«Серке» газеті – қазақ қоғамындағы алғаш демократия жаршысы


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I тарау. Қазақ публицистикасы мен «Серке» газетінің тарихы

1. 1 Қазақ газеттерінің тарихы . . . 9

1. 2«Серке» газеті - қазақ қоғамындағы алғаш демократия

жаршысы . . . 16

1. 3 Міржақып Дулатұлы «Серке» газетінің жабылуының басты себепкері . . . 22

II тарау. «Серке» газетінің тарихтағы орны

2. 1 «Серке» газетінің қазақ журналистикасының дамуына әсері… . . . 28

2. 2 Бүгінгі таңда «Серке» газетінің журналистика тарихы үшін зерттелуінің деңгейі . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ . . . 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48

КІРІСПЕ

Менің осы дипломды жазудағы мақсатым не? Ол - қазақ тіліндегі алғашқы басылым «Серке» газеті туралы сөз қозғау. Ресейде 1905 жылы басталып, одан кейін де кең өріс алған революция толқыны, демонстрациялар қарапайым халықтың ой-өрісіне әсер етпей қалмады. Нақ осы кезде қазақ халқының көзі ашық, көңілі ояу оқыған азаматтары өз елінің болашағын ойламай қала алмады. Ресейдің қарамағында болған қазақ жерінде мектеп, медресе деген жоқ десек де болады. Бірен-саран елді мекендерінде мешіт жанында мұсылманша оқытып отыратын медресе молдалар бар болатын.

Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.

Өткеніміз бен бүгініміз тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. «Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар»1, - деп, Әлихан Бөкейханов сияқты ардақтыларымыз армандаған заман келді. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдармашы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Мемлекетттік тіл туралы бір толғанысында: « . . . Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!»2 - деп тебірініпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда - публицистика белгілі бір кезеңде болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдымызға әкелді. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне, осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе - ол публицистика өнері. 3

Қазақ журналистикасының қалыптасып, дамуына іс жүзінде де, сөз жүйесімен де үлкен үлес қосқан тұлға Міржақып Дулатұлы «Серке» газетінің 1907 жылғы шыққан алғашқы санымен.

Шын мәнінде журналистиканың әлеуметтік қызметтің ерекше саласы ретіндегі мәні бұқаралық ақпарат жинақтауымен, өңдеуімен, дайындауымен және таратуымен айқындалады. Журналистиканың негізгі күші - оның ақпаратты иемденетігінде. Ақпарат журналистика мен аудитория арасындағы дәнекерлік рөлді де атқарады. Сондай-ақ журналистика жүйесінің алдындағы сан-салалы міндеттерді шешуге қолданылатын қуатты құрал да - осы ақпарат. Ал оның қоғамдық пікір қалыптастырудағы маңызы өз алдына бөлек әңгіме. Радио мен теледидардың, газет-журналдардың тарататын ақпарат, мағлұматтары бұқараға, қалың көпшілікке арналады. Журналистиканың «Бұқаралық ақпараттар құралдары» деп аталуының себептері де одан шығады. Бұқаралық ақпарат журналистер мен оқырмандарды, көрерменді, тыңдаушыны байланыстыратын алтын көпір іспеттес. 4

Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туып, бірге жасасып келеді. Қоғамдық дамудың әр түрлі сатысында хабар таратудың әдісі мен тәсілдері, құралы әр түрлі болады. Алаңға немесе биік мінберге шығып, халықтың алдында патшаның әмірін оқыған жаршылар, көрші мемлекеттерге көш түзеген елшілер мен жорық жайлы, қорғаныс, біріккен шабуыл жоспарының мән-жайын жеткізген жаушылар, жартастарға қашалып жазылған жазулар, үңгірлер қабырғасындағы суреттер мен белгілер, т. б. бәрі - ақпаратты жаһанға жария етудің қарапайым жолдары, өмірдің өзі тудырған көріністер еді5.

Уақыт өте келе, қоғам өмірінде тың өзгерістер бола бастады. Ақпарат таратудың жаңа түрлері дүние есігін қақты. Адамзат өркениеті түрлі техникалық жетістіктер жемісін пайдалана отырып, хабар жеткізудің озық тәсілдеріне қол жеткізді. Дамыған, алдыңғы елдердің тәжірибесіне енген жаңалықтар XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде қазақ сахарасына да жетті.

Дәл осы ретте қазақ оқығандарының ой-толғамдарына жүгінуге тура келеді. Көсем сөздің алғаш анықтамасын берген А. Байтұрсынов: «Әлеумет, шаруалық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық тағысын тағы, сондай қоғамшылық істерін түзету, жаңалау, өзгерту керек болған кезінде халықты соған көсем сөз арқылы ұйытып, көбінің миына қондырып, көңіліне сіңіреді. Көсем сөз күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң, кезіндегі шығып тұрған газет-журналдар жүзінде шығады. Көсем сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса әлеуметті адастырады. Солай болған соң, көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек . . . »6

Қазақ оқыған азаматтарының басты мақсаттарының бірі не еді? Ол - өз халқының мұң-мұқтажын айтып, жастарды оқуға, кеңінен білім алуға шақыру еді. Ресейде болған 1905 жылғы революциядан кейін қазақша газет, журналдар көбейді. Яғни, бұл кезде қазақ тілінде алты газет-журнал шықты. Жоғарыда айтылған қазақ тіліндегі алты басылым мыналар еді: «Серке» газеті 1907 жылы Петербургте, «Қазақ газеті» 1907 жылы Троицкіде, «Қазақстан» 1911-1913 жылдар аралығында Ордада, «Айқап» 1911-1915 жылдар ішінде Троицкіде басылып шығып еді. 7 Сонымен қатар, «Ешім даласы» 1913 жылы Қызылжарда, «Қазақ» 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда басылып шықты.

«Серке» газетінің өмірі қысқа болды. Оның бір-екі саны шығып, тоқтап қалды. Газет негізінде либералдық бағыт ұстады. Газеттер жалпы алғанда ағартушылық-демократтық бағытта болды. «Қазақ» - либералдық-ағартушылық бағытта болды. 8

Жоғарыда аталған қазақ басылымдардың көбі дерлік халықты, әсіресе жастарды оқуға шақырды. Қазақ халқына деген жанашыр дауысты осы басылымдар бойынан анық көреміз. Еліміз көшпелі өмір салтын кешіп, оқуға деген ынтасы дамымай тұрғанын көзі ашық, көңілі ояу жас ақын-жазушыларымыз көре білген. Ел қамын жеп, халық мұқтажын Ресей патшалығының назарына көрсетпек болған. Бірақ нақ сол кезде 1905 жылы Ресейде бірінші революция басталып, ел ішінде саяси қозғалыс өріс алды.

Қазақтың оқыған азаматтары Міржақып Дулатұлы, Шаһмардан Қосшығұлов, Әбдірашид Ибрагимов, Е. Бұйрин, Б. Қаратаев, Ш. Бөкеев сынды ақын-жазушыларымыз бұл орыс революциясының дүмпуін өз елінің пайдасына шешуді қалады. Қазақ халқына арнап алты басылым шығарды. Халықты оқуға, білімге ден қоюға шақырды.

Біз қазіргі гүлденген Қазақстанда өмір сүріп отырмыз. Қазақ халқы, әсіресе жастар осынау оқыған азаматтарымыздың елге еткен еңбегін, бастарын қатерге тіге жүріп газет-журнал ашып, мақалалар, өлеңдер жазғанын ұмытпаймыз. Олар қазақтың отаршылықтан азат болып, оқыған ел болуын қалады.

Қазақ халқына арналған баспасөздерде 1905-1907 жылдардағы революция көп жаңалықтар еңгізді.

1905-1907 жылдардағы қазақ баспасөзі, қазақ еңбекшілерін революцияға қарсы күреске қатыстыруда үлкен роль атқарды. Қозғалысқа басшылық етуде бұл баспасөз жергілікті партия ұйымдарының жауынгер қаруы болды. Кейбір қазақ басылымдары патшаның указын орындамауға, патша алдында халықты құрдай жорғаламауға үндеді. Орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, қазақтың оқыған азаматтары соғыстың империалистік сипатын әшкерелеу үшін, соғыс, бітім, және революция мәселелері жөніндегі тактиканы насихаттау үшін барлық құралды, әсіресе баспасөзді пайдаланды. Қазақ оқығандарының бірқатары жергілікті фактілерге негізделген революциялық әдебиет шығаруға кірісті. Орынбор губерниясындағы Троицк партия ұйымы жасырын баспаханада орыс және қазақ тілінде листовка шығарды. 9

1905-1907 жылдары Ресейде болған бірінші орыс буржуазиялық революциясы шығыс халықтарының да арасында ұлт-азаттық, мәдени-ағартушылық қозғалыс тудыруға әсер етті. Ресеймен және басқа елдермен ерте араласып, өнер мен білімге қазақтардан гөрі бір табан жақын тұрған татарлармен біздің бабаларымыздың қандас әрі аралас-құралас болуы Қазақстанда да мәдени-ағарту жұмыстарының жандануына белгілі дәрежеде септігін тигізді. Бұлай дейтініміз, сол кезеңде Қазан, Уфа, Троицкі баспаханаларында едәуір қазақ кітаптары басылып шықты.

Мысалы, 1906 жылы ашылған Ғалия медресесін 1916 жылға дейін 930 шәкірт аяқтаса, соның 154-і қазақ жастары болған. Кезінде Ғалия медресесінде оқыған башқұрттар «Парлақ», қазақтар «Садақ» деген қолжазба әдеби журналдар шығарып тұрған. Бұл басылымның ұйымдастырушы, шығарулары - Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тлепбергеновтар болды. «Журналымыздың мақсаты - оқуға кеткен қазақ жастарына жол-жоба көрсетіп, қалам ұстауды, сөз жазуды үйрету, өткендегі өмірдің жақсылық жағын өнеге етіп, жаманшылығынан безіндіру болып табылады», - деп жазды редакция алқасы.

Сол кезеңде жарық көрген татар басылымдарының орны ерекше. Тек 1905-1907 жылдары Ресейде татар тілінде 33 мерзімді басылым шығып тұрған. Татар халқының көрнекті өкілі, саяси қайраткер Абдурашид Ибрагимовтың редакторлығымен «Үлфәт» газетінің алғашқы нөмірі 1905 жылы 11 желтоқсанда шықты. 10

Қазақ тіліндегі алғашқы газеттерінің бірі - «Қазақстан». Газеттің бұлай аталуының өзінен жаңа заман лебі сезілгендей. Алғаш Орда қаласында, одан араға алты ай салып Орал қаласында қайтадан бірінші саннан бастап шығуы бұл газеттің көп қиындыққа душар болғанын көрсетеді. Оны шығаруда Ғ. Қарашев, Е. Бұйрин, Б. Қаратаев, Ш. Бөкеев сынды қазақтың абзал азаматтары аянбай еңбек етті. «Қазақстанның» бірінші саны 1911 жылы жарық көрді. 11

Петербург үйлерінде Абай өлеңдері, Құрманғазы мен Тәттімбет күйлері естіліп жатты. Мұның арты қазақ халқының бостандығы туралы, оның патша өкіметінен көрген қысымы жайлы ұзақ әңгімелерге айналатын. Қазақ зиялыларын қатты толғандыратын бірде бір патша әкімдері мен министрлерінің туған халқының талаптарымен санаспайтындығы еді. Осындай жиындардың бірінде Санкт-Петербургте «Серке» деген атпен қазақ баспасөз орталығын ашу ұйғарылды, «Серке» деген ат жайлы Шаһмардан Қосшығұлов өз естелігінде: «Серке бір отар қойды боранда дұрыс жолға алып шығады, - деп жазды, - олай болса «Серке» газеті езілген қазақ халқына дұрыс жол көрсететін, оның ұлттық сана-сезімін оятатын жолбасшы болу керек».

1907 жылы наурыздың 28 күні Шаһмардан Қосшығұловтың қаражатына А. Ибрагимовтың басшылығымен «Серке» газетінің алғашқы саны татардың апталық «Ульфат» газетінің қосымшасы ретінде жарық көрді.

Шаһмардан Қосшығұлов 1869 жылы, Ақмола облысы, Алтай станциясында дүниеге келген. Ресейде Омбы облысында Марьяновка станциясында қоғам қайраткері Науан хазіреттен дәріс алып, одан кейінгі білімін Бұқара медресесінде жетілдірген. 1903 жылы Көкшетау уезінде Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күреске шақырған үндеу хат таратқаны үшін Сібірге айдалып, 1905 жылы бірінші орыс революциясы дүмпуімен айдаудан қайтқан. 1906 жылы қаңтарда Санкт-Петербургте өткен Бүкілресейлік мұсылмандардың 2-ші съезіне делегат болды. Съезд мұсылмандардың халықтық саяси партиясын құру қажеттігін қуаттаған. Ш. Қосшығұлов партия бағдарламасын жасау жөніндегі комиссия құрамына сайланды. 1906-1907 жылдары Бірінші Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан депутат болып сайланды. Алайда комиссия орыс тілін білмейді дегенді алға тартып, оны Дума мүшелігіне тіркемеген. 1906 жылы Нижний Новгородта болған Бүкілресейлік мұсылмандардың 3-ші съезіне қатысып, оның төралқасына сайланды. Ол съездің ағымдағы саяси ахуал, оқу және дін істері жөніндегі қаулыларын әзірлеуге қатысқан. Съезде құрылған «Ресей мұсылмандар одағы» ұйымының құрамына сайланды. Екінші Мемлекеттік Думаға депутат болды. Мұсылман фракциясының құрамына енді. «Серке» газетін шығаруға атсалысты, діни және ағартушылық істермен шұғылданды. Кеңес өкіметі тұсында молда ретінде ұдайы қуғын көріп, саяси қыспаққа ұшыраған.

Сонымен, айта кеткеміз келетін бір жәйт, сонау қиын-қыстау патша заманында елі үшін, халқының келешегі үшін қам жеп, Сібірге айдалған азаматтарымыздың кеңес заманында қудалануы бізді қатты қынжылтады.

Бұл тақырыптың өзектілігіне келер болсам, қазақ журналистикасының тарихын зерттеп білу әр журналисттің борышы деп айтсам, артық айтпас едім. Журналистика тарихы әр уақытта, әр кезеңде өзекті де, маңызды болып табылады. Өз тарапынан «Серке» газеті 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрі. Қиын-қыстау кезеңде жарық көрген «Серке» газетінің өмірі қысқа болды. Бұл газет жайында Б. Кенжебаевтің «Қазақ баспасөз тарихынан мәліметтер» деген кітабында бірталай мағлұматтар берілген және де Мұхаметжан Сералиннің оқушыларға арнап жазған бас мақаласында да айтылған. Негізінен «Серке» газеті жайлы сөз қозғаған мағлұматтар өте аз, сондықтан бар табылған және сақталынған мәліметтер өте құнды болып есептеледі. «Серке» газеті жайлы бар мағлұматтарды жинақтап, іріктеп, «Серке» газетінің тарихтағы орнын зерттеп, осы бітіру жұмысымды жазғалы отырмын.

Бітіру жұмысымды осы тақырыпта жазуымның басты мақсаты : қазақ тіліндегі алғашқы басылым «Серке» газеті туралы сөз қозғау. Кезінде «ұлт қамын ойлап, шарқ ұрған» «Серке» газеті әлі де болса толық зерттеліп, бағасын ала қойған жоқ еді. «Серке» газетінің тарихтағы орнын зерттеп, бағалау болып табылады.

Міндеттерім:

- Қазақ баспасөзінің тарихын қарастырып, шығару;

- Міржақып Дулатұлы «Серке» газетінің жабылуының басты себепкері жайлы сөз қозғау;

- «Серке» газетінің қазақ журналистикасының дамуына әсерін бағалау;

- Бүгінгі таңда «Серке» газетінің журналистика тарихы үшін зерттелуінің деңгейін анықтау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

«Серке» газетіне қатысты мәліметтер Б. Кенжебаев «Баспасөз тарихынан мәліметтер», Бауыржан Жақып «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары», Бекхожин Х. «Қазақ баспасөзінің даму жолдары», С. Қозыбаев «Әлем баспасөзі тарихынан», Қожакеев «Көк сеңгірлер» кітабынан алынды және т. б.

Зерттеудің тәсілдік негіздері . Бітіру жұмысымда теориялық талдау, салыстырмалы-сараптамалық баға беру және ғылыми тұрғыда тұжырымдап дәлелдеу әдістерін қолдандым. Журналистік зерттеудің пайда болуынан бүгінгі күнге дейінгі даму динамикасын теорялық-танымдық тұжырымдарға сәйкестендіріп, салыстырмалы түрде зерттедім.

Зерттеудің негізгі нысаны. Басты деректемелік негіз ретінде ҚР Ұлттық Кітапханасы деректеріне сілтеме жасадым. Сондай-ақ, қазақстандық басылымдар мен ғылыми туындылар да негізгі құрал ретінде пайдаланылды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I тарау. Қазақ публицистикасы мен «Серке» газетінің тарихы

1. 1 Қазақ газеттерінің тарихы

Қазақ публицистикасы жаңа түр, жаңа сипат, жаңа саяси маңыз алып тарих аренасына шыққан кез - XIX ғасырдың II-ші жартысы болып саналады. Мұны қазақ баспасөзінің тарихын тұңғыш зерттеуші, прфессор Х. Н. Бекхожин да құптаған. Ал профессор Т. С. Амандосов болса: «Түркістан уалаята» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902), «Торғай газеті» (1895-1910) газеттері және «Айқап» журналы (1911-1915) қазақтың демократиялық бағыттағы публицистикасының дамуына және қалыптасуына едәуір әсер етті. Бұл газеттер мен журналдарда істеген прогрессивті бағыттағы қазақ оқығандары ана тіліміздегі публицистика жанрларының пайда болуы, оның дамуы жолында жемісті еңбек етті», - деп атап көрсетті. «XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ әдеби тілі» деген мақаласында Р. Сыздықова: « . . . бұл газет («Дала уалаятының газеті» - Б. Ж. ) қазақ тілін дамуын зерттеуде екі жақтан қызғылықты болып шығады: 1) публицистика - баспасөз стилинің алғашқы үлгілерін байқауда; 2) осы стиль және көркем проза стилі бойынша тұңғыш аударма тәжірибелерін бақылауда» - деген тұжырым айтты. Профессор Б. Кенжебаев та қазақ баспасөзінің тарихына байланысты көптеген ойлар білдіріп, алғашқы қазақ басылымдарында прогрессивті - демократиялық ой бой көрсеткеніне баса назар аударды. Алғашқы басылымдарының бірі - «Айқап» журналындағы қоғамдық-саяси көзқарастардың жалпы қазақ ойының өрістеуіне тигізген әсерін академик С. З. Зиманов өз еңбегінде жан-жақты дәлелдеп берді. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы идеялық-саяси ағымдарды көрсету барысында ғалым К. Бейсембиев те баспасөз айнасына жүгінді. Ал экономист ғалым Д. Қабдиев «Қазақстандағы экономикалық ойдың шаруа-демократиялық бағытының өкілдері 1911-1915 жылдары шыққан «Айқап» журналының төңірегіне топтасқандығы», - ашып, ажырата зерттеу объектісіне айналдырды. Қазақстанның революцияға дейінгі историографиясын (тарихтың жазылуын) зерттеген профессор Д. И. Дулатова да екі ғасыр тоғысындағы газет-журналдардың тарихи ойды қалыптастырудағы орны мен рөліне ерекше тоқталады. 12

Сонымен Қазақстанда публицистиканың қалыптасу кезеңі 1870 жылы «Түркістан уалаятының газеті» - қазақ топырағында туып, қазақ сахарасына алғаш тараған тұңғыш газет еді. Патша үкіметі өз бұйрық-жарлықтарын қазақ тілінде жергілікті халық өкілдеріне жеткізу үшін қазақша газет шығаруды қажет етті. Сондай-ақ сол кездегі қазақ оқырмандарының ұлттық талаптарының бірі - ана тілінде газет шығару мәселесі болатын. 1868-1869 жылдардағы патша үкіметінің Уақытша ережелеріне сәйкес Қазақстан территориясы үш генерал-губернаторға бағындырылды. Ақмола және Семей облыстары Батыс Сибирь генерал-губернаторына, Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал губернаторына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторы болып, генерал Константин Кауфман тағайындалды. Ол 1868 жылы Петерборға барған сапарында газет шығарудың қамына кірісті. Сөйтіп 1870 жылы 28-ші сәуірде (10-мамыр) Орта Азиядағы тұңғыш отаршыл орыс газеті «Туркестанские ведомости» жарық көрді. Сол газеттің қосымшасы қазақ және өзбек тілдерінде шығарыла бастады. «Түркістан уалаятының газетін» қазақ тілінде шығару - отаршылдық саясатты күшейту, патша жарлықтарын қазақтарға өз ана тілінде жеткізе отырып, бағындыру мақсатынан туған еді. «Аталған «қосымша» Түркістан ведомостыларының редакциясына қаражат жағынан болмаса, басқа ешқандай қатысы болған жоқ. Осы жағдайда ол 13 жыл бойы, 1883 жылға дейін шығып тұрды. Газетті шығарушы басында генерал-губернатордың тілмашы Ибрагимов, ал кейін генерал-губернатор канцеляриясының тілмашы Чанышев болды . . . ». 13

Газеттің редакторы - Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов, ұлты - башқұрт, білімді, орыс тілін жетік меңгерген адам болған. Ол Шоқан Уалихановпен таныс, тіпті жақын дос болған деген деректер де бар. Ол газет ісіне басшылық жасаумен бірге, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, басылымның биресми бөлімінде ондаған ғылыми мақалаларын жариялады.

Газеттің мақсат-міндеті, бағыт-бағдары орыс тілінде шыққан «Туркестанские ведомости» басылымының алғашқы нөмірінде айқын көрініс тапты. Онда былай деп жазылған: «Біздің пайымдауымызша, Түркістан өлкесінің қазіргі әкімшілігінің міндеті мынандай: орыс өкіметіне бағынған халықтарды екінші мәрте жеңу. Бірақ оларды қара күшпен емес, ақыл-оймен және рухани басымдылықпен жеңіп шығу. Орыстырдың Орта Азияға әкелген қоғамдық және әкімшілік құрылымы жергілікті жұрт бұған дейін бірнеше ғасырлар бойы тікелей мойынсұнып келген құрылымнан әлдеқайда жоғары және жемісті екендігін сезінуге мәжбүр ету. Бұл басымдылық бұратаналардың көз алдына жылдам және өздігінен айқындала салады деп күтіп отырмау керек. Ескі әдет-ғұрыптар өміршең, оларды түбегейлі жою үшін бірте-бірте әрекет жасау қажет. Бұратаналарды жаңаша ұғымдарға, жаңа өмірдің жағдайларына тәрбиелеу керек . . . »14. Сонымен патша өкіметінің отаршылдық саясатының түпкі мақсаты - жергілікті халықтың санасында өзгеріс жасауға бағытталды. Сол үшін де қазақ халқына түсінікті тілде газет шығару қолға алынған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ публицистикасы мен «серке» газетінің тарихы
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
Қоғамдағы саяси газет
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Қазақ баспасөзін дамытудағы қазақ зиялыларының рөлі
ХХ ғ. басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет
Қазақ газеті және ХХ ғасыр басындағы көсемсөздің дамуы
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
Алаш ұранды Сарыарқа газеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz