Меншік құқығының түсінігі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

І. Меншік құқығының түсінігі

1. 1. Жалпы меншік түсінігі . . . 3

1. 2. Меншік пен меншік құқығының арақатынасы . . . 5

1. 3. ҚР заңнамалары бойынша меншік құқығының түрлері . . . 7

ІІ. Мемлекеттік және жеке меншік құқығы.

  1. Мемлекеттік меншік құқығының пайда болуы, объектілері және

оның мазмұны… . . . 12

  1. Жерге меншік құқығының ұғымы және пайда болу тәсілдері……… . . . 17
  2. Жеке меншіктің түрлері мен формалары. ……… . . . … . . . 20
  3. Шетел азаматтарының меншік құқығы және оны

қорғау проблемалар . . . 29

  1. Ортақ меншік құқығы . . . . . . 32

2. 6. Меншік құқығы және озегеде заттық құқықтар . . . 36

ІІІ. Меншік құқығын қорғау

  1. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық

әдістерінің ұғымы . . . …… . . . ………. ………40

  1. Меншікті иелену мен меншік құқығын қорғау . . . 42

3. 3 Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы . . . 53

Қорытынды . . . … . . . 74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі… . . . 76

Қосымша схемала

К І Р І С П Е

Азаматтық кодекстiң 188-бабында меншiк құқығына мынадай анықтама берiлген: «Меншiк құқығы дегенiмiз - субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы»

Бұл дипломдық жұмыста меншік құқығын, меншік қатынастарын реттейтін заңдарда керекті заң оқулықтарды, газет, журналдаға меншік құқығы, мемлекет мүлкін мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы басылған мақалаларды оқып үйреніп, меншік құқығының түсінігін оның мазмұнын, меншіктің түрлерін, формаларын, меншік құқығын қорғау түсініктерін кеңінен ашуға тырыстық.

Меншік құқығы кез-келген қоғамның материалдық негізі - меншіктің экономикалық қатынастары болып табылады. .

Меншік бұл белгілі тұлғалардың материалдық игіліктерге қатынасы.

Меншіктің экономикалық түсінігі бұл материалдық игіліктерді ең алдымен өндіріс құралдарын сіңіріп алудың тарихи белгіленген қоғамдық формасы.

Меншіктің экономикалық қатынастарының мазмұны материалдық игіліктерді өз еркінші пайдалану болып табылады. Меншік қатынасын құқықтық реттеу біріншіден материалдық игіліктердің белгілі тұлғаларға тиесілігін белгілейтін нормалары туралы.

Сонымен, меншік құқығының нормалары меншік қатынастарының барлығын емес, ол тек мүліктің белгілі тұлғаларға тиістілігімен байланысты қатынастарды реттейді.

Дипломдық бітіру жұмысы ІІІ тараудан, әр тарау бірнеше тармақтардан тұрады. Кіріспе бөлімде меншік белгілері, функциялары көрсетіледі. I. Азаматтық құқық бойынша меншiк құқығының нысандары мен түрлерi деген бірінші тарауда Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы және оның пайда болуының негізгі жолдары және Мемлекеттік меншiк құқығының объектiлерi және оның мазмұны қарастырылады. II. Азаматтардың жеке меншік құқығы деген негізгі тарауда Жеке меншіктің түрлері мен формалары және оның жүзеге асырылуы және Ортақ меншік құқығының ұғымымен түрлерi анықталса, III. Меншік құқығын қорғау және оны иелену атты тарауда Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық әдістерінің ұғымы мен Меншік құқығын қорғаудың заттай құқықтық әдістері ашылады.

1 Меншік құқығының түсінігі

1. 1 Жалпы меншік түсінігі

Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақтылы тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни, ол бірыңғай тұтас құқық институтын құрайды.

Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:

Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгісі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді.

Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді.

Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.

Меншік құқығының субъективтік мазмұны - өкілеттелінген тұлғаның мүмкіндігі болып табылады. Субъективтік меншік құқығы меншік иесіне өз еркінше мүлкін кәсіпкерлік немесе заңмен тыйым салынбаған басқа іс - әрекет үшін пайдалану және билік ету құқығын басқа тұлғаға өкілеттеуге, сатуға, кепілдікке беруге құқығы бар [1, 15] .

Меншік құқығы меншік иесіне мүлікке деген ие болу пайдалану және билік ету құқығын реттеп отырады.

Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заң жүзінде қамтамасыз ету, өз шаруашылығында ұстау.

Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу тағы басқа өзге де нысандарда болуы мүмкін. Бұл құқықтар тек мүлікке ие болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заң мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық айтылған құқықтардың ішінде негізгісі болып оның бар болуы меншік иесін басқа титулдық иеліктерден ерекшелендіреді. Меншік иесінің үш құқығы, заңның тарихи дамуынан туындап отырған заңды құрылымы болып табылады.

Демек, меншік құқығының заңды ерекшелігі тек меншік иесінің құқықтарында ғана емес, сондай-ақ олардың өзгешелігінде болып отыр. Мұнда жалдап алушының мүлікке деген құқығы меншік иесінің құқығынан шектеулі болып отырғандықтан емес, меншік иесінің құқығы жалдап алушыға мүлікке қожалық етуге мүмкіндік беруінде. [2, 40]

Басқа заңдық мүлік иесінің құқықтар меншік иесі өкілеттілігін берген тұлғаның еркімен ғана емес, әдетте меншік иесінің еркімен пайда болды. Меншік құқығының осы үш құқығының (триада) дерексіз ұғымы ұзақ уақыт осы сияқты субъектілерді меншік иесі деп немқұрайды санап келгенде, ал шынында өздеріне тиістілі мүлікті өз шаруашылығында өз еркінше пайдалану мүмкіндігі болмаған.

Сондықтан, жаңа заң меншік иесіне өз еркінше өзіне тиістілі мұлікке ие болу, пайдалану, билік етуін белгілеп берді. Бұрынғы заңдарда меншік құқықтарын пайдалану шектері белгіленген болса қазіргі уақытта меншік иесі өз мүлкін заңмен тиым салынбаған кез келген іс- әрекетте пайдалана алады. Осының бәрі қаралып жатқан құқықтық негізгі заңдылық ерекшелігін қалаушы меншік құқығының тәуелсіздігін, мазмұнының кеңдігін көрсетеді.

Осындай заңдылықты еске алып, субьективті меншік құқығы бұл меншік иесінің өз мүлкіне өз еркінше ие болу, пайдалану және билік ету, заңда тиым салынбаған басқа да іс -әрекеттер жасау құқықтарын пайдаланып, яғни өз мүлкіне толық қожалық ету деп түсінуге болады. Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады. Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарынан ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді. Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет - ғұрып, адамгершілі, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар ( заңдық ) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға ( пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру ) мүмкіндік береді. Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу ( қайта бөлу ) өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі. Экономикалық теория мншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу аумақтарын, олардың қайталанушылық, ұдайы өндірушілік негізгі екенін көрсетеді. Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.

1. 2 Меншік пен меншік құқығының арақатынасы

Меншiк қай қоғамның да сан қырлы өзектi мәселесi болып келдi. Сондықтан да меншiк құқығын құқық институты ретiнде қараған кезде оны меншiктен шығатын экономикалық категория деп түсiнуi керек.

Меншiк дегенiмiздiң өзi - затты иелену, меншiктену екен, оның өзi заттың пайдалы қасиеттерiне орай жүзеге асады, демек, оны меншiктенген соң өндiрiс барысында пайдаланып, оған билiк етiледi. [3, 7-12] Меншік құқығы материалдық игіліктердің нақтылы тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни, ол бірыңғай тұтас құқық институтын құрайды.

Басқа заңдық мүлік иесінің құқықтар меншік иесі өкілеттілігін берген тұлғаның еркімен ғана емес, әдетте меншік иесінің еркімен пайда болды. Меншік құқығының осы үш құқығының (триада) дерексіз ұғымы ұзақ уақыт осы сияқты субъектілерді меншік иесі деп немқұрайды санап келгенде, ал шынында өздеріне тиістілі мүлікті өз шаруа шылығында өз еркінше пайдалану мүмкіндігі болмаған. Сондықтан, жаңа заң меншік иесіне өз еркінше өзіне тиістілі мұлікке ие болу, пайдалану, билік етуін белгілеп берді. Бұрынғы заңдарда меншік құқықтарын пайдалану шектері белгіленген болса қазіргі уақытта меншік иесі өз мүлкін заңмен тиым салынбаған кез келген іс- әрекетте пайдалана алады. Осының бәрі қаралып жатқан құқықтық негізгі заңдылық ерекшелігін қалаушы меншік құқығының тәуелсіздігін, мазмұнының кеңдігін көрсетеді.

Осындай заңдылықты еске алып, субьективті меншік құқығы бұл меншік иесінің өз мүлкіне өз еркінше ие болу, пайдалану және билік ету, заңда тиым салынбаған басқа да іс -әрекеттер жасау құқықтарын пайдаланып, яғни өз мүлкіне толық қожалық ету деп түсінуге болады.

Меншiк дегенiмiз - бiр материалдық иелiктерге басты және олардың белгiлi бiр тұлғаға тиiстiлiгiне байланысты бiр тұлға мен екiншi тұлға арасында пайда болатын қатынас. Меншiк құқығын беру, басқа бiреуге тапсыру және оның ауысуы мүліктің нысаналы мақсатын ескере отырып жүзеге асыруға тиiс. Жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн сатып алудан бас тартқан жағдайда, осындай учаске оның рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматына сатылуы мүмкiн. Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен қоса берiледi. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысананы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жолдау шарты немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт өтеусiз пайдаланушымен нысанында жасалады. Меншiкке байланысты экологиялық қатынастар меншiк иесiнiң өзiмен немесе заттық құқықтар арқылы меншiк иесi болып табылмайтын тұлғалармен жүзеге асырылады. Жердi пайдалану құқығы жеке немесе заңды тұлғаның жердi пайдаланушылардың жердiң пайдалану қасиеттерiн алудын заңды түрде қамтамасыз етiлген мүмкiншiлiктер Қазақстан Республикасы жер заңымен анықталады жердi пайдалану құқығы оны беру процесiнде пайдалану болып мүмкiн сондықтан үш түрге бөлiнедi: 1) белгiлi тұлғаларға жердi пайдалану құқығының мемлекетке беруi; 2) белгiлi тұлғаларға оны басқа пайдаланушының беруi; 3) универсалдық тәртiп негiзiнде жердi пайдалану құқығын қабылдау.

Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттiк ұйымдар мен мекемелерге берiлген қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, елдi мекендер жерiндегi жалпы пайдаланылатын, босанқы, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, поселкелер мен ауылды елдi мекендердегi жайылымдық және шабылдықтық алқаптар, берiлмеген шалғайдағы жайындар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады. Екi немесе одан көп жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланылатын суару қондырғылары орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi. Мемлекеттiк меншiк мемлекеттiк ерекше субъект сондықтан да мемлекеттiк меншiк құқықтарында кез келген мүлiк болуы мүмкiн. Негiзiнен ортақ меншiк - бұл екi немесе бiрнеше тұлғалардың иелену, пайдалану, және билiк ету құқықтарда болатын меншiк ортақ меншiк деп аталады. Ортақ меншiк екi негiзгi түрге бөлiнедi:[4, 20]

1) Ортақ үлестiк меншiк; 2) Ортақ бiрлескен меншiк. Ортақ үлестiк меншiк дегенiмiз - мүлiкке қатысты меншiк иелерiнiң әрқайсысының үлесi нақты көрсететiлетiн меншiк түрi . Ортақ үлестiк меншiктiң өзi бiрнеше түрге бөлiнедi.

1) нақты үлестiк меншiк. 2) тең үлестiк меншiк. 3) заттық ортақ үлестiк меншiк.

Ал ортақ бiрлескен меншiк екiге бөлiнедi.

  1. ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi.
  2. Шаруа қожалықтарының ортақ бiрлескен меншiгi

Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т. б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық өатынастар туындамайды. Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсатында өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады. Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны бұл:

  • Өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;
  • Өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
  • Қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.

Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамда болады.

1. 3 ҚР заңнамалары бойынша меншік құқығының түрлері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады», - деп жазылған.

Азаматтық кодекс меншiктiң екi нысанда - жеке және мемлекеттiк екендiгiн тәртiптейдi. [5, 29] Сонымен, меншiкке субъектiлер: мемлекет, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады. Азаматтық кодексiне сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.

Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемелекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Азаматтардың меншік құқығы - өз алдына құқықтық институт болып материалдық игіліктің бір адамға тән екендігін бекітеді. [6, 27]

Нарықтық экономика жағдайында жеке даралық және коллективтік кәсіпкерліктің өсуі уақытында азаматтардың тұтыну объектілеріне меншіктің құқығы азаматтар құқығының негізгі құқықтық институты болып қалады да азаматтардың негізгі тобына материалдық игіліктің тиістілігін белгілейді.

Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Қазақстан азаматтары меншігінде - жер учаскелері, тұрғын үйлер, пәтерлерғ саяжай, бақша үйлері, гараждар, үй шаруашылық заттары, акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар жалпы информация құралдары, кәсіпорын, өндірістің сауда-саттық, басқа да кәсіпқойлық саласындағы мүліктік комплекстер ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары, басқада өндіріс құралдары,

өндіріс тұтыну әлеуметтік мәдени мүліктері жатады. Кейбір мүліктер

заңда тура көрсетілген жағдайда мемлекеттің қоғамның қауіпсіздігі мақсатында азаматтардың меншігінде болмауы мүмкін.

Билік ету құқығы мүлікпен жасалған әр түрлі мәмілелер формасында қолданады. Мысалы: шығарған тауарды, тұтынушылар мен жасалынған келісімдер негізінде еркін сату. Сондай-ақ, кірістік салықтарды төлеп болған соң қалған бөлігі кәсіпорынның билігіне түседі де, оны не үшін пайдалану керек екенін кәсіпорын өзі шешеді. Сөйтіп, кәсіпорын қандай қорларды қандай мөлшерде құру керек екенін және қандай мақсаттар үшін жасау керек екенін өзі шешеді. Негізгі және айналмалы құралдарды кімге сату керек екенін, беруін, алмастыруын, сыйға тартуын өзі белгілейді.

Кез-келген азамат өзіне тиісті мүлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін және заңмен шектетелмеген іс-әрекет жасауға пайдалана алады. Сондықтан өз мүлкін қолданып «өз еңбегінен тыс пайда кқру» терминінің мазмұны мен күші табылды. Өз мүлкі негізінде кез-келген заңмен шектелмеген мәмілелерге отырып, пайда көруге болады. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген заңдар азаматтардың меншік құқығының объектілерін кеңейтті. Заңда тиым салынбаған малдар арқылы мүліктің саны мен бағасын көбейтем десе де тиым салынбайды.

Мысалы: азаматтардың меншігінде болған үйлердің, саяжайдың, басқа да құрылыстарға көмектің, малдың тағы басқа саны шектелінбейді. Азаматтардың меншік құқығының пайда болуы негіздерінің ерекше түрлерінің бірі. Тұтыну кооперативтеріне пайдалануға берілген пәтер, саяжай, гараж және басқа да құрылыстарға пайын толық төлеп өз меншігіне айналдыру. Бұл жағдай кооперативтік меншік құқығының күшін жойып объекті азаматтардың меншік құқығына айналдырады. Осының бәрі азаматтардың меншік құқығының объектілерінің шеңберін көбейтеді. Оның бір куәсі - азаматтардың меншік құқығына бағалы қағаздардың пайда болуы (акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттар, т. б. ) . сонымен қатар, тек қана кәсіпқой кәсіпкерлердің ғана емес, көп азаматтардың коммерциялық қатынастарда мүмкіндіктерін кеңейтті. Азаматтардың меншіктерінің пайда болуы жолдарының бірі- өндіріс кәсіпорындарына және салымдарын салу нәтижесінде көрген пайдалары.

Бұл жолды жан-жақты заңды түрде қолдау керек. Жеке кәсіпқойлардың меншік құқығы азаматтардың және олардың семьяларының шаруашылық жүргізу үшін оларға заңмен бекітіліп берілген материалдық игіліктер және әр-түрлі өндіріс құралдары болып табылады.

Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатьшастары меншікің экономикалық қатынастарнның мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзішне дербес болады. Меншік құқығы - негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланысты болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол - тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтардың араласып жатуында болып түр. Бірақ олар қанша тығыз және ауқымды араласқанмен, бұл жерде заттық құқықтан, міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес. Меншік құқығының міндеттемелік нышаңдарының бірі - оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188 бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады. Меншік құқығы - неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң арқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша» ерекеже жуықтау анықтама береді. Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жерге меншік құқығы
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары)
Меншік құқығының түсінігі және түрлері
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz