Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері

1. 1 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау…

1. 2 Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері

және тиімділігі

II-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы

2. 1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және дамуболашағы

2. 2 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мүның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2, 5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.

Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.

І-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын

дамыту міндеттері

1. 1 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау

2001 жыл ішінде саяхат қызметін жүзеге асыратын 690 кәсіпорын (оның ішінде туристік фирмалар саны 531) есеп берді. Олар жыл бойы 146, 9мың туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсеткен (1999 жылы сәйкесінше 425 кәсіпорын есеп берді және олар 228, 3 мың адамға қызмет көрсетті)

Саяхатшылар жалпы саны 1999 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1. 6 есеге қысқарды, соның ішінде жекелеген турист категориялары бойынша қысқару мөлшері әртүрлі болды: бізге келген туристердің саны 2, 1 есеге шетке шыққан туристер саны 1, 6 есеге, ел ішінде демалғандар саны 1, 3 есеге қысқарды. Төменде туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген туристердің саны туралы диаграмма келтірілген.

1 -123047 Ұлттықтуризм 2000жыл. 2- 178166 Ұлтық туризм 1999 жыл.

3- 91228 Халықаралық туризм 2000 жыл.

4- 156232 Халықаралық туризм 1999 жыл.

5- 55687 Ішкі туризм 2000 жыл. 6-72088 Ішкі туризм 1999 жыл.

Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың ең көбі Алматы қаласында (356), Қарағанды облысында (56), Астана қаласында (48) және Шығыс Қазақстан облысында (42) орналасқан. Бұл облыстардың кәсіпорындары барлық туристер мен экскурсанттардың 86 пайызына қызмет көрсетті.

2000-шы жылы туристердің көп бөлігіне жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан төмен фирмалар қызмет көрсетті. Олардың жалпы кәсіпорындар санындағы үлесі 92, 6 пайызды құрады, бұл 1999 жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда 4, 1 пайызға аз.

Ірі кәсіпорындар санының үлесі артқанымен де, олардың қызмет көрсеткен туристер саны азайып келеді.

Ірі фирмалардың есептік жылдағы негізгі атқарған қызметі- алыс және таяу шетелдерге шығу визасын дайындау болды.

Қазақстан Республикасының туристік фирмалар мен агенттіктер қызметінен түскен табысы 2000 жылы 1340, 3 млн. теңгені және 277000 АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда сәйкесінше 1, 4 және 2, 9 есеге аз.

Халықаралық туризм адамдардың елдер арасындағы қозғалысын білдіреді. Оның дамуын талдау кезінде оның транспорт индустриясымен өзара байланысын анықтаудың маңызы зор.

Бей резидент туристердің көпшілігі сапарға шығу кезінде әуе транспортын пайдаланады, оның үлесі 85, 4 пайыз, темір жол транспорты мен туристердің 7, 2 пайызы, халықаралық автобустарымен- 3, 3 пайыз және тағы басқалары құрлық транспорт құралдарымен-4, 1-і сапар шеккен.

Резидент- туристер де көбінесе әуе транспортын таңдайды. Халықаралық автобустарды олардың 21, 9 пайызы, темір жол транспортын -6, 8 пайызы, басқа да құрлық транспорт құралдарын- 1, 1 пайызы қолданған.

Жыл ішінде бейрезидент-туристердің негізгі бөлігі республикаға Германиядан -11194 адам (46, 9 пайыз), Ресейден -1628 адам (6, 8 пайыз), АҚШ-тан -1730 адам (7, 2 пайыз), Ұлыбританиядан-1659 адам (70 пайыз) және Қытайдан -309 адам (1, 3 пайыз) келді.

Келген туристердің республикада саяхатта болуының орташа ұзақтығы 16 күнді құрады( ТМД-дан келгендер үшін-3-4 күн, ал ТМД-дан тыс елдерден келгендер үшін - 17 күнге дейін) . Бұл негізінен іскерлік мақсатпен-89, 9 пайыз, дем алу үшін -4, 8 пайыз, таныстарымен туыстарын көру үшін-1, 4 пайыз және тағы басқа мақсаттармен-3, 9 келген адамдар.

Республикаға келген туристердің (23868 адам) ТМД-дан тыс елдерден келгендер саны 86, 3 пайызды, бұл 1999 жылдың (88, 4 пайыз) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2, 1 пайызға төмен. Есептік жыл ішінде 67360 адам туристік жолдама алды. Олардың 8027-сі ТМД елдеріне сапар шекті, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2 есе артық шама.

Қазақстандық туристердің ТМД елдерінде сапарда болу ұзақтығы орта есеппен 4-5 күнді құрайды. Біздің жерлестеріміз көбінесе Қырғызстанға-4950 адам (61, 7пайыз), Ресейге-3039 адам (37, 9 пайыз) жол жүрген. 2000-шы жылы ТМД-дан басқа елдерге шыққан Қазақстандық туристердің жалпы саны 59333 адамды құрады, олардың саны өткен жылға қарағанда (102174 адам) 1, 7 есе азайды.

2000 жылы ТМД-дан тыс елдерде болу ұзақтығы 5-6 күнге созылды. Туристердің неғұрлым көп бөлігі Туркияға - 20462 адам (30, 4 пайыз), Қытайға-12913 адам (19, 2 пайыз), Германияға - 13110 адам (19, 5 пайыз) және Біріккен Араб Эмираттарына - 4595 адам (6, 8 пайыз) жол жүрген. Қалған елдердің алатын үлесі елеусіз. Есеп берген 159 мейманхананың 1/3 бөлігінен астамы облыс орталықтарында орналасқан. Олардың ең көп бөлігі Алматы және Астана қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған.

Есеп берген мейманханалардың көпшілігі -138(87 пайыз) жекеменшік формасында. Мемлекеттік меншікте мейманханалардың 14-і (9 пайыз) .

Қонақүйлердің 2\3 бөлігі кәсіпорындар болып табылады, жұмысшылардың саны 0-50 ге дейін, олардың үштен бір бөлігінде 50-ден 250 ге дейін жұмысшылар қызмет етеді, тек 5пайызында ғана 250 ден жоғары жұмысшылар бар.

2000-шы жылы қонақүйлерге бір уақытта орналасу орны 16389, ал барлық номерлер саны 9124 болды. Бір номерге орташа сыйымдылығы екі адам.

2000-шы жылы туристерге қызмет көрсету бойынша қонақ- үйлер мен басқа кәсіпорындардағы қосымша қызмет пен эксплуатациядан түскен табыстар төменгі кестеде келтірілген.

Кесте 3

:
Эксплуатациядан түскен табыс млн. теңге: Эксплуатациядан түскен табыс млн. теңге
Қосымша қызметтерден түскен табыс млн. теңге: Қосымша қызметтерден түскен табыс млн. теңге
: Барлығы млн. теңге
Эксплуатациядан түскен табыс млн. теңге:

Бейрези-

денттерден түскен табыс

Қосымша қызметтерден түскен табыс млн. теңге: Барлығы млн. теңге
Бейр- езидент-тер ден түскен табыс
: Барлығы :
Эксплуатациядан түскен табыс млн. теңге: 6976, 5
Қосымша қызметтерден түскен табыс млн. теңге: 3991, 1
1474, 4
885, 1
: Мейманхана-лары бар қонақүй
Эксплуатациядан түскен табыс млн. теңге: 6532
Қосымша қызметтерден түскен табыс млн. теңге: 3950, 3
1377, 6
884, 3
: Мейманханасы жоқ қонақүйлер
Эксплуатациядан түскен табыс млн. теңге: 378, 1
Қосымша қызметтерден түскен табыс млн. теңге: 33, 9
96
0, 8
: Студенттік жатақхана және таулардағы турбазалар
Эксплуатациядан түскен табыс млн. теңге: 19, 8
Қосымша қызметтерден түскен табыс млн. теңге: 0
0
0
: Кемпингтер
Эксплуатациядан түскен табыс млн. теңге: 6, 9
Қосымша қызметтерден түскен табыс млн. теңге: 6, 9
0, 6
0
: Басқа да тұратын орындар
Эксплуатациядан түскен табыс млн. теңге: 39, 7
Қосымша қызметтерден түскен табыс млн. теңге: 0
0, 2
0

Республика бойынша қонақүйлік кешендегі эксплуатациядан түскен табыс 6976, 5 млн. теңге. негізінен мына облыстардағы кешендерден табыс алынған: Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан. Ең көп кері сальдо мына облыстарда қалыптасты: Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда.

1. 2 Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері

және тиімділігі

Туризмнің қалыптасуы мен дамуында оны сала ретінде анықтаушы нақты экономикалық көрсеткіштері болады. Ол сапасы жағымен бірге туристік қызмет көрсетудің сандық көлемін көрсетеді. Туризмнің дамуының көрсеткіштері әр аймақ (мемлекет) үшін төмендегідей:

1.: 1.
Туристік ағымның көлемі.: Туристік ағымның көлемі.
1.: 2.
Туристік ағымның көлемі.: Тэуліктік туристік төлемнің орташа көлемі
1.: 3.
Туристік ағымның көлемі.: Материалдық-техникалық базаның даму жағдайы.
1.: 4.
Туристік ағымның көлемі.: Туристік фирмалар қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштері
1.: 5.
Туристік ағымның көлемі.: Халықаралық туризм дамуының көрсеткіштері.

Туризмнің материалдық-техникалық базасының жағдайы және дамуын сипаттайтын көрсеткіштер елдердегі туризмнің күшін анықтайды.

Оларға жататындар:

мейманхана қорындағы төсек орны және басқада орналастыру құралдары;

тамақтану кәсіпорындарындағы орын саны;

ойын-сауық орындарының саны т. б. Төсек орын қорының күші төмендегідей анықталады.

K T = C T x365 + Ccxt

К т - төсек-орын қорының күші; С т - қолданылатын төсек-орынның жылдық саны; t-сезондық қолданылатын күндер.

Алматы мен Алматы облысы аймағында 2000 жылы туристік 142 объект 38, 2 мың орын орналастыруға мүмкіндігі болды. Мамандардың есебі бойынша, жылдық қолданудағы төсек саны 15, 1 мың, сезондық қолданудағы төсек саны 36, 9 мың, ал "жоғарғы сезондық" күндер саны 60. Осыған қарап Алматы мен Алматы облысы аймағында төсек-орын қоры 332904 мыңға тең деп айтуға болады. Ал, 2001 жылы туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни 42, 8 мың орын болған. 2001 жылы туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни 42, 8 мың орын болған. 2001 жылы Алматы мен Алматы облысында төсек-орын саны 403146 мың орынға артқан. Туристік ағымға келетін болсақ бұл елге келетін туристердің тұрақты келуі деп түсінеміз. Туристік ағымның көлемі келесі көрсеткіштермен сипатталады: туристердің жалпы саны;

туристік күндердің саны;

елде болатын туристердің күнінің орташа мерзімі.

Туристік күндерді есептеу үшін келушілер санын, елге келетін әр туристің орташа мерзіміне (күніне) көбейту қажет. Туристік күндер туралы ақпарат қоғамдық инфрақұрылым жоспарлауда және материалдық-техникалық базаны дамытуда мамандар үшін қажет дерек болып табылады.

K T = C T x К ор

К т - туристік күндер; С т - туристердің саны; К ор - күндердің орташа саны.

Қазақстан Республикасының статистикасы бойынша туристердің болу мерзімінің орташа мерзімі 2000 ж. 16 күн, сондай-ақ 2001 жылыда 16 күн болған, ал туристердің келу саны 2000 жылы 228, 3 мың, 2001 жылы 146, 9 мың адам. Осыған байланысты туристердің күні

2000 ж. = 228, 3 х 16-3652, 8

2001 ж. = 146, 9 х 16= 2350, 4

Бұл есептеуден көрінгендей 2001 жылы туристердің күні төмен, ал туристердің орташа болу мерзімінің төмендеуіне байланысты. Тағы дасебептерінің бірі фирмалардың ішкі туризммен айналысуының көбеюінен деп санаймыз. Оған төмендегі көрсеткіш дәлел: 2000 ж. 31, 6% болса 2001 жылы 37, 9% ке өскен.

Осы есептеулерге байланысты әр туристің бір тәулікте қанша қаржы шығаратыны белгілі болады. 2000 жылы туризмнен түскен табыс 1876, 42 млн тенге, ал 2001 жылы 1340, 3 млн тенге, (2001 жылы төмендеу себебі туристік күндер азайған) . Егерде осы көрсеткіштерді шет елдік туристер санына бөлсек 2000 жылы - 228, 3, 2001 жылы 146, 8 ал шыққан санды туристердің орташа болған күніне көбейтсек (орташа күн 10, 5) онда

К2000 = 1876, 42/228, 3 х 10, 5 = 86, 3 мың теңге

K2001 = 1340, 3/146, 9 х-10, 5 = 65, 8 мың теңге

Ал туристтердің қаржы шығару соммасын төмендегідей шығаруға болады.

К жалпы сомасы = К т х К ор (тәулікте)

Онда 2000 ж. Қ ж. сом = 863 х 3652, 8 = 315236, 64 мың теңге 2001 ж. Қ Қ ж. сом = 95, 8 х 2350, 4 = 225168, 32 мың теңге

Шығаратын қортынды туристердің бір тәулікте шығаратын қаржысының орташа көлемі өссе, туристердің жылдық шығаратын қаржының көлемі азаяды.

Туризм, болып жатқан дағдарыстарға қарамастан тұрақты дамуда. Әлемдік туризмде 2 бағыт көрініс тапқан. Біріншісі сыртқы экономикалық және саяси факторларға әсері, екіншісі соған қарамастан қиындық жағдайында өз көлемін тез арада қалпына келтіру.

2001 жылғы көрсеткіштерге қарасақ АҚШ-тағы және Таяу Шығыстағы күшті экономикалық дағдарысқа байланысты туризм 1, 2 % төмендеген, табыс 4% ке қысқарды. Туризмнің Африкада дамуы 7, 5% өсті, оның себебі Оңтүстік Африканың табиғатына қызығушылықтың артуынан болды. Европадағы туризм индустриясы жалпы аймақтағы экономикалық өсу бағытына байланысты. Туристік көрсеткіштерге ықпал еткен жағдай әлемдік көрмелердің, әр түрлі спортты глористардың әсерінен болды. Қорыта айтқанда әлемдік туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасап төмендегідей қорытындыға келуге болады.

- саяси және экономикалық дағдарыстарға қарамастан, туристтік секторда туризм қызметінің екендігі көрінеді;

- Аймақтар арасында бәсекелесудің күшейгені байқалады. ;

- Жекелеген туристік компаниялардың капиталдарының шет елдік нарықка шығу белсенділігі көрінеді;

- Туризм өндірісіне қызмет көрсетудің бірігуі жүріп жатыр.

Осы жағдайларға байланысты жаңа мыңжылдықтың алғашқы 10 жылдығы туризмнің дамуының негізгі белгілері айқындалады.

- Халықаралық туризм қызметінің көрсеткіштерінің өсуі.

- Әлемдегі экономикалық және саяси жағдайлардың туризмге тигізетін әсері.

- Туризмнің анықтаушы факторлары әлеуметтік-демографиялық өзгерістер, электрондық хабар, коммуникациялық жүйе болады.

- Аймақтардағы туризм қызметінің дамуы Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне ауысады деген болжам бар.

Сонымен көптеген елдердегі туризмнің дамуына талдау жасай келе, түсінгеніміз ішкі туризмнің дамуына көңіл бөлу қажет.

Тиімділік - түсінігі қандайда бір болмасын нақты тиімділік, яғни нәтижеге жету .

Экономикалық тиімділік - ол шаруашылық процессі белгілі бір мөлшерде ақшалай, материалды, хабарлау ресурстары, жұмысшы күші шығындарынан нақты табыс табу нәтижесі.

Ал, туризмнің экономикалық тиімділігі ұтыс табу. Ол:

- мемлекеттік масштабта туризмді ұйымдастыру;

- аймақтың халқына туристік қызмет көрсету;

- туристік фирмалардың өндірістік-қызмет көрсету процессі.

Туризмнің экономикалық тиімділігі қоғамдық еңбекті жалпы тиімділігі және нақты көрсеткіштерімен, критерияларымен белгіленеді.

Критериялар алға қойған мақсатқа жету, оның дұрыс шешім екенін түсіну. Критериялардың қажеттілігі өндірістік қызмет көрсету процессінің тиімділігі есептеуде қандай позициядан қарастыру қажет екенін көрсетеді.

Қоғамдық өндіріс бүкіл қоғамның мүддесін қорғайтын болғандықтан, жалпы қоғамның көздеген мақсаты орындалғандығымен бағалануы тиіс.

Туризмдегі тиімділік проблемасын қарастырғанда жүйелі түрде қарау керек. Туризмді ұйымдастыру құрылымы негізінен үш буыннан тұрады:

- әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылымның салаарылық кешенді жүйесі;

- аймақ көлемінде жеке шаруашылық салалары;

- туристік шаруашылық субъектісі (туристік фирмалар) .

Сондықтан да, туризмнің тиімділігін үш аспекте қарастырамыз: қоғамдық деңгейде (халық шаруашылығы саласында, жеке туристік фирмада) . Барлық критериялардың комплексті тиімділігін жинақтау үшін, қоғамдық деңгейде қойған мақсаттар жүйесі және жеке мақсаттарды көрсету қажет . Бұл үшін «критериялар мен мақсаттар ағашы» әдісін қарастырамыз. Әдістің бұл көрсеткішінде әр мақсатқа нақты критериялардың сай келуі мақсатқа қол жеткізудің дұрыстығын көрсетеді.

Елдің экономикасына туризмнің жағымды ықпалы, туризм елде жан-жақты дамыған кезде болады.

Туризмнің экономикалық тиімділігі туризм елде халық шаруашылық кешенінің салалары мен қатар дамығанда ғана көрінеді. Туризм елдің ұлттық табысын құруда қатысады .

Туризмде ұлттық табыстың үлесі Германияда 4, 6%, Швейцарияда 10%. Туризмнің елдің экономикасына тікелей ықпалы-ол туристердің туризмнің қызметі мен тауарларына шығарған қаржысы.

Туристердің келген жерінде шығарған ақшасы табыс алып келеді, әрі қарай тізбектеліп кете береді: шығын-табыс-шығын. Осы процес туризмнің, елдің экономикасына жанама ықпалы болып саналады. Туризм қызмет көрсету мен тауарға екінші сұраныс тудырады. Елдің экономикасына туризмнің жанама салуы туристердің нақты бір уақытта және орында қызмет пен тауарға шығарған шығынның қайталану әсері көрінеді. Бұл әсер «мультипликация әсері» немесе «мультипликатор» деп аталады.

Мультипликатор - таза ұлттық өнімнің тепе-теңдігінің ауытқуының арақатынасы, шынайы таза ұлттық табыстың осы өзгерісін туындатқан инвестицияға қажетті шығындардың бастапқы өзгерісі:

М=Δ4ҰӨ/ΔТҰӨ,

М - мультипликатор;

ΔТҰӨ - таза ұлттық өнім;

ΔИ - инвестициядағы бастапқы өзгеріс.

Осыдан шығады: ΔТҰӨ =М* ΔИ

Туризмнің мультипликаторлық табысының қызметін төмендегідей мысал арқылы түсіндіруге болады.

Табыс - ол фирмалармен кәсіпорындардың туристік қызмет пен тауарларды сатудан түскен түсім. Аймақтың табысы - ол осы түсімнен алған салық. Туристік фирмалар жергілікті қызмет пен тауарларды сатып ала бастағанда, туристердің ақшасы аймақтың экономикасына толық жұмыс істей бастайды. Осы тауар мен қызмет көрсетудің сатушылары туристерден ақша алып, оны жұмыскерлеріне жалақы ретінде төлейді, олар оны тағы да тауар мен қызмет көрсетуге жұмсайды. Осылай қайталана береді.

Туристерден түскен ақшаның жартысы салыққа, жинақтау қорын құруға, импорттық тауарлар сатып алуға, яғни басқа аймақтарда шығарған тауарларға кетеді. Швейцарияның ғалымдарының бағалауы бойынша туризмнің қызмет көрсету өндірісінен түскен табыстың мультипликаторы елдер мен аймаққа байланысты өзгеріп отырады. Ол 1, 2-ден 4, 0-ке жетеді. Мысалы, аймақтағы мультипликатор 2, 5-ке тең. Туристік индустрияның инвестициясының алғашқы өсуі 40 млн. теңге; сонда туристік қызмет көрсетудің таза ұлттық өнімінің өсуі 100 млн. теңге (2, 5*40) .

Туризм әлемдік нарықта көзге көрінбейтін экспорт болып саналады. Ол елдің төлем балансына ықпал етеді.

II-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы

2. 1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т. б. ) . Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері
Халықаралық туризм дамуының көрсеткіштері
Қазақстандағы туризм саласын дамыту міндеттері
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті
Туризм менеджменті
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Туристік саланы дамыту перспективалары
Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы мен болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz