Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі және мемлекеттік реттеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әкімшілік -құқықтың қатынастардың құрылымы және субъектілері

Кәсіпорындар мен мекемелер де әкімшілік құқық субъектілері болып табылады. Шаруашылық -коммерциялық қызметі жүзеге асырушы ұйымдар кәсіпорынға жатады, олардың басты мақсаты- табыс алу.

Кәсіпорындарға қарағанда мекемелердің айырмашылығы, олар әкімшілік-саяси, ғылыми, мәдени -әлеуметтік және басқа өрістердегі функцияларды табыс таппай орындайды, шаруашылық-коммерциялық қызмет оларға тән емес, тек қосымша болуы мүмкін. Бұл- кәсіпорын мен мекемелерді әкімшілік құқық субъектілері ретінде бірінен бірін бөліп қараудың негізгі себептері.

Кәсіпорындар мен мекемелердің қызыметінің нормативтік-құқықтық негізін ҚР Азаматтық кодексі, заңнама мен заң күші бар актілер құрайды.

Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі олардың түріне байланысты. Ұйымдарды мына белгілеріне қарай топтастыруға болады:
-Меншік формалары бойынша: мемлекеттік; заңды жне жеке тұлғалардың жеке меншігіне негізделген дара; аралас;

- Қызметтің негізгі түрі бойынша: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, сауда, көлік, банк, сақтандыру, құрылыс. т. б.

- Денсаулық сақтау, білім беру, мәдени, ғылыми, спорт, және т. б. мекемелері.,

Ұйымдар өз кезегінде ұйымдық - құқықтық формаларына қарай кооперативтер; шаруашылық серіктестері, оның ішінде, акцанерлік қоғам; қоғамдық және діни бірлестіктер; мемлекеттік; концерндер; корпарациялар, консорциумдар, холдинг компаниялары, фирмалары, т. б. болып бөлінеді.

Ұйымдар басқа негіздемелер бойынша да топтастырылуы мүмкін, мысалы, шетел капиталының қатысуына байланысты. ү

Ұйымдардың мүліктің меншік иелері немесе уәкілетті органдар құрады. Мемлекеттік ұйымдардың құрылуы басқарудың құқықтың актілерін шығаруды қарастырады. Олар бар ұйымды қайта ұйымдастырудың, оның ішінде монополияға қарсы органдардың шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру нәтижесінде де құрылуы мүмкін.
Ұйымдардың көпшілігінде міндетті түрде жарғы болуы тиіс, оны меншік иесі немесе уәкілетті орган бекітеді, ал жарғыда көрініс табатын негізгі мәселелерді мемлекет анықтайды. Сонымен қатар ұйымдар құрылтай шарты негізінде, ал мекемелер, заңда көзделген жағдайда - осындай түрді ұйымдастыру туралы жалпы ереже негізінде әрекет ете алады.

Ұйымдардың әкімшілік құқық субъектілігі олар әділет органында тіркелген кезден бастап туындайды. Құрылтай құжаттары заң талптарына сай келмесе, заңда белгіленген құру тәртібі бұзылса, тіркеуден бастартылуы мүмкін. Ұйымдар тіркеуден өткенде оларға қоғамдық өмірдің әртүрлі өрісінде, оның ішінде мемлекетік басқару өрісінде құқықтар мен міндеттер, әкімшілік құқыөқ қатынастарына кіру қабілеті беріледі. Бұл өрістегі құқықтар мен міндеттер олардың әкімшілік -құқықтық мәртебесінің міндетті түрдегі элементі болып табылады. Олардың ішіндегі мемлекеттік болып табылатындарына мемлекет міндет белгілейді., функциялары мен құрылымын, басқару оргадарын құру тәртібін және бағыныштылық сипатын анықтайцды, ол олардың құқықтық мәртебесінің бөлігі болып табылады. Жеке ұйымдар, жалпы құқықтық міндеттеулерге бағынғанымен, ондай мәселелерді өз бетімен шешеді. Мысалы, банктер мен сақтандыру ұйымдары өздеріне заң рұқсат еткен қызметпен ғана айналысуға құқылы. Мемлекеттік, жеке және аралас ұйымдардың әкімшіліқ - құөықтық мәртебесінде біршама айырмашылықтар бар, бірақ олар біртіндеп жойылады, себебі, меншік формасына қарамастан олардың бәрінде құрудың, тіркеудің және қызметтің теңдей жағдайы болуға тиіс.

Сонымен қатар, мемлекет, қызметтің мемлекеттік бағалы қағаздар мен ақша шығару, қару -жарақ және жарылғыш заттар жасау; кейбір жұқпалы және жүйке ауруларына ұшырағандарды емдеу сияқты түрлерімен айналысу құқықтарын шектейді.

Мұндай құқықар тек мемлекеттік ұйымдарға ғана берілген.

Ұйымдар әртүрлі мәселелер бойынша мемлдекеттік басқару органдарымен арада қалыптасқан көптеген әкімшілік құқық қатынастарында өз құқықтарын жүзеге асырады және міндеттем алады, олар: қандайда бір қызыметпен айналысуға лецензия және құрылыс жүргізуге рұқсат алу; әкімшілік жауаптылыққа тарту, мемлекет тарапынан бақылау жүргізу; көлік құралдарыне тіркеу, т. б.

Ұйымдардың құқықтары мен зщаңды мүдделеріне әкімшілік құқықтық кепілдік беру олардың әкімшілік - құқықтық мәртебесінің тағы бір элементі болып табылады. Олардың қатарына мына заң ережелерін жатқызуға болады.

- мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың ұйымдардың шаруашылық және басқа да қызыметіне араласуына жол берілмейді;

- ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын бұзған лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдардың әкімшілік жауаптылығы белгіленеді;

- мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мұндай әрекеттеріне шағым келтіру құқығы беріледі;

- мемлекеттік органдар жүргізатін тексерулер заңмен шектеледі;

- өздерінің меншік формаларына қарамастан ұйымдарға материялдық, қаржы, еңбек, табиғат, интелектуальдық, ақпкараттық ресурстарға қол жеткізуде теңдей құқық беріледі;

- ұйымдарды қорғаудың теңдей жағдайлары қамтамасыз етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық субъектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік қызмет: түсінігі, ерекшеліктері және әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Кәсіпорындар: ұйымдық-құқықтық формалар, мемлекеттік кәсіпорындар және ПетроҚазақстан мысалы
Мемлекеттік қызмет: ұғымы, принциптері және әкімшілік-құқықтық реттеу
Кәсіпкерліктің мемлекеттік-құқықтық нысандары және мемлекеттік реттеу: кәсіпорындар, бақылау, қорғау, шағын кәсіпкерлікті қолдау
Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі мен мемлекеттік әкімшілік қамтамасыз ету және тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі: құқықтар, міндеттер және әкімшілік кепілдіктер
Атқарушы органдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі мен жүйесі
Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің құқықтық мәртебесі, құқықтары мен міндеттері және әкімшілік қызметкерлерді аттестациялау тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz