Шикізат экспортының Қазақстан үшін тигізетін экономикалық салдары


Шикізат экспортының Қазақстан үшін тигізетін экономикалық салдары
Экспорт, яғни, ішкі өнімдерді шет елдерге шығару екені белгілі. Бүгінгі таңда белең алып отырған әлемдік инфляцияның Қазақстанның ішкі рыногына тигізетін әсері ерекше. Қазақстнның ішкі рыногндағы бүгінгі және болашқтағы инляция сыртқы қысымның тікелей ісерінен болары сөзсіз. Бір ақиқаттың беті ашық, ол ел экономикасының сырттың «көмегімен», дәлірек айтсақ, әлемдік инфляцияның салдарынан туындайтын сұраныстың молаюымен қарқынды дамуын жалғастыра түседі. себебі, инфляцияны сезініп тұрған әлемнің барлық елдеріне біздің экспорттық мақсаттағы тауарлар аса қажетті. Мысалы, мұнай, астық қанша өніріп, қанша экспорттасаң да жоғары бағаға өтімін жоғалтпайды. Сол сияқты металдар мен минералдарға да сұраныс деңгейі өте жоғары. Қысақсы, дүниежүзіндегі барлық қор биржаларындаҚазақстан экспорттайтын тауарлар бағасы әр сауда саттық сайын өсуін тежер емес. Бұл экономиканы дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етері табиғи заңдылық. Демек, экономикамыз бұрығыдан да қарқынды дамуын әлемдік рынок сұранысы қамтамасыз етіп отыр. Сондай ақ шет елдерден импорттайтын тауарлар арқылы елімізге де инфляция әсері келіп жатыр. Ал оны халыққа білдірмеудің, инфляцияны тежеудің басты қаруыны ң бірі экспорт. Сондағы айтпағым импорттайтын тауарлардың ақшасының орнын экспорттайтын тауарлармен жабу. Мысалы, Қазақстан ең бай экспорт өлкесі болып табылады. Оны байлығына көз тігіп отырғандар қаншама. Әсіресе мұнайға. Мысалы, Қазақстанда жылына ең аз дегенде 40 млн. тоннадай мұнай экспорттайды. Сонымен қатар экспорттайтын тауарларды көбейтіп, импортты азайту керек. Өз елімізде сапалы өнімдер дайындауға мүмкіндік туғызылуы керек. Бұл мәселеле күріш пен сүт саудасы төңірегінде де болып жатқаны басапасөз беттерінде жиі жарияланып жүр. Содан толық мысал келтіретін болсам:
1. Күріштің көсегесі кластерсіз көгермейді
Қызылордада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен "Күріш өндірісі және суармалы егіншіліктің негізгі мәселелері" деген тақырыпта екі күндік семинар-кеңес болып өтті Оның жұмысына елімізде суармалы егіншілікпен және күріш өсірумен айналысатын Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының егіншілер қауымы өкілдері қатысты.
Семинардың алғашқы күнінде меймандар алдымен Шиелі ауданындағы бірқатар шаруашылықтардың күріш танаптары мен су жүйелерін аралады. Сосын Сырдария ауданын бетке ұстаған делегация Әйтек су торабына аялдады. Осы көктемде пайдалануға берілген ол төмендегі аудандардың егістіктеріне жіберілетін суды реттеп тұр. Ал жаздың соңына таман осындағы Қараөзектің сағасынан салынатын жаңа топса секундына 350 текше метр суды жөнелте алатын болады. Қатысушылар «Жиһан» холдингтік компаниясына қарасты "Шапағат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тәулігіне 120 тонна күріш ақтай алатын зауыты жұмысымен де танысты. Мұнда стандартқа сай ақталған маржан дән негізінен, шет елдерге шығарылады. Бұл кәсіпорында жұмыс түгел автоматтық жүйеге көшірілген. Зауыт қара күрішті 70 пайыз ақ маржанға айналдыра алады.
Егістігі түгелдей суармалы жүйеге бағындырылған Сыр бойы сияқты аймақта ауыспалы егіс танабы тәртібін сақтаудың өмірлік маңызы бар. Бұл жүйе сақталмаған күнде егісі толық аяқсуға қарап тұрған облыста егіндік алқаптың көп ұзамай қатардан қалып, іске татығысыз болып шыға келетіні анық. "Ақжарма" ЖШС егістік алқабындағы кездесулерде мәселенің осы жағы баса айтылып жатты. Бұл қадау ойлар негізінен, ЖШС директоры Марат Бисенов пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Ұзақ Оралбайдың сөздерінен көбірек көрініс тапты. Олар ауыспалы егіс танабының сақталу тәжірибесін 8 танапты алқапты пайдаланудың негізінде түсіндіріп берді. Ал осы аудандардың инвесторы - "Шапағат" ЖШС атқарушы директоры Алдаберген Құлбаев ауыспалы егіс танабын сақтау бағытында алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарды баяндады. Бұл инвестордың қамтуында қазір 10 шаруашылық бар. Негізінен, облыстың Сырдария, Жалағаш аудандарының ауылдарын қамтитын, сонымен бірге Қармақшы жерінде бір шаруашылығы бар "Шапағат" ЖШС жылына 15 мың гектардан астам атырапқа күріш дақылын егеді.
Семинар-кеңестің келесі күнгі пленарлық мәжілісі Қызылордадағы Студенттер сарайында басталды. Оны Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Күрішбаев қысқаша сөз сөйлеп ашты. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің директоры А. Евниев республика көлеміндегі суармалы егін жүйесінің қазіргі таңдағы ахуалы, оның келешегі туралы баяндама жасады. Бұдан кейін сөз алған Қызылорда облысының әкімі И. Адырбеков өз сөзінде "Азық-түлік" бағдарламасын жүзеге асыруда барлық аймақтардың ынтымақтаса жұмыс жасауының көп нәтиже беретініне назар аударды. Әкім өз сөзінде күріш шаруашылығын өркендетуде кезек күттірмейтін міндеттерге тоқталды. Солардың ішіндегі ең өзектісі кластерлік жүйе бойынша еңбек ету болып отыр. Бұл жүйенің суармалы егіншілік жағдайындағы салмағы тіпті зор. Өндірілген өнімнің еш бөлігі босқа далада қалмауы тиіс. Күріш дақылының маржан дәнін айтпағанда, одан бөлінетін ақ ұсақ, жарма секілді бөліктері жем ретінде пайдаланылуы тиіс. Осы күріштің қауызынан боикет атты торфқа ұқсас отын түрін шығаруды шапағаттықтар бұдан үш жыл бұрын бастап кетті. Енді оның өндіріс ауқымын арттырған ләзім. Орайын тапса, ол еліміздің кез келген мүйісінде өзінің сұранысын табады. Осыдан келіп, күріштен түсетін таза пайда арта түседі, өнімнің өзіндік құны төмендейді. Күні ертең Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіре қалсақ, мұның біздер үшін керегі көп.
Аймақ жұртының басым бөлігі күріш дақылы арқылы күн көріп отыр. Облыстағы 610 мың халықтың 43 пайызы ауылдық жерлерде тұратынын ойласақ, мұның астарында қаншалықты шындық жатқанын пайымдау қиын емес. Өңірдегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3, 5 млн. га жердің 215 мың гектарын суармалы танаптар алып жатыр. Бұлардың да 172, 5 гектары инженерлік жүйеде. Мемлекеттің елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аграрлық саясатын жүзеге асыру мақсатында Үкімет соңғы үш жылда ауыл шаруашылығына айрықша бетбұрыс жасауда. Мұның жемісін күріш өндірушілер де көріп келеді. Республикадағы ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықтың тұрмыстық ахуалдарының жақсара түсуі олардың тұтынушылық қабілеттерін арттырып, сұраныстарының көлемін көбейте түсуде. Мемлекет жыл сайын тұқым мен жанар-жағармайды, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алуға, сондай-ақ аяқ суды жеткізуге субсидия бөліп отыру арқылы ауыл шаруашылығындағы проблемаларды шешіп беруде. Осындай қамқорлық облыста күріш өндірісінің нақтылы жүйесін қалыптастырды. Қазір мұнда күріш өсірумен 2 мемлекеттік кәсіпорын, 1 акционерлік қоғам, 67 толық және жауапкершілігі шектеулі серіктестік һәм өндірістік кооператив, 26 жеке қожалық шұғылданады.
Аймақтағы Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу суармалы жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланудың нақты ғылыми негізделген прогрестік тәсілдерін өндіріске енгізуде, күріш селекциясын жақсартуда айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Соңғы ондаған жылда облыс шаруашылықтары осы институт шығарған күріштің "Маржан" деген сортын егіп жүр. Биылдан бастап "Арал-202" деген сорт егіле бастады Ол әлемнің үздік сорттарымен деңгейлес. Аймақта тұқым саласын дамытуда "Түгіскен" және "Қарауылтөбе" мемлекеттік кәсіпорындары мен "ІІІ Интернационал" ЖШС біраз тірліктердің басын қайырды. Үш шаруашылық облыс ауыл шаруашылығын жоғары репродукциялы тұқымдармен қамтамасыз ете білуде. Егістік алқапқа себілген 21 мың тонна күріш тұқымының 95 пайызы жоғары репродукциялы дәндер құрайды. Қызылорда күріші соңғы жылдары сапасының жоғарылығы және бағасының тиімділігі арқылы еліміздің ішкі рыногында өзінің тұрақты орнын алып отыр. Соңғы екі жылда сыртқы рыноктағы сұраныс арта түскен. Өткен жылғы күріш экспорты 74 мың тоннаға жетті. Сыр бойының ақ маржанын Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия, Италия сияқты мемлекеттердің тұрғындары тұтынады. Облыстағы 4 ірі зауыт тәулігіне 450-500 тоннаға дейінгі салыны ақтап шығаруда. Олардың екеуі халықаралық ИСО-9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесіне енуге қам жасауда.
Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында күріш өндірудің келешегі кемел болмақ. Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің аграрлық өнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі бағыты аграрлық секторды индустрияландыру, ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және қайта өңдеу саласында кластерлік даму әдістерін енгізу арқылы ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру екендігі атап көрсетілген. Облыста жұмысты тап осылай жүргізудің іргесі қаланған. Демек, оны дөңгелентіп әкетуге әбден болады. Өйткені күріш өндірісінің ендігі келешегі кластерлік жүйесіз болмайтын түрі бар. Мұны күріш егетін адам да, оған бағыт беретін маман да өте жақсы түсінген. Екі күнге ұласқан семинар-кеңестің түйіні де осыған келіп сайды.
2. Қызылордада сүт зауыты қайта қатарға қосылды
Осыдан шамалы ғана уақыт бұрын Сыр бойындағы басты қалада екі бірдей мектеп-интернат пен балалар ауруханасындағы 268 баланың аяқ астынан сүмесіннен уланып, ел ішін бір дүрліктіріп өткенін оқырман қауым ұмыта қоймаған болар. Құдай қолдағанда, бүлдіршіндер түгел аман қалып, артынан аяқтарынан тік тұрып кетті. Бірақ сол оқыс оқиға сол бойда облыс басшылығын қатты ойландырған еді. Жеткіншектер қаладағы сүт өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын - "Ақ-нұр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған қатықтан ұшынған екен. Әлбетте, өз саласында бәсекелес таппаған бұл зауыттың қалада балалар жабық мекемелерін сүт өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі тендерді шүбәсіз жеңіп ала беретіні шындық. Ендеше, бұл тұйықтан шықпай болмайды. Осы жерде бұдан бір жылдан астам уақыт бұрын тоқтап қалған қаладағы "Шапағат-Сүт" зауыты бірден ойға алынып, назарға ілікті. Аты күллі елімізге мәшһүр "Жиһан" холдингтік компаниясына қарасты бұл зауыт 2004 жылдың күзінен жұмыс жасай бастағанды. Израильдік технологиямен жабдықталған оның қуаты біз жоғарыда сөз еткен кәсіпорыннан әлдеқайда күшті. Орналасқан жері де жұмыс жасауға өте ыңғайлы. Алайда, жұмысын жаңа бастап, бауырын енді жаза түскен зауыттың алдынан әп дегеннен мыңсан кедергілер кездесе берді. Соның салдарынан өнім өңдеу қуаттылығы тәулігіне 20 тонна болатын кәсіпорын 2, 5-3 тонналық мөлшерден аса алмады. Басты себебі, шикізат жетіспеді. Бұл - бір. Екінші кезекте сол аз өнімнің өзін өткізу қиынға түсті. Ал олардың сапасы жөнінен ешкім нашар пікір айта алмас еді. Осының бәрі кәсіпорынның ырғақты жұмыс жасауына мүмкіндік берген жоқ.
Алдына белгілі бір мақсат қойса, соның бір шегіне жеткенше тыным таппайтын облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед осыдан кейін "Шапағат-Сүт" зауытына арнайы ат басын тіреп, ондағы жағдаймен өзі түбегейлі танысып шықты. Кеңінен отырып кеңесу барысында кәсіпорынды қайтадан іске қосу үшін 6 млн. теңге көлемінде қаржы керек екені белгілі болды. Сол жерде Мұхтар Абрарұлы аталған қаражатты тез арада тауып беруге уәдесін беріп, шапағаттықтарға бір айдың ішінде зауытты толық іске қосуды тапсырды. Ақырында келісімді мерзім де келіп жетті. Білікті басшы Мадияр Алдоңғаров басқаратын жиһандықтар да мәрт екен, уәделерінде тұрып, алдын ала белгіленген күні кәсіпорынды іске қосып үлгерді. Осы уақытта "Шапағат-Сүт" зауытының жұмыссыз қалған мамандары өз жұмыс орындарына оралып, еңбек көрігін қыздыра түсті. Сөйтіп, әкім де, кәсіпорын жетекшісі де уәденің адамдары екендерін танытты.
Қазір зауыт тәулігіне бұрынғыдай 2, 5 тонна өнім шығаруда. Көп жылдардан бері "Шапағат ЛТД" компаниясы өзара қызметтестік сипатында жұмыс жүргізіп жүрген Сырдария ауданы, Ақжарма және Тоқмағамбетов ауылдарындағы шаруа қожалықтары зауытты шикізатпен қамтамасыз етуге бетбұрыс жасады. Сөйтіп, күтімге алынған 800 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қараның 200-і сауынға қосылды. Облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің мамандары фермерлермен келісе отырып, шикізат көлемін бұдан да арттыра түсудің жолдарын қарастыруда. Бұдан бөлек өндірілген өнімнің керекті орындарға жетіп тұруының да жолдары анықталу үстінде. Бұл ретте зауыт басшылығы тендер талаптарынан шығуға ұмтылыс танытып отыр.
Қазіргі күндері зауыт шығарған сүт, қатық, қаймақ, йогурт, сүзбе, балмұздақ секілді өнімдер қала дүкендеріне түсе бастады.
3. "Күріштің жаңа сорты эксперимент ретінде егіледі"
Омархан ПАШКЕНОВ, Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық департаментiнiң Механизация және өсiмдiктер шаруашылығын дамыту бөлiмiнiң бастығы:
- Негiзi Сыр өңiрiнде күрiштiң екi сорты көп егiледi. Олар: "Ақмаржан" және "Кубан" сорттары. Былтыр 70 мың гектар жерге осы сорттар егiлдi. Оның бiреуi - "Ақмаржан" 1984 жылдан, ал "Кубан" 1967 жылдан берi өндiрiсте пайдаланылып келедi. Ендi бұл сорттар қазiргi кезде ескiрдi. Осыған байланысты келесi жылдары бiздiң күрiш сорттарымыз бәсекелестiкке қабiлеттi болуы үшiн, шығарған өнiмдерiмiз ДСҰ-ның стандартына сәйкес болу үшiн көптеген iс-шаралар жасауымыз қажет. Осы ретте бiз, ауыл шаруашылық басшылары, ғалымдар арасынан делегация құрып Краснодар өлкесiне барып қайттық. Ондағы мақсатымыз - сол өңiрдегi күрiш тұқымын зерттеп қайту.
Ендi биылғы жылы облыс әкiмiнiң қолдауымен күрiш тұқымын жаңартуға, сондай-ақ түрлi ауруларға қарсы күресетiн химикаттар сатып алуға 100 миллион теңге қаржы бөлiндi. Осы қаражаттың 52 миллионы Краснодардан жаңа күрiштiң сорттарын сатып алуға бағытталып отыр. Бүгiнде ол жақпен барынша келiсiм шарттар жүргiзiлдi.
Сондай-ақ, "Жиһан" холдингтiк компаниясына қарасты "Шапағат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң тәулiгiне 120 тонна күрiш ақтай алатынын да айтуымыз керек. Мұнда стандартқа сай ақталған маржан дән негiзiнен, шет елдерге шығарылады. Бұл кәсiпорында жұмыс түгел автоматтық жүйеге көшiрiлген. Зауыт қара күрiштi 70 пайыз ақ маржанға айналдыра алады. Егiстiгi түгелдей суармалы жүйеге бағындырылған Сыр бойы сияқты аймақта ауыспалы егiс танабы тәртiбiн сақтаудың өмiрлiк маңызы бар. Бұл жүйе сақталмаған күнде егiсi толық аяқсуға қарап тұрған облыста егiндiк алқаптың көп ұзамай қатардан қалып, iске татығысыз болып шыға келетiнi анық.
Аталған серiктестiк күрiштiң 6 түрлi сортынан 60 тонна алып келдi. Ал, "Шапағат лимитет"бүгiн-ертең екi вагон күрiш тұқымын алып келедi деп күтiп отырмыз. Жалпы барлығын есептегенде, бiзге алты түрлi күрiш сортының 600 тоннасы жеткiзiлетiн болады. Негiзi әкелiнген сорттардың барлығы шаруашылықтардың өздерiнде эксперимент ретiнде егiледi. Демек, егiлетiн күрiштiң көлемi 70 мың гектар болса, соның 2 мың гектарына ғана жаңа тұқымдар шашылатын болады.
4. "Хабар" телеарнасындағы Қазақстан күрішшілер одағының төрағасы Мадияр Алдоңғаровпен сұқпаттан қысқаша үзінді:
Кеңес одағы тарағанға дейін Қазақстанда 160-180 мың гектар жерге дейін күріш егіліп 500 мың тоннаға дейін күріш жиналатын. Қазіргі таңда елімізде күріш егіс көлемі 80 мың гектарға жетер жетпес болып олып отыр, ал жиналатын өнім де 200 мың тоннаға жете алмайды. Сол кездерде салынған, аса көп қаражат жұмсалған, жартылай инженерлік күріш чектерінің системасы мен каналдар системасы да жылма жылғы жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен нашарлап бара жатыр. Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығы үшін біраз жағдайлар жасап жатыр, дегенмен күріш өсіру саласы әлі де болса үкіметтің назар аударуын қажет ететін салалардың бірі. Мұнан үш төрт жыл бұрын Ресейдің күріш саласы Қазақстандікінен төмен болатын, ал қазірге келетін болсақ ол ел бізден анағұрлым ілгері кетті, оның негізгі себебі Ресей үкіметінің күріш саласына өте көп назар аударуында болып отыр. Біздің елімізде бидай сияқты астық өніміне біршама жақсы көңіл бөлініп отырғанмен күріш саласы ылғи да қағыс қала беретін сияқты.
Қазақстан үкіметі үстіміздегі жылға дейін ауылшаруашылығына тыңайтқыш, мұнай өнімдерін, күріш суаруға қажетті сулар үшін олардың құнының 40 пайызына дейін дотация беріп келген болатын. Биыл күріш егілген жердің әрбір гектарына 6740 теңге, ал жоңышқа егілген жердің әр гектарына 1034 теңге беретін болып отыр, сонымен қатар күріш суаруға қажет су үшін оның құнының 40 пайызын төлемек болып отыр. Республика бюджеті күріштің элиталық және бірінші, екінші репродукциялалық тұқымын өсіргені үшін 28 млн теңге берсе, обылыстық бюджеттен осы мақсатқа 51 млн. теңге бөлініп отыр. Обылыстық бюджет Ресей мемлекетінің Краснояр өлкесінен күріштің жаңа элиталық сорттарын сатып алуға 100 миллион теңге бөлді. Ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушылар үшін үкімет қосымша сый ақысы жоқ қарыздар беріп, сонымен қатар лизинг арқылы жаңа ауылшаруашылық техника алуға жағдай жасады. Ауыл шаруашылық кәсіпкерлеріне арналған қаржылық қолдау қоры өзінің бұрыннан істеп келе жатқан көмектерін әрі қарай жалғастыруда.
Дегенмен ауылшаруашылығының күріш өндіру саласында шешуін қажет отырған сұрақтар да жоқ емес. Атап айтқанда:
- Соңғы жылдарда перикуляриоз сияқты күріш ауруы кеңінен етек алып отыр. Бұл ауруға қарсы қолданылатын фундазол, колоссал сияқты фунгицидтерді сатып алу жеке шаруа қожалықтары үшін өте қиынға соғып, күріштің бұл ауруының кеңірек жайылуына жол беріліп отыр. Осындай күріш өнімін күрт азайтатын ауруларға қарсы қолданылатын қымбат дәрі-дәрмек алу үшін үкімет тарапынан шаруа қожалықтарына көмек болыңқырамай тұр.
- Ұсақ шаруа қожалықтарының күріш егілетін жерді тегістеу жұмыстарын жасайтын техникалары жоқ деп айтуға болады. Ал тегістелмеген жерге суға бастыру кезінде су тегіс жайылмайды, тереңде қалып қойған күріш тұқымдарының су тереңдігін жеңіп шығуына қауқары жетпей күріш егісі ала ала болып шығады, сонымен қатар су да бос ысырап болады.
- Тағы да сол техниканың ескілігінен, аздығынан ұсақ шаруашылық ғылыми тұрғыдан негізделген егіс айналымын сақтамай, тек қана күріш дақылын егіп жерді тоздырып отыр. Осының салдарынан біраз жерлер айналымнан шығып қалып отыр.
- Көптеген елдерде ауылшаруашылық дақылдарын өндірушілерді қорғау мақсатында біраз шаралар қолданылып келеді. Мысалы көршілес Ресей мемлекеті бұрынғы жылдарда сырттан келетін күріш үшін кедендік кедергілер жасап келсе, енді өз елінің өндірген күріші сатылып болғанша сырттан күріш өнімдерінің келуіне толық тиым салды.
- Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған субсидиялық көмек жеткіліксіз, және оны алу үшін жасалатын процедураларды жасауға ұсақ шаруа қожалықтарының мұршасы келмейді.
- Ұсақ шаруа қожалықтарындағы жер қазу жұмыстарына арналған техниканың жоқтығынан суару арықтары мен қашыртқылар бірнеше жылдар бойы тазаланбай топырақ басып кеткен, мұның өзі тапшы су қорын толық пайдалана алмауына әсерін тигізіп, ал егіс жинау алдында суды босатқанда қашыртқылар суды тартып алып кете алмай, жер уақытылы кеппей қалып комбайндардың жүре алмауына себеп болып отыр. Тазаланбаған су қашыртқыларының ұзындығы 10 мың км-дей болып қалады. Мұның өзі егісті жинау мерзімін создырып жіберіп, күріштің қыркүйектің суығына ұшырауына соқтырады. Уақытынан кеш жиналған күріштің дәні төгіліп, өнімнің азайуына себеп болса, суыққа ұшыраған күріштің тауарлық сапасы да күрт төмендеп кетеді.
- Жылма жыл қосалқы бөлшектердің, жанар-жағар майлардың, минералдық тыңайтқыштардың және де басқа материалдардың бағасы ұдайы өсіп еледі, сонымен қатар күрішті үстемелеп қоректендіруге қолданылатын авиация қызыметінің бағасы да үздіксіз өсуде. Бірақ та соңғы бірнеше жылдарда күріш өнімдерінің нарықтық бағасы өспей отыр (бұған негізгі себеп Қытай, Египет елдерінен келетін арзан күріш ) . Осындай себептер күріш саласына инвесторлардың қызықпауына әсерін тигізсе, екінші жағынан шаруа қожалықтарының күріш саласынан пайда көре алмай жылма-жылғы қарыздары көбейіп, шаруашылықтарының құлдырауына әкеліп тіреп отыр. Бұлай кете берсе еліміз күріш саласын жоғалтып алуы да ықтимал.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz