Прокурорлық қадағалау



Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім
І Қазақстан Республикасындағы прокуратураның конституциялық.құқықтық мәртебесі
1.1 Мемлекеттік құқықтық жүйедегі прокуратураның орны мен мәртебесі
1.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың басты құқықтық қайнар көзі

ІІ Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметі
2.1 Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары
2.2 Прокуратура қызметінің негізгі бағыттары
2.3 Прокурорлық қадағалау актілері заңды бұзушылыққа қарсы бағытталған құқықтық құрал ретінде

Қорытынды

Пайдаланған қайнар көздерінің тізімі
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30-тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияның сәйкес Қазақстан Республикалы өзін демонстрациялық, зайырлы, құқықтың және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдардың негізінде заң шығаруына, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Конституцияның 83-бабына сәйкес Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтың актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданулуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура Президентке ғана бағынатын, тек соған есеп беретін мемлекеттік орган. Оның басты мақсаты, әрі міндеті республика аумағында заңдылық режимін қамтамасыз ету болып табылады. Осы басты функциясын атқару барысында прокуратура органдары жоғарыда аталған мемлекеттік биліктің үш тармағымен байланыста болады. Джон Локк пен Шарль Луи Монтесквенің құрастырған билікті бөлудің классикалық қағидасы бүгінгі күнде мемлекеттік аппараттық құрылымын толық айқындай алмайды.Биліктің бірде бір тармағына кірмейтін мемлекеттік органдардың қатарына прокуратура жатады.Конституциямен,заңдармен өзіне жүктелген функцияларын атқару барысында ол мемлекеттік билікті иеленеді де,қолдана да алады.Осы тұста мемлекеттік қызметтің айырықша түріне жататын прокурорлық қадағалау қызметінің мәні мен ерекшеліктерін ашуымыз керек.Ол үшін біз мемлекеттік органдардың бақылау қызметі мен прокурорлық қадағалаудың аражігін айыра білуіміз қажет.Заңдылықты бақылау әр түрлі мемлекеттік органдарға жүктелген.Мысалы,әкімшілік бақылау(ведомостволық),ведомстворалық бақылау ведемство ішіндегі әр түрлі (санатори,экологиялық,өртке қарсы және)инспекцияларына жүктелген.
1. ҚР Конституциясы 30.08.1995 ж.
2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы 21.12.1995 ж.
3. ҚР-ғы құқық қорғау органдары Ң.Х.Халиқов, А., 1995 ж.
4. ҚР-ғы прокурорлық қадағалау М.С. Нәрікбаев, Ғ.Қ. Өтебаев, М.М. Алиев Астана, 2005 ж.
5. Прокурорский надзор Б.И.Басков, М., 1996 г.
6. Диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук. Мерзадинова Ергали Серикбаевича на тему: «Конституционно-правовые проблемы прокурорского надзора за соблюдением прав и свобод человека и гражданина» А., 2001 г.
7. ҚР-ны Президентінің 20.09.2002 ж. №949 Жарлығымен мақұлданған «Құқықтық саясаттың Тұжырымдамасы»
8. Ш.И. Шарипов «Некоторые вопросы конституционно-правого статуса прокуратуры в РК (тезисы)» статья
9. Ш.И. Шарипов «ҚР-ң мемлекеттік құқықтық жүйесіндегі прокуратура» статья
10. Заң терминдеріне қазақша-орысша түсіндіріме А.С. Ибраева, А., 1996 ж.
11. ҚР-ң Конституциялық құқығы Ғ.С. Сапарғалиев, А., 1998 ж.
12. Конституционный строй РК З.А.Ким, Г.В.Ким, А., 1998
13. Интернет мәліметтері
14. Мемлекет және құқық теориясы А.С.Ибраева, Ғ.С. Сапарғалиев А., 1996 ж.
15. Заңгер журналы 2005 №5

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім
І Қазақстан Республикасындағы прокуратураның конституциялық-құқықтық
мәртебесі
1.1 Мемлекеттік құқықтық жүйедегі прокуратураның орны мен мәртебесі
1.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы прокурорлық қадағалауды
ұйымдастырудың басты құқықтық қайнар көзі

ІІ Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметі
2.1 Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары
2.2 Прокуратура қызметінің негізгі бағыттары
2.3 Прокурорлық қадағалау актілері заңды бұзушылыққа қарсы бағытталған
құқықтық құрал ретінде

Қорытынды

Пайдаланған қайнар көздерінің тізімі

Кіріспе бөлім

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30-тамызда республикалық
референдумда қабылданған Конституцияның сәйкес Қазақстан Республикалы өзін
демонстрациялық, зайырлы, құқықтың және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдардың
негізінде заң шығаруына, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, олардың
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау
принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Конституцияның 83-бабына сәйкес Прокуратура мемлекет атынан
Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің
жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтың актілердің дәлме-дәл әрі
біркелкі қолданулуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің,
әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды
жүзеге асырады. Прокуратура Президентке ғана бағынатын, тек соған есеп
беретін мемлекеттік орган. Оның басты мақсаты, әрі міндеті республика
аумағында заңдылық режимін қамтамасыз ету болып табылады. Осы басты
функциясын атқару барысында прокуратура органдары жоғарыда аталған
мемлекеттік биліктің үш тармағымен байланыста болады.
Джон Локк пен Шарль Луи Монтесквенің құрастырған
билікті бөлудің классикалық қағидасы бүгінгі күнде мемлекеттік аппараттық
құрылымын толық айқындай алмайды.Биліктің бірде бір тармағына кірмейтін
мемлекеттік органдардың қатарына прокуратура
жатады.Конституциямен,заңдармен өзіне жүктелген функцияларын атқару
барысында ол мемлекеттік билікті иеленеді де,қолдана да алады.Осы тұста
мемлекеттік қызметтің айырықша түріне жататын прокурорлық қадағалау
қызметінің мәні мен ерекшеліктерін ашуымыз керек.Ол үшін біз мемлекеттік
органдардың бақылау қызметі мен прокурорлық қадағалаудың аражігін айыра
білуіміз қажет.Заңдылықты бақылау әр түрлі мемлекеттік органдарға
жүктелген.Мысалы,әкімшілік бақылау(ведомостволық),ведомстворал ық бақылау
ведемство ішіндегі әр түрлі (санатори,экологиялық,өртке қарсы
және)инспекцияларына жүктелген.
Ал прокурорлық қадағалауды ҚР-ның бас прокуроры мен оған бағынатын
прокурорлар жүзеге асырады.
Ең алдымен прокурорлық қадағалау жоғары дәрежеде қадағалау болып
табылады,себебі ол мемлекеттің атынан жүзеге асырылады.
Прокурорлық қадағалау жалпы мемлекеттік сипатта болады. Ол қайсібір
аймақтармен шектеліп қалмайды.
Прокурорлық қадағалау бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық
дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра
алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Бұл осы қызметтің ерекшелігі
болып табылады.
Прокурорлық қадағалау- мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа
мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР-сы Конституциясының дәл
сақталуын қадағалау, тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де құқықтық
актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген
құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзышулықтарды жоюға шаралар
қабылдайтын қызметтерінің ерекше мазмұнымен анықталады.
Осындай тәуелсіз, дербес, айрықша мәртебесімен прокуратура өз
кезегінде мемлекеттік білім органдарының қызметіндегі заңдылықты сақтау
мәселелеріне байланысты да қадағалауды жүзеге асырады.

Негізгі бөлім.
І Қазақстан Республикасындағы прокуратурлық конституциялық құқықтық
мәртебесі.
1.1 Мемлекеттік құқықтық жүйедегі прокуратуралық орны мен мәртебесі.

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялық, зайырлы және
әлеуметтік мемлекет ретінде орлықтыра отырып, 1995 жылы 30-тамызда өзінің
негізгі заңын, яғни Конституциясын қабылдады. Нарықтық қатынастарға көшу,
азаматтық қоғам құру, қоғамдық қатынастардың әр түрлі салаларын дамыту, ең
негізгісі ескі кеңестік құрылымнан арылу мақсатында елімізде әр түрлі
реформалар жүргізіле бастады. 1995 жылы қабылданған Конституция заңы және
реалды мағынада негізгі заң болды, ағымдағы заңнаманын қайнар көзіне
айналады. Конституция мемлекеттің, қоғамның, адам өмірінің барлық
салаларында туындайтын қоғамдық қатынастарды бекітеді және реттейді.
Конституция мемлекеттік органдардың мәртебесі мен өкілеттігін бекітті.
Прокуратураның құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі ҚР Конституциясының
VII- бөлімінің 83- бабында айқындалған. Бірақ бұл прокуратураның сот
билігіне кіреді деген сөз емес, өйткені прокуратура ешбір билік
тармақтарына кірмейді, керісінше сол билік тармақтарына кіретін органдар
мен лауазымды адамдардың қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
Үрдісті қамып келе жатқан мемлекеттік құрылыстың процесті, демократия
мен құқықты дамыту 1994 жылғы 12-ақпандағы құқықтық жүйені қалыптастыруға
жаңа көзқарастар жасалды. 1996 жылдан бастап прокуратура тергеу
функциясынан айырылды. Сол жылы елбасының тапсырысымен прокуратураға
құқықтық статистиканы қалыптастыру функциясы берілді. Прокуратураға тән
қылмыстық құдалаудың шектері айқындалып, тәртібі белгіленеді, сот билігімен
арақатынасы ажыратылды.
Қазақстан Республикасындағы құқықтың жүйе континентальдық
(романогермандық) құқық жүйесі болып табылады. Мемлекеттік билік біреу, ол
тек тармақталады: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі.
Билік тармақтарына кірмейтін, бірақ өзіне жүктелген өкілеттерге
сәйкес, сол билікті кемдене және қолдана алатын бірқатар органдар бар. Олар
Конституциялық Кеңес, ҰҚО-ры, Есеп палаталы, Сыбайлас желеқорлық және
қаржылық қылмыстарымен күрес Агенттігі, сондай-ақ прокуратура. Бұл органдар
іс жүзінде мемлекеттік құрылыста белгілі бір айрықша топ құрастырады.
Прокуратура ешбір билік тармағын кемденуге үміттенбейді.
Конституцияға және онымен белгіленген мемлекеттік құрылымға сәйкес
прокуратура тікелей ҚР-ң Президентіне ғана бағынады және есеп береді. Ол
Президенттің Конституцияның мызғылтымағының кепілі және мемлекеттік билік
тармақтарының барлығының келісіп жұмыс істеуіне қамтамасыз ету функциясын
атқаруына әрекеттеседі. Сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді атқара
отырып, заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура
мемлекеттік органдардың қызметіне келіп тіреледі. Мұнда билік тармақтарының
әрқайсысымен қатынасы айқындалады.
Заң шығарушы билікке келгенде, Бас Прокурордың Конституция мен ҚР
заңдарына қайшы келетін заңдарға паразылық жолауы.
Атқарушы билікке келгенде, прокуратура қызметінің негізгі аясы осында,
заң бұзушылықтың көптеген фактілері дәл осы атқарушы органдар мен лауазымды
тұлғалардың қызметінде орын алады.
Ал сот билігіне келетін болсақ, ол сотта мемлекет мүддесін білдіру мен
заңсыз сот актілеріне жоюға бағытталған прокурордың әрекеттері.
Сондықтан да ҚР Конституциясы мен Прокуратура туралы Заңда аталған
прокуратураның тәуелсіздігі мемлекеттегі заңдылық режимін қамтамасыз етудің
максималды механизмдерін қолдану үшін қажет.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы-Республика аумағында
заңдарының, ҚР-сы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтін
құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жеделәдістіру
қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер
жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне
есеп беретін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты
анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен
заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге
наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүдденің білдіреді, сондай-ақ заңда
белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық құдалауды жүзеге
асырады. Осындай функциялармен бірқатар заңнаманы насихаттауы мен құқық
қорғау органдарының қылмыс пен құқық және заңды бұзушылыққа қарсы күрес
жүргізу қызметін үйлестіруі прокуратураға тән қызметінің алуан түрлі
екендігін көрсетеді.

1.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы прокурорлық қадағалауды
ұйымдастырудың басты құқықтың қайнар көзі.

ҚР-ң Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда қабылданды. Соңғы өзгерістер
мен толықтырулар 2007 жылдың 21- мамырында енгізілді Конституция-қоғамның
негізгі тәртібін бекітетін мемлекеттік ең басты заң. Елдегі аса маңызды
өзгерістер Конституцияда бейнеліп, сол арқылы іске алады. Конституция
мемлекеттің қоғамдық құрылысын, саясаттың негіздерін баянды етеді,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін айқындайды.
Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор
ауқымды саяси құқықтық күшті бойына жинаған. Конституция мемлекеттік және
қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі
принциптерін бекітеді. ҚР-ң Конституциясының 83-бабы ҚР-ң Прокуратурасының
мәртебесі мен қызметін айқындайды. Прокуратура мемлекеттік орган, ал
прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің айрықша түрі. Прокурорлық
қадағалаудың жоғары дәрежеде жүргізілуі, жалпы мемлекеттік сипатта болуы,
дербестігі жоғарыда аталып өтті.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты-Конституция мен заңдардың үстем
тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау болып табылады. Бұл мақсаттар прокуратураның мемлекеттік құқықтың
жүйеде алатын орны мен мәртебесімен рөлімен айқындалады. Ал прокурорлық
қадағалаудың міндеттері оның қызметінің негізгі бағыттарымен пара-пар
келеді.
ҚР-да прокурорлық қадағалауды ҚР Бас Прокуроры ұйымдастырады.
ҚР Конституцияның 83-бабына, ҚР Прокуратура туралы заңына және ҚР
Бас Прокурорының бұйрықтарына сәйкес прокурорлық қызметтің келесідей
салалары бар:
1. Республика аумағындағы заңдардың және Президент жарлықтарының және
өзге де нормативтік құқықтың актілердің дәл әрі біркелкі
қолданылуын қадағалау;
2. Жедел- іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын
қадағалау;
3. Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот қауылыларының,
сондай-ақ әкімшілік және атқарушылық өндірісінің заңдылығын
қадағалау;
4. заңда белгіленген шекте қылмыстық құдалауды жүзеге асыру.
Көріп отырғаныздай, прокуратура қызметінің бағыттары сипаты мен
мазмұны жағынан алуан түрлі.
Прокуратураның аталған салалары бойынша қадағалауды жүзеге
асыруы ҚР Конституциямен, Прокуратура туралы заңмен, әкімшілік,
қылмыстық, азаматтық, іс жүргізушілік және басқа да құқық нормаларымен
реттеледі.
Конституцияда прокуратураны ұйымдастырудың негізгі ережелерін
анықтайтын нормалар және ҚР Бас прокурорының тағайындалуы мен
қызметтен босату тәртібі, Бас прокуратура қызметтерінің басқа
мәселелерінің тәртібі туралы баяндалады. Яғни жалпы прокурорлық
қадағалау қызметінің ұйымдастырылуының алғышарттары еліміздің негізгі
заңы Конституциядан өз бастауын алатыны сөзсіз.

ІІ Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметі
2.1 Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары.
Прокуратураға қатысты оның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары
деп Конституцияда, Прокуратура туралы заңда баянды етілген, оның
мақсаттарын және құқықтық табиғатын, сондай ақ жоғары қадағалауды іске
асыру тәсілдері мен әдістерін айқындайтын ережелерді айтамыз. Заңмен
белгіленген қағидаттарды сақтау прокуратураға мемлекетте заңдардың дәл әрі
бірыңғай қолдануына қадағалауды іске асыру бойынша оның алдында тұрған
міндеттерді нәтижелі орындауына жағдай жасайды. Бұл қағидалар
Конституцияның 83- бабының 2-тармағында және Прокуратура туралы заңның 3-
бабында шоғырланған.
Оларға сәйкес Прокуратура оның жүйесі біртұтас және
орталықтандырылған органдар мен мекемелерден тұрады. Біртұтастығына дәлел
бүкіл прокуратура органдары бір жүйені құрайды, олардың мақсат көздемелері
бірдей, прокурорлық қадағалаудың бірыңғай әдістері мен нысандарын
қолданады, заңды бұзушылыққа қарсы прокурорлық қадағалаудың бірегей іс-
шараларын қолданады. Ал орталықтандырылуы дәл осы мағынада бір орталықтан
басқарылуы мен бағындырылуы мазмұнын білдіреді. Ол төменгі тұрған
прокурорларға қызмет бабында бағынуын білдіреді. Бұған дәлел келесідей
факторлар:
- төменгі прокурорлардың жоғарғылармен және Бас Прокурормен
тағайындалуы;
- жоғары тұрған прокурордың талаптары мен нұсқаулары төменгілер үшін
міндетті болуы;
- төменгі прокурорлардың актілерін жоғары тұрған прокурорлардың бұза
алуы;
- төменгі прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға есеп беруі.
ҚР Бас Прокурорлық Парламент Сенатының келісімімен Республика
Президенті 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Ал Бас Прокурордың
бірінші орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша
Республика Президенті қызметке тағайындайды. Облыстық және оған
теңестірілген прокурорларлардың ұсынысымен ҚР Бас Прокуроры қызметке
тағайындайды. Көріп отырғанымыздай прокуратура органдары біртұтас
иерархиялы бағынысты жүйені құрайды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметін басқа мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық
бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады. Оған заңмен мынадай кепілдіктер
қарастыралған:
1) Заңмен прокурорлардың қызметіне араласуға тыйым салу, жауаптысың
белгілеу.
2) Прокурордың актілерінің мемлекет аумағында барлық тұлғалардың
тарапынан атқару міндеттілігі мен жауаптылығы.
3) Прокурорларды құқықтың жыл әлеуметтік қорғау жолымен.
4) Барлық прокуратура органдары мен мекемелерінің тек республикалық
бюджет есебінен қаржыландыруы.
5) Прокуратура жүйесін саясаттан алмақтану жолымен.
Прокуратура орталық атқарушы органдарға немесе жергілікті өкілді және
атқарушы органдарға тәуелді емес, яғни бағынбайды, олар тек ҚР Бас
Прокурорына бағынады және есеп береді. Мемлекеттік аппараттағы
прокуратураның осындай тәуелсіз жағдайы тиісті прокурордың заңдылықтың
бірлігі жолындағы күресте өз айқындамасын принципті түрде және батыл
қорғауына мүмкіндік береді.
Мұның бәрі,әрине,прокуратураның басқа органдардан толық қол
үзгендігін білдірмейді.Прокуратура мемлекеттік орган және оның қызметі
мемлекеттің басқа органдарымен өзара бірлесіп іс-қимыл жасауға негізделіп
құрылады.
Прокуратура органдарындағы жариялылық прокуратураның
қоғмнан,азаматтардан оқшауланбауын білдіреді.Прокуратура органдары
республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,сондай-ақ
мемлекеттік құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтіндей
деңгейде жариялы іс-қимыл жасайды. Жариялылық қағидасының мақсаттары:
-заңнамалы насихаттау мен түсіндіру.
- профилактикалық мақсаттар
- прокуратура мен халық арасындағы байланысты нығайту
Барлық құқық салаларының басты қағидаты ретінде саналатын заңдылық
қағидаты прокуратура қызметінің де басты қағидасы. Заңдылық қағидалы
прокуратура ұйымдарында және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру кезінде
заңдардың дәлме-дәл және біраңғай қолдануына қойылатын талаптар. Ол ең
алдымен прокуратураның өзіне, кез келген мәселені шешкенде прокуратуралық
ұйымдық құрылысына және оның функционалдық қызметіне арналған.
Өздерінің заңда белгіленген өкілеттігін жүзеге асырған кезде
прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Бұл қағиданың
кепілі ол прокурордың қызметіне қол сұғу заңмен белгіленген шекте
жауапкершілікке әкеліп соғады.
Заңмен белгіленген тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау
актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін
міндетті.

2.2 Прокуратура қызметінің негізгі бағыттары.

Функция деген сөз қызмет деген ұғымды білдірсе, ал бағыт сол
қызметтік салаларын білдіреді. Прокуратураның басты функциясы заңдылық
режимін қамтамассыз ету жолында жоғары дәрежелі прокурорлық қадағалау. Ол
мемлекет атынан жүргізіледі, қамту өрісі бойынша мемлекеттің бүкіл
аумағында қолданылады, субъектісі бойынша барлық органдардың,
мекемелердің, тұлғалардың бүкіл ісіне қатысты іске асырылады, қадағалауды
іске асыратын прокурорларға кең әрі билікті өкілеттер беріледі.
Прокуратура туралы заңмен прокуратураға келесідей функциялар жүктелген:
- қылмыстың құдалау функциясы;
- заңнаманы түсіндіру мен насихаттау функциясы;
- құқық қорғау органдарының қылмысқа,құқық пен заңды бұзушылыққа
қарсы күресін үйлестіру функциясы;
- мемлекеттік құқықтың статистикасы қалыптастыру функңциясы;
- норма шығармашылық функциясы;
- заңдарға,нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіру
функциясы;
- жедел-іздестіру және тегеу іс-шараларың санкциялау функциясы.
Прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары:
1. Жалпы қадағалау
2. Салалық қадағалау
Прокурорлық қадағалаудың ең ауқынды, әрі күрделі саласы ол жалпы
қадағалау. Прокуратура туралы занның 4- тарауы осы жалпы
қадағалауға арналған. Жалпы қадағалау- адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің
мүдделерінің сақталуын қадағалау болып табылады. Қадағалаудың
міндеттері:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын,
органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың
құқықтың актілері мен іс-әрекеттерінің заңға сәйкес келуін
қамтамасыз ету;
2) заңдылықтың кез келген бұзылуын,
Осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою,
бұзылған құқықтарды қалпына келтіру шараларын қолдану болып табылады.
Прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды және
ұйымдардың қызметі мен азаматтардың жеке өміріне араласпайды. Осы тұста ҚР
Бас Прокурорының 2002 жылғы 21-қарашадағы №60 бұйрығымен бекіткен
Әлеуметтік- экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалаудың түсінігі
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Прокурорлық қадағалау туралы жалпы түсінік. Азаматтық іс бойынша прокурордың қадағалаудың бағыттары
Прокурорлық қадағалау туралы
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары
Қазақстан Республикасы органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі
Прокурорлық қадағалау жайлы
Прокурорлық қадағалаудың салалары
Пәндер