Банк қызметі және оның түрлері
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 ҚР «Халық Банк» АҚ тарихы
2.2 ҚР «Халық Банк» АҚ талдау
2.3 Банктің акциялары мен өзге де бағалы қағаздары
2.4 Банктің басқару органдары
2.5 ҚР «Халық Банк» АҚ мүлкі
2.6 Банк қызметі және оның түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Профессор М.М.Агарков банктің түсінігін оның функциялары арқалы анықтаған: Банк өз клиенттеріне 3 категориялы қызмет көрсетеді. Біріншіден банк өзгелердің ақшасын жинап, оның сақталуын жүзеге асырады, клиенттердің кассирі боладыағымдық есептер немесе оларға өз капиталдарын орнатуға (инвестиция) мүмкіндік береді (банктерің облигациялық қарыздары, жедел салымдар).Екі жағдайда да банк келесі екі қызметті жүзеге асыруға жол ашады.
Екіншіден, банк клиентке процентсыз ақша талап ету нысанында несие береді, негізінен вексельді талаптар (есептік операциялар), немесе өздеріне клиент міндеттері бойынша жауаптылықты алу арқылы (кепілдік несие, акцептілік кредит). Үшіншіден, бенк клиенттің төлемдері жайлы әр түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы: чектерді төлеу, ақша аудару, аккредиттер, төлемдердің вексельдері және өзге құжаттары бойынша инкассациясын жасау.
Сәйкесінше, бұл үш түрлі қызмет категорияларына үш түрлі банкіге тән функцияларды анықтау қажет: 1) Өзгелердің қаражатын жинау 2) несие қызметін көрсету 3) төлемдік айналымға жәрдемдесу. Сонымен қатар банк бұл 3 негізгі функцияға қоса өзге де қызмет көрсетеді. Мысалы, тауарлық сауда саласында (тауарлық – комиссиялық операция), қорлық құндылықтар саудасы т.б.
Бұл үш көрсетілген функциялар барлық банк деп есептелетін мекемелерге тән болып келмейді.
«Банк» түсінігін ашу қажеттілігі екі ойдан туындайды. Бірінші ой – банк деп аталатын мекеме мен құқықтық субъектісі қандай екендігін, оның құқықтық мәртебесі қандай екендігін, құзіреті және шаруашылық айналымдаға рөлін анықтау қажеттілігі. Яғни бұл субъекті заңды тұрғыдан нақты қандай екендігі, оның потенциалды жағымды мүмкіндіктері және қандай міндеттер мен жауаптылық құралдары арқылы оған әсер етуге болатындығын көрсету қажет.
Екінші ой да өте маңызды. Онда банкті қандай жағдайда қалыптастыру қажет, банктен басқа қандай іс - әрекет түрлеріне өзге құқықтық нысандыр жоқ екендігін анықтау. Яғни қандай жағдайда мемлекет азаматтарды белгілі бір іс - әрекеттерді жүзеге асыру үшінбанк қалыптастыруға міндеттейді, және орындалмағаны үшін жаза тағайындайды.

Профессор М.М.Агарков банктің түсінігін оның функциялары арқалы
анықтаған: Банк өз клиенттеріне 3 категориялы қызмет көрсетеді. Біріншіден
банк өзгелердің ақшасын жинап, оның сақталуын жүзеге асырады, клиенттердің
кассирі боладыағымдық есептер немесе оларға өз капиталдарын орнатуға
(инвестиция) мүмкіндік береді (банктерің облигациялық қарыздары, жедел
салымдар).Екі жағдайда да банк келесі екі қызметті жүзеге асыруға жол
ашады.
Екіншіден, банк клиентке процентсыз ақша талап ету нысанында несие
береді, негізінен вексельді талаптар (есептік операциялар), немесе өздеріне
клиент міндеттері бойынша жауаптылықты алу арқылы (кепілдік несие,
акцептілік кредит). Үшіншіден, бенк клиенттің төлемдері жайлы әр түрлі
тапсырмалар орындайды. Мысалы: чектерді төлеу, ақша аудару, аккредиттер,
төлемдердің вексельдері және өзге құжаттары бойынша инкассациясын жасау.
Сәйкесінше, бұл үш түрлі қызмет категорияларына үш түрлі банкіге тән
функцияларды анықтау қажет: 1) Өзгелердің қаражатын жинау 2) несие қызметін
көрсету 3) төлемдік айналымға жәрдемдесу. Сонымен қатар банк бұл 3 негізгі
функцияға қоса өзге де қызмет көрсетеді. Мысалы, тауарлық сауда саласында
(тауарлық – комиссиялық операция), қорлық құндылықтар саудасы т.б.
Бұл үш көрсетілген функциялар барлық банк деп есептелетін мекемелерге
тән болып келмейді.
Банк түсінігін ашу қажеттілігі екі ойдан туындайды. Бірінші ой –
банк деп аталатын мекеме мен құқықтық субъектісі қандай екендігін, оның
құқықтық мәртебесі қандай екендігін, құзіреті және шаруашылық айналымдаға
рөлін анықтау қажеттілігі. Яғни бұл субъекті заңды тұрғыдан нақты қандай
екендігі, оның потенциалды жағымды мүмкіндіктері және қандай міндеттер мен
жауаптылық құралдары арқылы оған әсер етуге болатындығын көрсету қажет.
Екінші ой да өте маңызды. Онда банкті қандай жағдайда қалыптастыру
қажет, банктен басқа қандай іс - әрекет түрлеріне өзге құқықтық нысандыр
жоқ екендігін анықтау. Яғни қандай жағдайда мемлекет азаматтарды белгілі
бір іс - әрекеттерді жүзеге асыру үшінбанк қалыптастыруға міндеттейді, және
орындалмағаны үшін жаза тағайындайды.
Коммерциялық банктің заңды анықтамасы Банк және банктік қызмет
туралы заңның бірінші бабында берілген.
Банк – заңға сәйкес банктік іс - әрекетті жүзеге асыруға құқылы,
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктің ресми мәртебесі оның банк ретінде әділет министрлігі
органдарында мемлекеттік тіркеуі арқылы және қаржылық гарық пен қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау органдарының банктік операциялар жасауға
лицензиясы арқылы анықталады.
Ресми банк деген мәртебесі жоқ ешбір заңды тұлға өзін банк деп
атауға немесе бнактік іс - әрекетпен айналысуға құқығы жоқ.
Коммерциялық банк түсінігі келесі белгілер арқылы анықталады:
1. Банк коммерциялық заңды тұлға болып табылады, яғни табыс табуға
бағытталған іс - әрекет жүргізетін ұйым;
2. Банк тәуелді және дочерлі қоғамдардың акционерлік қоғамы түрінде
қалыптасады; банк үшін өзге ұйымдық – құқықтық нысандарға жол
берілмейді;
3. Банк несиелік ұйым болып табылады, яғни банктік операциялар жүзеге
асыруға қалыптастырылған.
4. Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензия негізінде
жұмыс істейді;
5. Банк арнайы құзіретке ие, яғни белгілі операциялар жасау арқылы табыс
табады;
6. Банк заңшығарушы тарапынан банктік жүйенің элементі ретінде
қарастырылады.
Бұл белгілердің бірнешеуі азаматтық құқықта жақсы қарастырылға, ал
басқалары толықша талдау талап етеді. Бірінші топқа банктің ұйыдық –
құқықтық нысанын, банктік құқықтың шегінен шығатын болмысын, коммерциялық
заңды тұлға түсінігін, және өзге де азаматтық құқықта қолданылатын
түсініктерді жатқызуға болады.
Банктің сипатамасын оның жасауға құқылы операциялар шеңберін
анықтауды жатқызамыз. Ал заңға жүгенер болсақ, несиелік ұйым өз ішінен тек
банктерді емес, сонымен қатар бантік емес несиелік ұйымдарды қосады.
Шынында бұл мүлдем олай емес. Банк ең мүлтіксіз несиелік ұйым болып
табылады, яғни ол тек банкке тән іс - әрекетпен қатар өзге де іс -
әрекеттер жүзеге асыра алады. Банктік емес несиелік ұйымдар заң бойынша
банкке жүктелген операциялардан басқа барлық операцияларды жасац алады.
Сондықтан да банк түсінігі несиелік ұйым түсінігінде банктік емес
несиелік ұйымдармен қатар тұр .
Банкке несиелік ұйым ретінде фирмалық атау беріледі, оны жүзеге
асыру банк және банктік қызмет туралы заңның 15 бабымен реттелген.
Несиелік ұйымның атауының құрамында банк сөзін қолдану арқылы оның заңды
тұлға ретінде атқаратын қызметінің сипаты болуы тиіс. Сонымен бірге, оның
ұйымдық- құқықтық нысаны көрсетілуі керек. Бұл бапқа сәйкес банк фирмалық
атауға (толығымен ресми) және атауы көрсетілген мөрге ие болады. Ұлттық
банктен лицензия алған заңды тұлғалардан басқа, Қазақстан Республикасында
ешбір заңды тұлға өз атауына банк сөзін қоса алмайды.
Банк атауы оның заңды тұлға ретінде жекеленуінің құқықтық жолы болып
табылады. Сондықтан да фирмалық атауға азаиаттық – құқықтық нормалар
жүктелген. Ойлап табылған атау банктің қызметін анықтау үшін тауарлық
белгіде көрсетілуі мүмкін.
Банк Қазақстан Республикасының Ұлттыұ Банкі берген лицензиясының
негізінде өз іс - әрекетін жүзеге асыра алады. Лицинзия – банктің нақты
банктік операциялар жасауға құқығын бекітетін мемлекеттік басқару органының
акті болып табылады.
Жаңа құрылған банкке келесідей лицензиялар берілуі мүмкін:
1) Теңге қаражаты арқылы операциялар жүзеге асыру лицензиясы
2) Теңге және шетел валютасы арқылы операциялар жүзеге асыру
лицензиясы
3) Құнды металлдардың қойылымы мен орналасуын тарту лицензиясы
4) Генералды лицензия
5) Бір мерзімдік лицензия
Банктің бағалы қағаз рыногындағы іс - әрекеттері бөлек
лицензияланады. Егер бұл іс - әрекет банктік операциялармен және бағалы
қағаздарды басқару сенімімен қамтылмаса.
Банктік лицензиялармен тек банктік операциялар қамтылады. Егер де
банк өзге де іс - әрекет түрін жүзеге асыратын болса, онда ол сол іс -
әрекеті үшін бекітілген ережелерді ұстануы тиіс.
Коммерциялық банк мүлігі. Жарғылық капитал және оның құрылу тәртібі.
Коммерциялық банктің мүлігі дегеніміз банк іс -әрекетін жүзеге
асыра алатын заттардың, материалды емес құндылықтары мен мүліктік
талаптардың жиынтығы. Қандай да бір банктің мүліктік базасы жайлы білу үшін
оның активтерц мен пассивтері, табыстары мен шығындары жазылған балансын
талдау қажет. Балансты талдау арқылы банктің жалпы жағдайына баға беруге,
банктің саясатын анықтауға, қызмет ету саласын білуге болады. Осы талдауға
жүгене отыррып, банктің тұрақтылығын немесе сенімсіздігін білуге болады.
Банк мүлігіне оның қаражаты кіреді, яғни мншік құқығы бойынша иеленетін
мүлік (өйткені, барлық банктер АҚ нысанында құрылады, банкте өзге мүлік
болуы мүмкін емес) және тартылған, жалға алынған, қандай да бір келісімшарт
негізінде баланста жатқан қаражат (мысалы, бұл банкке сақталуға берілген
кепіл ретіндегі мүлік).
Мүлікті оның физикалық критериі мен қолдануына байланысты негізгі
және айналымдағы қаражат, мүліктік құқық, материалды емес активтер,
интеллектуалды мүлік объектісі деп бөлуге болады. Олар жарғылық капиталға
кірмейді, бірақ банктің жұмыс істеу мерзіміндеоларды алуға болады. Олардың
қатарына банктік технологиялар, ақпараттар, компьютерлік программалар
кіреді.
Коммерциялық банктың жарғылық капиталы – несие алушылардың мүдделерін
қамтамасыз етуге арналған құрылтайшылардың салымдарынан тұратын заңды
тұлғаның минималды міндетті мүлігі. Оның құрамына ақша, бағалы қағаздар,
өзге де заттар мен мүліктік құқықтар немесе ақшалай құны бар құқықтар
кіреді. Ол құрылтайшылардың саламанан құралады және салынғаннан кейін оның
меншігіне жатады.
Коммерциялық банк АҚ нысанында құрылады. Сондықтан оның жарғылық
капиталына АҚ туралы заңның 3 тарауының талаптары да қойылады. Жалпы
алғанда бұл талаптар құжатсыз сипаттағы бірдей номиналды шығарылатын акция
болып табылады. Олар алғашында құрылтайшылар арасында бөлінеді. Бұл
акциялар болуы мүмкін (олар жарғылық капиталдың 25 % аспауы тиіс).
Жарғылық капитал құрылу барысында тартылған ақша қаражатын қолдану
банктік заңдармен тыйым салынған. Бұл банк несие алушыларына кепіл болып
табылады.
АҚ туралы заңның 10 бабына сәйкес жарғылық капиталдың минималды
көлемі 50000 АЕК құрауы тиіс. Бірақ Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің басшылығының 2001 ж. 2 маусымының Екінші деңгейлі банктердің
минималды жарғылық және өзіндік капиталы туралы қаулысында жарғылық
капитал 2 млрд. Теңге көлемінде көрсетілген. Жарғылық капиталдың 50 %
толығымен ұлттық алютада, бір күнтізбелік жылдың мерзімінде, тіркеу кезінде
төленуі тиіс. Яғни тіркелгеннен кейін 1 жыл ішінде. Егер де құрылтайшы осы
жыл мерзімінде ақшаны төлей алмаса, онд Ұлттық Банк банк құруға
рұқсатнамасын қайтарып алу құқығына ие.
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде банктер үшін белгілі нормативтер
бар. Ұлыбританияда жарғылық капиталдың минималды көлемі 5 млн. фунт
стерлинг, Францияда 15 млн. франк құрайды. Германияда әр жаңадан ашылған
банк үшін несиелік ұйымдарды бақылау комитеті мен Ұлттық банк әр түрлі
көлемде жарғылық капитал тағайындайды. Тек қана бұл сомма несие алушылардың
алдында жауапкершілікті орындауға және өз мүлігінің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге жеткілікті болуы тиіс.
Ең қызықты АҚШ тәжірбиесі. Онда банктің минималды жарғылық капиталы
толығымен банк орналасқан аймақ пен қалаға, қайда орналасқанына және қандай
тұрғындар мен ұйымдарға қызмет көрсететіндігіне байланысты. Егер банк халық
саны 2 мың адам құрайтын жерде ашылса, онда оған 25 мың доллар жеткілікті;
егер 30 мың адам тұратын болса, онда 50 мың доллар қажет, ал егер де
тұрғындар саны 30 мыңнан көп болса, онда 100 мың доллар талап етіледі.
Осылайша, банктің минималды жарғылық капиталын тағаиындау қағидасына қарап,
оның қандау банктік жүйе мен саясатын ұстанатындығын көре аламыз. Жарғылық
капиталды төлеу үшін Ұлттық банк коммерциялық банк үшін корреспонденттік
есеп ашады. Онда қатысушылардың барлық салымы түседі. Жарғылық капитал
қалыптасу кезінде бұл есеп басқа мақсатпен қолдана алмайды. Антимонопольдік
талап – ешбір тұлға Ұлттық банктің рұқсатысыз банктің 10 %-дан көп
акцияларына ие бола алмайды. 20 %көп болу үшін, Ұлттық банктің алдын – ала
келісімі болуы керек.
Жарғыылқ капитал жиналғаннан кейін, банктің өз іс - әрәкеті масштабын
анықтайтын, өз меншіктік қаражатының негізі болып табылады.
Негізгі бөлім
2.1БАНК ТАРИХЫ
2003 жылы Қазақстан Халық банкіне 80 жыл толды.
Халық Банкінің тарихы — бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу
және даму тарихы. Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының негізі
қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан
кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде,
Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру)
және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы
қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы
ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны
335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол
Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса
салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды
неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-
фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен
кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық
қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының
қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор
ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи
дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарыз облигацияларының, басқа да
бағалы қағаздардың кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен айналысты.
Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік
операциялар жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп
дами бастады.
Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шығарылды, оның үшеуі — натуралдық
түрде (астықпен, қантпен) болса, екеуі алтынмен есептелген болатын (ақша
реформасына дейін).
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың
адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір
адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны
1950 — 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке
жетті.
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы
ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде
халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс
жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде
еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44
пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау,
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді
(М.Жолдасбеков, Незаменимые услуги, Алматы,1986 ж.).
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге, коммуналдық
қызметттерге төлейтін төлемақыларын қабылдау операцияларын жүргізу қолға
алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың,
жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және
шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу
берілді.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор
болды.
Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және
ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа
қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс
еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа
бағамын белгілеумен ғана шектелді.
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан
шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы
бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-
жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі
болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал
қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ
салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру
көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ
кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға
қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіккке қол
жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды — дәл
осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және
функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика
талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың
қаңтарында-ақ Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы деген заң
қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының
алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін,
1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі
ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес
заңды құрылым — Қазақстан Халық Банкі болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы
Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру
рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен
ұштастырылды.
Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп
алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді,
банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін
пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық
банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол
айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып
келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк
жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды
құрайтын Қазақстан Халық жинақ банкі ашық акционерлік қоғамына
айналдырылды.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан
№ 644 Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-
кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы деген қаулысына сәйкес
акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі
өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцияның бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан
бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші
коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам өз клиенттеріне
қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.
2.2. ҚР Халық Банкі АҚ талдау
Банк Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, өзінің меншігінде
оқшауланған мүлкі бар және сол міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие
болып, сотта талапкер немесе жауапкер болатын заңды тұлға болып
табылады.
Банктің ресми мәртебесі Қазақстан Республикасының Әділет
органдарында заңды тұлға ретінде тіркелуімен және уәкілетті органның
банктік операцияларды жүзеге асыруына беретін лицензиясы негізінде
анықталады. Банктің меншік нысаны- жеке меншік болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Банк Қазақстан
Республикасының аумағындағы және оның аумағынан тыс жерлердегі заңды
тұлғалардың жарғылық капиталын құруға қатыса алады.
Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге
де заңдарын және Қазақстан Халық жинақбанкінің жарғысын және Банктің
ішкі ережелерін басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына Банк атын сәйкестендіру
мақсатында акционерлердің Жалпы жиналысының шешімімен Қазақстанның
жинақтаушы Халық Банкі атауын Қазақстанның Халық жинақ Банкі
акционерлік қоғамы деп өзгертті. Банк міндеттемелері бойынша өз мүлкі
шегінде жауап береді, акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді. Сәйкесінше, Банктің міндеттемелері үшін акционерлер жауап
бермейді және Банк қызметіне байланысты өзіне тиесілі ауциялар шегінде
ғана тәуекел етеді. Банк мемлекет міндеттемелері үшін, мемлекет Банк
міндеттемелері үшін жауап бермейді.
Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Банк Қазақстан
Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде филиалдар мен
өкілдіктер құруға құқылы. Банктің филиалдары мен өкілеттіктері заңды
тұлға болып табылмайды және директорлар Кеңесі бекіткен ережелер
шегіндк қызмет етеді. Филиалдар мен өкілдіктер басшылары Банк берген
сенімхат негізінде әрекет етеді. Филиалдар мен өкілеттіктердің құрылуы
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және олар орналасқан аумақтағы
мемлекет заңнамасымен реттеледі. Банк филиалы бір облыс, қала
аумағында бірнеше мекен – жайда орналасқан ғимараттар иеленуге құқылы.
Сондай-ақ, Банк ҚР- аумағында және одан тыс жерлерде еншілес ұйымдар
құра алады.
Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында оны дараландыратын
құралдары бар. Олар: корпоративтік мөр, арнаулы мақсат үшін қолданылатын
өкілдіктер мен филиалдардың мөрлері, штамп, бланкі, белгілер мен
реквизиттер. Банк реквизиттері бірнеше тілдерде, яғни қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінде толтырылады. Қазақстан Халық Банкі акционерлік
қоғамының Жарғысының 7- бабына сәйкес, Банктің қызмет ету мерзімі
шектелмейді[1].
2.2 Халық Банкін корпоративтік басқару Қазақстан Халық Банкі
акционерлік қоғамының акционерлерінің Жалпы жиналысының шешімімен
бекітілген Кодекс арқылы реттелінелі. 2006 жылдың 20 желтоқсанында
бекітілген Жарғыға сәйкес, оның толық атауы Қазақстанның Халық Банкі
акционерлік қоғамын корпоративтік басқару кодексі деп аталды. Бұл
кодекс Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамын басқару барысында
қолданылатын негізгі стандарттар мен қағидаларды анықтайды.
Корпоративтік басқару стандарттарын қолдану мақсаты Банк
акционерлерінің мүддесін қорғау болып табылады. Корпоративтік басқару
Банк акционерлері және органдары мен лауазымды тұлғалары арасындағы
жоғары деңгейдегі іскерлік әдебін қамтамасыз етуге бағытталған.
Корпоративтік басқару қағидалары- Банктің қалыптасуы және басқару
жүйесін реттеу мен жетілдіру барысында басшылыққа алынатын негізгі
бастамалар. Корпоративтік басқару Банк қызметінің тиімділігін арттыруға
бағытталған акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сыйлауға, жұмыс
орындарын ашу және Банк түсімдерінің тұрақтылығын қолдауға негізделеді.
Бірінші қағида.
Акционерлерге Банкті басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға
мүмкіндік беру. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін Банк:
1. Акционерлердің акцияға жеке меншік құқығын сенімді, тиімді және
жүйелі түрде қамтамасыз етті. Банктің бағалы қағаздарын иемденушілерге
реестрді тиісті уәкілетті органның лицензиясымен іскерлік беделі бар
тіркеуші енгізді.
2. Акционерлердің жалпы жиналысын шақырту мен өткізу тәртібін қадағалайды.
Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін уақыт пен орынды Банк барлық
акционерлердің қатысуына мүмкіндік болатындауй етіп және оған сырттай да
дауыс беру арқылы Банкті басқаруға қатысу құқығын қамтамасыз ете отырып
белгілейді. Жалпы жиналысты шақыру мен өткізу тәртібі Банктің жарғысымен
анықталады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Банк Жарғысына сәйкес,
директорлар Кеңесінің құрамына ұсынылатын үміткерлерге қойылатын
талаптарды, олардың сайлау кезінде дауыс беруін т.б қадағалайды.
Екінші қағида.
Банк акционерлеріне Банктің таза кірістерін бөлуге қатысуға
мүмкіндік беру. Бұл принципті жүзеге асыру үшін Банк:
1. Акционерлерге берілетін дивидедтер мөлшері мен оларды төлеу тәртібін
белгілейтін ашық түсінікті құрылым белгіледі.
2. Банктің қаржылық есебі туралы акционерлерге қажет ақпараттарды ұсынудың
жүйесін қалыптастыру.
3. Банктің лауазымды тұлғаларына тәртіп бұзушылық әрекеттерін жасағаны
үшін жауапкершілік белгілеу.
Үшінші қағида.
Банк акционерлері мен инвесторларына негізгі шешімдерді қабылдауына
қажетті Банкті басқару құрылымына, банк қызметінің экономикалық көрсеткіш
нәтижелеріне және Банктің қаржылық жағдайына байланысты ақпараттарды
уақытылы ұсыну. Бұл принципті жүзеге асыру үшін Банк:
1. Акционерлердің жалпыжиналысының күн тәртібіндегі мәселелерге
байланысты толық ақпарат ұсынады.
2. Банк қызметін бақылауға мүмкіндік беретін Банктің жылдық есебі
туралы мәлімет береді.
3. Коммерциялық және Банктік құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну мен
қолдану тәртібін қадағалайды.
4. Акционерлерге міндетті хабарлануға жататын мәліметтерді тарату
тәртібі мен Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын
қадағалайды.
Төртінші қағида.
Банк акционерлерінің барлығына бірдей қатынаста болуды қамтамасыз
ету. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін Банк:
1. Банк басшылығындағы тұлғалардың барлық дәрежедегі акционерлермен
тең қатынаста болу позициясын ұстанады.
2. Акционерлердің жалпы жиналысында қатысушы барлық тұлғалардың өз
ойын ашық айтып, қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік береді.
3. Банк органдары мен акционерлері, сондай-ақ акционерлер арасындағы
Банк мүддесін қорғайтын келіспеушіліктерді қадағалап, қадетті шаралар
қолданады.
Бесінші қағида.
Банктің лауазмды тұлғаларының қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін Банк :
1. Банктің лауазымды тұлғаларының Банк акционерлері арасындағы есеп
беру тәртібін заңға сәйкес қадағалайды.
2. Кадрлар жөніндегі комитеттің рұқсаты негізінде директорларды
сайлау барысының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Алтыншы қағида.
Директорлар Кеңесінің қоғам қызметін басқару мен атқару
органдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру мен акционерлер
арасындағы есептілігі. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін Банк:
1. Директорлар Кеңесінің шешімімен Банктің Даму стратегиясын бекітті.
2. Директорлар Кеңесінің құрамына кіруге үміткерлер үшін шарттарды
бекітті.
3. Директорлар Кеңесінің отырысына директорлардың қатысуының тәртібін
бекітті.
4. Банктің ішкі ережелеріне сәйкес, кадрлар жөніндегі Комитет
құрды.
5. Директорлар Кеңесінің құрылымын жетілдіруге байланысты шс- шараларды
ұйымдастырды.
Жетінші қағида.
Банк Басқармасының банк қызметін тиімді және адал атқаруға
жауаптылығы мен Банктің директорлар Кеңесінің акционерлер алдындағы
жауаптылығы.
Сегізінші қағида.
Банк акционерлеріне арналған әдеп нормаларын анықтау. Бүл
қағида Банк акционерлерінің:
1.Әдеп нормаларын қатаң сақтауы;
2.Банк акционерлерінің өздерінің құқықтарына зиян келтірмеуін
қадағалауы;
3.Өзге акционерлерге зиян келтіруге жол бермеуі арқылы жүзеге
асады.
Тоғызыншы қағида.
Банктің ішкі қызметін обьективті түрде бағалау. Бұл қағиданы
жүзеге асыру үшін Банк:
1.Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырды;
2.Ішкі аудитті жүзеге асырды және аудит жөніндегі комитет құрды;
3.Ішкі аудит қызметінің Банк Басқармасынан тәуелсіздігі қағидасын
енгізді;
4.Ішкі және сыртқы аудиттің нәтижелі байланыс жүйесін құрды.4
Деректемелері
Қазақстан Халық жинақ банкі Қазақстандық банктердегі
акционерлік қоғамы корреспондент шоты:
Банк операцияларын жүргізуге берілген Есеп айырысу үшін: ФАА 190501601
1995 жылғы 23 тамыздағы Бас лицензия СТН 600200048129
Корреспонденттік шот 600164601 —
ТІРКЕУ НӨМІРІ №43 Қазақстан Республикасы Ұлттық
Заңдық және почталық мекен-жайы: банкінің
Коды: 190201125
480046, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 97
Факс-сервер Қазақстан Халық банкінің қабылдау
Телетайп бөлмесі: Розыбакиев к-сі, 97
Телекс Телефоны: (3272) 590303
Код SWIFT
Код Reuters Call Center (анықтама қызметі)
E-mail телефон: (3272) 590777
(3272) 590271
251866 KPOKET
251531 HSBK KZ
HSBKKZKX
Dealing SVKZ
halykbank@halykbank.kz
Рейтингтер
Халық Банкінің 2005 жылдың 17 қаңтарындағы жағдайға сәйкес рейтингтері
Moody's Investors Service
Ba1 Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер
Not prime Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер
D - Қаржылық күш рейтингі
Позитивный Прогноз рейтинга
Standard and Poor`s
B + Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі
B Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі
Жағымды (оң) Рейтинг болжамы
Fitch
BB Ұзақ мерзімді контрагенттік рейтинг
B Қысқа мерзімді контрагенттік рейтинг
CD Жеке рейтинг
3 Қолдау рейтингі
Тұрлаулы Ұзақ мерзімді рейтингке болжам
Басшылық
Қазақстан Халық Банкінің Директорлар кеңесі:
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Павлов Александр Сергеевич
Директорлар кеңесінің мүшелері:
Аманбаев Мұрат Нұрғазыұлы — Отан ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ЖАҚ
Басқармасының төрағасы
Арыстанбекова Камиля Валерьевна — Қазақстан Халық банкінің Жинақтаушы
зейнетақы қоры ЖАҚ Басқармасының төрағасы
Әбуов Мірболат Ғайсаұлы — АЛМЭКС фирмасы ЖШС президенті
Молдахметов Нұрлан Сәлкенұлы — Қазақшетсақтандыру сақтандыру компаниясы
ЖАҚ Басқармасының төрағасы
Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы — АСҚ-Банкі АҚ Басқарушы директоры
Марченко Григорий Александрович Басқарма Төрағасы
Сырғабекова Әсия Нариманқызы Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары
Әбенов Қожахан Қожаханұлы Басқарма Төрағасының орынбасары
Зайыров Марат Зайырұлы Басқарма Төрағасының орынбасары
Құсайынов Асқар Маратұлы, Басқарма Төрағасының орынбасары
Сатыбалдин Марат Сағындықұлы Басқарма Төрағасының орынбасары
Симачев Василий Васильевич Басқарма Төрағасының орынбасары
Шаяхметова Үміт Болатханқызы Басқарма Төрағасының орынбасары

Білімі:
1984 ж. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар
институтын Халықаралық экономикалық қатынастар
мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек тәжірибесі:
7 жыл ҚР Ұлттық банкінде қызмет істеді: 1994 — 1996
жылдары Ұлттық банк төрағасының орынбасары, 1999 — 2004
жылдары төраға лауазымында болды. Бір жылдай (1996-97
жж.) ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясын
басқарды, бір жарым жылдай (1997-99 жж.) Дойче Банк
Секьюритиз (Қазақстан) компаниясының президенті болды.
2004 жылдың қаңтарында ҚР Президентінің Жарлығымен
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары болып тағайындалды, одан кейін Қазақстан
Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер
бойынша көмекшісі, 2004 жылдың қазан айынан ҚР
Президентінің штаттан тыс көмекшісі болып істеді.
2005 жылдың 10 қаңтарында Г.Марченко Банктің
Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Халық Банкі
АҚ Басқармасының Төрағасы болып сайланды.
Серіктестер
Қазақстан Халық Банкі әр түрлі қаржылық және қоғамдық ұйымдармен іскерлік
қарым-қатынастар орнатқан. Банк серіктестерінің қатарында шетелдік және
қазақстандық ірі банктер, инвестициялық қорлар, заңдық компаниялар,
рейтингтік агенттіктер, бизнес құрылымдары мен компаниялар бар.
Қазіргі уақытта 35 банкпен НОСТРО шоты бойынша корреспонденттік байланыс
жасалынады, оның 23-і — алыс шет ел банктері, 6-ы — ТМД елдерінің банктері,
банктерде барлығы 59 корршот ашылған, оның 49-ы — қатты валютамен, қалғаны
жұмсақ валютамен жүргізіледі.
Корреспондент-банктердің ЛОРО шоттары — 89, оның 54-і қазақстандық
теңгемен ашылған, қалған шоттар шетелдік валюталармен, оның ішінде рубльмен
жүргізіледі.
Халық банкінің серіктес корреспондент-банктерінің қатарында рейтингтері
жоғары
American Express Bank Ltd., CITIBANK N. A., Commerzbank AG, Credit Suisse
First Boston, Deutsche Bank AG, Midland Bank plc, The Chase Manhattan Bank
N.A., ООО "Дойче Банк Москва", т.б. бар.
Қазақстан Халық Банкінің Moody's, Standard Poor's, Thomson Bankwatch Bree
сияқты халықаралық рейтинг агенттіктерімен қарым-қатынасы әріден келе жатыр
және бұл ұзақ жылдар бойғы сеіктестіктік байланысқа негізделген. Жыл сайын
аталған агенттіктер Банктің қаржылық жағдайын тексеріп, бұрын берілген
рейтингтік көрсеткіштерін жаңартып отырады.
Халықаралық қаржы рыногындағы банктің ертеден келе жатқан серіктестерінің
бірі — Lehman Brothers компаниясы Халық банкінің евробондтарын шығаруға ат
салысқан
әрі Банктің рейтингтік кеңесшісі функциясын атқарады;
American Express Bank LTD — 1998 жылы Халық банкі үшін синдикаттық қарыз
ұйымдастыруға қолқабыс жасады;
Credit Suisse First Boston банкі — Банкпен бірлесіп Маңғыстаумұнайгаз АҚ
және Қазақмыс АҚ акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін сатуға
қатысты.
Банк серіктестерінің қатарына сондай-ақ White Case, Bracewell Patterson,
Baker McKenzie, Cameron McKenna, Stibbe Simont Monahan Duhot сияқты
шетелдік компаниялар кіреді, Халық банкі олардың қызметін бірнеше мәрте
пайдаланды.
Банктің Қазақстандағы ірі серіктес компанияларының ішінде Қазпочта
акционерлік қоғамы да бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20
желтоқсандағы қаулысына сәйкес аталған қоғам акцияларының пакеті 100 пайыз
көлемінде түгелдей Қазақстан Халық Банкі АҚ-на берілген.
"Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
www.fond.kz

"Қазтелепорт" ЖАҚ
"Халық-Лизинг" ЖАҚ
"HSBK EUROPE" B.V.
Инвестициялар пайдалылығын зерттеу агенттігі
Товарищество с ограниченной ответственностью Халык Инкассация
2.3.Банк акциялары мен өзге де бағалы кағаздары
”Қазақстан Халық жинақ Банкі” акционерлік қоғамының жарғысына
сәйкес, Банк қызметінің мақсаты- өзінің заңды қызметі нәтижесінде кіріс алу
болып табылады. Банк уәкілетті орган берген лицензия негізінде Қазақстан
Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің барлық түрін немесе бір
бөлігін жүзеге асырады. Банк уәкілетті органның шетел валютасымен банктік
операцияларды жүзеге асыруға берген рұқсаты негізінде, банктік
операцияларды ұлттық және шетел валютасы негізінде атқарады. Банк Қазақстан
Республикасының заңында көрсетілген бағалы қағаздар рыногында кәсіби
қызметті жүзеге асырады. Мұндай бағалы қағазар рыногындағы негізгі қызметті
жүзеге асыруға өкілеттік уәкітетті органның лицнзиясы негізінде беріледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым
салынбаған қызметтермен айналысуға құқылы.
Банктің мүлкі оның меншігі болып табылады.
Банк мүлкі:
1.Акцияларды орналастыруға бацланысты төлемдер;
2.Банк қызметі нәтижесінде түскен кірістер;
3.Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өзге де негіздер
бойынша алынған мүліктер есебінен қалыптастырылады.
Банктің жарғылық капиталы акцияларды орналастыруға байланысты
төлемдерден құралады және Банк қызметін қамтамасыз ету мақсатында
қалыптастырылады. Банктің жарғылық капиталы жарияланған акцияларды
орналастыру есебінен көбейтіледі. Банктің уәкілетті органдары берілген
қарыздар бойынша резервтердің мөлшерін және Банк активтерінің құнын
белгілейді.
Банк өзінің шығындарының орнын толтыру үшін резервтік
капиталын қалыптастырады. Оның мөлшері уәкілетті орган белгілеген
мөлшерден кем болмауы тиіс.
Резервтік капитал жай акциялар бойынша дивидендтер төленгенге дейін
таза кіріс есебінен қалыптастырылады. Резервтік капиталдың мөлшері Банк
акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысында анықталады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 91- бабыра
сәйкес, акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаздардың түрлері заң
актілерінде белгіленеді. Акционерлік қоғамның тек атаулы акциялар
шығаруға құқығы бар. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік
тіркеу және оларды орналастыру Қазақстан Республикасының заң
актілеріне сәйкес анықталады.5
Акция- француз сөзі. Француз тілінде- жарна, ал латын тілінде-
әрекет дегенді білдіреді. Акция- бағалы қағаз, капиталистік елдерде
акционерлік қоғамдар шығаратын, оның иесінің қоғамға ортақ екендігін
куәландыратын және қоғамның жылдық пайдасының белгілі бір бөлігін алу
құқығын беретін құнды қағаз.6
Акция- банк пайда табу мақсатында шығаратын құнды қағаз. Акция
өзін иемденушіге мынадай құқықтар береді:
1.Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Халық Банкінің
Жарғысы негізінде Банкті басқаруға қатысуға;
2.Дивиденд алуға;
3.Банк таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алуға;
4.Қазақстан Республикасырың заңдарында көрсетілген өзге де құқықтар.
Банк Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген тәртіппен жай
атаулы және артықшылықты акциялар шығарады.
Акция бөлінбейді. Егер бір акция бірнеше тұлғаларға тиесілі болса, ол
тұлғалардың барлығы бір акционер болып табылады және олар өзқұқықтарын
ортақ өкілі арқылы жүзеге асырады.
Банк өз акцияларын құжатсыз негізде шығарады. Акция
ұстаушылардыңакцияларды қалыптастыру және сақтау жүйесін реестр жүзеге
асырады.
Жай атаулы акция акционерлерге мынадай құқықтар береді:
акцонерлердің Жалпы жиналысына дауыс беру
құқығымен қатысу; Банктің таза кірісі есебінен дивиденд алу; Банк
таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу;
Банк артықшылықты акциялар шығарады және оларға белгілі бір
мөдшердегі дивиденд төлеуге кепілдік береді. Артықшылықты иеленуші
акционерлер жай акция иеленетін акционерлерге қарағанда артықшылыққа ие
болады.
Артықшылықты акция иеленушілер Банкті басқаруға қатыса алады,
егер:
а) Егер акционерлердің Жалпы жиналысында артықшылықты акция
иеленушілерінің құқығын шектеуге байланысты мәселе қарастырылып жатса;
Мұндай мәселеге байланысты шешім артықшылықты акция иеленушілерінің
үштен екісі оны жақтап дауыс бергенде қабылданды деп саналады.
б) Артықшылықты акция бойынша кепілдендірілген дивидендті төлеу мерзімі
үш айға дейін кешіктірілсе;
с) Банк акционерлерінің Жалпы жиналысында акционерлік қоғамды қайта құру
туралы немесе тарату туралы мәселе қарастырылып жатса;
Акцияларды сатып алу тәртібін бұзу, соның ішінде акцияларды
сатып алу кезіндегі олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерінің
Жалпы жиналысы бекіткен әдәстемесі болмаған жағдайда акционерлік қоғамның
орналастырған акцияларын осы қоғамның сатып алуы,-
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі
мөлшеріндеайыппұл салуға әкеліп соғады.7
Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының акционерлік қоғам
істерін басқару құқықтарын, табыс бөлігін бөлу тәртібін, қоғамның
қызметі туралы туралы апарат алу құқықтарын бұзуы, сонымен қатар
акционерлердің жалпы жиналысын шақыру мен өткізудің заңда белгіленген
тәртібін бұзуы, айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі
мөлшегінде айыппұл салуға әкеліп соғады.7
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, акционерлік
қоғам мүлік кепілімен қамтамасыз етілген облигациялар, қамтамасыз
етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың тәртібі
мен шарттары бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен реттелінеді.
Облигация мемлекет немесе акционерлік қоғам қарыз алу керек
болғанда шығарылатын бағалы қағаз. Оны шығарушылар бұл қағаздың
(облигацияның) иесіне алдын ала белгіленген мөлшерде кіріс міндеттенетін
болады.
Банк қосымша қаражат тарту мақсатында облигациядан басқа да бағалы
қағаздар шығарады. Облигациялар шығарудың олар бойынша сыйақылар
тағайындау тәртібі мен шарты директорлар Кеңесінің шешімімен анықталады.
Банк акцияларын орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен
және Бактің ішкі ережесімен реттелінеді. Банкке өзі иеленетін акция
құнын толық төлемеген адам акционер ретінде қарастырылмайды. Сонымен
қатар толық құны төленбеген акция иеленушілеріне дауыс беру құқығы
берілмейді және оларға дивиденд төленбейді.
Банк орналастырған акцияларды Қазақстан Республикасының заңдарына
қайшы келмейтіндей мақсатта пайдалануға қайта сатып плу мүмкін. Осы
уақыт аралығындағы Банктің таза түсімін бөлуге және акционерлердің Жалпы
жиналысында дауыс беруге бұл акциялар қатыспайды. Егер заңда өзгеше
белгіленбесе, Банк акциясын Банк басшылығымен сатып алу директорлар
Кеңесінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Дивидендтер. Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы
заңына сәйкес, дивиденд акционерлердің өзіне тиесілі акциялары бойынша
акционерлік қоғам төлейтін кірісі болып табылады. Артықшылықты акциялар
бойынша дивидендтерді қоспағанда, қоғамның акциялары бойынша дивиденд
акционерлердің Жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларяның жай
көпшілігімен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда ақшалай
немесе бағалы қағаздармен төленеді. Қоғамның артықшылықты акциялары
бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
Дивидендтер алуға құқығы бар акционерлер тізімі дивидендтер төлеу
басталатын күннің алдындағы күні жасалуы тиіс. Қоғам акциялары бойынша
дивиденд төлеу төлем агенті арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Төлем
агентінің қызметіне ақы акционерлік қоғам есебінен төленеді. Дивиденд
оларды төлеу үшін белгігенген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге
дивидендтің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті
бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып
есептелетін өсімпұл төленеді.
Қазақстан Халық Банкі Акционерлік қоғамының корпоративтік
басқару кодексіне сәйкес, дивидендтер акционерлік қоғамдардың өмір сүруі
мен дамуының құрамдас бөлігі болып табылады.
Банктің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторы оның озық
дивидендтік саясатына байланысты. Дивиденттік саясаттың негізгі мақсаты
Банк операциялары бойынша төленетін дивиденттердің мөлшерін біртіндеп
көтеру арқылы қоғам акционерлерінің табыс деңгейінің артуына ықпал
ету. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Банк дивидендтер мөлшерін көтеруге
мүмкіндік беретін таза табыс көлемін арттыруға тырысады және
артықшылықты акциялар бойынша кепілдендірілген дивиднд мөлшерін төлеу
кедінде акционерлердің құқықтық жағдайына қадағалау жасайды. Осыған
байланысты акционерлерге дивидендтер төлеуден артылған кіріс мөлшерін
көруге мүмкіндік беретін және артықшылықты акциялар бойынша дивиденд
төлеудің негізгі механизмі жасалған.
Артықшылықты акциялар бойынша төленетін кепілдендірілген
дивидендтерді төлеуге кіріс мөлшері жетпеген жағдайда оның орнын
толықтыру мақсатында резервтік капитал қалыптастырылған.
Жай немесе артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу Банк
акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысында есептік жылдағы Банктің таза
кірісінің қорытыдысы бойынша қабылданады. Жай акциялар бойынша дивиденд
төлеу акционерлердің Жалпы жиналысында қатысушы акционерлердің жай
көпшілік дауысымен шешіледі. Банк акционерлердің жазбаша келісімі
негізінде, оларға төленетін дивидендті Данктің бағалы қағаздарымен
беруге құқылы. Дивидендтерді төлеу туралы шешім щығарылғаннан кейін,
алпыс күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленуі тиіс.
Банк дивидендтерді аралас нысанда төлей алады. Мысалы: жартысын
қаржылай, қалған бөлігін жарияланған акциялар мен облигациялар және өзге
де бағалы қағаздар арқылы. Жай акциялар бойынша төленетін дивиденд
мөлшері артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивиденд мөлшерінен
аспауы тиіс.
Банк акционерлерінің Жалпы жиналысы қабылдаған шешімін бес жұмыс
күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауы тиіс.
Банктегі акциялары бойынша алатын дивидендтерін бағалы қағазбен алу
үшін акционерлер өтініш береді. Дивидендтердің жалпы құны Банктің
инвестициялық мүмкіндігін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы
ресурстарын қалыптастырған соң, Банктің қалған таза кірісі мөлшерімен
анықталады.
Әрбір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері Банктің барлық
акциялары бойынша төленетін дивиденд мөлшерінен артықшылықты акция
бойынша төленетін кепілдендірілген дивиденд мөлшерін алып, қалғанын жай
акциялар санына бөлу арқылы анықталады.
Дб – Да
Дж =
Сж
Дж – бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері.
Дб – банктің барлық акциялары бойынша төленетін дивиденд мөлшері.
Да – артықшылықты акция бойынша төленетін дивиденд мөлшері.
Сж – жай акциялар саны.
2.4. Банктің басқару органдары
Банк органдары:
а) Жоғарғы органы Акционерлердің жалпы жиналысы.
ә) Басқару органы Директорлар Кеңесі.
б) Атқарушы органы Басқарма Төрағасы.
с) Ішкі аудит қызметі.
Банкте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағы басқа
органдар мен Банктің ішкі несие саясатын жүзүге асыратын несие
комитеттері құрылуы мүмкін.
Акционерлердің Жалпы жиналысы банктің жоғарғы оганы болып
табылады. Жылына бір рет кезекті Жалпы жиналыс өткізіледі, ал қалғандары
кезектен тыс жиналыстар болып табылады.
Жылдық Жалпы жиналыс тиісті қаржы жылы аяқталған соң, бес айдан
кешіктірілмей өткізіледі. Банктің аудит қызметін аяқтау мүмкін болмаған
жағдайда бұл мерзім үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында Банктің жылдық қаржылық
есебі, Банктің таза кірісін бөлу, жай акцияның әрбіріне төленетін
дивиденд мөлшері, артықшылықты акция бойынша төленетін дивиденд
мөлшері анықталады.
Акционерлердің Жалпы жиналысының құзіреті:
1) Банк жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) Банкті басқарудың корпоративтік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу;
3) Банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
4) Жарияланған акциялар санын көбейту туралы шешім шығару;
5) Есептік комиссия санын анықтау, олардың мүшелерін сайлау және
өкілеттігін тоқтату;
6) Директорлар Кеңесінің құрамын анықтау, олардың мүшелерін сайлау және
өкілеттігін тоқтату;
7) Банк аудитін жүзеге асыру және аудиторлық ұйымдарды анықтау;
8) Жылдық қаржылық есепті бекіту;
9) Банктің тиісті қаржы жылындағы таза кірісін бөлуді бекіту,
акцияларбойынша төленетін дивидендтер құнын айқындау;
10) Заңда көрсетілген негіздер бойынша жай және артықшылықты
акцияларға төленетін дивидендтерді төлеу туралы шешім шығару;
11) Банкке тиесілі қаржылық активтердің 25%-нан аспайтын мөлшерінде басқа
заңды тұлғаның құрылтайшысы болу;
12) Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
13) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктер.
Акционерлердің Жалпы жиналысы Банктің ішкі қызметіне байланысты
банктің басқа органдарының шешімінің күшін жоюға құқылы.
Акционерлердің кезекті Жалпы жиналысын директорлар Кеңесі шақырады.
Ал, кезектен тыс жиналысы директорлар Кеңесінің және ірі акционерлердің
бастамашылығымен шақырылады. Жалпы жиналыстың болатын уақыты мен орны
жөнінде акционерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында (Егемен Қазақстан,
Казахстанская правда) хабарланады.
Жалпы жиналыс барысында әрбір акционер бір дауысқа ие болады
және дауыс береді. Жалпы жиналысқа акционерлер өзі немесе өкілі арқылы
қатысуға құқылы. Жалпы жиналыста шешім ашық және құпия дауыс беру
арқылы шешім шығарылады, ал артықшылықты акция иелерінің құқығын
шектейтін шешім осы акцияларды иелерушілердің 23 бөлігінің дауысымен
қабылданады. Жалпы жиналыс жабылған соң үш жұмыс күні ішінде хаттама
толтырылады және онда мыналар қамтылады:
1) Банктің толық атауы;
2) Жалпы жиналыс өткізілген орын, уақыт және күн;
3) Жалпы дауыс берген акциялар саны;
4) Жалпы жиналысқа қатысушылар саны;
5) Күн тәртібі;
6) Дауыс беру тәртібі мен түрі;
7) Жалпы жиналысқа қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері;
8) Дауысқа ттүскен мәселе;
9) Дауыс берудің қорытындысы;
10) Жалпы жиналыста қабылданған шешім.
Хаттамаға төраға, хатшы, дауыс беретін акциялардың 10%- нан
астамын иеленетін акционерлер, жиналысқа қатысушылар және есептік
комиссияның мүшелері қол қояды.
Дауыс беру сырттай өткізілуі мүмкін. Сырттай дауыс беру кезінде
бұқаралық ақпарат құралдарына банк дауыс беру бюллетені бар
хабарландыру береді. Бюллетенге тиісті тұлға қол қоймаса, ол жарамсыз
болып табылады. Сәйкесінше, сырттай дауыс берудің қорытындысы бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияланады.
Банктің директорлар Кеңесі – басқару органы болып табылады.
Директорлар Кеңесінің мүшелері акционерлердің Жалпы жиналысында
кумулятивтік дауыс беру арқылы сайланады. Акционерлер өздеріне тиесілі
акциялардың барлығымен бір кандидатқа немесе бірнеше кандидатқа бөліп
дауыс беруі мүмкін. Дауыс беру нәтижесінде неғұрлым көп дауыыс алған
кандидаттар директорлар Кеңесіне мүше болып сайланады. Егер екі кандидат
бірдей дауыс жинаса, қосымша дауыс беру өткізіледі. Директорлар
Кеңесінің уәкілеттік мерзімі акционерлердің Жалпы жиналысының шешімі
бойынша анықталады. Сонымен қатар, Жалпы жиналыста директорлар Кеңесінің
жекелеген мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда
директорлар Кеңесінің жаңа мүшесін сайлау Жалпы жиналыста кумулятивтік
дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Ал, директорлар Кеңесінің төрағасы
оның мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен сайланады.
Төраға- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz