Қоғамдық өндіріс қажеттіліктер мен игіліктер. Өндірістің негізгі проблемалары


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: Қоғамдық өндіріс қажеттіліктер мен игіліктер. Өндірістің негізгі проблемалары

КІРІСПЕ

Классикалық буржуазиялық экономикалық саясаттың шарықтау шегі - ағылшын ғалымдары А. Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде жақсы баяндалған. Бұл кезеңде Ұлыбританияның экономикасы жоғары дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарында болуы баяндалды. Британия ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде болды, өндіріс қарқынды темпен дамып келді, ал ел өзінің сыртқы саясатын белсенді түрде нәтижелі өткізді. Капиталистік қатынастар елде жоғары қарқынмен дамыды. Елде буржуазия мынадай таптарға бөлінді: буржуазия, жұмысшылар, жер иеленушілер.

Сонымен қатар, капиталистік қоғамның кеңеюі көптеген феодалдық тәртіптермен қайшыласты. Буржуазия дворяндықты өзінің басты жауы ретінде санады, сондықтан да капиталистік өндірістің түрлеріне бақылау жасап, қоғамдық өндірістің даму сатыларын анықтады.

Мұның нәтижесінде, А. Смиттің еңбегінде көрсетіліп кеткендей, XVIII ғасырдың екінші жартысында Ұлыбританияда экономиканың шарықтауына қолайлы жағдай туды.

1. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ .

1. 1. Өндіріс және экономика

«Өндіріс» және «экономика» терминдері өзара синоним ба? Бұл сауал бекер қойылмаған. Тұрмыста адамның өндірістік қызметі - экономика, яғни адамдардың экономикалық өмірі деп саналады. Мұның логикалық шешімі ретінде, экономикалық теория адамдардың түрлі тарихи кезеңдердегі өндірістік, тұрмыстық қызметін зерттейді.

Мұндай тұжырымдар да бір жағынан дұрыс. Себебі, адамның шаруашылық қызметінің сонау алғашқы қауымдық, құл иеленушілік кезеңнен бері өмір сүріп келе жатқандығын мойындамау дұрыс емес. Алайда, ол кезеңде экономика болмаған. Ол кезеңде халықтың тұрмысына қолайлы жағдайларды жасау ұру, арбап-сабаудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Ондай әдіс-тәсілдерді бейэкономикалық (внеэкономические) деп атайды. Экономика - адам тұрмысына қолайлы жағдайлардың бағаның өсіп-құлауы, шығыс пен кірістің динамикасы секілді механизмдермен реттелінетін қоғамда пайда болады. Мұның бәрі - нарықтық шаруашылықтың атрибуттары. Бұдан шығатын қорытынды, « экономика - өндіріс сөзінің синонимі емес, нарықтық шаруашылық сөзінің синонимі ».

Өндірістің категорияларын жалпы түрде қарастырайық.

Өмір сүруге қолайлы жағдай тудыру - қоғам мен адам өмірінің негізгі тірегі. Адамның мұндай жағдайсыз өмір сүруі мүмкін емес. Сонымен өндіріс сөзі жалпы түрде нені білдіреді?

1. 2. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР

Өндіріс - бұл адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында атқарылатын жұмысы. Бұл процес нәтижесінде өндірістің негізгі факторлары өзара байланыста болады. Олар: еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік.

Өндірістің мақсаты - адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өмір сүруге қажетті материалдық және бейматериалдық игіліктерге қол жеткізу болып табылады. Нәтижесінде, өндірістік процестің механизмін толыққанды түсіну үшін қажеттіліктер мен игіліктердің категорияларына жете тоқтала кеткенде жөн санадым.

Қажеттіліктер (потребности) - адам бойындағы бір нәрсеге қанағатсыздық, ол оны шешуге ұмтылады. Бір нәрсеге көңіл толмаушылық адамды әрекет етуге мәжбүрлейді (мысалы, өндірістік қызмет атқару) .

Адам бойындағы қажеттіліктер өркениеттің (цивилизация) дамуына байланысты үнемі дамып отырады. Ал сол қажеттіліктер үнемі артып отырады (білім, өнер алу қажеттілігі, т. б. ) .

Игіліктер (благо) - қажеттіліктерді қанағаттандыратын құрал. А. Маршал игіліктер жайлы: «адам қажеттіліктерін жүзеге асыратын керекті құрал» деп атап кетсе, Ж. Бэй «адам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған қолымыздағы бар мүмкіншіліктер» деп атап кеткен. Адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір құрал-сайманның қасиеті оны игіліктерге айналдырмайды. Бұл мәселеге зейін салып, терең зерттеген австриялық мектеп түлектерінің бірі К. Менгер. Мәселен, женьшенның тамыры адамның көңіл-күйінің көтеретіңкі жүруіне ықпал етеді. Алайда, адамдардың женьшеннің мұндай қасиеттерін анықтамайынша, ол игіліктер қатарына жатқызылмады. Белгілі бір заттың адам қажеттіліктерін қанағаттандыру алуы адам ақыл-санасымен түсініліп, мойындалуы керек.

Өндіріс факторлары (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік) келесі тарауларда толық қамтылып, баяндалып кетеді. Австрийлық мектептің терминологиясын қолдансақ, «капитал - жоғарғы тәртіптің игіліктері». Қоршаған ортаның дамуына байланысты жоғары тәртіпті игіліктер терминінің анықтамасы да көбеюде.

Осы кезге дейін сөз тек материалдық игіліктер жайлы ғана қозғалды. Алайда, өндіріс процесі өзіне материалдық қызмет көрсету жүйесін де қосады. Мысалы, дайын өнімнің шығарушыдан тұтынушыға тасымалдануы. Бұл жағдайда өндіріс сөзі өнімді шығару дегенді білдірмейді, оның кеңістіктегі қозғалысын баяндайды.

Бұл параграфтың тақырыбында «қоғамдық өндіріс» сөзі кездеседі. Не үшін мұндай эпитет қолданылды? Өндіріс сөзі өндірістің негізгі факторларының байланысы жайлы толық анықтама бере алмайды ма? Бұл құбылысты түсіндіру оңай. Өндіріс процесі қоғамда атқарылады, жеке түрде оның өмір сүруі мүмкін емес. Мысалы, қолөнерші немесе диқаншы бір өзі жұмыс атқарғанда жеке жұмыс істеймін деп ойлайды, алайда оның жұмысы мыңдаған басқа салалармен тығыз байланысты (бұйым өндіру үшін оған құрал-саймандар, құрылғылар керек, ал оны басқа салалар өндіреді, яғни көптеген салалар өзара байланысты болады) .

Қоғамдық байлықтар - өндірістік қызметтің нәтижесі рөлін атқарады. Классикалық мектеп түлектерінің дәстүрлі түсінігінде, қоғамдық байлықтар материалдық игіліктерге айналған жылдар бойы жинақталған бұрынғы ұрпақтың еңбегін қазіргі ұрпаққа берілуі дегенді білдіреді.

Қоғамдық игіліктерді қалыптастыру мен өндірістің нәтижелілігін арттырудың факторларын анықтау үшін А. Смиттің «Исследование о природе и причинах богатства народов» еңбегін қолданамыз.

2. ӨНДІРІС: ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ФАКТОРЛАРЫ.

Экономикалық қызметтің негізгі мақсаты - максималды түрде жеке алғанда адам мен, тұтастай алғанда қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін қоғамдық өндіріс қызмет атқарады, оның мақсаты - экономикалық өнім өндіру.

Өндіріс өндіру мен қайта өңдеуден тұратын күрделі экономикалық процесс, ол кез-келген экономикалық жүйенің базисі болып табылады. Өндірістің функциялануы мен ұйымдастырылуы - адам қажеттіліктерін қанағаттандыруда қолданылатын экономикалық жүйемен тығыз байланысты.

Қоғамда өндірілетін экономикалық өнімдер бірнеше топқа бөлінеді:

1. Ақырғы өнімдер - бұл толығымен экономикалық өңделген, тұтынылу аймағына түсетін өнімдер.

2. Аралық өнімдер - бұл толыққанды өңделмеген өнімдер, олар белгілі бір ортаға одан әрі жетілу, өңделу үшін түсетін өнімдер.

Өндіріс көптеген белгілермен, қасиеттермен, көрсеткіштермен сипатталады. Өндірістің мақсаты өндірістің ресурстарды адам мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті дайын өнімге айналдыру. Өнімнің саны мен сапасы бұл өнімді өндіру барысында жұмсалынған ресурсқа байланысты. Экономикада не өндіріледі деген сұраққа жауап беруге өндірістің құрылымы көмектеседі. Экономиканың басты мақсаты адам бойындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру болғандықтан, қоғам қолда бар ресурстарды барлық сферадағы қажеттіліктер мен игіліктерді тең дәрежеде қанағаттандыратындай етіп жұмсауы керек. Өнім әр-түрлі әрі сапалы болуы керек.

2. 1. Құрылымы . Экономиканың құрылымы өндірістің көптеген салаларының бірі ретінде де сипатталады. Мұндай құрылым тармақтық деп аталады. Мәселен, егер елдегі өндірістік өнеркәсіптің орны елеулі болса, ондай ел «индустриалды» мемлекет деп аталады, ал егер ауыл шаруашылығының рөлі елеулі болса - «аграрлы» мемлекет деп аталады.

Өндірістің аумақтық құрылымы жекелеген аумақтық бөлікте қандай өнім қанша мөлшерде өндірілетінін анықтайды.

Өндірістік құрылымның масштабына байланысты оның үш деңгейін анықтайды.

Масштабы ең азы - отбасы өнеркәсібі. Көлемі жөнінен екінші - кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі. Өндірістің бұл кезеңін микроэкономика зерттейді. Үшінші деңгейде өндірісті мемлекет деңгейінде зерттейді. Өндірістің бұл тармағын макроэкономика зерттейді.

Өндіріс қоғамдағы белгілі бір күштерді қамтиды, ал сол күштер өз кезегінде бірнеше элементтер мен факторлардан тұрады. Адам дамуының барлық кезеңдерінде өндірістің негізгі факторлары ретінде жұмыс күші (адамдық фактор) мен өндіріс құралдары (заттай және материалды фактор) . Қоғам дамуына байланысты өндірістік күштер де үнемі жетіліп отырады. Соның салдарынан қазіргі таңда информация, технология секілді факторларға баса назар аударылуда.

2. 2. Еңбек - өндіріс факторы . Жұмыс күші - ол адамның жұмысқа қабілеттілігі, оның физикалық және зерделі (умственные) күштерінің өндірісте қолданылатын қатынасы. Жұмыс күшінің өзін-өзі ашуы (реализация) еңбек процесі барысында жүзеге асырылады. Еңбекті басқаша айтқанда, адамдардың игіліктерге жету барысында атқарылатын саналы түрдегі қызметі деп те айтуға болады.

Еңбектің негізгі көрсеткіші оның өнімділігі (нәтижелілігі, өнімділігі) . Ол: 1) уақытты шаққанда өнім санымен; 2) өнім бірлігінің уақытқа шаққандағы қатынасына тең.

Еңбек өнімділігінің факторларына төмендегілер жатады:

  • жұмысшылардың білімінің, мамандығының, профессионалдығының деңгейі.
  • жұмысшылардың істеген еңбегінің нәтижесімен қызығушылығы.
  • ғылым мен техниканың дамуы және оларды өндірісте қолдануы.
  • ресурстарды қолданудағы нәтижеліліктің деңгейі.
  • интенсивтілік (жылдамдық, жұмыстың атқарылу деңгейі) .
  • табиғи жағдайлар (жердің құнарлығы, климат, табиғи ресурстар, т. б. ) .

Қазіргі таңда адамның өндірістегі қатысы біртіндеп азаюда. Мұның бірден-бір себебі, техниканың қарқынды дамуында жатыр.

Капитал - өндіріс факторы .

Капитал экономикалық категория ретінде материалдық, қаржылық және интеллектуалдық құралдардың жиынтығы, ол өз иегеріне кәсіпкерлік қызмет атқаруға мүмкіндік береді.

Экономикалық мазмұны бойынша капиталды 1) реалды (өндіріс құралдары формасында) ; 2) қаржылық (ақшалай) ; 2) тауарлы (тауар түрінде) .

Өндіріс құралдары қатарына жататын материалдық ресурстар екі топқа бөлінеді:

1) еңбек құралдары - бұл адамдардың игіліктер жасау барысында қолданылатын құрылғылар (машиналар, қондырғылар, ғимараттар, құрылғылар, т. б. ) .

2) еңбек пәні - ол еңбек барысында адамның ықпалына түсіп, келешек өнімнің материалдық негізін құрайтын заттар (шикізат, материал, мұнай, т. б. ) .

Мұндай бөлушілік өндірістегі материалдық ресурстардың орнына байланысты. Өндірістік ресурстарды бөлудің тағы бір белгісі - олардың шығу тегі. Шығу тегіне қарай өндіріс құралдары мынадай топтарға бөлінеді;

1. табиғи ресурстар (орман, су ресурстары, табиғи байлықтар, т. б. ) .

2. өндірістік ресурстар, яғни адамның одан әрі іс-әрекет жасауына мүмкіндік тудыратын ресурстардың түрі (ғимараттар, құрылымдар мен қондырғылар, т. б. ) .

Адам қолымен жасалынған өндіріс құралдарын реалды капитал деп атайды. Бұдан шығатын қорытынды, реалды капитал - өндіріс құралдары формасындағы капитал.

2. 3. Негізгі капитал үш элементтен тұрады:

1. негізгі құралдар;

2. бейматериалды акивтер;

3. көпжылдық қаржылық инвестициялар.

Негізгі құралдар - кәсіпкерліктің иелігінің бір бөлігі, ол өнім өндіруде, жұмыс атқаруда, қызмет көрсетуде өндіріс құралы қызметін атқарады.

Негізгі құралдардың айырым белгілері:

1. құрамы бойынша - бұл еңбек құралдары. Бұған: ғимараттар мен құрылымдар; машиналар мен қондырғылар; бақылаушы, реттеуші, өлшеуші приборлар; көліктер, есептеу технологиялары; кәсіпкерлік меншігіндегі жер учаскелері. Функционалдық қызметі бойынша олар өндірістік және бейөндірістің негізгі құралдар болып бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар өндірістік сфераны қамтамасыз етеді. Бейөндірістік негізгі құралдардың құрамына кәсіпорын балансының иелігіндегі кітапхана, емхана, мәдениет үйлері жатады. Өндірістегі қызметіне байланысты өндірістік негізгі құралдар: активті және пассивті болып екіге бөлінеді. Активті - өндіріс барысында міндетті түрде қолданылады (машиналар, қондырғылар, көліктер) . Пассивті - өндіріс барысына қатыспайды, бірақ оның атқарылуына тиімді жағдайлар жасайды (ғимараттар, құрылымдар) .

2. Негізгі құралдардың қолдану мерзімі біршама ұзақ (12 айдан астам) . Тиімді қолдану мерзімі - кәсіпорынға пайда әкелуі мүмкін, дұрыс жұмыс істейтеу алу мерзімі.

3. Өндірістің бірнеше циклінде, ұдайы өндірісте көп еселеніп қолданылады.

4. Ұзақ мерзімге қолдану негізгі құралдардың тоздыруына әкеледі. Тоздырылу (износ) ұғымы - заттың қасиеттері мен белгілерінің өзгерілуі дегенді білдіреді. Тоздырылудың екі типі бар: физикалық және моральдық. Моральды тоздырылу - басқа, одан да жаңа технологиялар шығу барысында пайда болады.

5. Негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін экономикалық объективті процесс - амортизация іске кіріседі (тоздырудан қорғану үшін) . Амортизацияның негізгі қызметі - негізгі құралдарды жөндеу, модернизациялау, реконструкциялауда керек қаражатпен қамтамасыздандыру.

Бейматериалды активтер - бұл белгілі бір формасы жоқ, пайда әкелетін кәсіпорынның жеке иелігі.

Оған: патент, лицензия, сауда маркасы және тауарлық белгілер, интеллектуалдық иеліктер және басқа да бейматериалдық активтер жатады.

Айналма (оборотные) құралдары - кәсіпкерліктің жеке меншігі, ол еңбек құралы қызметін атқарады.

Айналма құралдардың айырым белгілері:

1. құрамы бойынша - бұл еңбек құралдары. Оларға: шикізат, негізгі және қосымша материалдар, мұнай (өндірістік қорлар) ; аяқталмаған өндіріс; болашақтағы кезеңдердің шығыны; қоймалардағы дайын бұйымдар; қаражаттар (кассалар мен кәсіпорындардың есепшоттарында) .

2. айналма құралдары өндіріс сферасына да, тұтыныс сферасына қызмет көрсетеді. Өндіріс сферасына айналма (оборотные) кәсіпкерлік фондтар (кәсіпкерлік қорлар, аяқталмаған өндірістер, болашақ кезеңдердің шығыны), тұтыныс сферасына тұтыну фондтары (дайын өнім, қаражаттар) қызмет көрсетеді. Осының таңында айналма құралдардың екі қызметі (функциясы) бар: 1) өндірістік - ұдайы өндірістік процесті қаржылай қамтамасыз ету; 2) қаржылы-төлемдік - айналым құралдар кәсіпорынның есепшоттарына, яғни, халық шаруашылығындағы есептеудің жай-күйіне, елдегі ақша айналымына әсер етеді.

3. Айналым жасай отырып, өзінің құнын өзгертеді. Айналым құралдарының айналымдық жүйесін мына жүйе арқылы көрсетіп кетуге болады: Д - Т - . . . П - Т1 - Д1.

4. Айналымдық құралдар 12 айдан кем мерзімде қолданылады.

5. Айналымдық құралдар өндірісте бір мәрте қолданылады және бұларға амортизация құбылысы тән емес.

Негізгі және айналым құралдарының негізгі

мінездемелеріне салыстыру кестесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани және материалды өндірістің өзара байланысы
Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері
Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Саяси экономия ғылымы
Өндіріс факторлары және өндіріс ресурстары
Қоғамдық өндіріс негіздері
Машиналы өндіріс
Нарық экономикасының төртінші элементі
Экономика ғылымы
Экономикалық теория негіздерінің пәні және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz