Қалдықтар. Қалдықтарды жіктеу



Кіріспе
Негізгі бөлім
Қалдықтар. Қалдықтарды жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Полигондар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қалдықтар . потенциалды шикізат көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму денгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоыюға, тасуға, кәмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді.
Төмендегі 10.1-10.2-ші суреттерде қалдықтардың жалпы және өнеркәсіп қалдықтарының табиғатына қарай жіктелуі берілген. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда суды ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын мен болмайтындар) жатады. Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшее, қоршаған орта ластанудан корғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқып, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл -жағдайда бір өндірістін, қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады. Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады.
Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.
1. Экология. А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Сайнова Жоғарғы оқу құралы Алмаы 2003ж
2. Экологя негіздері. Оқулық.
3. М.Молдахмеов, А.М.Газалев, С.Д.Фазылов Қарағанды, 2002ж.
4. Экологя негіздері. Ж.Ж. Жақанбаев. Алмаы 2003ж

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қалдықтар. Қалдықтарды
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Полигондар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қалдықтар - потенциалды шикізат
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .

Кіріспе

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен
биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна
түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер
тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-
шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды,
олар құнды шикізат көздеріне жатады.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму денгейіне сәйкес әбден
жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер
алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоыюға, тасуға,
кәмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып
жатыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-
жай шаруашылығы жатады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда
тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді.
Төмендегі 10.1-10.2-ші суреттерде қалдықтардың жалпы және өнеркәсіп
қалдықтарының табиғатына қарай жіктелуі берілген. Агрегатты күйіне
байланысты топтастыруда суды ерітінділер мен шламдарға араласқан
(органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық
ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік
майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын мен болмайтындар) жатады.
Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор
айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшее, қоршаған орта ластанудан
корғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру
қажеттігі айқып, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер
емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл
-жағдайда бір өндірістін, қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде
пайдаланылады. Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және
байытқанда пайда болады.
Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған
шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты
бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға
жіберіледі.

Қалдықтар. Қалдықтарды жіктеу

Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнынан жыл сайын 100 млрд.
тоннаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын (4 млрд.т мұнай және ғаз, 2
млрд. т көмір) беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92 млн.т
минералды тыңайтқыштар мен 2 млн.т улы химикаттар пайдаланылып, олар да жер
бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн. тоннаның үстінде көміртек оксиді, 53
млн. тоннадай азот оксидтері, 50 млн. т көмірсутектері, 146 млн.т күкірттің
диоксиді, 250 млн.т шаң ғаз тәрізді қалдық ретінде шығарылынылады. Ал су
қоймаларына жыл сайын орта есеппен 32 млрд. м тазаланбаған су, әлемдік
мұхиттарға - 10 млн.т -дейін мұнай тасталынылады.
Осы жағдайларға байланысты қоршаған ортада пайда болған қолайсыз
өзгерістер қайтымсыз түрге айналып отыр. Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін
әртүрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып,
шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет. Табиғаттағыдай
өнеркәсіпте де айналым болу керек. Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш
қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өңдеп пайдалы заттар шығаратын қосымша
өндірістер ұйымдастырылса экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар
табиғатқа тиетін қолайсыз әсер де жойылып отырады.

Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі топқа бөлінеді
- өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына. Өндіріс қалдықтарына бұйым
алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен озінің бастапқы тұтыну
санасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары
жатады. Бұл топқа сонымеп қатар шикізатты физикалық-химиялық жолмен
өндегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақта
өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын, өнімдер кіреді.
Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде
басқа өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына
сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда
шыққан қатты заттар да жатады.Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін
тозып, өздерінің тұтыну касиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады.
Олар өндіріс жағдайында белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал тұрмыста
тасталынады.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға
асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатындарға - өңдейтін технология
болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа
салаларында шикізат шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш
ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады. Taп осы кезеңде өңдеу жүргізетін
технологияның болмағанына және алынған енімдерге тұтынушының жоқтығына
байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға імсіз қалдықтарды пайдаға
асырылмайтындарға жатқызады. Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда,
оны физикалық-химиялық жолмен өңдегенде жанама немесе қоса шыкқан өнімдер
қалдықтарға жатпайды. Бұл өнімдерге мемлекеттік стандарт белгіленеді және
баға қойылады.
Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар
жапатын және жанбайтын топтарға бөлінеді. Жанбайтын пайдаға асырылмайтын
қатты өндірістік қалдықтарға қоқыстар, кектер, руданы байытқанда шыққан
қалдықтар және т. б. жатады. Бұларды өңдейтін технология әзірше
болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.
Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары, мақулатура,
тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар,
пайдаланылған былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді
жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық
цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады
немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданады. Ал жағу процесінің
нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі. Қалдықтарды жер астына,
геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқиандарына,
кейде арнайы жасалған орларға - полигондарға) немесе теңіз түбінің терең
ойпандарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады. Радиоақтивті және
едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі толығымен шешімін
таппаған экологиялық ірі проблеманың бірі болып табылады.
Улы қалдықтарды көму уақытша амалсыз қолданылатын шара, себебі бұл
жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады.
Кейбір тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды көму алдында жағу арқылы
олардың көлемін азайтуға болады.
Улы қалдықтардың әр уақытта қауіптілік (уыттылық) класын негізге ала
отырып, оларды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылданады.
Қауіпті қалдықтар
Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектері бар, қауіпті
қасиеттер (улылық, ортенетін және жарылатын қауіптілігі бар, жоғары
радиоақтивті) тон немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, сонымен
қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына
және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады.
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері олардың сапалық және сандық
құрамына байланысты. Қалдықтардың химиялық құрамы әркелкі, себебі олар әр
түрлі физикалық-химиялық қасиеттері бар курделі поликомпонентті
заттектердің қоспасынан тұрады. Осы қалдықтардың биосфераға тигізетін
зияндылығы мсп қауіптілігін сипаттайтын кейбір негізгі көрсеткіштер.
Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға (арнайы
қалдықтарға) шамамен 600-дей заттар мен қосылыстар жатады. Олардың құрамына
кіретіндер:
• пастицидтер және олардың құрамына кірстін химия өндірістерінің
қалдықтары;
• радиоақтивті қалдықтар;
• сынап және оның қосылыстары, сынапты термометрлер;
• мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьягі бар
металлургиялық өндіріс пен жылу электр
станцияларының қалдықтары;
• қорғасынның қосылыстары, көбіне олар мұнай өңдейтін және бояу
өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарында болады;
• пайдаланылмаған медикаменттер, улы химикаттар, бояулар, лақтар,
коррозияға қарсы қолданылатын заттар, синтетикалық желімдер, косметикалық
заттар;
• тұрмыстық химия құралдарының қалдықтары.
Егерде өндіріс қалдықтары кейбір зиянды заттектердің табиғи ортаға
өтуіне себебін тигізетін болса, онда олардың осындай қабілеті артқан сайын
қоршаған ортаға қатысты қауіптілігі де жоғарылап отырады. Өнеркәсіптің
барлық салаларынан көп мөлшерде қалдықтар шығатынына жоғарыда нақталып
кеткенбіз. Мысалы, жылына Ресейде түсті металлургия саласында 2 млрд. т
руда өндірілетін болса, оның тек 1%-і ғана құндылық өнімге айналып отырады.
100 млн.т көлеміңде шыққан улы қалдықтардың 6-7%-і ғана залалсыздандырылады
немесе көміледі. Жалпы 7 млрд. тоннадай жиналған қалдықтардың ішінде 1
млрд. тоннадайы қауіпті қалдықтарға жатады. Ресей мен Қазақстанның әр
тұрғынына жылына келетін қатты қалдықтардың көлемі шамамен 15-16 т. Қатты
қалдықтардың жинақталуы оларды өңдеу процесінің кеңінен дами алмағандығымен
түсіндіругс болады.
Қауіпті қалдықтардың тек 14 көлемі ғана қазіргі шақта өңделуге
жататындар. Радиоақтивті қалдықтар. Қоршаған ортаға және тұрғындарға ерекше
қауіптілік туғызатын қалдықтарға радиоақтивті қалдықтар жатады.
Олар уран өндірістерінде, ядролық реақтормен жұмыс істеген кезде,
ядролық сынақтар өткізілгенде, радиоақтивті изотоптарды қолданғанда, АЭС
бөлшектеу және жөндеу жұмыстарын жүргізген кездерде, радиоақтивті
медициналық аспаптардың бөлігі істен шыққанда пайда болады, сонымен қатар
радиоақтивті қалдықтарға АЭС, тағы басқа радиоақтивті заттармен қатынасты
объектілер қызметкерлерінің жұмыс кімдері жатады. Радиоақтивті қалдықтар
әртүрлі сәуле (а,в,ү) шығаратын көздерге жатады. Радиоақтивті қалдықтар
ақтивтіктеріне және агрегаттық күйіне қарай топтастырылады.
Қатты қалдықтар радиоақтивті деп есептелінеді, егерде олардың меншікті
белсенділігі а - сәулелену көзі ретінде қарағанда 3,7-10-2 Бккг- 7-103
Бккг аралығында; В- сәулелену 7,4-104 Бккг; ү - 10-7 г-экв. радкг
бoлca.
Адам үшін иондаушы сәулеленудің қауіпті дәрежесі сәулеленудің
белсенділігіне ғана емес, жартылай ыдырауының физикалық кезеңіне де
байланысты, себебі осы кезең өткеннен кейін заттектердің радиоақтивтілігі
де, мөлшері де төмендейді. Әрбір радионуклидтің өзіне тән жартылай ыдырау
кезеңі бар. Мысалы, уран-238-дің жартылай ыдырау кезеңі 4,5-109 жыл, уран-
235 - 7-108 жыл, калий-40 - 1,25-109 жыл, плутоний-240 -6620 жыл, плутоний-
239 - 2,4-103 жыл (судағы ШРК - 81,4 Бкл, ауадағы -3,3-10-3Бкл), полоний-
210 - 138,3 тэулік (судағы ІІІРК -3- 10-5 мкКимг, ауадағы ШРК - 2 10-10
мкКим3), радий - 8100 тэулік (ауадағы ІІІРК - 3-10-6 Кил), йод-125 - 60,2
тәулік, йод-129 -16 млн. Жыл, йод-131 - 8,05 тәулік, йод-132 - 2,26 сағат,
стронций-90 - 27,7 жыл, цезий-137 - 65 тәулік, цезий-134 - 100 тәулік
(ауадағы LI1PK - 0,002 Бкл) құрады.
10.3. Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік)
класын анықтау Құрамында адам денсаулығына өте зиянды әсер ететін, соңдай-
ақ қоршаған ортаға қауіп туғызатын улылық қасиеті бар зат-тектерден тұратын
қалдықтарды улы қалдықтар деп атайды. Ал қолданғанда немесе қатысу арқылы
организмнің өмір тіршілігін бұзатын заттектердің қасиетін улылық немесе
уыттылық дейді. Қалдықтарда кездесетін улылық қасиеті бар заттектерге мысал
ретінде ауыр металдарды, қышқылдық пен сілтілк көрсеткіштері рН 3,5-тен
төмен және 9-дан жоғары ерітінділерді, нестицидтерді келтіруге болады.
Уытты қалдықтардың негізгі көздеріне өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы,
сонымен қатар қазіргі кезде көп тараған шағын кәсіпорындар мен шеберханалар
жатады. Уытты қалдықтардың 70-80%-ын шығарушыларға химия және мұнай өңдеу
өнеркәсіптерін жатқызуға болады. Шығарылатын уытты қалдықтардың жылдық
көлемі АҚІІІ-та -275 млн. т, Германияда - 6 млн. т, Ресейде - 20 млн. т,
Қазақстанда — 3 млн. т. Адамның жан басына шаққанда мөлшер жағынан барлық
елдердің ішінде алда тұрған Нидерландия. Дүние жүзі бойынша әр адамның
үлесіне орта есеппен уытты қалдықтардың келетін көлемі 0,1 т, дамыған
елдерде 0,5 т. Уытты қалдықтарды үйіндіге тастауға, не қоқыс өртейтін
зауыттарға жіберуге жатпайды. Олар улылығына, яғни қауіптілік класына
байланысты көміледі немесе арнаулы қоймаларда сақталады. Өндіріс
қалдықтарының қауіптілік класы заттектердің улылығын негізге ала отырып
есептеу әдісі арқылы анықталады. Әр заттың улылық индексін (К;) анықтау
үшін оның топырақтағы шекті рауалы концентрациясы (ШРК) негізге алынып

К, = ШPKj(S+C3)

формуласымен анықталады. Бұл жерде ШРК; - қалдықтың құрамындағы і-затының
топырақтағы шектік рауалы мөлшері; S -і-затының суда ерігіштігін
сипаттайтын өлшемсіз коэффициент (ерігіштік шаманы 100% бөлу арқылы
табылады), С3 - бұл компоненттің қалдықтағы мөлшері, тт.
Улылық индексі қалдық құрамындағы 3 негізгі компоненттер үшін
анықталады. Содан кейін приоритетті улы заттектер арқылы жалпы улылық
индексі (KΣ) табылады і=п

Жалпы улылық индсксті білгеннен кейін 10.1-іпі кестедегі мәліметтерді
пайдаланып қауіптілік класын табады.Қалдықтардың улылық (қауіптілік) класын
елім мөлшері (дозасы), яғни жануар организміне енгізгенде олардың 50%-ін
олтіретін мөлшер арқылы да анықтауға болады. Бұл жағдайда улылық индексін
келесі теңдеумеи табады:

бұл жерде Ғ- белгілі компоненттің өлшемсіз ұпшалылық коэффициенті
(ұшналылықты 760 мм сынап бағанасына бөлу арқылы табады). Одан кейін,
бірінші жағдайдағыдай, үш негізгі компоненттердің жалпы улылық индексі К
есептелініп 10.1-ші кесте арқылы қауіптілік класы белгіленеді. Заттардың
ІІІРК жөне ӨД50 мағыналарын, суда ерігіштігін және ұншалылығын анықтамалық
кітаптан немесе басқа әдебиеттерден алуға болады. S және Ғ-ің есептелінген
мағыналарының шамасы 0 мен 1-дің арасында болады. Сонымен, барлық өндіріс
қалдықтары төрт қауіптілік класына бөлінеді: бірінші-айрықша қауіпті
(радиоактивті заттектер, бенз(а)пирен, диметилтиофосфат, қорғасын, сынап
метал түрінде және олардың бейорганикалық қосындылары); екінші - жоғары
қауіпті (метилмеркаптан, азот оксидтері, никель, марганец, күкіртті сутек,
формальдегид, фторлы сутек); үшінші - орташа қауіпті (қаракүйе, күкіртгі
көміртек, метил спирті, темекі); төртінші -болымсыз қауіпті (аммиак,
аммиакты-карбамидты тыңайтқыштар, бокситтер, темір оксидтері, эк тастар).
Бірінші класс қалдықтары болаттан жасаған қабырғасының қалыңдығы 10 мм,
саңлаусыз жабылатын қақпағы бар баллондарға жиналады. Толтырылғаннан кейін
қақпақ электрлік пісіру арқылы жабылдырылады. Қалдықтар салған болаттан
жасалған баллондарды бетон контейнерлеріне орналастырып барып көмеді.
Екінші класқа жататын қалдықтарды сақтау үшін полиэтилен, ал үшінші
класқа қағаз қаптар қолданылады, төртінші класс қалдықтары өндіріс алаңында
немесе полигондарда ораусыз сақталады. Дүние жүзі деңгейінде өнеркәсіп
қалдықтарының қауіптілігін (улылығын) бағалу үшін бірнеше әдістер
қолданылып жүр. Олардың ішінде өте ыңғайлы әдісті жасаған Envirjnmental
Protection Agency (ЕРА). Осы қалдықтарды топтастыру жолын экологиялық
қауіпсіздікті сақтау мақсатында барлық шаруашылық салаларында қолдануға
болады.
10.4. Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу және көму Халық
шаруашылығының барлық салаларында пайда болған қалдықтарды
бақылауда ұстап, тиісті жолдармен пайдалануды сақтауды, т, б.
басқару үшін қажетті жұмыстар жиынтығы 10.7-ші суретте келтірілген.
Қатты қалдықтарды қолдануға бағытталған процестерді қиындататын
олардың кейбір қолайсыз қасиеттері бар. Қалдықтарды зиянсыздандыру төрт
әдіс: жағу, химиялық немесе биологиялық жолмен нейтралдау, көму арқылы
жүргізіледі. Әртүрлі жылу физикалық қасиеті бар қалдықтарды жағуға арнайы
арналған қондырғылардың конструкциялары жасалған. Кейбір өнеркәсіптерде
жағу процесі қазандықтың күш беретін қондырғыларында жүргізіледі. Жағу
алдында өңдеу арқылы қалдықтарды көп жылу шығаратын қасиет беріп жанғыш
затқа айналдырады. Жанғыш қалдықтардың бәрі жағылады. Қалдықтарды жағуды
1000-1200 °С шамасында жүргізген орынды, себебі бұл жағдайда атмосфераға
бөлініп шығатын ластаушы заттардың көлемі минимумға дейін томендейді.
Бірқатар елдерде қауіпті қалдықтарды жағуға өте жоғары температураны ұстай
алатын цементтік пештер қолданылады. Негізінде цементтік пеште химиялық
тазартуға пайдаланылған өнеркәсіп ерітінділері, баспа бояулары, бояу
сұйылтқыштары мен олардың қалғындылары, қолданылған майлар және жанғанда
көп жылу болетін органикалық қалдықтар жағылады. Қалдықтарды көмудің орнына
жою үшін жағу әдісін қолданған тиімді келеді, себебі оларды жаққанда
бөлінген жылуды цемент шығаруға пайдаланса, осыған жұмсалатын біраз отынның
мөлшері қысқартылады. Жанбайтын улы қатты және паста тәрізді 2-ші және 3-ші
кластық қалдықтарды зиянсыздандыру оларды тығыздап калыңдығы 1 м-дей
саздан немесе бетоннан жасалған шұңқырларға көму арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанда ең кеңінен қолданылатын әдіске бір қалдықтың түрін екінші
қалдықпен зиянсыздандыру жолдары жатады.
Мысалы, байыту фабрикаларының сілтілі сұйық қалдықтары мен зауыттардан
шығатын қышқылды ерітінділерді арнайы тұндырғыш-тоғандарға бір-бірін
нейтралдау үшін бірге жинайды. Сонымен қатар қазіргі кезде кокехимиялық
зауыттардан шығатын күкіртті смолалы заттарды нейтралдауға азот
тыңайтқыштарын өндіретін зауыттардың әкті шламдары қолданылын жүргені
белгілі. Ал көмірді кокстауда бөлініп шығатын құрамында күкіртті сутегі бар
газ аммиак суымен нейтралданады.
Әдетте улы емес жанбайтын қатты қалдықтар ашық жерде сақталынады
немесе жәй көміледі.
Құрамында 1-3 қауіптілік кластарына жататын заттары бар қалдықтарды
көмуге тыйым салынған, сондықтан полигонға жіберер алдында өнеркәсіптің
өзінде оларды сусыздандырып пасталық түрге айналдырады.
Өте улы қалдықтарды, әсіресе құрамында мышьяк пен кадмий барларын,
зиянсыздандыру мен көму ерекше назар аударуға жатады. АҚШ-та тусті
металлургияның мышьягі бар қалдықтары цементпен араластырылып, су
өткізбейтін жыныстарда орналасқан арнайы полигондарда көміледі.
Жапонияда құрамында кадмий бар қалдықтарды пісіру арқылы суға тозімді
улы емес шыны тәрізді кесекке айналдырады. Шымкент қорғасын зауытынан
қалдық ретінде шығатын кальций арсенаты өндірістің өз аймағында темірбетон
шұңқырларында сақталады. Мышьяк қалдықтарын суға өте төзімді шынылы түрге
айналдыруға бағытталған көптеген әдістер белгілі.
Қатты және өте қауіпті сұйық қалдықтарды зиянсыздандыру үшін назар
аударуға тұратын жолдардың бірі - биологиялық технология.
Биологиялық технологияда адамға пайдалы өнімдерді алуға және қоршаған
ортаны тазалауға тірі организмдер мен биологиялық процестер қолданылады.
Биотехнологияны адамдар ежелден қолданып келе жатыр.
Барлық ауыл шаруашылық өндірістері биотехнологияға
негіздслген. Мысалы, нан пісірудің немесе шарап ашытудың негізі болып
микробиологиялық процестер саналады. Биотехнологияның мүмкіншілігі ауқымды.
Микробиологиялық организмдердін әралуан түрлері кейбір органикалық заттарды
сіңірумен қатар, оларды зиянсыз түрге немесе пайдалы өнімдерге, мысалы,
шалшықты ғазға, айналдыра алады. Бірақта, биологиялық әдісті қолдану оның
ұзақ уақытта қажет етуіне байланысты белгілі шамада шектелуде.
Биотехнологияның жетістігі мен микроорганизмдердің жаңа түрлерін алу
экологиялық қорғау жолындағы мақсаттарға жетуге мүмкіндік туғызады деген
үміт орындалатынына соңғы кезде көз жеткізіп отырған жағдайлар аз емес.
Мысалы, биологиялық жолмен ыдырайтын жаңа пластиктер түрлері жасалуда. 1990
жылы американың JCJ компаииясы қанттарды бақтериялармеп ферментациялау
арқылы дүние жүзінде алғаш рет биолоғиялық жолмен ыдырайтын биопол деген
термопластикті алды. Ол пленкалар, ыдыстар, буып-түйетін тоқылмаған
материалдар алуға пайдаланылады. Қазіргі кезде көп елдердегі ірі ғылыми
лабораториялар мен фирмалар әр алуан қасиеттер тән биологиялық жолмен
ыдырайтын полимерлік материалдар алудың іргелі биотехнологияларын жасау
үстінде.
Тікелей қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биотехнология әдістері
соңғы кезде қарқынды түрде дами бастады. Экологиялық биотехнологиялардың
негізгі дамыған бағыттарына мыналар жатады:
• ақаба суларды биологиялық жолмен тазалау;
• қатты қалдықтарды биологиялық әдістермен өңдеу (ақаба судың түбіне
жиналағын ұсақ тозаңды тұнбаны пайдаға асыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды
өңдеу, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын зиянсыздандыру мен жою);
• ауаны ароматты заттектерден биолоғиялық жолмен тазалау;
• қоршаған ортадағы ксенобиотиктерді (тірі организмдерге жат химиялық
заттектер) биодеградациялау; зонаны көгалдандыру және периметр бойымен ені
50 метрлей келетін орман қорғау алқабымен полигонды жабдықтандыру
қарастырылады.
Жергілікті суды қорғау мен санитарлық эпидемиялық қызмет
мекемелерімен келісілген нұсқауларда полигонға қабылданатын және қабылдауға
жатпайтын улы қалдықтардың түрлері анық көрсетіледі.
Қалдықтар міңдетті түрде пасиорттандырудан өткізіледі. Әр өнеркәсіп
мекемесі санитарлық ережелерді негізге ала отырып, қалдықтарды жинауға,
сақтауға, буып-түюге, тасымалдауға, көмуге, т.б. істерге қатысатын
адамдарға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқауларын жасайды.
Полигон басшыларымен және жергілікті санитарлық энидемиологиялық
қызмет мекемесімен келісілгеннен кейін бұл құжатты өнеркәсіп мекемесінің
басшысы бекітеді. Полигондар оңашалау, үйлер салынбаған, жақсы желденетін,
әсер жаңбыр жауғанда, қар ерігенде және тасқын болғанда судың астында
қалмайтын жерлерге орналастырылады.
Полигонды жел тұратын бағытты анықтан, ел тұратын жердің ық жағында,
су алатын жерден, қыстақ шұңқырлардан, уылдырық шашатын және балықтардың
мекендейтін жерлерінен төмен, су жинауға арналған ашық қоймалардан тыс
аймаққа орналастыру қажет. Полигон аймағында жер асты сулары 20 м-ден артық
тереңдікте жатуға тиіс, сонымен қатар осы полигон орналасқан жерде
топырақтың фильтрация коэффициент! 1 мкмтәулік артық болмауы керек.
Әсіресе ішуге қолданылатын жер астындағы сулардың үстінде қалдықтарды
көмуге болмайды.
Дүние жүзі бойынша іс жүзінде қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ)
айналымы келесі жолдармен ұйымдастырылады:
1) көму және жарым-жартылай өңдеу жұмыстарын жүргізуге арнайы
полигондарды салу;
2) азот тыңайтқыштарын немесе биоотынды компостау (қордалау)
арқылы алу;
3) сыпырынды жағатын зауыттарда қалдықтарды жағу;
• органикалық химия қалдықтарымен және мұнаймен ластанған топырақты
биологиялық жолмен рекультивациялау;
• органикалық қалдықтарды және биомассаны пайдалану арқылы қалпына
келетін энергиямен, шикізат көздерімен қамтамасыз ету (биогаз және екінші
реттік отын түрлерін алу, органикалық тыңайтқыштардың транеформациясы және
т. б.);
• аурулар мен ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының зиян-кестерімен
күресуге химиялық пестицидтерге альтернативті қауіпті емес нәтижелі
биологиялық шараларды жасау.
Улы қалдықтарды зиянсеыздандыруға физикалық әдістер де қолданылып
жұр, атап айтқанда, әртүрлі сәулс түрлерімен (мысалы, ультра күлгін
сәулесі) күрделі молекулалардан құралған органикалық сұйық қауіпті заттарды
жай молекулалардан тұратын зиянсыз зат түріне айналдыруға болады. Соңғы
жылдары кейбір ғылыми еңбектерде электр магнитті рақеталардың көмегімен
қалдықтарды күн жүйесі маңының сыртына тастау ұсыныстары кездесіп жүр. Осы
жолмен АЭС қалдықтарын жоюды ұсынып жүрген АҚШ-дағы Массачусет технология
институтының ғалымдары.

Полигондар

Полигондар - бұл кәдеге асыруға жатпайтын өнеркәсіп қалдықтарын
зиянсыздау мем көмуге бағытталған арнайы табиғат қорғау құрылыстары.
Полигон құрудың негізгі мақсаты - қалдықтарды көмуге бөлінген жерді
экономикалық тұрғыдан тиімді түрде қолдану арқылы топырақты, атмосфераны,
жер асты мен бетіндегі суларды улы компоненттермен ластанудан сақтау.
Полигондар ретінде пайдаланатын жер 20-25 жылдай мерзімге бөлініп беріледі.
Олар қонысты аймақтан аулақтандырылады, санитарлық қорғау зонасының ені 3
км - ге тең болуға тиіс, Полигонның алшақтығы ауылшаруашылық егістік жерден
және транзитті жолдардан 200 м-ден, орман алқабынан 50 м-ден кем болмауы
қажет. Санитарлық корғау
4) ферментациялау (мал шаруашылығының ағындарынан биогаз алу);
5) бастапқы сорттау, пайдаға асыру және қалдықтардағы құнды
компоненттерді дайдалану;
6) қатты тұрмыстық қалдықты пиролиздеу ауасыз жоғары температурада
(шамамен 1700 °С) қыздыру.
Қалдықтарды орналастыру үшіп арнайы объектілер жасалады (полигондар,
шламсақтау орындары, тау жыныстарының үйінділерін сақтайтын жерлер және т.
б.). ҚТҚ сақтайтын объектілерді салар алдында геологиялық гидрогеологиялық
және басқа да барлау жұмыстары жүргізіледі, осыны негізге ала отырып,
мемлекеттік экологиялық сараптау қорытындысы жасалып, полигонға рұқсат
беріледі. Қоршаған табиғи органы ластау деңгейіп төмендету мақсатында
бұрынғы бақылаусыз қоқыс тастайтын жерлердін орнына үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік қалдықтар және олар тазарту әдістері
Қалдықтар туралы жалпы түсінік
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және жоюдың жолдары
ІІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі орташа қалдықтар
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
Қоқыс қалдықтарын өңдеу
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
Қалдықтарды жіктеу
Орама материалдар тарихынан
Қалдықтар.қауіпті қалдықтар және олардың жіктелуі
Пәндер