Қабілеттің сандық және сапалық сипаттамалары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

  1. Қабілеттің сандық және сапалық сипаттамалары:

Қабілеттің сапалық сипаты

Қабілеттің сандық сипаты

  1. Қабілеттің құрылымы:

Қабілет пен әрекет

Жалпы және арнайы қабілеттер

  1. Дарындылық
  2. Қабілеттерді қалыптастыру

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.

Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

Қабілеттің өлшемі - белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. онда, белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.

Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады.

Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тақырыптық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.

Соған қоса соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрін - практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлінеді.

Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогресс байланысты болып отырады.

1. Қабілеттің сандық және сапалық сипаттамалары.

Қабілеттер жеке бастың индивидуальді-психологиялық ерекшеліктері деп сипатталған.

Тәжірибе мен ақыл адамадардың тең еместігінің дәлелі дегенде, «тең» деген сөзі, адам қабілеттерінің немесе физикалық күштері мен жан қабілеттерінің бірдейліктің теңдігі мағынада қолданады.

Қабілеттер туралы айтқанда олардың сандық және сапалық сипаттамаларын ажырата білу қажет.

Сапалық сипаты - сапалық ерекшеліктері жағынан қарастырғанда, қабілет - әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін мақсаттарға әртүрлі жолдармен жетуге көмектесетін «ауыстырмалы шама» жиынтығы ретінде адамның психологиялық қасиеттерінің күрделі комплексі.

Кез келген әрекеттің орындалуы кезінде бірдей немесе ұқсас жетістіктері негізінде әртүрлі қабілеттердің үйлесімі жатады. Бұл бізге жеке тұлға қабілетінің маңызды жағын көрсетеді: қажырлы және табанды еңбектеніп дамытқан бір қасиеттерінің басқаларымен компенсация мүмкіндігі. Адам қабілеттерінің компенсациялық мүмкіндігі әртүрлі факторлармен айқындалады. Мысалға, көру және есту қабілетінен айырылған адамдарды арнайы тәрбиелеу жүйесі.

Бір қабілеттердің басқа қабілеттердің дамуымен компенсациялануы әрбір адам алдында мамандықты тандауда және онда жетілуіне үлкен мүмкіндік береді.

Қабілеттің сапалық сипаты, адам еңбек әрекетінің қандай сферасында (педагогика, экономика, спорт т. с. с. ) өзінді оңай таба ала алады және үлкен жетістіктерге жете алады деген сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. Сонда қабілеттердің сапалық қасиеттері сандық қасиеттерміен байланысты. Белгілі бір әрекеттің талабына жауап беретін нақты психологиялық қасиеттерін анықтағаннан кейін оның адамда қандай мөлшерде дамығандығын анықтауға болады: оның бірге жұмыс істейтін жолдастарына немесе курстастарына қарағанда жоғары немесе төменгі деңгейде болуы.

Сандық сипаты - қабілеттің сандық сипатын анықтау проблемасы психологияда үлкен тарихқа ие. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көпшілік мамандық үшін маманданған сұрыптау жүргізу қажеттілігіне қарай бірталай буржуаздық психологтар (Кеттел, Термен, Спирмен т. с. с. ) оқушыларды қабілет деңгейлерін анықтау арқылы тандауды ұсыныс етті. Сол арқылы жеке тұлғаның рангтік орыны мен оның еңбек әрекетіне жарамдылығын орнатуы көзделген.

Бірақта қабілеттердің сандық сипаты буржуаздық қоғамда пайда болғаннан бастап екі жақты сипатқа ие. Ол бір жағынан еңбек етушінің реальді мүмкіншіліктері мен оның белгілі еңбек әрекетіне жарамдылығын обьективті анықтауына уәде берді. Оңсыз адамға лайық жұмысты табу (профориентация) және бұл жұмысқа жарамды мамандарды (профсұрыптау) тандау қиын. Қабілет психологиясында сандық зерттеу идеясының прогрессивтілігі де осында. Басқа жағынанан капиталистік жағдайларында пайда болған бұл идея буржуаздық ғалымдармен үстемдік етуші өкілдерінде арнайы әдістермен «айқындау» арқылы психологиялық қабілеттерінің өте жоғары екендігінің дәлелдеу үшін қолданылды.

Сол уақыттарда қабілеттілікті анықтау үшін ақылдылық тестері қолданыла бастады. Оның көмегімен бірқатар елдерде (АҚШ, Англия т. с. с. ) қабілеттілікті айқындап, мектеп оқушылары сұрыпталады, армиядағы офицер посттары, өндірістегі басқарушы орындары ауыстырылады.

Тесттер мазмұнына қарай сұрақтар немесе есептер жиынтығынан құралады. Оларды шешу барысында баллдар жиналады. Соңында баллдар қосылып ақылдылықтың деңгейін көрсетеді (IQ) . Мысалға, он бір жастағы бала ақылының орташа шамасы 120 балл. Егерде бала 120 баллды жинай алса, онда оның ақыл жасы 11-ге лайық. Мұның негізінде баланың ақыл дарындылығы анықталынады:

IQ = ақыл жасы×100

баланың нақты жасы

Буржуаздық психологтардың айтуынша бұл бұл тест қабілеттердің сандық сипатын береді. Ал психология ғалымдарының айтуынша бұл коэфицент функция. Жоғарыда сипатталып кеткен әдіс адамның интелектуальді қабілеттерін емес, онда белгілі бір ақпараттың болуы, тәжірибелілігі мен дағдылығын анықтайды. Ал мұның барлығын қабілетпен шатастыруға болмайды. Ақыл мен дағдыға иелену динамикасы әлі де анықталмаған. Соған қоса арнайы репититорлармен дайындалған оқушының оқуға қабілеттілігі артандығына күмән жоқ.

Бұл тесттердің барлығы ғылыми сипатта болса және шынайы түрде адам бойындағы білім мен бір нәрсені жасай алуды емес, ал қабілеттілікті анықтайтындығына күмән тудырмаса ғана шынайы тесттер ретінде мойындалады.

Қабілет адамның нақты әрекетінен тыс өмір сүрмейді, ал оның қалыптасуы оқу мен тәрбиелеу процесінде жүреді. Сонда, қабілетті анықтаудың ең негізгі жолы, бұл - оқу процессінде баланың жетістіктер динамикасын анықтау. Баланың өз бетімен және үлкендер көмегімен білімді қалай меңгеретіндігін бақылай отырып, оның қабілетінің қаншалықты күштілігін немесе әлсіздігін анықтауға болады.

2. Қабілеттің құрылымы

Адамның кез келген мамандануындағы әрекет (еңбек, оқу, спорт т. с. с. ) адамның психологиялық қасиеттеріне (интелект ерекшеліктері, сенсомоторик, эмоциональді сферада т. с. с. ) жоғарғы талаптарды қояды. Бұл талаптарды бір кез келген қасиет (дамудың жоғарғы деңгейіне жетсе де) қанағаттандыра алмайды. Қабілеттер күрделі құрылымға ие психикалық қасиеттердің жиынтығы болып табылады.

Қабілет пен әрекет . Қабілет ретінде танылған әрекет ретіндегі психологиялық қасиеттер жиынтығының құрылымы нәтижесінде нақты әрекеттің талаптарымен анықталады және әртүрлі әрекеттер үшін әртүрлі болады.

Осылай, математикалық қабілеттің өзі бірнеше жекеленген қабілеттерден тұрады: математикалық материалды жалпылауға қабілеттілік, математикалық талқылаулар мен соған ұқсас әрекеттерді қорытындылау, ой процесінің қайтымдылық қабілеті, математикалық есептерді шығарудағы ой процесінің икемділігі және т. с. с. Әдебиет қабілеттерінің құрылымы эстетикалық сезімдердің жоғарғы деңгейде дамуын, қиялдың бай болуы, жеке тұлғаның адам психологиясына көңілі болуын т. с. с. қажет етеді. Спецификалық сипатқа музыкалық, педогогикалық, конструкциялық, медициналық қабілеттер және басқалар ие. Компенсацияның кең мүмкіндіктерін еске алғанымен де педагогтар професиональді немесе арнайы қабілеттердің құрылымын білуі қажет. Себебі олар оқыту процессі барысында қабілеттердің қаншалықты дамығандығын есепке алуы қажет.

Нақты қабілетті қалыптастыратын жеке тұлғаның ерекшеліктері мен қабілеттері арасында біршамасы жетекші, ал басқалары көмекші орнына ие болады.

Жалпы және арнайы қабілеттер. Әртүрлі қабілеттердің нақты психологиялық сипатын зерттей тура біз бір емес бірнеше, яғни көптеген түрлерінің талаптарына жауап беретін жалпы қасиеттері мен тар талаптар шеңберіне жауап беретін арнайы қасиеттерді бөліп шығара аламыз. Кейбір индивидтер қабілеттері құрылымында бұл жалпы қасиеттері қатты көрінеді. Яғни бұл адамдардың қабілеті жан жақты екендігінің көрінісі. Бірақ та бұл жалпы қабілеттер немесе қасиеттер арнайы қабілеттерге қарамам-қайшы қойылмауы қажет.

Қабілетттер және адам топологиясы. Жеке тұлғаның жалпы қасиеттері немесе жалпы қабілеттері - психологиялық нақты көріністер болып табылады және қазіргі уақытта олар психологтардың зерттелуінде. Нақты әрекеттер барысында қабілет ретінде танылатын мұндай жеке тұлғаның қасиеттері қатарына адамның үш типінің біреуіне жататындығын сипаттайтын индивидуальді-психологиялық қасиеттерін жатқызады. И. П. Павлов еңбектерінде олар «ойшыл тип», «суретші тип» және «орташа тип» болып бөлінген. Бұл типология адам жүйке жүйесін, онда екі сигналды жүйенің - бірінші сигналды жүйе, образды, эмоциональді, екінші сигналды жүйе, бұл сигналдың сигнализациясы, яғни образды сөз арқылы сигнализация теориясымен байланысты. Адамның психологиялық әрекетіндегі бірінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, бұл адамды суретші типіне жатқызады, ал екіншілік сигнал жүйесінің асып дамуы ойшыл типі, екі сигналдың бірдей деңгейде болуы орта тип адамдарына тән. Суретші типі қабылдау мен естің образдылығы және ашықтығымен, қиялдың байлығымен сипатталса, ойшыл тип абстракциялық ойлаудың басымдылығынан көрінеді. И. П. Павлов сигнал жүйелерінің типтік ерекшеліктері психикалық әрекеттің кез келген түрінен байқалады және олар өмірде бір біріне ауысып отырады. Осы типтердің кез келгенінің негізінде қабілетті жан-жақты дамытып отыруға болады деді.

Сигналды жүйенің біреуінің шартты басымдылығы деген не? Екіншілік сигналды жүйенің абсолютті басымдылығы формуламен көрсетсек, ол:

А 2 1

Мұнда: А 2 - екіншілік сигналды жүйе;

А 1 - біріншілік сигналды жүйе;

Ал бірінші сигналдың екінші сигналға қарағанда басымдылығының шартты формасы:

А 2 > А 1 + м

Мұнда: м -әлемнің эмоциональді және образды танудың құрылымдық ерекшеліктері;

Өз кезегінде ойшыл адам типі:

А 2 + н >А 1

Мұнда: н - әлемге абстракциялық көз қарасы;

Математикалық тәуелділіктің мәліметтері бойынша бір сигналды жүйенің екіншісінен шартты басымдылығы абсолютті басымдылықпен араласпауы қажет.

3. Дарындылық

Дарындылық, бұл - қабілеттің дамуының жоғары деңгейінің көрінісі. Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол - адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлық тай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары нерв қызметінің тума типіне байланысты болып келеді.

Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Мысалы, 200 жыл бұрын Германияда Гейнрих он ай толмай жатып суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын. Олүш жаста ертегілерді өзі оқып, математиканың төрт амалымен есеп шығара алады. Көп ұзамай франсуз тілін үйреніп, географиядан жақсы мағлұмат алады. Оның даңқы әлемге жайылды. Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтың субъективті қасиеттері
Мектепке дейінгі балалар шығармашылығы дамуының психологиялық жағдайлары
Еліміздегі жоғарғы әскери оқу орындарындағы қазақ бөлімінде оқитын болашақ офицер мамандардың кәсіби маңызды сапалық қасиеттерін эксперименттік тұрғыдан зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті
Оқу процесінде мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қасиетін анықтау ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz