Әктас жер қойнауын бағалау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
ӘКТАС ЖЕР ҚОЙНАУЫН БАҒАЛАУ
КІРІСПЕ 8
1 ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ КЕНОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ 10
1. 1 Жер қойнауын бағалау әдістемесі 13
1. 2 Жер қойнауын пайдалушылардың негізгі құқықтары 17
2 ӘКТАСТЫ ӨНДІРУ ҮШІН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТАЛДАНЫЛУЫ 31
2. 1 Геологиялық және өндрістік жағдайлардың талдануы 31
2. 2 Кенорынның қысқаша геологиялық мінездемесі 35
2. 3 Үй және өндірістік әктастың технологиясы 38
2. 4 Қоршаған орта бойынша бағалау шаралары 40
3 ШЫҒЫН ТӘСІЛМЕН БАҒАЛАУ 46
3. 1 Пайда тәсілмен бағалау 55
3. 2 Бағалау обьектісінің нарықтық құнын шығару және қорытындыларды келістіру 65
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Жер қойнауын бағалау қазіргі күнде өте маңызды болып келеді. Мұнда белгіленген кәсіпорын пайдалы қазбаларды өндеу жұмыстарымен айналысады. Осы жұмыстарда пайдалы қазбалардың құнын және жалпы мүліктік кешеннің ( бизнес) бағалынады. Пайдалы қазбалар кенорындарда табиғи жатыс ретінде қорланып жатады. Пайдалы қазбалардың қорлану сандық және сапалық қатынасында өндірістік талаптарға жауап беретін экономикалық тиімділігі үшін минералды шикізат алу кенорын деп аталады.
Кенорынның пайдалы қазбалардың теориялық түсініктемелері жазылған. Пайдалы қазбалар, кенорын, минералды шикізат, жер қойнауын пайдаланушылар анықтамалары жазылған.
Кенорынды бағалау әдістемесінде жалпы бағалау тәсілінің үш түрі және амал тәсілдері келтірілген.
Жер қойнауын пайдаланушылардың құқығы және жер қойнауын пайдалануға салық салу заңдары өте кең түрде жазылған. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуда бонустар, роялти, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заңдары толық келтірілген.
Қатты пайдалы қазбаларды кенорындардан шығару үш негізгі тәсілі арқылы жүргізіледі:
1. Ашық жұмыстар ( ашық тау жұмыстары) ;
2. Жер асты жұмыстар ( жер асты тау жұмыстары) ;
3. Геотехнологиялық жұмыстар ( заттарды сұйық фазаға ауысуы)
Тау технологиялық жұмыстарында негізгі үш жұмыс бар: ажырату, массивтен өндірілген тау массасын айыру, көлік сыйымдылығына ажырылған тау массасын тиеу, массаны күндізгі жер бетіне шығару.
Кенорын Алматы облысы, Ескелді ауданында Құсақ көлінің сол жағында Төленгент ауыл жерінен батысқа қарай 18 км Текелі қаласынан 1000- 1130 м биіктікте теңіз деңгейі үстінде орналасқан. Ең жақын елді мекен Екпенді ауылы болып табылады. Кенорыннан 3 км солтүстікте Талдықорған- Текелі көлік
жолы бойынша әктасты қант зауыттарына жеткізеді. Кенорыннан Екпенді ауылы жағынан бастап асфальт салынған.
Кенорынның қысқаша геологиялық мінездемесінде жалпы әктастың орналасу жері, пайдалы қазбалар қорлары жалпы көрсетілген.
Өндірістік әктас және үй әктастың технологиясы жалпы технологиялық кешен операцияларын анықтайды.
Тау - көлік жұмыстарын жүргізу барысында қатты және газ күйіндегі заттардың шаң болуы мен шығарындылары атмосфераға зиян келтіреді. Шаңның қалыптасуы кен шығару орында экскаватор, бульдозер, автокөліктің жұмыс кезінде қозғалудан пайда болады. Рекультивациялық жұмыстар басталуына дейін кен шығару орнында жел соғудан, шаңның көтерілуі мүмкін. Шаңның қалыптасуынан басқа атмосферада газ күйіндегі ластауыш шығарындылары, көмірқышқыл, азот қышқылы, ангидрид сияқты заттар болады. Атмосфераға ластауыш заттардың шығарындылары мен қауіпті әрекет жасау комбинация қосымшалары, қауіп- қатер сыныптары, атмосфера ауасына бірнеше ластауыш заттардың жіберілетін Концентрациясының (ПДК) тізімі көрсетілген.
Шығын тәсілінің әдістері барлық тозу түрлерін есептеп шығара отырып, жылжымайтын мүлік обьектісінің толық ұдайы өндірісінің немесе оны ауыстырудың құнын шығарады. Үймерет, ғимарат және табыстау қондырғыларын, жер пайдалану құқығын, машина, станок, негізгі құралдарды, өндірістік қорлар, тауарлар, дайын өнім және тауар - материалды құндылықтардың бағалау құны жүргізіледі.
Табыс тәсілдері келешекте пайдаланудан күтілетін табыстарды анықтауға негізделген жылжымайтын обьектісінің құнын анықтау. Ақша ағымдардың дисконттау, табыс капитализация, Гордан, Инвуд, Хоскольда әдістері арқылы есептелінеді.
Бағалау обьектісінің нарықтық құнын шығару және қорытындыларды келістіру барысында әдістердің құн көлеміне меншікті салмақ қолдану арқылы мүліктік кешеннің ( бизнес) бағалау құнын шығару.
1. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕНОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ
Кенорын бизнесі тау өндіріс өнеркәсібінде кәсіпкерлік қызметті көрсетеді. Өндірістік үрдісте минералды шикізатты жүзеге асырылады.
Минералды шикізат - кенорындарға өндіру қорытындысында алынатын тауар өнімі.
Пайдалы қазбалар - минералдар немесе табиғи минералды агрегаты болып табылады. Өзінің табиғи түрінде қазіргі заман өндірісінде немесе химиялық, физикалық құрамына сәйкес қолданылады. Шикізат ретінде бір немесе бірнеше құнды құрамбөліктерді шығару үшін пайданылады.
Пайдалы қазбалар кенорындарда табиғи жатыс ретінде қорланып жатады. Пайдалы қазбалардың қорлану сандық және сапалық қатынасында өндірістік талаптарға жауап беретін экономикалық тиімділігі үшін минералды шикізат алу кенорын деп аталады.
Пайдалы қазбалардың кенорны - бұл табиғи қойылым, материалды және қаржылық құн.
Пайдалы қазбалардың кенорнының обьектісі тау өндірісі өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Мұндай обьектілердің өзіндік ерекшеліктерімен иеленеді.
Пайдалы қазбалар кенорны жылжымайтын мүлік болып табылады, олар тек табиғат жаратылған жерде ғана орналасқан. Кенорын орналасқан ауданның жағдайы өндірістік кәсіпорындарын құру үшін қолайлы емес.
Кенорынның пайда болуы табиғи геологиялық үрдістер қиын және көптүрлі. Сондықтан тәжірибеде кенорындар жеке құрылыс ерекшеліктерімен, кенорындағы пайдалы қазбалардың сапасы және бөлінуі өндірістік енгізуде жеке инженерлік және технологиялық шешімдері арқылы мінезделінеді. Тау кәсіпорындарынның кенорындардың технико - экономикалық көрсеткіштері әртүрлі құрылуына байланысты үлкен айырмашылықтары бар.
Әрбір кенорынның пайдалы қазбалардың соңғы саны мен анықтамасы ( қорлардың анықталу мінездемесі) бар.
Кенорын қорларды өндірістік енгізу үрдісінде біртіндеп өндіріледі, ал соңғы есептеуінде жойылады. Тау кәсіпорынның кенорны қорларды өндіру және жұмыс істеу уақыты анықталады. Бұл мерзім ұсақ обьектілерде 5 - 10 жыл, ал үлкен обьектілерде 30 - 60 жыл жұмыс істейді. 60 жылдан астам кенорын өндіру жұмыстары әлемде бір рет ғана болады.
Кенорын пайдалы қазбалары жер қойнауында жасырылған. Олардың тау кәсіпорындардың жобалаудағы бастапқы мәліметтердің ерекшеліктері мен сапалық мінездемесі геологиялық зерттеулердің арнайы жұмыстарында анықталынады.
Жер қойнауындағы жеке аудандағы, мемлекеттегі, континенттегі, мұхит және теңіз астындағы, жер бетіндегі өндірісте қолданылатын пайдалы қазбалар жиынтығы минералды ресурстар деп аталады.
Минералды ресурстардың бөлігін өндіруге дайындығын минералды шикізат базасы деп аталады.
Минералды ресурстар өндірістік өнеркәсіп саласындағы дамудың негізі болып табылады. Олар энергетика, металлургия, химиялық өнеркәсіпте, құрылыс индустриясында салаларында кең қолданылады.
Минералды шикізатты өндіру және экпорттау табыс бөлімінің негізі болып табылады.
Сала бойынша қолдану шикізаттардың негізгі топтарды көрсетеді:
1. Қуат көзі ( мұнай, газ, көмір, ыстық тақтатастар, торф, уран) ;
2. Металл кені ( қара, түсті, жиі емес, асыл) ;
3. Химиялық шикізат ( калий, натрии, және магний тұздары, фосфат, күкірт) ;
4. Техникалық шикізат ( графит, асбест, табиғи от, пигметтер, керамика шығару үшін компонент, табиғи абразивтер, сорбенттер) ;
5. Құрылыс материалдары ( тас, құм, цемент шикізаты) ;
6. Асыл, техникалық арнайы қолдану үшін тастар ( алмаз, түсті тастар, пьзооптикалық минералдар)
- Жер қойнауын бағалау әдістемесі
Мүліктің құны анықтауда ең басты кілтті мәселесі бағалау әдістерін қолданатын таңдаулар болып табылады. Мүлік құның бағалау әдістерінің көптеген жіктеулері бар.
Бағалау тәсілдемесі (көзқарасы) - бұл бағалау объектінің құнын бір біріне бағалау әдісімен нарықтық немесе басқа құнды анықтау болып табылады.
Бағалау әдісі - бұл заңды, ұйымдық - техникалық немесе қаржы экономикалық сипатымен Бағалаушылар қызметтерінің тізебегі анықтау немесе жинақтау, баға объектісінің нарықтық немесе басқа құнының орындалуын белгілеу.
Баға әдістерін былай жіктеуге болады:
- есептеу базасын қабылданған ақпараттар осы уақыттағы немесе объектісі өткен жылдардағы мазмұны.
- шығын, кіріс немесе нарықтық (салыстырмалы сату) бөлімдерде қолданылатын тәсілдер.
Бағалаудың әр түрлі әдістері оқшауланған түрде қолданылмайды. Керісінше олар бір-біріне қатынастарын толықтырады, әдетте бағалау күніне бірнеше әдістер қолданылады. Содан кейін әр түрлі әдістерін алынған бағалау нәтижелері қорытынды баға үшін өзара салыстырылады. Бірақ кейбір әдістер бағалаудың анықталған құндарының құнын бағалауды баға объектінің түзетілген баламалы құнының әдісін қстанады, ал тұрақты пайда әкелетін кәсіпорындар мен жылжымайтын мүлікті бағалауды - капитализациялық қалыпқа келтірілген пайда әдісі болып табылады.
Бағалауда шығыс әдісімен алынған нәтижелер баға объектілерінің нарықтық құнын негізделген бағдары болып қызмет етуі мүмкін, біреуі Бағалаушылардың пікірі бойынша кіріс және нарықтық салыстырмалы тәсіл мен есептеу болып табылады.
Шығын әдісі . Бұл әдіс мына ұстанымда негізделеді, ақпаратталған сатып алушы мүлікке, соның құрылымына немесе басқа аналогтық мүлікке кеткен құнынан жоғары төлейді. Бағалаудың пайдалылығы және сапасымен салыстырады.
Шығын тәсілінде база ретінде «ұдайы өндіріс құны» түсінігі қолданылады. Бұл түсінік физикалық, функциялық және экономикалық тозудың мүліктің құнын жоғарлатуын көрсетеді.
Шығындық амал әдістері - бұл барлық тозу түрлерін есептеп шығара отырып, жылжымайтын мүлік обьектісінің толық ұдайы өндірісінің немесе оны ауыстырудың құнын айқындау әдістері:
1. Элемент бойынша есептеу әдісі - бірыңғай аудандық бірліктік бағамалар ( БАББ) жинақтарын, сметалық нормалар мен ережелер ( СНжМЕ) сметалық нормалар мен бағаларды және басқа да нормативтерді пайдалану негізінде тозуды ескере отырып, ұдайы өндіріс немесе ауыстыру құнын айқындау;
2. Іріленген жалпыланған құн көрсеткіштері әдісі - тозуды есептеп шығара отырып, ұсақ обьектілерді сату туралы ұсыныстарды қорыту жолымен немесе іріленген сметалық нормативртердің (ІСН), қалпына келтіру құнының іріленген көрсеткіштердің (ҚҚІК), құрылыс құнының іріленген көрсеткіштердің (ҚҚІҚ) жинақтарын және басқа да нормативтерді қолдану негізінде ұдайы өндіріс немесе ауыстыру құнын ауыстыру;
Кіріс әдісі. Бағалау құнының басты көрсеткіші мүліктің табыс әкелу болып табылады. Мүлікті бағалау негізгі сонымен қатар коммерциялық жылжымайтын мүліктің болашақтағы табысталуын нарықтық құннын анықтайтын осы кіріс әдісі болып табылады.
Бағалаудың жылжымайтын мүлік құнын анықтау мына пастулатта негізделген, жылжымайтын мүлікті сатып алушы инвестор мүліктің болашақтағы табыстарының ағымдағы құнынан жоғары төлейді. Мүлік иесі сол мүлікті болашақтағы қолданғаннан түсетін ағымдағы құнынан төмен сатпайды. Нәтижесінде екі жақ нарықтық құнға сатуға келісімге келеді. Ол жылжымайтын мүліктің болашақтағы кірістері мен ағымдағы құнға тең болады.
Бұл жағдайда баға объектісінің құны екі негізгі әдісті қолданғанда анықталуы мүмкін. Олар: дисконтталған ақша ағымы және кіріс капитализациясы немесе модификациясы.
Сонымен қатар мүлікті бағалаудағы кіріс әдісінің артықшылықтарына қарамастан оның қолдануында кейбір шектеулер бар. Бұл әдісті қолдану мына жағдайда негізделеді:
Біріншіден, шаруашылықты жүргізіп отырған субъектіге әкелетін немесе болашақта әкелетін кірістің нақты ағымын белгілеу керек (таза кіріс немесе ақша ағымы, таза кіріс соммасынан амортизациялық аударымдарды алып тастағанмен түсіндіріледі)
Екіншіден, шаруашылық қызметтің пайда әкелетін тарихы мен оның пайдасы тұрақты болған жағдайда келешектегі пайданы есептеуге болады.
Бағалаушының айтуынша кепілге берілген пәтерлерді бағалау шығыс және кіріс әдістерімен анықталынбайды, өйткені олар нақты бағаны түсіріп жібереді.
1. Тікелей капиталға айналдыру әдісі - жылжымайтын мүлік обьектісінің тұрақты пайдалануды сақтау жағдайларына сүйене отырып, кірістің тұрақты шамасы, бастапқы инвестициялар болмаған, қайтарылатын капитал мен капитал кірісі бір уақытта есепке алынған кезде құнды анықтау;
2. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі - обьектіні пайдалануға байланысты тәуекел дәрежесіне қарай ақша ағымдарының өзгеруі және дұрыс түспеу жағдайларына сүйене отырып, құнын анықтау.
Нарықтық әдіс (салыстырмалы) мүліктің сәйкес мүдделеріне сәйкес бағамен сатылуы тиіс. Олар:
- салалық арақатынастар әдісі арнайы формулалармен баға көрсеткіштерінде негізделген экономикалық баяндамада қолданылады. Кәсіпорынның сатылары жайлы мағыналар эмперикалық жолмен және мүліктің бөлек түрлерімен салыстырады.
- Капитал нарығының әдісі компания акцияларымен қолданған нарықтық нақты төленетін бағаға базаландырылған әдіс.
- Мәміле әдісі мүлікті сатып алудағы бағада негізделеді.
Салыстырмалы амал тәсілдері - ұқсас обьектілерді сату мәмілелері мен тиісті түзетулерді жүргізу үшін бағалау обьектісімен салыстыруды талдауға негізделген әдістер:
1. Сатуды салыстырмалы талдау әдісі - жақында салынған, салыстырылатын обьектілерді олардың арсындағы айырмашылықтары ескеретін тиісті түзетулер орындалғаннан кейін бағаланатын обьектілерді салыстыру жолымен жылжымайтын мүлік обьектісінің құнын айқындау;
2. Нарықты ақпарат әдісі - бағаланатын обьектінің орналасқан жерін ескере отырып, қалыптасқан жылжымайтын мүлік нарығындағы ұсыныстар мен сұраным туралы ақпаратты талдау жолымен жылжымайтын мүлік обьектісінің құнын айқындау.
1. 2 Жер қойнауын пайдаланушылардың негізгі құқықтары
Жер қойнауын пайдаланушылар құқығы
1. Жер қойнауын пайдаланушылар құқығы келесі операцияларды жүргізеді:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) барлау;
3) өндіру
3-1) Барлау және өндіру жұмыстары
4) жерасты үймереттер құрылысы және эксплуатациясы, барлау және өндіру жұмыстарымен байланысты.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты және уақытша, айыру және айырмалған, ақылы және ақылы емес болады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың субьектілері
1. Жер қойнауын пайдаланушылардың субьектілері қазақстандық және шетелдік заңды және тұлғалар болып табылады.
2. Тұрақты жер қойнауын пайдаланушылар тұлғалар. Уақытша жер қойнауын пайдаланушы тұлғалар шектеулі мерзіммен шектеледі.
Сервитуттар
1. Осы кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерін көзделген жағдайларда меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскісін мүдделі жеке және заңды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығын беруге міндетті.
2. Бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайданалу құқығы (сервитут) :
1) тікелей нормативтік құқықтық актіден;
2) мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шартының негізінде;
3) жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;
4) сот шешімі негізінде;
5) Қазақстан Республикасының зандарында көзделген өзге де жағдайларда туындауы мүмкін.
3. Егер нормативтік құқықтық актіде мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде сервитут белгілеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншік иесі жер пайдалану қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделі тұлға меншік иесі немесе жер қойнауын пайдаланушыға талап - арыз беруі арқылы сот тәртібімен дауласа алады.
4. Егер нормативтік құқықтық актіге жергілікті атқарушы органның актісі негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге сот тәртібімен шағымдана алады.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
Осы бөлімде реттелетін қатынастар
Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салушылардың ерекшеліктері реттеледі және жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерін:
1) үстеме пайда салығын;
2) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандагы № 11-111 Заңымен 279 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы алынып тасталды.
3) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерін:
а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу) ;
б) роялтиді;
в) өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін;
г) қызметін өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемін есептеу мен төлеу тәртібі белгіленеді.
Осы Кодексте "жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай операциялары", "мұнай" және "келісім-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Респубпикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.
2. Мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу жөніндегі қызметке осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттардың салық режимінің үлгілері.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу екі үлгіге бөлінеді:
1) бірінші үлгі, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте кезделген салық пен басқа да міндетті төлемдерді төлеуін көздейді;
2) екінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ақ осы Кодексте кезделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға: экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы; роялти; шикі мұнайга, газ конденсатына салынатын акциз; үстеме пайда салығы; жер салығы; мүлік салығы қосылмайды.
Бонустар
Бонустар туралы жалпы ережелер
1. Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерін:
1) қол қойылатын;
2) коммерциялықтабу бонусын телейді.
Қол қойылатын бонус
Қол қойылатын бонусты белгілеу тәртібі
1. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы үшін бір жолғы тіркелген төлемі болып табылады.
2. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерін пайдалы қазбалар көлемі мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерілген есеп негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізілген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелері бойынша комиссия белгілейді және ол жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (келісім-шарт аумақтарының) экономикалық құндылығы есепке алынып, келісім-шартта бекітіледі, бірақ бастапқы мелшерлерден төмен болмауы керек.
Қол қойылатын бонусты төлеу мерзімі
Қол қойылатын бонус келісім-шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей бюджетке төленеді.
Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тіркелген жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін табыс етеді.
Коммерциялық табу бонусы
Коммерциялық табу бонусын төлеу тәртібі
1. Коммерциялық табу- келісім-шарт аумағы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі бір түрінің запастары.
2. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, коммерциялық табу бонусы келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткізетін пайдалы қазбалардың табылғаны үшін төленеді.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге жасалған келісім-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейді.
Коммерциялық табу бонусының мөлшері
Коммерциялық табу бонусының мелшері салық салу объектісі, есептеу базасы мен ставка негізге алына отырып белгіленеді.
Коммерциялық табу бонусының мөлшерін есептеу үшін:
1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен осы мақсаттағы көлемі салық салу объектісі болып табылады;
2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекітілген көлемінің құны төлемді есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақпарат көздерінің деректері бойынша осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгі Халықаралық (Лондон) биржада бөлгіленген биржалық баға бойынша есептеледі. Пайдалы қазбаларға биржалық баға бөлгіленбеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзыретті орган бекіткен жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельділік мөлшеріне түзетілген сомасынан айқыңцалады;
3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының, 1 проценті ставкасы бойынша бөлінеді.
Роялти туралы жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы роялтиді Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін пайдалы қазбалардың әр түрі бойынша, оның сатып алушыларға өткізілгеніне (тиеп жөнелтілгеніне) немесе өз қажетіне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейді.
2. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгіленген роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.
3. Келісім-шарт бойынша қызметті жүзеге асыру барысында роялтиді ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құзыретті органмен қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкін.
Роялти төлеу тәртібі
1. Роялти мөлшері салық салу объектісі, есептеу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады.
2. Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемі немесе нақты өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнімнің көлемі салық салу объектісі болып табылады. Мыналар:
1) пайдалы қазбалардың өзі:
мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
көмір және жанғыш тақтатастар;
тауарлы кендер;
жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар; слюда, керіш, құрылыс материалдары өндірісіне арналған шикізат; металлургияға арналған кен емес шикізат;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz