Қылмысты саралау және оның ұғымы


қылмысты саралау және оның ұғымы

Мазмұны

І-тарау. қылмысты саралаудың жалпы түсінігі, түрлері жӘне теориялық негіздері . . .

1. 1. Қылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері . . .

1. 2. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы . . .

1. 3. Қылмысты саралаудың сатылары . . .

ІІ-тарау. қылмыстық құқықтағы саралаудың құқықтық негіздері . . .

2. 1. Қылмыстық заң-қылмысты саралаудың құқықтық негізі . . .

2. 2. Қылмыстың құрамы және оны саралаудың маңызы . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған нормативтік құқықтық актілер жӘне әдебиеттер . . .

КІРІСПЕ

Елімізде ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тарихта және саясатта жан-жақты елеулі өзгерістер болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттің егемендігі туралы декларация 1990 жылы қазан айының 25-жұлдызында қабылданды. Бұл арада Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай отырып, жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын және ұлттардың өзін-өзі еркін билеу құқығын тани отырып, ізгілікті демократиялық құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды. Сонымен тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіппен тәуелділіктен кейін Қазақ мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсан айының 16-жұлдызында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» маңызды заң қабылданғаны белгілі.

1995 жылы тамыз айының 30-жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес «Қазқстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі мен құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды» [1, 1б] . Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикада болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап - талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республикада өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі заң саласы. Осы үлкен өзекті саланың өзекті бір арнасы - қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді.

Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын», -деп атап өтті[3, 34б] . Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің нығаюына, қылмыстылықпен және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Осыған орай, елімізде қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртібін бұзушылық қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр.

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыруды мақсат тұтады. Құқықтық мемлекет қашанда қоғамдағы елеулі деп танылатын қоғамдық қатынастарды заң жүзінде реттеумен айналысып ғана қоймай, ол сонымен бірге құқықтық қатынас субъектілерінің міндеттері мен құқықтарын белгілеп, заң нормаларын дұрыс, әрі тиімді қолдану жолдарын арттыру қажет және олардың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етуі керек. Құқықтық мемлекеттің мұндай қағидалары әсіресе қылмыс жасады деген себеппен жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты ерекше мағынаға ие болады. Өйткені, Қазақстан Республикасы да әлемдік өркениеттердің қатарына қосылу және адамгершілік қағидаға басымдық беру үшін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және оны қамтамасыз етуді мақсат етеді. Мұндай қағиданың сақталмауы ауыр салдарға соқтыратын және адамның тағдырына әсер ете алатын болмыс, қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданбау болып табылады.

І-тарау. қылмысты саралаудың жалпы түсінігі, түрлері жӘне теориялық негіздері

1. 1 Қылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері.

Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді т. б. анықтаумен айналысады.

Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот-тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғалғанда және оны іске асырғанда қылмысты саралау туралы мәселе орын алады.

ҚР-сы ҚК-нің 2 бабының мағынасы екі қызметті іске асыруға бағытталған. Біріншісі, қауіптілігі жоғары деп танылған іс-әрекеттерді заңда қылмысты деп жариялау арқылы азаматтардың мұндай әрекеттерді алдағы уақытта жасауына немесе заң нормаларында міндеттер белгіленгенде әрекетсіздік танытуына шектеу қою, тыйым салу болып табылады. Екіншісі, қылмыстық заңның тыйым салынуына қарамай, қылмысты іс-әрекеттерді жасаған жағдайда оларға жауаптылықты белгілеу үшін заң нормаларын қолдану болып табылады. Қымыстық заң осы екі міндетті іске асыру үшін өмір сүреді. Қылмысты саралау мәселесі осы екінші міндетті дұрыс, әрі қылмыстық құқықта белгіленген ережелерге сәйкес іске асыруға арналған. Сондықтан қылмысты саралау қылмыстық құқық ғылымының маңызды және жиі қолданылатын ұйымының бірі болып табылады. Саралау ұғымы латын тілінің «qualis» деген сөзінен шыққан және «сапа» деген мағынаны білдіреді. Шын мәніне келгенде, саралау, яғни сапаны бағалау адамның тәрбиелік қызметінде қалыптасқан. Ендеше, біздің айналамызда бір - бірімен байланыста және үнемі қозғалыста болатын әр түрлі заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Әрбір зат немесе белгілі бір қимыл іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) құбылыс өзіне ғана тән ерекшелігімен сипатталады. Мысалы, қылмыс құрамының элементтері бір - бірінен өзгеше. Мұндай ерекшеліктер сапаны бағалау ерекшеліктері деп аталады. Заттың, құбылыстың сапасын адам өзінің тәрбиелік қызметінде ғана анықтай алады. Ал сапасын бағалау - кез келген заттың мөлшерін, өлшемін, түрін, тобын анықтау болып табылады. Ол басқа заттармен, құбылыстармен тікелей немесе аралық байланыста және қатынаста болады. Сонымен қатар заттар немесе құбылыстар бір - бірімен белгілі бір қатынаста бола отырып, бірінен - бірі мөлшер жағынан ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза тағайындауда, жазаның мөлшерін белгілегенде ерекшеленеді. Сондықтан, заттар мен құбылыстардың, белгілі іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) сапасын, мөлшерін, өлшемін айқындау өте маңызы.

Қылмыстық заңда саралау ұғымы сот, прокуратура, тергеу т. б. қызмет органының тәжрибелік қызметінде айқын көрінетін олардың іс-әрекетімен тығыз байланыста болатын түсінік.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығының қолдану шегінің әрекеттілігі үш түрлі мағынада көрініс табады.

  1. Қылмыстық заңда қолданылады;
  2. Қылмыстық құқықтық нормада талқыланады;
  3. Қылмысты саралау аясында қолданылады;

Бұл үш түсініктің бағыты да, мағынасы да, мазмұны да біртектес тығыз байланысты, бірақ қолдану шегіне орай мақсаттары әртүрлі. Шынында да, соңғы екі түсінік бірінші түрдегі түсінікті, яғни қылмыстық заңның дұрыс қолдану тәсілін айқындап, бейнелейді. Ал біздің нақты зерттейтін тақырыбымыз, қылмыс құқығының қолдану шегінің әрекеттілігінің үшінші түрі қылмысты саралау.

Қылмыстық құқықтағы кез келген сұраққа жауап теория және тәжрибе жүзінде саралаудың қатысуымен шешіледі. Демек, қылмысты саралау мәселесі - теория бойынша да, тәжрибе тұрғысынан алғанда да, күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыс жасаған адамның тағдыры жасалған іс-әрекеттің қалай сараланғандығына байланысты. Қылмысты саралауды қылмыстық құқық ғылымының институты ретінде танытқан ең тұңғыш докторлық диссертацияны профессор В. Н. Кудрявцев ұсынды. Оның пікірінше қылмысты саралау дегеніміз - қылмыс белгісі бар іс-әрекетті Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарына дәлме - дәл жатқызу арқылы белгілі бір қылмысқа құқықтық баға беру деп санады. 1 Қылмысты саралаудың түсінігі туралы оқулық әдебиеттерде бір - біріне ұқсас, бірақ өз - ара айырмашылығы бар бірнеше анықтамалар кездеседі. Мысалы, Б. А. Куринов «Қылмысты саралау - бұл жасалған қылмыстың белгілері мен қылмыстық заң нормаларының арасындағы ұқсастықты табу болып табылады», - дейді. 2 Ал А. Н. Ағыбаевтің пікірінше: «Қылмысты саралау дегеніміз - қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелінген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы іс-әрекетке Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдегі тиісті баптарға дәлме - дәл жатқызып, құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды». 3

Негізінен құқық бұзушылық заң бойынша екіге бөлінеді:

  1. Қылмыс;
  2. Теріс қылық;

Қылмыс құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі бар:

  • Әкімшілік жауаптылық (мысалы, автокөлік жүргізу тәртібін бұзғаны үшін) .
  • Тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін орындамағаны үшін) .
  • Азаматтық құқықтық (мүліктік) жауаптылық.

Заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қылмыс құрамының төрт элементі түгел болғанда ғана тартылады. Олар: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Егер аталған төрт элементтің біреуі болмаған жағдайда тұлға жауаптылыққа тартылмайды. Төрт элементтің түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелей кінәсі болмаса да, келтірген зияны үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса, жүргізушінің біртұтас келтірген зиянын көлік иесі төлейді. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары белгіленген болса, кінәсіздік болжамы қолданылады. Тұлғаның кінәсі дәлелденбей ол қылмыстық құқық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды (24, 102, 103) . Әрине, қылмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған орай, қылмысты азаматтық құқық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. Істелген қылмыстың зардабы болып, мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. Басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ал қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді.

Саралау кезінде болған оқиғаға құқықтық баға беріледі, ал қылмысты саралау кезінде заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға, заңды мүдделерге, құқықтарға және қоғамның құндылықтарына қауіп төндірген, саналы түрде жасалған іс-әрекетке құқықтық бағалау жасалады. Қылмыстық құқықтық бағалау кезінде болған қылмыстық оқиғаны басқа құқық бұзушылықтардан ажыратып, онда қылмыстың құрамы бар немесе жоқтығын анықтап, бар болған жағдайда оны ҚКтің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабына сәйкестігін табу керек.

Қылмысты саралау кезінде екі маңызды категорияның ара қатынасы, яғни ұғыстық дәрежесі өлшенеді. Біріншісі, Қоғамның мүддесіне қайшы жасалған әрекет назарға ілігіп, оған қарсы шара қолдану қажеттілігі туындайды. Мұндай әрекеттер қоғамаға қарсы сипатымен, әдетте сол ортадағы әлеуметтің назарлығын тудырып, жалпы адамгершілік тұрғысынан бағалауға алынады. Адамгершілік бағалау мұндай әрекеттерге тыйым салу бағытын ұстанғанда ғана, оны қылмыстық заңда қылмыс ретінде бағалау қажеттелігі пайда болады. Демек, әлеуметтік-қоғамдық ортада адамгершілікке жатпайтындығына байланысты құқық тұрғысынан қылмыс деп бағаланған құбылыстар өмір сүреді.

Екінші категория, ол заң шығарушының ой жұмысының жемісі емес, әлеуметтік-қоғамдық ортада, сол қоғамда кездесе алатын зиянды іс-әрекеттерді анықтаудың нәтижесінде дүниеге келген қылмыстық заң. Заң шығарушының зиянды іс-әрекеттерді қылмыс деп белгілеуінде де адамгершілік бағалау жатыр. Ол бағалау әлеуметтік ортаның бағалауына, яғни сол қоғамдағы адамзаттың ортақ бағалауына негізделген болуы немесе сәйкес болуы қажет. Міне осындай себептен қылмыстық құқық өмір сүріп, өзінің өмір сүру себептеріне байланысты басты міндетін, яғни қылмыстық құрамдарды анықтаумен және оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеумен айналысады.

Қылмысты саралау кезінде жасалған қауіпті іс-әрекеттердің белгілерімен қылмыстық құқық нормалары мен қарастырылған қылмыс құрамдарының арасындағы сәйкестік анықталады. Жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен заңда белгіленген қылмыс құрамының элементтері мен белгілері дәл келгенде, яғни қылмыс құрамының объектісін, объективтік жағын, субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілері дәл келгенде сәйкес деп танылады.

Сонымен, қылмысты саралау дегеніміз - жасалған қылмысты іс-әрекеттің белгілері мен қылмысты құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір-біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.

Қылмысты саралай отырып, оған құқықтық бағаны көрсеткенде әлеуметтік-саяси және адамгершілік бағалар берілуі үшін қылмыстық заң дұрыс, сапалы, толық жасалып және іс-әрекетті саралау жұмысы да заңдылықты сақтай отырып іске асырылуы керек. Сондықтан саралау мәселелерін шешу құқықтық ғана емес, ол әлеуметтік-саяси мағынаға да ие.

Қылмысты саралау ұғымы, осы салада ғана пайда болатын құқықтық қатынастың пайда болғанын көрсетеді. Дәлірек айтқанда қылмыстық құқықтық қатынас қылмыс жасалған кезден басталады. Ал саралау кезінде бұл құқықтық қатынас ресми түрде көрінеді. Қылмыстық-құқықтық қатынас кінәлі деп танылған адамға осы қылмыс үшін жауаптылықты өтеуді, ал мемлекет ол адамға қылмыстық-құқықтық шараларды қолдануды көздейді. Бұл құқықық қатынас іске асырылғанда кінәлі адамға қылмыстық заңның тиісті нормасы қолданылып, сол норма көлемінде жауаптылығы белгіленеді.

Қылмысты саралау кезінде жасалған қылмысты іс-әрекеттің белгілерімен Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдары элементтерінің сәйкестігі ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге қылмысты саралауда ҚК-тің Жалпы бөлімінің де баптары қолданылатын кездер болады. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің де барлық баптары жекелеген қылмыс түрлерін білдіре бермейді. Мысалы, ҚК-тің 366 бабы әскери қылмыстардың жалпы түсінігіне арналған. Бұл бапта жеке қылмыс түрі келтірілмеген, сондықтан 366 бапқа сілтеме жасалынбайды. Ал Ерекше бөлімде қарастырылған қылмыстарды жасау кезінде Жалпы бөлімде қарастырылған жағдайлар орын алса, онда Жалпы бөлімнің нормаларына және оның бөлімдеріне сілтеме жасау арқылы сараланады. Бірақ Жалпы бөлімнің барлық нормаларына сілтеме жасалынбайды, оның ішінде тек аяқталмаған қылмыстар, қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін қарастыратын нормаларға ғана сілтеме жасауға болады. Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде тек қылмысты орындаушының әрекеттері және аяқталған қылмыстардың белгілері бейнеленген.

Жалпы бөлімнің басқа нормалары қылмысты саралауда мүлдем қолданылмайды деп айтуға болмайды, оларға тікелей сілтеме жасалынбаса да іс-әрекетте қылмыстың құрамы бар немесе жоқ екендігін анықтау кезінде атқараты рөлі бар. Мысалы, кінә нысанының, қылмысқа қатысу ұғымының, қылмыс жиынтығының, қылмыстың бірнеше рет жасалуының т. б. ұғымдары Жалпы бөлімде қарастырылған және қылмысты саралау барысында ескерілетін ережелер болып табылады. Сонымен бірге қылмысты саралау кезінде қылмыстық заңға жатпайтын өзге де ведомствалық заңдар, жарғылар, ережелер, инструкциялар ескеріледі. Бұл өзге ведомствалық актілерді саралау кезінде қолдану себебі, ол ҚК-тің Ерекше бөлімінің кейбір баптарының бланкетті диспозиция түрінде болуына байланысты. Заң нормаларының диспозициясы бланкетті болғанда, белгілі бір қылмыс құрамы бар немесе жоқ екенін анықтау үшін, сол тиісті заңдарды қарау керек. Ол заңдарда, жарғыларда формальды түрде құқық бұзушылық болып саналатын іс-әрекеттер, қылмыстық құқықта көбінесе материалдық құрамдар ретінде белгіленген. Мысалы, 152-бап «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу», 256-бап «Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу», 267-бап «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу». Сол сияқты өзге ведомствалық ережелерді, инструкцияларды, заңдарды бұзу бірден қылмыс ретінде бағаланады. Мысалы, ҚК-тің 146, 147-баптар сайлау жүргізу саласындағы қылмыстар, т. б. сот-тергеу қызметінде мұндай қылмыстар бойынша саралау жүргізілгенде ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабы қолданылады, бірақ іс қозғау туралы қаулыда немесе сезікті, айыпкер ретінде тарту туралы қаулыларда міндетті түрде өзге салалық нормативті актілердің, яғни жарғы, ереже, инструкциялардың тиісті бөлімі келтіріліп, қылмыскердің кінәсі негізделеді.

Қылмысты саралаудың екі түрі бар:

1. Легальдық (ресмиленген) саралау

2. Доктриналдық (ғылыми) саралау

Легальдық саралау - қылмыстық істің барлық сатысында жүргізіледі (қылмыстық істі қозғаудан бастап, бақылау тәртібіне дейін) . Оны латын тілінен «Leqalis» аударғанда - заңды деген мағынаны білдіреді. Қылмыстық заңның іс жүзінде қолданылуын білдіреді және көрінісі бойынша міндетті түрде ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарына сілтеме жасау түрінде іске асырылады. Легальдық саралау қылмыстық істі жүргізу қызметін атқаратын органдардың, яғни сот, тергеу, прокуратура қызметкерлерінің шығарған сот-тергеу құжаттарында көрініс табады. Сонымен бірге саралаудың бұл түрін тергеуде және сотта қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады.

Ал, Доктриналдық саралау - қылмыстық істер немесе қылмыстық құқық ғылымына жататын кейбір мәселелер бойынша саралау жүргізу туралы ғалымдардың оқулықтарында немесе басқа да басылымдар да ұсынған пікірлері жатады. Ғылыми еңбектер, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар т. б. еңбектер жүзеге асырылады. Ғылыми білім ғылыми ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталады. Ғылыми саралау ұғымына қылмыстық істер бойынша жұмыс істемейтін немесе оның ғылымына қатысы жоқ жекелеген азаматтардың жасаған саралауы жатпайды. Себебі, жекелеген азаматтардың өз бетінше жасаған қылмыстық іс-әрекетке бағалауы қылмыстық құқық ғылымының дәрежесінде бола алмайды. Доктринал латын тілінен «Doctrina» аударғанда - оқыту деген мағынаны білдіреді.

Қылмысты саралаудың түріне байланысты ешқандай дау туған жоқ. Барлық ғалымдардың көз қарасы бір бағытта бейнеленді. Мысалы, Ф. Г. Бурчак, Г. А. Левицкий, Г. Т. Черненко т. б. ғалымдардың көз қарасы бір арнада біріктірілген. Бұл арада Г. А. Левицкийдің: «Ресмиленген саралау мен доктриналық саралау түптің түбінде айқындалған логикалық іс-әрекет болып табылады, сонымен қатар қылмысты дұрыс саралауда қылмыстың әлеуметтік - саясатын дұрыс қолдану арқылы құқықтық баға беруде саралаудың жоғарғы аталған екі түрінің атқаратын рөлі ерекше», -деген пікіріне жүгінеміз. 4

Бұл екі саралау түрінің бір-бірінен айырмашылығы ол біріншіден, қолданылу орнына және міндеттілігіне байланысты, яғни ресми саралаудың қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады және тек құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жүргізіледі. Екіншіден, ресми саралау ғылыми саралауға негізделген болуы керек. Яғни ғылыми тұрғыда қылмысты саралауды қылмыстық құқықтың қағидалары, ережелері ескеріле отырып талданған, жан-жақты зерттелінген, саралау тәртібі ұсынылады. Сондықтан ғылыми саралауда қателіктер аз кездеседі. Практика қызметкерлерінің қылмысты әрекеттерге саралау жүргізуінің моделі, қылмыстық құқық ғылымының дұрыс шешімдерін қолдану болып табылады.

1. 2. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы.

Қылмысты дұрыс саралауда немесе қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданылғанда заңдылық қағидасы сақталады. Демократиялық және құқықтық бағыттағы дамушы мемлекеттер үшін заңды дұрыс, әрі дәл қолдану Конституциялық қағида болып табылады. Заңдылық қағидасы қылмыстық құқық саласында заңды дұрыс түсініп, дұрыс қолдана білуді міндет етеді. Мұнан басқа, бұл қағида заңда көрсетілмеген іс-әрекеттер қылмыс ретінде бағаланбайтынын, яғни барлық қылмыс деп танылған іс-әрекеттер тек қылмыстық заң арқылы анықталатынын білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қылмыстық зардаптар
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыс түсінігі белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz