Қ.Р. қаржы нарығын талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

1. 1 Қаржы нарығы туралы жалпы түсініктер және қаржы нарығының қызметі . . . 4

1. 2 Ақша сұранысы мен ұсынысы . . . 7

1. 3 Қаржы нарығын IS-LM моделі арқылы талдау . . . 15

2 Қ. Р-НЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ

2. 1 Қ. Р-ның қаржы нарығындағы мәселелерді талдау . . . 20

2. 2 Қ. Р-ның қаржы нарығының даму болашағы. 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . 30

КІРІСПЕ

Жалпы дүниежүзілік экономикада кез- келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатынын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Қазақстан экономикасында шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу- сатудың нақты объектісі- ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет етеді. Бұл әрине қаржы нарығына қатысты. Еліміз қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлоы эккономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы нарығындағы ақша сұранысы мен ұсынысын талдау қажет етеді.

Бұл курстық жұмысымның тақырыбын «Қ. Р. қаржы нарығын талдау» деп алдым. Курстық жұмысымның барысында мен қаржы нарығы туралы түсініктер, оның қызметі туралы шолып өтемін. Және де қаржы нарығын IS-LM үлгілері арқылы талдаймын.

Курстық жұмысымның екінші бөлімінде Қ. Р. қаржы нарығының қазіргі жағдайын және дамуын зерттеймін. Қаржы нарығында болып жатқан өзгерістер құнды қағаздар нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы нарығындағы ақша агрегаттарын, қолма қол ақша айналысы, ақша базасының өсу қарқыны және де ақша базасы қарым қатынастарын қарастырамын. Ал бұл өз кезегінде экономиканың қаржы дағдарысына, инфляциялық толқуларға алып келуі мүмкін. Алайда елдің Қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің соңғы жылдардағы Еуропалық стандарттар негізінде ақша-несие саясатының басты мақсатын бағалардың тұрақтылығына қарай бұруының, осының негізінде алдағы үш жылға ақша-несиесаясаттарының көрсеткіштерін белгілеп қоюды, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өтуінің нәтижесінде ақша массасы өскенімен елде инфляция деңгейі тұрақты күйінде сақталып қалуда.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығының қызметін реттеу жүйесі туралы зерттемекпін. Және де қаржы секторының даму болашағы туралы жұмыстанбақпын.

Презедент Қазақстанның алдағы кезде БСҰ-ға кіруі, сондай-ақ экономиканы серпімді дамыту қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыруды талап ететінін атап өтті. Бұл банк секторының резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің, жылжымайтын мүлікті несиелеу мен тұтыну несиелері көлемінің, банктердің сыртқы рыноктарға экспансиясының артуына байланысты тәуекелдерді тиімді басқаруды білдіреді. Кеңісте банктердегі топтасқан бақылау сапасын жақсарту, корпаративтік басқаруды бағалайтын қосымша жеделдеткіштерді пайдалану жөніндегі шаралардың қажеттігін атап өтілді.

Осы тақырып бойынша Мамыров Н. Қ., Тілеужанова М. Ә., Құлпыбаев С., Әмірқанов Р. Ә., Тұрғылов А. Қ. секілді ғалымдардың еңбектері бар.

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

1. 1 Қаржы нарығы туралы жалпы түсініктер және қаржы нарығының қызметі

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын- соңды болған емес. Қаржы рыногы- бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен(капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т. б. рыноктармен) етене байланысты (Сурет 1- қараңыз) [2. 436-бет]

Сурет 1- Экономикалық жүйедегі рыноктың өзара байланысы

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғүрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс- әрекет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым (жалпы ортақ) ұғым болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылы практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен жүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Сурет 2- Қаржы рыногының құрылымы.

Ақша рыногы дегеніміз қолма- қол ақша ғана емес, қолма- қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.

Кредит рыногы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты. Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді. [2. 437-бет]

Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады. Қаржы рыногында сатып алу- сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар- ақша және бағалы (ақшалай қағаздар болып табылады) . Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздаар рыногы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының- бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор рыногы деп те атайды. «Қор рыногы» термині бастапқыды бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және рәсімделетін мекеменің - қор биржасының атымен байланысты.

Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:

  1. реттелінген тауар рыногының болуы яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлармен қызмет көрсетулер бойынша сұранымы мен ұсынымның теңгерілімдігі;
  2. Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма- қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
  3. Кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокқа орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Орталық банктың пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын ашық ақша рыногында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады. Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мынылар жатады:

  1. Бәсекені дамытумен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының меншікті барлық нысандарының кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кен дербестігі;
  2. қаржы ресурстарының қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдары орталықтан қаржыландырудың қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомствовалық қайта бөлудің азаюы;
  3. шарушылық жүргізуші субъектілер халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвистицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
  4. бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республиканық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс

Қаржы рыногының маңызы бос ақша қаражаттарын алудың және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл әміршіл экономикаға тән « сатылас» әдістің орнына « деңгейлес » қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте жеңіл байланыстыру іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады. Қаржы рыногы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады. Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногының қалыпстасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді. Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімдіі инвестициялар үшін жылжымайтын дүние- мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Қаржы рыногының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша- кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды. Қаржы рыногының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналасы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорындарының рентабелділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігі жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді. Қаржы рыногының жандауы корпоративтік бағалы қағаздарды- экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамыды, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді кіріктіретін ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әртүрлі тұрпаттағы окционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында тиіс. [2. 440-бет]

1. 2 Ақша сұранысы мен ұсынысы

Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттiк орган. Олар Ұлттық банктiң эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрiнде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бiрлiгi - теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiн анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етедi, сақтау, жою және қолма-ұол ақшаны жинақтау тәртiбiн орнатады. (Сурет-3) [1. 182-бет]

R S ұсыныс

D сұраныс

M x

Сурет 3 - Ұлттық банктiң ақшаға бақылау жасауы

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн белгiлейдi. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздiксiз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Эмиссия - мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол ақшасыз түрiнде де болуы мүмкiн. Қолма-қол ақша түрiндегi эмиссия - айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сиапттайды.

Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, мiндеттi және артық резервтер жатаы.

Мiндеттi резервтер - бекiтiлген нормативке сәйкес Ұлттық банктегi арнайы шотта несие корреспонденттiк шотында сақталуға мiндеттi банк депозиттерiнiң бөлiгi.

Артық резервтер - дегенiмiз банктердiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерiн, екiншi деңгейдегi банктердiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттағы қаражатының көлемiн, яғни банктер өнiмiлiгiн реттеу арқылы реттейдi.

Ақша ұсынысы (Мs) екі қосындыдан тұрады: 1) Банк жүйесінен тыс қолда бір ақша (С) ; 2) Экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын депозиттер (D) . (Дәлірек айтқанда бұл М 1 агрегаты) .

Мs = C + D (1)

Қазіргі замандағы банк жүйесі - жеке резервті жабумен байланысты жүйе. Банк депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған білігін қарыз беру үшін және актив операциялар үшін пайдаланады. Басқа қаржалық институттармен салыстырғанда, банктің ақша ұсынысын өсіру мүмкіндігі бар.

Несие мультипликаторы - коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі.

Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозит пайда болуының нәтижесінде туындайды.

Мs = __ 1__ D (2)

rr

Мұндағы rr - банк резервінің нормасы

D - алғашқы салым

1 - банк мультипликаторы немесе депозиттік мультипликатор.

rr

Ақша ұсынсының жалпы үлгісі Орталық банк рөлін ескере отырып жасалады және банк жүйесіндегі депозиттік ақшаның бір бөлігінің қолма - қол ақшаға ауысуы.

Ақша базасы Орталық банкте сақталатын комерциялық банктердің резервтері мен банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша.

МВ = С + R (3)

Мұндағы МВ - ақша базасы.

С - қолма-қол ақша

R - резерв.

М s = С + D (4)

Мұндағы Мs - ақша ұсынысы

С - қолма-қол ақша

D - депозиттер.

Ақша мультипликаторы (m) - ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы:

m = М s = C+D

МВ C+R (5)

Бөлшектің алымын да, бөлімін де D-ға бөлеміз.

m = cr + 1 . МВ (6)

cr + rr

Сонымен, ақша ұсынысы ақша базасы және ақша мультипликаторы көлемдеріне тәуелді.

Ақша мультипликаторы - ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді.

Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеру нормасына байланысты, өйткені міндетті резерв банктер мен несие ресурстарының көзі ретінде пайдаланылмайды, сонымен қатар айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Бұл айналымдағы қолма-қол ақшаның банктерден тыс орналасқан бөлігінің байланысты. Ақша мультипликаторының қарқындылығы олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликатордың коэффициентік жылдамдығы азаяды.

Экономикада ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақша айналысы жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін, керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша жиыныңдағы қолма-қол ақша үлесінің өсуімен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударумен бірге жүреді.

Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болады, ол ақша жиынының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейі жоғарылайды.

Монетарлық деңгей 1989 жылы Францияда 68, 5%, Германияда - 64, 5 %, Ұлыбританияда - 89, 1 %, АҚШ-та - 77, 5 %, Жапонияда - 11, 6 %, болды.

Ақша сұранысын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұған мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың икемденетін ақшалардың сатып алу қабілетіне байланысты:

1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.

2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.

Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам «ақша сұранысына»ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір салымынан зиян шегеді.

Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды болатынын көреміз.

Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.

Ақша сұранысын айқандайтын нгізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.

Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:

  • Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады;
  • Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
  • Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.

Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болағнад, біз негізінде М1 жөнінде

айтамыз, себебі М2 мен М3 жөінде айтамыз, себебі М2 мен М 3 жалдаптық дәлелге жатады.

Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:

  • монетарлық;
  • кейнстік;

Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіріледі:

MV = PY (7)

M - айналымдағы ақша көлемі;

V - ақша айналымының жылдамдығы;

Р - баға деңгейі;

Ү - өнім шығару көлемі;

Сандық теория тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. 1-мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.

Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:

  • тауар жиынының көлемі;
  • баға;
  • жиытық табыс;
  • ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.

Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан

Мd t = f {Y} (8)

Бұл жерде Мd t - ақшаға трансакциялық сұраныс:

Ү - жиынтық табыс.

Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болады. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болағнда пайда болады. Бұл үшін оларға белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:

Мd I = f { Y } (9)

Бұл жерде Мd I - ақшаға трансакциялық сұраныс;

Ү - жиынтық табыс.

Сұраныстың 2-мотиві салық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болады. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек: МdI ={ Ү} (10)

Мd I - сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы .

Бұл 2-сұраныс пайыз мөлшеріне тәуелсіз болғандықтан, ол тік сызық ретінде көрсетіледі.

Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотиві - жалдаптық мотивті бөліп көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивидент әкелмеген кезі қарастырылады.

Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Келесі формула жоғарыда айтылғандарды суеттейді:

Бағалы = Деведент

қағаздар бағамы Депозиттер бойынша пайыз мөлшерлемесі

i i

MdtI

0 0

(a) (ә) M

i

Md

i1o

0

(б) M

Сурет 4-Ақша сұранысы

а- трансакциялық, ә-жалдаптық, б-жалпы

Классикалық және кейнстік тұжырым ақша сұранысында келесі формаларда келесі факторларды бөліп шығарады:

  • табыс көлемі Ү;
  • пайыз мөлшерлемесі і;

Мd = f { Ү , і } (11)

Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейінстік керісінше пайыз

мөлшерлемесімен байланыстырады.

Инфляция факторын жою үшін ақшаға нақты сұраныс көрсеткішін пайдалынады (М\Р) d, ал сұраныс функциясында атаулы пайыз мөлшерлемесі і пайдалынады.

(М\Р) d = f (Ү і) (12)

Жалпы ақшаға сұраныс қисығы трансакциондық және жалдаптық сұраныстарды горизонтальды қосу арқылы алынған. Ақша сұраныс Мd і осін қиып өтпейді, өйткені трансакциялық сұраныс және ақшаға сұраныс мотиві бойынша пайыз мөлшерлемесінен байланыссыз, ол табыс деңгейімен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР бағалы қағаздар нарығы
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Бағалы қағздардың түсінігі, оның түрлері, белгілері, қор биржалары, бағалы қағаздардың нарығы және бағалы қағаздардың құқықтық негіздері
Бағалы қағаздар нарығының мәні, қағидалары және оған әсер етуші факторлар
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz