Абай ойларының қара сөздеріндегі өрнектері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

З. Бисенғали

АБАЙ ОЙЛАРЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ ӨРНЕКТЕРІ

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, мұны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алстым, кінә қойма.

Абайды әркім түсінеді, − десек сірә, қателесетін шығармыз. Өйткені оның өлеңдерін әр оқыған сайын, жаңа әсер мен ойлар қаптайды да еріксіз тебіренесің, толқисың. Ақын жүрегін тербеген сезімдер, араға ғасырлар салып саған оралғандай күй кешесің. Ой толқындарының қуатты ағысы жүрегіңді лүпілдетіп іліп ала жөнеледі де, оның таби-атын болжау үшін сірә, қалай болғанда ерекше қабілеттілеу жаралған, сұңыла адам болуы керек те шығар.

Алайда, Абайды ұғу ғана емес, терең түсіну бізге, ойшылдың бүгінгі және болашақ ұрпақтарына парыз. Көрнекті қазақ қаламгері Т. Әлімқұловтың Абай шығармашылығына арналған «Жұмбақ жан» деген зерттеу кітабы, монографиясы бар. Бұл сөз құдіретіне бас иетін, аса талантты қаламгердің Ұлы ойшыл шығармаларымен сан мәрте сырласуден кейін келген түйін.

Талай жылдарын Абайға, Абайды ұғуға арнаған суреткер оны - жұмбақ жан дейді. Мен де бір жұмбақпын, − дейді Абай. Ұлы ақын шығармашылығы туралы қаламгердің талдаулар мен толғамдарын оқып отырып Абайды ұқпақ болған қаламгер жолыққан сан қилы иірімдерге сен де жолыққандай боласың. Жолығу емес-ау соған тап болғаныңды сезінесің. Мұнда қабат-қабат ой мен толқыған сезім тереңіне тартады, тоқтай алмай зымырай жөнелесің. Бірақ, тұңғиықтың табалдырығына келіп тірелесің де тоқтайсың . . . Одан аттап өту үшін ерекше күш, қуат қажет.

Абайды оқу үшін, өлеңін түсіну, ұғу үшін қандай қуатты қасиет - күштің қажет екенін сонда ғана ұққандай боласың. Абайды терең білу үшін оның қара сөздерін ұғу керек. Әйтпесе өлең өрнегіне өрілген қабат-қабат сезімдер шұғыласына оранған ойларды таратып кете алмайсың. Бір ұшынан ұстасаң, екінші тармағы ұстатпай әуре қылады. Сондықтан да Абайды айрықша түсініп оқитын адамдардың жас шамасы да өмірбаяны да олардың шамасына орай, әдетте, әртүрлі болады. Абайдың өмірбаяндық мәліметтері мен шығармашылығына қатысты еңбектерде зерттеушілер ашық пайдаланып, жариялап айта алмаған үлкен бір мәселе болды. Ол Абайдың қара сөздері еді. Қырқыншы жылдар ішінде бұл тақырыпта түрлі деңгейде айтыс-тартыстар өтті. Мұның объективті де субъективті де себепкері болды. Субъективті себептердің бірі: Абай шығармалары өзегіндегі ресми идеологияның қағидаларына келіңкіремейтін ой-идея, дінге қатысты пікірлердің молдығы. Тіпті осы сөздерде жиі ұшырасатын діни түркілік тіл орамдары да шығыстық, түркілік, діни мұра атаулыны шатасудың, адасудың жолы деп қараған зерттеушілерді қорқытты.

Объективті себептеріне келер болсақ, қара сөздер өзегіндегі ойларда қайшылықты пікірлер мен шарпысқан сезімдер табы, толғаныстар толқындарының көптігі, поэтикалық орамдарының тосындығы, тілі мен архитектоникасының сонылығы т. б. көптеген зерттеушілерді шошытты, тәуекелге баруға екінің бірі бата алмады.

Абай қара сөздерінің кейбірінде байқалатын шарасыздық пен арпалыс, тартыстарда шаршаған ақынның толқыған жан әуендері, төңірегінен түңілу, безіну үндері осындай жайлармен қабаттасқан сезімдерден. Бұл домбыраның құлақ күйіне қажет үстіңгі ішек әуені болса, астыңғы ішек қашан да халық, ел қамын ойлап халыққа көмектескен, тығырыққа тірелген жандарға ақыл айтып, жол көрсеткен ғұламаның барар бағдар-болжамын аңғартсам деген адал көңіл, ақ тілектермен үндесіп жатыр.

Қара сөздер туралы алғашқы дау-дамайларда-ақ көп қозғалған, зерттеушілер назарын аударып, ойға түрткі болған мәселе - ондағы кейбір сөздерде діни, түркілік лексика мен грамматиканың, синтаксистің көп қолданылуы. «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол - ақынның білімсіз бишарасы», - деп келген Абайдың кенет халыққа түсініксіз үлгіде жазуы кездейсоқтық па, әлде мақсатты әрекет пе?

Оның мақсатты әрекет екені қара сөздермен жақсы таныс оқырманда (зерттеушіде ғана емес) дау туғызбайды. Мысалы, дін, исламиятқа қатысты сөздерде Абай оларға тән термин, ұғымдарды ғана емес, синтаксисті де сақтайды. «Кімде-кім жақсы дүр, жаман?. . дүр ғибадат қылып жүрсе, оны ғибадаттан тиюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуел - иманның иғтиқатын (нану, сану - З. Б. ) махкамлемек керек, екінші - үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей үйрене берсе керек». Бұл стиль Абайдың 1, 12, 13, 27, 32, 35, 36, 38, 43, 45 сөздерінде кездеседі.

Осындай сөздерде айтылған пікірлер мен ойларды көзделінген мақсаттарына орай салғастыра, топтай келе сол жылдардағы зерттеушілердің біразы төмендегі пікірлерге келеді: Абай қарасөздерін оның шығармашылығынан алып тастау. Өйткені, көркемдік деңгейі төмен, тілі нашар, мәтіні аз т. б. «Қара сөздер Абайдікі емес. Ұлтшылдардың өз иддеяларын Абай атын жамылып өткізу бағытындағы әрекеттері» т. б. Қазір қисынсыз көрінсе де кезінде бұл пікірге ойлағандар аз болмаған. Абай қарасөздеріндегі дін туралы пікірлер, құрылымындағы діни лексика т. б. талайларды ойға қалдырған . . .

Қара сөздер мен кейбір өлеңдер өзегіндегі Абай жандүниесін тербеген, ойын қозғаған идея-ойларды жан-жақты ашып айтудың қиындығы да аз емес. Өйткені онда совет үкіметі идеологиясының қалыбына сыймағандар да кездеседі. Сондықтан осы тақырыпқа барған зерттеушілер Абай қарасөздерін мейлінше абайлай пайдаланып, мұқият тексеріп, екшеп «идеологиялық електен» өткендерін ғана пайдаға жаратты. Бұл қиындықты М. Әуезов те көрді:

1. Абай қара сөздерін жұртқа, көпшілікке таныстыру;

2. Эпопеяда қолдану.

Қара сөздерде түрлі оқиғалар мен жағдайлар кезіндегі Абайдың ой толғамдары, сезім сырлары жақсы сақталған. Әуезов те осы сөздер астарында байқалған сезім табын үрлеп, шоғын өшіріп алмауға тырысады. Жоғарыдағы үзінділер оның айғағы.

Абайдың Қара сөздерінде кемеліне келген ғұламаның күрделі ойлары мен содан бастау алған сезім сырлары бейнеленген. Оны асықпай оқыған сауатты жанның аңғармауы мүмкін емес. Сондықтан да оны «тайыз» деген пікірлердің ар жағынан ресми идеологияға жалтақтау, болмаса шенді біреулерді қолдау тәрізді әлдеқандай мақсаттың қылтиып тұрғанын байқу қиын емес.

«Абай жолы» эпопеясында М. Әуезов хронологияны сақтай жазатын болса, қара сөздерді төртінші томында ғана қолданар еді. Алайда, қаламгердің оны эпопеяның бірінші томынан бастап пайдалана бастағанын көреміз. Алғашқы томдарда қарасөздердің мазмұнын ғана сақтай, еркін қолданады. Көп жағдайда бұл қолданыс қабілетті бала, бозбала жігіт іздеген сан алуан сауалдарға тоқтам, жауаптан гөрі со-ған жол пайымдау бағыттары тәрізді.

Қара сөздері туралы қазіргі зерттеушілер ойларында қашан да есте болуға тиісті екі түрлі мәселе бар. Бірінде - Абай қарасөздерінің қазақ әдебиеті тарихындағы айрықша маңызы ретінде оның тілі, поэтикасының мүлде өзгеше екені оңай аңғарады.

Жоғарыда айтқанымыздай дін, исламиятқа қатысты (болмаса одан үзінділер алынатын) сөздерде болмаса, негізінен қазақ тілі, халық тілі қазынасынан небір сырлы сөздерді, тосын теңеулер мен сырлы эссенің, ғылыми стиль мен көркем прозаның небір ғажайып үлгілері бар. Осы қолданыстарда көркем прозаға қатысты әдіс-тәсілдердің небір тамаша өркендері көз тартады. Түрлі айта алмай кеткені белгілі. Ендеше, осының бір астарларын көркем шы-ғармаға сыналай енгізген жоқ па екен?

Қарасөздерінде байқалтын ой, сезімдерінің шарпылысулары «Абай жолы» эпопеясында сақталған. Біз көптеген сұрақтарға осыдан ғана жауап табатындаймыз. Міне осы кезде Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай ірі негізді батыл пікірлер айтқан М. Әуезов еді. « . . . Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуан болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшыл-дық және көбінесе адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [1., 218-219 бб. ] .

90-жылдардан бастап ұстаздық, үгітшілік жолына түскен соң Абай өлеңді аз жазса да, қара сөзбен айтатын өсиетті көп жазатын болған . . . Ғақлия деген өсиеттері сол 90-жыл мен 98-жылдар арасында жазылған. 91-жылдан соң өлеңмен айтпақ болған сөздерінің талайын қара сөз үгітіне айналдырып жіберген. Кей уақыттарда бірталай өлеңдерін сол қара сөзде айтқан пікірлерінен шығарып өлең қылып кеткені де бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаев (1845-1904) өмір тарихы
Абайдың қарасөздеріндегі ғылымға, кәсіп игеруге қатысты тұжырымдар
Абай
Абай Құнанбаевтың Адам болу мәселесі
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Абай Құнанбайұлы
Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Абай Құнанбаев өмірбаяны
Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ басындағы тұлғалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz