )
Күн
57, 6
77, 5
+19, 8
134, 6
23
Дебиторлық борыштар айналымдылық коэф-фициенті (Ө. Ө. Т. Т. / дебиторлық борыш-тардың орташасы)
8, 5
4, 7
-3, 8
55, 3
24
Дебиторлық борыш-тардың орташа күн айналымдылық коэффициенті (360* орташа дебиторлық борыш / Ө. Ө. Т. Т. )
Күн
42, 3
71, 8
+29, 5
169, 7
25
Кредиторлық қарыз-дардың айналымдылық коэффициенті (Ө. Ө. Т. Т. / кредиторлық қарыз-дардың орташасы)
8, 8
6, 7
-2, 1
76, 1
26
Кредиторлық қарыз-дардың орташа күн айналымдылығы ( 360 * кредиторлық қарыз-дардың орташасы / Ө. Ө. Т. Т. )
Күн
40, 7
53, 7
+13
131, 9
Осы есептеген көрсеткіштер негізінде келесідей талдау жасауға болады:
- жалпы өтімділік коэффициенті 2005 жылы 1, 44 болса, 2004 жылы 1, 41 болған. Бұған барлық өтімділік активтердің көбейгендігін және міндеттемелердің азайғандығы өз әсерін тигізді;
абсолюттік өтімділік коэффициентінің өсуі 2004 жылы 0, 11-ден 2005 жылы 0, 22-ге көбейген. Бұған ағымдағы активтердің көбейгендігі өз әсерін тигізді;
аралық өтімділік коэффициенті 2004 жылы 1, 31-ден 2005 жылы 1, 65-ке көбейді, яғни жалпы өтімділік міндеттердің өскендігі ақша қаражаттарға ғана емес, сондай-ақ өткізілген товарлар негізінде де жабуға болады. Бұл коэффициентің орташа мөлшері 1 ден көп болмауы тиіс;
жеке айналыммен қамтамасыз ету коэффициенті 2004 жылы 1, 31 болса, ал 2005 жылы 1, 65-ке өскендігін көруге болады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жаман еместігін көрсетеді. Сондай-ақ көрсеткіш негізінен бірден көп болуы тиіс. Біздің жағдайымызда бұл орындалып отыр.
Қорыта айтқанда, “Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғамының төлем қабілеттілігі және өтімділігі 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы жақсарғандығын көруге болады. Бұл көбінесе өнімді өткізумен байланысты болып отыр. Бірақ та меншікті капитал, ағымдағы активтер, дебиторлық және кредиторлық борыштар кәсіпорынның іскерлігінің төмендігін көрсетіп отыр.
1. 2 Ұйымның экономикалық саясаты
Есеп саясаты есептің жүргізу жиындығын және қаржылық есептің ашылуын көрсетеді.
“Бурда-Алатау-Пресс” ЖАҚ-ның есеп саясаты осы ұйымды толық сипаттайтын, сондай-ақ бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшелігін қарастыратын негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Бұлардың қатарына:
1. Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп” заңы 26-желтоқсан 1995-жылы №2732 (24. 06. 02. ж. өзгертулермен)
2. Қазақстандық бухгалтерлік стандарт.
3. Типтік есеп шоттары №438 18. 09. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілген.
4. Есеп жүргізу бойынша методикалық нұсқаулар.
Бухгалтерлік есептің мақсаты болып ЖАҚ “Бурда-Алатау-Пресс” келесілер болып табылады:
ұйым тұралы толық және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету, яғни кредиторлар, мердігерлер, сатып алушылар, салық органдары және т. б. үшін.
нормаға және смета негізінде негізгі құралдарды, ақша қаражаттарды, материалдарды, жұмысшыларды және қаржы ресурстарын бақылау;
негативті жағдайларды дер кезінде айту;
Ұйымның бухгалтерлік есебі жабық акционерлік қоғамда “Бурда-Алатау-Пресс” 1С-7. 7. програмасымен жабдықталған. Сондай-ақ ұйымда 431, 432, 451, 441, 333, 121-125 шоттарға аналитикалық шоттар ашылған және бұл шоттар ай сайын карточкаға басылып шығарылып отырады. Ал қалғандары электрондық дискеталарда сақталады.
Бухгалтерлік есепті сақтау және жою мәліметтері Қазақстан Республикасының Министірлігімен 30. 06. 1992 жылғы бекітілген “ Іс-қағаздарының ережелеріне” сәйкес жүргізіледі.
Сондай-ақ алғашқы құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеті бекіткен №73 16. 11. 1994 жылғы құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Ұйымда келесідей алғашқы құжаттар көрсетілген. Бірақ бұл құжаттар коммерциялық құпия болып табылады:
төлем тапсырмасы;
банк көшірмесі;
кіріс және шығыс кассалық ордер;
келісім шарттар.
Осы құжаттар тек кәсіпорынның президентінің келісімімен ғана берілуі мүмкін.
“Бурда - Алатау - Пресс” ЖАҚ-ның есеп саясаты ҚР-ның 26-маусым 1995-жылғы №2732 “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру” деп аталатын заңына сәйкес жүргізіледі. Базасы болып бухгалтерлік стандарт, методикалық нұсқаулар, сондай-ақ нормативтік алғашқы құжаттар табылады және бухгалтерлік есептің негізгі принциптеріде негізге алынған.
Салық есебі және төлемдер Қазақстан Республикасының 12-маусым 2001-жылғы №209-ІІ Салық Кодексіне сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте есептеу әдістері қолданылады.
Ұйымның негізігі есеп саясаты жабық акционерлік қоғамда “Бурда-Алатау-Прессте” келесідей бөлімдерден тұрады:
ЖАҚ “Бурда-Алатау-Пресс”-тің бухгалтерлік балансы. Бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына негізделіп жасалады;
есептік кезең ЖАҚ “Бурда-Алатау-Прессте” жылдық календарь болып табылады. Оперативтік ақпараттар үшін, қаржылық-есеп үшін ай сайын жүргізіледі. Қаржылық есеп бойынша кеткен қателер алдынғы жылға немесе отчеттық кезенге табыс немесе шығын ретінде қосылады;
БЕС №30 “Қаржылық есеп беруге” байланысты деген бөлімге сәйкес “Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғам “Алматы сауда-қаржы” банкінде өзінің есеп айрысу шоттары бар. Есеп айрысу 441 “Есеп айрысу шотындағы ақшалар”, 431 “Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша”, 432 “Шетелдегі валюталық шотындағы ақша”, 451 “Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақша” - деген шоттар ашылған. Бірақ “Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғамда шетелдік валютада ақшалары жоқ. Бұл ұйымда ақша қаражаттарының қозғалысы тура жолды әдіспен есептеледі. Касса операциясы бойынша инвентаризация әр бір айдың басында жүргізіледі, бастықтың үкімінсіз-ақ. Барлық касса бойынша тексерулер акт негізінде толтырылады:
табыстар БЕС №5 “Табыс” деген бөліміне сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп принциптеріне және қаржылық есеп бойынша табыс көрсетілуі тиіс. Табыс пен шығындар бір уақытта танылады. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс жиындық табыста көрсетіледі. Табыс келесідей бөлімдерде танылады:
тауарларды сатудан алынатын табыс;
қызмет көрсетуден алынатын табыс;
девиденттер, пайыздар негізінде алынатын табыс.
Табыс бойынша есептеулер бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілі жоспарының 7 бөлімінде есептеледі. “Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғам өнім өндірмегендіктен олар 701 “дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кіріс деген шотқа суп шоттар ашады, яғни 701/1 “Дайын өнім”.
Товарлардың өзіндік құны бухгалтерлік корреспонденцияда дебет 301 кредиті бойынша 701, яғни толығырақ тоқталсақ:
Дт 301 Кт 701 - товарға табыс есептелінді;
Дт 801 Кт 222 - товар есептен шығарылды;
Дт 441 Кт 301 - сатқан товарлар бойынша түсуге тиісті қаражаттар есеп айырысу шотына түсті;
Дт 451 Кт 701 - товарлар бойынша выручка кірістелінді;
Дт 801 КТ 222 - өзіндік құн есептен шығарылды.
Ұйым міндетті түрде резерв жасау керек. Резерв кәсіпорынның пайдасы есебінен жасалады. Резерв - капиталды жинақталған сома көбінесе төтенше жағдайлар болған уақытта және дебиторлық борыш өтелінбеген жағдайда қолданылады. Күмәнді қарыздар бойынша резервті есептегенде 311 “Күмәнді талаптар жөніндегі резервтер” шот қолданылады, яғни корреспонденция 301 “Алуға арналған есептеулер” және 821 “Жалпы және әкімшілік шығындар” шоттар бойынша жүргізіледі. Дебиторлық қарыз үш жыл өткенше төленбесе, онда ол резервті капитал есебінде төленіледі. Яғни резервтің құрылуы дебет 821 кредит 311, ал резервті пайдаланғанда дебет 311 кредит 301 деген корреспонденция беріледі. Қолданылмаған резерв сторна әдісін қолдану арқылы дебет 821 кредит 311 түрінде көрсетіледі.
Негізгі құралдар есебі кәсіпорында БЕС №6 “Негізгі құралдар есебі” және методикалық нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдарға - өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы құның заттай пішінін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтамыз. Бухгалтерлік есеп бойынша негізгі құрал 123 “Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылары”, 124 “Көлік құралдары”, 125 “Өзге де негізгі құралдар” деген шоттар қолданылады.
Амортизацияны есептеген кезде негізгі құралдардың барлық түрлеріне тура жолды әдіс қолданылады. Бухгалтерлік есепте 132 “Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы”, 133 “Көлік құралдардың тозуы”, 134 “Өзге де негізгі құралдардың тозуы” деген шоттарда есептелінеді. Сондай-ақ Салық кодексінің 20 бет. “Амортизациялық аударымдар және негізгі құралдар бойынша шегерім” бөліміне сәйкес жүргізіледі. Айта кететін жағдай негізгі құралдардың ішінде “Мерседес-Бенц” машинасына амортизацияны есептеген кезде жеделдетілген әдіс қолданылады. Өйткені кәсіпорында машинаны максималды түрде қолдануда, себебі ұйым баспа өнімдерімен айналысқандықтан, журналдар мен газеттерді тарату кезінде машина кеңінен қолданылады.
Негізгі құралдар бойынша инвентаризация жылына бір рет 1 қарашада жүргізіледі. Комиссия мүшелерін ЖАҚ “Бурда-Алатау-Пресс”-тің басшысы тағайындайды. Негізгі құралдардың бастапқы құнына сатып алу құны, жеткізу құны, орнату құны, монтаждау, сақтандыру құны және т. б. да кіргізіледі.
Негізгі құралдарды кіріске алғанда №НҚ-1 “Қабылдау-тапсыру актісі” толтырылады және комиссияның шешімі бойынша актқа қосымша ретінде техникалық документ (паспорт) тіркелінеді. Сондай-ақ мынадай корреспонденция жазылады:
Дт 123-125 Кт 671, 687 - накладной немесе счет-фактура бойынша НҚ кіріске алу.
Сатып алынған негізгі құрал бойынша қосылған құнға салынған салыққа төмендегідей корреспонденция береміз:
Дт 331 Кт 671, 687.
“Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғамда негізгі құралдарды іске асыру президенттің келісімімен жүргізіледі.
Негізгі құралдарды біреуге берген кезде немесе сатқан кезде №НҚ-1 “Қабылдау-тапсыру актісі” үш дана етіліп толтырылады. Бірінші данасы - берген кәсіпорында, екінші данасы - алған кәсіпорынға, ал үшші данасы - хабарлау немесе акцепттелінеді. Негізгі құралдардың баланстық құны бойынша келесідей корреспонденция жазылады:
Дт 842 “Негізгі құралдардың істен шығуы бойынша шығыстар” Кт 123-125.
Негізгі құралдарды есептен шығарған кезде оларға есептелінген амортизацияға келесідей корреспонденция беріледі:
Дт 132-134 “Негізгі құралдардың тозуы” Кт 123-125.
Сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығарған кезде жарамды бөлшектерін есепке алуға болады, сондықтан оларға мынадай корреспонденция беріледі: Дт 205 “Қосалқы бөлшектер” Кт 722 “ Негізгі құралдардың істен шығарылуынан алынатын табыс”.
Жылдын аяғында негізгі құралдарды есептен шығарған кезде шығын Дт 571 Кт 842 және табыс Дт 722 Кт 571 деген корреспонденция көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің есебі БЕС №28 10 қырқүйекте 1999 ж. №490 Минфинмен бекітілген және типтік жоспар кестесіндегі 10-шы “Материалдық емес активтер” және 11-ші “ Материалдық емес активтердің амортизациясы” деп аталатын бөлімшеге сәйкес жүргізіледі. Материалдық емес активке белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан ұйымға үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкелеп тұратын активтерді айтамыз. Материалдық емес активтер бастапқы құнымен бағаланады. Амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке-жеке есептеледі.
Тауарлық-материалдық қорлар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебінің №7 стандартына сәйкес жүргізіледі, яғни Минфиннің 13 қараша 1996 ж №3 бекіткен. Товарлардың өзіндік құны сатып алу құны бойынша және баж салығы, кеден салығы, транспорттық шығындар, жеткізу шығындары және т. б. шығындар бойынша анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz