Аймақтағы петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен дамуы



Қазақстандағы таңбалы тастар туралы алғашқы зерттеулер орталыққа Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан түсіп жатты. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің, соның ішінде тастағы таңбалардың зерттелуінің басталуы Қазақстанның Ресейге қосылуымен байланысты жүргізілді. ХVІІІ-ХІХ-ғ.ғ. Ресей Қазақстанды жан-жақты зерттеуге зор мән берді. Қазақстанның байлығын, жерін т.б. келешекте өз пайддасына пайдалану үшін, Ресей Қазақстанның экономикасын, саяси жағдайын, тарихи-мәдени мұраларын зерттеуге үлкен күш жұмсады. Қазақстанда Ресейдің көптеген зерттеуші-ғалымдары жұмыстар атқарып, нәтижелері орталыққа жіберіліп отырылды. Солардың ішінде археологиялық ескерткіштер де зерттеліп отырылды. Қазақстанның тарихын, археологиясын зерттеушілер тастағы таңбаларды да зерттеуге қызығушылық танытты. Қазақстан территориясында петроглифтердің көптігі және олардың ашық аспан астында орналасуы зерттеушілерге оларды тауып, зерттеуде септігін тигізді. Ресейдің өзінің оңтүстік және шығыс шекараларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізуіне байланысты тастағы таңбалар туралы алғашқы жазбалар да пайда бола бастады. Әсіресе, Сібір археологиясының пайда бола бастауымен петроглифтерді зерттеу ісінің қолға алынуы орын алды.
Сібір археологиясының тарихнамасында ХVІІІ-ғ. академиялық экспедициялар кезеңі деп қарастырады.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі Сібір ескерткіштерін зерттелуінен өзгеше болды. Бұл негізінен Қазақстанның Солтүстік және Шығыс бөліктерінің Ресейдің ықпалына кешірек түсуімен байланысты болды. Соған сәйкес Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді зерттеуге кейінірек қол жеткізді. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді зерттеумен археолог-мамандар емес, негізінен басқа саладағы мамандар, мемлекеттік қызметкерлер айналысты.
Оңтүстік Қазақстандағы тастағы таңбалардың зерттелуі Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аймақтарына қарағанда кешірек басталды. Бұның негізгі себебі Қазақстанның Оңтүстік аудандарының Ресейге тек ХІХ-ғ. 70-жылдарында ғана толығымен қосылып бітуімен байланысты болды. Сол себепті Қазақстанның Оңтүстігіндегі тастағы таңбаларды алғаш орыс зерттеушілері зерттеді. Олар сол кезде Қазақстанның табиғаты, халқы т.б. туралы ақпараттар жаза жүріп, Қазақстанның тарихи деректеріне қатысты да мәліметтер келтіріп отырған.
Көптеген ақпараттар Жетісудан келіп отырды. Жетісу ежелден тастағы таңбаларға бай өлке болатын. Бұған қоса тастағы таңбалар ашық орналасуы себепті оларды көп күш жұмсап тазалап жатпай-ақ зерттеп бақылауға болатын еді. Жетісу жеріндегі Тамғалытастағы Іле бойындағы тастағы буддалар суреті мен Шолақ тауындағы петроглифтерді тауып суретін салған.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Аймақтағы петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы таңбалы тастар туралы алғашқы зерттеулер орталыққа
Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан түсіп жатты. Қазақстандағы археологиялық
ескерткіштердің, соның ішінде тастағы таңбалардың зерттелуінің басталуы
Қазақстанның Ресейге қосылуымен байланысты жүргізілді. ХVІІІ-ХІХ-ғ.ғ.
Ресей Қазақстанды жан-жақты зерттеуге зор мән берді. Қазақстанның байлығын,
жерін т.б. келешекте өз пайддасына пайдалану үшін, Ресей Қазақстанның
экономикасын, саяси жағдайын, тарихи-мәдени мұраларын зерттеуге үлкен күш
жұмсады. Қазақстанда Ресейдің көптеген зерттеуші-ғалымдары жұмыстар
атқарып, нәтижелері орталыққа жіберіліп отырылды. Солардың ішінде
археологиялық ескерткіштер де зерттеліп отырылды. Қазақстанның тарихын,
археологиясын зерттеушілер тастағы таңбаларды да зерттеуге қызығушылық
танытты. Қазақстан территориясында петроглифтердің көптігі және олардың
ашық аспан астында орналасуы зерттеушілерге оларды тауып, зерттеуде
септігін тигізді. Ресейдің өзінің оңтүстік және шығыс шекараларындағы
ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізуіне байланысты тастағы
таңбалар туралы алғашқы жазбалар да пайда бола бастады. Әсіресе, Сібір
археологиясының пайда бола бастауымен петроглифтерді зерттеу ісінің қолға
алынуы орын алды.
Сібір археологиясының тарихнамасында ХVІІІ-ғ. академиялық
экспедициялар кезеңі деп қарастырады.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі Сібір
ескерткіштерін зерттелуінен өзгеше болды. Бұл негізінен Қазақстанның
Солтүстік және Шығыс бөліктерінің Ресейдің ықпалына кешірек түсуімен
байланысты болды. Соған сәйкес Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді
зерттеуге кейінірек қол жеткізді. Қазақстандағы археологиялық
ескерткіштерді зерттеумен археолог-мамандар емес, негізінен басқа саладағы
мамандар, мемлекеттік қызметкерлер айналысты.
Оңтүстік Қазақстандағы тастағы таңбалардың зерттелуі Қазақстанның
Солтүстік және Шығыс аймақтарына қарағанда кешірек басталды. Бұның негізгі
себебі Қазақстанның Оңтүстік аудандарының Ресейге тек ХІХ-ғ. 70-жылдарында
ғана толығымен қосылып бітуімен байланысты болды. Сол себепті Қазақстанның
Оңтүстігіндегі тастағы таңбаларды алғаш орыс зерттеушілері зерттеді. Олар
сол кезде Қазақстанның табиғаты, халқы т.б. туралы ақпараттар жаза жүріп,
Қазақстанның тарихи деректеріне қатысты да мәліметтер келтіріп отырған.
Көптеген ақпараттар Жетісудан келіп отырды. Жетісу ежелден тастағы
таңбаларға бай өлке болатын. Бұған қоса тастағы таңбалар ашық орналасуы
себепті оларды көп күш жұмсап тазалап жатпай-ақ зерттеп бақылауға болатын
еді. Жетісу жеріндегі Тамғалытастағы Іле бойындағы тастағы буддалар суреті
мен Шолақ тауындағы петроглифтерді тауып суретін салған.
Қазақстандағы петроглифтердің зерттелуінің басталуын ХІХ-ғ. алғашқы
жартысында Г.И.Спасский жүргізген зерттеулермен байланыстырады. Ол бірнеше
зерттеу бағыттарында жұмыс жүргізді. Оның Шығыс Қазақстандағы тастағы
таңбалар туралы материалдары Азиатский вестник және Сибирский вестник
журналдарында жарияланды. Ол ертістің жоғарғы жағында зерттеулерді
жалғастыра отырып, Смолянка өзенінің Ертіске құяр жағына жақын сол жақ
жағалауында, сонымен қатар Зырян руднигінен 7 шақырым және Гусиный
пристанынан 4 шақырым батысқа қарай суреттерді тауып зерттеген. Ол на
берегу Бухтармы, подле самого крепостного вала находиться вещь,
достопамятная и любопытная для всякого путешественника. Это два следа
человеческие, один длиною в 5, другой в 2,5 вершка, и несколько копыт
обыкновенной величины, тиснутые на гранитном, имеющем в длину 4, а ширину 3
аршина деп мәліметтер келтіреді.
Г.И.Спасский бірінші болып Бұқтырма үңгіріндегі суреттерді сипаттап
жазды. Ол Уже издавна было замечено, что этих начертаний, по
неприступности скал, на которых они находятся, равно как по грубости и
необычайности самой обработки, не должно считать ни произведениями
позднейшего времени, ни надписями, иссеченными только для забавы какими-
нибудь праздными людьми, но что они, подобно курганам, представляют
памятники, сохранившиеся от глубокой древности деп жазады. Бұдан
Г.И.Спасскийдің тастағы таңбаларды ежелден қалған ескерткіш деп бағалағанын
көреміз. Бұл петроглифтерді ескерткіш ретінде зерттеуге ден қойып, оның
ғылыми маңыздылығын бағалау болды.
Тастағы таңбаларды зерттеудің маңыздылығын ескере отырып, ол
Надобно, чтобы тот, кому сие поручено будет, скопировал надписи в
настоящую их величину и с соблюдением возможной точночти, чтобы не остовлял
и самых полинявших или которых малые только следы приметны, даже обозначил
бы места совсем истребившихся надписей деп жазады. Бұдан аңғаратынымыз
ғалымының тастағы таңбалардың әлі алда зерттелетіндігн аңғаруы және сол
кезде зерттеушілердің бұл жұмысқа ұқыптылықпен келуі керектігін меңзеуі
байқалады. Ол кезде қазіргідей суретке түсіру болмағандықтан, зерттеуші
тастағы таңбалардың әр сызығының көшіру кезінде дәл түсірілуін талап етуі,
оның петроглифтерді құнды ескерткіш ретінде қарағанының дәлелі. Сондықтан
да ол таңбаларды суретке салудың дәл болуының оларды келешекте басқаларға
танытудың кепілі екендігін нақты түсінген.
Ертістің тастағы суреттері басқа да зерттеушілердің назарын аударып
отырған. Олардың ішнде А.Н.Седельников, Т.П.Белоногов, П.Н.Столпянский,
С.И.Гуляев, Б.Г.Герасимов, К.Риттер, Н.М.Ядринцев сынды зерттеушілер бар.
Н.М.Ядринцев Ертіс суреттері бұл өлкенің ежелгі мекендеушілерінің аңшылық
және малшаруашылық өмір салтының болғандығын дәлелдейді, ал бұқтырма
жартастарындағы геометриялық белгілер жазудың бастамасы болып табылады деп
санап, олардың кейбірін пиктограммалар қатарына жатқызған. Осылайша ол да
тастағы таңбаларды ежелгі адамдардың өмірі туралы дерек деп қарастырып,
тіпті оларды алғашқы жазудың бастамасы деп санағаны байқалады. Әрине,
мұндай пікірлерді дәл деп қабылдау ғылымда орын алмаған. Дегенмен де
зерттеушінің тастағы таңбаларды бұлай бағалауының ғылым үшін маңызы зор.
В.Ледебур ХІХ-ғ. бірінші жартысында Алтай, қазақ далаларында саяхатта
жүріп, Күршім өзенінің жоғарғы жағында, Доланқара тауларының оңтүстік
етегінде архарлар мен бұғы суреттерін тауып, жазған.
Бұдан кейінгі кезеңдерде Қазақстандағы тастағы таңбалар неғұрлым
экстенсивті түрде зерттеле бастады. Бұл негізінен Орыс географиялық
қоғамының аймақтық бөлімдерінің (Оренбург, Батыс-Сібір, Түркістан
бөлімдері, Семипалатинск бөлімшесі) қызметімен байланысты болды. Бұл
кезеңде де тастағы таңбаларды зерттеулер алғашқы кезеңдегі бағытқа сай
жүрді. Сонымен қатар техникалық жаңалықтар да петроглифтерді зерттеудің
қарқын алуына септігін тигізді. Бұрын таңбалы тастарды зерттеумен
зерттеушілер ғылыми-жаратылыстану саласындағы зерттеулерді қатар жүргізп
отыратын. Енді зерттеуде барлығын қарастыра бермей, әр объектіге жекедара
ғылым саласынан келу орын алды. Көпшілік жағдайда олар мамандандырылған
сипат ала бастады.
Арнайы ұйымдармен қатар тастағы таңбаларды зерттеу жұмысына жекелеген
энтузиаст зертеушлер де үлес қосты. Олардың жұмысы негізінен петроглифтер
шоғырланған орындарды тауып, оларды тіркеп, сипаттама беру болды. Осылайша
петроглифтер шоғырланған орындар туралы қысқаша мәліметтер жинақталып
жатты. Бұған мемлекеттік қызметкерлер де ат салысты. Көптеген зертеушлер
нақты бір аймақтың ескерткіштерін зертеуге қызығушылық таныта бастайды.
Олар тастағы таңбалар туралы мәлметтер жинап қана қоймай, оларды талдауға
да тырысты.
Бұл кезеңде тастағы таңбалар туралы мәліметтер негізінен Шығыс
Қазақстаннан түсіп отырды. Дегенмен Қазақстаның басқа да аймақтарынан,
әсіресе, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудан да тастағы таңбалар туралы
мағлұматтар жинақтала бастады. Оған себеп бұл аймақтарда да тастағы
таңбалар шоғырланған орындардың көптеп кездесуі еді.
Жетісудағы петроглифтер туралы ақпарат қалдырған шығыстанушы,
ориенталист, орыс ғалымы Н.Н. Пантусов болды. Ол 1879 ж. Туркестанские
ведомости газетінің №43 санында Жоңғар Алатауы маңындағы петроглифтер
туралы ақпарат келтіреді (1. 18). Оның Жетісудағы петроглифтер туралы
мәліметтері осымен шектелмейді. Бұдан кейін 15 жылдай уақыт ішінде Н.Н.
Пантусов Қапал және Қызылағаш ауылдары жанындағы тастағы таңбалар туралы
археологиялық комиссияға мәліметтер беріп отырады (1880 ж.), Шолақ
тауындағы, Алтынемел асуындағы, Көксу мен Қара өзендері бойындағы
петроглифтер туралы газеттерге жазып отырды.
1884 ж. А.М. Никольский мен Г.В. Фишер Іле өзені бойындағы Тамғалытас
шатқалында көптеген тастағы суреттерді табады. Бұл суреттерді кейін Н.Н.
Пантусов келіп зерттейді (17. 345). Н.Н.Пантусов Тамғалыдағы таңбаларды
суретке түсріп, ондағы жазулардың мағынасына түсінік беруге тырысқан. Ол,
әсіресе, тастағы таңбалардың суретінің дәл түсуіне үлкен мән берген. Оның
айтуынша сурет түсірген кезде дәл шығуы үшін оның бетіне ұн сепкен.
Осылайша Н.Н.Пантусов таңбаларды ашып, тіркеп қана қоймай, оны зертеп,
суретке түсірп алудың да өзіндік әдісн қолданған.
Оңтүстік Қазақстанның тастағы таңбалары туралы құнды ақпараттарды
археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі келтіріп отырған. В.А. Каллаур
археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі хаттамасында топограф ғалым
М.А. Кирхгоф сөзінен Қаратаудың Оңтүстік етегіндегі Бесарық шатқалында тас
құралдар мен тастағы суреттер туралы мәліметтер келтіреді (5). Кейін М.А.
Кирхгофтың бұл ашылымдары туралы И. Пославский жазады. (1. 19)
Алайда Бесарық шатқалындағы тастағы таңбалар туралы мәліметтер
толыққанды емес. Себебі ол бойынша қай суреттер туралы сөз болып отырғанын
анықтау қиын. Негізі Марьяшев А.Н, Қадырбаев М.К. келтіруі бойынша
Бесарықта суреттедің екі тобы бар: бірі шатқалға кірер ауыздан алыс емес
жерде, Шығыстағы аласа жартастарда орналасқан, негізінен ешкі, түйелердің
схемалы ойып салынған бейнелері көбірек; екіншісі шатқал бойымен 9 шақырым
биіктікте Күйкентай жартасында орналасқан. Осы авторлар пікірінше М.А.
Кирхгоф мәліметтері төменгі топқа қатысты болса керек, дегенмен шоғырланған
екі топ бойынша мәліметтерді біріктіріп жіберуі де мүмкін деп санайды
(1.19).
Қазақстанда археологиялық ескерткіштердің ары қарайғы зерттелуі Орыс
географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімнің қызметімен де байланысты
болғандығын жоғарыда айттық. Аталған бөлім мүшелері Қазақстанда саяхаттай
және зертеу жұмыстарымен айналыса жүріп, татағы таңбалар туралы да
мәлметтер жинақтап жүрді.
Осы қоғамның белсенді мүшелерінің бірі А.В.Адрианов 1881ж. Алтайға
саяхаты туралы жазбаларында ескілік ескерткіштеріне ұқыптылықпен қарау
керектігн айтқан. Қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде ол өзі тікелей Шанағаты
кентіне жақын, Қара-Қабы ауданында, Нарым жотасындағы суреттерді және
Көкпекті өзені бойында Қараой ауданында және Бөрітастаған деген жердегі,
сонымен қатар Қалжыр жүйесіндегі суреттерді қарап шыққан. Петроглифтер
орналасқан біраз орындарды А.В.Адрианов өзінің ақпарат берушілерінің сөзі
бойынша сипаттаған. Ол те немногие писаницы, которые есть в крае,
отличаются, так сказать, примитивностью исполнения, слабо развитым
искусством. Отмечу одну особеность наблюдавшихся мною писаниц-их
эскизность, которой совершенно не встречаетс, например, среди мночисленных
писаниц из многих тысяч фигур в минусинском уезде деп Шығыс Қазақстандағы
суреттердің сызылу дәрежесіне баға беріп кетеді. Автор суреттерді қарапайым
деп көрсетеді. Әрине бұндай суреттерді көргендер оларға әр түрлі баға беріп
жатады. Біреулер оны өнер туындысы деп бағаласа, енді біреулер олардың
салыну шеберлігіне де назар аударып жатады. Дегенмен қалай болғанда да
зерттеушілердің тастағы таңбаларға назар аударып, оларды сипаттап,
ескерткіш ретінде бағалауы тастағы таңбаларды зерттеу ісіне қосылған үлес
болып табылады. Оның үстіне осы алғашқы мәліметтер қазіргі таңда көпшілігі
жойылып кеткен кейбір петроглифтер туралы білуімізге септігін тигізеді.
Тастағы суреттерді зерттеу бойынша алдыңғы әріптестерінің істерін
жалғастырушылар болып жатты. Олар ХХ-ғ. бас кезінде де осындай
зерттеулерден қол үзбеді. Кейбіреулері тікелей өздері келіп, суреттерді
қарап, сипаттап жатса, енді біреулері басқа адамдардың сөзінен олар туралы
мәліметтерді жазып алып отырды.
Н.Гуляев өз баласы С.Н.Гуляевтің көшірмелері және Н.В.Казновтың
айтулары бойынша Көксу өзені бойындағы Таловка аулының жанындағы жартастағы
бейнелерді сипаттап жазады. Онымен шектелмей бұл бейнелерді Томскідегі
суреттермен салыстыра отырып, Таловка ауылының жанындағы бейнелер, Том
өзені бойындағы суреттерге қарағанда мазмұны жағынан анағұрлым жан-жақты
екендігін айтады. Алайда оның өз жазбаларына қосып берген көрнекілік
қосымшалары бұл аталған ескерткіш туралы толықтай ұғым қалыптастыруға
көмектеспейді.
Н.Гуляевтің тастағы таңбаларды зерттеудегі маңызды орын алатындығы,
ол оларды ежелгі заманның маңызды ескерткіштері қатарына жатқызған және
оларды адамдардың бұзып-қиратуынан қорғау керектігі жөнінде мәселе
көтерген. Алайда тастағы таңбаларды қорғау мәселесі әлі күнге дейін күрдел
мәселелер қатарында. Сондықтан қазіргі таңда бұл ескерткіштерді көріп,
қарауға біздің мүмкіндігіміздің жоқтығын ескерсек, Н.Гуляевтің айтқандарына
ешкімнің аса мән бермегендігін көруге болады.
А.Н.Новоселов Ертістің оң жақ ағысы Өбе өзеніндегі Выдриха кентіне
жақын Золютарь және Ревнюха шоқтықтарындағы бірқатар аттылар бейнелерін
тіркеп жазып алған.
Алайда Шығыс Қазақстан, сонымен қатар басқа да аймақтар бойынша Орыс
географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің жинақтаған материалдарының
барлығы бірдей есепке алынып, жүйеленіп отырылмады. Кейбіреулері туралы
тек бөлім жиналыстарының хаттамаларында ғана ескертулер келтірілген. Бұл
біздің революцияға дейінгі кезеңдегі тастағы таңбалардың зерттеулі туралы
толық мәліметтер алуымызды қиындатады. Сондықтан осындай біраздаған
жазбаларға сүйенеумізге тура келеді. Дегенмен де бұл да болса біз
қарастырып отырған кеззеңдегі тастағы таңбалар туралы зерттеулер туралы
біуімізге мүмкіндік береді.
В.В.Радловтың бастамасымен 1910ж. Орталық және Шығыс азияны зерттеу
үшін комитет в.И.Каменский жетекшілігімен ғылым академиясының экспедициясын
ұйымдастырады. Экспедиция Сібен пикетінен (қазіргі Никитинка ауылынан) 8
верст жердегі Бердібай өзеніндегі Сарыбұлақ шатқалындағы әр түрдлі
жануарлар бейнелерін тіркеп жазады. Экспедиция жетекшісінің сөзіне
қарағанда Это былыи простые выбитые изображения животных-архаров, оленей-
маралов и коз. В некотором расстоянии от этой писаницы была другая с
изображением человека, наносящего удар, и другого с ребенком,
протягивающего вперед руки, умоляя о пощаде. Все эти изображения, очень
мелкие, носили характер недавней работы. Зертеушінің бұл жазғандарынан
байқайтынымыз ол бұл суреттерді кейінгі уақыттарда салынған деп санайды.
Алайда бұған қандай негіз болғандығын атап көрсетпейді. П.П.Семенов-Тянь-
Шанскийдің және В.И.Потаниннің мәліметтеріне қарағанда марал, ешкі және
аттың бейнелері бар деп жазылған Толағай шоқтығына барып, В.И.Каменский
оларды фотосуретке түсіріп, тіркеп жазған. В.И.Каменскийдің соңғы зерттеу
орны ол А.В.Адриановпен бірге барып қараған Бөрітастаған жартасы болды.
Бұл екі зерттеушінің мәліметтері осы ескерткіш туралы жалпылама ұғым
береді. Олар жартаста қызыл охрамен салынған жануарлардың, адамдардың,
құстардың және әр түрлі геометриялық белгілердің бейнелерін тауып
қарастырады. В.И.Каменский это совершенно особое письмо, ничего общего не
имеющее с выбитыми изображениями животных на скалах, во множестве
встречаемых в киргизских горах деп жаза отырып, олар не реальны и носят
какой-то символический характер деп көрсетіп кетеді. Зерттеуші бұл
сызбаларды тек тас бетіндегі сурет деп қарамай, оның ішкі мәніне де назар
аударады. Бұл оның тастағы таңбаларды зерттеуде біршама алға жылжып, оны
неғұрлым ғылыми дәрежеде қарауға ұмтылғанын көреміз. Ол сызбаларды жазу деп
қабылдайды және онда қандай да бір ерекшелік бар деп санайды. Оларды шынайы
деп қарастырмайды. Ал А.В.Адрианов болса, Бөрітастаған жартасын қазақтардың
ерекше құрметтейтінін атап айтып, Киргизы ходят сюда усердно и приносят
жертвы, навязывая лоскуты ситца деп келтіреді. Осыдан шыға отырып, бұл
жердегі тастағы таңбалардың да қандай да бір символикалық маңызы бар деген
тұжырым келтіреді.
В.И.Каменскийдің жалпы алғанда Сарыбұлақ петроглифтері мен
Бөрітастаған таңбалары туралы қорытындыларын толықтай дәл деп қабылдауға
болмайды. Дегенмен де оның бұл зерттеулерінің сол кезеңде үлкен маңызы
болған: ол жерлеу ескерткіштерімен тастағы таңбаларды қатар зерттеп,
кешенді түрде зерттеген, суреттерді фотоға түсірген, осы зерттеліп
отырған ескерткіштерге қатысты қосымша мәліметтер жинаған; зерттеу жұмысына
басқа да сала мамандарын тартып отыру мен осы ескерткіштердң ғылыми
маңыздылығын бағалауы болып табылады.
Жалпы алғанда революцияға дейінгі кезеңде петроглифтер туралы
зерттеулер мәліметтері анағұрлым қарапайым болды. Өйткені зерттеушілер
зерттеу барысында нақты күрделі ғылыми мақсаттар қоймаған еді. Сол себепті
олар кейбір сурет сюжеттерін жай сипаттап, суреттерін келтіріп, олар
туралы өздерінің жалпы әсерлерін келтірумен шектелген. Онда петроглифтердің
жасын анықтау, олардың кімге жататынын анықтауға, мазмұны, мән-мағынасын
түсіндіруге деген ұмтылыстарды көре алмаймыз.
Бұл кезеңдегі тастағы таңбалар туралы зерттеулер олардың мерзімделуі,
семантикасы және интерпретациясына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді
шешіп бере алмады. Фактілерді теориялық ұғыну мен тарихи тұжырымдар жасау
революцияға дейінгі кезеңдегі зерттеу жұмыстарына жетіспеді, бұның бірқатар
объективті себептері болды. Ол кезеңде арохеология ғылым енді қалыптасып
келе жатқан еді, археологиялық ескерткіштерді зерттеумен археолог мамандар
емес, басқа саладағы зерттеушілер, мемлекеттік қызметкерлер айналысты.
Зерттеу объектісі туралы біраздаған білімдер, жазба деректердің болмауы
т.б. тек фактілік материалдардың жинақталуына әкелді, ал бай археологиялық
мұраларды зерттеп игеру артта қалып отырды.
Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстанның петроглифтері туралы
бірқатар зерттеу жұмыстарының революцияға дейінгі кезеңде-ақ орын алғанын
жоғарыда келтірген мәліметтерден көрдік. Олар біз атап кеткен
кемшіліктеріне қарамастан тастағы таңбаларды зерттеу ісінің негізін салып
кетті. Сол іс кейнгі кезеңдерде де өзінің орынды жалғасын тауып, қазіргі
таңда Қазақстанда петроглифтерді зерттеудегі өзіндік саланың пайда болуына
септігін тигізді.

Кеңестік кезеңдегі тастағы таңбалардың зерттелуі
Кеңестік кезеңде бүкіл елдегі археологиялық ескерткіштерді зерттеп,
қорғап, сақтауға үлкен мән берілгенін білеміз. Соның нәтижесінде
Қазақстандағы ескерткіштер туралы да бірқатар зерттеулер жүргізіле бастады.
Қазақстанның археологиясын зерттеуде бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.
Археологиялық ескерткіштерді ашып, оларды жан-жақты ғылыми тұрғыда зерттеу
ісі жалғасады. Бірқатар көрнекті археологтар шығып, осы салада жемісті
еңбек етеді. Олардың көпшілігінің еңбектері қазіргі уақытта археология
ғылымының табыстарының айқын дәлелі болып отыр. Археологиялық
ескерткіштерді зерттеудің осы кезеңде қалыптасып, орнығуы орын алып,
нәтижесінде келешектегі зерттеулерге айқын жол ашып берді. Археологиялық
ескерткіштерді кешенді түрде зерттей отырып, археологтар тастағы
таңбалардың зерттлуіне зор үлес қосты.
Кеңес өкіметі тұсында петроглифтерді зерттеуге неғұрлым ғылыми
тұрғыдан келу орын ала бастайды. Бұл кезеңде зерттеуші-ғалымдар
петроглифтердің семантикасы, петроглифтерді мерзімдеу мәселесіне қатысты
пікірлер айтады. Алайда ХХ ғ. басынан ортасына дейінгі аралық бойы дерлік
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу петроглифтері туралы зерттеулер жоқтың қасы.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде петроглифтер туралы арнайы
зерттеулер жүргізілмеді. 30-жылдардан бастап, бұл мәселеге қатысты ізденіс
жұмыстары атқарыла бастады.
Бұл кезеңде петроглифтерді зертеуде, тек оларды сипаттап, суретін
салу ғана емес сонымен қатар оларды зерттеу әдістерін жетілдіру, яғни
ғылыми тұрғыда баға беруге зор көңіл аударыла бастады. Зерттеушілер
петроглифтердің мерзімін анықтау, мазмұнын түсіндіру сияқты мәселелерге
қызығушылықтар танытып отырды.
Қазақстандағы тастағы таңбалар туралы бірқатар ғалымдар зерттеу
жүргізе отырып, оларға келешекте басқаша, ғылыми көзқарас тұрғысынан
қарауға негіз салды. Зерттеулер Қазақстанның бардлық аймақтарындағы
петроглифтерге қатысты жүргізіле бастады. Әсіресе, Орталық Қазақстанды
зерттеу бұл кезде қарқынды болды. Осы кезде ғалымдардың, петроглифтердің
мерзімі, мазмұны, оларды зерттеу әдістері туралы жасаған тұжырымдары
теориялық білімдердің жинақталуына да зор септігін тигізді.
Осы кезеңде жасалған ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар кейінгі
ғалымдардың келешек зерттеулерінде пайдаланылып отырылды. Кейінгі
зерттеушілер осындай ұсынылған әдістердің ішінен анағұрлым дұрыс деп
тапқандарын пайдалана отырып, басқа аймақтардағы жаңа петроглифтерді ашып
зерттеді. Олардың ғылыми тұжырымдарын алда қарастырамыз.
Біз кеңестік кезеңдегі зерттеулер туралы айтқанда тек Оңтүстік және
Шығыс қазақстандағы ғана емсе, сонымен қатар басқа да аймақтардағы
петроглифтер туралы зерттеулерді де қарастырамыз. Себебі біз айтып
отырғандай, бұл кезеңдегі жасалған ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар
кейіндері басқа ғалымдармен пайдаланылып отырылды. Сол кезде негізі
қаланған зерттеу әдістері әлі күнге дейін өзінің ғылыми маңызын жойған жоқ.
Бұл кезде тек Қазақстан ғана емес, сонымен қатар бүкіл одақ бойынша,
сібір, Орта Азия бойынша жүргізілген зертеу жұмыстарының маңызы жоғары.
Себебі петроглифтер көп шоғырланған барлық аймақтар бойынша жүргізілген
зерттеулерде теориялық-методологиялық мәселелер көтеріліп отырды. Осы кезде
Қазақстан мен Одақ бойынша бірқатар ірі петроглифтерді зерттеуші-ғалымдар
шықты.
Петроглифтерді зертеуде мерзімдеудің жаңаша әдістерін шығарып,
қолданған профессор В.А.Городцов болды.
В.А.Городцовтың есімімен зерттеудің эмпирикалық-теориялық әдісінің
дамуын байланыстыруға болады. В.А.Городцовтың жүргізген зерттеу
жұмыстарының құндылығы оның, Қазақстандағы тастағы таңбаларды зертеуде
жаңаша тұрғыдан келуді қолданады. Кең археологиялық материалдарды жинақтай
келе, ол бүкіл Евразия кеңістігіндегі петроглифтердің арасында ұқсастықтар
бар деп санайды. Ол торғай және енисей жартастарының таңбаларын бір
халыққа жататындығы туралы гипотеза қоюды ұсынады. Бұл жерде зерттеушінің
пікір бойынша Орталық Қазақстан интенсивті мыңдаған жылғы мәдени
қатынастардың перифериялық зонасы болып табылады. Ғалымның берілген
гипотезасын кейінгі зерттеушілер жоққа шығармайды, сонымен қатар олар
Орталық Қазақстан арқылы өтіп, Орта Азияны Батыс Сібірмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу петроглифтерінің зерттелуі
Тамғалы петроглиф тас кешені
Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер
Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
Жетісу жеріндегі таңбалы тастардың тарихы
Қазақстандағы петроглифтерді зерттеу
Әуелгі қола мәдениеті
Экологиялық туризмнің негізгі міндеті – табиғатты сырттай бақылау
Пәндер