Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ. . … . . . 3

  1. Коммерциялық банк - банк жүйесінің банктердің мәні мен ҚР банкжүйесіндегі маңызы 4Коммерциялық банктерді басқару құрылымы . . . …6Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . 10
  2. Коммерциялық банктердің негізгі операциялары

2. 1. Коммерциялық банктердің пассивті операциялары . . . 20

2. 2. Коммерциялық банктердің актив операциялары. …… . . . … 24

  1. Қазақстан республикасыныҢ банкінің екінші дәрежелі банктерге мөлшерліктер. . . . . 27CAMEL - банк жұмысын бағалайтын рейтингілік жүйе . . . 29

3. 3 «АТФБанк» қызметінің жалпы сипаттамасы……… . . . … . . . 30

3. 4. «Казкоммерцбанк» . . . …… . . . 33
3. 5. «Банк Тұран Әлем» ААҚ банкiсі . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……. 37

ҚОЛДАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ. . …. . 38

КІРІСПЕ

Банк жүйесі - нарық экономикасының ең маңызды мен ажырамас құрылымдарының бірі. Тауар-ақша және банктердің дамуы ерте заманнан бері бірге дамып, ұштасып отырды.

Мемлекеттің несие жүйесінің механизмінде коммерциялық банктер үлкен роль атқарады. Олар ссудалық капитал нарығының көптеген секторларында қызмет ететін көпфункционалды ұйымдар болып табылады. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Қазіргі коммерциялық банктер несие жүесінің басқа буындары сияқты клиентерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар.

Осындай операциялардың кең диверсификациясы коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтап қалуға және тиімді болып қалуға мүмкіндік береді.

Бір операциялардан болған зиян, екінші операциялардан түскен пайдамен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Берілген жұмыста, мен, «коммерциялық банк» ұғымының мәнін, оның атқаратын негізгі функциялары мен операциялары арқылы ашып көрсетуге тырыстым. Біздің мемлекетімізде банк жүйесінің дамуы мен негізгі қызметтерін талдап, коммерциялық банк құрылымы мен ұйымдастырылуының принциптерін анықтадым.

І. Коммерциялық банк - банк жүйесінің негізгі элементі

1. 1. Коммерциялық банктердің мәні мен ҚР банк жүйесіндегі маңызы

Неселік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде төлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер тобынан тұрады. Бұлар коммерциялық банктер, банктік заңдылықтарды коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдерне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Ресубликамызда банк жүесінің пайда болу процессі 3 кезеңнен өтті:

  1. Бірінші кезеңде (1988-1991жж. ) мемлекеттік салалық банктер қайта құрылып, банк ісінің институциялық негіздері құрылып, алғаш коммерциялық банктер құрылады;
  2. Екінші кезеңде (1992- 1993жж. ) инфляция кезіндегі банк жүесінің экстенсивті өсуімен сипатталады. Реалды пайыз ставкаларының мәндері теріс болып, сом құлдырауы болып жатты. Бұл көптеген қысқа мерзімдік опреациялардан пайда табатын «біркүндік банктердің» пайда болуына негіз жасады. Және де осыған банктерді ашуға арналған лицензияларды алу жеңілділігі мен жарғылық капиталының аздығы өз әсерін тигізді. Нәтижесінде банк секторының өндірістік процессте ролі төмендеді. Екінші кезеңнің негізгі белгілері: Ұлттық банктің біртіндеп орталық банк функцияларына өтуі, коммерциялық банктердің экстенсивті өсуі мен дамуы болды.
  3. Үшінші кезең 1994 жылы басталып, қазір де жалғасуда. Ол банк жүесінің өзгермелі жағдайларға бейімделуі, қаржы сферасындағы тұрақтанудың басталып, бүкіл экономикада көрініс табуы. 1

Бүгінгі кездегі банк жүйесінің даму тенденциялары:

- банк капиталының консолидациясы, екінші дәрежелі банктер капитализациясының өсуі;

  • коммерциялық банктер қызметтерінің сандық көрсеткіштерінің өсуі;
  • қаржылық тұрақсыз банктер санының қысқаруы;
  • шетел капитал үлесінің қысқаруы және мемлекеттік үлестің банк капиталында азаюы;
  • банктердің халықаралық стандарттарға көшуі.

Коммерциялық банктер банк жүйесінің элементтерінің бірі болғандықтан, ол мынандай іс-әрекеттерді атқара алуы керек:

  1. ортақ ойын ережелері негізінде жұмыс істеп, бір бүтіннің ажырамас бір бөлігі бола алауы керек;
  2. ортақ және ерекше заңдар мен қоғамның заңды нормаларына сай қызмет етуі тис;
  3. өзін-өзі бақылауға және дамытуға қабілетті болуы керек;
  4. банк жүйесінің басқа элементтерімен қарым -қатынасты болуы керек.

Мономолизацияланған банк жүйесі Қазақстанға КСРО - дан мұра етіп қалды. Өткендегі кәсіптенген банктер (Туранбанк, Кредсоцбанк, Агропромбанк, Алембанк, Ұлттық банк) республика территориясында кең таралған бөлімшелер ді иемденеді. Ал жаңадан ашылған банктер де өз бөлімшелерін (например, Казкоммерцбанк, Центркредит, Темирбанк және т. б. ) .

Қазақстанда құрылған барлық коммерциялық банктердің филиалдары жоқ. Бұл дегеніміз - банктердің барлық операциялары бір банкте шоғырланған.

Жоғарыда аталған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы бар. Олардың бас кеңсесі Алматы қаласында орналасады да, ал оған облыстық басқармалар бағынады. Соңғыларына аудандар бағынады.

Дамыған банк жүйесін құрудағы негізгі қателіктердің бірі - бұл коммерциялық банктерді басқару жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттардың көптігі болып табылады. Себебі коммерциялық банктер басқару аппараты көзінде макроэкономикалық сипаттағы мәселелерді шешуге арналған құрылымдар болып табылды. Коммерциялық банктер, нақты қабылданған стратегияның болмауынан, өз мақсаттарын толық түсінбейді де, пайданы қысқа мерзімде табуға тырысады. Соның салдарынан өз клиенттері арқасында пайда алынады.

Өткендегі мемлекеттік банк құрылымдарында монополизацияланған ойлау түрі қалып қалғандықтан, коммерциялық банктер кейде нарық экономикасына сай емес іс-әрекеттер жасайды да, өзін өзара байланысқан коммерциялық институттардың ең маңызды элеменнті деп санауына әкеледі.

Коммерциялық банктерге жаңа көзқарас керек. Нарықты экономикаға көшу феномен ретінде, олар өзіне нақты ішкі және сыртқы тұрғыдан баға алулары тиіс. Өзінің ерекшеліктері мен заңдылықтары бар ағза тәрізді өзінің не үшін арналғандығын және әлеуметтік-экономикалық қызметіне сәйкес болуы керек.

1. 2. Коммерциялық банктерді басқару құрылымы

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға болуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.

Банк филиалы - бұл бас банкінің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын мекеме. Ол заңды тұлға болып табылмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк - жарғылық қордың 50%-нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандару дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйелі тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс. 2

Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету. Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.

Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзыретін, жаупкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.

Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді. Казіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам нысанында құрылады. Ондай формадағы банктің ең жоғары басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің реквизициялық комиссия мүшелерін сайлайды және т. б., яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысыс жылына бір рет жиналып, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.

Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және бақылаушы оргондардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды. Басқарма (банк кеңесі) - банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттеріниң мүддесін қорғау туралы да жүмыс жасауы тиіс.

Басқарманың негізгі қызметтері:

  1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатың жасау. Ири банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, басқарма мен басқару жетекшілері бірлемкен түрде дайындалған жағдайларды қамтиды:
  • банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттнр категорияларына бағытталады;
  • алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
  • банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
  • маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді ұсыну;
  • өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
  • нарықта банктің бәсекелестік ұстанымын нығайту шаралары;
  • пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді белгілеу саясаты;
  • банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және т. б. арттыру бағдарламалары. 3

Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмайды. Филиалсыз банктер үшін саясаттың приципін құру, филиалы бар ірі банктерге қарағанда оңай болып келеді.

  1. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк - күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
  2. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер құрылады: әкімшілік, есеп-қарыздық, ревизиялық.
  3. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау керек.
  4. Банк қызметін мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады

Ірі банктер, әдетте, функционалдық белгісі бойынша құрылатын бөлімше мен басқармадан тұрады. Олардың жетекшілері бүл бөлімшелердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Басқарма бастықтары және олардың орынбасарлары бөлім мен қызмет көрсету жұмыстарын координациялайды. Жұмысын бағалап, кеңес береді. Олар басты назарын негізінен соңғы нәтижелерге аударады. Бөлімдер мен клиентке қызмет көрсету жұмыстары банк операцияларының қандай да бір бөлігіне шағын ғана маманданған жұмыспен айналысатын кәсіби мамандардан тұрады.

Сызбада акционерлік-коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы келтірілген.

Директорлар кеңесі іс-тәжірибиелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады:

  1. Жоғары менеджерлер;
  2. Администраторлар;
  3. Қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.

Жоғары менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударады.

Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты -өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге - қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар.

Банктің күнделікті қызметін атқаратын, банкінің жоғары лауазымды тұлғасының қатарына: директор кеңесінің төрағасы, президент, қазынашы, бақылаушы, ревизор жатады.

Директорлар кеңесінің төрағасы - жедел іспен айналыспайды, бірақ директорлар кеңесін шақырады және жүргізеді, әр түрлі форумдарға банк атынан қатысады. Кейбір банктерде бұл орынды президент орнымен бірлестіреді.

Президент -бұл банктің барлық іскерлік өмірінің басқарушысы. Ол жедел шешімдер қабылдаййды, барлық бөлімдердің қызметтерін басқарады, билік және ұйымдармен байланысын реттейді. Ірі банктерге президент вице-президенттер арқылы банк қызметінің күнделікті жұмысына басшылық етеді.

Бақылаушы- бухгалтерлік және статистикалық бөлімнің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандыруылуымен айналысады.

Ревизор банктің жұмысын, оның кейбір бөлімшелерінің қызметтерін тексереді.

1. 3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төріндегі банктік өнімдердің көптеген нысандары жасаланып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылдықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығын қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

  • ақылы негізде депозиттерді тарату;
  • клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
  • қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша қапиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
  • тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассалық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
  • банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  • клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес) ;
  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқысыз (форфейтинг) ;
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;
  • банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
  • лизингтік операцияларды жүзеге асыру. 4

Уәкілетті органның арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация) . 5

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

  • уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар) ;
  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;
  • қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық қызметті;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынадай жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.

Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескерусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда - қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Банктің басқармасы
Банк жүйесінің дамуы
Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары
Қазақстан Республикасының төлем жүйесі
Несие жүйесінің түсінігі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік
Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
ҚР Банктердің қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz