Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы



Кіріспе

1 Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
1.1 Заки Валидидің кеңес өкіметі туралы көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Мұстафа Шоқай және Түркістанда Кеңес өкіметінің орнауы сипаты туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихы кеңестік тарихнамада
2.1 Мәселенің 40.80 жж. ғылыми әдебиеттерден көрініс табуы ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қайта құру кезеңіндегі Кеңес өкіметі туралы тың тұжырымдар ... ... ... ... ...
3 Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы туралы жаңа көзқарастар
3.1 Мәселенің Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Кеңес өкіметі орнауы және оның тарихи маңызы шет ел әдебиетінде ... ... .

Қорытынды

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Мұсылман елдерін бірлігі «Ұлы Түркістан» идеясын ұстанған, мұсылман фракциясының көрнекті өкілі, Башқұрт елінің ұлы тұлғасы Заки Валидидің Қазақстанда Кеңес Өкіметінің орнуына қатысты көзқарастарын пайымдамас бұрын жалпы Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауының тарихи тұрғыдан қарастырып өтсек:
«Большевиктік партия 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін күн тәртібінен алып тастаған өзінің «Бүкіл өкімет Кеңестерге берілсін!» деген ұранын қайтадан алоға тартты. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске және Уақытша өкіметті құлатуға, сөйтіп, пролетариат диктатурасын орнатуға шақырғандықты білдірді.
1917 жылы 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңінен көтерілісші жұмысшылар, солдаттар мен матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери – революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады.
Қазақ қарулы көтерілісінің Петроградтағы жеңісінің және орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес ірі қалалар – Ташкентте, Омскіде, Орныборда, Астраханьда кеңес өкіметінің орнауының Қазақстанда бүкіл өкімет билігінің Кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызы болды. Алайда Қазақстанда Кеңс өкіметін орнату төрт айға, 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Бұл процесс өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табымен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болғандығынан, ұлтаралық қатынастардың күделілігінен туған қиыншылықтар себебінен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің өлкеде жеңіске жетуінде солдат депутаттары Кеңестеріне біріккен жергілікті гарнизондардың солдаттары және Ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған әрі барынша қолдаған көңіл күйдегі, өздеріне – бейбітшілік, ал шаруаларға – жер беруге уәде жасаған өкіметтің болуына жеке мүдделі бұрынғы майдангерлер шешуші рөл атқарды.
Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери өкіметтері деп аталатындардың табынды қарсыласуымен сондай-ақ Қазақстанның әр түрлі қалаларында (әсіресе Оралда) орталық аудандарда қашқан бұрынғы құлатылған Уақытша үкімет жақтастарының шоғырлануымен қиыншылықты жағдай одан бетер күшейе түсті.
1. Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы., 1994.
2. Қыдырәлі Д. Мұстафа Шоқай. – Алматы., 2001.
3. Омарбеков Т. Пантюркизм: тарихы және салдарлары. // Ақиқат. 1997. №11.
4. Әмірхан М. Заки Валиди. «Тілден, діннен айырылмаңдар!//Қазақ әдебиеті».
5. Кульшарипов М.М., Юлдашбаев А.М. Заки Валиди полтик и ученый востоковед. –Уфа., 2010/ Ричард Н. Фрай «Заки Валиди как иранист»
6. Сонда: Тургут У. Заки Валиди как государственный деятель.
7. Ахмет Заки Валиди Туган 1890-1990: Материалы к изучению жизни и творчества. – Уфа., 1990.
8. Султанбеков Б. История Татарстана. – Уфа., 1996.
9. Қаражан Қ.С. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. – Алматы., 2009. – 376б.
10. Қара А. Мұстафа Шоқай: Өмірі. Күресі. Шығармашылығы. – Алматы., 2004. 273 – 277б.
11. Шоқай М. Туркестан под властью Советов. – Париж.,1935.
12. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы.,1995. 233-234 бб.
13. Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы. – Т.1.- 1998. – 100-101 бб.
14. Есмагамбетов К. Л. Әлем таныған тұлға. – Алматы., 2001.
15. Ә. Бөкейхан. Таңдамалы ( Избранное) / Гл. ред. Р. Нургалиев. – Алматы., 1995.
16. Байтурсынов А. Революция и киргизы, жизнь национальностей,. 1919. 3 тамыз, №29(37).
17. Нұрпейісов К. Көрсетілген еңбегі. 7б.
18. Рыскулов Т. Р. Избранные труды. – Алматы.,1984. - 64 – 68; 92-95; 201бб.
19. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі.- Қазақстан., 1994. – 24, 107-109 бб.
20. Рыскулов Т. Собрание сочинении в 3-х томах. Том 2. – Алматы., 1997. – 240-б.
21. Елеуов Т. Қазақ ауылында Совет үкіметінің орнауы және нығаюы. – Алматы., 1967.
22. Жүсіпбеков С. Жетісу большевиктері Совет өкіметін орнату жолындағы күресте.- Алматы., 1973.
23. Покровский С. Ленин и победа Советской власти в Казахстане. – Алматы., 1970.
24. Турсынбаев А. Путь Казахстана к социализму. – Алматы., 1970.
25. Нұрпейісов К. Ұлы Октябрь және Қазақстан.- Алматы., 1983.
26. Ермұратов Х.Д. Октябрь нұрландырған өңір.- Алматы., 1972.
27. Әйтімов З. Ұлы Октябрь және Қазақстан. – Алматы., 1978. – 24б.
28. Елеуов Т. Қазақстанда Совет Өкіметі қалай орнады. – Алматы., 1970.
29. Маленков Г.Ұлы Октябрь социалистік революциясының 32 жылдығы. –Алматы., 1949. – 28б.
30. Беликова Л.И. Борьба большевиков за победу Великой октябрской социалистической революции в Приморье. – Владивосток., 1960.
31. Нұрпейісов К. Становление Советов в Казахстане. – Алматы., 1987.
32. Андреев А.М. Местные советы и органы буржуазной власти. – Москва., 1990.
33. Керенский А.Ф. Россия на историческом повороте. – Москва., 1993.
34. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - А., 1995.
35. Сонда....
36. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.- А., 1992.
37. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы., 2003.
38. Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шет ел әбебиетінде. – Алматы., 1995.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Тарих факультеті

Деректану және тарихнама кафедрасы

Диплом жұмысы

Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы

Орындаған
4курс суденті _____________________________ Кукетова А.А

Ғылыми жетекші
т.ғ.д., профессор _____________________________ Мұхатова О.Х

Норма бақылаушы
т.ғ.к ______________________________ Берлібаев Б.

Қорғауға жіберілді
__________2010
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.д., профессор ______________________________ Атабаев Қ.М

Алматы, 2010

Реферат
Диплом жұмысының тақырыбы. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы
Тақырыптың өзектілігі. Кеңестік ғылымда Қазан төңкерісі Қос Өкіметті
жойып, орнына пролетариат диктатурасын орнатты. Осы кезеңде Кеңес
Өкіметінің орнауы обьективті құбылыс деп баға берген бұл дәуірдің
зерттеушілеріне қазақ қоғамының шынайы өмірі, олардың зомбылық көруі және
сонымен қатар Кеңес өкіметінің саясатына қарсы шыққан қазақ ұлт зиялылары
үлкен соққы берді. Олар өз еңбектерінде Кеңес өкіметі қазақ жеріне қарулы
күреспен орнатылып, оның қазақ еліне қажетсіз екендігін дәлелдеген. Ұлт
зиялыларының наразылық көрсетуінің бірден бір себебі Кеңес өкіметінің
сырттан таңылғандығы, қазақ елі оған дайын еместігі әрі ешбір
пайдасыздығын айта отырып, бұл большеуіктерінің саясатына қарсы шығып,
қазақ елінің атынан ұлт зиялыларының Кеңес өкіметі саясатына наразы
болды. Зиялылардың сол кезеңдегі көзқарастары мен пікірінің шынайылығына
тәуелсіздік жылдары көз жеткізілді. Осы орайда олардың рухани мұрасын
зерттеудің маңызы арта түседі.
Зиялылардың Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің орнауына байланысты
еңбектері отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу нысанына айнала қоймады.
Сондықтан да зерттеу жұмысының мақсаты – ұлт зиялыларының Қазақстанда
Кеңес өкіметі орнауы туралы пікірлерін талдау.
Ұлт зиялыларының аталмыш мәселеге қатысты еңбектеріне кешенді
тарихнамалық талдау жасалғанымен жекелеген еңбектерде шолулар берілді.
Алайда олар мәселенің зерттелу деңгейін айқындауда жеткіліксіз. Сондықтан
да ұлт зиялыларының Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің орнауы туралы
пайымдауларын талдауға көшейік.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Елбасымыздың тәуелсіздік жолында баяндалған
туындыларын тарихнамалық тұрғыда талдау және осы туындылардың
қазақстандық қоғам және ғылым үшін бүгінгі таңдағы қажеттілігі мен
маңыздылығын айқындау. Сондықтан да төмендегідей мақсаттар мен міндеттер
алға қойылды:
• Елбасының қазіргідей күрделі заманда қазақ көшін өркениетті қоғамға
бастауда, саяси, дипломатиялық іс-шаралар жүргізуде атқарп жатқан
еңбектеріндегі қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихын, шуақты
да мейірлі бүгінгі күнні, қуатты да мықты ертеңінің арасындағы
байланыстың үндестік тауып бірін –бірі толықтырып, отырғанын
елбасының өз еңбектерінде нақты көрініс тапқан мәселелер арқылы
көрсету.
• КСРО-ның құлауы мен Қазақстанның тәуелсіздік алуынның маңызын
айқындау арқылы отандық тарихнамадағы қазақ тарихының күнгей және
көлеңкелі тұстарын өзге зерттеушілердің еңбектерімен Елбасы
еңбектерінде көрініс табуын салыстыра отырып тарихнамалық шолу
жасау.
• Н.Ә. Назарбаевтың қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш
президенті ретінде, тұңғыш көш басшысы ретінде жазған еңбектерінде
қазақ мемлекеттілігінің қайта қалыптасуы, дамуы мен нығайу
жолындағы шынайы жазылған мәліметтерді болашақ ұрпаққа тарихнамалық
тұрғыда талдау жасап, дәлелдеп көрсету.
Диплом жұмысының жаңалығы. Отандық тарихнамада Қазақстанның тәуелсіздік
алуын жаңаша көзқараспен жазуға бет бұрып жатқан тұста Елбасы
еңбектерінің де тарихнамада алатын орны мен ролін айқындау.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Диплом жұмысын жазу
барысында тарихилық және әлеуметтік ғылымдарының негізгі теориялық
тұжырымдамаларын басшылыққа ала отырып, Елбасы еңбектеріндегі
Қазақстанның тәуелсіздік алуы мәселелерін обьективтілік және жүйелеу
принциптері арқылы тұжырымдар жасау, нақты және логикалық талдау,
проблемалық – мерзімділік, өзектілік, преспективтілік т.б. әдістер
қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен көрнекіліктен тұрады.

Мазмұны

Кіріспе

1 Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
1.1 Заки Валидидің кеңес өкіметі туралы
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Мұстафа Шоқай және Түркістанда Кеңес өкіметінің орнауы сипаты
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихы кеңестік тарихнамада
2.1 Мәселенің 40-80 жж. ғылыми әдебиеттерден көрініс
табуы ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қайта құру кезеңіндегі Кеңес өкіметі туралы тың
тұжырымдар ... ... ... ... ...
3 Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы туралы жаңа көзқарастар
3.1 Мәселенің Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
3.2 Кеңес өкіметі орнауы және оның тарихи маңызы шет ел
әдебиетінде ... ... .

Қорытынды

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

1 Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
1.1 Заки Валидидің кеңес өкіметі туралы көзқарастары

Мұсылман елдерін бірлігі Ұлы Түркістан идеясын ұстанған, мұсылман
фракциясының көрнекті өкілі, Башқұрт елінің ұлы тұлғасы Заки Валидидің
Қазақстанда Кеңес Өкіметінің орнуына қатысты көзқарастарын пайымдамас
бұрын жалпы Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауының тарихи тұрғыдан
қарастырып өтсек:
Большевиктік партия 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін күн
тәртібінен алып тастаған өзінің Бүкіл өкімет Кеңестерге берілсін! деген
ұранын қайтадан алоға тартты. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске және
Уақытша өкіметті құлатуға, сөйтіп, пролетариат диктатурасын орнатуға
шақырғандықты білдірді.
1917 жылы 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс
басталды. Ертеңінен көтерілісші жұмысшылар, солдаттар мен матростар
астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада)
таңертең Әскери – революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын
хабарлады.
Қазақ қарулы көтерілісінің Петроградтағы жеңісінің және орталықта,
сондай-ақ Қазақстанмен іргелес ірі қалалар – Ташкентте, Омскіде,
Орныборда, Астраханьда кеңес өкіметінің орнауының Қазақстанда бүкіл
өкімет билігінің Кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызы болды. Алайда
Қазақстанда Кеңс өкіметін орнату төрт айға, 1917 жылдың аяғынан 1918
жылдың наурызына дейін созылды. Бұл процесс өлкенің әлеуметтік-
экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табымен
большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болғандығынан, ұлтаралық
қатынастардың күделілігінен туған қиыншылықтар себебінен шиеленісе түсті.
Кеңес өкіметінің өлкеде жеңіске жетуінде солдат депутаттары Кеңестеріне
біріккен жергілікті гарнизондардың солдаттары және Ақпан революциясынан
кейін Қазақстанға оралған әрі барынша қолдаған көңіл күйдегі, өздеріне –
бейбітшілік, ал шаруаларға – жер беруге уәде жасаған өкіметтің болуына
жеке мүдделі бұрынғы майдангерлер шешуші рөл атқарды.
Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери
өкіметтері деп аталатындардың табынды қарсыласуымен сондай-ақ
Қазақстанның әр түрлі қалаларында (әсіресе Оралда) орталық аудандарда
қашқан бұрынғы құлатылған Уақытша үкімет жақтастарының шоғырлануымен
қиыншылықты жағдай одан бетер күшейе түсті.
Сырдария, Ақмола облыстарының және Бөкей ордасының көптеген
аудандарында большевиктер бастаған күштер шешуші басымдықта болғандықтан
да Уақытша үкіметтің жақтаушылары оларға қарулы қарсылық көрсете алмады,
сөйтіп кеңес өкіметі бейбіт жолмен – жұмысшылармен кедей шаруалардың
Кеңестерде мықты көпшілікке ие бола алуы жолымен жеңіп шықты.
Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал,
Семей және Ішінара Жетісу облыстарында істің барысы басқаша өрбіді.
Көптеген жерлерде, соның ішінде облыс орталықтары мен уездік қалаларда
кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті гарнизондардың
большевикшіл салдаттарының күшімен қарулы көтерілістер жасап Уақытша
үкіметтің жергілікті органдардың және олдардың одақтастардың қарсыласушы
күштерін басып- жолымен орнатылды.
1917 жылы Қазан айының соңынан бастап 1918 жылдың наурыз айына
дейін Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалармен Қазақстанның басқа да
ірі елді мекендерінде орнап бітті. Ал ауылдармен селолардың басым
көпшілігінде Қазақстанда кеңес өкіметін орнату процессі азамат соғысы
басталғанға дейің созылды.
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде экономикамен мәдениеті қайта
құру шаралары қолға алына бастады: өнеркәсіп кәсіп орындарында бақылау
енгізілді, бірқатар інеркәсіп орындары мен банктер мемлекет меншігіне
айналды. Кеңестердің Бұкіл Ресейлік ІІ- съезінде қабылданған жер туралы
Декретті жұзеге асыру жөніндегі алғашқы қадамдар жасала бастады.
В.И.Лениннің қолдауымен Петроград жұмысшылары Шығыс Қазақстанда ұш
коммуна: Дихан коммунистердің бірінші Ресейлік қоғамын, Дихан
коммунистердің екінші Ресейлік қоғамын және Солнечная коммунасын
ұйымдастырды.
Кеңес органдарының, Кеңестердің облыстық және уездік съездерінің
қаулыларында жер туралы Дикрет жергілікті жағдайлар және шаруалардың
өздерінің бастамашылдығын ескере отырып одан әрі нақтыландырылды және
дамытылды.
Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар,
бірінші кезекте ұлттық- мемлекттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана
бастады. Кеңес өкіметі ұлт саясатының негізгі принціптері Кеңес
үкіметінің маңызды екі құжатында- Ресей халықтары құқықтарының
Декларациясы (1917 жыл 2 қараша) мен кеңес өкіметінің Ресей мен
Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне сол үндеуінде (1917 жылы 20
қараша) жарияланған болатын.
Кеңестердің ІІІ- Бұкілресейлік съезі қабылдаған (1918жылы қаңтар),
Ленин жазған Еңбекшілермен қанаушы халықтар құқықтарының
Диклорациясында Коммунистік партияның кеңес республикаларын мемлекеттік
құру формасы ретінде кеңестік федерацияны үстанған принціпті позициясы
өзінің нақты көрінісін тапты. Кеңестік Ресей Республикасы, - деп жазылды
Диклорацияда, - еркін ұлттардың еркін одағы негізінде, кеңестік ұлт
республикаларының федерациясы ретінде құрылады. – дей келе біз тарихи
үрдісті жалпылама баяндап өттік. [1. 232-235бб].
Ал енді Заки Валидидің Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы мәселесіне
қатысты пікірі мен саяси көзқарастарына тоқталып өтсек:
Большевиктер Ресейдегі өкімет тізгінін толық қолына алып, жер
жерде билік жүргізе бастағанда бастапқы ниетінен тайқып шыға келді.
Дәлірек айтқанда, сөзінен деген дұрысырақ болар, өйткені
большевиктердің әу бастан –ақ аз ұлттардың өз алдына дербес мемлекеттер
құруына құлқы болмаған көрінеді. В.И. Лениннің берген жазбаша уәдесі
бойынша қаруына тастап, бүкіл үкімет және әскерімен бірге жаңа биліктің
жағына шығып Мәскеуге келген Заки Валидов (Тоған) уақыт өте келе көсемнің
сөзінен айнып, тіпті шимайланған қағазды арқа тұтқаны үшін өзін келемеж
қылғанын ашына жазды ... - дей келе, өз ойын айтып өтеді. [2. 146б.]
Өзінің большевиктерге деген наразылығын Заки Валиди В. Лениннің
атына жолдаған хатында ашық көрсетті: Пролетариат диктатурасын
дүниежүзілік көлемде жүзеге асырған соң, - деп жазылған онда – сіз артта
қалған ұлттардан тұратын елдерде социалистік тәртіпті орнықтырудың
қажетті шарты алдыңғы қатарлы ұлттардың көек көрсетуі болып табылады
дедіңіз. Бұл дегеніңіз, Үндістанда ағылшындар, Түркістанда орыстар,
Африкада француздар немесе бельгиялық жұмысшы ұйымдары отарлау саясатын
жалғастыра береді деген сөз.
1915 жылы-ақ, Уфада сіздің жақын достарыңызбен дауласып, оларға
сіздер жоспарлап отырған социалистік тәртіптің барлық адамзат құқын
аяқасты ететін террористік тәртіп түрінде жүзеге асырылатындығын
дәлелдеуге тура келген еді. Енді біз не көріп отырмыз? Революцияның
мақсаты осы ма еді?
Сондай – ақ, егерде социализм идеялары империализм дәстүрлері
ықпалында тұрған ұлы ұлттар түлегіне бейімделу жолына түсетін болса, онда
бұған ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын Роза Люксембург те өте дұрыс
ескертіп еді... - деп көрсетеді[3. 7-8бб.]
Ғылыми мақалалардағы Заки Валидидің көзқарасы былайша талданады:
Кеңес өкіметінің саяси бағдарламасымен танысқанда көзім жеткені,
сәл-пәл бүркемелегені болмаса бұлар да сол баяғы патшалық Ресейдің
империялық пасық пиғылын жалғастырмақ. Бұлардың басты мақсаты – орыс
билігін, орыс мәдениетін, орыс тілін тек Ресейде ғана емес, Еуропа мен
Азияда да үстем ету ...
Әрине дүниежүзін түгел орыстандыру мүмкін емес. Бірақ осындай озбыр
саясаттың бар екені жер – жерде жете ұғына ламай өтініштер бар...
Сондықтан да большевиктердің қауіпті империялық саясаттың сойылын соғып
отырғанын және бұл саясаттың тәуелсіз ұлттарға, еркін елдерге өте қатерлі
екенін жатпай тұрмай түсіндіру де біздің міндетімізге кірмек. [4.]
В ноябре 1917 года Заки Валиди и его коллегам удалось создать
автономное башкирское государство. Затем последовал период борьбы с
Красной Армией. Заки Валиди был заключен в тюрьму большевиками и
приговорен к смерти. Он был освобожден башкирскими и казачьими войсками.
Борьба продолжалась до тех пор, пока не было достигнуто соглашение с
большевиками. Обещания русских, однако, не были выполнены и Заки Валиди
решил бежать в Туркестан, чтобы продолжить борьбу против большевиков. Это
происходило в конце 1920 года, а на следующий год Энвер Паша прибыл в
Туркестан, чтобы помочь движению. Вскоре части Красной Армии были
направлены в Туркестан и в 1923 году Заки Валиди был уполномочен выехать
за рубеж в поисках поддержки народу Туркестана в его борьбе против
большевиков. [5. 53-б.]
Тем не менее, мы знаем, что, несмотря на все это, Заки Валиди-бей
дважды потерпел полное поражение в двух своих попытках создать
государство. Первая из них – проект автономного Башкортостана.
Правительство было сформировано, достаточно качественные интеллигентные
кадры провели организационные меры, которые могли бы способствовать
началу решения основных проблем создаваемого государства. В первую
очередь они в свои руки взяли золотые рудники, все другие рудники, заводы
и фабрики, пришедшие в упадок в годы революций, они были пущены в ход и
доведены до состояния своей обычной производительности. Почта и система
связи приведены в надежное рабочее состояние. В качестве военного
министра Заки Валиди для подчиненных себе национальных войск открыл
военные учебные школы и полигоны. Долго сумел противостоять натиску с
востока генералов, оставшихся верными царскому режиму, и их союзников.
Когда надежды достижения соглашения с союзниками не осталось, под их
давлением с тыла он был вынужден принять предложение, исходившее от
Ленина. На основе принципов, объявленных Лениным всему миру (право на
отделение от России), Заки Валиди добился подписания соглашения о
широкой автономии. Этот счастливый период продолжительностью в 14
месяцев длился до момента достижения коммунистами мирного договора на
польском фронте.
После этих дней Ленин достигнутое с башкирами соглашение оценит как
клочок бумаги и объявит его потерявшим силу. Когда и татарские
интеллигенты во главе с М. Султангалиевым займут место в окружении
Ленина, Валиди решает фронт борьбы перенести в Большой Туркестан.
Как он пришел к этому решению, объясняет следующим образом: Спустя
несколько дней после возвращения с Южного фронта мне позвонила секретарь
Ленина и предупредила: Владимир Ильич хотел встретиться с вами. В
назначенное время я был в кабинете Ленина. Ленин сообщил, что для II
съезда Коминтерна, который откроется на днях, он подготовил Тезисы по
национальному и колониальному вопросам, и попросил меня как можно скорее
набросать по ним свои соображения. Когда я прочитаю Ваши ответы, мы с
Вами снова встретимся, – добавил он. Тезисы эти, включенные в собрание
сочинений Ленина, состояли из двенадцати пунктов. Мы читали их вместе с
моими туркестанскими единомышленниками. Мне пришлось внести в тезисы
некоторые поправки, особенно в 5, 11 и 12-е пункты, и добавить еще пару
пунктов от себя. ... но его взгляды ни на йоту не сблизились с моими, ни
одно из наших предложений не было принято. Таким образом, я из
собственных уст Ленина услышал: центр будет и впредь опираться в прежних
колониях на представителей русского пролетариата, мы же будем
пользоваться доверием в той мере, в какой проявим лояльность и верность
их руководству; недоверие к нам сохранится и после победы социализма в
пределах России, даже после утверждения социализма во всем мире народы
бывших восточных колоний не обойдутся без руководства со стороны
рабочих..., что рабочий класс угнетенных наций Востока, ставших на путь
строительства социализма, никогда не будет пользоваться доверием русских
коммунистов.
Это открытие тоже поставило нас перед необходимостью начать против
Советов серьезную и открытую борьбу.[6. 82-84бб.]
Ахмет Заки Валидидің Ақпан революциясына қатысты мәліметтер: С
начала русской революции, с 27 февраля 1917 г., он полностью посвятил
себя политисескрй борьбе. Прежде всего он был озабочен положением
тюркских народов в условиях зарождавщейся свободы в России. Поэтому он
предпринимал так много усилий для определения будущего Башкортостана. Он
считал, что судьба башкир неразрывно связана с судьбой казахов, киргизов
и вообще всех жителей Туркестана. Однако его деятельность вызвала
отрицательную реакцию даже среди части тюркского населения, последствия
которой сказывались и в дальнейшим. Обо всем этом Заки Валиди очень
подробно написал в книге Семнадцать занесённых песком городов и Садри
Максуди-бей ( Стамбул, 1934) и в своих Воспоминаниях ( Стамбул, 1969).
- делінген. [7. 3-5 бб.]
Ал келесі Султанбеков Булаттың История Татарстана атты еңбегінде:
После свержения самодержавия Заки Валиди принимает самое активное
участие в двмжении мусульманских народов России на пути поисков своего
места в новых структурах общества. Мусульманские съезды в Москве и
Казани, заседания военной организации мусульман Харби Шуро, национальный
парламент и многие другие формы общесвенной самодеятельности привлекают
его особое внимание, в некоторых из них Валидов играет видную роль.
Однако ни Временное правительство с его нерешительной и вечно
запаздывающей раекцией на события, в том числе и в области национальной,
ни пришедшие к власти после Октябрьского переворота большевики не решали,
по мнению Заки Валиди, насущных нужд башкирского народа. Вызывали у него
подозрения и набиравшие в тот период силу татаро-башкирского единства,
трансформивавшиеся в модели создания вначале Идель-Уральских штатов,
затем Татаро-Башкирской республики. Не нашел он общего языка и с
национальным собранием, избравшим своей резиденцией Уфу ... ...
После вторичного захвата власти в Оренбурге большевиками в конце
января 1918 г. и изгнания оттуда атамана Дутова, вынужденного заигрывать
с национальными силами, Валиди был арестован и его жизнь висела на
волоске. Созданный большевиками новый национальный орган – Временный
революционный совет Башкорстана также заявил о своей приверженности идее
башкирской автономии и назначил комиссию для следствия по делу
Валидова ... ...
Вплоть до конца 1918 года Заки Валиди и его наиболее видные соратники
казанец Ильяс Алкин, ставший начальником штаба башкирского корпуса, и
военный врач выпусник Казанского унмверситета Мухаметжан Кулаев и другие
стремились, участвуя в военных действиях на стороне белых -делінген.
[8. 102-106бб. ]

1.2 Мұстафа Шоқай және Түркістанда Кеңес өкіметінің орнауы сипаты туралы

Алғаш рет кеңес өкіметінің қазақ халқының ещбір пайдасыздығы, оның
сырттан таңылғандығы және үлкен қасірет әкелгені туралы пікір айтқан
мұсылман фракциясының көрнекті өкілі, Алаш партиясының зиялы қауымы,
Кеңес Өкіметі дәуірінде Ұлттық Автономия идеясын ұстанып,оның жолында
сырт елде жүрсе де күресуін тоқтатпаған жарық тұлға- бұл Мұстафа Шоқай.
Оның Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауына қатысты пікірін дәйектеу үшін
алдымен қазақ даласында ұлт зиалыларының ұлттық тәуелсіздікке ие болу
алғышарттарын қарастырамыз:
РКФСР құрылғаннан кейін елдің шығысында жаңа офтономиялық
республикаларда құруға дайындық жұмыстары басталды. Большефиктік ұйымдар
Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңетік бұкіл қазақ бұкіл
түркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 жылдың көктемінде
еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік
республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылы сәуірдің 20-нан 1 мамырға
дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V съезінде
іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы Түркістан автономиясының
құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің ІІІ Бүкілресейлік
съезі Ленин дайындаған Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының
Декларациясында өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды.
Осылайша, әуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік құрылтай жиналысы,
одан кейін 5 ақпанда Ташкенткеңесі шешімімен Қоқанда қаласы шабуылмен
алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанның қалған
жерінде – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ
кеңестік мемлекеттігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі
жалғастырылды. Қазан төңкерісінен бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық
қозғалысынң жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін
шақыруға дайындық жұмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен қатар
жүргізілді. Мұның өзі шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны
бекіту үшін күрес екендігін көрсетті ... ... ... .. Ә. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Ғұмаров, Е. Тұрмухамедов, Ғ. Жүндібаев, Ғ.
Бірімжанов құрастырған бағдарламаның жобасы Қазақ газетінің 1917 ж. 21
қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он тармақтан тұрады.
Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына сайлауда Алаш партиясының ірі
табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда
өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әртүрлі топтарының
өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және
орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов
және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез
өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы Алаш партиясының міндеттерін, қазақ
автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші
кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды. - деп көрсетеледі. [9. 212-
213бб].
1928 жылы Парижде Орта Азияда, Кеңестерде деген атпен француз
тілінде жарияланған кітап Шоқайдың Түркістанда кеңестік биліктің
антидемократиялық сипатта екенін және халықтың еркіне сай әрекет
етпегенін әшкерелеген ең әсерлі еңбегі болып табылады.65 беттік щағын
көлеміне қарамастан, еңбек жарыққа шығысымен Кеңестер Одағының өзінде
және шетелдерде үлкен дүмпу туғызды.
Шоқайдың бұл шығарманы жазуына Қазан төңкерісіне он жыл толуына
байланысты КСРО-ға барған француз делегациясының Түркістанға байланысты
айтқан пікірлері себеп болды. Француз жұмысшы өкілдерінен құралған
делегация Мәскеудегі салтанатты жиындардан кейін кеңестік Түркістанға
сапар шекті. Делегация осы саяхаттан оралғаннан кейін Мәскеудегі,
Түркістандағы кеңестік биліктің озық жетістіктерге қол жеткізгендігін
атап өтті. Алайда, Шоқай осы француз делегациясы іспетті кеңестердің
қонағы ретінде Түркістанға барып қайтқан шетелдіктердің айтқандарына
әрдайым күдікпен қарау керектігін атап көрсетеді. Өйткені олар Түркістан
халқының өмір сүріп жатқан шынайы ортасын көру мүмкіншілігінен ада еді.
Шоқайдың пікірінше, Кеңес өкіметі қонақтарының елден жақсы әсерлермен
аттанып кетулері үшін барлық жағдай жасайды.Осы себептен шетелдіктердің
Түркістанның анық жағдайына қанық болулары мүмкін емес еді. Өйткені олар
Түркістан халқының өмір сүріп жатқан шынайы ортасын көру мүмкіншілігінен
ада еді. Шоқайдың пікірінше, Кеңес өкіметі қонақтарының елден жақсы
әсерлермен аттанып кетулері үшін барлық жағдайды жасайды. Осы себептен
шетелдіктердің Түркістанның анық жағдайына қанық болулары мүмкін емес
еді.
Зерттеушілер Шоқайдың бұл пікірлерін шебер дәлелден щыққандығын
көрсетеді. Ренод Шоқайдың Орта Азияда кеңестерде атты кітабында
Түркістандағы кеңес билігінің халықтардың бауырластығына сүйенген өзін-
өзі басқару жүйесі еместігін, тіпті, керісінше деспоттық және зорлықшыл
билік екендігін шегемен қаққандай дәлелдегенін айтады. Әбу Сақтағанұлы
Тәкенов те Шоқайдың кеңестік Түркістандағы импералистік, шовинистік және
тоталитарлық сипаттағы пролетариат диктатурасын халықтың мақұлдамағанын
нақты және жалынды тілмен жеткізе білгендігін айтады. [10].
Бұл еңбекті қысқаша түйіндесек, Шоқай Кеңес Өкіметіне қатысты
қандай көзқарас айтылмасын ол әрдайым оны антидемократиялық сипатты
болғанын дәлелдеп, керісінше Кеңес Өкіметінің қазақтарға күшпен
таңылғандағын әрқашан ашық түрде жазумен келген.
Келесі Туркестан под властью советов атты еңбегі Шоқайдың 1928
жылы француз тілінде жарияланған Орта Азияда, Кеңестерде атты еңбегінің
кейбір толықтырулармен басылған орысша нұсқасы болып табылады. 1935 жылы
Парижде жарық көрген шығармасының алғы сөзінде Кеңес өкіметі тыйым салған
кітаптарды таныстырды. Бұл кітаптар арасында Георги Сафаровтың Отарлық
төңкерістің Түркістандық тәжірибесі, Тұрар Рысқұловтың Төңкеріс және
Түркістандағы жергілікті халық , Брайн мен Шафироның Кеңестердің
Жетісудағы алғашқы қадамдары мен Алашорда тарихы туралы очерктер
атты шығармаларын атап өтті. Бұл шығармалардың барлығы кезінде
Коммунистік партия басшыларының тексерулерінен өтіп, жарық көрген еді.
Соған қарамастан 1935 жылы Кеңес өкіметіне қарсы төңкерісшіл рухта
жазылғаны айтылып, тыйым салынды. Бұл жағдай Шоқайдың француз тілінде
жариялаған еңбегін орыс тіліне де аударып жариялауына себеп болды.
Кітап екі бөлімнен тұрады.Бірінші бөлім – Шоқайдың орыс тіліндегі
басылымы үшін жазған алғы сөзін қоспағанда, француз тіліндегі басылымының
толық аудармасы. Қосымшыларатты екінші бөлім француз тіліндегі
басылымында жоқ.
Онда: Түркістандағы кеңестік басқару жергілікті халықтың
толығымен қарсылығы мен олардың билікке қатысу құқығы шектелуіне алып
келді деп көрсетеді. Бұл еңбекте мұсылмандардың қиын қыстау кезеңдердегі
сөздері, орыстардың жергілікті халықты жаншып қанауы, халықтың мұң –
мұқтажы толық дерлік баяндалады. Осындай арыз – шағымдардың бірінде:
Біз мұсылман халқы Николай Кровавыйдың тұсында қалай болсақ,
сондай жағдайда әлі өмір сүріп жатырмыз. Билік өкілдері капиталистермен
күресудеміз деген халық желкуімен қарапайым халыққа озбырлық көрсетіп, өз
қалталарын қалыңдатуға тырысты. Бір кедей жұмысшы халқымен арбаны
иеленіп, жүк тасумен айналысты. Осымен өз жанұясын бақты. Қызыл әскер
одан келіп жылқысын тартып алды. Содан кедей жанұясымен бірге ашығып
қалды. Билік өкілдері өздерінің орыстарды қорғаумен болды. Оларға тамақ
берді, мұсылмандарға не берді? Тамақтандырды ма? Жоқ. Киіндірді
ме?Жоқ.[11]. Аталмыш еңбекті қысқаша түйіндесек, Түркістанда Кеңес
өкіметінің орнауы қарулы күреспен жүргізілуі және қарапайым халықтың
үлкен қиянат түрінде орын алуы жағдайын шынайы бейнесін айқындайды, яғни
ол Кеңес өкіметі билігін мүлде қолдамайтынын жария етті.
Ал 1917 жыл туралы естеліктерінде М.Шоқай 1917 жылғы қос
революция тарихына, олардың Қазақстан мен Түркістанға тигізген ықпалы
жөнінде салиқалы талдаулар жасаған. Ал 1918 жылы жарық көрген өзінің
хатында:
13- ғинуар күні күндізгі сағат 12 - де Хоқанд болшеуіктерінің
бізге тапсырған ультиматумын сөз қылып отырғанымызда тасыр- түсыр атылған
мылтықтың даусы шықты. Барсақ мылтық атысып жатыр екен. Болшеуиктердің
бұл ісі өздерінің ультиматумына қойған шартнамасына қарсы келді.
Сонымен қатар оның естеліктерінде:
Ақмешіттен бара жатып Жөлек, Шиелі, Жаңақорған, Түркістан, Арыс
және басқа жерлерде жергілікті халық уәкілдерінің қайсысымен болсын
жүздесейін, бәрі Ресей әскерлері кеңесінің зұлымдығын айтып жатты. Қара
киім киген қарулы әскерлер, тілмаштар мен жергілікті ұлттық ұйымның
жұмысын тексереді екен. Асылында бұл – мал мен дүниені талан – таражға
салудың 1 түрі. Халықты ашықтан ашық тонайтын. [12].
Оның Яш Түркістан атты газеттің 1930 жылғы №9-10 нөмерлеріндегі
Көтерілістен –Ұйымшылдыққа деген мақаласында Кеңес өкіметі турасында:
... Кеңес үкіметі тепкісіндегі халықтың арасында толассыз бас
көтеріп келе жатқан бір халық болса, ол – біздің түркістандықтар екеніне
шүбә болмаса керек. Оған себеп – Түркістандағы орыс большевиктерінің
әдеттен тыс езуі мен қанауы, қатыгездігі болып отыр. Түркістан халқы орыс
большевиктерінің жекелеген саясатына ған а күресіп жатқан жоқ, орыс
пролетарлары билігінің тұтас жүйесіне қарсы күресіп келеді.
Түркістандағы орыс большевиктері Түркістан түріктерінің
мемлекеттік мекемелерге қатысу істеріне тиым салу сияқты өктемдік,
озбырлықпен келді. Орыс большевиктерінің Түркістан халқына көрсеткен осы
ұлттық озбырлығы күні бүгінге дейін жалғасуда. Олай болса Кеңес үкіметі
орнасымен түркістандықтардың оған қарсы бас көтеруі де толас таппай
келеді. Әрине қазіргі көтерілістер бұрынғы көтерілістердің қаз – қалпына
қайталануы емес. Орыс қызыл армиясы бейбіт жатқан халқымыздың қанын судай
ағызып, қырып – жойып, атамекенімізді екінші рет бодандыққа түсірді.
Алайда халқымыздың азаткер өршіл рухын біржола жаныштап, түбегейлі
орнығып алуына олардың шамасы келген жоқ. Және келмейді де. Көтеріліс бұл
жерде кқшпен басылғанымен, тағы бір жерде одан бетер тегеурінді болып
қайта шығуда.
Түркістандағы орыс пролетарлары үстемдігіне қарсы күрестердің жалпы
халықтық сипат алған кездері болған еді. Өкінішке орай, ол кезде
атамекеніміздің жайлаған қара диктатураны, халқымыздың еңсесін езген зіл
батпан жүкті лақтырып тастау мүмкін болмай қалды. Оның себептері көп. Ол
кезде біздің не әскеріміз, не техникамыз, не бір саяси ұйымыз жоқ еді.
Тіпті бізде жөні түзу қару да болған жоқ. Оны қалай пайдалануды да
білмейтінбіз. Оның үстіне көп уақыт бойы қарусыз күрестің барлық
ауыртпалығын өзіміз жеке көтеруімізге тура келді. Ешқандай көмекші күш
болмады. Ал көтерілісшілер арасына келген бірен - саран ақ орыс офицелері
өздерінің монархистік жоспарларымен халықты қорқытып – үркітуден басқаға
жараған жоқ. – деп мәлімделінеді.[13].
Мұстафа Түркістанда Кеңес өкіметінің күшпен орнатылғаны және оның
жергілікті халыққа аса қымбатқа түскені, өлкедегі ашаршылықтың
этностық сипат алғандығы туралы баяндап, өз пікірлерін Т. Рысқұловтың
Революция және Түркістанның жергілікті халқы деген еңбегінен алынған
бірнеше мысалдармен тиянақтайды. Сонымен бірге ол Түркістанды бес
республикаға бөліп, ұлттық – аумақтық межелеу шараларын жүргізген
большевиктер саясатынының өзегі бұл өңірдегі халқытың этностық
бірегейлігін, біртұтастығын жою деп бағалайды. Баяндамада түркістандықтар
бір халық деп тұжырымдалады. [14. 294-295 бб.]
Мұстафа Шоқайдың кеңес өкіметінің саясатына наразылығын тағы мына
еңбекте көре аламыз. Онда: Түркістанда осныдай оқиғалар болып,
мұсылмандар арсындағы алауыздық өршіп, бірін – бірі мойындағысы келмей,
жік-жікке бөлініп, жеке құрылтайдар жасап, һзара айтысып жатқан кезде
екінші жақтан саясат сахнасында жаңа күш белең алып келе жатты. Ол –
большевиктер еді. Қыркүйек айының бас кезінде Ташкентте бүлік
ұйымдастырып, бүкіл биліктің Кеңестерге берілуін талап еткен социал-
демократтар мен большевиктер, төңкеріс комитетін құрып, өздерінің
Түркістан комитетін танымайтындықтарын ашық түрде жария етті. Алайда,
олардың бүлігі ұзаққа созылмады. Билік туралы хабар Петерборға жеткеннен
кейін Керенский үкіметі жергілікті комитеттің Түркісанға қарулы жасақ
жіберу жөніндегі өтінішін қанағаттындырды. - делінді.

Мұстафа Шоқай өз еңбектерінде және естеліктерінде Кеңес Өкіметі
тұсындағы зомбылықты ашық насихаттап, қазақтарға Кеңес Өкіметінің тек
зардаптары тигендігін мәлімдейді. Ал енді М. Шоқайдың көзқарастарына
ұқсас пікірді Алаш партиясының жарық жұлдызы, қазақтың тәуелсіздікке ие
болу жолында орасан еңбегі сіңген ұлттың зиялы өкілі Әлихан Бөкейханов
танытты. 1917 жылы Қазақ газетінде жарық көрген Әлихан Бөкейхановтың
Алаш ұлына атты мақаласында: Еркіндіктің таңы атты. Құдайдың көмегімен
аңсаған арман орындалды. Кеше ғана біз құл болып келдік, енді біз бәріміз
теңбіз. Халықты көп ғасырлық құлдықта ұстаған қайта келмес өкімет құлады
деп мәлімдеді.
Әлихан Бөкейханов бұл мақаласында Уақытша үкіметінің орнауын
қуанышпен қарсы алғандығын көрсетсе, ал Кеңес өкіметін керісінше
қолдамайтыны былайша көрсетеді: Егер біз қазақ автономиясын құрғымыз
келсек, онда біздің алдымызда шешілмейтін қиын мәселе тұр. Орал, Торғай,
Ақмола, Семей облыстарында көптеген орыс ерлері қазақтармен көрші
тұрады. Оның орнына егер біз қазақ ұлты автономиясын құрсақ, онда өз
арамызда өмір сүріп отырған орыстарды өзімізбен бірге алып кетеміз деген
ойдамын дейді.[15] Сонымен қатар оның Қазақ газетінде жарық көрген
мақалаларында ашық түрде Ленин бастаған большевиктер саясатын
қолдамайтынын және олардың билікті қарулы көтеріліспен басып алғандығын
, оның аяғы қанды азамат соғысына ұласқандығын ашына жазып өтеді.
Бөкейханов бастапқы Ақпан революциясына оң көзқарасын білдіріп баға
берсе, одан кейін келген Кеңес Өкіметіне деген наразылығын білдірген.
Оның көзқарасының өзгеруінің басты себебі, Кеңес Өкіметі қазақтарға
күшпен таңылғанын және оның бейбіт жолмен емес, керісінше қарулы
күреспен орнағандығын өз көзімен көріп, соның куәсі болады.
Ал енді Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейханов еңбектерін салыстырмалы
түрде талдасақ, Шоқай Кеңестік толығымен әшкерелей көрсетіп оның қазақ
еліне пайдасыздығын атап өтсе, ал Бөкейханов Кеңес Өкіметіне қарсы
шығып, қазақ елін басын біріктіріп, Ресей құрамында автономия құру
керектігін айтып өтеді.
Олардың көзқарастарына сәйкес пайымдау Алаш партиясының көрнекті
өкілі А.Байтұрсынов еңбегінен орын алған.
1919 жылы тамызда РСФСР – дың ұлт істері жөніндегі халық
комиссиариаты органында Ахмет Байтұрсыновтың Революция және қазақтар
атты мақаласы жарияланды. Осы шағын көлемді еңбегінде А. Байтұрсынов
1917 жылғы Ақпан және Қазан көтерілістерін қазақ халқының қалай қарсы
алғаны туралы өз бағасын беріп, Алаш автономиямын жариялау мен оның
үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетіп, Алашорданың Уақытша Сібір
үкіметі, Құрылтай билігімен қандай қарым – қатынаста болғандығы туралы
өз пайымдауларын баяндайды. Қазақтарға Ақпан көтерілісі қаншалықты
түсінікті болса, - деп жазды А. Байтұрсынов., - Қазан социалистік
көтерілісі соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші көтерілісті қандай
қуанышпен қарсы алса, екінші көтерілісті соншама үреймен қарсы алуға
тура келді . Мұның себебін А. Байтұрсынов былай негіздеді :
Екіншісінің (Қазан көтерілісі) түсініксіз болуын оп – оңай
ұғындыруға болады : қазақтарда капитализм де, таптық жіктелуге де жоқ:
тіпті жекеменшіктің өзін басқа халықтардағыдай айдар тағып ажырату қиын
; көптеген пайдалану бұйымдары оларда қауымдық дәулет болып саналады ...
Қазақтардың күн көріс жағдайына, таптық жіктелудің жоқтығына және жеке
меншіктік заттарда белгілі меже болмауына байланысты қазақтар арасында
олардың өзіне тән социализм мен коммунизмнің орын алуы қазақ халқына
әзірше социалистік қоғамға деген мұқтаждықты қажет еттірмей отыр 16.
Енді А. Байтұрсыновтың Орынбор комитетіне жолдаған арызына келер болсақ:
Төменде біз Қырғыз өлкелік Ревкомының және Бүкілресейлік Орталық атқару
комитетінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың Ресей Коммунистік Партиясы
мүшелігіне өту туралы арызын айтып отырмыз.
... ... Совет өкіметі қырғыздар арасына күшпен таңылуда, мұнда
коммунизм мен социализм үшін мүлде орын жоқ дейтін адамдар болып отыр,-
деп жазады. Осы мәселеге қатысты Кеңес Нұрпейісов Алаш һәм Алашорда
еңбегінде талдау көрсетеді:
Енді А. Байтұрсыновтың пікірін Кеңес Нұрпейісов белгілі тарихшы-
ғалым былайша талдаған: Ресейдің орталық аудандарында большевиктік
қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол
барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкімет
билігімен жүргізіледі. Тоқ етерін айтқанда, ол қозғалыс шет аймақтарда
көтеріліс емес, барып тұрған анархия болды... Егер бұрын патша
чиновниктері аталған адамдар тобы қазақтарды ешбір шектеусіз езіп –
жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер – коммунистердің
атын жамылған адамдар тобы жүргізіліп отыр - дейді [17].
Кеңес Өкіметіне қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың пікірі де жоғары да
айтылған зиялылар тұжырымдарымен үндес Т.Рысқұлов 1984 жылы Таңдамалы
шығармаларында бастапқыда былай деген: Егер Түркістан пролетариат
құрылысында Кеңес өкіметінен өзгесі келсе, оны толық күйреу күтіп тұр.
Біз езіп жаншылған Шығыстың еңбекші халқы өзіміздің қолымыздан Кеңес
Өкіметін жібермеуіміз керек. Біз Кеңес Өкіметі билігі идеясын Хиуа мен
Бұхара жұмысшыларының арасында таратуға тырысуымыз керек деп, сонымен
қатар Шығыстағы Қызыл әскер атты мақаласында ... Своеобрана была
история борьбы Красной Армии в Туркестане и во всей Средней Азии.
Советская власть в Туркестане существует беспрерывно с самого начала
Октябрьской революции. Русский пролетариат Туркестана и туземная беднота
создали из своих недр сперва Красную гвардию, потом – Красную Армию,
которая выдержала небывалую борьбу на всех фронтах Советского
Туркестана, когда последный был оторван от Центральной России и
предоставлен самому себе.
Основная заслуга трудящихся Туркестана и тогдашней Красной Армии
перед всей российской и мировой революцией заключается в том, что они
своей беспримерной борьбой не дали возможности осуществиться плану
мировой контрреволюции, преследовавшей цель объединения армии Деникина и
Колчака через Туркестан с образованием из последнего их основной военно
– стратегической базы против Советской России. С прибытием Красной Армии
из Центра окончательно упрочивается Советская власть в Туркестане и
ликвидируются всякие остатки туркестанских фронтов за исключением
басмаческого движения борьба с которым составляет особую историю
деятельности Красной Армии в Средней Азии ... Да здравствует друг
угнетенных народов – Красная Армия! Да здравствует революция на Востоке!
- деп мәлімдеді. Первые шаги Советов В Семиречье атты 1935 жылы
23 сәуірде жарық көрген мақаласында: История революционного движения
как в Средней Азии в целом, так и особенно в Семиречье, еще мало
изучена. За это время выпущена лишь несколько небольших брошюр и
отдельных статей в виде воспоминаний, в частности воспоминания Г.
Трофимова. В то же время над искажением ее немало потрудились тройкисты
вроде Г. Сафарова и др. В разделах Семиречье накануне Октября и
Белоказачья диктатура (с. 6-14стр.) кратко описывается общее состояние
области накануне Октября и подчеркывается, какой степени достигла
классовая дифференциация среди всех групп сельского населения. Павильно
указывается, что именно в Семиречье наиболее свирепо хозяйничала царская
колониальная власть. К 1913 г. у коренного населения было изъято для
колнизационных целей около 4 193 520 дес. удобной земли. - делінген.
[18]. Ал келесі Қоңыратбаевтың Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық – саяси және
мемлекеттік қызметі атты еңбегінде: Қазан революциясын Түркістанның
езілген халықтары сяаси теңсіздік пен ұлттық бостандыққа қол жеткізудің
жолы деп қабылдағанмен де, оған толықтай сенім білдіре алмады, өйткені
құрылған үкіметтің құрамы оларға жат, саяси бағыт – бағдары айқын емес-
ті.
Қалыптасқан саяси ждағдайда Т. Рысқұлов жергілікті халықтың саяси
-әлеуметтік жағдайын жеңілдетіп, мүдделерін қорғау үшін бірден-бір
тактикалық дұрыс жолды таңдай білді, ол жол - өз маңына топтасқан саяси
қайраткерлерді ұйымдастыра отырып, саяси билік пен әскери күшке ие болып
отырған уездік кеңстің құрамына өту және оның қызметіне ықпал жасау жолы
болатын.
... . Қараша айының соңында Түріккомиссия, Өлкелік партия комитеті,
Түрікатком алқасы, шет ел коммунистерінің Орталық Комитеті және мұсылман
Бюросының біріккен мәжілісі ұйымдастырылды. Мәжілісте мұсылмандар
тіліндегі баспасөз мәселелері, мұсылман еібекшілерін Қызыл Армия
қатарына тарту және Жетісу облысының көшпелі халқы туралы баяндама
тыңдалды. Мәжілісте Т.Рысқұлов арнайы сөз сөйлеп, шовинистік пиғылдағы
топтардың араңдатушы әрекеттеріне қарсы соққы берді. Түркістанда кеңес
өкіметінің өмір сүріп отырғанына 2 жыл болды, - дейді Т. Рысқұлов, -
бірақ бұл өкімет мұсылман еңбекшілеріне қатысты не бітірді, бұл өкімет
тарапнынан қандай қатынас болды, мен бұл туралы айтылуы тиіс деп
санаймын ... Біз бұл мәселе бойныша өзіміздің (партиялық)
бағдарламамыздың бірде – бір орындамадық, іс жүзінде ештеңені жүзеге
асырмадық. Мұсылман бұқарасын тонаумен жәбірлеу обьектісі болып қала
берді, ал кейбір орыс большевиктері соңғы партия съезінде өздерінің
шовинистік пиғылдарын айқын көрсетті.- делінсе[19]., ал оның 1997 жылы
жарық көрген 3 томдық таңдамалы шығармаларының 2-томында Выступление
казахских трудящихся масс за советскую власть атты бөлімінде:
Тем временем растут среди широких казахских слоев и сторонники
советской власти. Казахи Букеевской орды, ввиду близости рабочего района
Астрахани, быстро подпадают под влияние советской власти. Наряду с
Оренбургом, впервые советская власть в северных губерниях Казахстана
утверждаются в Тургайской области, где в начале 1918 г. состоялся
областной съезд советов.
Отделение Алаш – орды Уральской области во главе с Дж.
Досмухамедовым позже всех сдалось советкой власти. В связи с разгромом
Дутова и началом гибели Колчака под напором Красной армии, алашордынцы
начинают переходить по частям на сторону советской власти. Первой
переходит Орская группа Алаш – Орды во главе с Байтурсыновым, а потом
сдаются и остальные части Алаш-Орды. В борьбе с белыми и Алаш – Ордой
активное участие принимают казахсие красные части и казахские
большевики ... - делінген.[20].
Байтұрсынов өз еңбектерінде Кеңес өкіметінің қазақ халқы арасында
күшпен таңылып, басқару диктаторлық жүйемен жүргізілуде деп толықтай
ашып жазса, ал Тұрар Рысқұлов алғашында Кеңес өкіметін қазақ даласында
орнауын позитивті деп бағалау себебі оның ойынша Кеңес өкіметі орнағанда
бейбіт өмір сүріп, капитализм шырмауынан шығамыз және пролетариат
диктатурасын орнатамыз деп мәлімдеген. Бірақ оның көзқарасының күрт
өзгеруіне өзінің қызметі барысында өз көзімен көрген ашы шындықты
көргеннен кейін, ол мәлімдемелерінде өзінің қате пікірде болып, Кеңес
өкіметінің саясатын қолдамайтынын көрсеткен.
Қорытындылай келе, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұлт зиялылары
еңбектерінде большевиктердің қазақ халқына көрсеткен зорлық зомбылығы,
оның қазақ даласына жат әрі оның шегінен асқан қарулы кұреспен
оорнағандығын ашына баяндайды. Олардың қандай еңбегімен таныссақ та,
кеңес өкіметінің саясатына деген қарсы батыл саясатын көреміз. Есімдері
ел есніде қалған мұндай жарық ұлт зиялыларымыздың сол кезеңдңегі
сипаттаған ащы шындығын қащіргі таңда неге басышылыққа алмасқа. Себебі
олар барлық оқиғаның куәсі болғандығы барша жұртқа мәлім.

2 Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихы кеңестік тарихнамада
2.1 Мәселенің 40-80 жж. ғылыми әдебиеттерден көрініс табуы

Елеуовтың 1967 жылы жарық көрген Қазақ ауылында Совет үкіметінің
орнауы және нығаюы атты еңбегінде Кеңес өкіметінің орнау мәселесі
кітаптың III тарауында былайша тұжырымдалған: Совет өкіметі Россияның
кең байтақ аймақтарында, сондай-ақ Қазақстанда да жедел қарқынмен орнай
бастады. Ұлы Октябрь революциясын ғасырлар бойы құлдықта келе жатқан
қазақ еңбекшілері де асқан қуанышпен қарсы алды, большевиктік партияның
тікелей басшылығымен Совет өкіметін орнатуға белсене кірісті. Қазақстан
жерін мекендеген: қазақ, орыс, украин жұмысшылары мен шаруаларының және
басқа ұлттардың еңбекшілерінің социалистік революцияның жеңуі жолында
бірлесіп жүргізген күресінде олардың туысқандық бірлігі нығая түсіп, өз
мүдделерінің ортақтығын барған сайын жақсы сезінді. Россияның орталығында
Совет өкіметінің орнағандығы туралы және Советтердің Бүкілроссиялық II
съезінің шешімдері туралы хабарды Қазақстанның еңбекшілер бұқарасы үлкен
қуаныш және зор жігермен қарсы алды. Митингілер мен жиналыстарда
жұмысшылар мен шаруалар Совет өкіметін құттықтап, Совет үкіметінің
революциялық саясатын қолдап отырды. ... ... ... Алайда, Қазақстанда
Социалистік революцияның жеңуі жолындағы күресте елеулі қиыншылықтар аз
болды. Қиыншылықтардың бірі - өлкенің жұмысшы табының жер – жерде
бытыраңқы болып, жете ұйымдаспағанында еді. Осының салдарынан көпшілік
аудандарда революцияға дейін өз алдына дербес большевиктік партия
ұйымдарын құруға болмады. Екіншіден, жергілікті халықты өз ықпалында
ұстап қалуға жанталасқан алашордашылар революцияның ішкі және сыртқы
жаулармен бірлесе отырып, Совет өкіметіне қарсы күрес жүргізді. - деп
мәлімделінген. Дегенмен аталмыш еңбек кеңестік идеология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
1917 жылғы ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920-1939)
Қaзaқcтaнның Ресейге қосылу тaрихының тaрихнaмacын зерттеу
Пәндер