Ішімдіктің денсаулыққа залалы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Ішімдіктің денсаулыққа залалы . . . 4
- Алкоголизмнің даму үрдісі . . . 4
- Анық азап арақтан . . . 5
Қорытынды . . . 7 Пайдаланылған әдебиеттер . . . 8
КІРІСПЕ
Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан алкоголь алу сонау V-VI ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь - ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь - рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.
Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмыс-тіршіліктің сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық - гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық - физиологиялық қолайсыздықтар, яғни гендік - тектік, физиологиялық - биохимиялық және экологиялық факторлар.
1. Ішімдіктің денсаулыққа залалы
Алкоголь - ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.
Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттің у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлдеқайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48%. Алкоголь ағзаға өте тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық - физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын жарақаттардың 20% арақ ішуден болады, 50% автокөлік апаты осы арақ ішуден туындайды.
Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдердің бәрін жойып жібереді. Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді.
Әркім қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалады.
Жанұяның берекесі кетеді. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түседі.
Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайды қызмет атқарады. Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық деградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бетінен жоқ болады. Мұның бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны "популяциялық деградация" деп атайды. Оның белгілі коэффициенті болады. Ф. Т. Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүниеге келеді екен. Сонда адамзат баласының ұрпағы келешекте не болмақ. Әрбір ішімдік денсаулыққа залалын тигізеді.
Ішімдіктердегі алкоголь көлемі бір мөлшерде болмайды.
Сырада орта есеппен алғанда - 3-6%, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь - спирт болуы мүмкін - 10-17%, шарапта-10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, конькта 40-50% болады.
Қандағы алкогольдің мәні 0, 01-0, 02% үлкен әрекетін сездірмейді. Ал, бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Қанда алкоголь мөлшері 0, 40% адам ес-тұсынан айрылып қалады, ал алкоголь мөлшері 0, 60-0, 70% болғанда адам өледі.
Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х. Қ. Сатпаева үш кезеңге бөледі:
- Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді
- Наркоманиялық алкогольдік психоз. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік көзге көріне бастайды.
- Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасына көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам күш - қуатынан мүлдем айрылып қалады.
2. Алкоголизмнің даму үрдісі
Үнемі салынып ішуден денсаулығын бұзып, делқұлы жағдайға жетіп, арнаулы емдеу орындарының есігін құрғатпайтын ағайынымыз өте көп. Т әжірибелі дәрігерлердің айтуынша, маскүнем ер кісіні бұл кеселден құлантаза айықтыруға болады екен де, ал ішкіш әйелге ем қонбайтын көрінеді. Көпшілік қоғамдық орындары мен көше бойларында шашы қобырап бетін жауып, аяқ - қолын бауырына жинай алмай, шәлжиіп жатқан нәзік жыныс өкілдері кім-кімнің де аяушылығын туғызары сөзсіз. Бір кезде ол әлдекімге аяулы жар, көзі жәутеңдеген қаншама бүлдіршінге қымбатты ана болған шығар. Ал, енді солай еді десе сену қиын-ақ. Біреуге аяулы, не қымбатты жан өзін соған лайықты ұстауға тиіс. Алтынды тот баспайды, кір - қоқыс пен күресінге кездейсоқ түсе қалса да өз қасиетін сақтап, жарқырап, көз жауын алып жатар еді.
Кеңес тұсында маскүнемдік дертінен сауықтыратын арнаулы орындар көптеп ашылып, жыл он екі ай бойына тоқтаусыз жұмысын істеп жатты. Қазір қолдың қысқалығына байланысты бұл мәселе күн тәртібінен түсіп қалды. Қаржылай өзін - өзі қамтамасыз етіп ғана қоймай, одан едәуір пайда табатын емдеу мен сауықтыру орындары нарық талабына орай өмір ағынына ілесіп, ал оған ілесе алмағаны аукционға саудаға түсіп жатқаны да ешкімге құпия сыр емес. Әркім өзі күтініп, денсаулығын сақтауға, ал ауыра қалса, ол үшін медициналық полисімен, онысы болмаса қалтасынан төлеуге тиісті. Енді ешкімді де мемлекет алақанына салып, сәбише еркелетпейді. Адам болсаң да, ада болсаң да өзің үшін!Жан керек екен, оны күтіп, қадіріне жет!Маскүнемді де "еркелеткен" заман өтті. Кеңес қоғамын іштен іріткен дерттің бірі осы - маскүнемдік пен салынып ішу еді. Бұл дерт өткеннен мирас болып бүгінге жетті. Бүгінгі уақытша экономикалық қиындық пен жаппай жұмыссыздық дендеген заманда талайлар қолдан арақ жасап сатуды өзінің күнкөріс көзіне айналдырды. Бұл аса қауіпті, отпен, ажалмен ойнағанмен тең!
Кім - кімге де белгілі, қазір көше бойлаған дүңгіршектерге қарасаң самсаған шетелдік неше түрлі арақ, шарап, коньяк!Жекешелендірілген дүкендер де тап солай. Ондағы айырмашылық барлығы дерлік өз өнімдеріміз. Қаншама қиыншылық, кәсіпорындарымыздың көпшілігі жабылып, жұмысын тоқтатты дегенімізбен, тоқтаусыз өнімін шығарып жатқаны да осы арақ - шарап зауыттары. Демек, оның өніміне деген сұраныстың артпаса кемімегені, шикізатының да ешқандай қиындықсыз табылып жатқаны таңдандырады.
Қысы ұзақ, аязы күшті, табиғаты аса қатігез, боранды болып келетін өлке адамдары үшін сапасы жағынан спирттен бірден кем түспейтін самогонды қайнату да, оны бой жылыту үшін иек астына бірер қырлы стаканын тастап жіберудің де ешбір "әбестігі" жоқ, ет үйренген әдеттегі дағдыға айналған сыңайлы. Біреу тоңып секіреді, ал екіншісі тойып секіреді. Арақ пен спирт, самогон мен самопал дүниеге келгенге дейін Сібір мен Тундрада, Чукотка мен Аляскада сан мыңдаған жылдар бойына адам баласы тұрып, жаурап, жасынамай - ақ, қыздырынбай - ақ тіршілігін жасап, қанша ұрпақ өсіріп, өніп, өскен ғой. "Қыздырыну", "бой жылыту" деген осынау өлкені басқыншылар күшпен басып алып, отарлаған соң шыққан. Арақтың қазақ тұрмысынан "ойып" орын алғаны да, "жерік асына" айналғаны да негізінен кешегі кеңес дәуірі.
3. Анық азап арақтан
Арақ - шараптан сонау Сібірдің қаншама ұсақ халықтары мен ұлыстары одан әрі майдаланып, ұсақталып, кейбірі кеми-кеми жойылып та кетті. Арақты бітеу жарадан да гөрі іштей кеміріп, жегідей жеп бітіретін обыр да жебір құрт деп түсіну ләзім. Адамды моральдық жағынан аздырып, тұқымы мен тектік сапасын түкке алғысыз ететіні де, төрдегі басыңды есікке сүйреп, мысқалдап жинаған абыройыңды шөміштеп төгіп, кісі бетіне қарағысыз жағдайға дейін жеткізетіні кім - кімге де құпия емес.
Қазақстан жан басына арақ ішу жөнінен Ресейді артқа тастап, ТМД бойынша алдыңғы орынға шықты деп ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Оған дәлелдің көп қажеті жоқ, оны күнбе - күн көріп жүрміз. Арақ қазақтың ұлттық асына айналғанына біраз уақыт болып қалды. Қазір көптеген қазақ отбасының үйінде бір шөлмек арақ табылады.
Ал арақтың қазақты "отарлауы" атақты "целинадан" басталды. Үкімет "целиниктердің" рухын көтеріп, ерлікке жігерлендіру үшін арақты аямай төкті. Бірге отырған көршісі, бірге жұміс істейтін жолдасы ұсынып жатса, көңілшек қазақ қалай бас тартады. Сөйтіп, бірте-бірте бұл сиқырлы жыланның арбауына түстік, тіпті кейін "ұстаздарымызды" артқа тастап көш бастап кеттік. Жалпы спирт пен алкогольді өнімдер шығаруды жеке кәсіпкерлер қолына бермей, мемлекеттің тікелей қарамағына берген дұрыс болар еді. Сонда арақ-шарап бағасы бұлай шарықтамайды, бюджет салығы дұрыс жиналады, әрі бұл "көлеңкелі экономиканың" дамуына тосқауыл қояды. Қаптаған арақ зауыттары бар үкіметке одан түсіп жатқан пайда шамалы. 1939 жылға дейін қазақтардың әйелдері 100 процент арақ ішпейді екен. Ал еркектерден ішетіні 5 процент қана. Қазір көрсеткіштер керісінше:еркектеріміз жүз процент ішеді, әйелдеріміздің бес проценті ішпесе, онда жақсы болғаны. 1998 жылғы араққа әуестенушілердің жалпы саны 32448 адам, оның 2895-і әйелдер. Жас шамасына қарай 14 жасқа дейінгісі 35; 15-17 жастағылары - 1504; 18-59 жастағылар 30785.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz