Қазақ хандығының құрылуы және қоғамдық құрылысы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қазақ хандығының құрылуы және оның этномемлекеттік шекараларының қалыптасуы

2. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

3. Қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениеті

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы - Жеті Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-1715) Тәуке хан кезіндегі жетістік деп - қазақтардың 1695жылға дейінгі жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз.

Есімнің немересі - Жәңгірдің бел баласы - Тәуке хандық құрған XVIIғасырдың аяғы мен XVIIIғасырдың басы-қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезең болды. Бұл жайында белгілі тарихшы А. И. Левшин былай деп жазды:”Тәукенің атын атаса-ақ, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы, Драконты-сол адам. Тәуке алауыз болып, қырғынға бөккен елді бабына түсіріп, ру мен ру арасындағы жұрттың бәрін өзіне мойын ұсындыра білді, әлсіз рулардың басын қосып, әулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубесіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты. ”

XVIIғасырдың аяғында қабылданған Тәке ханның “Жеті Жарғы”атты заңы, шынында да, қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады. Ру арасындағы келіспеушілік, бір жүз бен екінші жүз арасындағы қырғи-қабақ салқындық әлсіреді. Ел бірлігін сақтауда хандық биліктің заң негізінде кұшеюі аз үлесін қосты. (1, 366-қор, 1-т., 327-іс, 47п. ) Тәуке ханның “Жеті Жарғысы”бойынша ханның құқықтары мен міндеті мынандай болатын:

Біріншіден, хан - барлық рулардың бірлестігінің бірден-бір басшысы; жерді бөлісу, қайта қарап рулар арасындағы жерді бөліп беруде, ханның шешімі ақырғы шешім болды. Хан - өзіне қарасты жердің күшімен елді қорғауға міндетті.

Екіншіден, хан басқа елдермен бітім, келісім жасауға немесе бөтен елге соғыс жариялауға хұқы бар, ол барлық әскердің бас қолбасшысы (сардары) болып есептеледі.

Үшіншіден, хан басқа мемлекеттермен дип-

ломатиялық байланыс жасауға, хандықтың барлық сыртқысаясатын белгілеуге хұқы бар.

Төртіншіден, хан өзіне қарасты ел ішіндегі тәртіпсіздік болдыриау үшін, қылмысы ауыр адамға өлім жазасын беруге хұқы бар. Яғни елдері жоғарғы соттың міндетін қоса атқарды.

Бесіншіден, халық хан билігін мойындап отырып, жүзегеасыруға тиіс еді.

Сөйтіп, Тәуке ханның “Жеті Жарғысы” бір орталыққа бағынған мемлекетті құруға көмектесті. Елдің алауыздығына тиым салынып, бұра тартқан адам әділ жазаланды. Өзінің ортақ тілі бар, белгілі шекаралық арқылы анықталған хандығының жері бар, саяси мақса-

ты ортақ, қазақ елі тәуелсіз, таза ұлттық мемлекетке айналды. Қазақ елінің ұлт болып қалыптасуы да осы кезең - XVIII ғасырдың басы болатын.

Елдің елдігін сақтауда қазақтың үш биінің - Төле би, Қазбек би, және Әйтеке билердің тарихтағы орны бөлек. Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де, ел жиналған айт, ас, той тұсында да, жер дауы да жесір дауы, күн дауы көтерілген жерде де бірге бас қосып, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде екі би бір шешімге келе алмай қалғанда, үшіншісі ортадан билік айтып, дауды тындырып отырған.

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХІV - Хv ғасырларда орын алған әлеуметтік - экономикалық және әтникалық - саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсуйектердің экономикалық қуатының арткы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі ХV ғасырдың екінші жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі еңбекшілер бұқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударуымен жауап береді. Сөйтіп, ХV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісудың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың бұл жерлерге қоныс аударуының бір себебі, Әбілхайырдың қол астында қанаушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өзінің ықпалын тигізді. Олардың халық қолдаған дербес мемлекет құру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бұл арада тұңғыш қазақ хандығын құруға Керей хан мен Жәнібек ханның сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кәсіп деп түсінген, жасынан қоғамдық - әлеуметтік өмірдің бағыты - бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандардың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтың басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы, әрине, табиғи құрылыс.

Қазақстанның алғашқы ханы болып Керей жарияланды ( 1458-1473 ж. ) . Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды ( 1473-1480 ж. ж. ) . Бұлардың тұсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондаған феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығының бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі қазақ хандығынын бұрынғыдан да күшейтті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның нәтижесінде ХV ғасырдың 70 - жылдарында қазақ хандығының шекарасы бірте - бірте кеңейе берді. Сыр өңіріндегі қалалар мен олардың төңірегіндегі көшпелі жұрт мекендеген жерлер үшін, Жетісу өлкесі үшін күрес барысында қазақ, өзбек, қырғыз халықтарының этникалық шекарасының қалыптасуы тездеді. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін ( 1480-1511 ж. Ж. Билік құрған ) тұсындада толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне, оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға ( Созақ, Сығанақ, Сауран ) өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды бірте - бірте жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуренахрға кетуге мәжбүр етті, мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

XVI-XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едеуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді 6ipiктipy" процесін жедел жузеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бipi - Жәнібек ханның ұлы Қасым. Туған жылы 1445 ж. Қасым ханның тұсында /1511-1523 жж. билік құрған/ қазак хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс бepiп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде казақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағының негізгі аймақтарын бipiктірді. Хандыктың шекарасы батыстан Жайыққа, онтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы бipсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Онтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, 1ле өлкелері/ қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің 6ipi - ұлы князь III Василий /1505-1533 жж. / билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық peтіндe Батыс Еуропаға мәлім болды.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - "Қасқа жолды" жарыққ шығарады. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшiн ол Қасым ханның атымен байланыстырылып «Қасым ханның Қасқа жолы» деп аталды.

Қасым хан тұсында Қазақ хандығының дәрежесі ұлғайғанына қарамастан, ол бip орталыққа бағынған мемлекет болмады. Мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды, сұлтандар мен басқа да феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы қүшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты. Қазақ билеушілеріне қарсы моғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы әpi мұpaгepi Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере iнici Тахир (1523-1532 жж. ) хан болды. Біра оның айрықша елшілік және әскери қабілеті жоқ еді. Тахирдың тұсында өзбектермен арадағы соғыс жалғастырылды. Маңғыт және Моғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болған жоқ, қазақ хандығы оңтүстіктен және солтүстік-батыстағы жерінің бip бөлiгiнeн айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. Тахир ханның, iнici Бұйдаштың (1533-1534 жж. ) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. XVI ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж. ) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы феодалдық топтардың күресін өз мүддесіне пайдаланған ол ноғай мырзаларының көбін өз жағына тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-ар-Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізді өзара тартыстың бәсеңдеуі ішкі саяси өмірдің нығаюы мал және егін шаруашылығының, сауда қатынастарының, дамуына көмектесті Ресеймен саяси және экономикалық байланыстар барған сайын ұлгайды. XVI ғасырдың 60-70 жылдарында қазақтардың Орта Азия халықтарымен бейбіт сауда, экономикалық байланысы жанданды. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сырдария бойындағы бірсыпыра қалаларды (Сауран, Түрікстан) өзіне бағындырды. Оның, Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у бepiп өлтірді.

Акназардың мүрагері - Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайып қалған Шығай (1580-1582 жж. ) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 жылдары хан болған) 6ipre Баба сұлтанға қарсы күреседі, Бұқар ханы Абдоллаға келіп, онымен күш біріктірмекші болды. Абдолла Шығайга Ходжент қаласын сыйға тартып, онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иeлiгi енді Тәуекелге көшеді.

Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазак хандығына қаратты. Бұқар қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып, қайтыс болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628 жж. ) билік eттi. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкенттті қазақ хандығына бекітіп берді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар және Оңтүстік Қазакстанның жерін кеңейту үшін бip жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.

Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондыктан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, дүре соғу, көп әйел алу, қалың мал төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдык ескі салтқа арқа тipey және т. б. уағыздады. Халык Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол" - деп атады.

XVI ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Ci6ip хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Ci6ip ханды Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. Ciбip хандығының халқы түркі тілдес қырық, рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандыктың негізгі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлгінде, салалармен қоса Есіл, Тобыл және Тура өзендерінң орта ағысын, сондай-ақ, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес "Ci6ip татарлары" деген атпен белгілі.

Ciбip хандығы Орта Азия, Қазақстанмен саяси және сауда байланыстарын жасап отырды. Сауда ерте заманнан бepi қалыптасқан керуен жолдары аркылы жүрді. Орта Азиядан қазақ даласы арқылы жібек, мата және жүн мата, елтірі, кептірілген жемістер тиелген керуендер бағалы аң терісіне, "жұмбақ дүниеге" және тағы баска заттарға айырбастау үшін ағылып келіп жатты. Көшім хан билік жүргізген кезде өзінің қарамағындағы өлкеге ислам дінін таратуға үлес қосты.

1552 жылы Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Ci6ip хандығымен тікелей көрші болып шыкты. 1581 жылы Ермактың Ci6ipгe жорығы басталды. Көшім хан жеңіліске ұшырағанымен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 жылы тамызда каза тапты. Бірақ Ciбip хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп, 1598 жылы Ресей мемлекетінің құрамына енді. Орыс патшасы Батыс Сібірді неғұрлым толық игеруге және Шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылып, орыс шаруаларының шығысқа қоныс аударуын, бекіністер салуды құптап отырды.

XVII ғ екінші жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді. Ipi ақсүйектер мен феодалдардың арасындағы қырқысуларды пайдаланып, жоңғарлар Жетісудің бip бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ хандарының бipi - Жәңгір Бұқар әміршісін жонғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасасуға көндірді Жәңгір шебер саясатшы ғана емес, сонымен 6ipгe өте батыл ержүрек жауынгер қолбасшы еді. Оның ерліктері туралы аңыз көп. 1643 жылы 600 жанкешті сарбаздарымен Жоңғар тауының бip қуысына ұтымды бекінген Жәңгір хан жоңғарлардың 50 мың әскерінің жолын бөгеп, қарсыластарын таптап өтпекші болған жау әскеріне бас көтертпей соққы берді. Оның 10 мың адамын шығындады. Шайқас қызып жаткан кезде Жәңгірдің шақыруымен 20 мың әкерімен көмекке жеткен Kіші жүздің Жалаңтөс батыры eкeyi соғыстар тарихында бұрын болмаған жеңіске жeттi. Жәңгір хан өз өмірінің денін жоңғарлармен соғыста өткізіп, оларға қарсы жорықта жүріп 1652 жылы қаза тапты. XVII ғасырдың 90-шы жылдарында жоңғар феодалдарының қазактардың жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде Қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы феодалдарының арам ойын іске асырмады. 1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға(1680-1718 жж. ) көшті. Ол феодалдардың, ел силаған билердің колдауына суйене отырып, халықтың, елдің бірлігіне қарсы шыққандарды қатты жазалап, халық бірлігінің туын жоғары ұстады. Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген атаумен әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленеді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымақтығын ойлап халықты ру - руға, жүзге бөліну саясатын және бет - бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы мақсатта ол қазақ мемлекетінің саяси - құқық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа шақырады. Тәуке хан өз төңірегіне Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаздауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, Қазақ халқы тарихына ірі құқықтың өзгерістер енгізді. Бұл оның халыққа кең тараған «Жеті жарғысымен» байланысты еді. Ол тек сол заманға сай құқықтың құжат емес, сонымен көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруащылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш.

«Жеті жарғы» көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылды. Оның негізгі баптарының мазмұны:

- қанға қан алу, яғни бірудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу / ер адамға - 1000 қой, әйелге - 500/;

- ұрлық, қарақшылық, зорлық - зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

- денеге зақым келтірсе, оған сәйкес күн төленеді / бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 қой /;

- егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі / егер ағайындары кешірім ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады / ;

- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

- егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;

- ата - анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

- өзіне - өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді;

- егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға әр айына 1 түйеден / анықтама үшін 100 түйе 300 атқа немесе 1000 қойға тең /;

- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата - анасына күн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың мал төлеп үйленсе жазадан босатылады;

- егер ері әйелінің көзіне шөп салу үстінде ұстаса, өлтіруге қақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, әйелін көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам тіріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;

- біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады, немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

- қан араластыру / жеті ата ішінде / өлімге, немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;

- құдайға тіл тигізген / жеті адам куәлік берсе / таспен атып өлтіріледі;

- кәпір болған адам мал - мүлкінен айырылады;

- құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде;

- ата - анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол - аяғы байланып анасының билігіне беріледі;

- ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

- ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;

- өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;

- барымтадан қайтқан мал төлемімен қайтарылуы тиіс;

- дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

- куәлікке екі немесе үш адам жүреді;

- билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;

- егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтаменалуға болады;

- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам нкі бірдей жазаға тартылады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мемлекет және құқық тарихы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
Қазан хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы, экономикасы
Қазақ хандығының құрылуы 15-18ғғ
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz