Қылмыстық құқықтағы жаза туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекеттің және оның барлық азаматтарының өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлі қайта құру кажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, кұқықтық тәртіпті қорғау салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талқыланып қабылданды.
Таяуда онжылдығы зор жетістіктермен аталып өткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. 1 Бұл біріншіден демократиялық режимді ұстанады, екіншіден азаматтық қоғамды қалыптастырады дегенді білдіреді. Демократиялық режимнің негізгі көрсеткіші азаматтық және саяси құқықтар мен бостандықтардың қорғану кепілдіктері. Конституцияның негізгі принциптеріне сәйкес кез-келген адамның ата заңда және басқа да заңда да көзделген мүдделерін қорғауды жүзеге асыруда қылмыстық заңдылықтың маңызы ерекше. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Казақстан Республикасының 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық кодексінің 3-4 бөлімдері тұтас жаза институтына арналып, жаза институтының барлық проблемаларына арналған ұғымдар қазіргі заман талабына сай жаңаша түзілді. Алайда, қылмыстық кұқық бойынша жазаларды топтастыру негіздері теориялық тұрғыда әлде де өз шешімін толық таппаған. Жаза жүйелерін жіктеу, оның белгілерін анықтауға жеткілікті мән берілмеген. Теорияда және заң қабылдауда орын алған осындай ағаттықтар, жаза институтын тереңірек зерттеуді, оның көптеген тұстарын жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді.
Осыған орай, жұмыста қылмыстық заңның жаза институтын жетілдірудің өзекті проблемалары, қылмыстық жазаларды жіктеу мен жеке даралаудың жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайларына қолданудың теориялық негіздері жүйесін әрі қарай реформалауға бағытталған ұсыныстар келтіріліп, республикадағы қылмыстық заңды жетілдіру проблемалары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Тәуелсіздік алғаннан бері Казақстан Республикасында іргелі саяси, экономикалық, кұқықтық реформалар жүзеге асты. Елімізде жылдан жылға алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс тапты. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында екі мәрте 1993 жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды. Мемлекетіміздің кұқықтық негізі берік қаланды. Осы аз уақыт ішінде кез келген құқықтық мемлекеттің алғашқы тұғыры, берік ірге тасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық атқарушылық кодекс және т. б. қабылданды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституция-сының негізінде елімізде демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату жүзеге асырылуда. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланды. Оған сәйкес біздің мемлекетімізде президенттік басқару нысаны берік орнықты. Мемлекеттік біртұтас биліктің үш тармаққа бөлінуі жүзеге асты. Тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент күннен күнге жемісті жұмыс істеуде. Атқарушы билікті нығайту және жетілдіру жөнінде шаралар қолданылды. Біртұтас сот жүйесі құрылды, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды. 2
Қазақстан Республикасы жаңа егемендi демократиялық әрi құқықтық мемлекет ретiнде орнықтыру үшiн маңызды мiндеттерiнiң бiрi ретiнде құқықтық тәртiптi нығайту мен құқықтық саясатты жетiлдiру мақсатын өз алдына қойған.
Құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылуының маңызы: онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау - ол құқықтық мемлекет құрудың басты басым мақсаты ретiнде қойылған және қажеттi шараларының бiрi ретiнде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде халықаралық актiлерге сәйкес келетiн жаңа заңдар белгiленген.
Қылмыстық әрекеттердiң, олардың алуан түрлерi мен әдiстерiнiң қарқынды дамуы кезеңiнде қылмыстылықпен күресудi қамтамасыз ететiн заңдардың сапасын жақсарту керек. Қазiргi нарықтық қоғамның дамуына сәйкес келетiн мемлекеттегi сапалы заңдардың қабылдауына құқықтық ғылымдардың, әсiресе соның iшiнде қылмыстық құқықтың әсерi өте зор.
Қылмыстылықпен күресуде қылмыстық жаза маңызды орынды иеленедi. Бiрақ та заң шығарушы жазаны барлық жағдайларда да қолдануды көздемейдi, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы ретiнде жаза тек қылмыс жасаған адамға басқа әсер ету амал-жолдарының болмауының негiзiнде, сонымен қатар әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады.
Қылмыстылықпен күресудiң жазалаумен қатар, бiр жолы ретiнде кейбiр қылмыс жасаған адамдарға қатысты қылмыстық жазадан босату шараларын қолдану танылады. Заң шығарушы осындай нормаларды белгiлей отырып, жазаларын өтеп жүрген адамдардың түзелуiн қамтамасыз етедi, мәселен сотталғандар түзелу арқылы жазадан босатылуы немесе өз жағдайларын жеңiлдетуi үшiн ұмтылады. Мұның барлығы қылмыстық заңның iзгiлiгiн бiлдiредi. Қылмыстық жазадан босату институтын қолданудың көп жылдық тәжiрибесi қауiптi құқық бұзушыларды түзеудiң бiрден-бiр құралы екендiгiн дәлелдейдi.
Қылмыстық жаза тек қазiргi ғана емес, бұрыннан да заң әдебиеттерiнде өзектi зерттеу объектiлернiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге осындай көп көңiлдiң бөлiнуiнен бұл институттың қылмыстық құқық теориясындағы алатын орнын көремiз. Мысалыға, Г. Б. Виттенберг, И. И. Крапец, С. Н. Сабанин, С. И. Зельдов, Н. Д. Дурманов, Ю. М. Ткачевский, А. С. Михлин, А. Т. Потемкина, И. М. Гальперин, И. И. Рогов және қазақстандық ғалымдар Е. Қайыржанов, С. М. Рахметов, Д. Бұғыбайқызы және т. б. ғалымдардың еңбектерiнде көрiнiс тапқан.
Бiрақ та осындай көптеген зерттеулерге қарамастан, қылмыстық жазадан босатудың кейбiр мәселелерi толықтай ашылмаған және одан әрi зертеудi қажет етедi. Қылмыстық жазадан босату институтының құқықтық табиғатын анықтауда түпкiлiктi пiкiр жоқ және оны жауаптылықтан босату институты мен арақатынасын анықтағанда бiрқатар қарама-қайшылықтар да кездеседi. Зерттеулердiң көбiсi қазiргi заман талабына сай келмейдi және ескi заң көзқарасымен жазылған. Көптеген зерттеулерде жазадан босатудың жаңа негiздерi қарастырылмаған, сонымен қатар қылмыстық заңға одан әрi зерттеудi қажет етедi. Осы мәселелер менiң дипломдық жұмысымды осы тақырыптан таңдап алуыма әсер еттi.
Жұмыстың мақсаты: осы дипломдық жұмыстың мақсаты болып қылмыстық заңнама мен оны тәжiрибеде қолдануды жетiлдiруге бағытталған қылмыстық жаза институтының теориялық мәселелерiн одан әрi зерттеу, сондай-ақ осыған байланысты белгiлi бiр қорытындыға келiп, оны заңнама мен тәжiрибеде қолдануға байланысты ұсыныстар енгiзу басты мәселе болып табылады.
Осы мақсатттарға жету үшiн алға төмендегi мiндеттер қойылған:
- қылмыстық жаза нормаларының тиiмдiлiгiне әсер ететiн факторларды анықтау;
- қылмыстық жаза жекелеген негiздерi бойынша жазадан босату заңдарын қолданудағы кемшiлiктерiне баға беру;
- жаза нормаларын жетiлдiруге бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру;
- осы нормаларды тәжiрибеде қолдануды зерттеп, онда орын алып жатқан кемшiлiктердi жою шараларын қалыптастыру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген қылмыстық құқық ғалымдарының еңбектерi, диссертациялық жұмыстар, Қазақстан Республикасының заңнамалары мен ҚазКСР заңнамалары салыстырыла отырып қолданылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары және Ақтау қалалық сотынан алынған қылмыстық жазаға тартылған және одан босатылғандардың есептерi пайдаланылды.
Жаза нормаларының қылмыстық заңмен белгiленбегенiмен, бұл жөнiндегi заңдарды тәжiрибеде соттармен қолдануда кемшiлiктер мен олқылықтар жиi орын алғанымен, ондай келеңсiздiктер де кездеседi. Мәселен, көптеген соттар қоғамға онша қауiптi емес қылмыс негiздерi бар iс-әрекеттерiн жасаған адамдарға қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзеу және қайта тәрбиелеуде қылмыстық жаза нормаларын қолданудың қылмыстылықтың алдын алушылық пен адамды тәрбиелеуде маңызының мүмкiншiлiгiн жете бағаламайды. Сол себепті, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босату кезінде қылмыстық заңның ескертушілік міндетін жете назарда ұстау қажет.
Осы нормаларды тәжiрибеде қолдануда жiберiлетiн қателiктерден бұрын, осы қылмыстық заңды қабылдаудағы заң шығарушының назарынан тыс қалған мәселелерге байланысты кемшiлiктердi де атап өтуiмiз керек. Мысалыға, жоғарыда қарастырылып кеткендей тек жүктi әйелдердiң жазасын өтеуiн кейiнге қалдыруды көздейтiн норманың заңда белгiленуi асырауында жас балалары бар жалғыз басты ер азаматтардың жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру мүмкiндiгiн көздейтiн норманың заңда көрiнiс таппауы, олардың жағдайын ескермеушiлiк пен оларға қатысты әдiлетсiздiктің орын алғандығы туралы мәселе туындайды. Сонымен қатар, қылмыстық заңда кәмелетке толмаған адамға қатысты жазадан босатудың бiр негiзi - жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру мен қосымша жазалардан босату мүмкiндiктерiн қолдануды көздейтiн нормалардың орын алмауы, қылмыстық саясат кәмелетке толмағандарға қатысты iзгiлiк бағытында дамуы тиiстiгiн белгiлеген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының талабының орындалмауының бiрден-бiр көрiнiсi болып табылады. Бұл жерден бұрынғы қылмыстық заңмен қарастырылған бiрiншi аталған мүмкiншiлiктің көзделуiне байланысты жаңа заңда осы мәселеге қатысты шектеушiлiк орын алғандығын көруге болады.
Жоғарыда аталған заң шығарушының назарынан тыс қалған мәселелермен қатар, заң шығарушылық қызметiнде iс жүргiзу құжаттарына қатысты кейбiр терминолгиялық қателiктер де орын алған, мәселен мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудан, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырудан бас тарту туралы сот ұйғарымы деген қателiк заңның өзiнде бұл норманы қолдану - қолданбауға байланысты сот шешiмi қаулы түрiнде шығарылады дегенге қарамастан кездеседi.
Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстық салдары. Дегенмен ол қылмыстық алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру әдістеріне, тәрбиелеу шараларын бас бермей бара жатса, оны қылмыстық жазамен тізгіндеуге тура келеді.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мұлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәлігі заңда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауды да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. ґйткені жаза өғзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып абылады.
Қылмыстық жазалау шараларының мәні мемлекеттік айыптауды және мәжбұрлеуді арнайы тәсілмен жүзеге асыру. Осыған байланысты Н. Сергеевский былай деп жазады: “Жазада қылмыстық іс-әрекетті қандай формада болмасын, қандай мазмұнда болмасын айыптау, бетке басу әрқашанда болады”. 3
С. Познышев өш алу теориясын сынады. “Егер жаза нақты қолданылса, - дейді ол, - тежеуші әсерге артық қатыгездік жасамай-ақ қол жеткізуге болмады, ал қолданылмаса - қандай үрей туғызса да әсері болмайды”.
Жаза қылмыс жасаған адамға қолданылатын мемлекеттік арнайы мәжбұрлеу шарасы ретінде құқықтық қудалаудың кейбір түрлерімен ғана шектелмейді, сонымен қатар ол қылмыскерге тәрбиелік ықпал етуді де көздейді.
Жаза туралы ілімнің ең көп талас тудыратын мәселелерінің бірі- жазалаудағы сазай тартқызудың рөлі мен мағынасы туралы мәселе. Бірқатар ғалымдар сазай тартқызуды жазалаудағы өзінше мақсат деп санайды. Заңгерлердің басым көпшілігі бұл пікірмен келіспейді. Көптеген зерттеушілер жазада ондай мақсат жоқ дейді. А. Ременсонның пікірінше сазай тартқызу қылмыстық жазаның мақсаты бола алмайды. Сазай тартқызуды жазаның мақсаты деп тану - жазалауды мақсат тұту деп мойындау деген сөз. Э. Норбутаев сазай тартқызуды жазаның негізгі мазмұны деп санаса, кейбір пікірлер бойынша жазада сорын қайнату мақсаты да бар. Бұл сынға алып отырған пікірді жақтаушылардың біразы сазай тартқызу мақсатын қоғамдық сананы қанағаттандыру, адамдардың әділдік сезімін сақтауға ұмытылу мақсаты деп қарастырады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА МАЗМҰНЫ
1. 1. Жаза түсінігі және мақсаттары
Тақырыпқа кiрiспес бұрын қазақ қоғамындағы құқық жүйесiнiң даму тарихына көз жүгiртсек.
Тәуке ханның реформаторлық қызметiнiң сапынан ерекше орын алатын мәселе - қазақ қоғамының құқықтық жүйесiн қалыптастыруы. Мемлекеттi нығайтып, тәртiп орнату үшiн тиiмдi халық мүддесiне сай келетiн заң жүйесi болуы шарт.
Сол замандағы қазақ қоғамының ұлттық хартиясы - «Жетi Жарғы» болды. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетiн құқықтық құжат емес. Оның мәнi және мазмұны жағынан көшпелi қазақ халқының ерекшелiктерiне сай қабылданған аса құнды құқықтық ескерткiшi болып келедi.
Бекiтiлген ереже бойынша «Жетi Жарғының» қылмыстық нормалары құқық субъектiсiн қылмыстық әрекеттерi үшiн қылмыстық жазадан босатуды да қарастырады. Атап айтсақ, балаларын өлтiрген ата-аналар қылмыстық жазадан босатылады. Тек некеге тұрмаған әйел күйеусiз туған баласын өлтiрсе, оған керiсiнше өлiм жазасы кесiлген4. Екiншiден, әйелi еркегiнiң көзiне шөп салғаны үшiн, егер әйел еркекпен жатқан жерiнде күйеуi ұстап алса, өлтiруге құқық бередi, ол үшiн күйеуi ешқандай жауапқа тартылмайды. үшiншiден, күйеуiн өлтiрген екiқабат әйелге ешқандай жаза қолданылмайды, ол ел арасында жеккөрiнiштi болып қарғысқа ұшырайды. Төртiншiден, әкесiнiң және күйеуiнiң ұрлық iстегенiн бiлiп тұрып, оны хабарламағаны үшiн әйелi және балалары жауапқа тартылмайды. Бұл норма жалпы адамгершiлiк, қандық қасиеттің заңнан да жоғары болуы қажеттiгiн анық көрсетедi5.
Тарихтан осылай бастау алған бұл норма әлi күнге дейiн өз жалғасын табуда.
“Жаза” дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттік қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кейінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсендігін, олардың құқылы сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттік атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бірі түрі бола отырып, өзерекшеліктерімен оқшауланады1.
Республиканың бұрынғы екі қылмыстық кодекстерінде жаза түсінігіне анықтама берілмеген. Ол тек қылмыстық құқық теориясында қарастырылатын. Жаза туралы түбегейлі еңбек жазған кеңес криминалисі И. Карпецтің өзі ең алдымен оның әлеуметтік мәніне тоқталып, бір формациядағы жаза жүйесінің келесі формацияға сәйкес келмей қалатындығын айтқан болатын. Осыған орай кеңес уақытындағы жаза түрлері де Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың сипат өзгерген кезде ескіргендігін байқатты. Сол себепті, жаза қылмыстық кодекс қабылданғанда жазаның мақсаттары да қомақты өзгеріске ұшырады. Ондағы мақсаттардың кейбірі теорияда мүлде қарастырылмаған болса, кейбіріне “социалистік емес” тұрғыдан жаңша көзқарас ғқжет болып жатыр. Бұл аталған міндеттерді орындау үшін ең алдымен жазаның тұсінігін анықтаудан бастаған ләзім. Мысалы, Н. Шаргородский “Жаза дегеніміз қылмыскерді оған тиесілі қандай да игіліктен айыру, оны және оның қызметін мемлекеттің теріске шығаруы” деп санайды.
С. Дементьевтің пікірі басғаша, ол “Жаза дегеніміз айыпкер басынан кешіруге тиісті, алдын ала ойластырылған, заЄңа белгіленген тән азаптары мен тапшылықтары” дегенді айтады.
Ғалым-криминалистердің басым көпшілігі жазаны қылмыстардың жалпы және арнайы алдын алу мақсатында қылмыс жасаған адамдарға мемлекет атынан сот қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы деген пікірді ұстанады.
Біз С. Дементьевтің пікірімен келісе алмаймыз, себебі жазаның мәнін айыпкерге келетін тән азаптары мен тапшылықтарды алдын ала көздеу деп санау Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің бабында көрініс тапқан гуманизм принципіне қайшы келеді. Керісінше, И. Карпецтің қылмыстылықпен күрес құралдарының бірі болып табылатын жазаның мазмұнында сендіру мен мәжбүрлеу бірдей көрініс тапқан деуі қолдарлық.
Н. Стручков жазаның мазмұнына мынандай анықтама береді. “Жаза дегеніміз қылмыс жасады деп танылған адамға сол іс-әрекетті жасағаны үшін сот үкімімен мемлекет атынан қолданылатын ескерту шарасы, ол жазаның әрбір түрі үшін заңда белгіленген құқық шектеу жүйесін құрайды”.
Қазақстан Республикасында жазалау өш алу емес. Онда қандай да бір тәрбиелік мән бар. Жаза, біріншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағандар үшін сазайын тарту, екіншіден, жазаны өтеп жатқан адамның санасын көтеруді, оның қоғамда болып жатқан құбылыстарға белсенді қатысуын мақсат тұтады, үшіншіден, белгілі бір жаза тағайындаумен байланысты қоғамға қауіпті іс-әрекетті заң арқылы айыптау - оны жасайтын адамдарға құқық тәртібін сақтау керектігі жөнінде ықпал етуге тиіс1.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің жобасында жаза дегеніміз жасалған қылмыс үшін сазай тартқызу деп көрсетілген. Біздің пікірімізше, мазмұны жағынан жақын келетін бұл сөз онша сәтті алынбаған. Себебі, “шара” деген сөз құқықтық әдебиетте дау туғызуда.
Ол ресми-құжаттық стильге қойылатын талаптардың бірі-тіл дәлдігін сақтауға көмектеспейді. Соған байланысты Қазақстанның заң шығарушылары заңда “шара” сөзін қолданудан бас тартып дұрыс жасаған.
Жалпы алдын алу әрекеті негізгі үш параметр бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден - ол қорқыныш тудырады, қылмысқа бейім адамдар жазадан қорыққандықтан ондай әрекетке барудан бас тартады. Екіншіден - жаза тыйым салынған әрекеттерді болдырмайды, адам заңмен қорғалатын нормаларды, қоғамдық тәртіпті бұзбауға дағдыланады. үшіншіден - қылмыстық жауапқа тартылу мүмкіндігін “қалыпты заңға бағыну әдетін сақтауға” итерілмейді.
Алдын алу - тәрбиелеу процестері арқылы азаматтарға ықпал жасау осы заңнан басталады. Қылмыстық алдын алу жайында Н. Дурманов былай деп жазады: “кеңестік қылмыстық-құқықтық нормалар қылмыс жасалынған кезден бастап немесе санкция қолданылған кезден бастап емес, ол нормалар көрсетілген заң күшіне енген кезден бастап нақты әсер етеді.
Құқық зерттеушілер, тарихшылар, философтар, теологтар жазалаудағы мақсатға ой жібергенде жалпы және арнайы превенциядан басқа мақсаттарды қалыптастыра алмады. Жалпы превенция, мысалы, көне өсиеттің екінші заңында көзделген: “Көбірек естиді де, өз арасында мұндай қылмыс жасауға қорқады”.
Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстың заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындауды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы. 6
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz