Меншікті капиталдың есебі мен аудиты


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

«Меншікті капиталдың есебі мен аудиты» тақырыбынадағы дипломдық жұмыстың

ЖОСПАРЫ.

Кіріспе.

1 Бөлім. Ұйымның технико-экономикалық сипаттамасы мен есеп саясаты . . .

1. 1. Ұйымның қызметінің техникалық экономикалық сипаттамасы.

1. 2. Ұйымның есеп саясаты . . .

1. 3. Меншікті каптиталдың мәні . . .

2 Бөлім Меншікті капитал есебі . . .

2. 1. Жарғылық капиталының есебі . . .

2. 2. Төленбеген, қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебі. … . . .

2. 3. Резервтік капитал есебі . . .

2. 4. Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал) есебі . . .

3 Бөлім. Меншікті капиталдың аудиты

3. 1. Меншікті капиталды аудитінің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі . . .

3. 2 Меншікті капиталдың аудиті . . .

3. 3. Меншікті капиталды талдау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамадастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.

Елбасының 2007 жылғы Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.

Елбасымыз басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізіп, біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі нарықты дамыту жөнінде жасалаған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетігі мен өнеркәсіптік құрылымды өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу қажеттілігіне аса назар аударылды.

Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты жұмыс істеуімен байланыссыз бухгалтерлік есепке алудағы өзгерістерді жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге, ХҚЕС-тың беделін түсіруге, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым нақты берік ұстаным қажет. Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС іс жүзінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз деп табылғандықтан бүгінгі күні Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарттарын тәжірибеге пайдалануға бекітіп ұсынып отыр. Бұдан басқа, соңғы уақытта өзіміз білетін, осы күнге дейін аяқталмаған стандарттардың өздерін белсенді жетілдіру процесі жүріп жатыр (ХҚЕС-қа тұрақты түрде елеулі өзгерістер енгізілуде, оған шағын компаниялардың қадағалап отыруына жағдайы жоқ) . Осыған байланысты ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есеп беруді ірі кәсіпкерлік субъектілері мен көпшілік мүдделі ұйымдар ғана жасағаны орынды деп табылды.

Қызметі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар көпшілік мүдделі ұйымдар болып табылады, оларға мыналар жатады:

- қаржылық ұйымдар;

- акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерді қоспағанда) ;

- жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) ;

- жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар (жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда) .

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық есеп беруді жасауды жүзеге асыру үшін былайша бөлу ұйғарылады:

1. шаруашылық қожалығын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен оңайлатылған декларацияның негізінде жұмыс істейтін ұйымдарды қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу барынша оңайлатылған тиісті қаржылық есеп беру стандарты;

2. бірінші тармақта көрсетілгенді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері, орта кәсіпкерлік және алдағы санатқа кірмеген коммерциялық емес ұйымдар үшін, сондай-ақ орта кәсіпкерлік субъектілері (көпшілік компанияларды қоспағанда) және жедел басқару құқығында негізделген мемлекеттік кәсіпорындар үшін ХҚЕС негізінде әзірленген оңайлатылған ұлттық қаржылық есеп беру стандартын қолдануға болады.

Шағын бизнес үшін ХҚЕС-ты қолдану күрделілігі проблемасын шағын-орта бизнес үшін мамандандырылған стандарт әзірлеумен бірнеше жылдан бері айналысатын ХҚЕСКҚ-да түсіндіреді. Әмбебап стандарт әзірлеу өте күрделі жұмыс, өйткені шағын кәсіпкерлікке қатысты саясат және тиісінше оларға қойылатын талап әр елде әрқалай. Сонымен қатар, осы стандартты ХҚЕСКҚ қабылдағаннан кейін оның ережелерін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесіне барынша инкорпорациялауға болады.

Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп өндірістің хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсысыларыда болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Орындалып отырған дипломдық жұмыстың 1 бөлімінде зерттеліп отырған ҚазТауҚұрылыс жауапкершілігі шектеулі серпіктестіктің техникалық-экономикалық сипаттамасы мен есеп саясатына тоқталсақ, 2 бөлімде дипломдық жұмыста қарастырып отырған негізгі тақырып - меншікті капиталдың құрамының, яғни жарғылық, төленбеген, қосымша төленген және төленбеген, резервтік капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған залал) есебінің жүргізілу тәртібімен таныстырамыз, 3 бөлімінде меншікті капиталдың аудиты және талдауы қарастырылған.

Бөлім І. Ұйымның техникалық-экономикалық сипаттамасы мен есеп саясаты

1. 1 Ұйымның қызметінің техникалық-экономикалық сипаттамасы

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «ҚазТауҚұрылыс» Қазақстан Республикасында 2006 жылдың 20 наурызында мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз қызметін атқарып келеді.

ЖШС «ҚазТауҚұрылыс» (әрі қарай мәтін бойынша Серіктестік) Қазақстан Республикасының 1-сәуір 2000 жылғы Азаматтық Кодексіне, 16-шілде 1999 жылғы, №436 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке меншік негізінде құрылған.

Серіктестік меншік құқығында оқшауландырылған мүлкі бар заңды тұлға болып табылады және осы мүлкімен өз міндеттері бойынша жауап береді, өз атынан мүлікті және жеке мүлікті емес құқықтарын жүзеге асырады және сатып алады, серіктестіктің дербес балансы және өз атауымен мөрі бар. Серіктестікті басқару органы болып табылады:

жоғарғы орган - қатысушы немесе оның өкілі;

атқарушы орган - директор.

Серіктестіктің заңды мәртебесі. Серіктестік мемлекеттік тіркелу кезінен бастап заңды тұлға құқығын иемденеді. Серіктестік жұмысшыларының орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.

Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан келісімдерге отырады, мүліктік және жеке мүлікті емес құқықтар алуға, міндеттерін көтеруге, сотта талап қоюшы және жауап беруші болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында және одан тыс жерлерде бөлімшелер мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге кіруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.

Серіктестік өз міндеттемелері бойынша оған тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің қарыздарына жауапты емес. Серіктестік мемлекеттің қарыздары бойынша жауап беррмейді. Серіктестік заңда қаралған жағдайлардан басқа жағдайда қатысушының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қатысушы серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзі қосқан үлес құны шамасында серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар тәуекелін алады.

Серіктестік қызметінің мақсаты мен мәні. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты болып келесі қызмет түрлерін жүзеге асырудан табыс табу табылады:

Күрделі құрылыс жұмыстары және жөндеу жұмыстары;

Көтерме, бөлшек және комиссиялық сауда;

Азық-түлік өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өндіру және сату;

Сауда-саттық операциялары және делдалдық қызмет ету құқығымен ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, өндіру, қайта өндіру;

Компьютерлік техника және оның құраушыларын жеткізу, жинау және сервистік қызмет көрсету;

Программалық қамсыздандыру мен жаңа технологиялар құру және оларды өндірістік процесске енгізу;

Сервистік-тұрмыстық орындарды құру;

Сауда орындарын құру;

Ғылыми қызмет;

Заңды және жеке тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының мүдделерін ұсыну;

Жарнамалық қызмет;

Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

Маркетингтік зерттеу ұйымдастыру, нарықты зерттеу және болжау, ақпараттық-коммерциялық қызметті ұйымдастыру;

Жеке құрылыс-жөндеу және транспорттық инфроқұрылымдарды құру және дамыту;

Баспа қызметін ұйымдастыру, жеке баспаны (газет-журнал, программалар шығару) ;

Өз қызметін және өзінің кәсіпорындарының, бөлімшелерінің, құрылымдарының қызметін материалды-техникалық қамсыздандыру;

Қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдениет және басқа да қоғамдық айналымдардың әртүрлі аспектілері бойынша жеке ақпараттық база құру;

Әртүрлі жәрмеңкелер, көрмелер мен аукциондар өткізу;

Қазақстан Республикасының Заңдарымен рұқсат етілген басқа да қызмет түрлері.

Серіктестіктің жарғылық капиталы. Өз қызметін жүзеге асыру үшін серіктестікте қатысушының үлесімен 10 000 000 (он миллион ) теңге көлеміне тең сомада жарғылық капитал құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ интеллектуалды қызметтің объектіленген нәтижелеріне құқықтар және басқа да мүлік бола алады. Салым құны заңға сәйкес бағаланады. Жарғылық капиталды көбейту немесе азайту туралы шешімді қатысушы қабылдайды. Серіктестік мүлкіндегі қатысушының үлесі тек салымы төленіп қойған бөлігінде ғана иеліктен шығарылуы немесе кепілге берілуі мүмкін.

Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңдары шегінде жүзеге асырады. Серіктестік тек қана лицензия негізінде жұмыс істей алады.

Серіктестік қатысушысының айрықша құзыреті. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы болып қатысушы немесе оның өкілі табылады.

Серіктестік қатысушысының айрықша құзыретіне жатады:

серіктестік жарғысының өзгеруі, сондай-ақ оның жарғылық капиталының мөлшерінің, орналасқан жері мен фирмалық атауының өзгерілуі немесе серіктестік жарғысының жаңа редакцияда бекітілуі;

серіктестіктің атқарушы органының құрылуы және оның өкілеттігінің мерзімнен бұрын тоқтатылуы, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға табыстау туралы шешім қабылдау және мұндай табыстаудың шарттарын анықтау;

серіктестіктің бақылаушы кеңесін және тексеру комиссиясының сайлануы және оның өкілеттігінің мерзімнен бұрын тоқтатылуы;

жылдық қаржылық есептіліктің бекітілуі және таза табыстың бөлінуі;

ішкі ережелерді, тіртіпті және олардың қабылдануын, сондай-ақ серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттардың бекітілуі;

серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес мекемелерге қатысуы туралы шешім;

жою комиссиясын тағайындау және жою баланстарын бекіту;

заңға сәйкес серіктестік қатысушысының үлесін мәжбүрлі түрде сатып алу туралы шешім;

серіктестіктің барлық мүлкінің кепілдігі туралы шешім;

заңға сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарна енгізу туралы шешім;

жарғы ережелеріне түсіндірме.

Серіктестік директоры. Серіктестіктің атқарушы органы болып директор саналады. Директор тек заңды тұлға ғана бола алады. Ол серіктестіктің қатысушысы болмауы да мүмкін. Өз қызметтерін атқару барысында, директор серіктестіктің мүддесіне шын және дұрыс әрекет ету керек. Директор қатысушының шешімі бойынша белгіленген мерзімге, яғни 5 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады. Директор серіктестіктің ағымдағы жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне жауапты болады. Директор серіктестік қатысушысына есеп беру керек.

Серіктестік директорының құзыретіне осы жарғымен және басқа да құжаттармен анықталған, қатысушы мен бақылаушы органдардың құзыретіне жатпайтын серіктестіктің қызметін қамсыздандыру жайындағы барлық сұрақтар жатады. Содай-ақ, директор:

сенімхатсыз серіктестік атынан іс-әрекет жасайды;

банктік және басқа құжаттарға өз қолын қоюға құқылы;

серіктестікті таныстыру құқығына сенімхаттар береді, сондай-ақ қайта сенім беру құқығымен де сенімхаттар береді;

Қазақстан Республикасының және шетел банктерінде есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттарды ашады және жабады.

қызметтерді бекітеді және босатады, серіктестіктің қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды.

серіктестіктің жұмысшыларына байланысты олардың қызметке тағайындалуы, олардың ауытырылуы және қызметтен босатылуы туралы бұйрықтар береді, жалақы төлеу жүйесін анықтайды, қызметкерлердің еңбекақы мөлшерін бекітеді, сыйақы беру сұрақтарын шешеді, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;

серіктестіктің осы жарғысы бойынша қатысушының немесе бақылау органдарының құзыретіне жатпайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Директор (және әрі қарай, оның орынбасары) серіктестіктің Тексеруші комиссиясының мүшесі бола алмайды. Серіктестік директорына және оның орынбасарына серіктестікті шығынға ұшырататын немесе басқа да жағымсыз жағдайға әкеліп соқтыратын қызметтер мен әрекеттер жасауға тыйым салынады, соның ішінде:

серіктестік қатысушысының рұқсатынсыз өзіне немесе туыстарына мүліктік табыс әкелетін келісімдер (сондай-ақ табыс ету, займ, қайтарымсыз қолдану, сауда-саттық келісімдерді) жасауға;

серіктестіктен және серіктестіктің үшінші тұлғамен жасасқан келісімдері үшін үшінші тұлғалардан комиссиондық сыйақы алуға;

серіктестікпен болған қарым-қатынастарда үшінші тұлға атынан немесе оның мүддесіне шығуға;

серіктестіктің қызметіне бәсеке болатын кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Серіктестіктің мүлкі. Серіктестіктің мүлкі қатысушының жарғылық капиталға бастапқы жарнасы, қосымша жарналар, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен табыстар негізінде, сондай-ақ белгіленген тәртіпке сәйкес серіктестіктің иемденген қарыз қаражаттары және басқа да мүлік негізінде, сонымен бірге заңға қайшы келмейтін басқа да көздерден құрылады.

Серіктестік негізгі қор, айналым қаражаттары және басқа да материалды құндылықтардан тұратын мүлікті иемдену, қолдану құқықтарын өз бетінше жүргізеді. Жаупкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі оның балансында көрсетіледі. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден кейін қалған материалды қаражаттар таза табысты құрайды. Серіктестіктің табысын бөлу қатысушының шешімі негізінде жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін жүзеге асырылады. Табысты төлеу осындай шешімді қабылдағаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі.

ЖШС-тің 2006-2007 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, неггізгі капиталдың құрамына аса назар аудару керек. Ол үшін динамикасына талдау жасай отырып, яғни кестеге сүйене келе тұжырым жасаймыз.

Негізгі капиталдың динамикасы мен құрамы

Кесте 1

Кәсіпорының құралдары
Жыл басында
Жыл соңында
Өсуі
Мың. теңге
тиесілі %
Мың, теңге
тиесілі %
Мың, теңге
Тиесілі %
Кәсіпорының құралдары: Негізгі құраладар
Жыл басында: 17500
Жыл соңында: 58, 3
Өсуі: 25000
65, 8
+7500
+7, 5
Кәсіпорының құралдары: Материалдық емес активтер
Жыл басында: 2500
Жыл соңында: 8, 3
Өсуі: 3000
7, 9
+500
-0, 4
Кәсіпорының құралдары: Ұзақ мерзімді қаржылық қор
Жыл басында: 6000
Жыл соңында: 20, 0
Өсуі: 7500
19, 7
+1500
-0, 3
Кәсіпорының құралдары: Аяқталмаған құрылыс
Жыл басында: 4000
Жыл соңында: 13, 4
Өсуі: 2500
6, 6
-1500
-6, 8
Кәсіпорының құралдары: Барлығы
Жыл басында: 3
Жыл соңында: 100
Өсуі: 38000
100
+8800
-

Динамикасымен құрлымы және де негізгі құралдары мен жағдайына байланысты кәсіпорын ұзақ мерзімді активтерді қамтиды

Бұл бапта соманың өзгеруі негізіне машина санының, жабдықтар, ғимараттардың құнының өсуіне жинақтаған қордын қайта бағалануы инфляцияға байланысты болды.

I -ші көрссеткішке әсер ететін факторды анықтау үшін өзгерген санды негізгі қорлардың әрқайсының базистік деңгейінің бағасына көбейтеміз.

∆НҚс = ∑(∆Сі •Біо) (1. 1)

Негізгі құралдардың сомасы құны өзгеруін анықтау үшін өзгерген бағаны i - ді негізгі құралдардың санының есептік айналымына көбейтеміз.

∆НҚб =∑ (Сі1•∆Бі) (1. 2)

Сонымен қатар негізгі құралдардың техникалық деңгейі, шығарған өнімнің функциялық және моральді дейгейіне байланысты. Бұл үшін мынадай көрсеткіштер есептеледі. Бұдл үшін мынадай көрсеткіштер есептелінеді жаңартылған коэффиценттер сияқты жаңа қордың бір бөлігін сипаттайтын оның барлық жыл соңындағы бағасы негізгі қорларды жақсарту мерзімі, шығу коэффиценті, өсу коэффиценті, құлдырау коэффиценті, жарамды коэффицент, орташа мерзімдегі машина және жабдықтар және басқа да, есепайырысу және талдау методикасына сәйкес.

Талдау үрдісінде динамикадан қарастырғанымыз, инвестициялық портфел құрамы мен құрылымы және қорытынды есеп өзгеруі, сонымен қатар кіріс инвестициялық портфельдің толық және жеке қаржылық құралдары.

Яғни негізгі капиталдың бір бөлігін материалдық емес активтер құрайды: патенттер, тауар маркалары және тауардың белгілірі, табиғи және басқа ресурстары, ЭВМ программалары, жаңа технологиялық шешімдер, шаруашылық үрдісіне пайда әкеледі. Материалдық емес активтер инвестициясы белгілі бір уақытта ол қосымша пайдамен сатылып алынады, алынған кәсіпорынмен қолданылады және амортизациялық шоттың шығарылуы арқылы. Нарықтық қатынас дамыған сайын көлемі мен материалдық емес активтертердің бір бөлігі ұлғайып кәсіпорынның негізгі капиталының көлеміне әсер етеді.

ЖШС-тің 2007 жылғы бухгалтерлік балансы

Кесте 2 мың. теңге

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның салықтық міндеттемелерінің есебі
Қаржылық есептеме аудитінің процесі
Өткізу циклы аудиты жайлы жалпы ережелер
«Қазпочта» Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалына жалпы сипаттама
Қосымша төленген капиталдың есебі
Бухгалтерлік есеп жайлы ақпарат
Еңбекақының төлемін тексеру аудиты
Ембімұнайгаз акционерлік қоғамының активтерінің қалыптастыру көздерінің аудиті
Кәсіпорынның шаруашылық – қаржылық қызметі. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты
Ақша-қаражатының аудиті және талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz