Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . 3

I ИННОВАЦИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ . . . 6

  1. Инновация туралы жалпы түсiнiк, мәні . . . 6

1. 2 Дамыған елдердегі индустриялы-инновацияның даму тәжірибесі және инновацияны мемлекеттік қолдау . . . 10

II ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ . . . 15

2. 1 Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық бағдарламаның маңыздылығы және оны дамытудағы негізгі проблемалары . . . 15

2. 2 Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы және оны жүзеге асыру нәтижелері . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтан да болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. /1/

Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында « Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттiк саясаттың басты мақсаты» деп өткен болатын. Онда: «Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы мiндеттер туралы ғана емес, бiздiң дамуымыздың келешегi жайында да айтқан едiм. Осыған орай, әлемнiң бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтiк көшбасшыларын қалыптастыру негiзiнде елдi индустрияландыру мiндеттерi бiздiң басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек» делінген.

Өткен жыл Қазақстан үшiн жан-жақты экономикалық, әлеуметтiк және саяси жаңару жолында тағы бiр сенiмдi iлгерi қадам жасаған жыл болды.
Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетiстiктерiмен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.

Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8, 5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсiп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.
Бүгiнгi күнге дейiн елiмiздiң айтарлықтай резервi қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жеттi. Осындай елеулi жинақтаулардың болуы елiмiздiң қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзектi рөл атқарды.

Дамудың жаңа кезеңіне шыққан еліміз алдына экономикалық-әлеуметтік жетістіктерді нығайта түсу үшін бірқатар ауқымды міндеттер қойылып отыр. Оның ең маңызды бағыттарын Президент Н. Ә. Назарбаев биылғы Жолдауында белгілеп берді. Мемлекет басшысының әлеуметтік саланы жандандыруға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты тапсырмалары қалың бұқараның көкейкесті мәселелерін шешуді тездетуге кең мүмкіндіктер ашпақ. Осы бағытта Елбасы жүктеген міндеттерді дәйектілікпен орындауда жинақталған тәжірибе істі жаңаша ұйымдастырып, игілігін ел кәдесіне жарата түсуге жол жеңілдетеді деп түсінеміз.

Елбасы биылғы Жолдауында ел экономикасын дамытудың тұрақты үдерісін сақтау мен оны қамтамасыз ету, азаматтардың әл-ауқатын көтеру, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және еліміздің халықаралық беделін нығайта түсуге ерекше мән берді.

Қазіргі кездегі әлемдік экономикадағы іркілістерді ескерер болсақ, ел экономикасының тұрақты даму қарқынын қамтамасыз ету мен оны жаңғырту ерекше ыждағаттылық пен жүйелілікті талап етеді. Осы мақсатта Елбасы Жолдауында жүзеге асатын шаралар ретінде елдің ішкі инвестициялық ресурстарының белсенділігін арттыруды ұсынды.

Биылғы Жолдау индустриялық Қазақстанды инновациялық Қазақстанға айналдырудың өзіндік жолын айқындайды. Президент әлемдік конъюнктура нашарлағанымен, өз еліміздің экономикасын орнықты өсіру шараларын қарастыруды Үкіметке тапсырды.

Елбасының осы бағыттағы қойған міндеттерінен Қазақстанды әлемнің дамыған, алдыңғы қатарлы, демократиялық мемлекеттерінің қатарына қосу мақсаты тағы да айқын көрініс табады.

Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық негіздегі 2008 жылғы Жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатының артуының кепілі бола отырып, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға, азаматтық қоғамның барлық институттарына және әрбір азаматқа тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітуге қатысты нақты міндеттер жүктеп қана қоймай, оны орындауға атсалысуға үндейді, міндеттейді. /19/

Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз. /2/

Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және металл бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриялық-инновациялық дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. Реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.

Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк - экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.

Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.

Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы” деп алынды.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi елiмiз үшiн индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының және инновациялық саясаттың маңызы мен оны дамытудың iс-шараларын қарастырып, оның еліміздің ұлттық экономикасына қосар үлесін анықтау болып табылады.

Курстық жұмысты жазудағы мiндеттерді келесiдей топтастыруға болады:

  • Инновация туралы жалпы түсiнiк қалыптастыру;
  • Инновациялық өнiмдi iске асырудағы инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi мен оның мақсаттарын анықтау;
  • Инновациялық қызметi дамыған шетелдердiң саясаттарын қарастырып, олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
  • Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi индустриялық-инновациялық дамудың тиiмдi екенiн дәлелдеу;
  • 2003-2015 жылдарға арналған инновациялық стратегияның мақсаттары мен мiндеттерiн қарастырып, оның даму жоспарындағы негiзгi бағыттарды көрсету.
  • Ұлттық инновациялық жүйенiң құрылымы;
  • Елiмiзде инновациялық қызметтiң дамуы мен оны қолдау шаралары.

Мiне осыншама мақсаттар мен мiндеттер курстық жұмыс деңгейiнде емес, ол бүгiнде елiмiз экономикасы дамуының негiзгi бағыты болып отыр. Себебi, елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады.

Инновациялық саланы мемлекеттік басқару индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асырушы ғана емес, оның бағытын анықтап, сол процестердің қарқынды дамуына ықпал етіп, дұрыс орындалуын қадағалайтын бірден-бір қуатты құрал. Біздің елімізде де осы мәселе дұрыс жолға қойылып, тікелей Президенттің қадағалауында екені көңіл қуантады.

Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

I ИННОВАЦИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1. 1 Инновация туралы жалпы түсiнiк, мәні

Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.

Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану, жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:

  1. инновация - интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация - бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тигiзедi;
  4. инновация - экономикалық өсу факторы ретiнде. /3, 124 б/

Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнец та қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника - экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:

  • экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы факторинновациялық негiздегi бәсекеболып табылады;
  • экономикалық дамудабiлiм мен интеллектбасты рөлде болуы керек;
  • интелектуалдық құрылымы мен негiзi болып табылады.

Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :

  1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;
  2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
  3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
  4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.

Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады. / 4, 29 б. /

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты интенсивтi және экстенсивтi түрлерi болады.

Экстенсивтi түрiне:

  • Технологияда инвестицияның артуы;
  • Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
  • Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

Интенсивтi факторларға:

  • Ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге асуы;
  • Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту;
  • Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
  • Қызметкерлердiң бос уақытының өсуi. /5, 64 б/

Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенсивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.

Ол үшiн елде 1990 жылдан кейiн құлдырап кеткен барлық өндiрiстердi инвестиция тарту арқылы iске қосу, кәсiпкерлiктi дамыту, әсiресе шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау, ғылыми-техникалық еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттiк салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды ынталандыру, елдегi халықтың бiлiм деңгейiн реформалау және жоғары дәрежелi мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарда тиiмдi саясат жүргiзу елiмiздiң басты мiндеттерi болып отыр.

Экономикалық iлiмдер тарихында жаңалық енгiзу түсiнiгiне түрлi көзқарастар бар. Көбiнесе инновация түсiнiгiн экономистер техникалық жаңалық енгiзумен байланыстырады. Инновацияны екi сыныпқа жiктейдi: инновациялық процесс және өнiм инновациясы. Бiрақ бұл екеуiн бөлiп қарау мүмкiн де емес. Шығындарды қысқартатын процестi енгiзу, шығарылатын өнiм құрылымына өзгерiстер енгiзу, ал жаңа өнiмдер өз кезегiнде жаңа құрылғыны жасап дайындауды қажет етедi.

Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып, өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.

Қазiргi заманғы көзқарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.

XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi айқын көрiндi. Оларға:

  • шикiзаттық бағыттағы экономика;
  • дамушы экономика;
  • индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы /4, 3б. /.

Кесте-1 - Экономикалық қоғамдардың негiзгi сипаттамасы

Қоғам түрi: Қоғам түрi
Индустрия ға дейiнгi: Индустрия ға дейiнгi
Индустриалды: Индустриалды
Индустриядан кейiнгi: Индустриядан кейiнгi
Қоғам түрi: Мақсаты
Индустрия ға дейiнгi: Өмiр сүру
Индустриалды: Экономикалық өсу
Индустриядан кейiнгi: Өмiр сүру сапасын арттыру
Қоғам түрi: Базалық ресурстары
Индустрия ға дейiнгi: Табиғат күшi, флора, фауна
Индустриалды: Пайдалы қазбалар
Индустриядан кейiнгi: Бiлiм
Қоғам түрi: Таным методологиясы
Индустрия ға дейiнгi: Жекеден қоғамға
Индустриалды: Қоғамнан жекеге
Индустриядан кейiнгi: Жүйелiк анализ
Қоғам түрi: Жүйелiк сипаттамасы, бiлiм беруi
Индустрия ға дейiнгi: Бiлiм беру практикалық тәжiрибеде
Индустриалды: Мамандандырылған дайындық, техника-инженерлiк
Индустриядан кейiнгi: Жеке салаға маманданған университеттiк бiлiм
Қоғам түрi: Энергияны қолдану
Индустрия ға дейiнгi: Бiрреттi
Индустриалды: Көпреттi
Индустриядан кейiнгi: Энергетикалық ресурстарды қолдануды оптималдау
Қоғам түрi: Өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру сипаттамасы
Индустрия ға дейiнгi:

Индивидуал

ды, коллективтi

Индустриалды: Конвейер
Индустриядан кейiнгi: Жүйе, CALS технология
Қоғам түрi: Экономика құрылымы
Индустрия ға дейiнгi: Алғашқы
Индустриалды: Екiншi Үшiншi
Индустриядан кейiнгi:

Төртiн- Бесiн-

шi шi

Қоғам түрi: Қызмет түрi
Индустрия ға дейiнгi: Өндiрушi
Индустриалды:

Өңдеу- Инфра-

шi құрылы

мдық

Индустриядан кейiнгi:

Сервис Ақпар-

тiк аттық

Қоғам түрi: Қызмет көрсетудiң негiзгi бағыты
Индустрия ға дейiнгi: Ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбалар өндiру
Индустриалды:

Өнеркә Сауда,

сiптiк қаржы,

өндiрiс көлiк,

байланыс

Индустриядан кейiнгi:

Денсау Жинау,

лық, сақтау

мәдени өңдеу,

ет, ком ақпар-

мунал ат беру

дық

қызмет

Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы ғылыми-техникалық потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда.

Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.

Сондай-ақ инновациялық қызмет өз кезегiнде сыртқы ортамен ылғида қарым қатынаста болып отырады. (Сурет 1) /4, 21 б/

Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарым-қатынасы.

1-сурет. Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарым-қатынасы

1-ші суреттен көрiп отырғанымыздай инновациялық процестi дамытуда сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан инновацияны дамыту үшiн осы сыртқы орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсiп саласын дамыту барысында кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология бойынша соңғы өнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып табылады.

Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экономикасын ары қарай дамыту.

1. 2 Дамыған елдердегі индустриялы-инновацияның даму тәжірибесі және инновацияны мемлекеттік қолдау

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану- Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет ” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту. /6/

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы ғылыми - техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады.

Қазіргі таңда ел экномикасы дамуының шешуші факторлары ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк - АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та - 4 ай, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай. /8/

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. Ол шама 1991жылы -2587 кәсiпорын, 1992 ж. -9678 кәсiпорын, 1996 ж. -13722 кәсiпорын, 2000 ж. -20796 кәсiпорын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес инкубаторларды басқару
Мемлекеттің инновациялық саясаты
Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері
Халықтың әл-ауқатытын арттыру
Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қазақстан републикасының индустриалды – инновациялық дамуы
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)
Инновация теориясы туралы түсінік
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz