Қытай империясының көне астанасы Чаньаннан шыққан алғашқы көпестердің жолдары



КІРІСПЕ.
Қытай империясының көне астанасы Чаньаннан шыққан алғашқы көпестердің жолдары.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
а) Буддалық тауап Сюань.Цзянның Жібек жолы туралы қалдырған ескерткіштері.
б) Жібек жолының алғашқы атауларының бірі . «Дала жолы» б.з.б. І мыңжылдықтарда дамыды.
в) “Дала жолының” Қазақстандағы сілемі . Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі маңы.
г) Қазақстан жерінде жібектің пайда бола бастауы (б.з.б. 750.700ж.ж).
д) Қазақстанның батысы мен Қиыр Шығысын жалғастырып жатқан “Бұлғын жолының” жетістіктері.
е) Б.з.б ІІ.І ғасырлардағы “Жібек жолы” атты жолдың дами бастауы.
ж) Б.з.б. ІІ.І ғасырлардағы Қаңлы мен Усун тайпаларының Жібек жолын пайдалану кезеңдері
з) Түрік қағаннатының қол астындағы Жібек жолы.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Жібек Жолы деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен - әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап беру үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян “Будданың қасиетті сүйектерін көріп, діни ілімін тыңғылықты зерттеу үшін” Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халықаралық жолмен жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, “Ұлы Айдаһар шағылдары” деген атпен мәлім тұзды шөлден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері “Мөлдіреген Көгілдір көлге” жеткен. Оны “Қайнаған көл” деп те атаған, сондықтан оның Ысттықкөл екенін білу қиын емес. Көлді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласы келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: “Бұл жатжерліктердің жылқылары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп өрген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсақ бас киім киген өзге жауынгерлерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес”.
О. Қараев. Қарахан қағанатының тарихы. Фрунзе, 1983.
А. Қасымжанов. Отырардың Ұлы ойшылы. Алматы, 1975
Ә.құрышжанов. Ғ. Айдаров. Көне түркі жазба ескерткіштері. Алматы, - МЕКТЕП баспасы. 1971.11-16

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.
Қытай империясының көне астанасы Чаньаннан шыққан алғашқы көпестердің
жолдары.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
а) Буддалық тауап Сюань-Цзянның Жібек жолы туралы қалдырған
ескерткіштері.
б) Жібек жолының алғашқы атауларының бірі – Дала жолы б.з.б. І
мыңжылдықтарда дамыды.
в) “Дала жолының” Қазақстандағы сілемі – Жоғарғы Ертіс пен Зайсан
көлі маңы.
г) Қазақстан жерінде жібектің пайда бола бастауы (б.з.б. 750-700ж.ж).
д) Қазақстанның батысы мен Қиыр Шығысын жалғастырып жатқан “Бұлғын
жолының” жетістіктері.
е) Б.з.б ІІ-І ғасырлардағы “Жібек жолы” атты жолдың дами бастауы.
ж) Б.з.б. ІІ-І ғасырлардағы Қаңлы мен Усун тайпаларының Жібек жолын
пайдалану кезеңдері
з) Түрік қағаннатының қол астындағы Жібек жолы.
ҚОРЫТЫНДЫ.

Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы.
Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы сілемі.
Жібек Жолы деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай
жерден өткен - әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап
беру үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян “Будданың қасиетті
сүйектерін көріп, діни ілімін тыңғылықты зерттеу үшін” Қытайдан Үндістанға
аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын,
діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халықаралық жолмен
жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан
арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, “Ұлы Айдаһар шағылдары” деген атпен
мәлім тұзды шөлден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік
беткейлерін бойлай өтіп, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды
таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері “Мөлдіреген Көгілдір көлге”
жеткен. Оны “Қайнаған көл” деп те атаған, сондықтан оның Ысттықкөл екенін
білу қиын емес. Көлді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласы келіп, онда
Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның
әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның
маңындағыларды былайша суреттейді: “Бұл жатжерліктердің жылқылары тамаша
екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір
чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып
жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп өрген екі
жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсақ бас
киім киген өзге жауынгерлерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған.
Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу
мүмкін емес”.
Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік
ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді
және өзінің сыйлыққа қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім
жиынтығы мен елу тай жібек алғанын да хабарлайды. Бұл көріністе Шығыс пен
Батыс саудасының негізгі өнімі, ертедегі және орта ғасырлардағы
құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын
бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан іске қосылғаны туралы сұраққа осы
кезге дейін түрлі жауап қайтарылады. Егер Жібек жолының жекелеген
учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас
байланыстарының басы уақыты жағынан б.з.б 3-2 мыңжылдықтарға барып
тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария
өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен
қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға,
Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. І -мыңжылдықтың орта
шенінде Бадахшанның көктасы Қытайға апарылады.
Б.з.б І- мыңжылдықтың орта шенінде “Дала жолы” жандана бастады,
егер тарихтың атасы Геродоттың суреттеуіне ден қойсақ, оның мынадай бағыты
айқын болды: ол Қара теңіз өңірінен Дон жағалауына, содан соң Оңтүстік Орал
өңіріндегі саврамоттар жеріне, Ертіске қарай, одан әрі Алтайға, Жоғарғы
Ертіс пен Зайсан көлі маңын мекендеген агриппейлер еліне шыққан. Бұл
жолмен аң және мал терілері, иран кілемдері, қымбат бағалы металдардан
жасалған бұйымдар таралған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда
жасау б.з.б І-мыңжылдық кезінде жатады деп саналып келген еді. Алайда
Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген
қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тоға
тапты. Матаның мезгілі – б.з.б 750-700 жж. Оған жасалған талдау сол кезге
қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан
шыққанын дәлелдейді. Б.з.б. 6-5 ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге,
соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған.Алтайдағы Пазырық “патшалық”
обаларының б.з.б V-ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде финекс
кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Европа аудандарында
б.з.б VI-V-ғасырлардағы қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген
жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің
көшпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып товар Орталық Азия мен
Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен.
Алайда, б.з.б VI-IV-ғасырлардағы жібек жолы туралы айтуға бола
қоймас, қымбат товарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель
маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың
шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын
кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ
болады.
Жібек Үндістанға сол кезде барған, мұны “сина патто”- “Қытай
жібегі” деген сөз дәлелдейді.
Б.з.б. I-ғасырдың ортасында ғана “Жібек жолы” тұрақты
дипломатиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138-
жылы, император У-ди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген
елші керуені Хань астанасынан щыққан кезде басталған еді. Чжан-Цзян 13-
жылдан соң қайтып оралады. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп,
Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп
өтті. Осының ізінше Батысқа –жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайға
Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан товарлар
әкеліне бастады.
Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядағы Қашқария
аңғарларында орналасқан ел – Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті.
Соғдылардың Шығыс Түркістандағы “Тохорлық” қалаларда және Қытайдың Ланчжоу,
Дунхуан, Чаньан сиақты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы,
Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы
жапондардың ертедегі астанасы Нараға жетіп тоқтаған. Осындағы бір
ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы.
Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары
байланыстырып жатты. “Бұлғын жолы” дейтін жол белгілі, ол арқылы
Византияның, Иранның, түрік қағанаттары мен соғды княздіктерінің Бохай
мемлекеттерімен және Жаппониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI-ғасырда
“Бұлғын жолының” теңіздегі бөлігі “Жопонияға баратын жол” деп аталған. II-
V-ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньааннан басталып,
Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Тянь-Шанның
солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен “Яшма
қақпалары бекетіне” беттеген. Осы арада бір айрылып, Такла-Макан шөлінің
солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан,
Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол
Чаочаннан Қашқарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік
жағасына; оңтүстік жол Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактирияға, Үндістан
мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл – “оңтүстік жол” деп аталатын жол;
“солтүстік жол” - Қашқардан Ферғанаға және одан әрі Самерқанд, Бұхара, Мерв
арқылы Хамаданға, Сирияға барған.
VI-VII-ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін бұрынғы жол төте және қолайлы
болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін
жол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен
түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандығының ордалары болды,
Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден,
Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII- ғасырда қауіпті
болды. Үшіншіден, түріктердің бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер
теңіздің арғы жағының товарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.
Сөйтіп бұл басты жолға айналды да, елші және сауда керуенінің
негізгі көпшілігі VII-XIV- ғасырларда осы жолмен жүрді. Жібек жолының бұл
бағыты бір орында тұрақтап қалған жоқ, ғасырлар ішінде белгілі бір
учаскелері мен тармақтары алма- кезек мейілінше үлкен маңыз алып,
керісінше, басқаларымен басқаларымен жүріс тоқтап қалды, ал олардың
бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырауға ұшырады. Мәселен, VI-VIII-
ғасырларда негізгі бағыт Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан –
Талас аңғары – Шу аңғары – Ыстықкөл ойпаты – Шығыс Түркістан болды. Бұл
жолдың бір тармағы, дәлірек айтқанда, тағы бір бұтағы жоғарыда айтылған
жолға Византиядан Дербент арқылы Каспий өңірі даласы – Маңғыстау – Арал
өңірі – Оңтүстік Қазақстанға шықты. Иранға қарсы Батыс түрік қағанаты мен
Византия сауда-дипломатиялық одақ жасасқан кезде ол жол сасанилік Иранды
айналып өтті. 568 жылы Константинопольге император ІІ Юстинианның (565-
576) сарайына түрік қағаны Дизабулдан соғдылық Маниахбастаған елшілік
келді, Маниах, қытай шежірешілерінің айтуынша, “...түріктерді үйретіп
бағыттап отырғандардың” бірі болған. Алайда бұл жолы түріктер де, соғдылар
да жібекпен көп мөлшерде сауда жасауға байланысты ортақ мақсат көздеді. Ол
бұлардың екеуіне де орасан көп кіріс келтіретін еді.
Жібектің бір бөлігі Қытайдан келіп түсетін, басқа бөлігі Шығыс
Түркістан қалалары мен Соғдының өзіне дайындалатын, бұл орайда оны
өндірудің өскені сонша, оны өткізу өткір проблемаға айналды. Оны жібекті ең
ірі тұтынушы – Византияға сатуға парсылардың кедергі жасауы тереңдете
түсті. Оған өте нақты себептер болды, өйткені жібек Византияға сарай мен
ақсүйектердің қажеттері үшін ғана емес, сонымен қатар тағылардың әскерлерін
жалдаған кезде валюта ретінде де қажет еді, олар бірінші кезекте Иранмен
соғыста пайдаланылатын-ды. Егер парсы үкіметі жібекпен емін-еркін өткізіп
сауда жасауға рұқсат етсе және жібек Византияға дейін жетсе, “онда бірнеше
жылдан кейін Евфратта сансыз көп жалдамалы армия тұрар еді де, оған
тойтарыс беруге Иранның бүкіл күші жетпес еді”.
Сондықтан түріктер мен соғдылар парсылармен уағдаласа алмады да,
түріктер Византияға Маниах елшілігін жібереді. Ол Иранды және оның
бақылауындағы жерді айналып өтіп, Жетісудан Сырдария бойымен Арал өңіріне,
Маңғыстау арқылы Каспий өңіріне, Солтүстік Кавказға, Кавказ жотасы арқылы
Константинопольге жетті. Елшілікті жақсы қабылдаған ІІ Юстиниан Талас
жағалауындағы қаған ордасына өз елшілігін аттандырды. Сөйтіп, “түріктердің
гректерге” баратын жаңа жолы жұмыс істей бастады. Оның бағытын
археологиялық олжалар жақсы көрсетеді, олар әсіресе Кавказ жотасының
етектерінде көп, онда Мощевая балка қорымы ашылды. Одан жібек бұйымдар,
жібек матаға салынған суреттің қиындылары, қытай көпесінің кіріс-шығыс
жазбалары және VII-X ғасырларда басқа да көптеген шетелдік заттар табылды.
Бұл жолдың бойында Сырдарияның үлкен де бай қалалары тұрды, олар
туралы біраз кейініректе XIV ғасырдағы тарихшы Рузбихан былай деп жазды:
“Ходжент (Сырдария) өзені Түркістан бекіністерінің арасынан ағып өтеді.
Сейхун өзенінің қазып шығарылған арналардың жағасында сондай асқақ
көрінетін аса биік замоктар сияқты биік бекіністер ортасынан ағып жатқан
өзен жұмақтың қуаныш-шаттығын айтып тұрғандай”.
Кейініректе, ІХ – ХІІ ғасырларда бұл жол “Тянь-Шань” жолына
қарағанда азырақ пайдаланылатын болды. Бірақ ХІІІ – ХІV ғасырлырда ол қайта
жанданды. Қүрлықтағы саяси жағдай елшілердің, көпестердің және басқа да
саяхатшы адамдардың жол таңдауын анықтап берді.
Ал Қазақстан Жібек жолы ауқымына кірер қарсаңда оның оңтүстігі
қандай болған еді ? Бұрын атап өтілгеніндей, мұнда ежелден өзіндік мәдениет
дамып, оның қалыптасуына көшпелі тайпалар мен отырықшы халықтар қатысты.
Бұл ретте этниқалық тұрғыдан алғанда көшпелілер де, отырықшы тұрғындар да
біртектес еді немесе бір үлгідегі этникалық-саяси құрылымдар шеңберінде
біріккен болатын. Отырықшы және көшпелі мәдениеттердің өзара әсері мен бір-
бірін байыту дүниежүзілік прогрестің сара жолы болды. Мұндан кірігудің
қойнауында өркениеттің Қазақстан мен Орта Азия халықтары жасаған көптеген
жетістіктері, сондай-ақ оны мекендейтін халықтар этногенезінің бастаулары
жатыр. Мәселен, б. з. б. VI – III ғасырларда мұнда сақтардың көшпелі және
жартылай көшпелі тайпалары мекендеді, олардың жоғарғы мәдениеті көптеген
обалы ескерткіштерді қазу арқылы мәлім, олардың арасында Бесшатыр, Есік,
Ұйғарақ бар. Сақтардың Қытаймен, Үндістанмен, Таяу және Орта Шығыспен сол
кездің өзінде-ақ байланыстары болған. Мұны сақ шонжарларының қабірлерінен
табылған қытай айналары, Орта Азиядан, Ираннан әкелінген көркемдігі жоғары
шетелдік бұйымдар дәлелдейді. Түгіскендегі шикі кірпішпен қаланған іргелі
жерлеу құрылыстары оларды салуға жатжерлік шеберлерінің тартылуы туралы
ойға жетелейді. Усун және Кангюй мемлекеттері өмір сүрген уақытта б.з.б. II-
I бірінші жартысында, Жібек жолы қызу пайдаланыла бастаған кезде, мұнда
Рим шынысы мен теңгелері, қытай жібегі, айнасы мен лакталған ыдыс-аяғы,
Европаның фибул-ілгектері және Ираннан оймышталып-басылған тастар
әкелінеді.
Бұл кезеңде Шу, Талас және Сырдария аңғарларында қалалық
орталықтар қалыптасады, оларға мұнаралы дуалдармен қоршалған егіншілік
қоныстар негіз болған еді. Қазір олардың көпшілігі Тянь-Шанның тау
етегіндегі өңірінен, Арыс аңғарынан, Сырдарияның орта және төменгі
ағысынантабылды. Бұл қалалар Арал өңірінің құрғақ шөл аймағында, Жетіасар
алқабында әсіресе жақсы сақталған. Олардың күн күйдірген сары дуалдары осы
кезге дейін асқақтап тұр, сүйір ұшты мұнаралардың үңірейген көздері жазық
далаға қарайды, ал тақырлардың астында ертедегі зор мазарлар жасырынып
жатыр.
VI ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Кореядан Қара теңізге
дейінгі кеңістікті қамтыған орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының
құрамына кірді. VI ғасырдың аяғында Қағанат екі бөлікке – Шығыс түрік және
Батыс түрік қағанаттарына бөлінеді. Соңғысының орталығы - Жетісу, ал
астанасы – Суяб қаласы болды.
Жібек жолы учаскесі нақ сол жанданып, ол Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанның қалалық феодалдық мәдениетінің дамуында маңызды роль атқарды.
Жетісуда ол толып жатқан қалалық орталықтарлың пайда болуына түрткі болды,
ал Қазақстанның оңтүстігінде не жол бойында болған, не оған сауда
тармақтарымен байланысты қалалардың тез өсуіне себепші болды.
Егер батыстан шығысқа қарай қарағанда, Жібек жолының
Қазақстандағы бөлігі міне былайша көрінеді. Жол Шаштан (Ташкенттен) шығып,
Тұрбаттағы асу арқылы Жібек жолындағы аса ірі орталықтардың бірі Испиджабқа
беттейді. Мұнда түрлі елдердің саудагерлері тоқтаған, қалада Бұхараның,
Самарқандтың көпестеріне қарасты сауда құрылыстары мен керуен сарайлары
болды, ал Испиджаб көпестері Мерв, Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен
бірге Бағдаттағы Харба ибн Абдаллах әл-Балхи рабадында өз факториін
ұстаған. Испиджабтан құлдар, ақ маталар, қару, семсер, мыс пен темір
тасылған. Испиджабтан керуендер Шығысқа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Жібек жолындағы қалалар
Ұлы Жiбек жолының даму тарихы
Ұлы Жібек Жолы жайлы ақпарат
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СІЛЕМІ
Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясы
Ертеректегі және дамыған ортағасырлық мәдениет
Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
ТАРАЗ - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТIНIҢ АЛТЫН БЕСIГI
Пәндер