Иммунитет және денсаулық



І.Кіріспе

Денсаулық . табиғаттың адамзат баласына тартқан үлкен сыйы.

ІІ.Негізгі бөлім

а) Денсаулық . зор байлық.

ә) Дене шынықтыру . денсаулық тірегі.

б) Иммунитет . организм қорғанышы.

ІІІ. Қорытынды

Денсаулық қадірін ауырғанда білеміз!
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық табиғаттың адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты ақтап, оны орынсыз ысырып етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек – дейді дәрігерлер мен биологтар: Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау. Олар, немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған поссивтітүрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықты сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күту керек.Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында.
1. “Валеология” Х.К.Сәтбаев, Ж.Б.Нілдібаев. Алматы 2002 жыл
2. “Валеология” Ә.Х.Сағымбаев, М.М.Ақмырзаев. Алматы 2001 жыл
3. “Валеология” Ж.Ж.Жатқанбаев. Алматы 2003 жыл
4. “Қазақ ССР энциклопедиясы” V – том. Алматы 2000 жыл

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Иммунитет және денсаулық

Жоспары:

І.Кіріспе

Денсаулық – табиғаттың адамзат баласына тартқан үлкен сыйы.

ІІ.Негізгі бөлім

а) Денсаулық – зор байлық.

ә) Дене шынықтыру – денсаулық тірегі.

б) Иммунитет – организм қорғанышы.

ІІІ. Қорытынды

Денсаулық қадірін ауырғанда білеміз!

Кіріспе

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен
қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Дүниежүзілік
медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық табиғаттың адамзат баласына
тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Адамзат баласының тіршілік өмірінде
еңбір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты ақтап, оны орынсыз ысырып
етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек – дейді
дәрігерлер мен биологтар: Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау.
Олар, немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған поссивтітүрде емес, активті түрде
қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты
міндеті. Денсаулықты сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күту
керек.Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз.
Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға
жолатпау, адамдардың өз қолында.

Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішіндегі дүниежүзінің барлық
елдеріндегі, сондай – ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының
тым нашарлап кетуіне байланысты, және адамдардың тіршілік ету мерзімдерінің
қысқаруына байланысты, және адамдардың тіршілік ету мерізімінің қысқаруына
сәйкес – адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
“Денсаулық” – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы
мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Адазат
баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы.
Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырып етпеу керек, үнемі денсаулықтың
қорын көбейтіп отыру керек – дейді дәрігерлер мен биологтар. Баршаға
белгілі – адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары
ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу мәселесімен шұғылданады да
аурулардың пайда болуымен айналыспайды.
Ауру адамның физиологиясы мен тек физиолог ғалымдар шұғылданады. Ұлы
физиолог И.П.Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған:
“Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің негізгі принципі –
“денсаулық” деп аталатын сыртқы және ішкі біркелкілік қалыптың айқын
анықтамасы жоқ...”. Иә, медицина ғылымы қанша көне болғанмен, денсаулық
туралы анықтама бере алмайды. ХХ ғ әртүрлі себептер әсерінен медицина
емдік, госпитальдық, емханалық, ықшам мамандандырылған анықтама бере
бастады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, “денсаулық”
дегеніміз – ағзаларда аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы
ғана емес, ол табиғи, рухани және әлеуметтік толық аман – есендік. Академик
В.П.Казначеевтің анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір
сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттерімен тиімді
жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай – ақ жас
ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттігінің
сақталуы мен дамуы. Ал И.И.Брехманның анықтамасы бойынша, денсаулық –
адамның ерекшелігіне сәйкес өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен бірге
сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттігі.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын
планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат тайлығымен бірге өсіп, біте
қайнасып жатыр.“Денсаулық – зор байлық” дейді қазақ. Халықтың денсаулығын
сақтау аурулардың алдын – алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік,
әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық мәселе.
Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі
айналысады. Обылыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп
отырады. Кейінгі кезде халық денсаулығы әсіресе балалармен жасөспірімдер
денсаулығы өте нашарлап кетті. Балалар дәрігерлік көмекті балалар
ауруханасы мен емханалардан тегін алады, ал үш жасқа дейінгі балалар
консультация орындарының бақылауында болады. Денсаулық дегеніміз – ағзаның
айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі. Айналаны қоршаған
сыртқы орта әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі.
1. Физикалық денсаулық – ағза жүйесімен органдарының өсу деңгейі. Ол
ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық – ол адам ағзасымен органдардың арасындағы
биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басының дамуының биологиялық
бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы.
Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын
болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.
4. Рухани денсаулық – ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі
мен мотивациялық іс - әрекеттің арасындағы қарым – қатынастардың
сипаттамасын көрсетеді. Ол адамның көңіл күйін анықтайды. Өйткені рухани
денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан
дүниесінің сұлулығын көрсетеді.
Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін
болсақ, денсаулықты шартты түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20 пайызы тік
факторларға, 20 пайызы айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына,
экологиялық факторлардың әсеріне, 10 пайыз – денсаулық сақтау жүйелерінің
әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр.
Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса және дәрі –
дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні
сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені
адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылыс.
Адам баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен
және ішкі физиологиялық үрдістермен байланысты болатыны анықталып отыр.
“Егер физикалық жаттығулармен шұғылданатын болсақ, онда дәрі – дәрмек
ішудің ешбір қажеті жоқ” – деп Авиценна айтқандай: Адамзат баласы ұзақ
жылдар бойы өзінің денесін сауықтыру үшін және ғұмырын ұзарту үшін,
көптеген тәсілдерді пайдаланды. Денені шынықтыру үшін өте күшті бальзамды
пайдаланды, жастық шақты қайтаратын эликсирді де ішті, скипидар қосылған
және сүттен жасалған ванналарға да түсті. Новокомнды да денесіне ине арқылы
жіберді, жануарлардың жыныс мүшелерін қоздыратын бездерді де денелеріне
таратты. Мұның бәрін қазіргі заманның адамдары да пайдаланып келеді. Бірақ
адамдардың денсаулықтары жақсарып, ғұмыры ұзарып кеткені байқалмады.
Адамдардыңденсаулығын жақсартып, ғұмырын ұзартатын бір ғана фактор бар. Ол
белсенді түрде жүргізілген физикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунологиялық реакциялар: маңызы, түрлері, механизмдері, қою тәсілдері. Инфекциялық аурулардың иммунопрафилактика және иммунотерапия негіздері.
Иммунологияның негізгі қағидалары
Инфекциялық иммунология негіздері.
Иммуногендер мен вакциналардың биотехнологиясы
Спид
Иммунитеттің әлсіреу себептері
Сіреспе ауруы
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Иммунология
Пәндер