Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес – жоспар



Кіріспе
I тарау. Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес . жоспардың теориялық негізі
1.1. Бизнес . жоспардың Қазақстан өнеркәсібіндегі ерекшелігі
1.2 Кәсіпорынның бизнес . жоспарын жасаудың әдістемелік негізі.
ІІ тарау. “Қаражанбасмұнай” ААҚ.ның қызметіндегі бизнес.жоспардың ұйымдастырылуын талдау
2.1. Кәсіпорынның қолданыстағы бизнес.жоспарын талдау
2.2 Еңбек ақы туралы мәліметтерді өңдеуде қолданылатын компьютерлік бағдарлама
2.3. Шетелдік еңбек ақы төлеу жүйелері және Қазақстанда еңбек ақыны ұйымдастырудағы ұсыныстар
III. Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес . жоспарды дамытудың негізгі бағыттары
3.1. Бизнес . жоспарды құруда қолданылатын шетелдік тәжірбие
Пайдаланылған әдебиеттер көзі
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қандайда болмасын фирма тиімді жұмыс істеп, максимум жетістікке жетуге тырысады. Сондықтан да әрбір кәсіпорын басшысы өз ұйымының тиімділікке жетіп, оны дамыту барысында оның қаржылық, материалдық, еңбек, интеллектуалды ресурстарға қажеттілігін және оларды алу көздерін, сонымен қатар осы ресурстардың тиімді пайдаланылуын дәл есептей алып, фирма болашақта еліміздің экономикасының дамуына үлесін қосып жөне жеке өзіне үлкен табыс әкелуін көздейді. Ал ондай тұрақты табыстарға жету үшін кәсіпорынға нарықтағы жағдай туралы, бәсекелестер жайлы, тағы да басқа жағдайлар жайында ақпараттарды білу қажет. Сонымен бірге ең бастысы, осыларды анықтай отырып, алдағы жұмысқа дұрыс жоспар құра білу керек. Ал Бұл жоспар тиімді, нақты құрылған жағдайда кәсіпорын басшысы өз ұйымының қызметі жайындағы - осы құрылған жобаға қаражат жұмсау керек пе, ол табыс әкеле ме, жұмысқа салынған күш пен шығындарды жабатын пайда түсе ме деген сияқты сұрақтарына жауап алады.
Соңғы кездері біздің елде жеке ұйымдар мен кәсіпорындардың бизнес-жоспарларын құруға деген қызығушылығы артып келеді. Бірақ, басылымдарда Бұл сұрақ бойынша кәсіпорынның жоспарлау жүйесіндегі бизнес- жоспардың орны, оның басқа жоспарлармен байланысы туралы анық түсініктемелер жоқтың қасы. Шағын кәсіпорындары үшін тек бір ғана бизнес-жоспар құрылатын болса, ірі кәсіпорындар үшін бизнес-жоспар өндірістік-шаруашылық және сауда қызметі бойынша жоспарлардың бірі болып құрылады.
1. Тулегенов Б.Т, Абдильханова С.А. «Планирование деятельности хозяйствующих субъектов» Алматы,2001
2. Горемыкин В.А. «Бизнес - план: методика разработки 25 реальных образцов бизнес - плана» Москва, 2000
3. Ивуть Р.Б. «Бизнес - план предприятия» Минск, 2000
4. «Бизнес — план: опыт, проблемы» Под. ред. Любанова Т.П. Москва, 2000
5. Уткин А.А. «Бизнес - план компании» Москва, 2000
6. «Сборник бизнес - планов с комментариами и рекомендациями» Под. ред. Папова В.М Москва, 2004
7. Сергеев А.А «Экономические основы бизнес - планирования» Москва, 2004
8. Мейірбеков Қ.А, Әлімбетов Қ.Ә. «Көсіпорын экономикасы» Алматы, «Экономика» 2003
9. Дүйсенбаев К.Ш, Төлегенов Э.Т, Жүмагалиева Ж.Г, «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»
Алматы, 2001
10. Алексеева М.М. «Планирование деятельности фирмы» Москва,2001
11. Басовский Л.Е. «Прогнозирование инвестиция планирование в условиях рынка» Москва, 2001
12. Бухалков М.И. «Внутрифирменное планирование» Мосва,2000
13. Горемыкин В.А, Бугулов Э.Р, Богомолов А.Ю. «Планирование на предприятии» Москва, 2000
14. Егоров Ю.Н. «Планирование на предприятии» Москва, 2001
15. Мескон М.Х, Альберд М, Хедоури Ф. «Основы менеджмента» Москва, 1992
16. Бабақүлы Б. Тәулсіздік, нарық, экономика «Ақиқат» 1996
17. Гончарук В.А. Развитие предприятия «Дело» 2000

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қандайда болмасын фирма тиімді
жұмыс істеп, максимум жетістікке жетуге тырысады. Сондықтан да әрбір
кәсіпорын басшысы өз ұйымының тиімділікке жетіп, оны дамыту барысында оның
қаржылық, материалдық, еңбек, интеллектуалды ресурстарға қажеттілігін және
оларды алу көздерін, сонымен қатар осы ресурстардың тиімді пайдаланылуын
дәл есептей алып, фирма болашақта еліміздің экономикасының дамуына үлесін
қосып жөне жеке өзіне үлкен табыс әкелуін көздейді. Ал ондай тұрақты
табыстарға жету үшін кәсіпорынға нарықтағы жағдай туралы, бәсекелестер
жайлы, тағы да басқа жағдайлар жайында ақпараттарды білу қажет. Сонымен
бірге ең бастысы, осыларды анықтай отырып, алдағы жұмысқа дұрыс жоспар құра
білу керек. Ал Бұл жоспар тиімді, нақты құрылған жағдайда кәсіпорын басшысы
өз ұйымының қызметі жайындағы - осы құрылған жобаға қаражат жұмсау керек
пе, ол табыс әкеле ме, жұмысқа салынған күш пен шығындарды жабатын пайда
түсе ме деген сияқты сұрақтарына жауап алады.
Соңғы кездері біздің елде жеке ұйымдар мен кәсіпорындардың бизнес-
жоспарларын құруға деген қызығушылығы артып келеді. Бірақ, басылымдарда Бұл
сұрақ бойынша кәсіпорынның жоспарлау жүйесіндегі бизнес- жоспардың орны,
оның басқа жоспарлармен байланысы туралы анық түсініктемелер жоқтың қасы.
Шағын кәсіпорындары үшін тек бір ғана бизнес-жоспар құрылатын болса, ірі
кәсіпорындар үшін бизнес-жоспар өндірістік-шаруашылық және сауда қызметі
бойынша жоспарлардың бірі болып құрылады.
Бизнес- жоспардың құрамына мынандай бөлімдер кіреді:
Меншік түрін сипаттаумен қоса бизнесті бейнелеу; оның ағымдағы жағдайы
және болашақ дамуы; басшылардың шағын өмірбаяндарымен қоса, мекемені
басқару тәсілдері; шығарылатын өнім сипаттамасы; даму стратегиялары мен
мақсаттары; нарықты зерттеу ( нарық сегменттері меноның сиымдылығы,
нарықтағы орны, тұтынушылар талабы, бәсекелестер, нарыққа кіру бөгеттері);
маркетинг стратегиялары; бірнеше жылға өткізу көлемін бағалау
бағдарламалары; қажетті валюталық құралдарды толық есептеп, қорларды
қолдану; несиені қайтару мерзімдерін есептеу.
Сонымен қатар бизнес-жоспар нақтыланған және кәсіпорынның ғаламдағы
жағдайы мен болашағын ашық, объективті түрде бейнелейді. Ол ағымдағы
қызметпен болашақ бағдарламаларды салыстырып, арасындағы айырмашылықты
теңестіре отырып, кәсіпорын қызметіне бақылау жүргізуге көмектеседі. Бизнес-
жоспарды әдетте сол кәсіпорын қызметкерлері жасайды және олар әдістемелік
көмек пен консультант эксперттердің көмегін пайдаланады.
Бизнес - жоспар - бұл жоспарлау құжаты, мұнда бизнестің барлық
мүмкіндіктері талданады және фирма, компанияларды басқаруда бар
мүмкіндіктерді пайдалануға қажетті жолдарын анықтайды.
Осы курстық жұмыста ″Қаражанбасмұнай″ ААҚ-дағы жоспарлаудың
ұйымдастырылуы талқыланып, сонымен бірге өндірістік тиімділігі, қаржылық
жағдайы, қолда бар материалдар мен ресурстардың көзделген мақсатқа жету
үшін құрылған жоспармен сәйкестілігі, қызметкерлердің еңбекақысының
жоспарланылуы, мемлекетке төлейтін салық мөлшері, кәсіпорын қызметкерлерін
ынталандыру шаралары, нарықты зерттеу, жарнама, өндірісті ынталандыру
қарастырылады.
Және де негізгі мақсатым — ″Қаражанбасмұнай″ ААҚ-ның бизнес-
жоспарының құрылуындағы ерекшеліктерді талдап, артықшылықтары мен
кемшіліктерін және жүзеге асырылу тиімділігін бағалау болып табылады.

I тарау. Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес – жоспардың теориялық негізі
1.1. Бизнес - жоспардың Қазақстан өнеркәсібіндегі ерекшелігі
Қазақстанда нарықтық қатынастың және жаңа экономикалық ойлаудың
калыптасуы, кәсіпкерлік қызметтің дамуы өндірістің көтерілуіне, халық
тұтынатын тауарларды өндірудің және қызмет көрсетудің жоғарлауына қажет деп
есептеледі. Ал нақты және тұрақты жетістіктерге жету, бұл қызметтің дұрыс
ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Кәсіпорынның қызметі жақсы жоспарланып
дұрыс бизнес - жоспар құра білсе, нарықта жетістікке жету мүмкіндігі
жоғары. Әрбір фирма жұмысын жүргізу барысында:
a) мақсатын, бағытын анықтайды;
b) ұйымның қазіргі жағдайын анықтап, баға беруі;
c) стратегия анықталады;
d) ұзақ және қысқа мерзімді жоспар дайындалады;
e) құрылған бизнес-жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, және
фирма жұмысын бақылайды.
Егер осы жұмыстар дұрыс жүргізілсе, көздеген мақсатқа жетеді. Әр
кәсіпорындардың мақсаты минимум шығын жұмсап, максимум пайда табу болып
табылады. Бизнес-жоспар қаржыландыру мен өндіріске қажет заттарды неғұрлым
пайдалы жұмсау бағытын анықтай отырып, алға қойылған мақсатқа жетуге
бағытталады.
Қазақстандағы кәсіпорынның өндірістік шаруашылық және сауда қызметінің
бизнес-жоспары стратегиялық жоспар мен оның маркетингтік жылдық жоспары
арасында орын алады. Бизнес-жоспар маркетингтік жоспардың негізгі болып
табылатын қызмет бағдарламаларының құрамында болмайды, ол тек қызметтің
негізгі бағыттарын қорытындылайды. Мысалы, егер таңдалған стратегиялярдың
ішінде жаңа өнімді жүзеге асыру стратегиясыкірсе, бизнес - жоспардың
құрамына бұл шешімдерді жүзеге асыруды қолдау туралы қорытындылған
мәліметтер келтіріледі. Бірақ, бұнда жаңа өнімді шығару жоспарымен
қабаттаспайды.
Біздің елде бизнес-жоспарды жүзеге асырудың соңғы жылдары маңыздылығы
артып келеді, ол шетелдік инвесторлардың жеке жобаларды қаржыландырумен
байланысты жобалар бәсекесіне қатысу үшін сол кәсіпорынның міндетті құжаты
ретінде бизнес- жоспарды ұсыну керек.
Нарықтық экономикада бизнес - жоспар фирма жұмыс жасау процесін
бейнелеп түсіндіреді және оның басшылары келесі мақсаттарды шеше алады:
♦ жұмыс пайдалылығын жоғарылату;
♦ құрам таңдау және тұтынушыларға ұсынатын тауарлардың сапалық
көрсеткішін анықтау;
♦ өндіріс және сауда шығындарына бағалау жасау;
♦ фирманың қаражаттық қорларын бағалау;
Біздің еліміздегі, яғни Қазақстандағы бизнес - жоспардың
ерекшеліктеріне тоқталсақ, бизнес - жоспар өзіне тән ерекшеліктерді
кешірді. Алғашқы жылдары бизнес - жоспар тек шетел инвесторларын тарту
құралы ретінде ғана қаралды. Бұл әдіс қазіргі жағдайда да қолданылады.
Дегенмен, бүгінгі күнде кәсіпкерлік бизнес - жоспар тек сыртқы
инвестициялардың тартылуымен байланысты емес, фирма жұмысында көптеген
сұрақтарды шешуде қажетті ішкі басқару қызметінің өнімі болып табылады.
Жаңа жұмыс ашуда және фирманың профилін анықтауда, оның сауда қызметінің
негізгі бағыттарын анықтауда, сонымен қатар операциялардың жаңа түрлерінің
және жүзеге асыру тәсілдерін таңдауда қолданылуда.
Жалпы, бизнес - жоспар — бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма
қызметінің жаңа сферасын камтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары.
Бизнес - жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар және экономикасы
дамыған ұйымдар жасауы мүмкін.
Бизнес - жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:
— кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік
дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметінің тәуелділігін төмендетеді;
— дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің
болашағын анықтайды;
— фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете
отырып, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;
— жоспарлаудың бағалы тәжірбиесін алуға көмектеседі, мекемеге және
оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.
Бизнес - жоспар инвесторлар және кәсіпкерлер арасындағы келіссөзді
бастаудың бастапқы тармағы болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, көбіне
бизнес - жоспар шетелдік фирмалармен келіссөздер жүргізу үшін қажет.
Бизнес - жоспар кәсіпкерлік жобаны дәлелдеудің формасы ретінде
бизнестің жоспарлық кызметінің саласына техникалық - экономикалық
дәлелдеуді бірте - бірте ығыстырады.Онда фирма қызметінің өндірістік және
нарықтық, қаржылық және техникалық, ішкі және сыртқы аспектілеріне сәйкес
келетін артықшылықтар қарастырылады.
Кәсіпорын қызметінде ең алдымен бизнес - жоспарды құрастыру үшін
қажетті ақпараттың барлык жиынтығын алуымыз керек. Бизнес - жоспардың
құрамы мен мазмұны шектелмейді.

1.2 Кәсіпорынның бизнес - жоспарын жасаудың әдістемелік негізі.

Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрастыру - өте көп еңбекті қажет ететін
және жауапты жұмыс. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық және сауда
қызметінің бизнес-жоспары стратегиялық жоспар мен оның маркетингтік жылдық
жоспары арасында орын алады. Бизнес- жоспардың мақсаты - 5 жыл аралығында
стратегиялық шаруашылық орта үшін іскерлік белсенділік стратегиялары мен
мақсаттарды анықтау. Бұл жағдайда бизнес -жоспар ұзақ мерзімді аралықка
бағытталған стратегиялық жоспарға ұқсайды. Бұл екі жоспардың тағы да бір
ұқсастығы қаржы мақсаттарына жету үшін жаңа нарықтарды игеру, жаңа
өнімдерді алу немесе жүзеге асырудағы стратегиялық сұрақтарды қарастыру.
Бизнес-жоспар маркетингтік жоспардың негізгі болып табылатын қызмет
бағдарламаларының құрамында болмайды, ол тек қызметтің негізгі бағыттарын
корытындылайды. Мысалы, егер таңдалған стратегиялярдың ішінде жаңа өнімді
жүзеге асыру стратегиясы кірсе, бизнес -жоспардың құрамына бұл шешімдерді
жүзеге асыруды қолдау туралы қорытындылған мәліметтер келтіріледі. Бірақ,
бұнда жаңа өнімді шығару жоспарымен қабаттаспайды.
Бизнес - жоспар қаржы экономикалық іс-әрекетте көрсеткіштерге жетуге
бағытталған жоспардың бір түрі. Ол 6,8,10,18 және тағы басқа бөлімдерден
түруы мүмкін.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің алға қойган мақсаттары
Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты — пайда табу. Болашақтағы жұмысты
белгілей отырып, қанша, қандай көлемде пайда табуға болатындығын есептеп
шығару қажет. Сонымен бірге, бұл бөлімде басқа да мақсаттар көзделеді:
әлеуметтік мақсаттар - тауарлар мен атқарылатын қызметтерді көбейту,
экономикалық жағдайларды жақсарту, жаңа мәдени мұралар қалыптастыру, ғылыми
- техникалық, ағартушылық потенциалды ұлғайту, іскерлік және халықаралық
қарым-қатынасты нығайту; кәсіпкерлердің статусын көтеру, кәсіпкердің
экономикалық потенциалын дамытып, нығайту; басқа да арнайы мақсаттар -
шетелдермен қарым-қатынас жасау; әртүрлі ассоциацияларға мүше болып кіру;
кәсіпкерліктің ерекше мақсаты- әртүрлі қайырымдылық жұмыстар көрсету.
Бизнес — жоспардың негізгі көрсеткіштері. Түйіндеме
Бизнес - жоспардың бұл бөлімінде фирма қызметінің барлық бағыттары
және сфералары анықталады. Қызмет сфераларына шығарылатын тауарлар, нарық
сегменттері және сол фирманың технологиялық мүмкіншіліктері жатады. Қызмет
сфералары анықталғаннан кейін фирма алдына белгілі бір мақсаттар қояды. Бұл
мақсаттарға нарықта фирма үлесінің артуы, сауда көлемінің өсуі, таза
табыстың жоғарлау, өнім сапасының жоғарылауы немесе сервистік қызметтердің
үлесінің артуы, жаңа өнім түрлерін игеру мерзімінің төмендеуі, нарыққа
енуді және ескі тауарларды ығыстырулар кіреді.
Резюме — бизнес-жоспардың негізгі бөлімі болып есептеледі және ол
мынандай бөліктерден тұрады:
— басты мақсат;
— өнімнің қысқаша мінездемесі, айрықша ерекшеліктері;
— қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері;
— жобаны орындау мерзімі;
— шығындар көлемі;
— болжаулы тиімділік пен соңғы нәтижелерді қолдану аясы.
Негізгі жалпы көрсеткіштер:
— өнідіріспен шығарған өнімді сату көлемі;
— пайдатүсім көлемі;
— өзіндік құнды азайту және қарызға алынған қаражат;
— рентабельділік.
Арнайы көрсеткіштер:
— сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтің сапасы;
— саны және ерекшеліктері;
— салымдардың қайтарымдылық уақыты;
— жоспарланған нәтижелерге жетудің кепілділігі.
Резюмеге фирма туралы негізгі деректер де кіреді:
— құрылу мерзімі және тіркелу күні;
— меншік түрі, фирма басшыларының байланыс телефондары;
— фирманың жұмыс істейтін сферасының қыскаша мазмұны. Резюменің соңғы
беті жобадан болашақта күтілетін каражаттық нәтижелерге арналады.
Сату нарығын, сату көлемін талдап, бағалау.
Бұл бөлімде келешек жобаның негізгі бағыттары және қызмет мақсаттары,
өндіріс көлемі, сату көлемі анықталады. Маркетингтік зерттеулер жүргізіліп,
бәсекелестер мен баға саясаты және олардың мүмкіншіліктері зерттеледі.
Бұдан басқа бұл бөлімде нарықтағы жаңа өнімдер мен осы саладағы
жетістіктер, сатып алушыларға сипаттама беру, нарықтың жаңа қажеттеліктерін
анықтау, жобаның орындалуына позитивтік немесе негативтік ықпал ететін
факторларды талдау туралы жазылады.
Ұйымдық шаралар мен жұмыс жасау жоспары.
Кәсіпкерлік бағдарламаға - маркетинг, өнім шығару, өнімді сатып алу,
сақтау, тасымалдау, сатып алушыға әртүрлі деңгейдегі қызмет көрсету жатады.
Ұйымдық шараларға - бизнес-жоспарды орындауды басқару, жобаны
басқарудың ұйымдық құрылымы, орындаушылардың іс-әрекетін қадағалау,
еңбекақының арнайы формаларын ұйымдастыру шаралары, кадрларды дайындау,
есептеу және бақылау жатады.Тұтынушыларға жеткізілетен өнімдер мен
атқарылатын қызметтердің мінездемесі.
Бұл бөлімнен бизнес - жоспардың негізгі бөлімі басталады. Бұнда фирма
келешек сатып алушыларға ұсынуға дайындаған тауарлары (қызметтері) туралы
сипаттама береді. Бұл бөлімнің көрсеткіштері:
— өнімнің сыртқы түрі, сипаттамасы, суреті, безендірілуі;
— тұтынушылардың тауар туралы түсініктерінің болуы; (тауарға сұраныс,
аймақ , бұйым туралы хабарлар);
— өнімді сату бағасының болжамы;
Фирма күнделікті тауарлармен және тауардың бір түрін шығарумен
шектелмейді, себебі тұтынушы жаңа жетілдірілген тауарларды күтеді.
Жаңа тауарды жетілдіру жаңа нәрсеге арналған идеаларды іздеумен
басталады. Содансоң жарамсыз идеаларды ертерек айқындау және үшін сүрыптау
жүргізіледі. Сүрыптаудан өткен, нақты орындалған тауар 5 мінездемеге ие
бола алады. Олар:
1) сапа деңгейімен;
2) қасиеттердің терімімен;
3) ерекше дайындалуымен;
4) ерекше орамамен және маркалы атпен;
Сондықтан бұл деңгейде кәсіпкер тауар маркісіне қатысты мәселені
шешуге тиісті және жаңа тауарға арналған эффективті ораманы жасау
шешімдерін талап етеді. Олар:
— тауардың орамасы қандай болуы керек және ол нақтылы тауар үшін
қандай роль атқаратынын анықтау;
— ораманың көлемі, түрі-түсі, мәтіндік дайындауы туралы шешім
қабылдау;
— орама нормалы эксплотация талаптарына жауап беретінін растау үшін
оны сериялы сынақтардан өткізу;
Тауарды осындай жан-жақты өңдеу бір мақсатта өткізіледі. Ол оның
нарықта тұрақты бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Өтім нарығын талдау
Нарық және маркетинг барлық фирмаларға арналған шешуші факторлар болып
келеді. Егер шығарылған өнімнің сатып алушылары жоқ болса, он да ең сапалы
тауарлар, технологиялар пайдасыз болады. Сондықтан бизнес - жоспар жазуда
осы бөлім ең қиын бөлім болып келеді. Инвесторларды және несие берушілерді
тауар үшін нарықтың бар болуына және онда кәсіпкер өз тауарын сата алу
кабілеттілігіне сендіру керек, сонымен қатар өнім өткізілгеннен кейін табыс
әкелуін көздеу керек (1-сызба).

1 -сызба. Тауардың өтім нарығын бағалау
Ресурстармен қамтамасыз ету.
Бұл бөлімде ресурстардың түрлері және көлемі жайында және ресурстарды
қолдану әдістері жайлы анықтамалар беріледі. Ресурспен қамтамасыз етуге -
материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, ақпарат
ресурстары жатады.
Өтім нарығындағы бәсеке
Кез-келген бизнес, өндіріс толық жетілген болса да бәрі-бір бәсеке
проблемасымен қағысады. Сондықтан осы бөлімде өз бәсекелері туралы кажетті
хабарды жинауы қажет.
Бәсекелестердің талдауын жүргізе отырып, кәсіпкер бизнес - жоспар
құрғанда үлкен қателіктен сақтануы керек. Бәсекелестердің күшті және әлсіз
жақтарына бағалау жүргізу керек.
Маркетинг жоспары. Маркетинг стратегияларын анықтаудың келесідей
концепциялары бар:
■ өндірісті толық жетілдіру концепциясы, тауарлар кең таралған және
бағасы лайық болса, ол нарықта өтімін табады;
■ тауарды толық жетілдіру концепциясы, тауарлардың сапасы мен
мінездемелері ең жақсы болса, өтімі жоғары болады.
Бағаның құрылуы Нарықта фирманың тауарға бағаны құру процесі 7
кезеңнен тұрады:
1. Бағаны құру мақсаттарының жасалуы;
2. Сұранысты анықтау;
3. Шығындарды бағалау;
4. Бәсекелестердің тауарлары мен бағаларын талдау;
5. Бағаларды құру әдісін таңдау;
6. Келешек өзгертулер мен ережелердің бағасын аныктау;
7. Бағаларды реттеудегі мемлекеттің есеп шаралары;
Тәуекелді және сақтандыруды бағалау Әрбір жаңа жоба өзінің қалыптасу
жолында айқын қиындықтармен кездеседі. Кез-келген кәсіпкер бұл қиындықтарды
күні бұрын білуге және оларды жеңу стратегияларын ойластыруы қажет.
Қауіп бәсекелестерден, маркетинг саласында, есептеулерде, басқаратын
кадрларды іріктеп алуда кателесуден, өрттен және жер сілкінулер сияқты
табиғи жағдайлардан, ереуілдер және ұлтаралық даулардан шығуы мүмкін.
Бизнес - жоспарда кәсіпкер тәуекелдің күтілетін залалын және олардың
пайда болу ықтималдығының тізімін көрсету, көрсетілген тәуекелдердің
бейтараптандыруының және сақтандыру ұйымдық шараларын көрсетуі қажет.
Баланстық жоспар
Бұл бөлімде фирма активтері және пассивтері, кәсіпкермен және оның
серіктерінің өндіріс дамуында өздерінің қаражат салымдары қарастырылады.
Бірінші жыл соңында баланс жоспар құрастыру, табыстардың және шығындардың
жоспары, олардың төлемдерінің ақшалы түсімдерінің жоспары дайын болған
кезде ғана басталады. Баланс жоспар активтердің және пассивтердің шоты
ретінде көрсетіледі, олардың айырымы ұйымның меншікті капиталы болып
табылады.
Жобаның тиіміділігі
Бұл бизнес - жоспардың соңғы бөлімі, мұнда кәсіпкерліктен алынған
тиіміділік есептелінеді. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне пайда және
рентабельділік көрсеткіштері жатады. Сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-
техникалық тиімділіктер есептелінеді.
Фирма ұсынатын ұсыныстар
Бизнес - жоспар бұл бөлімде жобаларды дайындағанда қажетті
қаражаттардың көлемі, инвесторлар берген кепілдіктердің түрлері және
мөлшерлері, капиталды өсіру переспективасы, жоба есесін қайтару мезгілі,
сонымен қатар қаражаттарыдың алу жоспары анықталуы қажет.
Бизнес жоспарлаудың этаптары.
Бизнес жоспармен байланысты қызметті бірнеше негізгі этаптарға бөлуге
болады:
1. План құру процесі. Ол ұйымның болашақ мақсаты және оларға жету
әдістері туралы шешім қабылдауы. Жоспарлау жүйесі жоспарлау процесінің
нәтижесі болып табылады.
2. Пландық шешімді жүзеге асыру қызметі. Бұл қызметтің нәтижесі ұйым
қызметінің нақты көрсеткіші болып табылады.
3. Нәтижені бақылау. Бұл этапта нақты нәтиже мен жоспарланған
көрсеткішті салыстырып, ұйым қызметіндегі әлсіз жақтарды дамыту.Бақылау
жоспарлау қызметіне соңғы этапта болса да, оның маңызы өте зор. Себебі
бақылау ұйымдағы жоспарлау процесіндегі тиімділікті анықтайды.
Бизнес- жоспар құрудың 2 түрін ұсынуға болады. Біріншісі, сізге ақша
бере алатын немесе сіздің бизнесіңізге ақша салушыларға арналған. Бұл
жоспар - инвесторды келтірілген бағдарламалар мен мақсаттар нақты және
жүзеге асатындай екеніне сендіре алу керек. Екінші жоспар - кәсіпорынның
ішкі пайдалануы үшін. Бұл жоспар нақтыланған және кәсіпорынның ғаламдағы
жағдайы мен болашағын ашық, объктивті түрде бейнелейді. Ол ағымдағы
қызметпен болашақ бағдарламаларды салыстырып, арасындағы айырмашылықты
теңестіре отырып, кәсіпорын қызметіне бақылау жүргізуге көмектеседі. Бизнес-
жоспарды әдетте сол кәсіпорын қызметкерлері жасайды және олар әдістемелік
көмек пен консультант эксперттердің көмегін пайдаланады. Шынында да,
кәсіпорын қызметкерлерінен басқа ешкім кәсіпорынның ішкі және сыртқы
жағдайын толық білмейді. Бизнес жоспарды құруда эксперттік сұраулар мен
әлеуметтік зерттеулер нәтижесін қолдана білу керек. Ол, әрине, нарық
жағдайы мен көсіпорын қызметінің әр түрлі мағлұматтарына негізделеді.
Қазақстан Республикасының индустриялдық-инновациялық стратегиясына сай
құралған қаржы институттары шикізатқа қатысы жоқ, өңдеу өнеркәсіптің
бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы ғылыми сыйымды жобалары үшін
несиелер бөледі. Бұл несиелерді алу тәртібінің негізгі шарты бизнес-жоспар
дайындау. Бизнес-жоспар көптеген қаржы ұйымдарынан несие алу кезінде және
оларды қайтару мерзімдерін көрсеткен кезде қолданылады.
Бизнес-жоспардың мынандай төрт негізгі функциялары бар:
1. Бизнес-жоспар дайындау кәсіпорын даму стратегиясын анықтауға
мүмкіндік береді.
2. Бизнес-жоспар негізгі қызметке сай жоспарланады.
3. Ақша қаражаттарын тартуға ықпал етеді.
4. Өзінің капиталы мен технологиясын саналатын инвесторларды тарту
мүмкіндігі.
Бизнес-жоспардың мазмұны.
Әдетте бизнес-жоспар 20 беттен тұрады. Егер де жоба өте ауқымды болса,
онда бизнес-жоспар 50 беттен аспауы тиіс. Б-Ж 1 жыл көлеміне жасалынады,
инвестициялық көлемі ұзақ болса 2 жылға жасалуы мүмкін.
Б-Ж келесі бөлімдерден тұрады:
І. Титулдық парақ.
2. Резюме.
3. Саланы талдау.
4. Кәсіпорынның сипаттамасы.
5. Өнімнің сипаттамасы.
6. Нарықты талдау.
7. Бәсеке.
8. Маркетингтік жоспар.
9. Өндірістік жоспар.
10. Ұйымдастырушылық жоспар.
11. Заңжоспары.
12. Қаржы жоспары.
13. Тәуекелді бағалау және сақтандыру.
14. Қосымшалар.
Б-Ж-дың әрбір бөліміне жеке тоқталып кетсек:
Титулдық парақ (1). Ол мынандай ақпараттарды қамтуы тиіс:
1) Кәсіпорын атауы.
2) Мекен-жайы.
3) Б-Ж дайындау уақыты және орны.
Титулдық параққа, сонымен қатар, кәсіпорын эмблемасы немесе сауда
белгісі көрсетілуі мүмкін. Титулдық парақтың ішкі бетінде бизнес-жоспардың
дайындаушылардың аты-жөні жазылады. Бұл парақтан соң бизнес-жоспардың
мазмұны берілу керек, яғни параграфтың және таруалардың бастамалары болуы
керек.
Резюме (2). Б-Ж-дың басында тұрғанымен оны б-ж аяқталғаннан кейін
жасайды. Резюме қысқа болу тиіс және онда б-ж-дың негізгі маңызы және
жобаның цифрлық мәліметтері көрсетілуі тиіс. Резюме көлемі 4 беттен аспауы
тиіс. Резюмеде мынандай мәліметтер қолданылуы тиіс:
1) алдағы жылға сатылудың көлемі, оның құндық өлшемі көрсетіледі;
2) өндіріске кететін шығындардың көлемі;
3) табыс көлемі және рентабельділік мөлшері;
4) банк несиесін қайтару мерзімі.
Саланы талдау (3). Б-Ж-дың бұл бөлімінде мынандай
сұрақтарға жауаптар алынуы тиіс:
а) саланың даму мүмкіндіктері және жалпы жағдайы;
ә) нарықтың көлемі (тұтынушылар санымен, адам басымен өлшенеді);
б) саланың нарықтағы Өмірлік Кезеңнің Деңгейі (қүлдырау кезеңінде
болса, онда диверсификация, модернизация);
в) бәсекенің көлемі (жергілікті, аймақтық, үлттық, ғаламдық) осы
бәсекенің деңгейінің;
г)накты тұтынушылар саны ( шамамен, анкета, т.б.арқылы).
Кәсіпорынның сипаттамасы (4). Бұл бөлімінде инвестор үшін төмендегі
ақпаратты беруі керек:
1) кәсіпорынның мекен-жайы;
2) кәсіпорынның қалыптасқан күні (оны Әділет Министрлігінде
анықтауға болады);
3) ұйымдық-қүқыктық меншік түрі;
4) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері;
5) активтерінің құрылымы (ағымдағы, ұзақ);
6) банктік реквизиттері (банктегі есепшотының нөмірі);
7) шығарылатын өнім көлемі ( номенклатура бойынша);
8) кәсіпорынның инфрақұрылымдары;
9) кәсіпорындағы кадрлардың персоналдарды жалпы сипаттамасы
(жұмысшылар, қызметкерлер);
10) кәсіпорынның жоғарғы звеносының аты-жөні.
Өнімнің сипаттамасы (5). Бизнес-жоспардың маңызды бөлімі болып
табылады. Себебі кез-келген кәсіпорын өнііуишығарады. Бұл бөлім мынандай
сұрақтармен байланысты болады:
1) нарыққа шығарылғалы отырған өнім қандай қажеттілікті
қанағаттандырады;
2) шығарылатын өнімнің бәсекелес өнімге қарағанда ерекшеленетін
белгілері (дизайны, сапасы, тартылымдылығы);
3) өнімнің авторлық куәлігі мен патенттерінің болуы;
4) өндірілетін өнімнің нарықтағы мөлшерлі өткізу бағасы ( өзінді
құн+пайда);
5) әрбір өнімнің кәсіпорынға әкелетін пайдасы;
6) өнімнің сыртқы қорабының түсі, безендірілуі (суреті, сызбасы
міндетті түрде болу керек);
7) өнімді өткізу ерекшеліктері (қалай өткізіледі).
Нарықты талдау (6). Б-Ж-да нарықты талдау ұзақ уақыт мерзімін және дәл
ақпараттарды қажет етеді. Өйткені, бұның басты мақсаты инвесторға
шығарылатын өнімнің сол нарықта өтетіндігіне дәлелдеме келтіру.
Аналитикалық, маркетингтік тұтынушылардан сұрақ-жауап анкетасы арқылы
нарықты талдау жүргізіледі. Бұл бөлімінде мынандай мәселелері қамтылады:
1) нарықтың сұранысы мен ұсынысы;
2) нарықтың ерекшелігі (нарықтағы бәсеке, өндірістің монополиялануы,
антимонополиялық заңдардың шарттары);
3) мемлекеттің ішкі ерекшеліктері (климаты, ұлттық мәдени құндылықтары
және ұстанымдары, әлеуметтік жағдайы, инфляциялық деңгейі, халықтың мөлшері
табысы және қай буындағы тұтынушыларға арналған туралы ақпарат).
Бәсеке (7). Бұл бөлімнің басты мақсаты - кәсіпорынның бәсекелік
стратегиясын айқындау және басқа кәсіпорындардың қателіктерін қайталамау
мүмкіндіктерін іздестіру. Б-Ж-дың Бұл бөлімінде мына мәселелер қамтылуы
тиіс:
1) ұқсас өнімдерді шығаратын ең ірі өндірушілерді анықтау;
2) олардың қаржы-экономикалық жағдайларына талдау жасау;
3) бәсекелестердің шығаратын өнімдерінің негізгі ерекшеліктері:
а) сипаттамалар беру;
ә) сапа деңгейін анықтау;
б) дизайн артықшылықтарын анықтау;
в) сол өнімдерге қарсы тұтынушылардың пікірлерін білу.
4) нарыққа шығарылатын бағаларын анықтау.
Сонымен қатар, бұл бөлімінде бәсекелестердің жарнамаға қанша көңіл
бөлгенін білген жөн.
Маркетингтік жоспар (8). Маркетингтік жоспар кәсіпорынның нарыққа
шығарып отырған өнімдерін тұтынушыға жеткізу амалдармен байланысты болады.
Осыған сәйкес бизнес-жоспарда маркетингтік стратегия дайындалады. Бұл
стратегияда мынандай сұрақтар көрініс табуы тиіс:
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Кәсіпкерлік қызметті басқару
Кәсіпорында бизнес - жоспарды іске асыру
Қызметтерді өндірістік тұтыну
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
Жобаларды басқарудың ұйымдық құрылымдары
Кәсіпкерлік қызметтегі орта
Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Пәндер