Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары түсінігі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түсінігі
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрлері
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату
4. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын алкоголизм, нашақорлық және уыт кұмарлық дертіне шалдыққан ауруларға қолдану
5. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық, жауапкершілік жұктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық, жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның өзінде қылмыстық, жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қыл-мыстық жауаптылықтық әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 қаулысы (Егемен Қазақстан, 1999.10 қыркүйек).
2. Право и психиатрия / Сост. С.В.Голубинсқая; Науч.ред. С.В.Бородин. М, 1991.
3. Кудрявцев В. Н. Закон, поведение, ответственность. М., 1986.
4. ФефеловП. А. Механизм уголовно-правовой охраны. Ос¬новные методологические проблемы. М., 1982.
5. Елсонский В.А. Уголовное наказание и воспитание позитив¬ной ответственности личности. Рязань, 1979.
6. Волков Б. С. Детерминистическая природа преступного по¬ведения. Казань, 1974.
7. А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» Аматы 2007 ж.
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 казаңдағы «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау-дың кейбір мәселелері туралы» № 15 нормативтік қаулысы //Заң ғазеті. 2001.14 қараша.
9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 казаңдағы №8 «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 19 казаңдағы № 15 нормативтік қаулысына езгерістер енгізу туралы Қазақстан Рес¬публикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы //Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыныңбюллетені. 2005. № 12. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмысқа және оларды қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасауғатарту жөніндегі істер бойынша сот прақтиқасы туралы» №6 нормативтік каулысы//3аң ғазеті. 2002.15 мамыр.
10. Назарбаев Н.А. Стратегия развития Казахстана до 2030 года. -Алматы, 1997. -34 б.
11. Құқықтық статистиканың 2006 жылғы мәліметтері
12. ҚР ҚІЖК Алматы-2004 жыл.
13.Фаткуллин Ф.Н. Общие проблемы процессуального доказывания.- Казань: Изд. Казаньского Ун-та. 1973 ж. 173 б.
14. Джакишев Е.Г. Криминалистическая характеристика преступлений и ее значение в определении обстоятельств, подлежащих доказыванию// В кн. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР- Алма-Ата КазГУ, 1987, 77-79 б.
15. Арсеньев В.Д. О понятии заключения эксперта в свете общей теории судебной экспертизы // В кн.: Актуальные вопросы теории судебной экспертизы. Сб. Науч. Трудов ВНИИСЭ М, -1976 г. 20-53.
16. Исаев А.А. Теоритические и правовые проблемы применения специальных познаний для квалификации преступлений- Алматы; Жеті Жарғы, 1999. 240 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түсінігі
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрлері
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және
тоқтату
4. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын алкоголизм, нашақорлық және
уыт кұмарлық дертіне шалдыққан ауруларға қолдану
5. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық,
жауапкершілік жұктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі
қылмыстық, жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң
шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға
кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам
қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген
нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау,
ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның
өзінде қылмыстық, жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін
қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың
нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша
жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін
қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның
көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің
тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық — өзінің
нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген
адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті
шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қыл-мыстық жауаптылықтық
әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей
отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға
беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және
заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).
Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларының түсінігі
Қылмыстық заң есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер
жасаған немесе мұндай іс-әрекеттерді есі дұрыс күйде жасаған, бірақ сот
үкімі шыққанға дейін немесе жазасын өтеген кезде өз әрекеттері жөнінде
өзіне есеп беру немесе өзі әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын
психикалық аурумен ауырған, сондай-ақ, дұрыстығын жоққа шығармайтын
психикасының бұзылуынан зардап шеққен адамдарға медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолдануды белгілейді. [1]
Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға кауіпті іс-әрекеттерді
жасаудан сақтандыруды, ондай азаматтардың жеке басын қорғауды және дұрыс
емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалықауруғадушар болған
адамдар-ға жаза тағайындау ізгілік және әлеуметтік әділеттілік
принциптеріне қайшы келеді. Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыс
істесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қоғамға кауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауысқан аурумен
ауырған адамдарға да жаза тағайындау тиімсіз болады. Өйткені мұндай адамдар
өзіне-өзі есеп беру немесе өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын есі
ауысқан аурумен ауыруына байланысты айналада болып жатқан құбылысты
қабыддай алмайды, сондықтан да оған тағайындалған жаза өз мақсатына
жетпейді. Егер мұндай адамдар дертінен айықса, оларды қылмыстық жауапқа
тартудың ескіру мерзімі отпесе және қылмыстық жауап-тылықтан және жазадан
босататын басқа да негіздер болмаса сот оларға жаза тағайындауы мүмкін.
Қылмысты маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын
адамдар жасаған ретте сот дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша ондай
адамдарға жазамен қатар еріксіз емдеу шараларын қолдана алады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік
шара ретінде тағайындалады. Мұндай шараны жаза деп санауға болмайды,
ойткені мұнда жазаға тән белгі — түзеу белгісі жоқ. Керісінше, мұндай емдеу
шараларын қолдану құқық бұзушынын мүддесіне сай келеді.
Бұл шарт сот үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады.
Сондықтан да мұңдай шара тағайындалған адамдар сотталған адам қатарына
жатқызылмайды, оған қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапы-нан
қоғамға кауіпті іс-әрекеттердін қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың
құқық қорғайтын мүддесін қорғау болып табылады. Сонымен медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жазадан оны қолданудың негізі мен мақсаты,
мазмұны және зандылық зардабы бойынша ажыратылады.
Медициналық сипаттағы шараларды қылмыстық маскүнемдікпен,
нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға қолдану барысында да
жазаның белгісі — түзеу элементі жоқ, сондықтан да мұндай шара жаза болып
саналмайды. Бірақ бұл шара қылмысты есі дұрыс күйде істеген адамдарға
тағайындалған жазамен бірге оларды емде[2]у және жазаның кезделген
мақсатына жету үшін тиісті жағдайлар жасау мақсатында тағайындалады.
Медициналық сипаттағы шараларды қолдануда зандылық, ізгілік, адам
құқықтары мен бостандықтарын қорғау принциптері басты басшылыққа алынады.
Медициналық сипаттағы шаралар қылмыстық немесе басқа арнаулы зандар
негізінде қолданылады. Қылмыстық кодекстін 88-бабы медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері жайына арналған: мен жасаған
қоғамдық кауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға
айрықша қауіпті болған тұрақты және интенсивті қадағалауды талап ететін
адамға тағайындалуы мүмкін (92-бап).
Медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдануға негіз болмаған
жағдайда сот психикалық аурумен зардап шегетіндерді тұрғылықты тұратын
жеріне міндетті дәрігерлік бақылау жүргізіп, ауруға күтім көрсетуші
туыстарының немесе басқа адамдардың қамқорлығына бере алады.

2. Медициналықсипаттағы мәжбүрлеу
шараларының түрлері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері оны
тағайындаудың, өзгертудің және тоқтатудың тәртібі Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 90-бабында белгіленген. Заңда медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларының төрт түрі көрсетілген:
а) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;
б) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
в) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп
емдеу;
г) интенсивті қадағаланатын мамандандырылған улгідегі психиатриялық
стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауы мүмкін.
Есі дұрыс күйінде жасалған қылмысы үшін сотталған, бірақ
алкоголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеуді не психикасының есі
дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеуді қажет ететін адамдарға
сот жазамен бірге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу
түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.
Осы көрсетілген мәжбүрлеу шаралары ауруларды емдеумен бірге, оларды
қоғамнан оқшаулап, медицина мекемелері арқылы мұндай адамдардың денсаулығы
мен мінез-құлқына өте мұқият түрде бақылау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерін бөлудің негізгі
белгілеріне істелген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі және сот-
психиатриялық сарапшының қорытындысымен анықталған ауру адамның психикалық
күйі болып табылады.
Қылмыстық кодексте соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрін белгілеуде қандай жағдайларды еске алуы қажетті көрсетілген.
Егер адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша психиатриялық
стационарға орналастырып емдеуді қажет етпесе, осы Кодекстің 88-бабында
кезделген негіздер болған жағдайда емханалық мәжбүрлеп кадағалау және
психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкін (91-бап).
1. Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық
стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудің, күтудің, ұстаудың және
қадағалаудың шарттарын талап ететін болса, осы Кодекстің 88-бабында
көзделген негіздер болған жағдайда психиатриялық стационарда осындай
мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкін.
2. Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің
психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық кауіпті әрекетінің сипаты бойынша
стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететін, бірақ интенсивті
қадағалауды қажет етпейтін адамға тағайындалуы мүмкін.
3. Мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
өзінің психикалық жай-күйімен жасаған қоғамдық кауіпті әрекетінің сипаты
бойынша тұрақты қадағалауды талап ететін адамға тағайындалуы мүмкін.
4. Интенсивті қадағалайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық
стационарда мәжбүрлеп емдеу психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық
кауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға айрықша
қауіпті болған тұрақты және интенсивті кадағалауды талап ететін адамға
тағайындалуы мүмкін (92-бап).
Медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдануға негіз болмаған
жағдайда сот психикалық аурумен зардап шегетіндерді тұрғылықты тұратын
жеріне міндетті дәрігерлік бақылау жүргізіп, ауруға күтім көрсетуші
туыстарының немесе басқа адамдардың қамқорлығына бере алады.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту,
өзгерту және тоқтату
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізі Қылмыстық
кодекстің 88-бабында тұжырымдалған. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату Қылмыстық кодекстің 93-бабында
көрсетілген, осы заң талабына сәйкес: 1. Медициналық сипаттағы мәжбүрл[3]еу
шараларын ұзартуды, өзгертуді және тоқтатуды психиатр-дәрігерлер
комиссиясының қорытындысы негізінде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын
мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот белгілейді. 2. Медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген адам сотқа осындай шараны тоқтату
туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердін бар екені
жөніндегі мәселені шешу үшін кемінде алты айда бір рет психиатр-дәрігерлер
комиссиясында куәландырылып отыруға тиіс.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе
өзгерту үшін негіздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын
мекеменің әкімшілігі мәжбүрлеп емдеуді ұзарту үшін сотқа қорытынды береді.
Мәжбүрлеп емдеуді бірінші ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай
откеннен кейін жүргізілуі мүмкін, мәжбүрлеп емдеуді одан кейін ұзарту жыл
сайын жүргізіледі. 3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертуді
немесе тоқтатуды адамнын психикалық жай-күйі өзгеріп, бұрын тағайындалған
шараны қолдану қажет болмай қалған немесе медициналық сипаттағы өзге
мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады. 4.
Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді қолдану тоқтатылған жағдайда
сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам женінде қажетті материалдарды оны емдеу
немесе психиатриялық-неврологиялық мекемеге жіберу туралы мәселені
денсаулық сақтау туралы зандарда көзделген тәртіппен шешу үшін денсаулық
сақтау органдарына беруі мүмкін.
Кодекстің 94-бабы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолданғаннан кейінгі жаза тағайындау туралы:
1. Қылмыс жасағаннан кейін немесе жазасын өтеу кезінде өз іс-әрекеті
үшін өзіне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкіндігінен айыратын
психикалық аурумен науқастанған адамға, егер ескіру мерзімі етпесе немесе
оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға негіз болмаса, ол сауыққаннан
кейін сот жаза қолдана алады. 2. Психикасы қылмыс жасағаннан кейін бұзылған
адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны жанарту кезінде адамға
психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық
стационарда болған бір күні бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен
жазалау мерзіміне есептеледі.
Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
туралы Кодекстің 95-бабында толық айтылған: 1. Осы Кодекстің 88-бабынын 1-
бөлігінін в) және г) тармақтарында көзделген жағдайларда медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шарасы — бас бостандығынан айыру орнында, ал сотталған
адам жөніндегі өзге де жаза түрлері денсаулық сақтау органдарының емханалық
психиатриялық көмек көрсететін мекемелерінде орындалады. 2. Сотталған
адамның стационарлық емдеуді талап ететін психиатриялық жай-күйі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық сипаттағы мәжбүолеу шаралары
Медициналық мәжбүрлеу шараларының түрлері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы
Қоғамның құқық өмірі саласында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мүмкіндіктеріне кешенді талдау
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қылмыстық құқық түсінігі және оның қағидалары
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері бойынша өзекті мәселелер
Есі дұрыс, психикасы бұзылғын тұлғаның қылмыс жасауын
Есі дұрыс тұлғаның психикасының бұзылу жағдайы
Пәндер