Қоғам қайраткері Д. Қонаевтің өміржолы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қазақ тілі» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Қоғам қайраткері Д. Қонаевтің өміржолы»

Оқытушы: Искакова Б. Н.

Студент: Акбаев А.

Мамандығы:050704

Тобы: ВПб-05-06р

Алматы 2005

Ұлы Тұран перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Алматы қаласында 1912 жылы туған. Орта мектепкі бітірген соң Мәскеудегі түсті металл және алтын институтына түседі. 1936 жылы институты бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған соң Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кеніне жұмысқа жңбереледі. Онда бұрғылау саяносы машинистпен бастап, цех бастығы, кеніштің бас инженері және оның директоры болып істеді.

Одан соңғы еңбек баспалдағы - "Алтай полиметалл" комбинаты бас инженерінің орынбасары, техникалык бөлімнің бастығы, Риддер кенішінің және КСРО ірі корғасын-імырыш кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры кызметтерін атқарады.

1942 жылы орда бұзған отыз жасында республика Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Бұл жауапты міндетті он жыл мінсіз аткарады. Соғыс кезінде ол майдан қажетін қамтамасыз ететін жылу және баска енеркәсіп салалары женіндегі мәселелермен айналысты.

1952 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайлан-ды. 1955 жылы Кдзак КСР Министрлер Кеңесінін терағалығына -тағайындалды. 1960 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Ор-талық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1962 жылы желтоксанда ол жоғары лауазымды қызметтен алынып, қайтадан Республика Министрлер Кеңесінін, төрағалығына тағайындалды. Сол кезде ондай жағдайларға танда-нуға болмайтын. Әйткені, басшы кадрларды Мәскеу ез колына алған еді. Орталық барлық кадрларды өзі алып, езі койып отыратын. Ғажап кой, бірак анық жайт. 1964 жылы Орталыкта жағдайлар езгерді де, Қонаев кайтадан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

Ол сан дуркін КСРО және республика. Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумынын мүшесі, 32 жыл бойы КПСС ОК-ның мүшесі болды. 1966 жылы КПСС ОК Саяси БЮРО-ның мүшелігіне кандидат, Партияның терт съезіңце, яғни XXIV пен XXVII съезд аралығын-да Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайланды.

Үзак жылдар бойы Қонаев елдің жоғарғы билік тізгінін ұстағандардың бірі болды. ОК Саяси Бюросының мүшесі ретіндё мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының мәселелерін шешуге катысты.

Д. А. Қонаев партияның аса көрнекті қайраткері Ғана емес, ол ғьглыми қызметпен де кажырлылықпен айналысты. Техника ғылымдарының докто-ры, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі.

Ол қазба байлықтарының арқасында республиканың деңгейі биікке кетерілетінін жақсы білді. "Республикамыз қарыштап, даму аскарынан асып, тағы да бір биік белеске көтеріледі" деп әлденеше рет айтқан болатын. Америкадан шығатын журналдардың бірінде атақты ағылшын саясаттану-шысы өзінің "Орыстар мен қазақтар" деген мақаласында Қазақстанның 1917 жылғы төңкеріске дейінгі (патшалык тәртіп кезінде) және социализм құрылысы кезеңіндегі дамуын салыстырған анализін келтіреді. Зерттеу ба-рысында байқалғандай, Қазақстанның өрлеу мен гүлденудің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен кезеңі Қонаев билік басына келген жылдар екен.

Қонаев ете сауатты басшы бола білді. Кез келген мәселені шешуде ба-тылдық пен керегендік танытты. Біздің ғасырымыздың 60-80 жылдары

аралығында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалык жағдайы толығымен өзгерді. Соғысқа дейін экономика өзінің жана қадамын бастады, сосын со-ғыс, ал соғыстан кейін барлык ресурстар КСРО-ның Батыс және Солтүстік батыс бөлігіндегі кираған калалар мен өнеркәсіп күштерін калпына келтіруге жұмсалды. Қазақстан мен Орта Азия республикалары сол бәз-баяғы қалпында калды.

60-80 жылдар аралығындағы Қазақстаннын әлеуметтік-экономикалык дамуы деңгейіне мына дәлелдер куә. Осы кезеңдер ішінде республиканың ауыр өнеркәсібі саласындағы ірі өнеркәсіп орындары жедел каркынмен өсті: Карағанды-Теміртау, Павлодар-Екібастұз, Жамбыл-Қаратау және Шымкент-Кентау кемір-металлургия кешендері кұрылды. Казақстан елімізге орасан зор мөлшерде болат, шойын, мыс, вольфрам, марганец, мо-либден, қорғасын, мырыш, алтьгн, т. б. қазба байлықтарын тапсырды. Қазақстанның үлесіне 69% мыс қорыту, 70% қорғасын, 90% марганец, 87% жай фосфор өндіру тиді. Кемір казу 220 миллион тоннаға жетті. Электр қуаты 78 миллиард киловатт сағатка есті. Екібастұздан Орталыкка жоғарғы кернеулі электр жүйесі тартылды. Ауьгр ендірістің шапшаң қарқынымен бірге жеңіл және тамак өнеркәсібін одан әрі дамытуды жеделдету мүмкіндігі туды. Мьгналарды айтсак та жеткілікті: 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында республикада 37 млн. пар аяқкиім, миллион метр мақта-мата бұйымдары шығарылды. Республикада 8 кант заводы, екі былға-ры комбинаты жұмыс істеді. Теміржол, әуе және автомобиль көліктері көбейді. 80-жылдардын аяғында теміржолдың ұзын-ырғасы 15 мың шакы-рымнан асып кетті.

Барлық аудан орталықтары мен шеткі шалғай ауыл-село мекендері, көптеген ауылшаруашылығы кәсіпорындары автомобиль жолдарымен үштастырылды. Астык өнімі 29-30 миллион тоннаға, кой саны 35 миллионға, жылқы 1 миллион 100 мыңға, ірі кара 7 миллионға жеткізілді. Тың жёрлер астық, ет, сүт өндірісінің орталығына айналды. Баска облыстар да олардан қалып койған жок. Мәселен, Шымкент облысының бір өзі ауыл шаруашылығының 14 түрінен өнім өндірді.

Жаңа калалар бой көтеріп, кешелер асфальтталып, ауыл-село керіктендіріліп, сәнді де салтанатты мәдениет сарайлары, оқу орындары салынып, ғылым, денсаулық сактау мекемелері жаңа техникалык жабдықтармен жаракталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СОКП Орталық Комитетінің мүшесі
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
Халел Досмұхамедұлының дара жолы
Қазақ халқының дара тұлға перзенті - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты. Желтоқсан оқиғасы
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
Мәдени мұра бағдарламасы арқылы ұлттық-мәдени құндылықтарды білім мазмұнында дамыту
Қазақстандағы қайта құру саясаты (1985-1991 жж.). Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Д. А. Қонаевтың өмiр жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz