Макроэкономикалық үрдістер



Мазмұны

Кіріспе

I. Қазақстан Республикасы . ХВҚ1 миссиясының алдын ала тұжырымдары ІV бабына сәйкес консультация
I.1 Ақша.несие саясатының 2006 . 2008 жылдарға
арналған негізгі бағыттары
I.2 Ақша. несие саясатының 2007.2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары

II. Макроэкономикалық үрдістер
II.1 Монетарлық шолу
II.2 Қаржы нарықтарына шолу

III. Қазақстан Республикасының банкноттары

Қорытынды
Кіріспе

«Біздің банк жүйесі – керемет» деген қате пікір. Өйткені, біріншіден, банк туралы қолданыстағы заңдар сын көтермейді. Екіншіден, бұл сала тек коммерциялық банктердің пайдасына қолайлы. Негізі, Қазақстанның Ұлттық банк жүйесі еліміздің ұлттық экономикасына тән, қолайлы болуы қажет. Ал бізде солай ма?..
Ал оны ел экономикасына тиімді ету үшін қазіргі қолданыстағы қаржы саласы туралы заңдарды қайта қарастырып, оны жетілдіру қажет. Ұлттық банктің ең үлкен мақсаты – ақша-несие саясатын дұрыс жолға қою. Міне, біздегі ақша-несие саясаты осы мақсатқа сай деп айта алмаймын. Мысалы, Ұлттық банк ақша-несие саясатын өздері әзірлейді, басқармаларымен мақұлдайды. Бірақ оны ешкімге бекіттірмей, қолданысқа енгізеді. Ал бұл — ақылға онша қонбайтын нәрсе. Жалпы, ақша-несие саясаты дегеніміз — мемлекеттік саясат. Ал ол құқықтық мемлекетте биліктің тармақтары арқылы жасалады. Мәселен, бір жерде соғыс болып жатып, мемлекет оған көмек бергісі келсе, ең алдымен, Парламент шешеді. Себебі ол – саясат. Ал белгілі бір құзырлы органдардың мемлекеттік саясатты өзіне тән етіп жасап алуы —дұрыс емес. Сондықтан банк секторындағы бірінші келеңсіздік — заңдардың сын көтермейтіндігі деп айтар едім. Яғни ақша-несие саясатын Ұлттық банк жасауы керек, басқармасында тексеріп, мақұлдасын, бірақ оны бекітіп, өмірдің айналымына Парламент пен Президент енгізуі керек. Сонда ғана жауапкершілік болады.
Жылда өзгерістер болып жатады. Ал Ұлттық банктің ақша-несие саясатын алып қарасаңыз, соңғы өзгерістерде тек мүдделі топтарға ғана тиімді жасалған. Мысалы, аталмыш заңның 68-бабында «Қазақстан Ұлттық банктің қызметін жылда осы банк басқармасымен бекітілген тәуелсіз аудиторлық ұйым тексереді» деп көрсетіледі. Бұл – мәселен, біреудің компаниясын тексеру үшін солар ақша беріп шақыртқан адамдар тексереді деген сөз... Ал кім жалақы беріп отырған басшысын жамандайды?.. Көрші Ресейде Орталық банктің қызметін тексеру үшін тартылатын аудиторлық компания таңдауы Мемлекеттік Дума еншісіне берілген. Сонда жаңағы аудиторлық компания тексеруден соң, Дума алдына келіп есеп береді. Бұл өте дұрыс нәрсе деп ойлаймын. Сондай-ақ осы бапта «Ұлттық банктің және оның бөлімшелеріндегі қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру тек Елбасының келісімімен жүзеге асырылады» делінген. Біз құқықтық дамыған елміз. Бізде Парламент, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, заңның орындалуын қадағалап отыратын прокуратура, қаржы полициясы бар, сонда олар өз қызметін орындау үшін Елбасыдан рұқсат сұрауы керек пе?..
Ертең кедендегілер «бұл жақсы нәрсе екен, бізді де тек Елбасының
мақұлдауымен тексерсін» деп шығуы әбден ықтимал.
Айналып келгенде мұның бәрі Конституциямызға қайшы келеді.
Бізде «прокуратура барлық заңның орындалуын ешкімнен сұрамай
тексеруі керек» деген заң бар. Бұл – дұрыс. Бірақ Ұлттық банк тек президентке бағынады деп айтылады. Олай болатын болса, Президент әкімшілігінде банк жүйесін қадағалап отыратын арнайы
аппарат әлдеқашан құрылуы керек еді ғой... Тіпті заңдық тұрғыда Ұлттық банкке берілген мұндай артықшылықтардан кейін кімнің оны тексеруге батылы барады?..Заң атауының өзі дұрыс емес. Оны ақша-несие саясатының негізгі бағыттары дейміз. Бірақ мұнда несие туралы тұщымды бір нәрсе айтылмайды. Сондықтан, меніңше, оны тек ақша саясаты деп атау керек.Сондай-ақ Ұлттық банктің ақша-несие саясатында жеті құрал атап көрсетіледі. Алайда шынайы өмірде банк мұның тең жартысын қолданып отырған жоқ. Мысалы, инфляцияны базардағы тауардың бағасымен салыстырып өсіп жатыр деп айтамыз. Мәселен, қызанақты алалық. Оның бағасы күнде көтеріліп барады. Ал оны арзандату үшін Ұлттық банк базарда қызанақтың көбейгенін қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін екінші деңгейлі банктер арқылы отандық фермерлерге қаржыландыру функциясы бойынша арзан несие беруі тиіс. Сонда біріншіден, өзіміздің тауар шығарушыларды қолдаймыз, екіншіден, базарда бәсеке күшейіп, баға түседі. Бұл инемен құдық қазған сияқты.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I. Қазақстан Республикасы – ХВҚ1 миссиясының алдын ала тұжырымдары ІV
бабына сәйкес консультация

I.1 Ақша-несие саясатының  2006 – 2008 жылдарға

 арналған негізгі бағыттары

I.2 Ақша- несие саясатының   2007-2009 жылдарға  арналған негізгі
бағыттары

II. Макроэкономикалық үрдістер

II.1 Монетарлық шолу

II.2 Қаржы нарықтарына шолу

III. Қазақстан Республикасының банкноттары
Қорытынды

Кіріспе

Біздің банк жүйесі – керемет деген қате пікір. Өйткені,
біріншіден, банк туралы қолданыстағы заңдар сын көтермейді. Екіншіден, бұл
сала тек коммерциялық банктердің пайдасына қолайлы. Негізі, Қазақстанның
Ұлттық банк жүйесі еліміздің ұлттық экономикасына тән, қолайлы болуы қажет.
Ал бізде солай ма?..
Ал оны ел экономикасына тиімді ету үшін қазіргі қолданыстағы қаржы саласы
туралы заңдарды қайта қарастырып, оны жетілдіру қажет. Ұлттық банктің ең
үлкен мақсаты – ақша-несие саясатын дұрыс жолға қою. Міне, біздегі ақша-
несие саясаты осы мақсатқа сай деп айта алмаймын. Мысалы, Ұлттық банк ақша-
несие саясатын өздері әзірлейді, басқармаларымен мақұлдайды. Бірақ оны
ешкімге бекіттірмей, қолданысқа енгізеді. Ал бұл — ақылға онша қонбайтын
нәрсе. Жалпы, ақша-несие саясаты дегеніміз — мемлекеттік саясат. Ал ол
құқықтық мемлекетте биліктің тармақтары арқылы жасалады. Мәселен, бір жерде
соғыс болып жатып, мемлекет оған көмек бергісі келсе, ең алдымен, Парламент
шешеді. Себебі ол – саясат. Ал белгілі бір құзырлы органдардың мемлекеттік
саясатты өзіне тән етіп жасап алуы —дұрыс емес. Сондықтан банк секторындағы
бірінші келеңсіздік — заңдардың сын көтермейтіндігі деп айтар едім. Яғни
ақша-несие саясатын Ұлттық банк жасауы керек, басқармасында тексеріп,
мақұлдасын, бірақ оны бекітіп, өмірдің айналымына Парламент пен Президент
енгізуі керек. Сонда ғана жауапкершілік болады.
Жылда өзгерістер болып жатады. Ал Ұлттық банктің ақша-несие саясатын
алып қарасаңыз, соңғы өзгерістерде тек мүдделі топтарға ғана тиімді
жасалған. Мысалы, аталмыш заңның 68-бабында Қазақстан Ұлттық банктің
қызметін жылда осы банк басқармасымен бекітілген тәуелсіз аудиторлық ұйым
тексереді деп көрсетіледі. Бұл – мәселен, біреудің компаниясын тексеру
үшін солар ақша беріп шақыртқан адамдар тексереді деген сөз... Ал кім
жалақы беріп отырған басшысын жамандайды?.. Көрші Ресейде Орталық банктің
қызметін тексеру үшін тартылатын аудиторлық компания таңдауы Мемлекеттік
Дума еншісіне берілген. Сонда жаңағы аудиторлық компания тексеруден соң,
Дума алдына келіп есеп береді. Бұл өте дұрыс нәрсе деп ойлаймын. Сондай-ақ
осы бапта Ұлттық банктің және оның бөлімшелеріндегі қаржылық-шаруашылық
қызметін тексеру тек Елбасының келісімімен жүзеге асырылады делінген. Біз
құқықтық дамыған елміз. Бізде Парламент, Ұлттық қауіпсіздік комитеті,
заңның орындалуын қадағалап отыратын прокуратура, қаржы полициясы бар,
сонда олар өз қызметін орындау үшін Елбасыдан рұқсат сұрауы керек пе?..
Ертең кедендегілер бұл жақсы нәрсе екен, бізді де тек Елбасының
мақұлдауымен тексерсін деп шығуы әбден ықтимал.
Айналып келгенде мұның бәрі Конституциямызға қайшы келеді.
Бізде прокуратура барлық заңның орындалуын ешкімнен сұрамай
тексеруі керек деген заң бар. Бұл – дұрыс. Бірақ Ұлттық банк тек
президентке бағынады деп айтылады. Олай болатын болса, Президент
әкімшілігінде банк жүйесін қадағалап отыратын арнайы
аппарат әлдеқашан құрылуы керек еді ғой... Тіпті заңдық тұрғыда Ұлттық
банкке берілген мұндай артықшылықтардан кейін кімнің оны тексеруге батылы
барады?..Заң атауының өзі дұрыс емес. Оны ақша-несие саясатының негізгі
бағыттары дейміз. Бірақ мұнда несие туралы тұщымды бір нәрсе айтылмайды.
Сондықтан, меніңше, оны тек ақша саясаты деп атау керек.Сондай-ақ Ұлттық
банктің ақша-несие саясатында жеті құрал атап көрсетіледі. Алайда шынайы
өмірде банк мұның тең жартысын қолданып отырған жоқ. Мысалы, инфляцияны
базардағы тауардың бағасымен салыстырып өсіп жатыр деп айтамыз. Мәселен,
қызанақты алалық. Оның бағасы күнде көтеріліп барады. Ал оны арзандату үшін
Ұлттық банк базарда қызанақтың көбейгенін қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін
екінші деңгейлі банктер арқылы отандық фермерлерге қаржыландыру функциясы
бойынша арзан несие беруі тиіс. Сонда біріншіден, өзіміздің тауар
шығарушыларды қолдаймыз, екіншіден, базарда бәсеке күшейіп, баға түседі.
Бұл инемен құдық қазған сияқты.

I.Қазақстан Республикасы – ХВҚ1 миссиясының алдын ала тұжырымдары ІҮ бабына
сәйкес консультация

ХВҚ миссиясы ІҮ бабына сәйкес жыл сайынғы консультация жүргізу үшін 2006
жылғы 11 сәуір – 30 наурыз аралығындағы кезеңде Қазақстанда болды. Миссия
соңғы  консультация берген кезеңнен бері болған қалыптасқан
макроэкономикалық ахуалды және  экономиканың перспективаларындағы
өзгерістерді қарады. Қазақстанда өмір сүру деңгейінің одан әрі артқаны және
негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады. Қысқа мерзімді
перспективадағы экономикалық саясаттың негізгі міндеті  банк секторында
күшейіп отырған тәуекелдер жағдайында жоғары экономикалық көрсеткіштердің
сақталуын және соңғы айларда инфляцияның айтарлықтай көтерілуін білдіреді.
1.
Қазақстандағы экономикалық белсенділік жоғары деңгейде қалып отыр, 2005 жыл
ЖІӨ-нің қарқыны 9 пайызға асып түскен үздіксіз нақты өскен алтыншы жылы
болды. Негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруы және жұмыссыздық 
деңгейінің төмендеуі жалғасты.  Мұнайға  жоғары бағасы және мұнай
кірістерінің динамикалық өсуі кезінде көп бөлігі болашақ ұрпақ үшін
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (ҚРҰҚ)  жинағын толықтыратын бюджет
шығыстарының одан арғы едәуір экспансиясы  ықтимал болады. 2006 жылы 2005
жылдың екпінді қарқынымен салыстырғанда мұнай секторының  өсу қарқынының
ықтимал төмендеуі кезінде экономикалық белсенділік динамикасының сақталуы
күтілуде.
2. Банк секторында күшейіп отырған тәуекелдерге және соңғы айлардағы
инфляцияның айтарлықтай көтерілуіне  байланысты жоғары экономикалық
көрсеткіштерді сақтауды білдіретін экономикалық саясаттың негізгі міндетін
орындау. Кредиттің өсу қарқыны бір жылда шамамен 75 пайызға көтерілді және
банктердің сыртқы қарыз алуының есебінен -  2005 жылдың төртінші тоқсанының
өзінде 4,5 млрд. долларға қаржыландырылды. Нәтижесінде қаржыландырудың
халықаралық нарықтарындағы талаптар күшейген және несие портфельдерінің
сапасы төмендеген жағдайда  банктер осалдылығын күшейтті. Бұдан басқа,
инфляцияның қарқыны қысқа мерзімді перспективада, оның ішінде 2007 жылы
белгіленіп отырған мемлекеттік қызметшілердің жалақысын одан әрі көтеру
және банктік кредиттеудің жалғасып отырған тез өсуі нәтижесінде  пайыздан
асып түсетін  деңгейде қалады деп болжануда.
3. Тәуекелдерді азайту және инфляцияны төмендету үшін ақша-кредит саясаты
бағамын едәуір күшейту қажет. Жалғасып отырған қайта монетизациялау
номиналдық көрсеткіште ЖІӨ өсімінен асып түсетін қарқынмен ақша-кредит
агрегаттары  одан әрі өскенмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(ҚҰБ) кредиттік экспансия қарқынын төмендету және инфляциялық қысымды тежеу
мақсатында өтімділікті жою үшін дереу іс-әрекет етуі тиіс. Бұған  барлық
міндеттемелерді қосу үшін  резервтік талаптарды қамтуды халықаралық 
деңгейге жеткізу және кеңейтуге қарай банк депозиттері бойынша сыйақы
ставкасын (пайыздық ставка) арттыру арқылы жетуге болады, бұл сыртқы қарыз
алу қарқынын азайтуға   ықпал етеді. Бұдан басқа, өтімділікті  жою арқылы
резервтік талаптарды қалыпты және уақытша көтеру туралы мәселені қарауға
болады. Банктер  экономикалық саясатты іске асыру үшін  қолданылатын
пайыздық ставкаларды және  нақты көрсетуде ең төменгі деңгейге дейін
төмендеген  несие ставкаларын көтеру түрінде өз клиенттерінің неғұрлым
қатаң резервтік талаптарын көтеруін күтуде. Оқиғаның осындай бағыты
кредитке сұранысты шектейтіндіктен қажет.
4. Сол уақытта теңгенің номиналдық нығаюы  инфляциялық қысымды тежеуге
ықпал ететін болады. Мұнайға жоғары бағаның есебінен Қазақстанның  негізгі
экономикалық көрсеткіштері және сыртқы сауда жағдайының ауқымды түрде
жақсаруы ұзақ мерзімді перспективада  нақты айырбас бағамының  едәуір
нығаюын көрсетеді. Осындай жағдайда теңгенің нақты нығаюын тежеу  былтырғы
жылдың тәжірибесі көрсеткендей инфляция қарқынының артуына алып келеді; бұл
көтерілуді тоқтату қиын болады және ол ақырында экономикаға неғұрлым күшті
теріс әсер береді.
5. Ақша-кредит талаптарын күшейту кейін бюджеттен толықтырылатын ҚҰБ
балансына әсер етеді. Экономикалық саясатты іске асыру үшін қолданылатын
пайыздық ставканы көтеру  ҚҰБ пайыздық ставкаларын көтеруге себеп болады.
Бұдан басқа, айырбас бағамын нығайту  бухгалтерлік есеп мақсатында
теңгедегі ресми резервтерді шетел валютасында сақтайтын айырбастаудан
туындайтын қайта бағалау кезінде  едәуір шығындарға алып келеді. 2005 жылы
қабылданған және  осындай шығындар жағдайында капиталды толықтыруды
қарастыратын заңнама қажет. Алайда, қалыптасқан жағдайларда, ҚҰБ-не дереу
капитал салу ақша-кредит саясатының нарықта инфляциямен күреске даяр екенін
және кіріс пен шығын түсініктерін шектемейтінін анық білдіреді.
6. Банктердің несие портфельдеріне байланысты тәуекелдерді тежеу үшін өткен
жылы қабылданған бірқатар пруденциалдық нормативтердің,   жылжымайтын
мүлікке байланысты кредиттеу тәуекелдері және сыртқы кредиторлар
тұлғаларына байланысты кредиттеу нормативтерін қоса алғанда  дұрыстығын
айту қажет.
Жылжымайтын мүлікке бағаның тез өсуін және ипотекалық  кредиттеу және
құрылысты кредиттеудің одан әрі жалғасқан толқынын негізгі ала отырып, 
кредиттің негізгі сомасы мен қамтамасыз етуге ұсынылған активтің бағалау
құны арасындағы пайызға  ара қатынасын және несиелерді жіктеу үшін  олардың
төлем қабілеттілігі бойынша, әсіресе ақша-кредит талаптарын күшейтудің
әсерінен кредиттің өсу қарқыны қажетті қарқыннан қалған жағдайда, одан әрі
күшейту мәселесін қарауға тура келеді. Бұдан басқа,  сыртқы кредиттеу және
банктің инвестициялық қызметі бойынша  пруденциалдық нормативтерді  күшейту
мүмкіндігін қарастыру қажет.
7. Сондай-ақ сыртқы қаржыландыруды тежеу үшін одан әрі пруденциалдық
шаралар қажет.  Сыртқы банкаралық қарыз алу толқыны  ауқымды қаржыландыру
ағынының талаптарын күрт күшейткен жағдайда банктердің осалдылығын
арттырады. Миссия  осы уақытта қаралатын шараларды және шетел
міндеттемелерінің өтімділігіне талаптарды қатайтуды, таза ашық позиция
лимиттерін одан әрі төмендетуді және қысқа мерзімді сыртқы қарық алуға
лимиттерді енгізуді - оның ішінде банк капиталына қатысты ұзақ мерзімді
өтеу мүмкіндігімен неғұрлым ұзақ мерзімді  қарыз алуды – қолдайды. Осы
шаралар ішкі міндеттемелермен салыстырғанда шетел міндеттемелері бойынша 
неғұрлым жоғары резервтік талаптарды уақытша ұстар еді. Бұдан басқа, 
миссия  ҚҰБ және Қаржы нарығы мен қаржы   ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігі  (ҚҚА) жасаған банктердің сыртқы міндеттемелері бойынша
деректерде айтарлықтай алшақтықтың болғанын айтады.  Осы алшақтықтарды жою
банктік борышты жою мерзімдерінің нақты профилін бағалау үшін жоғары
басымдылықты міндет болуы тиіс; сондай-ақ борышты болашақта өтеу профилінің
жүйелі мониторингін ұйымдастыру қажет. Бұл  борышты өтеудің  және тұтастай
алғанда банк жүйесі үшін  тиісті тәуекелді ұзартудың болашақ кезеңдерін
бағалауға ықпал етеді.
8. Реттеу жөніндегі шаралар  оларды банктердің сақтауын қамтамасыз ету үшін
қолданылып жүрген қадағалауға сүйенуі қажет. Жергілікті жерлерде, әсіресе
жоспарланбаған тақырыптық тексерулерде,  инспекциялардың кезеңділігін және
тереңдігін арттыру және дистанциялық стресс-тестілеуді жетілдіру және банк
өтімділігі үлгілерінің мониторингін жүргізу және өтеу мерзімдері бойынша 
сәйкессіздіктерді талдау қадағалау қызметінің аса маңызды құрамдас бөлігі
болады. ҚҚА тәуелсіздігін сақтау агенттікке деген сенімге және оның
жұмысының тиімділігіне  кепіл болады. Бұдан басқа,  банк жүйесінің даму
қарқынынан қалып отырған  ҚҚА-ға қадағалау ресурстарын кеңейту және
қадағалау
саласына білікті мамандарды тарту және ұстау үшін  тиісті деңгейде жалақыны
ұстау талап етіледі. Өсіп келе жатқан тәуекелдер кезінде ҚҚА пруденциалдық
нормативтерді кез келген бұзушылықты жедел қарауға дайын болуы тиіс және
қиындықтар туындаған жағдайда, қандай да бір мәселенің ұшы шыққанға дейін
мәселеге араласуға және шешуге тиіс.
9. Ақша- несие саясатын тиісті қатайту  әлеуметтік қажеттілікті  және
инфрақұрылымдағы, сондай-ақ экономиканы түрлендірудегі қажеттілікті
қанағаттандыруға бағытталған бюджет-салық саясатын жоспарлы түрде
ырықтандыруға ықпал етуі қажет. Мұнай кірістерінің одан әрі  болжанып
отырған өсуі және  бұрынғыдай  күтіліп отырған жоғары мұнай кірістері
бюджет тұрақтылығына қауіп төндірмей шығыстарды көбейту және салықтарды
төмендету үшін  айтарлықтай мүмкіндіктер ұсынады. Шығыстың, бекітілуі жақын
болашақта күтіліп отырған қосымша қаржы бөлуді қоса алғанда,  қабылданған
жоспарына сәйкес ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік шығыстардың өсуі 2006 және 2007
жылдары жалғасады. Бұл  шығыстардың, әсіресе жобаларды бекіту және нақты
сатуды бағалау тетіктерінің тиімділігін мұқият тексерудің маңыздылығын
көрсетеді. Кіріс бөлігіне қатысты, миссия  нақты секторлар үшін салық
ынталандыруларынан туындайтын ауытқуларды қолданудан және оның ішінде
көлеңкелі экономикада салық  заңнамасын сақтауды жақсарту мақсатында
салықтарды төмендетуге өте-мөте сүйенуден сақтандырады. Осы салада
Дүниежүзілік банк тарапынан берілетін техникалық көмек тиімді және әділ
салық жүйесін әзірлеуге ықпал етуге тиіс.
10. Қазақстан экономикасының  орта мерзімді перспективалары қолайлы болып
қалып отыр. Алайда, ақша-кредит саясатының көмегі және қысқа мерзімді
перспективадағы айырбас бағамының нығаюы кезіндегі макроэкономикалық
саясаттың қажетті қатаюынсыз неғұрлым жоғары инфляцияның нығаюы және банк
жүйесі осалдығының күшеюі ықтимал. Осындай міндетемелер  экономикалық өсу
және бәсеке қабілеттілік үшін теріс зардаптар
әкелуі тиіс.

11. Инвестициялық климатты және экономикалық басқаруды жақсарту бойынша
маңызды шаралар қыбылданды. Миссия Кен өндіру салаларының айқындығы бойынша
бастамаға (EITI) қосылу туралы биліктің шешімін қолдайды. Аудиторлық
тексерулерден өткен есептерді без жариялау айқындылықтың маңызды жетістігі
болып табылады. Айқындылық сондай-ақ 2006 жылғы шілде және 2007 жылғы
қаңтарда ҚРҰҚ басқарудың жаңа тетігін кезең кезеңмен енгізу арқылы
күшейеді. Осы тетік  мұнай кірістерінің және оларды пайдалану мөлшерін
айқындайды және  орта мерзімді бюджет  стратегиясын әзірлеу және іске асыру
кезінде  пайдалы болады.Жаңа тетік  сондай-ақ бюджет тәртібін автоматты
түрде енгізуге бара бар, сондықтан  өткен жылдағыдай бюджетке биліктің
дұрыс қарауы қажет. Миссия кірістердің едәуір өсуіне куә ҚҚС басқаруды
едәуір жақсартуға алып келген ҚҚС бойынша  ақпарат жүйесін ендіруді
қолдайды.
12. Мұнай секторының өсу перспективасында  тұрақтылықты қамтамасыз етумен
бірге басқа салаларда  құрылымдық реформаларды жүргізу және билік алға
қойған түрлендіру бойынша мақсаттарға жету қарқынын шапшаңдату қажет. Орта
мерзімді перспективада  нақты айырбас бағамының  мұнайға жатпайтын
сектордың бәсеке қабілеттілігіне әсерімен өтелетін өнімділікті едәуір
арттыру талап етіледі. ДСБ-не тез ену, кеден әкімшілігіндегі реформа
(Дүниежүзілік банктің техникалық көмегімен) және аймақтық сауданы
дамытудағы одан әрі прогресс осы жетістіктерді бекіте түседі. Бұдан басқа,
іскерлік климатты зерттеулермен анықталған  әлсіз жерлерді жоюға
бағытталған реформалар – телекоммуникация инфрақұрылымы, шамадан тыс
тексеру және іскерлік құжаттама мен  лицензиялауға  өзін-өзі ақтамаған
талаптар, сондай-ақ  бәсекеге кедергі келтіретін тәжірибе – экономикалық 
өсу перспективаларын жақсартады.
13. Мұнай және мұнайға жатпайтын  секторлардағы ұлттық шоттар мен төлем
балансының деректерін  бөлшектеуді жетілдіру  макроэкономикалық жағдайды
бағалауды және тиісті экономикалық саясатты  тұжырымдауды жеңілдетеді.
Миссия тиісті ақпаратты жасауды жетілдіру туралы биліктің ниетін құптайды
және  техникалық көмек бойынша  ХВҚ-ның соңғы миссиясының ұсынымдарын
кешіктірмей жүзеге асыруды ұсынады. Қаржы министрлігімен (Кедендік бақылау
комитеті), ҚҰБ, Статистика  агенттігі мен Экономика және бюджеттік
жоспарлау 
министрлігі арасында тығыз ынтымақтастық қажет болады.

I.1 Ақша-кредит саясатының  2006 – 2008 жылдарға

 арналған негізгі бағыттары

2005 жылдың алдын ала қорытындылары.  Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы
секторы  тұрақты дамуда. Бұған  қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура
және соңғы жылдар бойы Қазақстандағы макроэкономикалық дамудың жоғары
тұрақты қарқыны ықпал етуде.
2005 жылғы алдын ала бағалау бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы сауда айналымы 33,8%
өсіп, 55,4 млрд. долларға жетті, тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты –
34,5% өсіп, 30,4 млрд. долларға дейін жетті, ал тауарлар мен қызмет
көрсетулер импорты – 32,9% өсіп, 25,0 млрд. доллар болды.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005
жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі  2004 жылмен салыстырғанда 9,4% құрады. Өндірістің
нақты көлемінің өсуі экономиканың барлық салаларында байқалады: өнеркәсіпте
– 4,6%, ауыл шаруашылығында – 7,3%, құрылыста – 37,8%, көлік қызметін
көрсету көлемі – 7,0%, байланыс қызметі – 27,7%, сауда – 9,3% көбейді. 2005
жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2004 жылмен салыстырғанда
35,7% жетті.
2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  халықтың ақшалай кірісінің өсуі нақты
көрсетуде 12,0% құрады. Осының салдарынан бөлшек тауар айналымының көлемі
2005 жылы 12,4% көбейді.
2005 жылы инфляция 7,5% жетті (2004 жылғы желтоқсанға қарағанда 2005 жылғы
желтоқсан). Бірқатар алдыңғы жылдар бойы өсіп отырған инфляциялық қысым
жағдайында инфляция салыстырмалы түрде алғанда жоғары емес тұрақты деңгейде
– жыл аяғындағы есеппен 6-7% (2002 жылы – 6,6%, 2003 жылы – 6,8%, 2004 жылы
– 6,7%) шегінде қалды.
2005 жылы азық-түлік тауарлары –  8,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар –
5,9%, ақылы қызмет көрсету – 8,0% қымбаттады.  Баға газбен жабдықтауға –
34,5%,  жемістер мен көкөніске – 23,1%, білім беру мекемелерінің қызмет
көрсетулеріне – 19,5%, күрішке – 18,3%, сондай-ақ ет және ет өнімдеріне –
12,5%   неғұрлым  өскенін көрсетті.
Бірқатар факторлар, оның ішінде экономикалық белсенділіктің артуы 2005
жылы инфляциялық қысымның нығаюына ықпал етті. Жыл бойы әлемдік тауар
нарықтарындағы қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына бағалардың өсуі
сақталды. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  Brent сортты шикі мұнайға
әлемдік бағалар 40,8%, табиғи газға – 42,5% өсті. Бұл ішкі нарықтағы тиісті
тауарларға отандық өндірушілер бағаларының көтерілуіне алып келді.2005 жылы
мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жалғасты. Егер олар 2004 жылы ЖІӨ-ге
23,9% болса, 2005 жылы олар ЖІӨ-ге 27,9% дейін көбейді. Мұның өзі
экономикалық белсенділікті ынталандырады, алайда инфляциялық қысымның
ұлғаюына ықпал етеді.2005 жылы халық кірістерінің өсуінен туындаған
инфляциялық күтулер қосымша инфляциялық фактор болды.
2005 жылы өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағалары (2004
жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2005 жылғы желтоқсан) 20,3% өсті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізген нақты сектор кәсіпорындары
мониторингінің деректері  іс жүзінде 2005 жыл бойы бағаның өсу үрдістерінің
сақталғанын растайды (орташа алғанда сауал жүргізілген кәсіпорындардың 25%
астамы дайын өнімге бағалардың тұрақты өсуін, 55% жуығы сатып алынатын
шикізат пен материалдарға бағалардың өсуін күтуде).
Тұтыну бағаларының қалыптасуына кірістердің ұлғаюы мен экономикалық
белсенділіктің артуымен көрінген ақшаға сұраныстың өсуі белгілі бір
дәрежеде әсер етті.
Ақшаға сұраныстың өсуі  ақша агрегаттарының кеңеюіне себеп болды. 2005 жылы
ақша массасының  25,2%  өсіп, 2065,3 млрд. теңгеге (2004 жылы– 69,8%) дейін
көбеюі  ішкі кредиттеудің өсуімен қамтамасыз етілді. Экономикаға кредиттер
2005 жылы 74,7% өсті.
Ақша массасының кеңею қарқындарымен салыстырғанда номиналды ЖІӨ өсуінің
барынша жоғары қарқыны (27,0%) экономиканы  монетизациялау деңгейінің 2004
жылдың соңындағы 28,1%-дан 2005 жылдың аяғында 27,7%-ға дейін өсуіне алып
келді.2005 жылы айналыстағы қолма-қол ақша  8,6% өсіп, 411,8 млрд.теңгеге
жетті, ал 2004 жылдың тиісті кезеңінде  өсу 59,0% құрады.2005 жылы ақша
базасы 14,7% 663,0 млрд. теңгеге дейін өсті (2004 жылы – 82,3%). Ақша
мультипликаторы 2005 жылы ақша базасының кеңею қарқынымен салыстырғанда
ақша массасы өсуінің озық қарқыны салдарынан 2,86-дан 3,12-ге дейін
өсті.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері
2005 жылдың аяғында бір жыл ішінде 23,8% қысқарып, 7065,9 млн. долл. болды.
Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы
бағалармен),Қазақстан РеспубликасыҰлттық қорының ақшасын қоса алғанда
(алдын ала деректер бойынша 8014,7 млн. доллар)  2005 жылы 4,7% ұлғайып,
15084,4  млн. долларды құрады.
2005 жылы артық өтімділік деңгейін төмендету үшін ақша-кредит саясатын
күшейту шаралары қабылданды. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 7%-дан 8%-ға
дейін бірте-бірте көтерілді, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы
кеңейтілді және резервтік активтердің тізбесі қысқартылды.Ішкі валюта
нарығында сұраныстың ұсыныстан шамалы ғана асып кетуі 2005 жылы теңгенің
АҚШ долларына қатынасы бойынша 2,9% номиналдық құнсыздануына алып келді
(биржалық бағам бойынша). Бұл  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
валюта нарығына  өзінің қатысуын қысқартуға мүмкіндік берді.
Ақша-кредит саясатының инфляцияға әсерін күшейту үшін ақша-кредит
саясатының құралдары жетілдірілді. Мәселен, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап 
депозиттік және кредиттік операциялар, қысқа мерзімді ноталарды шығару,
репо операциялары сияқты  ақша-кредит саясатының жекелеген операцияларының
мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді болжайтын  ақша-
кредиттік реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді. Бірегейлендіру нәтижелерін
күшейту үшін овернайт, овердрафт  заемдарын беру және тікелей репо
операцияларын жүргізу  уақытша тоқтатылды.
Қысқа мерзімді ноталар эмиссиясының көлемі 3,5 есе ұлғайған кезде (1960,2
млрд. теңге) олардың айналыстағы көлемі 2005 жылы 396 млрд. теңгеден 161
млрд. теңгеге дейін қысқарды. Бұл шығарылатын ноталардың айналыс
мерзімдерінің айтарлықтай қысқаруына байланысты (2004 жылы орташа алғанда
243 күннен 2005 жылы орташа алғанда 30 күнге дейін).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерден
депозиттерді тарту көлемі 2005 жылы 3,4 есе 2627,9 млрд. теңгеге дейін
өсті. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің олар бойынша
өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 10,3% 78,8 млрд. теңгеден 86,9 млрд.
теңгеге дейін өсті.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға
тұрақтылығына жету жөніндегі қабылдаған шараларына қарамастан, инфляция бір
жылда орташа есеппен алғанда 2005 жылға арналған мақсатты бағдардан (5,2-
6,9%) асып түсіп, 7,6% құрады. Осы жағдайларда Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі  Ақша-кредит саясатының  2006 – 2008 жылдарға  арналған
негізгі бағыттарын әзірледі.
 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  2006-2008 жылдарға арналған
қызметінің негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз
етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым
бағыты деп айқындайды.Тиісінше инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу
жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларды
негізге ала отырып, ақша-кредит саясатының негізгі өлшемдерінің болжамдарын
құруды болжайды.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы  2006 жылы іске
асыруға  белгіленген шараларды нақтылай отырып,  тұтастай алғанда үш жылға
(2006-2008 жылдар) берілген, бұл осы құжаттың орташа мерзімді бағытын атап
көрсетеді. Келесі жылдарға көрсеткіштер  ағымдағы жылдың соңында
нақтыланатын болады.
2006-2008 жылдарға арналған ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі екі сценарийлік нұсқаны қарастырды.
Сценарийлік нұсқаларға бөлудің өлшемі мұнайға әлемдік бағалардың деңгейі
болып табылады (қалыпты бағалар сценарийі және жоғары бағалар сценарийі).
Мұнайға төмен әлемдік бағалардың сценарийін  нарықта  бағаның күрт төмендеу
мүмкіндігі  қысқа мерзімді болашақта барынша төмен болғандықтан, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі қарастырмайды.Қарастырылып отырған сценарийлік
нұсқаларда экономикалық өсудің жоғары қарқыны, макроэкономикалық
тұрақтылық  және қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктураның сақталуы
болжанады.Соңғы жылдардың тәжірибесі сыртқы қарыз алу көлемдерінің ақша-
кредит саясатына айтарлықтай ықпалын көрсетіп отыр. Бұл фактор ақша кредит
саясатын жүргізген кезде маңызды факторлардың бірі болып қала береді. Мұның
өзі банктер мен кәсіпорындардың сыртқы қарыз алу көлемдерінің ішкі және
сыртқы нарықтардағы пайыздық ставкаларына қарамастан айтарлықтай болатынына
байланысты.Есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс
істеу тетігінің өзгерістері есепке алынбады, олар 2006 жылдың екінші
жартыжылдығында орын алады.
Болжамдарды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
әзірлеген ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігі үлгісінің нәтижелері
пайдаланылды.
Мұнайға қалыпты бағалар сценарийі 2006-2008 жылдары Брент сортты
мұнайдың әлемдік орташа бағасы бір баррель үшін 45-60 доллар шегінде
қалғанда, әлемдік пайыздық ставкалар шамамен ағымдағы деңгейде сақталады
деп болжайды.  Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары экономиканың
орташа жылдық өсуі 8-9%, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық
резервтері – 12-38%, ақша массасы – 24-35%, ақша базасы – 20-42% шегінде
күтіледі. Экономиканы монетизациялау деңгейі 2006 жылғы 32%-дан 2008 жылы
38%-ға дейін өседі.
Мұнайға жоғары бағалар сценарийі  алдағы үш жылдық кезеңде мұнайдың
әлемдік бағасының одан әрі өсуін болжайды. Осы сценарий бойынша  Брент
сортты мұнайдың орташа әлемдік бағасы бір баррель үшін 65 доллардан асып
түседі деп күтіледі. Мұнайға қалыпты бағалар сценарийімен салыстырғанда
әлемдік пайыздық ставкалардың неғұрлым төменгі деңгейіне жету болжанады.
Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары мұнайға қалыпты бағалар
сценарийімен салыстырғанда экономиканың барынша жоғары орташа жылдық өсуі
күтілуде. Халықаралық резервтердің, ақша агрегаттарының өсу болжамы мұнайға
қалыпты бағалар сценарийіне қарағанда орташа алғанда 7-12 пайыздық тармаққа
жоғары болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  ақша-кредит саясатының негізгі
мақсаты мұнайға қалыпты бағалар сценарийін іске асыру кезінде инфляцияны
5,7-7,3% шегінде және мұнайға жоғары бағалардың  сценарийін  іске асыру
кезінде – 6,9-8,5% шегінде ұстау болады.
Екі сценарийдің ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұнайға
қалыпты бағалардың сценарийін барынша шынайы деп есептейді.Осыған
байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірқатар шараларды, оның
ішінде ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды іске асыруды
жоспарлап отыр. Бұл сценарийге қарамастан шетелдік капиталдың айтарлықтай
келуі, ішкі қаржы нарығында өтімділіктің артық болуы, мемлекеттік бюджет
шығыстарының өсуі жағдайларында инфляциялық қысымның сақталуы болжанатынына
байланысты.
Мұнайға жоғары бағалар сценарийі іске асырылған жағдайда ақша-кредит
саясатының шаралары көп дәрежеде қатаңдатылуы мүмкін.
Ақша-кредит саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
2006-2008 жылдары  ақша-кредит операцияларын пайдаланудың тиімділігін
арттыру және ақша нарығының жағдайына қабылданатын шаралардың әсерін одан
әрі күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығындағы ахуалға және
инфляцияның деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша ставкаларды, ресми
қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, реттеп отырады. Неғұрлым маңызды
мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты
жөніндегі кеңесінің мәжілісінде қарастырылатын болады, оның жұмысына
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың,
академиялық топтардың, сондай-ақ қаржы секторының өкілдері қатысады.
Қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің
артық өтімділігін реттеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері және қысқа мерзімді
ноталарды шығару болып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
депозиттерді тарту көлемін шектемейді, алайда олар бойынша ставкаларды
айқындайды. Қысқа мерзімді ноталарды шығару қысқа мерзімді құралдар бойынша
қисық кірістілікті  қалыптастыру және қаржы нарығының басқа құралдарын
дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақының нарықтық ставкаларына
әсерін ставкалардың дәлізін (төменгі ставка – депозиттерді тарту жөніндегі
ставка, жоғарғы ставка – заемдар беру жөніндегі ставка) белгілеу арқылы
арттыру жұмысы жалғастырылады. Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру
шеңберінде  қайтарылуына Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік
беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын
салымдары (депозиттері) бойынша сыйақының шекті ставкаларын ресми қайта
қаржыландыру ставкасына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының трансмиссиялық
тетігінің үлгісі жетілдіріледі, ол ақша-кредит саясаты құралдарының негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда инфляцияға әсерін бағалауға
мүмкіндік береді.Артық өтімділік проблемасының өткірлігін төмендету үшін 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің  нормативтерді сақтауға
тиіс міндеттемелерін кеңейту арқылы  ең төменгі резервтік талаптарды
есептеу тетігін одан әрі жетілдіруді жүзеге асыруды ниет етіп отыр.
Өтімділікті   шектеу бойынша көзделген шараларға қарамастан,  ақша ұсынысы
экономикалық өсудің барынша жоғары қарқынын қамтамасыз ететін болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  валюта бағамының қысқа мерзімді
және алып-сатарлық  ауытқулары салдарын әлсірету мақсатында ғана  валюта
бағамын қалыптастыруға араласуды жүзеге асыра отырып,  қандай да бір ұзақ
мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай  өзгермелі айырбас бағамы  саясатын
жүргізуді жалғастырады. Бағамның ауытқуы  ақшаға сұраныс пен ұсыныстың ара
қатынасына байланысты болады. Шетел валютасы ағындарына мониторинг жүзеге
асырылады.
Қаржылық емес корпорациялар секторының даму үрдістерін және бағыттарын, 
қалыптасқан экономикалық конъюнктураны және кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын,  төлем қабілеттілігі деңгейін және капитал тарту қажеттілігін,
кредиттік ресурстарға сұранысын, кәсіпорындардың инвестициялық саясатын
бағалау  мақсатында экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының
мониторингі  бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Инфляцияны ұстау жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен  іс-әрекеттерін
күшейтуді талап етеді. Валюталық реттеу және валюталық бақылау
саласындаҚазақстанда  валюталық режимді  одан әрі ырықтандыруға, капитал
қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді 
әзірлеуге  бағытталған  саясат жалғасады.  Сыртқы экономикалық операциялар
бойынша ақпараттық база жетілдіріледі, бұл 2007 жылдан бастап валюталық
операцияларды жүргізудің  рұқсат етілген тәртібінен   жүйелі  мониторинг
және селективті бақылау жүйесіне тиімді  өтуді  қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің тиімділігін және
қауіпсіздігін арттыру,  тәуекелдерді басқару және төлем жүйелерін 
қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша  одан әрі шаралар қабылданатын
болады. Осы жүйеге техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің
операторларын, провайдерлерін, сондай-ақ  төлем жүйелері пайдаланушыларын
бақылау және қадағалау  жүйелері кіреді.  Төлем жүйелерін жоғары ақпарат
технологияларымен және алдыңғы қатарлы техникамен жабдықтауға айтарлықтай
көңіл бөлінеді. Төлем жүйелерінің үздіксіз және үзіліссіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жаңа резервтік
орталықты құру жөніндегі жұмыс жүргізіледі.Қолма-қол ақша айналысы
саласында  2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  жаңа
дизайндағы  банкноталарды айналысқа енгізеді, бұл  полиграфиялық және
компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты болып отыр. Банкноталарда
жаңа қорғау және  машина оқитын элементтер болады.Қаржы жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету шеңберіндеҚазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіреді.Ақша-кредит
саясаты  қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қазақстан
Республикасының қаржы секторын дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған 
тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту  оның барлық
бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен және басқа да
мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканың әлсіз факторларын
ашатын Қаржылық тұрақтылық туралы есепті дайындау жұмысын жүргізеді.
Халықаралық қаржылық ұйымдармен (Халықаралық Валюта Қоры,Дүниежүзілік Банк,
Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі
және басқалары) белсенді ынтымақтастық жалғастырылады.Интеграциялық
бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы төлем
жүйесін ұйымдастыру, ЕурАзЭҚ-на мүше елдердің  интеграцияланған валюта
нарығын құру, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК), Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) қалыптастыру  жөніндегі мемлекетаралық және
ведомствоаралық топтардың жұмысына қатысу  жөніндегі жұмыстарды
жалғастырады.
1-кесте
Ақша-кредит саясатының 2006 - 2008 жылдарға арналған негізгі
көрсеткіштерінің болжамы (мұнайға қалыпты бағалар сценарийі)
  2005 2006 2007 2008
Инфляция (орташа алғанда7,6 5,7-75,0-75,0-7,0
кезең ішінде), % ,3 ,0
Қайта қаржыландыру 8,0 8,0 7,5 7,5
ставкасы, %
Қазақстан Республикасы 7,1 9,7 11,2 12,5
Ұлттық Банкінің жалпы
алтынвалюта
резервтері,   млрд. АҚШ
долл.
өзгеруі %-бен -23,8 37,7 15,4 11,7
Ақша базасы, млрд. теңге663 939 1184 1416
өзгеруі %-бен 14,7 41,7 26,1 19,6
Ақша массасы, млрд. 2065 2789 3561 4413
теңге
өзгеруі %-бен 25,2 35,0 27,7 23,9
Резиденттердің 1654 2228 2830 3525
депозиттері, млрд. теңге
өзгеруі %-бен 30,1 34,7 27,0 24,6

- 17 -

I.2 Ақша- несие саясатының   2007-2009 жылдарға  арналған негізгі
бағыттары

2006 жылы инфляциялық қысымның күшею үрдісі жалғасты. Қазақстан
Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2006 жылы
инфляция 8,4%-ға (2005 жылғы желтоқсанға 2006 жылғы желтоқсан) жетті, ал
2005 жылы ол 7,5% болған. Азық-түлік тауарлары 7,3%, азық-түлікке жатпайтын
тауарлар 7,1%, ақылы қызмет көрсету 11,6%-ға қымбаттады. Ең үлкен өсуді
жеміс-көкөніс - 25,2%, бензин - 21,5%, көлік қызметі - 19,3%, қант - 16,4%
бағалары көрсетті.
Елдің экономикасындағы инфляциялық үрдістерді айқындайтын негізгі
факторлардың күші бірнеше жыл бойы сақталып келе жатқандықтан, ұзақ
мерзімді және іргелі сипатта болып отыр.
1.1. 2006 жылғы инфляцияның негізгі факторлары.
Ел экономикасындағы инфляциялық үдерістерге қысым көрсететін негізгі
факторлардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады:
1) жиынтық сұраныстың жоғары қарқынмен өсуі;
2) шетел валютасының әкелінуі;
3) жалақының жоғары өсуі;
4) өндіріс шығасыларының жылдам өсуі;
5) тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарықтарындағы бәсеке деңгейінің
төмен болуы.
 1) Жиынтық сұраныстың жоғары қарқынмен өсуі
Бөлшек сауда айналысы, кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы,
мемлекеттің шығыстары жиынтық сұраныстың негізгі көрсеткіштері болып
табылады.Бөлшек сауда айналысының ұлғаюына халық кірісінің өсуі себеп
болды. 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы халықтың номиналды ақшалай
кірісі 20,2%-ға, ал нақты көрсеткіште 10,7%-ға ұлғайды. Нәтижесінде бөлшек
тауар айналымының көлемі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға
артты. Кәсіпорындар сұранысының өсуі инвестициялардың өсуінен көрінеді.
Нәтижесінде 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға
өсті.Халықтың тұтыну сұранысы және кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы
кредиттік ресурстарға қол жетімділігінің артуымен нығаяды. Банктердің
экономикаға берген кредиттерінің көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы
69,1%-ға ұлғайды. Мемлекеттің сұранысы бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюынан
көрінеді.Алайда Қазақстанның бюджет саясаты, әсіресе 2006 жылдың 2
жартыжылдығында айтарлықтай бірқалыпты болды. Ол шығыстарының аздап
өскендігіне қарамастан мемлекеттік бюджетке келіп түскен жоғары
түсімдермен, сондай-ақ едәуір соманың Ұлттық қорға аударылуымен
сипатталады. 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің түсімдері 2005 жылдағы
жағдайлармен салыстырғанда, яғни Ұлттық қорға түсімдерді қоспағанда, ІЖӨ
шаққанда 22,2% (2005 жылы – ІЖӨ шаққанда 23,6%), шығыстары – ІЖӨ шаққанда
21,4% (ІЖӨ-ге шаққанда 22,9%) болды.Индикаторы ІЖӨ-нің нақты өсуі болып
табылатын жиынтық ұсыныстың өсуі Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігінің деректері бойынша 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 10,6%
құрады. Тұтастай алғанда жиынтық сұраныстың кеңею қарқыны жиынтық
ұсыныстың өсуінен асып кетпегеніне қарамастан 2006 жылдың жекелеген
кезеңдерінде экономикадағы ахуал айтарлықтай бірқалыпты болған жоқ. Мысалы,
2006 жылдың 1 жартысында жиынтық сұраныстың өсуі жиынтық ұсыныстың
кеңеюінен едәуір асып кетсе, ал 2 жартысында ахуал керісінше өзгерді.
Инфляцияның 2006 жылдың 1 жартыжылдығында өсіп, 2 жартыжылдығында төмендеуі
осымен түсіндіріледі.
2) Шетел валютасының әкелінуі. Шетел валютасы Қазақстан Республикасына үш
негізгі жолмен түседі: сауда-саттық операцияларынан, тікелей инвестициялау
операцияларынан және екінші деңгейдегі банктердің заемдық
операцияларынан.2006 жылдың қорытындысы бойынша сауда балансының сальдосы
оң болып, 14,6 млрд. АҚШ долларынан асты. Тікелей шетелдік инвестициялардың
таза  әкелінуі 6,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Екінші деңгейдегі банктердің
сыртқы борышы 2006 жылда 18 млрд. АҚШ долларына өсіп, 33,3  млрд. АҚШ
долларын құрады.Сыртқы ресурстардың ағыны Қазақстан резиденттерінің
шетелдік активтерінің өсуін қамтамасыз етті. 2006 жылы елдің ресми
резервтері, яғни Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық
Банк) халықаралық резервтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
(бұдан әрі – Ұлттық қор) жинақтары 2,2 есе өсіп, 33,2 млрд. АҚШ долл. дейін
жетті. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2006 жылы 2,7 есе
ұлғайып, 2006 жылдың аяғында 19,1 млрд. АҚШ долларын құрады.Шетел
валютасының біршама әкелінуінің нәтижесінде ақша агрегаттары кеңейді. Ақша
массасының 2006 жылы 79,9%-ға  3716 млрд. теңгеге дейін өсуі банк жүйесінің
ішкі активтерінің ұлғаюынан туындады. Алдын ала жасалған деректер бойынша,
номиналдық ІЖӨ-нің ұлғаю қарқынымен салыстырғанда ақша массасы өсуінің
барынша жоғары қарқыны экономиканы монеталандырудың 2005 жылдың аяғындағы
27,2%-дан 2006 жылдың аяғында 38,1%-ға өсуіне әкелді. 2006 жылы айналыстағы
қолма-қол ақша 45,8%-ға 601 млрд. теңгеге дейін өсті, 2005 жылы ол 8,6%-ды
құраған болатын. 2006 жылы ақша базасы 2,3 есеге 1501 млрд. теңгеге дейін
(2005 жылы – 14,7%-ға) кеңейді. Ақша мультипликаторы 2006 жылы ақша
базасының кеңею қарқынының ақша базасының өсу қарқынымен салыстырғанда асып
түсуінің нәтижесінде 3,12-ден 2,47-ге дейін төмендеді.
3) Жалақының жоғары өсуі. 2006 жылдың қорытындысы бойынша 2005 жылмен
салыстырғанда номиналды жалақы 19,7%-ға, ал нақты көрсеткішпен 10,2%-ға
ұлғайды.Еңбек өнімділігінің тиісінше немесе басып озатын көтерілуімен
бекімеген жалақының өсуі Қазақстан Республикасында байқалып отырған
инфляцияның экономикаға қысымының күшеюіне әкеп соғады. Алдын ала жасалған
деректер бойынша 2005 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі Ұлттық Банктің
бағалауы бойынша 8,4%-ға артты.
4) Өндіріс шығасыларының жылдам өсуі. Қазақстан Респубикасы Статистика
агенттігінің ресми деректері бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары үшін
материалдық-техникалық ресурстардың бағалары 2006 жылы 9,7%-ға өсті (2005
жылғы желтоқсанға қарағанда 2006 жылғы желтоқсанда). Нәтижесінде осы
кәсіпорындардың тауарлары мен көрсететін қызметтер 14,6%-ға қымбаттады,
оның ішінде аралық тұтыну өнімі 15,9%-ға, өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген
тұтыну тауарлары 8,2%-ға, өндіріс құралдары 8,7%-ға қымбаттады. Өндіріс
шығасыларының жоғары өсуі ақырғы өнімнің, оның ішінде тұтыну тауарлары мен
көрсетілетін қызметтердің қымбаттауына әкеп соқты, ол 2006 жылы ғана емес,
2007 жылы да әсерін жалғастыра береді. Бұл тұтыну тауарлары мен өнеркәсіп
кәсіпорындарының өндірістік құралдары бағалары өсуінің аралық тұтыну
өнімдері бағаларының өсуінен қалып қоюына байланысты.Қазақстан
Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген энергия ресурстарының
бағасы 2006 жылы 10,0% өсті, оның ішінде мұнай  бағасы 11,0%-ға, табиғи газ
бағасы 3,5%-ға қымбаттады. Нәтижесінде жанар-жағар май материалдарының
бағасы да тұтыну нарығында ұлғайды. Атап айтқанда, бензин 2006 жылы 21,5%-
ға, көлік қызметтері – 19,3%-ға қымбат болды.
5) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарындағы бәсекелестік
деңгейінің төмен болуы.Жекелеген тауарлар және көрсетілген қызметтер
нарықтарында біршама ойыншылар, көбінесе ірі делдалдық құрылымдар (әсіресе
тамақ өнімдері нарығында) жұмыс істейді. Бұл ретте нарықтардың
монополиялығы тұтас алғанда республика бойынша байқалмауы мүмкін, ал
аймақтарда аймақтық монополиялар жұмыс істейді. Нарыққа еркін кіру ұсақ
кәсіпорындар үшін не толығымен жабық, не едәуір қиындатылған.Тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің жекелеген нарықтарындағы бәсекелестік деңгейінің
төмен болуы нәтижесінде деңгейі көтерілді.
1.2. Ұлттық Банктің қабылдаған шаралары және 2006 жылғы ақша-кредит
саясатының нәтижелері.Осы факторлардың инфляциялық үдерістерге теріс
ықпалын азайту мақсатында Ұлттық Банк 2006 жылы қатаң ақша-кредит
саясатын жүргізуді жалғастырды. Ол инфляциялық қысымның төмендеуіне
себепші болатын мынадай
шаралар топтарынан тұрады:
• Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкаларды көтеру жөніндегі
шаралар (қымбат ақша саясатын жүргізу);
• екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін алуға бағытталған
шаралар;
• айырбас бағамы саясаты жөніндегі шаралар.
Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкаларды көтеру шаралары (қымбат
ақша саясатын жүргізу).
Жыл басынан бері қайта қаржыландырудың ресми ставкасы екі рет: 2006
жылдың 1 сәуірінен бастап 8,0%-дан 8,5%-ға дейін, ал 2006 жылдың 1
шілдесінен бастап 9,0%-ға дейін (соңғы бір жарым жыл ішінде төртінші
жоғарылатылуы) жоғарылатылды. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын
депозиттер бойынша ставка төрт рет: 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап 3,5%-дан
3,75%-ға дейін, 2006 жылдың 3 шілдесінен бастап 4,0%-ға дейін, 2006 жылдың
1 қарашасынан бастап 4,25%-ға, 2006 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 4,5%-ға
дейін жоғарылатылды. Ноталар бойынша кірістілік 2005 жылдың аяғындағы 2,24%-
дан 2006 жылдың аяғында 4,95%-ға дейін өсті (тиімді кірістілік). Ұлттық
Банктің операциялары бойынша ставкалардың әсері банкаралық нарықтағы
кірістілік арқылы банктердің экономикаға берген кредиттері бойынша нарықтық
ставкаларға беріледі. Ақша-кредит саясатының шараларын қолданудың
нәтижесінде Қазақстан қор биржасындағы 7 күндік банкаралық репо
операциялары бойынша ставкалар 2005 жылдың желтоқсанындағы орташа 1,54%-дан
2006 жылғы желтоқсанда орташа 5,15%-ға дейін көтерілді. Бұдан басқа 2006
жылдың маусымы мен желтоқсаны аралығында ұлттық валютадағы банкаралық
депозиттер бойынша ставкалар 3,77%-дан 4,45%-ға дейін, долларлық депозиттер
бойынша – 5,08%-дан 5,35%-ға дейін көтерілді. Банкаралық нарықтағы
кірістіліктің көтерілуі экономикаға берілген кейбір лагты кредиттер бойынша
ставкаларға сәйкесінше әсер етеді, сондықтан бұл бағыттағы нәтижелер 2007
жылы байқалатын болады.Екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін алуға
бағытталған шаралар. Ұлттық Банктің банк секторындағы артық ақшаны алу
бойынша қаржы нарығындағы операциялары ұлғайтылды. 2006 жылы 2005 жылмен
салыстырғанда депозиттер 3,1 есе артық тартылды, яғни көрсетілген кезең
ішінде тартылған депозиттердің көлемі 2,6 трлн. теңгеден 8,1 трлн. теңгеге
дейін өсті. Нәтижесінде банктердің депозиттеріндегі қалдықтар 51,5%-ға
131,6 млрд. теңгеге ұлғайды. 2006 жылдың басынан бері Ұлттық Банктің қысқа
мерзімді ноталарын бір аукционда ұсыну көлемі 31 млрд. теңгеден 150 млрд.
теңгеге дейін біртіндеп ұлғайтылды. 2006 жылы 3,8 трлн. теңге көлемінде
ноталар шығарылды, бұл 2005 жылға қарағанда 2,0 есе көп. Айналыстағы
ноталар көлемі 2006 жылы 3,3 есеге 533,1 млрд. теңгеге дейін артты. 2006
жылғы 12 шілдеден бастап Ұлттық Банк жаңа Ең төменгі резервтік талаптар
(ЕРТ) туралы ереже енгізді. Ол бойынша банктің ЕРТ нормативтеріне кіретін 
міндеттемелерінің құрылымы біраз кеңейтілді. Сонымен қатар ең төменгі
нормативтік талаптардың мынадай жіктелген нормативтері енгізілді: банктің
ішкі міндеттемелері үшін 6% және өзге міндеттемелері үшін 8%.  18 шілдеден
бастап екінші деңгейдегі банктер алғашқы рет жаңа ереженің талаптарына
сәйкес ең төменгі резервтік талаптарды есептей бастады, ал 20 шілдеден
бастап резервтік активтерін қалыптастыра бастады. Ережеге өзгерістердің
енгізілуі ең төменгі резервтік талаптардың ұлғаюына әкеп соқты, ол өз
кезегінде резервтік активтердің өсуіне әкелді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес ЕРТ нормативтерін орындау үшін екінші
деңгейдегі банктердің резервтік активтері 2006 жылғы желтоқсанның аяғында
қажетті деңгейден 1,1 есе асып түсті, ал ағымдағы жылдың шілде айының
ортасында ол 2,4 есе асып кеткен болатын. Банк жүйесі өтімділігінің
қысқаруы банктердегі бос ақшаның азайғанын білдіреді, мультипликативті
әсерді ескерсек, ол банктердің кредит беру мүмкіндіктерінің едәуір
қысқаруына әкеп соғады. Тұтастай алғанда бұл инфляциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат
ЖҰӨ дефляторы
Макроэкономикалық саясат жайында
Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Макроэкономикалық модельдердің мәні, түсінігі, түрлері
Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру бағыттары
ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ МОДЕЛІ
Пәндер