Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы туралы ақпарат



1. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
2. Мұрындық әне Қасым хандар тұсындағы Қазақ хандығы
3. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы, қазақ этнонимі, жүздер, жер аймағы, рулар.
4. Хақназар және Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы
5. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы («Жеті жарғы»)
6. Есім және Жәңгір хандар тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
1.Қазақстан тарихы. Очерктер. 123-148-бб.
2.Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1-бөлім, 5-6 тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
4.Шежіре: қазақтың ру тайпалық құрлымы. А. 1991
5.Шәкәрім. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
2. Мұрындық әне Қасым хандар тұсындағы Қазақ хандығы
3. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы, қазақ этнонимі, жүздер, жер
аймағы, рулар.
4. Хақназар және Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы
5. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (Жеті жарғы)
6. Есім және Жәңгір хандар тұсындағы Қазақ хандығы

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда
болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және
этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы,
көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың
тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан
арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2
жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. 
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы
хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында
Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен,
солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір
орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың
басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың
билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен
соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды
талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен
Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары
мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы -
Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457
ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан
өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз
жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға
кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті.
Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына
және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны
Жәнібек пен Керей басқарды.  
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың
күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол
астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж.
Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас
өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі,
оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып
келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және
экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын
тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына
айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің
солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид
қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы
келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы,
ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың
дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің
жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының
құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан
кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында
Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы
тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты.
Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын
күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар
Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты
билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен
кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың
мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен
Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне
ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың
маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз
құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық
сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны
(Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып
алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы
Бұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-
ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары
үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын
билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс
Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ,
Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы
өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.
Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті
Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге
мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана
отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және
этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол
астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп,
Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен
Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы.
Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп,
үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақ хандығы деп
атала басталды.

Мұрындық және Қасымхан тұсындағы Қазақ
хандығы

1473 жылы билік басына қазақ әскерлерінің көрнекті қолбасшыларының бірі
Керей ханның ұлы Мұрындық келеді. Мұрындық басқарған уақытта Жәнібек
ханның ұлы Қасымның даңқы шықты.

Мұрындық кезінде қазақ хандығы өзіне Сығанақ, Сауран сияқты қалаларды қосып
алады. Мұхаммед Шайбанимен өзара жақсы қарым қатынас орнатылып, Отырарды
қоршау өзара бітіммен аяқталады.

16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз
тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен
хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында
қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік
құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра
қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы
Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас,
Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы,
Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс
болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу
мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. "Қасым
ханның қасқа жолы" деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары
жасалынды. 

1511 ж. Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым
хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын
күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста
Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан
қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары
мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша,
Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау
қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық
өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір
миллионнан асатын.
Әлихан Бөкейханов кезінде былай деп жазыпты:
Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды.
Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен
халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан
халықтар арасында ерекше әйгілі болды.
Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты,
Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы
өзгерді.
Қасым ханның қасқа жолы
Қасқа жол — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-
ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп
болған жағдайлар мыналар:
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар
кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
4. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы
сай келмейді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 ж. қайтыс
болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің Раузат-ат Тарихирин атты еңбегінде Қасым
ханның өлген уақыты 1523—24 жылдар деп көрсетеді.
Қадырғали Жалайыридың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза
болған. Тарихшы А. П. Чулошников Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғ.
басында кұламай аман тұрғанын жазады.

Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы, қазақ этнонимі, жүздер, жер
аймағы, рулар.
Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси
жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді.
Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін
түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі,
ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар
кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік – Шығыс
Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман,
қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа – рулары бар. Кіші жүздің мекені –
Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының
теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек,
қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас,
алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар);
Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, төлеу, рамадан).
Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.
Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан,
өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі,
материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір
айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес
халық болып топтасты да, кейінірек қазақ деген этникалық ортақ атауға ие
болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол
кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ
халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына
енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп
болды. XIV-XV ғғ. көпте- ген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды.

XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық
территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің
аяқталуын тездетті.

Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың территориясы баяғыдан
бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық торабы болды,
мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты.
Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы
мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда- ғы үйсін тайпалар одағы, бұларға
Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады.

XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері
арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған.

Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас
тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде
қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы
Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін
бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді.

“Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында
жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде
кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді.
Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп,
тұрақты бір шешімі жоқ.

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған
әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды
қоғамдық құбылыс.
Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу
айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ.
Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.

Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан
шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін
жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.

Кавказ болжамы

Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының
императоры Константин Қызылтуған (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер
бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым
хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский
Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб
тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди Өсиет және қайта қарау кітабі
шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия
тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана
этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді Худуд әл-алам
жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын
деректейді. Көне Русьтегі жазылған Повѣсти временныхъ лѣтъ жылнамасында
Святослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал
касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний
келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак,
кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе
тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ
этнонимінің жоғарыда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
Қазақ хандығы құрылуы мен нығаюы
Қазақ хандығының пайда болуы
Кіші жүз тайпалары
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Пәндер