Жаңа өнімдерді өндіру технологияларының даму теориясы, экономикалық тиімділігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ЖАҢА ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕОРИЯСЫ . . . 4Технологиялық құрылыстар теориясы . . . 4Даму сатылары бойынша инновациялық өнімді ұйымдастыру мен қаржыландыру . . . 6Жоғары жаңа технологияларды нарыққа енгізу механизмдері . . . 10
  2. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН БАҒАЛАУ . . . 13

2. 1 Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың инновациялық факторлары . . . 15

2. 2 Инновациялық жобадағы инвестициялардың тәуекелдерін анықтау . . . 19

2. 3 ҚР кәсіпорындарындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы инновациялық жобаны жаңғырту мәселелері . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ҚОСЫМША . . . 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 36

КІРІСПЕ

Заманауи терең өзгерістерге бірінші болып бейімделген мемлекеттер ғана өз халқының өмір сүру деңгейін жоғары деңгейде сақтап қала алады және де мұндай мемлекеттердің бәсекеге қабілеті аса жоғары болады. Демек, ендігі кезде бизнес саласында пайда болатын идеяларды тиімді жолмен нарыққа енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару жолымен ұлттық экономиканы бәсекелі етіп елу елдер қатарына қосу біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды. Ендігі кезде Адам Смит өз уақытысында зерттеген ұлт байлығының заманауи көзі - инновациялар негізіндегі жаңа ақпараттық, ақылды экономика. Бұл жаңа кезеңді зерттеу елеулі ой талқысынан әлі де болса өтпегендіктен, әрбір ел бірдей межеден бастайды және мұны отанымыз үшін болашағы зор тарихи мүмкіндік ретінде қарауға тиіспіз. Ол үшін жаңа инновациялық өнімдердің коммерциализациясы сияқты мәселелердің теориялық және тәжірибелік астарларына үңілу керек. Мұнда экономикалық өсу мен дамуға қол жеткізу үшін ұлттық экономиканы толығымен жаңа рельстерге қою қажеттілігі микро деңгейден бастап, макро деңгейге дейін таралады.

Бүгінгі замандағы дамыған мемлекетті инновацияларды дамытпайтын ел ретінде көзге елестету мүмкін емес. Жете дамыған мемлекеттер жаңа өнімдер мен технологияларды ойлап табу, өндіріске енгізу мен коммерциализациялау салаларында да дамыған мемлекеттер болып табылады. Осы орайда отандық ғылым ұлттық экономиканың экономикалық өсу мен экономикалық дамуының, сондай-ақ республиканың ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарына сай ұлттық қауіпсіздік пен экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етудің маңызды факторына айналу бағытын жасау мен іске асыру Қазақстан үшін өзекті мәселе болып саналады.

Осыған негізделе отырып, қазақстандық инновацияларды коммерциализациялауды жүзеге асырудың негізгі жолы - ғылыми сыйымды өндірістерді құру мен озық үлгідегі шетелдік тәжірибені пайдалану, ғылымның барлық ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату арқылы ғана іске аспақшы.

Бұл мәселенің басты мақсаты инновациялық өнімнің идеядан соңғы тұтынушыға дейін жету жолындағы дамуын, кезеңдерін және коммерциализация үрдісін егжей-тегжейлі қарастыру болып табылады. Ол үшін дамыған капиталистік шет елдердің, атап айтқанда Канада, Испания мен АҚШ-тың ғылыми сыйымды өнімдерді даму сатылары бойынша ұйымдастыру, қаржыландыру, коммерциализациялау мен инвестиция тәуекелдерін мысал ретінде қарастыру міндеттері қойылады.

Сонымен қатар ғылыми сыйымды инновациялық өнімдерді өндіріске енгізгісі келетін жеке сектор үшін қажетті түсініктемелік ақпарат пен коммерциализация, өндірісте өндіру кезінде пайда болатын нақты мәселелерді шешуге бағытталады.

1. ЖАҢА ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ

ТЕОРИЯСЫ

  1. Технологиялық құрылыстар теориясы.

Қазіргі әлемде адамзат қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес жаңа сапалы өнімдерді жасау үшін еңбекті үнемдеу, өндірістік және өндірістік емес тұтынуға өндіріс шығындарын төмендету, шектеулі ресурстарды тиімді және үнемді пайдалану мәселелерін жиі ойлауда. Дәл осы шектеусіз, әр түрлі, бітпейтін қоғамдық қажеттіліктер адамзатты мұқтаждарды қанағаттандырудың жаңа және тиімді жолдары мен әдістерін іздеуге итермелейді. Адамзат үшін мұндай әдіс ретінде технологияларды құру болып табылады. Технологиялар түсінігі біртекті емес және ол аталған құбылыстың мәнін анықтауға деген әр түрлі бағыттармен байланысты. Технология бұл «өндіріс туралы ғылым» дегенді білдіретін грек сөзі («технэ» - шеберлік, «логос» - ғылым) . Егер де алғашында технология термині шикізат пен материалды пайдалану әдістерін түсіндіру мен тұтынушылық және өндірістік өнімге айналдыру үшін туындаса, қазіргі кезде технология өте кешенді мағынаға ие. Бұл сөзбен тек қана шикізаттан өнімді техникалық өндіруді ғана белгілеп қоймайды, сонымен қатар оны педагогика, саясаттану, экономика сияқты адамның өмір сүруінің әр түрлі салаларында қолданады. Заманауи технология сөзінің түсінігі үш астарға негізделеді: мәндік, гнесеологиялық және басқарушылық.

Мәндік астар технлогия құралын (құрал, өндірістік үрдіс, қызметтің өзі, жалпы техникалық немесе гуманитарлық нақтылық) сипаттайды.

Гнесеологиялық астар технологияны қолданылатын білім тұрғысынан қарастырады.

Басқарушылық астар технологияны өмір сүрудің әр түрлі салаларында білімнің кез келген түрлерін мақсатты түрде қолдану деген түсінікпен сипатталады [1, 25-27 б] . Бұл үш астарды жалпылай отырып, технология - бұл білім мен еңбек құралдарын қолдану негізінде тәжірибелік мақсатқа қол жеткізу әдісі деуге болады. С. И. Ожегов пен Н. Ю. Шведованың түсіндірмелі сөздігінде «технология - өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сонымен қатар өндіріс әдістерін ғылыми сипаттау» деп түсіндіріледі [2, 123 б] .

Технологиялық даму аясындағы көптеген зерттеулерді талдай отырып, екі өзгеше, бірақ та техникалық-экономикалық дамудың бірқалыпсыздығы феноменіне әсер ететін аса маңызды астарларды бөліп көрсетуге болады. Бұл әлеуметтік - экономикалық астар және технократиялық астар. Бұл екі астар бірін-бірі толықтырады және бір-бірін алмастырады. Бұл факторларды елемей, технологиялық дамуды қарастыру мүмкін емес, өйткені бұл күрделі үрдістің мәні жойылып кетеді.

Экономикалық жүйе өнімдер өндірістерінің жиынтығы бойынша ерекшеленетін шаруашылық қызмет салаларынан тұрады. Бірақ бұл салалардың әрқайсысы басқа технологиялық тізбектермен байланысты болады. Технологиялық тізбек дегеніміз - салалардың бір өнімі келесі сала өндірісі үшін шикізат болатын және ары қарай қосылған құн тізбегі бойынша шекті өнімге дейін жүретін технологилялық үрдіс. Осылайша, шикізатты өңдеудің бір технологиялық тізбегіндегі өзгерістер экономикалық деңгейлер бойынша басқа технологиялық тізбектердегі өзгерістердің қажеттілігіне немесе өзгерісіне әкеледі. [3]

Жаңа Технологиялық Құрылыстың (ТҚ) тиімді қызмет етуі тек жеткілікті ұдайы өндірістік контур жағдайында ғана мүмкін болады.

Жаңа ТҚ-ның туындауы қоғамның тұтынудың дәстүрлі типіне бағытталу жағдайында пайда болады.

Әрбір жаңа ТҚ өз дамуының ескі көлік инфрақұрылымы мен энергоұстаушыларды пайдаланады, сөйтіп олардың дамуына жаңа импульсті қалыптастырады және де ТҚ-ның тездетілген өсуінің фазасы ұза мерзімді қарқынмен салыстырғанда энергияны тұтынудың циклдік көбеюімен қатар жүреді. ТҚ-ның дамуы барысында ескі ТҚ-ның шектеулерін жеңетін инфрақұрылымның жаңа түрі құрылады, сонымен қатар келесі ТҚ-ның қалыптасуы үшін негіз салатын энергоұстаушылардың жаңа түрлеріне өту жүзеге асырылады. Жаңа ТҚ технологиясы таралуының алғышарттары сәйкес энергетикалық база, конструкциялы материалдар мен инфрақұрым дамуының белгілі бір деңгейі болып табылады.

ТҚ-ның өмірлік циклі төрт фазадан тұрады: қалыптасу, өсу, пісіп-жетілу мен құлдырау және пульсацияларға тән нысанға ие болады. Бірінші кішігірім пульсация, ол қалыптасу фазасына сәйкес келеді, онда ТҚ-ны құраушы өндірістің кеңеюі алдыңғы ТҚ-ның ұдайы өндірісінің басымдылығымен анықталатын қолайсыз экономикалық ортада жүзеге асырылады. Бұл фазада ТҚ-ның дамуы оның құраушы технологияларының салыстырмалы тиімсізділігімен, сонымен қатар алдыңғы ТҚ-ның ұдайы өндірісімен байланысты шаруашылық ұйымдар мен институттардың қарсыласуымен шектеледі. ҰӨК-тің қалыптасуымен және сәйкес институцияналдық өзгерістер жағдайында ғана жаңа ТҚ-ның тез кеңеюі үшін жағдайлар жасалады, ол екінші - үлкен пульсация нысанына ие болады.

y

t

1-сурет. Технологиялық құрылыстың өмірлік циклі

/Кубаев К. Е. Туреханова З. Г. Жаңа технологияларды коммерциализациялау/

Жаңа ТҚ-ның қалыптасу фазасында оның базистік технологияларының көптеген варианттары болады. Шектеулі ресурстар үшін қатаң бәсеке бірнеше ең тиімді нұсқауларды таңдауға әкеледі. Жаңа ТҚ-ның өсу фазасымен қатар жүретін оған сәйкес қоғамдық қажеттіліктердің өзектілік жағдайында оның базистік өндірістерінің дамуы жаңа технологияны игерген кейбір ұйымдарда жинақталған әмбебеп модельдерінің кейбіреуін шығаруды арттыру жолымен жүргізіледі. [4, 55б]

Нәтижесінде жаңа ТҚ-лар технологиясының құраушыларының тиімділігі артады, дәстүрлі ТҚ-ның орнын басумен барлық қоғамдық өндірістің тиімділігі артады. Кейіннен сәкес қоғамдық қажеттіліктердің қанығуы нәтижесінде, тұтынушылық сұраныс пен қарастырылып отырған ТҚ-ның өніміне деген бағаның төмендеуі, сонымен қатар жетілдірудің техникалық мүмкіндіктерінің бітуі мен оның өндірістерінің құраушылардың азаюы нәтижесінде қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуы баяулайды. Келесі ТҚ-ның туындауы фазасымен сәйкес келетін, аталған ТҚ-ның өмірлік циклінің қорытынды фазасында өсу қарқындарының ары қарай төмендеуі, сонымен қатар қоғамдық өндіріс тиімділігінің, әр түрлі құрылымдық арақатынастары мен пропорцияларының құбылулары қайталанады.

Жоғарыда қарастырылып өткен технологиялық дамудың күрделі ішкі құрылымына байланысты мұндай үзілуді жеңу қиынға түседі. Белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейін, нашар дамыған елдер үшін әлсіз бәсекелік қабілеттілікке байланысты ары қарай даму мүмкіндігі болмайды. [6, 5-7б]

Осылайша, технологиялық үзілудің сипаттамасы, тек қана бір ел деңгейінде үздіксіз дамудың қажеттілігін ғана сипаттамайды, сонымен бірге теңдестірілген ғаламдық дамудың қажеттілігін сипаттайды, және прогреске шектеулі жер ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты маңызды фактор болып табылады. [7, 9б]

1. 2 Даму сатылары бойынша инновациялық өнімді ұйымдастыру мен қаржыландыру.

Ғылыми-техникалық прогресс ғылым мен техника жетістіктерінің негізіндегі қоғамдық өндірістің жетілдірудің әдісі бола отырып, келесілерден тұрады:

  1. Жаратылыстану мен қоғамдық даму мәселелерін зерттеудің терең және қолданбалы зерттеулері.
  2. Зерртеу нәтижелерін ғылыми-техникалық өнертабыстар, инженерлік шешімдер мен тәжірибелік қолданысқа дейін жеткізу.
  3. Әрбір кәсіпорын алдында тұрған әлеуметтік және экономикалық міндеттер кешенін шешуге мүмкіндік беретін, ғылыми-техникалық өнертабыстар мен инженерлік шешімдер негізінде жаңа техниканың өндірісін ұйымдастыру.
  4. Техникалық құралдарды, еңбекті, өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың әдістері мен нысандары жетілдіру.
  5. Өндірісті ұйымдастыру мен жаңа және прогрессивті техника саласын кеңейту, осының негізінде барлық халық шаоуашылығын техникалық қайта жарақтандыру.
  6. Ғылыми-техникалық прогресті жүзеге асыру, өндіріс тиімділігін арттыру мен қоғаммен қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында ғылыми негізінде материалдық өндіріс құрылымын жетілдіру.
  7. Өндірістік сала мен тұрмысты техникалық қайта жарақтандыру.

Шаруащылық категория ретінде ғылыми-техникалық прогресті шартты түрде 3 сатыға бөлуге болады:

  1. Терең ғылыми іздеулер мен жасап шығарулар.
  2. Қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалық-конструкторлық және тәжірибелік-эксперименталды өнертабыстар.
  3. Ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде өндірістік техникалық даму.

Ғылыми-техникалық прогрестің бірінші сатысында, әдетте табиғат күштері мен заңдарын пайдаланудың жаңа әдістерін жасап шығару сияқты жалпы міндет шешіледі. Жаңа ғылыми өнімді пайдаланудың уақыты мен орны белгіленбейді. Ғылыми ізденістер нәтижесінде алынған нәтижелердің өзі көбінесе оларды пайдаланудың уақыты мен орнын өздері анықтайды.

Екінші сатыда алынған ғылыми нәтижелерді жүзеге асырудың әдістері, нысандары мен орны нақтыланады. Салалық және ведомстволық ғылыми зерттеушілік институттар, зауыттық лабораториялар, инжинирингтік және венчурлық жобалық және конструкторлық ұйымдар, енгізушілік фирмалар.

  • Жаңа өнім мен прогрессивті технологияға деген нарық пен кәсіпорындардың қажеттілігін анықтайды.
  • Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша нақты ғылыми ұсыныстарды жасап шығарады.
  • Нақты өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жаңа конструкциялар мен технологияларды жасап шығарудың келісімдеріне қол қояды.
  • Өндіріс үшін қажетті әдістемелік және техникалық құжаттаманы келісімдер бойынша дайындайды.
  • Технологияны орнатуда және жаңа бұйымдардың конструкциясын жеткізуде шефтік көмек көрсетеді.

Үшінші сатыда өндірістік кәсіпорындар ғылыми және жобалық-конструкторлық ұйымдардан алынған техникалық құжаттамалар мен жұмыс сызбалары негізінде жаң техника мен технологияны меңгеруге кіріседі, жаңа бұйымдардың сериялық және жаппай өндірісін орнатады, оны іске қосу кезінде жаңа өнімнің тұтынушыларына көмек көрсетеді.

Қолданбалы ғылыми зерттеулік жұмыстар (ҒЗЖ) бұйымның өмірлік циклі сатыларының бірі болып табылады. Олардың міндеті - келесі сұраққа жауап беру. Өнімнің жаңа түрін құру мүмкін бе және оның сипаттамалары қандай болуы керек? Қазақстанда ҒЗЖ өткізу тәртібі ГОСТ 15. 101 - 98 реттеледі [5, 77б] .

Жаңа бұйымдарды игеру мен шығару, жаңа техника мен технологияны қолдану, мұндай шараларды қаржыландыру мүмкіндіктері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Инвестицияларға арналған қаржылық ресурстар кәсіпорындарда шартты түрде келесідей мақсаттарға бөлінеді:

  1. Жаңа өнімді иегру мен шығару;
  2. Техникалық қайта жарақтандыру;
  3. Өнідірісті кеңейту;
  4. Қайта құру;

Шектеу, әдетте басымды бағыттары бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, инвестициялар жаңа бұйымдарды шығару үшін бағытталса, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуына прогрессивті өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, инвестициялар жаңа өнімді игеруге бағытталды деп саналады, ол ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерін өндіріске кешенді және тез енгізуді қамтамасыз етеді.

ҒЗЖ нәтижесі болып ғылыми, ғылыми - техникалық, экономикалық және әлеуметтік әсерлерге қол жеткізу табылады. Ғылыми әсерлер жаңа ғылыми білімдерді алумен және «ішкі ғылыми» тұтыну үшін арналған ақпараттың өсімімен сипаттайды. Ғылыми-техникалық әсерлер басқа ҒЗЖ мен ТҚЖ -ларда орындалатын зерттеулердің нәтижелерін пайдалану мүмкіндігін сипаттайды және жаңа өнімді құру үшін қажет ақпаратты алуды қамтамасыз етеді. Эконгмикалық тиім қолданбалы ҒЗЖ нәтижелерін пайдалану кезінде алынған коммерциялық әсерлерді сипаттайды. Әлеуметтік әсерлер еңбек жағдайларын жақсартуда, экономикалық сипаттамаларды арттыруда, мәдениетті денсаулықты сақтауды, ғылымды дамытуда көрінеді.

Кесте 1 - ҒЗЖ-ның ғылыми нәтижелігінің факторлары мен белгілерінің сипаттамалары

Ғылыми нәтижелік факторлары
Фактордың мәнділік коэф-ті
Фактордың сапасы
Фактордың сипаттамасы
Қол жеткізілетін деңгей коэфф-ті
Ғылыми нәтижелік факторлары: 1
Фактордың мәнділік коэф-ті: 2
Фактордың сапасы: 3
Фактордың сипаттамасы: 4
Қол жеткізілетін деңгей коэфф-ті: 5
Ғылыми нәтижелік факторлары: Алынған нәтижелердің жаңашылдығы
Фактордың мәнділік коэф-ті: 0, 5
Фактордың сапасы: жоғары
Фактордың сипаттамасы: Жаңа нәтижелер, жаңа теория, жаңа заңдылықты ашу
Қол жеткізілетін деңгей коэфф-ті: 1
Ғылыми нәтижелік факторлары: орташа
Фактордың мәнділік коэф-ті: Жаңа өнімді құруға мүмкіндік беретін кейбір жаңа заңдылықтар, әдістер, тәсілдер
Фактордың сапасы: 0, 7
Ғылыми нәтижелік факторлары:
Фактордың мәнділік коэф-ті:
Фактордың сапасы: жеткіліксіз
Фактордың сипаттамасы: Қарапайым жалпыламалар, факторлардың байланысын талдау негізіндегі оң шешім
Қол жеткізілетін деңгей коэфф-ті: 0, 3
Ғылыми нәтижелік факторлары:
Фактордың мәнділік коэф-ті:
Фактордың сапасы: қарапайым
Фактордың сипаттамасы: Жеке факторларды сипаттау, алдын ала алынған нәтижелерді тарату, рефераттық шолу
Қол жеткізілетін деңгей коэфф-ті: 0, 1
Ғылыми нәтижелік факторлары: Ғылыми өңдеудің тереңдігі
Фактордың мәнділік коэф-ті: 0, 35
Фактордың сапасы: жоғары
Фактордың сипаттамасы: Күрделі теориялық есептеулерді орындау, үлкен біршама көлемінде эксперименталды берілгендерді тексеру
Қол жеткізілетін деңгей коэфф-ті: 1
Ғылыми нәтижелік факторлары: Орташа
Фактордың мәнділік коэф-ті: Есептеулердің күрделі еместігі, орт көлемінде экспер-ды берілгендерді тексеру
Фактордың сапасы: 0, 6
Ғылыми нәтижелік факторлары: Жеткліксіз
Фактордың мәнділік коэф-ті: Теор-лық есептеулер қарапайым, экспер, өткізіледі
Фактордың сапасы: 1
Ғылыми нәтижелік факторлары: Табыстылық ықтималдылығының дәрежесі
Фактордың мәнділік коэф-ті: 0, 15
Фактордың сапасы: Үлкен
Фактордың сипаттамасы:
Қол жеткізілетін деңгей коэфф-ті: 1
Ғылыми нәтижелік факторлары: Қалыпты
Фактордың мәнділік коэф-ті:
Фактордың сапасы: 0, 6
Ғылыми нәтижелік факторлары: Аз
Фактордың мәнділік коэф-ті:
Фактордың сапасы: 0, 1

/Кубаев К. Е. Туреханова З. Г. Жаңа технологияларды коммерциализациялау/

Бұл жағдайда ғылыми-техникалық нәтижелік коэффиценті келесі формула бойынша анықталады:

κ

Κтр = Ε * Kвл * Кп

i=1

Мұндағы : к - бағаланатын параметрлердің саны; Kвл - i-нші параметрдің ғылыми - техникалық нәтижелікке әсер ету коэффиценті; Кп - базалық мәнмен салыстырғандағы i-нші параметрінің қатысты арту коэффиценті.

Кесте 2 - Қолданбалы ҒЗЖ ғылыми техникалық нәтижелігін бағалау

Параметр
Өлшем бірлігі
Әсер ету коэфф-і
Параметрлердің мәндері
Кпi
Квлi Кi
Параметр:
Өлшем бірлігі:
Әсер ету коэфф-і: Квлi
Параметрлердің мәндері: қол жеткізілген
Кпi: базалық
Квлi Кi:
Параметр: 1
Өлшем бірлігі: 2
Әсер ету коэфф-і: 3
Параметрлердің мәндері: 4
Кпi: 5
Квлi Кi: 6
7
Параметр:
Өлшем бірлігі:
Әсер ету коэфф-і:
Параметрлердің мәндері:
Кпi:
Квлi Кi: Е=
Параметр:
Өлшем бірлігі:
Әсер ету коэфф-і:
Параметрлердің мәндері:
Кпi:
Квлi Кi:

/Кубаев К. Е. Туреханова З. Г. Жаңа технологияларды коммерц-ау/ [1, 51б]

1. 3 Жоғары технологияларды нарыққа енгізу механизмдері

Жоғары жаңа технологияларды нарыққа енгізу - өте күрделі, кешенді, сонымен қатар көп сатылы және мұқият жоспарланатын үрдіс. Бұл үрдіс кезінде технологияларды ғылыми зерттеу, оларды ауқымдандыру мен оңтайландыру, маркетинг, өткізу тораптарының мәселелері және тағы басқалары өз шешімін табады. Сонымен қатар өнертапқыштың басында пайда болатын идея жол бойында осы үрдіске әкімшілікті, бұқаралық ақпарат құралдарын, банкті және қосалқы өндірістерді қоса отырып, «теоретик - зерттеуші - практик-зерттеуші - технолог - өндруші-технолог - маркетолог - сатушы» тізбегі бойынша қолдан - қолға эстафета тәрізді өтуі керек. Дәл осы үрдіс өнертабыстарды енгізу немесе технологиялардың трансферті деп аталады.

Бүгінгі таңда дамыған елдерде экономикалық даму мемлекеттің белсенді қатысуы болмаған жерде экономикалық дамудың тиімді жолына алып келмейді деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан экономикалық даму мен әл-ауқаттa мемлекеттің маңызды құраушысы болып табылатын инновациялық үрдіс айтарлықтай жеңіл өту үшін жағдайлар жасау және қолдау бойынша мемлекеттік жұмыс нарыққа инновациялық өнімдердің енуін біршама жеңілдетеді.

Дағдарыстар, экономикалық төмендеудің қаталдығы, экономикалық өсуге алып келетін жаңа терең зерттеулер саласындағы идеядан нақты тауарлық өнімге дейін өтудің барлық ұзын тізбегін егжей-тегжейлі зерттеуге серпін берді.

Соған қарамастан, сызықты модель - бұл шын мәнінде технологиялар трансфертінің барлық сатыларында интерактивті болып табылатын инновациялық үрдістің субъектілері мен объектілерінің өзара байланыстары мен өзара әсерлесудің нақты тораптарына деген қарапайым көзқарас, бірінші жақындасу. Нақты салаларда инновациялық белсенділік дамуының қарқыны мысалында экономикалық өсуді ынталандыратын инновациялардың итермелеуші күшінен басқа, кезекті инновацияны игерудің жауабы ретінде қоғамда пайда болатын сұраныстың тартушы күші маңызды рөл атқарады. Басқаша айтқанда, жаңа мүмкіндіктер қоғамды жаңа қажеттіліктерді, жаңа өнертабыстарға деген әлеуметтік тапсырысты шоғырландырады. [5, 24-27б]

Нәтижесінде инновациялық үрдіс субъектілерінің өзара әрекеттесуі 2-суретте көрсетілгеннен біршама күрделі болады. Жалпы инновациялардың туындау мен даму үрдісі қарапайым сызықты модельдің сипаттауына қарағанда күрделі және біртекті емес. Инновациялық үрдістің сатылары да біршама көп, онда келесі сатыға өту үшін біршама жеткілікті ұйымдастырушылық күш-жігерлер жұмсау қажет, бұл мәсселелермен инновацияларды соңғы өнімге дейін жеткізуді ойластыратын менеджерлер айналысады.

Сызықты модель бір бағыттағы жылжуды, яғни ақпаратты 1. 1-ден 4. 4-ке дейін беруді қрастырады. Дегенмен, бұл тізбекте кері байланыстар бар, олардың кейбірі 2-суретте көрсетілген.

Төмен бағыттағы сызықтар трансферттің тікелей үрдісіне келесі сатылардан алдыңғысына ақпаратты берудің кері үрдісі сәйкес келеді және мұнда ақпарпттардың кері ағымдары алдыңғысына қарағанда біршама үлкен. Жоғары бағыттағы сызықтармен белгіленген кері байланыстың тізбегі ерекше рөл атқарады: дәл соның өзі басқаларға қарағанда кезекті инновацияның туындауын ынталандырады. Осылайша, экономика мен нарық инновациялар арқылы ынталандырылады және инновациялардың өзін ынталандырады.

Ғылым Тәжірибелік өндіріс пен Өндіріс

Технологияны енгізу

  1. Жаңа 2. 1Жаңа 3. 1 Жаңа 4. 1 Өндірісте

құбылысты құбылысты технологияны өндіру

ашу зерттеу оңтайландыру

  1. Жобаны 2. 2 жаңа 4. 2Маркетинг

теориялық технологияларды жарнама мен

дәлелдеу іздеу 3. 2 Үрдістерді басқасы

масштабтау

  1. Жаңа 2. 3 жаңа 4. 3 Өткізу

Ұқсас технлогияларды сатылмайтын

Технологияларды лабораторияларда кейінгі қызмет

Іздестіру сынап көру көрсету

2. 4 тәжірибелік 4. 4 Өнімді

үлгілерде пайдалану

жасап шығару

2-сурет. Технологиялар трансферті кезіндегі функционалдық байланыстардың сызбасы

/Кубаев К. Е. Туреханова З. Г. Жаңа технологияларды коммерциализациялау/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық қызметтің пайда болуы мен даму маңызы
АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясының инновациялық жобасын басқару
Шығындарды талдамалық топтарда талдау
Индустриялық–инновациялық даму туралы ақпарат
БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Ақпарттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасының ұлттық биотехнология орталығын дамытудын 2009-20010 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялар
Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz