Қылмыстылық



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қылмыстылық криминологияның негізгі категориясы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.25
Қылмыстылықтың ұғымы және оның белгілері ... ... ... ... ... ...5
Қылмыстылықтың сандық және сапалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Латенттік қылмыстылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары ... ... ... ... ... ... .26.63
Қылмыстылықтың себептерінің концепциялары ... ... ... ... ... 26
Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының түсінігі ... 44
Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының топтастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он алты жылдан асты. Осы жылдардың ішінде еліміз әлем саханасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бұл жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға қатысты. Оған дәлел, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыздың 1 бабында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” делінген.
Бірақ “бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет”. Тәуелсіздікті қорғау және нығайту ең алдымен мемлекеттің ішкі демінен, оның тыныс алуынан басталады. Ал қазіргі ахуал, оның ішінде қылмыстылықтың өрістеу деңгейі, адам құқығы мен бостандығының көп жағдайда тиісті түрде қорғала бермейтіні қатты алаңдатады. “Барлық жерде қылмыстық дәстүрлер мен дағдылар жаңғырып, қылмыстық әлемнің кәсіпқойлануы мен мамандануы жүріп жатыр. Көптеген азаматтардың негізгі табыс көзі қылмыстық бизнес болып отыр” – деп, Елбасы бекерге айтпаған.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орын алды. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер – қылмыстық, қылмыстық-атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмыстық құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді. Мемлекетімізде орын алып жатқан оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі – қылмыстылық.
Құқықтық мемлекет құру барысында заң режимін құру, қылмыстылықты болдырмау, алдын алу негізгі мәселе болып табылады. Қылмыстылықты зерттеу қылмыстық құқықтық саясатты жүзеге асыру үшін керек. Криминалогиялық зерттеу бойынша жасалып жатқан қылмыстармен, статистикалық санақ жүргізетін органдардағы мәлеметтер арасында үлкен айырмашылықтар бар. Жасырын қылмыстылық біздің өмірде шын орын алып отырған қылмыстар, оның құрылымы динамикасы, жекелеген қылмыс түрлерінің даму тенденциясы,келтірілген шығынның мөлшері туралы қате мәлімет береді.
1. Нормативтік құқықтық актілер:
1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995ж. өзгер. мен толық. қоса.
1.2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 ж. өзгер. мен толық. қоса.

2. Арнайы әдебиет:
2.1. Назарбаев Н.Ә. Азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау – мемлекеттігімізді нығайтудың маңызды мәселесі // Заң. - 2000.- 26 сәуір.
2.2. Криминология: Учебник/Под ред. Н.Ф.Кузнецовой, Г.М.Миньковского. М., 1998г.
2.3. А.Жұмағали. Криминология. Жалпы бөлім. Алматы, 2004ж.
2.4. Криминология: Учебное пособие / Под ред. В.Е.Эминова. М., 1997г.
2.5. Дж. Шелли. Криминология. Санкт-Петербург, 2004г.
2.6. Криминология / Под ред. И.И.Карпеца, В.Е.Эминова, М., 1994г.
2.7. Криминология: Учебное пособие / Под ред. В.Е.Эминова. М., 1997г.
2.8. Алексеев а.И. Криминология. Курс лекций. М., 1998г.
2.9. Горяинов К.К., Исиченко А.П. Латентная преступность. М., 1994г.
2.10. Латентная преступность: познание, политика, стратегия. М., 1993г.
2.11. Криминология. Под ред. В.Н.Кудрявцева и В.Е.Эминова. М., 1999г. 2.12. Швейцер Л. Культура и этика. М., 1973г.
2.13. Актуальные проблемы криминологии. Марсель. 1992г.
2.14. Курганов С.И. Основы криминологии. М., 1998г.
2.15. Локк Д. Избранные произведения: В 2т. Т.2., М., 1960г.
2.16. Руссо Ж.Ж. Трактаты. М., 1969г.
2.17. Беккария Ч. О преступлениях и наказаниях. М., 1939г.
2.18. Гернет М.Н. Моральная статистика. М., 1922г.
2.19. Герцензон А.А. Введение в советскую криминологию. М., 1965г.
2.20. Осипова Е.В. Социология Эмиля Дюркгейма. М., 1972г.
2.21. Тард г. Преступник и преступления. М., 1906г.
2.22. Тард Г. Сравнительная преступность. М., 1907г.
2.23. Курс советской криминологии. М., 1985г.
2.24. Дубинин Н.П., Карпец И.И., Кудрявцев В.И. Генетика. Поведение. Ответственность. М., 1989г.
2.25. Каиржанов Е.И. Причинность в криминологии. Алматы, 2002.
2.26. Кузнецова Н.Ф. Проблемы криминологической детерминации. М., 1984г.
2.27. Антонян Ю.М. Преступность пожилых людей // Сов. государство и право. 1991г. №11.
2.28. Лунеев В.В. Мотивация преступного поведения. М., 1991г.
2.29. Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. А-Ата, 1987г.
2.30. Намоконов В.А. Преступное поведение: детерминизм и ответственность. Владивосток, 1989г.
2.31. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. М., 1968г.
2.32. Иншаков С.М. Криминология. М., 2000г.
2.33. Алауханов Е:О. Қылмыстану. Алматы, 2006ж.
2.34. Петрашку С. Анализируя причины преступности//Закон и жизнь. Кишинев, 1991г. №7.
2.35. Кудрявцев В.Н., Бородин С.В., Нерсесяец В.С. Социальные отклонения. М., 1989г.
2.36. Гундаров И.А. Духовное неблагополучие как причина демографической катастрофы. М., 1995г.
2.37. Преступность и реформы в России. М., 1998г.
2.38. Егорова и., Гуревич П., Похмелкин В. «Издержки» демократии?//Соц. Законность. 1991г. № 4.
2.39. Лебедев С.Я. Антиобщественные традиции, обычаи и их влияние на преступность. Омск, 1989г.
2.40. Криминология. Под ред. А.И.Долговой. М., 1997г.

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қылмыстылық криминологияның негізгі категориясы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-25
1. Қылмыстылықтың ұғымы және оның белгілері ... ... ... ... ... ...5
2. Қылмыстылықтың сандық және сапалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Латенттік
қылмыстылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 15

2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары ... ... ... ... ... ... . 26-
63
1. Қылмыстылықтың себептерінің концепциялары ... ... ... ... ... 26
2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының түсінігі ... 44
3. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының
топтастырылуы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...65

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он алты
жылдан асты. Осы жылдардың ішінде еліміз әлем саханасы төрінде беделді
орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бұл
жетістіктердің бірі адам құқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып,
оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға қатысты. Оған дәлел, 1995 жылы 30
тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыздың 1
бабында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” делінген.
Бірақ “бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды
түрде қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет”. Тәуелсіздікті қорғау және
нығайту ең алдымен мемлекеттің ішкі демінен, оның тыныс алуынан басталады.
Ал қазіргі ахуал, оның ішінде қылмыстылықтың өрістеу деңгейі, адам құқығы
мен бостандығының көп жағдайда тиісті түрде қорғала бермейтіні қатты
алаңдатады. “Барлық жерде қылмыстық дәстүрлер мен дағдылар жаңғырып,
қылмыстық әлемнің кәсіпқойлануы мен мамандануы жүріп жатыр. Көптеген
азаматтардың негізгі табыс көзі қылмыстық бизнес болып отыр” – деп, Елбасы
бекерге айтпаған.[1]
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік
тұрғыда даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға
өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс
беруде. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орын алды. Осы аз уақыт
ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер – қылмыстық, қылмыстық-
атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т.б. қабылданды.
Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және
қылмыстық құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап
берді. Мемлекетімізде орын алып жатқан оңды жетістіктерімізбен бірге
қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар
да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі – қылмыстылық.
Құқықтық мемлекет құру барысында заң режимін құру, қылмыстылықты
болдырмау, алдын алу негізгі мәселе болып табылады. Қылмыстылықты зерттеу
қылмыстық құқықтық саясатты жүзеге асыру үшін керек. Криминалогиялық
зерттеу бойынша жасалып жатқан қылмыстармен, статистикалық санақ жүргізетін
органдардағы мәлеметтер арасында үлкен айырмашылықтар бар. Жасырын
қылмыстылық біздің өмірде шын орын алып отырған қылмыстар, оның құрылымы
динамикасы, жекелеген қылмыс түрлерінің даму тенденциясы,келтірілген
шығынның мөлшері туралы қате мәлімет береді. Жасырын қылмыстылық қылмыстың
алдын алуға байланысты таңдалған стратегиялар мен қойылған тактикаларға
кері әсерін тигізеді және ресустардың дұрыс қолданылмауына алып келеді.
Жасырын қылмыстылық жай қылмыстылық сияқты мемлекеттің экономикасының
дамуына сыртқы экономикалық қатынастардың дамуына және шетел
инвестициясының келуіне кері әсерін тигізеді.
Ұйымдасқан қылмыстылық қаржы экономика қатынастарының барлығын басқарып
отырады, осыған байланысты жоғарғы деңгейдегі саясаткерлердің өздері
мемлекет экономикасы мен қаржы саласында билей алмай бара жатқандығынын
мойындайды.
Қылмысты қоғамның пайда болуы ұлттық қауіпсіздік туралы көп ойландыруға
алып келіп соғады.

1. ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ КРИМИНОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ
1.1. Қылмыстылықтың ұғымы және оның белгілері
Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік,
қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт
аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның
құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген
болатын.[2] Одан бері де осы анықтаманың мұрты қисайған жоқ.
Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей қылмыстар
жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол - қылмыстылық. Осыған
байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен организмді мысал қып келтіре
кеттік. Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс, өзінше бір организм, қоғамның
өзіне бағытталған сырқаты. Сырқат демекші, қылмыстылықтың сыртқа көрінетін
көрсеткіштері оның симптомы сияқты екендігін айта кету керек, себебі кейбір
сырқат түрлерінің симптомы бірдей болғанымен диагнозы және емдеу жолдары әр
түрлі болатыны аян. Мысалға, тұмау мен сібір жарасының сыртқы симптомдары
бірдей болғандықтан АҚШ-та 2001 жылы сырқаттанғандарды тұмаудың дәрісімен
емдегендіктен бернеше адам қайтыс болды. Сол сияқты ұрлық пен кісі
өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу жолдары да әр қилы
болу керек екендігі хақ.
Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анақтауға
болады:
- оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай
болатын себебі - қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен
ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес
қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде
жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да
ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз
қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады.
- тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы
үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген
әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға,
Кеңес дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс боп, қылмыстылықты
құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы
факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік
қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең
тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды
өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы
еуропа елдеріндегі ‘’алғашқы түн’’ құқығын атауға да болады.
- жоғарыдағы белгімен сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық
сипатқа ие құбылыс екендігі. Әлбетте, қылмыстылық өзі сырттай
қарағанда жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады, ал әрекетті
қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа сүйене отырып тани аламыз.

оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында
жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратындығын кез келген
құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен
түсіндіруге болады. Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылық десек мүлде
түсініксіз, себебі Адам ата - Хауа ана жаралған сәттен бастап қазақ
даласында қанша қылмыс болғанын біле алмаймыз немесе 2002 жылғы
қылмыстылық десек те Әлемнің түкпір-түкпірінде қанда қылмыс
болғанын білмейміз.

оның әлеуметтік құбылыс екендігі қылмыс тек қана адамдар
қоғамында орын алатындығымен ерекшеленеді.

оның таптық қоғамның құбылысы екендігі бір қарағанда дау
туғызуы да мүмкін, өйткені бұл белгіден социалистік көлеңке
іздеушілер де табылады. Бірақ олармен келісе қою да қиын. Барлық
қылмыстылықтың бәріне ортақ бір ғана себебі бар ма?- деген сұраққа
жауап табылуы екіталай. Десек те бір факторды ортақ деп айтуға
әбден болады. Ол - қайшылық, мүдделердің, мұқтаждықтардың,
көзқарастардың қайшылығы. Ал осы ойды індетсек, қайшылық қай жерде
болады? Тек тап бар жерде, әлеуметтік тап жоқ жерде қайшылық та
(антогонистік қайшылықтарды қоса алғанда) болмайды. Демек,
қылмыстылықтың табы бар қоғамға тән құбылыс екендігі мың мәрте
шындық.

Қылмыстылық қоғамның төл баласы, сөйте тұра ол қоғамның өзіне қарсы
бағытталған сырқаты. Осы жерде қылмыстылықтың кері байланысқа ие құбылыс
екендігін айта кету керек. Кері байланыс дегеніміз қандай да бір
құбылыстың, процестің нәтитжесі сол құбылыстың қызмет етуіне, функциясына
ықпал еткенде орын алатын байланыс түрін айтамыз. Мысалға, оны қарапайым
түрде былай түсіндіруге болады. Сөйлеп тұрған (қызмет) шешен оның
тыңдаушыларының ұйып тыңдап отырғандығын (нәтиже) байқайды. Олардың ұйып
тыңдап отырғандығы (нәтиже) шешеннің одан да әсерлі сөйлеуіне (қызметке)
ықпал етеді. Немесе айнаға қараған адам шашына ақ түскендігін байқайды.
Енді оның ''шашым ағарып барады'' деген уайымынан да шашы ағарады.
Сол сияқты қоғам (Қғ1) қылмыстылықты (Ққ1) туындатады да ол қоғамның
өзінің әрекет жасауына ықпал етеді, осының нәтижесінде қоғамның бет-әлпеті
өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады (Қғ2), соңғысы өз кезегінде
қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді (Ққ2), осылай жалғасып кете береді.

1.2. Қылмыстылықтың сандық және сапалық көрсеткіштері.
Қылмыстылықтың мынандай көрсеткіштері бар: деңгейі, қарқындылығы,
құрылымы, динамикасы.
Қылмыстылықтың деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекетте белгілі бір
уақыт аралығында жасалған қылмыстардың абсолюттік саны. Мысалға, Қазақстан
Республикасында 1960 жылы - 29 426 қылмыс жасалса, 1970 жылы ол деңгей 56
164-ке көтерілген, 1980 жылы 76 517 болса, 1990 жылы 148 053, 2000 жылы 150
790 болған.

ЖылдарҚылмысЖылдарҚылмыс-тЖылд ар Қылмыс-тыЖылдар Қылмыс-т
-тылық ылық лық ылық
деңгей деңгейі деңгейі деңгейі
і
1998 2531 1,78% 13285 9,33% 1190 0,84% 142100
1999 2374 1,70% 13358 9,57% 1066 0,76% 139431
2000 2325 1,54% 12772 8,46% 1299 0,86% 150790
2001 2160 1,41% 10895 8,47% 1516 1% 152168
2002 1967 1,45% 11856 8,76% 1298 1% 135151

Қылмыстылықтың құрылымы мен құрылымының динамикасы

Қылмыстылықтың динамикасы - белгілі бір кезеңдегі қылмыстылықтың
деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы. Динамиканы анықтауға
байланысты үш түрлі есеп түргізуге болады:
1) ағымдағы талдау - 1 жылға жүргізілетін есеп;
2) жүйелік талдау - жыл сайынғы, бесжылдық сайынға, онжылдық сайынғы
қылмыстылықтың қозғалысын анықтау;
3) қылмыстылықтың мерзімдік өзгерістерін талдау.[3]

Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен жүзеге асады: базистік,
жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.
Базистік әдістің негізгі ерекшелігі басқа барлық жылдардың
көрсеткіштері бір жылдың ғана көрсеткішімен салыстырылады және сол
салыстырылушы (базис) жылдың көрсеткіші 100 пайыз деп алынады. Сол жылмен
салыстыра отырып есеп жасағанда артып кетсе тек қанша процентке артып
кеткендігі ''+'' таңбасы қойыла отырып жазылады, ал керісінше болса ''-''
таңбасы қойыла отырып жазылады.

Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл әдісте бір
ғана жыл базис деп алынбайды, оның орнына үнемі алдыңғы жыл алынып отырады.

Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылықтың қозғалысын 1990 жылдың
көрсеткішімен (базистік әдіс) және алдыңғы жылдарымен (жалғаспалы әдіс)
салыстырып шығайық.

Қылмыс-тыл1990 Алдыңғы
Жылдар ық-тың жылмен жылдар-мен
деңгейі салыстырғасалыстырғанд
нда а
1990 148053 - -
1991 173858 +17,4% +17,4%
1992 200873 +35,6% +15,5%
1993 206006 +39,1% +2,5%
1994 201796 +36,2% -2%
1995 183913 +24,2% -8,8%
1996 183977 +24,2% +0,03%
1997 165401 +11,7% -10%
1998 142100 -4% -14%
1999 139431 -5,8% -1,87%
2000 150790 +1,8% +8,14%
2001 152168 +2,7% +0,91%
2002 135151 -8,7% -11,18%
2003 118 485 -19,9% -12,3%

Үшінші интервалдарды біріктіру әдісінің бар айырмашылығы - бір жылдың
ғана емес бес жылдықтардың, онжылдықтардың немесе елу жылдықтардың
көрсеткіштері алынып, жоғарыдағы екі әдістің бірін қолдана отырып есеп
жүргізіледі. Ол көрсеткіштерді қоса отырып, абсолюттік санын алуға да, не
болмаса олардың орташа көрсеткішін де алуға болады. Мысалға, 1960 жылдан
бері қарайғы қылмыстылықтың көрсеткіштерінің әрбір он жлдығын алып көрелік.

Онжылдық-тарОн жыл Онжылдықта60-жылдардАлдыңғы Әр бір
дағы бойына ғы орташа ағы онжылдықпен10 000
қылмысты-лықжасалған көрсеткіш көрсеткішпсалыстырғанхалыққа
қылмыс-та ен да шаққандағы
р саны салыстырға коэффициен
нда т
ХХ ғ. 443444 44344,4 - - 47,2
60-жылдары
ХХ ғ. 554418 55441,8 +25 +25 43,6
70-жылдары
ХХ ғ. 978590 97859 +120 +76 62,5
80-жылдары
ХХ ғ. 1745408 174540,8 +293 +78 124,2
90-жылдары

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың соңғы 40 жылдағы динамикасы

Қылмыстылықтың сыртқы сипаттамасын зерттеу оның таралуының анализінен
басталады. Соның нәтижесінде мыналар анықталады: а) қылмыстылықтың деңгейі;
б) қылмыстылықтың интенсивтілігі немесе қарқындылығы.
Жалпы қылмыстылықтың таралуы жылына тіркелген қылмыстардың жалпы саны
бойынша немесе табылған қылмыстардың жалпы саны бойынша бекітіледі.[4]
Қылмыстылықтың сипаттамасының мотивациясы қылмыстың әр түрлі ниеті
немесе тіркелген саны бойынша, яғни қылмысты жасаған тұлғасы бойынша
бекітіледі.
Қылмыстылықты талдау нәтижесінде қылмыстылықтың жалпы мыны түрлеру
таралған:
А) қасақаналықпен, яғни: саяси, зорлықтық, әдейі
Б) абайсыздық қылмыстылығы
Әдебиеттерде саяси қылмыстылық идеялық-саяси мақсатта, яғни мемлекет
пен биліктің конституциялық негіздеріне қасақаналық ниетте жасалады деп
көрсеткен.
Зорлық қылмыстарынада күш қолдану мақсаттары көрсетілеген, яғни бұл
жерде тек жай ғана белгілі бір мақсатқа жету ғана емес. Мысалы, бұзақылық
қылмысы
Әдейі жасалатын қылмыстарды криминологтар жалпы қылмыстық,
экономикалық немесе шаруашылық деп бөліп қарастырады. Қылмыстылық
анализінің методикасы атты оқулықта көрсетілгеніндей жалпы әдейі
жасалатын қылмыстар тікелей мотивтермен жасалады, яғни ол бөтен біреудің
мүлігін заңсыз иелену арқылы шаруашылық байланыс және эканомикалық
қатынастарға зиян келтірмей, өз қызметін пайдаланбастан жасалатын қылмыс
түрі болып табылады. Ал экономикалық және шаруашылық қылмыстар басқару,
шаруашылық, өндірістік және материалдық ресурстар қағидаларын бұза отырып
жасалады, яғни қызметтік жағдайына зиян келтіре отырып жасалады.
Экономикалық қылмыстарға тағыда мынандай анықтама беріледі: экономикалық
қылмыстар қызметкерлердің өз өкілеттігін пайдалана отырып, басқа біреудің
меншігіне, яғни мемлекеттің, тұтынушылардың және де басқа тұлғалардың
меншігіне зиян келтіре отырып жасалады
Қылмыстық істерді зерттеген кезде ниеттердің үлкен дифференциациясы
айқындалады, нақты айтатын болсақ, қылмыс жасаған тұлғаның мінезі. Бұл
жерде қылмыстылық айғақтары мен тұлға маңызды болып табылады.
Қылмыстылық мотивін зерттеген кезде шиеленіс мәселелерін талдау маңызды
болып табылады.
Әлеуметтік – топтық таратылым әр түрлі әлеуметтік топтар мен қоғам
тобының өкілдерімен жасалатын қылмыстарды сипаттау арқылы көрінс табады,
яғни қылмыскерлер туралы қылмытылық тәртібі туралы көрсетілгенде
анықталады.
Қылмыстылықтың қоғамға қауіптілік деңгейі әр түрлі жолдармен
анықталады. Қылмыстың әр түрлі деңгейіне байланысты: а) ауыр, б)
маңыздылығы төмен, яғни 1 жылға дейін бас бостандығына айырылған жағдай. в)
орта дәрежедегі қылмыстар. Сондықтан криминологтар Қылмыстық Кодекс
ережелерін басшылыққа алады. Қылмыстық статистика ережеге сәйкес құрылады.
Егер ауыр санаттағы қылмыстың саны көбейген болса, қылмыстылықтың
қоғамға қауіптілігі де көбейеді. Содан кейін ол тексеріледі. Осының
нәтижесінде әр түрлі санаттағы ауыр қылмыстардың қатынасы нормаға сәйкес
есептеледі. Немесе басқа болжам бар: ауыр қылмыстар негізінен көбейген
кезден бастап тіркеледі, ал кейбіреулері тіркелмейді. Бұл жиі болмайды.
Криминологиялық зерттеулер нәтижесінде қоғамға қауіпті қылмыстың
кешенді әдістерін пайдалну нәтижесінде зерттеу параметрі бағаланады.
Қылмыстылықтың ішкі сипаттамасын анализдеу нәтижесінде мыналар
анықталады: тұрақтылық, белсенділік, ұйымдастырушылық.
Қылмыстылықтың тұрақтылық көрсеткіші қылмыстың қайталануынан көрініс
табады. Рецидивтің жай қайталанудан айырмашылығы жаңа қылмыстың бірінші
жерден табылуынан басталады. Осының нәтижесінде криминологиялық
рецидивтілік есептелінеді. Яғни тұлғаға бұдан да бұрын құқықтық шаралар
қолданған және сол қылмыс қайталану үстінде.
Қылмыстылық белсенділік криминалдық профессионализммен тығыз байланыста
болады. А.И.Гуров мынандай сипаттама береді:
- тұрақтылықтырық тұрі, қылмыскерде белгілі бір арнайы білімнің
қылмыстық қызметке сай болуы
- осы тұлғаларда нақты қылмыстық мамандықтың болуы, яғни біртекті
қылмыстардың жоғарылығы
- қылмыстық қызмет осы тұлғалар үшің кіріс көзі болып есептеледі
- белгілі бір ортамен байланысы
Криминалдық профессионализм қылмыстық бүркемешелікпен жүзеге асырылады,
сондықтан қылмыскерлер арнайы бір іске ие болады, сөйтіп ол көп эпизодты
болуы мүмкін.
Бұндай қылмыстар көбінесе ашылмайды, маман қылмыскерлер рецидивистердің
арасында болмайды.
Кейбір көрсетілген белгілерді статистикалық ақпаратты анықта уекзінде
көрсетуге болады, толығырақ – қылмыстық бірінші есеп карточкасы, қылмыс
материалдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен сотталғандар
туралы есеп.
Қылмыстылықты ұйымдастырушылық – бұл өте күрделі құрылым, қылмыс пен
қылмыстылықты ұйымдастырушылық болып табылады.

Бірінші кезекте қылмыстылықты ұйымдастырушылық топтық қылмыстарды
анықтау барысында анықталады, мысалы бандитизм фактісі бойынша. Бірақ іс
тек топтық қылмыстарды анықтау барысында ғана емес, оның жоспарлығында,
қасақаналығында, алдын – ала дайындалуында. Қылмыстық ұйымдастырушылық пен
ұйымдасқан қылмысты ажырата білу керек. Қылмыстылық сипаттамасын анықтай
отырып, ондағы қолданылатын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білі керек.
Сонымен қатар қылмыстық істі зерттеу кезінде сотталғандардан,
жәбірленушілерден, басқа да тұлғалардан жауап алу қажет.

1.3. Латенттік қылмыстылық

Латенттік қылмыстылық дегеніміз әр түрлі себептермен құқық қорғау
органдарының назарынан тыс қалған қылмыстардың жиынтығы. Ол латынша latens
сөзінен шыққан, ол жасырын дегенді білдіреді. Мысалға теңізде қалқып жүрген
мұзарттың (айсберг) су бетінде бізге көрініп жүрген бөлігінен су асты
көрінбейтін бөлігі әлдейқайда көлемді болады. Криминология дәл осындай
Архимед ашқан физикалық заңдылыққа бағынбаса да қылмыстылық мәселесі туралы
осы бір заңдылықты мысал ретінде келтіруге болады. Өйткені қылмыстылықтың
көрінетін бөлігінен де жасырын бөлігі (латенттік) көлемді болып келеді.

Мысал үшін неміс ғалымы К.Майердің жүргізген зерттеуі бойынша анасының
өз баласын өлтіруі фактісі бойынша оннан бірі ғана құқық қорғау органдарына
мәлім болады, ал заңсыз аборт жасау 1100; қарапайым ұрлық - 120; ірі
мөлшердегі ұрлық - 18; тонау - 15; алаяқтық - 120 т.б.[5]
Латенттік қылмыстардың екі түрі бар: жасырын (табиғи) және жасырылған
(жасанды). Алғашқысы табиғи жолмен әр түрлі себептермен құқық қорғау
органдарына хабарланбағандар. Мысалға, есік алдындағы ұрланған нәрсеге
‘’садақа’’ деп ешкімге жүгінбеу. Ал соңғысы құқық қорғау органдарына
хабарланғанмен де осы органдардың қызметкерлерінің өз қолымен жасырылған
қылмыстар. Оның да себептері әр түрлі болуы мүмкін: өзінің жақсы жұмыс
істейтіндігін көрсетіп қылмыстылықтың ашылу көрсеткішін жоғарылату үшін,
жеңіл-желпі қылмыстарға бола әуре болмас үшін шағымды тіркемей қою,
қызметкерлердің пара алуынан қылмыс туралы із-түзсіз жоқ қылу т.б. Осы
соңғысы теңіз бетіне қалқып шыққысы-ақ келеді, бірақ құқық қорғаушылар
күштеп төмен басады.
Кейбір авторлар үшінші бір латенттік қылмыстылықтың түрін ұсынады - ол
дәлелденбей қалуына байланысты қысқартылған істер.[6] Бірақ мұнымен келісе
қою қиын. Себебі бұл бәрібір зерттеледі, қылмыстылықтың жалпы картинасын
анықтауға сеп болады. Латенттік қылмыстықтың мәнін аша кету керек. Оның
мәні құқық қорғау органдарына хабарланбай қалғанында емес. Әңгіме
хабарланған күнде де зерттеуден тыс қалғанында. Оның назардан тыс қалуы
қылмыстылықтың жалпы картинасын бұрмалайды. Өмірде шын мәнінде 100%
қылмысқа біз есеп жасап, сақтануымыз, алдын алуымыз, жоспар құруымыз қажет
болса, латенттік қылмыстылықтың кесірінен оның бір бөлшегін ғана (мысалға
40%) зерттеп қорытынды жасаймыз. Ал бөлшек бүтіннің заңдылығын қашанда бере
бермейді. Осы жерде латенттік қылмыстылықтың жағымсыз салдарын айта
кетейік, ол:
- қылмыстылықтың шын мәніндегі мөлшері, деңгейі, құрылымы, динамикасы,
әкелген зияны туралы пікірді бұрмалайды;
- қылмыстылықты болжаудың дұрыстық деңгейін төмендетеді, қылмыстылықпен
күресудің бағытын анықтауда қиындық туғызады;
- жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың болмай қоймайтындығы туралы принципті
жүзеге асыруға кедергі келтіреді;
- құқық қорғау органдарының беделін түсіреді;
- қылмыстылықтың, әсіресе, рецидивтік қылмыстылықтың өсуіне сеп болады;
- азаматтардың қылмыстылықпен күресудегі белсенділігін бәсеңдетеді.
Жасалып жатқан қылмыстардың бәрі бірдей мөлшерде жасырылуға
қабілетті. Латенттілік деңгейіне қарай қылмыстар үшке бөлінеді:

Қылмыстылық пен латенттік қылмыстылық туралы иллюстрация

1. Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар (кісі өлтіру, қарақшылық,
тонау, ауыр дене жарақатын салу т.б.);
2. Орташа латентті қылмыстар (ұрлық, зорлау т.б.);
3. Максималдық (жоғары) латентті қылмыстар (парақорлық, броконерлік,
заңсыз аборт жасау, соз ауруларын жұқтыру).

Қылмыстардың жасырынушылық қабілетке ие болуы оларды жасаушы мен
жәбірленушінің мүдделі болуы мен қылмыстардың ауырлық деңгейіне байланысты.
Жалпы алғанда, қылмыстардың латенттілік деңгей мен олардың ауырлық деңгейі
кері пропорционалды, яғни неғұрлым қылмыс ауыр болған сайын соғұрлым оның
латенттілік деңгейі төмендейді. Қылмыс жеңіл болса, қолды бір-ақ сілтеуге
де оңай және жасыруға да болады (мысалға, жеңіл жарақатқа - құлап қалдым,
есікке соғып алдым деуге). Ал ауыр қылмысты жасыру да қиын, қол сілтеуге де
ауыр (мысалға, кісі өлтірілсе , мүрдесі бәрібір табылады немесе ауыр дене
жарақатын төсек тартып жатып, құлап қалдым деп айта алмайды). Бірақ, бұл
үнемі қылмыстың ауырлығына қарап латенттілік деңгейін өлшеуге болады
дегенді білдірмейлі, себебі, кейде қылмыс қанша ауыр болса да, тым жеке
сипатта болуы мүмкін (мысалға, әйел зорлау), сондықтан көп хабарланбай да
қалуы әбден ықтимал. Сол себепті де барлық жағдайда деп емес, жалпы
алғанда деп беріліп отыр. Ресейде 60 құқық қорғауоргандарының
қызметкерлерінен сұраунама жүргізгенде олар латенттілік деңгей жалпы
қылмыстылықтың 73,4%-не нұсқаған, соның ішінде, ұрлық - 68,4%,
тұтынушыларды алдау - 67,8%, брокеньерлік - 72%, бұзақылық - 38,6%,
парақорлық - 95,2% деген қортындыға келген.[7]
Қанша жасырын болса да дұрыс шешім қабылдау үшін өмірдегі
қылмыстылықтың жалпы деңгейінен шамамен болса да хабардар болу керек. Сол
себепті латенттік қылмыстылықты да зерттеулің әдістері бар. Солардың ішінде
кең тарағандары: анонимдік анкеталар, құжаттарды талдау, сараптамалық баға,
байқау т.б.
Анонимдік анкета әлеуметтік сұраунаманың бір түрі, бірақ оның
өзгелерінен ерекшелігі - ешкімнің аты-жөні айтылмайтындығы.
Жасырын қылмыстылық тәжірбие жүзінде зерттелу мәселесін қылмыстық-құқық
саясатының негізгі қағидасын жұзеге асыруы қажет. Ең бастысы, қылмыс
істеген тұлға қылмытық жауаптылықтан бұлтарпау қағидасын ретімен жүзеге
асырылуы, қылмыстық істі толықтай және жанжақты тергелуі мен шешуін
қамтамас етілуі, баламалылық пен мөлшерлес құқық құралдарын қосынды
әсерімен,дарашылдық пен әділетті жаза шығаруға қажетті жағдай.
Жасырын қылмыстылықты анықтау тәсілі тәжірбиелік түрінде ғылыми
негізінде басты маңызды рөлі, жасырын қылмыстық факторын зерттелуі, оны
ескертілуімен алдын алу.
Бір ғана белгісімен белгісіздік, анықталмаған қылмыс жасырын дейді,
алдында айтып кеткен әрекеттерге қоса жасырынға қылмыстардың жиынтығы,
өкілетті құқық қорғау органдардың әрекеттерімен және сонымен бірге жеделдік
мақсаттылықтың көмегімен табылған, бірақ осы органға қандай да болсын
ақпарат түспеген....
Криминологиялық қатынаста, қылмысты ашумен қатар оны есепке алу да
маңызды рөл атқарады. Қылмыстық санақ бойынша жасырын қылмыстарды есепке
алмау салдары дұрыс нәтиже бермейді, тәжірбиелі криминологтарды бағдарынан
жаңылтады және криминологияның ары қарай дамуын қиындатып, қылмыстылықтың
басқады әлеуметтік құбылыстармен байланысы бар деген тұжырым жасауды
қиындатады.
Заң әдебиетінде жасырынды, ол қылмыстық стаистикада көрсетілмеген
қылмыс деген көзқарас кездеседі, яғни бұл көзқарастың негізіне жасалған
әрекеттерді қылмыстық статистикамен есепке алмау белгісі салынған.[8]
Қылмысты есепке алғаннан кейін, оны ашу қажет, сондықтан кейбір авторлар
оны әрекеттің белгісіздігі деген белгі деп есептейді. Шынындада қылмысты-
құқықтық статистикамен есепке алынған қылмыс жасырынды деген тұжырым қате
секілді. Алайда, жасырынды қылмыстылық түсінігіне заң әдебиетіндегі
түсініктен кең түрде келсек, бұл тұжырымның заңдылығы, әрі негізділігі
күмән туғызбайды.
Құқық қорғау қызметінің тәжірбиесінде қылмыстарды нақты есепке алу мен
оны ашу, осы әрекетті жасаған тұлғаларды тиісті қылмыстық жауапкершілікке
тартудың орнына, қылмысты формалды түрде есепке алу, оны ашу деректері
көптеп кездеседі, сондықтан осындай жағдайларды жасырынды санатына жатқызу
қажет секілді. Жасырынды қылмыстылық дегеніміз, қылмысты жасаған тұлғаның
жасырындығы, оның жасаған әрекетінің жасырындығы. Бұл құбылыстың екі шегі,
бір-бірін толықтырып, жасырынды қылмыстылықтың феноменін терең ашуға
мүмкіндік береді.
Бұл бірлестіксіз жасырынды қылмыстылықтың толық, жан-жақты мінездемесін
беру өте қиын.
Қылмыстылық түсінігіне қылмысты жасаған тұлғалардыда қосу қажет,
өйткені құқықбұзушылардың әрекеттеріне қарағанда, ол қылмыстылық
әлеуметтік, психологиялық және басқада нақты бір қылмыстың әрекетін
анықтайтын компонентін ауқымдайды (қоршайды), жасырынды қылмыстылықты,
қылмысты-әділет жүйесімен анықталмаған қылмыстар құрайды, сондықтан ол
мемлекет, не қоғам тарапынан мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкелмейді.
Айтарлықтай жағдай, осындай қылмыстарға қылмысты-әділет жүйесі әрекетсіз,
оның қарауынан тыс.
Жасырынды қылмыстылықтың бірінші тобына полиция органдарына белгілі
болмаған қылмыстар жатады. Келесі тобына қылмыскері анықталмаған қылмыстар
жатады. Үшінші тобын процессуалды себептермен (негіздермен) айыптау
актілерін, укімдерін туғызбаған, бірақ анықталған қылмыстар құрайды.
Төртінші тоб – бұл заң күшіне енген үкімі бар қылмыстар, бірақ айпталған
қылмыскерлердің басқа да әрекеттері полиция органдарына белгілі болмаған
және айыптау актілерінде есептелмеген қылмыстар құрайды.
Жасырынды қылмыстылықты талдау келесі үш аспектіден тұруы мүмкін:
криминологиялық, криминалистік және процессуалдық. Криминалогиялық, бұл
қылмыстық-құқықтық статистикада ескерілмеген қылмыстардың жиынтығы;
криминалистік, бұл анықталмаған және ашылмаған қылмыстардың жиынтығы;
процессуалдық, бұл өзінде қылмысты жасаудың заңды салдар туғызбайтын,
қылмыстардың жиынтығы.[9]
Криминалогиялық аспектіде жасырынды қылмыстықты кең түсіндіру
криминалистикалық, процессуалдық аспектілерді қамтиды. Бұл ойды түсіндіре
кетейік.
Жасырынды қылмыстылықты анықтау, қылмысқа кінәлі тұлғаның
жауапкершілігінің бұлтартпастық қағидасын жүзеге асыру қажеттілік
тұрғысында, жасырынды қылмыстықтық құрамды құрылым элементі болып ашылмаған
қылмыстар деген тұжырымына әкеледі. Сонымен қатар, жасырынды қылмыстылықтың
криминологиялық аспектісі ресми ашылған қылмыстарды қамтиды. Осы жерде
қылмыстың толық ашылмауы орын алады, (қылмыстық жауапкершілікке топтық
қылмысқа ортақ басқада кінәлі тұлғалардың тартылмауы) бұл біздің ойымызша
жасанды жасырынды қылмыстылықтың құрамды бөлігі болатын субъектілік
жасырынды қылмыстылықты құрайды.
Жасырынды қылмыстылықтың криминологиялық аспектісі процессуалдықтан
кең. Осы авторлардың ойынша, егерде қылмыс заңды салдар туғызса,
жасырындықты процессуалдық аспектіде айтуға негіз жоқ.
Осындай жағдайда біз криминологиялық аспектіде жасырындылықты
айтуымызға болады. Бұл, қылмыстық іс қозғаудан заңсыз бас тарту деректері
(бұларды, заңды салдарын туғызатын қылмыстарға формалды түрде жатқызуға
болады); қылмыстық істі заңсыз тоқтата тұрып, кейіннен оны қысқарту;
қылмыстық істі жеткіліксіз негіздербен жабу және тағы басқа жағдайлар.
Сонымен, жасырынды қылмыстылықтың криминологиялық аспектіде кең
түсіну, криминалистік, қылмыстық- процессуалдық аспектілерді қамтиды деген
тұжырымға әкеледі.
Егерде, олардың айтуынша, қылмыстық статистикада көрсетілмеген
қылмыстарды жасырынды десек, онда қылмыстар өз орнын таппағандықтың
себебіне байланысты жасырындықтың екі деңгейіне бөлуге болады.
Бірінші денгейді өте ауыр қылмыс жиынтығына қатысты анықталған қылмыс,
бірақта есеп-статистикалық құжаттарда тіркелмеген қылмыстарды құрайды. Бұл
денгейді қылмыстарды тіркеудің жеткілікті дамымауына байланысты
статистикалық - деп атайды. Екінші денгейдің мәні нақты анықталмаған
лауазымды қылмыстар құрайды. Белгіленген органдарда екінші денгейде
жасырынды қылмыстар ақпаратының жоқ болуы, басқа органдарда бұл ақпараттың
жоқ екендігін білдірмейді. Бірақ мұндай органдар осындай ақпараттарды
көбіне қараусыз қалдырады.
Сондықтан, жасырындылықты қараусыз қалдырылған қылмыстар деп есептеуге
болады.
Сонымен қылмыстық статистикамен жасырын әрекеттерді есепке алмау
белгісі жасырынды қылмыстылықтың анықтамасының негізіне, авторлар жасалған
қылмыстардың анықталғанына қарамай, оларға тұрарлық мән бермеу түсінігін
қосады, яғни қылмыстарға жасанды жасырындылық білгізу.
Мұндай жасырынды қылмыстылықтың анықтамасына кейінгі кезде көптеген
жақтаушылар бар.
Жасырынды қылмыстылық түсінігіне жеке оймен қарау қаралып жатқан
сұраққа келесі көзқарасты туғызады. Қылмыстардың ашылуын, оларды жасаған
тұлғаларды тіркеуді еспке алып шынаиы-жасырынды және жасанды-жасырынды
деген екі маңызға бөлуге болады.
Шынайы-жасырындыға қылмыстық статистикада есепке алынбаған, кінәлі
тұлғаларды ісдестіру барысында қылмыстарды тіркейтін органдармен
мекемелердің мақтанышы болмаған, оларға заңмен белгіленген шара қолданбау
қылмыстар жиынтығын жатқызуға болады. Оларды факторлардың спецификасына
байланысты төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топ қылмыстың жасалуын және оны жасаған құқықбұзушыны ешкім
білмейтін қылмыстар құрайды. Бұл немқұрай салдарынан жасалған қылмыстар,
болмаса құқықтық қатынасқа қатысушылардың біліксіздігінің салдарынан бір
норманы (қылмысты-құқықтық) екінші (ізгілік-әкімшілік) нормамен ауыстыру.
Екінші топқа қылмыстың ашылуын қаламайтын жәбірленушілердің болған
қылмыс туралы хабарламауы қатынасады. Мұндай мінез-құлық уәжі әр-түрлі
болуы мүмкін, мысалы зорлау болмаса жәбірленуші жаққа қылмыстық істі
бейбітшілік келісімімен шешуге келістіру.
Үшінші топты қылмыстың нәтижесінде жәбірленуші жақтың болмауынан арнайы
органдарға хабарламау құрайды. Сондықтан мемлекеттің немесе қоғамның
мұқтажына қол сұғу, көбіне экологиялық құқықбұзушылықтардың белгісіздігі
кездеседі.
Төртінші топты қылмыстың болу дерегі аз тұлғаларға анық болуы болмаса
тек кінәлі тұлғаға анық болуы құрайды. Мұндай қылмыстарға бүркемелеу
(жасырын) арқылы тонау, парақорлық, адамды күш қолдану белгісінсіз өлтіру
болмаса оны тығу, есірткі заттарын сақтау және т.б.
Жасырын қылмыстың басқа түрі – жасанды-жасырын әрекетінің жиынтығы –
қылмыс құқыққорғау органдармен пайда болады (бірақ есепке жүргізбегендігі
емес), сонымен бірге есеп жұйцгізгені, бірақ ашылмаған және толық ашылмаған
қылмыс. Жасанды-жасырын қылмыстың екі топтан болуы мүмкін.
Біріші топқа кіреді құққық қорғау органдармен қылмыстарды есеп
жүргізбеуі, соған байланысты қылмыстық істерді қозғамаған, осы ақпаратты
басқа мекемелер білуі,кәсіпорын,ұйым. Бұлда құқық қорғау органдардыңда
игілігіде болды. Бірақ соңғысы осы ақпараты қолдануға ешқандай шара
қолданбайды.
Осыған байланысты жасырын қылмыс әрекетінің көбісі еңбек қауіпсіздігін
қорғау саласында кездеседі, осыларды шарты жасырын деп санауға болады, осы
мәліметтер, кәсіпорындарда ресми түрде құжаттарда сақталады . Жасырын
қылмыстың осы топтың сақталу себебі осы қылмысқа қарсы күресуі толықтай
ұйымдаспағаны айқындалады. Осыған тағы қосатыным, қазіргі уақытта осы
әрекет тек еңбек қауіпсіздігін қорғау саласындағы ғана емес, сонымен бірге
басқада қылмыс түрін де көрініс табады.
Егер де ауыр қылмыс көп болып орташа ауырлықтағы қылмыс саны одан аз
болса, орташы ауырлықтағы қылмыстардың латенттілігі туралы күдіктенуге
болады. Мысалға, Қазақстанда 2002 жылы жасалған ауыр және аса ауыр
қылмыстардың саны - 69042 болса (жалпы қылмыстылықтың 51%-і), кішігірім
және орташа ауырлықтағы қылмыстар саны - 66109 (жалпы қылмыстылықтың 49%-
і). Өмірде де осылай болуы, яғни өмірде кішігірім және орташа ауырлықтағы
қылмыстардан ауыр және аса ауыр қылмыстардың көп жасалуы мүмкін емес.
Демек, 2002 жылы Қазақстан жерінде орташа және кішігірім ауырлықтағы
қылмыстар латентті болған.
Не болмаса, азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтермен де
салыстырып құжаттарды талдауға болады, айталық ауданда ар-намысты қорлауға
байланысты мың талап қойылған болса, қорлау қылмысы бойынша небәрі екі-ақ
қылмыстық іс қозғалған.
Яки бұқаралық ақпарат құралдарына да контент-талдау жүргізіп, олардағы
қылмыстар туралы хабарлар саны мен оларға байланысты қозғалған істердің
пропорциясын зерттеу нәтижесінде де жасырылған қылмыстардың шетін көруге
болды. Өйткені Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабының 1-бөлігінің 4
тармағы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар қылмыстық істі
қозғаудың бір себебі болып табылады.
Субьективті-латентті қылмыстар туралы қалыптасқан көзқарастар бойынша
жасанды латенттік нысан бойынша таратылатыны заңгерлердің көзқарастарымен
сәйкес латенттік қылмыстарды белгісіз әділсотқа жатқызуға болады, себебі
бұл жерде кінәлі адамды іздеуге және де табуға ешқандай мүмкіндік болмайды,
бірақ бұл туралы құқық қорғау органдарына белгілі болады.
Субьективті-латенттік қылмыстарды айқындау жасалған қылмыстар мен
тіркелген қылмыстардың ара қатынасын айқандауға сай келу керектігінде.
Сонымен қатар бір қылмыс бірнеше қылмыстық топ арқылы жасалуы мүмкін.
Ашылмаған қылмыстардың санының көптігі нақты қылмыскерлердің санына
кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі ашылған қылмыстар мен ашылмаған
қылмыстар саны статистикалық есепте көрініс таппауы мүмкін.
Тәжірибеде құқық қорғау органдары қылмысқа қатысушылардың барлығының
жаза алғандығын кездестіруге болады. Соған қарамастан іс жүзіндегі есеп
жүйесі бойынша іс-әрекет ашылды деп есептеледі. Бір тұлғаға кінәні таққан
сәттен бастап қылмыс ішінара ашылды деп есептеледі және жасырын қылмыс деп
есептеледі. Толық ашылды деп есептеледі, егер қылмысқа қатысқан барлық
тұлға тиісінше жаза алған болса.
Жоғарыда көрсетілген нәтиженің барыснда мынындай қорытынды жасауға
болады, латентті қылмысты белгісіз және есепте жоқ қылмыстар деп
есептеледі. Көрініп тұрғандай, ол жерде субьективтік жақ бар, себебі
қылмысты жасаған латентті қылмыскер бар. Сондықтан қылмыс латенттік
қатардан шығуы мүмкін егер тұлға заң жүзінде өзіне тиісті жазасын алған
болса. Жасанды латенттік қылмыстық көзқарас бойынша латенттік қылмыс
белгілі бір іс-әрекеттің айқындалмаған және есептелмеген, сонымен қатар іс-
әрекетті жасаған тұлғаны жазасыз қалғандығы болып табылады.
Заң әдебиеттерінде табиғи-латенттік қылмыстар мен жасанды-латенттік
қылмыстардан басқа шектелген жағдай деген түсінік қалыптасқан, бұл жерде
тұлға қылмыс жасаған тұлған жолдан таюы деген мағынада айтылады.[10]
Шектелген жағдай кезінде жәбірленуші қылмыс туралы хабарламайды, себебі
ол туралы баға бере алмайды. Мұндай жағдайлар көбінесе қалта ұрлығы,
адамның сау емес жағдайында жасалатын тонауы, алаяқьық, тұтынушыларды алдау
және т.б.
Ғылыми және тәжірибе жоспарында байқалмайтын латенттік деген түсінік
көрініс табады. Баайқалмайтын латенттік мына жағдайда көрініс табады, егер
қылмыс кезінде тұлға өзін жәбірленушімін деп құқық қорғау органдарына
хабарлайтын болса, бірақ қылмыстық құқықтың критериесі бойынша кінә тағу
үшін қылмыс құрамының белгілері жоқ. Мұндай латенттік қылмыс мынандай
жерлерде орын алады, мысалы есірткі заттарын пайдалану.
Көріп тұрғанымыздай шектелген жағдай және байқалмайтын латенттік
түсініктері жақын болғанымен, бір-біріне сәйкес келмейді. Ал негізгі
айырмашылығы іс-әрекеттің субьективтік қабылдануында болып табылады, себебі
тұлғаның ары қарай өзінің алып кетуінде болып табылады.
Зерттеу нәтижесі әлеуметтік есеп жүргізгенде байқалмайтын латенттік
қылмыстардың таратылғандығын көрсетіп отыр.
Қазіргі елдегі көп табиғи-жасырын қылмыстар жасанды-жасырын қылмыстарға
айналуда. Бүл процесс өздігінен дертті. Бұл қазіргі кездегі қадағалаусыз,
бақылаусыз, жауапсыз қалғандықтың кесірі және бұл қазіргі кезде қоғамның
барлық құрылымына таралған. Бұның барлығын жасырын қылмыстылықты зерттеп,
жасырын қылмыстылықтың түсінігін бергенде кедергі келтіреді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, жасырын қылмыстылық қылмыстық- құқықтық
саясаттың негізгі принциптерінің бірі жасаған қылмыс үшін жауаптылық
принципінің орындалмауына әкеп соғады.
Ғалым криминологтардың айтуы бойынша қазір қолданып отырған
қылмыспен күресу жүйесін, жоғарыда көрсетілген принциптері сатысы бойынша
қолданып отырып жүзеге асыру керектігін айтады. Бірақ бұл сұрақ жасырын
қылмыстылық туралы жазылған мақалаларында көпшілігінің басқа көзқараста
екенін көрсетеді.
Сонымен, жасырын қылмыстылық дегеніміз - полиция органдарымен сотпен,
прокуратура органдарымен ашылмаған және қылмыстық жазалары берілмеген
қылмыстар.
Жасырын қылмыстылық заң бойынша қадағалайтын құқық қорғау
органдарының бірінен жасырылған қылмыстылық, ол органдар сот, прокуратура
органдары ІІ органдары, кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия.
Құқық бұзушылықпен күресуге көмектесетін мемлекеттік органдардан
бөлек қызметінің негізгі бағыты қылмыстарды ашып онымен күресу болатын
арнайы органдарды бөліп көрсету керек.
Құқық қорғау органдарымен ашылған қылмыс автоматты түрде ашылған (ашық)
қылмыс болып табылады деген ұғым қате болып табылады№ ондай негізсіз және
заңсыз іс қозғаудан бас тарту немесе істі қысқартқан кезде болуы мүмкін.
Жасанды-жасырын қылмыстылық жағынан қарасақ орын алуы мүмкін жасырын
қылмыстылық саны әлде қайда көп. Өйткені бұл қылмыс анықталған кезде ол
істің арғы тағдыры белгісіз, ол ашылады ма немесе қаншалықты толық ашылады.
Қылмыстық есеп, қылмыстық статистиканы жүргізетін органдардағы қызмет
істейтін тұлғалардың салғырттығынан немесе немқұрайдылықпен қарайтындығынан
немесе жұмыста жіберген қателігі себебінен жасалған қылмыстар қылмыстық
статистикаға енгізілмей қалатын жағдайлар болады. Бұндай қате мәлеметтердің
берілуі қылмыстың жағдайы мен құрылымы туралы қате түсінікке, белгілі бір
аймақтағы қылмыспен күресудегі қиындықтарға әкеп соқтырады.
Жасырын қылмыстылық қоғамдағы әлеуметтік психологиялық климатқа әсер
етеді. Бұл дегеніміз азаматтардың мемлекеттік органдардың олардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға деген, қоғамдық
қауыпсіздікті қорғауға деген, қылмыс пен қажетті деңгейде күресуіне деген
және қылмыс үшін міндетті түрде жауапкершілік туатындығына деген
сенімсіздік тудырады. Қылмыстың ашылмауы ол үшін жауапкершіліктің
туындамауы қоғамның қылмысқа үйреніп кетуін, заңдылық деңгеиінің
төмендеуіне және адамдарының құқық бұзушылыққа, қылмысқа деген көзқарасының
жеңілдеуіне әкеледі. Қылмыстың жазаланбауы азаматтардаң бір тобының
шыдамсыздығын тудырады және жүйкесіне әсер етеді, екінші тобында әлеуметтік
немқұрайдылық пен сенімсіздік жағдайын тудырады. Осы жағдайда мемлекеттің
жеке қауіпсіздікке кепілдік бермеуі азаматтарда психологиялық ыңзайсыздық
тудырады. Сонымен қатар жасырын қылмыстылық қоғамда әлеуметтік
еліктеушіліктің нашар жақтарын тудырады. Экономикалық қылмыстар парақорлық
көбіне осы қылмыстыр жасырын түрде қалуы, жазаланбауы өмірде әлі нақты
позициясы, бағалықтары жоқ адамдарға кері әсер етеді. Бұндай адамдар
қылмыстық әлем арқылы "жақсы өмірге" еліктей отырып алға қойған мақсатқа
жету жолдарымен әдістерінің заңсыз жолмен екені туралы ойланбайды. Жасырын
қылмыстылық қылмыстық заңның беделіне де әсер етеді. Қылмыстық заңның
беделінің түсінуіне қылмыстық заңның нормаларын таңдап қолданудан төмен еш
нәрсе жоқ сияқты . Қазіргі кезде құқық қорғау органдарында, құқық қолдану
тәжірибиесінде баукеспе ұрылар, қылмыстық топтпрдың басшылары,
ұйымдастырушылары, киллерлер, террористер қылмыстық заңмен жазаланбай
қалады да, қылмыстық заңның бар жазалау күші жеңіл қылмыс жасаған адамдарға
тиеді. Осыны көре отырып азаматтар " егер адам 10 000 ұрласа оны соттайды,
ал банкир 10 млрд. ұрласада ол бостандықта жүретіндігіне"
түсініспеушіліктерін айтады. Әлеуметтік- психологиялық көзқарас бойынша
қылмыстық заңның нормаларын таңдап қолданудан келетін зиян қылмыстық заң
нормаларын қолданбағанмен тең. Осыған байланысты құқықты сақтайтын
азаматтарда қылмыстық әділеттің барлық жүйесі сатылады және сатып алынады
деген көзқарас туындайды. Осыдан параны алуга мумкіндігі бардың барлығы
алады деген ұғым пайда болады. Жасырын қылмыстылық құқық қорғау
органдарының беделіне де қаяу түсіреді. Қылмыстың көп орын алуы,
жазаланбауы азаматтар алдында құқық қорғау органдарының өз қызметтерін
қандай деңгейде орындап жатқандығын, профессионалдық деңгейлерін көрсетеді.
Осының барлығы қоғамда құқық қорғау органдарының қызметіне деген
немқұрайдылықты тудырады. Бұны әлеуметтік зерттеулер нәтижесі көрсетеді.
Жасырын қылмыстылықты зерттеу қазіргі кезде криминалогия ғылымының негізгі
бағыттарының бірі болып табылады, соңғы жылдары, осы мәселені зерттеуге
назар көп аударылуда. Бұдан жасырын қылмыстылық мәселесі толық шешілді деп
түсінуге болмайды.
Жасырын қылмыстылық мәселесін шешу үшін оның шығу табиғатын,
себебін, нысандарын, аймақтық белгілерін, сандық көрсеткіштерін анықтау
керек. Жасырын қылмыстылыққа байланысты теориялық және практикалық жағынан
сұрақтарды шешу керек. Теориялық жағынан жасырын қылмыстылықты зерттеу
оның нақты жағдайын, мөлшерін, құрылымын, географиясын және нақты бағасын
білу үшін керек, сонымен қатар оның жекелеген түрлерінің даму тентенциясын
білу үшін керек. Криминалогиялық ғылымның болжау функциясын жүзеге асыру
нақты қылмыс мөлшерін білу үшін қажет. Қылмыстылықпен күресу үшін құрылатын
федеративтік және аймақтық бағдарламалар егер олар бір категория, қылмыс
түрлерінде жасырын қылмыстылық орын алатындығы туралы алдын-ала ескертіп
отырса тиімділігі көп болатын еді.
Қалай болған күнде де латенттік қылмыстылықты жалпы қылмыстылықтың бір
бөлшегі екендігін ұмытпаған жөн.
Сонымен, жалпы қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігіне тоқтала кетсек, ол:
- әлеуметтік дамуды және экономикалық өзгерістерді тежейді;
- әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмысын бұзады (дезорганизация);
- әлеуметтік институттардың функциясына ықпал етеді;
- әлеуметтік тыныштықты бұзады;
- сенімсіздік, қорқу, үрейлену сезімін туғызады;
- адамдардың көңіл күйіне, өміріне, жұмысына салқынын тигізеді;
- өзінен өзі туындап отыруға қабілетті: өзгелерге ''жұқтырады'', тартады;
- елеулі материалдық және өзге де ресурстық шығындар кетеді, сондай-ақ
мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуына байланысты күш жұмсауды талап
етеді.

2. ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1. Қылмыстылықтың себептерінің концепциялары
Қылмыстылықтың себептерінің қарапайым-рационалистік концепциялары
Криминологияның пайда болуына дейін адамдар теріс (жағымсыз)
құбылыстардың, сондай қылмыскерліктің себептері туралы ойлана бастаған.
Қылмыскердің бойына шайтандық күш енеді деген сияқты ескі, ғылыми емес
түсініктер адамның табиғатын және қоғамның құрлысын тереңірек түсіну
талпынысымен, қылмыскерлік және оның себептері туралы қанағаттанарық
түсініктемелер мен ауыстырылып жатады. Қылмыскерлер мен қылмыстылықтың
талданылуын табиғи тұрғыдан қарастыратындар мен көбіне әлеуметтік
құбылыстарды зерттеп – білу ұстанатындар арасындағы қайшылықтар
криминологияда негізгі екі мектептің антропологиялық және әлеуметтік
дамуына алғы шарттар жасады.
Олардың қылмыстылықтың себептерінің түсініктемелері, біз байқағандай,
қарама – қарсы және жиі келіспейтіндей болды.
Оған қоса 19 ғасырда – ақ қылмыстылықты толығырақ зерттеп - білу
себептердің санына және әртүрлілігіне назар аударуға алып келді.
Қылмыстылыққа тек адамның жеке қасиеттері ғана емес (темперамент немесе
мүдделері бір ортасы), онымен қоса, отбасылық тәрбие жағдайлары, жақын
ортасының ерекшеліктері, білім деңгейі мамандығы, сондай – ақ баға
деңгейі, соғыстар, жұмысыздық т.б. сияқты үлкен әлеуметтік процестер әсер
ететін болып шықты.
Әр түрі құбылыстар мен жағдайларды тізіп айту ретсіздігін,
кездейсоқтығын, белгілі бір біріздікке және оның үстіне жүйеге қатысы
жоқтығын байқау қиын емес. Ч.Ломброзо өзінің екінші Қылмыс кітабында
этикалық, мәдениеттанушылық, демогрофиялық, экономикалық, педагогикалық,
отбасылық, мамандық, мұрагерлік, климаттық меторологиялық және т.б.
факторларды тізіп шықты. Одан ары қарай қылмыстылықтың факторларының саны
геометриялық прогрессия бойынша өсе бастады.
Мұның мәнісі неде? Қоғамдық және табиғи ортаны, оның нақты құрамдас
элементтерімен қоса қылмыстық әлеуметтің қайнар көзі деп санауға бола ма?
Қылмыстылықты тудыратын жағдайлардың шексіз жиынтығында белгілі бір
ақаудың бар екендігі айқын.
Шынымен, ақау бар біреу ғана емес. Біріншіден, қылмыстылық факторлары
теориясы негізгі мен қосымшаны, маңызды мен маңызды еместі, жетекші және
оған тәуелдіні, сондай – ақ қылмыстардың себептері жағдайларын, оған
жағдай жасайтын нәрселерді араластырып жіберді. Екіншіден айтылған, теория
жүйедегі факторларды қарастырмайды, келтірілген жағдайлардың қылмыстылыққа
әсер ету механизімін ашпайды.
Осы жетіспеушіліктердің әсерінен әр – түрлі факторлардың меншікті
салмағын анықтауға бағытталған және басты (негізгі) мен қосыша
факторларды орнатуға мүмкіндіктер пайда болды. Оның салмағының
арифметикалық санағы да жүргізілген. Бұл жүйеге келтірілмеген факторлардың
сандық мәнін анықтау нәтижесіз әрекет болып шықты. Мұндай талпыныстармен
американың криминолог Р.Макайвер ирониямен жазған. Автомобиль жылдамдығы
белгілі бір шекте карбюраторға, іске қосу жүйесіне, бензинге тәуелді
дегенді бірде бір механик айтпайды. Ол қоғамға да байланысты.[11]
Бұл маманның дұрыс сөз сараптауы қылмыстылықты тудыратын механизімді
орнатуды білдіреді. Әр түрлі сәттілік дәрежесінде Э.Дюркгейм, М.Мертон,
Э.Сатерленд және басқа криминологтар ізденістер жасады. Олардың көзқарасы,
біздің оймызша, өмір сүруге құқылы, алайда олар әр елдегі қылмыстылықты
толығымен түсідіре алмайды.
Криминологиялық зерттеулер жүргізу тәжірибелерінің кезінде біздің
елде қылмыстылық себептерінің мәселесін келесі жағдайларды қабылдай
отырып шешу қажет.
Қылмысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстылықтың түсінігі және белгілері
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстықтың криминологиялық сипаттамасы
«Криминология» пәнінен дәрістер
Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері
Криминология пәнінің түсінігі
Криминология пәнінен контактік дәрістер
Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты
Пәндер