Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу


РЕФЕРАТ

Берілген бітіру жұмысында Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамалары есептелінді және суының сапасы бағаланды.

Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Жұмыс көлемі бет, суреттен, кестеден құралған.

Негізгі сөздер: жылдық ағынды, вариация коэфициенті, ассиметрия коэфициенті, кореляция, автокореляция, ағынды нормасы, репрезентативті кезең, ластану, ластаушы заттар, су сапасы, ахаба сулар және т. б.

МАЗМҰНЫ

1 НҰРА ӨЗЕНІНІҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  1. Алап бетінің құрлымы 3
  2. Рельеф
  3. Геологиясы
  4. Алаптың метеорологиялық жағдайы 4
  5. Топырақ пен өсімдік жамылғысы 5
  6. Гидрографиясы
  7. Гидрологиялық зертелгендік 6
  8. Нұра өзеннің Сергиопольское бекетінің сипиттамасы 7
  1. НҰРА ӨЗЕНІНІҢ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНұра өзеннің су режимі 8

2. 2 Қоректену көздері 9

2. 3 Су өтімі режимі

2. 4 Су деңгейі режимі 10

3. ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫНЫ ЕСЕПТЕУ

3. 1 Репрезентативті кезең таңдау 11

3. 2 Жылдық ағындыны қатар қысқа болған жағдайда есептеу 12

3. 3Жылдық ағындыны деректер жоқ болған жағдайда есептеу жазықтық

өзен бойынша 13

3. 4 Деректерді көпжылдық кезеңге келтіру 14

3. 5 Ағындының жылдық үлестірімі 15

4. НҰРА ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ РЕЖИМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 16

ҚОРТЫНДЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

Бітіру жумыстың тақырыбы “Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу”.

Нұра өзені Орталық Қазақстанның маңызды су артериясы. Өзен тұрғылықты жердің сумен қамтамасыз етуге, суландыруға және жер суаруға пайдаланады.

Нұра өзенінің су қорын нәтижелі пайдалану.

Жұмыстың мақсаты: Нұра өзенінің Сергиопольское бекетіндегі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу қамтамасыздық қ исығын түрғызу.

Бұл мақсаттан келесі шешімдер шығады:

А) Нұра өзенінің физико-географиялық жағдайын сипаттау;

Б) Су режімін және жылдық ағындыны үлестірімін зертеу;

Жұмыста Казгидромет торының тұрақты бақылау деректері қолданылды. Сонымен қатар, пайдаланылған әдебиеттер жұмыстың сонында көрсетілген.

1 АЛАПТЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Алап бетінің құрлымы

Қарастырылып отырған Қарағанды облысы, ол Орталық Қазақстанда орналасқан және оның созылуы солтүстіктен оңтүстікке қарай 600км, ал шығыстан батысқа қарай 1100км. Солтүтіктен ол Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарымен, шығыста Семей, оңтүстікте Алматы, Жамбыл, Шымкент пен Қызылорда және батыста Ақтөбе облысармен шекаралас жатыр. Қарағанды облысы шекарасының жалпы ұзындығы 4 мың киллометр. Бұл жерде солтүстіктен оңтүстікке қарай кезектесіп үш зона ауысып отырады. Олар құрғақшылық (дала), жартылай құрғақ (жартылай шөлейт), құрғақ (солтүстік шөлейт) .

1. 2 Рельеф

Қарағанды облысының жер бетінің басым бөлігі қыратты болып келеді. Оның үлкен бөлігін Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылары алып жатыр. Тек оңтүстік пен батыстың қиыр жағында жалпақ рельефпен ерекшеленеді. Солтүстік Балқаш маңының шөлді үстірті, бетпақ дала мен Тұран ойпаты біріккен ұсақ шоқылы жаықтықты құрайды. Шоқы (купол тәрізді немесе конус тәрізді қырыт түрінде) 70-тен 40 м-ге дейін және кейде 80 км-ден 100 м-ге дейін жазықтан көтерілүін айтады. Облыстың батыс бөлігінің алабы Ұлытау тауы болып табылады, оның биіктігі 1135 м абс. Орталық бөлігінде Ақтау таулары орналасқан, оның жеке шыңдары 1000нан1100км-ге дейін жетеді. Олар төменгі тау алабының бөлігі болып саналады. Қарқаралы-Ақтау алабының ең биік тау түйіні аумақтың суағарында орналасқан және Балқаш-Есіл-Нұраның негізгі су айырығы болады. Бұл тау түйіні кең тау жақтары мен көптеген жекелкген тау жоталарынан құралған. Олардың ең биігі Қарқаралы мен Қызыл-рой таулары, олардың биіктігі 1400м абсалюттен асады және Қарағанды облысының, сонымен қатар барлық Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларының ең биік шыңдары болып саналады. Солтүстік шығысында орналасқан Арқалық пен Нияз тауларының биіктігі азырақ болып келеді, және осы территорияда тау түйінің ұсақ шоқылары біраз аралықтан кейін бірте-бірте жалпақ жазыққа өтеді.

1. 3 Геологиясы

Қарастырылып отырған территорияның геологиялық құрлымы күрделілігімен ерекшеленеді. Осында жыныстардың геологиялық жасының барлығы полезойға дейінгі төрттік шөгінділерге дйін тараған. Атасу мен Жақсы-Сарысу өзендерінің бастауында үлкен грунты алабы байқалған, олерекше жарылуымен сипатталынады. Интрузивты жыныстар, сонымен қатар, Нұра өзеннің су қоймасында, негізінде Қарағанды аймағында тараған.

1. 4 Аумақтың метеоклиматтық жағдайы

Қарағанды облысының климаты шұғыл континентальді және құрғақшылығымен сипатталады. Жылы айларда ауа температурасы үлкен, жауын-шашыны аз және ауа құрғақ болып, қысқы айлар үшін ұзаққа созылған қатаң қыстың тұрақты қар жамылғысымен жиі болатын борандармен ерекшеленеді. Аумақтың солтүстіктегі орташа жылдық ауа температурасы 2-ден 2, 5 С, оңтүстігінде 5-тен 7 С, ал суық айларда орташа жылдық ауа температурасы минус 16 С-ден минус17 С, оңтүстікте минус13 С-тен минус 15 С. Жеке жылдар үшін абсалютті минимум 40 С оңтүстігінде, ал солтүстігінде минус 50 С-қа дейін жетеді. Жылы кезеңдердің ұзақтығы орташа алғанда 200-300 күн болады. Қарағанды облысының ауа температурасының орташа амплитудасы 35-тен 40 С, ал абсалютті амплитудасы 90 С дейін жетеді. (кесте 1)

Кесте 1 - Орташа көпжылдық айлық және жылдық ауа температурасы

I: I
II: II
III: III
IV: IV
V: V
VI: VI
VII: VII
VIII: VIII
IX: IX
X: X
XI: XI
XII: XII
Жыл: Жыл
I: -15
II: -14
III: -8, 9
IV: 2, 4
V: 13, 0
VI: 18, 5
VII: 20, 6
VIII: 18, 3
IX: 11, 8
X: 3, 2
XI: 6, 9
XII: -12, 7
Жыл: 2, 5

Аумақтың атмосфералық жауын-шашыны бірқалыпсыз тараған. Жыл ішінде ең көп түсетін жауын-шашын мөлшері ұсақ шоқылы таулы аумақтарда көп болады (300-ден350мм), ең аз орташа жылдық жауын-шашын облыстың оңтүстік аумағында байқалады (150мм) . Жауын-шашынның жылдық мөлшері мен мінезі, олардың жергілікті жерден биіктігі бойынша таралуын, осы қарастырылып отырған территорияны төрт аумаққа бөлуге болады. Осы төрт аумақтың ішінен бірінші болып, Нұра өзеннің су бөгені алады. Оның орташа жылдық жауын-шашыны 300-ден 375 мм. (кесте 2)

Кесте 2 Айлық және жылдық жауын-шашын нормасы (милиметрмен)

I: I
II: II
III: III
IV: IV
V: V
VI: VI
VII: VII
VIII: VIII
IX: IX
X: X
XI: XI
XII: XII
Жылы кезең үшін (IV-X): Жылы кезең үшін (IV-X)
Суық кезен үшін XI-III): Суық кезен үшін XI-III)
Жыл: Жыл
I: 15
II: 14
III: 15
IV: 16
V: 23
VI: 33
VII: 41
VIII: 30
IX: 21
X: 21
XI: 14
XII: 19
Жылы кезең үшін (IV-X): 185
Суық кезен үшін XI-III): 77
Жыл: 262

Қар жамылғысы аумақта зональді ендікке бағытталып таралады. Ұсақ шоқының жоғары жағында орташа жылдық тұрақты қар жамылғысы солтүстікте 130-дан 150күн, ал оңтүстікте 100-ден 200 күн ұсталынады. Жеке жылдар үшін қар жамылғысы солтүстікте 110-нан 175 күнде, оңтүстік бөлігінде кейбір жылдар үшін тұрақты қар жамылғысы байқалмайды. Орташа жылдық абсалютті ауа ылғалдылығы оңтүстікте 5-тен 5, 5 мб, солтгүстікте 5, 8-ден 6, 0 мб болып өзгереді.

Абсалютті ауа ылғалдығының жылдық амплитудасы 9-дан 10мб. Ең үлкен салыстырмалы ауа ылғалдылғы қыс мезгілінде байқалады. (оңтүстігінде 65-тен 70%, солтүстігінде 75-тен 80%), ал жылы мезгілде (оңтүстігінде 30-дан 40%, солтүстікте 30-дан 60%) байқалады.

Орташа жылдық жел жылдамдығы солтгүстікте 4, 5-тен 5, 0 м/с, оңтүстігінде 3, 5-тен 4, 5 м/с. Желсіз күндер аз болады. Бүкіл болыс территориясында болатын күшті желдер қыста боран, ал жазда шаңды борандар шақырады. Олрадың бағыты оңтүстік-батыстан келеді. Ең үлкен жел жылдамдығы қыстың екінші жартысында және көктемде 25-тен 30 м/с-қа дейін жетеді.

1. 5 Топырақ пен өсімдік жамылғысы

Облыстың топырақ беті әртүрлі болып келеді. Олардың құрылуы жергілікті жағдайы топырақтың пйда болуына байланысты. Осы аумақта сұр қоңыр және ақшыл қоңыр топырақ территорияның 40%-тін алып жатыр. Орталық Қазақстанның топырақттың ерекшелігі ұсақ жерлердің қалыңдығының қуатың аздығынан және олардың терең емес қалың жыныстың немесе ескергеннің астына жайылуында.

Аумақта сирек кездесетін ақ-селеу, бөгеде-жусан және бұталы өсімдіктер басым. Күзде оларға эфемерлер мен эфемироидттар қосылады. Шығыс бөлігінің тау етегінде әртүрлі дәнді өсімдіктер басым. Аңғар шатқалы мен таулар, қалың тоғайдың бұталы өсімдіктерімен, қалың орманмен, көк теректі тоғаймен қапталады. Қарқаралы таудың баурауында қылқан жапырақты орман алып жатыр.

1. 6 Нұра өзеннің шаруашылықта қолдануы

Қазіргі уақытта өзеннің табиғи режимі арнанның маңызды ұзаруында техногенді болып ауысты. Ол ағынды сулардың келуімен және суару үшін өзен су бөгендерімен қарқындысу алуына байланысты Нұра өзеннің су ресурсы негізінен өндірісті сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Нұра алабының схемасы төменде берілген. /сурет1/

Өзенде бірнеше су бөгендері бар. Олар Самарқанндтық, Интулак және Самарск. Бұлардың біріншісі Қарағанды қаласының өндірістік мекемелерді және тұрғындардың демалу үшін сумен қамтамасыз етеді. Интулак су бөгені Нұра өзенінің жарты бөлігінің ағындысын реттеу үшін, Ертіс - Қарағанды каналы Ақмола облысының аумағына қысқы су беруінің үлкеюінен қосымша су көлемі аккумулизацияланады және суару үшін арналған. Самарқанд плотинасынан төмен (95 км-дегі) орналасқан Самарск су бөгені жайылым және жыртылған жердегі бақшалар үшін лимандық суаруға пайдаланады. Самарск гидроторабы мен су бөгені Қарағанды - Жезқазған каналына реттелетін жиналған сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар төмен жатқан аумақтарға және Нұра - Есіл каналына су жіберуіне қажет.

1. 7 Гидрографиясы

Нұра өзені Орталық Қазақстанның Ұсақ шоқыларының батыс Қарқалы тауларының сілемдерінен 1060 м биіктікте өзінің бастауын алады. Ол 304, 4 м абсолютті белгісінде Теңіздің тұйық көліне құяды. Өзен ұзындығы 978 км. Су жинау ауданы 55100 шаршы км, өзеннің жалпы құлауы 756 м, өзен торабының жиілігі 0, 16 км, орташа еңістігі 0, 77 ‰.

Су жинау албының ауданы 60800 км 2 , ал жарлы өзенің тұйық алабын қоспағанда оның ауданы 55100 км 2 . Алаптың тұйық аудандары 6, 5 км 2 .

Сағадан 714 және 695 км Самарқанд су бөгеті орналасқан: 125 км-ден 100 км-ге дейін өзен, көлдер тобынан ағып өтеді, ал 54 км-ден 23 км-де Қорғалжын көлінен.

Ақмола облысының аумағында өзеннің үлкен салалары жоқ. Облыстан тыс барлық негізгі салалар торы алабтың жоғарғы және ортаңғы бөлігінде. Нұра өзенінің негізгі ағынды қалыптасатын жерлерінде орналасқан көп сағалардың 20 км-ден 60 км-ге дейін жетеді. Олардың ең ірілері: Ащысу өзені (92 км), Шерубай-Нұра өзені (289 км), Үлкен-Құндызды (117 км) . Алапта өзендердің жалпы ұзындығы 8680 км, өзен желісінің қоюлығы 0, 16.

Өзен тұйық Теңіз көлінің су жинау алабына жатады.

Алаптың жазық бөлігінде өзен желісі әлсіз дамыған. Өзен аңғары кең және өте жайпақ баурайлы.

Су жинау алабының рельеф жазығының төбелері сирек кездеседі. Сонымен қатар, көлдер мен сортаңдар да сирек кездеседі. Есіл өзенімен суайырығы сызығы айқын емес. Қарағанды облысында алаб көлділігі 10-% құрайды. Аңғардың сай салаларында бірқатар ағынды көлдер кездеседі, топырағы сазды құм және құмды саз болып келеді. Өзен аңғары анық байқалмайды, оның ені 25-тен 27 км-ге дейін жетеді. Аңғар түбі аллювиалды құмды сазды, жұмыртасты шөгінділермен жабылған жайылмасы екі жақты болып келеді. Оның ені10-нан 15 км, кей жерлерде 100-ден300м-ге дейін тарылады. Алапта тармақтар мен ескі арналарда өсімдік әр түрлі шөгінділерден құралған шалғынды, ал арна маңында қамыс және қияң өлең өседі. Жайылманы 5 немесе 6 жылда бір рет су басады. Судың жайылу тереңдігі 2-ден 3 м, ал жайылу уақыты сағаның бөлігінде 20-дан 30 күнде созылуы мүмкін. Өзен арнасы көп тармақталған, тармақ ұзындығы 2-ден 10 км, ескі арналар көптеп кездеседі. Арна ағысының төменге қарай 15-тен 20 м-ден орта бөлігінде 30-дан 40 м-ге дейін кеңееді. Иірімдерінің тереңдігі 2, 5-тен 4, 5 м. Жағалары тік жарқабақты, биіктігі 4-тен 12 м. Су тасу кезінде өзен бұрылысында мұндай өзен жағалары бұзылады. Өзен бойында 20-дан астам иірімді көлдер бар. Олардың ірілері Нұра өзенінде ағып өтсе, қалғандары салаларында орналасқан. Шалқар көлінің солтүстік иірімнен шыққан Нұра өзені миандр жасай отырып оңтүстікке бағытталады да Қорғалжын көлінің оңтүстік бөлігіне құяды, арна ені25-тен 30 м, тереңдігі 0, 5-тен 4 м. Қорғалжын және Теңіз көлдері аралдарының өзен арнасы тараңқы, ал оның соңғы киллометірінде арна айқын байқалмайды. Нұра өзенің тасу толқыны өте жоғары және сабасына тусу деңгейі өте төмен болып келеді, ол нағыз Қазақстандық типті өзен. Сонымен қатар, мұнда жер асты сумен қоректенуі салыстырмалы түрде жоғары (10-нан 15%), жаңбыр суымен болатын су тасқыны өте сирек. Ең жоғарғы су өтімі Романовск ауылында байқалған (2 мың м 3 /с), ал одан төмен қарай су өтімі төмендейді. Жазда өзенің төменгі бөлігіндегі өзендер бетінен булану өте жоғары Нұра өзенің орташа су өтімі 16, 1 м 3 /с, қыста 1, 5-тен 3, 0 м 3 /с, уақыт ішінде түбіне дейін қатып жатуы мүмкін. Мұздың қалыңдығы көктем басында 1 м биіктікте, өзенің мұздан айырылуы Романовск ауылында сәуірдің ортасында жүретін болса, өзенің сағалың бөлігінде мамырда жүреді. Астана қаласы аумағында Нұра мен Есіл өзендер аралығы Есіл өзеніне қарай еңісті болып келеді, құлауы 12, 5. Су айырығы сызығының биіктігі Нұра өзеннің суының сабасына түсу кезеңдегі деңгейідің бар жоғы 1, 5-тен 2 м. Жоғары орналасқан Нұра өзеннің Есіл өзеніне қарай су үш тармақ арқылы өтеді, олар Соқырама, Қазгош, Мұқар. Бұл салалар Есілге 9 км қалғанда Қазго болып қосылып Нұраның суын Астана қаласына 21 км төмендегі Есіл суына жеткізеді. Нұра суының біраз бөлігі екі өзен арасындағы солтүстік салаларды толтыруға кетеді. Суы аз жылдары Нұраның суы Есіл өзеніне түспейді, ал суы мол жылдары 25-тен 30 %-тін Есілге құяды, орташа есеппен алғанда судың бір алаптан екінші алапқа өту нәтижесінде Нұра өзеннің ағындысының 10-нан 15 %-тін жоғалтады. Бұл судың өтуінің шығының жылдық сулылығына, ал максималді су өтімі ГГИ бақылауы бойынша 870 м 3 /с. 1972 жылы бұл тармақтарда бөгеттер салынды. Бұл бөгеттер Нұраның өтпелі суын көп төмендетеді. Алаптың төменгі бөлігінде табылатын шөптер өсіріледі. Лимандық суару кең тараған КазГИ проводхоз мекеменің деректері бойынша Нұра жүйесіндегі барлық өзендерде 25 су бөгені 30-дан астам ірі тоғандар, шаруашылық суару жүйесі, суару ауданы 73, 5 % мың гектар бар. Нұра өзені Ертіс - Қарағанды каналынан су жіберіп тұрады. Орталық Қазақстанда 1940 жылдан бері Самарқанд су бөгені жұмыс істейді. Бөгендеге су көлемі 267 млн. м 3 , айдынны ауданы 82км 2

1. 8 Гидрологиялық зертелгендік

Қарағанды облыс аумағында өзен ағындысы және уқытша су ағындары гидрологиялық қызметімен зертелінеді. Оларға гидрологиялық станциялар мен бекеттер жүйесі кіреді. Облыстың өзен ағындысының зертелгендігінің ерекшелігі көп бекеттегі бақылаулардың аз уақытта болуы және аумақта біркелкі емес таралуымен сипатталынады.

1. 9 Нұра өзенінің Сергиопольск бекетінің сипаттамасы.

Нұра өзенінің Сергиопольск бекеті 4 км оңтүстігіндегі қыстақта орналасқан, оның жоғарғы 500 м -де темір жол көпірі, ал жоғарғы 7 км-де Самарқандтық су бөгені орналасқан. Өзен аңғары жайылған, жайылма екі жақты, оң жағалау ені 5 км, ал сол жағалау6, 5 км - жайылма тек суы мол жылдары толтырылады. Бекет участкісінде өзен арнасы әлсіз майысқан, құиды деформацияланған. Жағаларының биіктігі 4 м құмайт топырақты болып келеді. Өзен режімі 1973 жылдың қазанынан бастап Ертіс - Қарағанды канал әсерінен (өзенге құйылу 1, 5- тен 2 км бекеттің жоғарғы жағы) бұзылған. Бекет оң жағалауда орналасқан 1973 жылы қадалық бекетте Балтикалық биіктіктер жүйесі қабылданды. Ноль графиктің белгісі 488, 17 мБЖ. №2 Гидротұстамада бекет тұстамасымен біріккен және қалыпты өткелмен жабдықталған. Судың сабасына түсу кезенінде гидротұстамада қисық ағын байқалады да су өтімі уақытша тұстамада кешу арқылы өлшенеді.

2 НҰРА ӨЗЕНІҢ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

2. 1 Нұра өзенінің су режімі

Облыстың су режімінің негізгі ерекшелігі күрт анықталған көктемгі су тасу болып табылады. Көктемгі су тасудан кейін жазғы су сабасына түсу, бұл кезде көптеген ағын сулар кеуіп қалады. Қыс уақытында көпшілік қолатын өзендер қатып қалады.

Облыстың өзендерінің негізгі қоректену көзі болып қар жамылғысы табылады. Қар жамылғысы қоры қарқынды қар ерудің басында көктемгі және жылдық ағындының қалыптасуына негізгі рөл атқарады. Сұйық жауын-шашын жер беті ағындының қалыптасуына тек су тасу кезінде ғана елеулі әсер етеді. Жазғы жауын-шашынның рөлі өзен ағындысының қалыптасуына, олардың су алабының биіктікке байланысты өседі. Көктемгі және жылдық ағындының қалыптасуына топырақтың күзгі кезеңде ылғалдылықтың және қар еру қарқындылығының үлкен маңызы бар.

Қарағанды облысының көптеген өзендері негізгі қоректі аласа таулы дөңдерден және Ұсақ шоқының көтеріңкі ауданынан алады. Ұсақ шоқының көтеріңкі жақтарында қар жамылғысының қуаттылығы және қардағы су қоры көбірек жергілікті жердің биіктеуімен сұйық жауын-шашынның мөлшері өседі. Ұсақ шоқының көтеріңкі жерлерде жиі нөсерлер қайталанады. Жергілікті жердің еңістігінің мәні егістік ағындарға әсер етеді. Соның арқасында су алабының төмен жерлерде ақпайтын сулардың аккумуляциясы төмендейді. Сондықтан Ұсақ шоқының көтеріңкі бөлігі ағындының қалыптасуына ыңғайлы жағдай туғызады. Зерттеп отырған территорияда ағынды қалыптастырушы факторлардың ең қолайсыз жағдайы жазық жерлер оңтүстік және батыс аймақтарында байқалады. Тұрақсыз қыс, жиі жымылықтар кезінде қардың толық еруіне әкеліп соқтырады. Құмтопырақтың лифильтрациялық, мүмкіндігінің жоғарлығы, жергілікті жердің кішкене еңістігі және тұйық ойпаттардың көптігі жергіліктің ағындының қалыптасуына мүмкіндік туғызбайды, ал гидрографиялық тор мұнда транзистік өзендер телімімен көрсетілген. Бұл телімдер үшін жоғарғы лифильтрация, арнада аллювиальды шөгіндінің қалыптасу мүмкіндігі толық және жартылай толмаған арналық ыдыстардың көптігі, қайырдың кебуімен кейінгі олардың жер асты сулармен қоректенуінің әлсіздігі тән. Осыған қарап облыс өзендерде қалыптасу, транзит және жоғарту ағындылары зоналарын бөліп алуға болады. Қалыптасу зонасы - бұл Ұсақ шоқының көтеріңкі бөліктерінде орналасқан өзеннің жоғарғы телімі. Транзит зонасы - орта телімі, ал жоғарту зонасы өзеннің жазыққа шығу жерінде басталады. Облыс шегінде солтүстікке қарай ағатын өзендерде тек қалыптасу және транзит ағындысы орналасады. (Нұра, Құланөтпес, Көл, Терісаққан, Торғай, Ұлы-жыланшек) .

2. 2 Су өтімі режимі

Облыстың барлық ағындыларының көктемгі тасу сипаты негізінен біркелкі су тасу қарқынды қар еру кезінде басталады. Алғашқы кезеңде су арнада жиналып алдағы мұзды бұзады, ал кеуіп қалған ағындыларды, ағынды арнадағы қардың үстімен өтеді.

Нұра өзені - Сергиопольское бекетінде көктемгі су тасу шамамен мамырдың ортасында аяқталады. Көктемгі су тасудан кейін жазғы су сабасына түсу басталады. Кейбір кіші өзендер ғана кеппейді. Нұра өзенінде барлық бақылау жүргізу уақытында өзен тек 1951 жылы кепкені белгіленген. Жазғы су сабасына түскен кезде кейбір өзеннің суы көтерілгені байқалады, бұл жазғы жауын-шашынның әсері. Нұра өзеніндегі Сергиопольское бекетінде жүргізілген 18 жылдық бақылаулар ішінде жеті рет жауындық су тасқыны болған. Сипатты жылдар үшін де жауындық су тасқыны байқалады. Жазғы су сабасына түсуден кейін күзгі су тасуы басталады. Су тасу шамамен 2-10/1Х басталады. Ол өзеннің ең жоғарғы мәніне әр жылы әр уақытта жетеді. Күзгі су тасу уақыты (ұзақтығы) шамамен 24 күннен 56 күн. Гидрограф шыңы ең көп шыңды болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нұра алабы өзендерінің ағындысының қалыптасуындағы табиғи және антропогендік фаторларының рөлі
Қарастырып отырған территорияда атмосфералық жауын - шашынның таралуы тым бірқалыпсыз
Нұра өзені сужинау алабының желісі
Сарысу өзені алабының гидрографиялық сипаттамасы
Сарысу өзенінің гидрологиялық зерттелуі
Есіл алабы өзендерінің ең жоғары ағындысын бағалау
Нұра өзені
Тобыл және Есіл алаптары өзендерінің жылдық ағындысы
Нұра өзені – Бес-Оба бекеті бойынша су өтімі қисықтарын тұрғызу және жылдық ағындыны есептеу
Есіл өзені сужинау алабының табиғи сипатамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz