Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: 1
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері
Кіріспе. . . 3: 1. 1
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесінің зерттелуі
Кіріспе. . . 3: 1. 2
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктері
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: 2
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы педагогикалық - эксперименттік жұмыстар
Кіріспе. . . 3: 2. 1
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бойынша анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау
Кіріспе. . . 3: 2. 2
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бойынша қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: Қорытынды . . .
Кіріспе. . . 3: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» деп мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін жағдай жасау қажеттігіне тоқталған [1] .

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық, бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген [2] .

Қоғамдағы адамзаттық қажеттіліктер артқан сайын, кез-келген өзгерістерге шығармашылық арқылы жету, мәселелерді дәстүрлі емес және сапалы шешетін, қоғамның жылдам ырғақпен дамуына байланысты, адамдарды жағдайлары тез ауысатын өмірге дайындау қажет. Қоғамның жеке тұлғаның шығармашылық ынтасына деген қажеттілігі неғұрлым табанды болса, соғұрлым шығармашылық мәселелердің стимулын және жағдайын, оның шығу көзін теориялық тұрғыда тереңірек қарастыру қажет.

Еліміз жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыз тәрбиелеуді талап етуде. Баланы балабақшадан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Ол үшін бала қиялын дамыту маңызды мәселе болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытуда бейнелеу өнері сабақтары жетекші роль атқарады.

Қазіргі білім беру стратегиясы барлық балаларға өз таланттарын және шығармашылық талаптарын, жеке жоспарларын іске асыруларына мүмкіндік жасауда. Балалардың жеке мүмкіндіктерімен педагогтар хабардар болып, оларды үздіксіз дамытып «арттырулары» қажет. Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты ойлау қабілеттерін дамыту өзекті мәселе.

Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу және тәрбие процесіндегі іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы балалардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.

Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, балада шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын метепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің орны ерекше.

Балаларға әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, шығармашыл ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі аса маңызды сұрақтардың бірі.

Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуында да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетінің дамуы оқу - тәрбие барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Балабақша тәрбиешілері көп жағдайда балалардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, жақсы көрсеткіштер көрсеткеніне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша, стандартты емес шешім қабылдауына, творчестволық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері тәрбиеші үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де жүзеге асырылады.

Қазақша тәлім - тәрбие алатын мектеп жасына дейінгі балалардың тұйықтық, жасқаншақтық қасиеттері олардың бойындағы шығармашылық потенциалдарын үнемі жарыққа шығара бермейді. Олай болса, шығармашылық қабілеттің физиологиялық негізін сипаттауда әрбір бала белгілі бір нышанымен туылатындықтан, ал оның дамуы кейінгі дамытушылық жағдайларға байланыстылығын басшылыққа алу қажет болады.

Шығармашылық қабілетті зерттеу мәселесіне Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Б. М. Тепловтың іс-әрекеттік ықпал және адамды тұтастай жүйеде қарастыратын концепциялары, шығармашылық ойлаудың дамуы - оқушыларға дидактикалық ұйымдастырылған қарым-қатынаста белсенділікті тәрбиелеудің негізінде жүзеге асатындығы туралы Матюшкиннің концепциясы, творчество психологиясында жиі айтылып жүрген Л. Л. Гурова, Д. Б. Богоявленская тағы басқалардың жеке адамның когнитивті және жеке бастық аспектілерін арақатыстыру концепциялары, В. В. Давыдов, Н. А. Менчинскаяның проблемалық оқыту концепциясы, шығармашылық - жеке адамның өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдары (К. Роджерс, А. Маслоу) негіз болды. Ал мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу шығармашылығын зерттеушілер Е. А. Флерина, Н. П. Сакулина, Т. С. Комарова, Т. Г. Казакова, Н. Б. Халезова т. б. бейнелеу мен мүсіндеуде суретші пайдаланатын көптеген әсерлі құралдарға белгілі бір дәрежеде мектеп жасына дейінгі баланың шамасы келетінін атап айтады. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер - Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, П. Я. Пономарев, П. Торренс, Дж. Гильфорд, Дж. Рензулли, Э. Боно, Н. Н. Палагина, С. М. Жақыпов, Қ. Р. Рақымбеков, С. Қ. Бердібаева, М. О. Резванцева, Р. С. Омарова т. б. жұмыстары болды [5] .

Зерттеудің өзектілігі шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамытуда бейнелеу өнерінің маңызы зор. Зерттеу жұмысы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы - креативті даму мен интеллектуалды дамудың байланысты екендігін қарастыруды және бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын теориялық талдап, тиімділігін тәжірибе негізінде анықтауды өзіне мақсат етіп қойды.

Сонымен, мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері арқылы қалыптастыруды жүзеге асыру қажеттілігі мен оның ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар туып отырғаны анықталады. Сол себепті, біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту » деп белгіледік.

Зерттеу мақсаты. Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын теориялық талдап, тиімділігін тәжірибе негізінде анықтап, әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. «Шығармашылық», «шығармашылық қабілет» ұғымдарының өзара байланысын теориялық тұрғысында қарастыру;
  2. Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен мүмкiндiктерiн анықтау.
  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері мен тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу болжамы: Бейнелеу өнері сабақтары мақсатты тұрғыдан тиімді ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеті дамып, оқу материалын меңгеру сапасы артады.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыстарын талдап, қорытындылау; тәрбиешілердің озық тәжірибесін оқып-үйрену, жинақтап қорытындылау; педагогикалық бақылау; педагогикалық эксперимент, сауалнама жүргізу; әңгімелесу; жауаптарды сандық және сапалық талдау.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ерекшеліктері.

Зерттеу обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы шығармашылық қабілетін дамыту процесі

Зерттеу жұмысының базасы:

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1: 1. 1
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері: Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесінің зерттелуі

Әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге талпынған кез-келген елдің, ұлттың өз мақсатына жету жолындағы басты қаруы - ұлттық рухани құндылықтарды негізге ала отырып, әрбір жеке тұлғаның білім алуын қамтамасыз ету. Сол себептен де Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Қазақстандағы білім жүйесінің ұлттық ерекешеліктерін ескере отырып, әлемдік стандартқа сәйкестендіру қағидасы шығармашылықпен жұмыс істеуді бүгінгі күннің негізгі міндеттеріне айналдырып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп көрсетілген [2] .

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің үлгісін құра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті[1] .

Қазіргі кезеңде егеменді еліміздің ертеңі - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу екені айқын.

Тұлғаның шығармашылық әрекетін қалыптастыру - өте күрделі үдеріс. Сондықтан оны баланың жас кезінен бастаған дұрыс. Мұнда мектепке дейінгі тәрбиенің маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекеттерін қалыптастыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекетін бейнелеу өнері негізінде қалыптастырудың маңызы ерекше. Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш, өнерге бейім, өзінің ұлттық салт-дәстүрін құрмет ететін ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттер» деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды» (А. Н. Леонтьев) [8] .

«Қабілеттер» - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А. В. Петровский [9] .

«Қабілет» - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», - деп жазады академик Т. Тәжібаев [10] .

«Қабілеттер» - адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері» - деген де анықтама бар [11] .

Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.

Репродуктивті (өнімсіз) - іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.

Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Адам қабілеті - қоғамдық дамудың өнімі. Оны қалыптастыру қоғамдық - тарихи даму процесінде адам жасап, дағдыланған іс - әрекеттің белгілі бір формаларын меңгеруді көздейді.

Қабілет деп адамның белгілі бір әс - әрекетті біршама жеңіл атқаратын және жоғары сапаны қамтамасыз ететін жеке ерекшеліктерін түсінеміз.

Қабілет - туа біткен қасиет емес, ол даму процесінде ғана өмір сүреді және нақты іс - әрекетсіз дами алмайды.

Кез - келген іс - әрекетке деген қабілет әрбір адам бойында бар, бірақ туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі барлық адамдарда әр түрлі. Дамудың ең жоғары баспалдағына дарынды, талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.

Психологияда қабілетті жалпы және арнаулы қабілет деп бөледі. Бейнелеу іс - әрекетіне деген қабілеттілік арнаулы қабілет қатарына жатады.

Әрбір қабілет жетекші, негізгі және құрастырушы фонға бөлінетін психиканың ерекшеліктеріне тәуелді күрделі құрылымға ие.

Бейнелеу іс - әрекетіне қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау болып табылады, қиялсыз ойдың өз көрінісін табуы мүмкін емес.

Бейнелеу қабілетінің құрылымында оның негізгі қасиеттері толық қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып табылады.

Бейнелеу іс - әрекетін қамтамасыз ететін және осы іс - әрекет фонын құрайтын қасиеттер белгілі бір эмоциялық көңіл - күй болып табылады.

Оқыту жүйесін жасаған кезде бейнелеу іс - әрекеті құрылымының осы ерекшеліктерін ескерген жөн.

Бейнелеу іс - әрекетіне қабілеттілік әр адамның бойында дамыған болуы мүмкін. Бірақ осы іс - әрекетке туа біткен жақсы нышандары бар адам өнер саласында шығамашылықпен жұмыс істей алатындай дәрежеге дейін қабілетін дамыта алады, бұл кезде қолайлы нышандары неғұрлым аз адамдар қабілетін заттарды сауатты, графикалық жағынан дұрыс бейнелей алатындай дәрежеге дейін ғана дамыта алады.

Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А. Н. Леонтьев, А. В. Петровский, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, В. С. Шубинский, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ процеске айналатынын айтады [8, 9, 10, 11, 12, 13, 14] .

Қабілеттер проблемасы - балалардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығын кеңестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендей келеді. Бұған қарап мысалы музыкаға, не хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен балаларды қабілеті төмен дарынсыздар қатарына жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл - оның қабілетінің басқа салада жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.

Кеңестік психологтар бірауыздан ақыл есі дұрыс, дені сау баланың оқуға қабілеті орта білім алу мүмкіндігі бар деген көзқарасты қуаттайды. «Мектеп курсында оқылатын пәндердің бірден-бір тарауының бала үшін қолайсыз екендігін кездестірген емеспін» - деп жазды В. А. Крутецкий [12] . Ал академик А. Н. Калмогоровтың тұжырымдамасы былай дейді: «Математиканы меңгеру үшін баланың айрықша қабілеті болуы керек деген ұғымдар артық айтылады . . . ».

Айтылғандарды қорытындылай келе, «қабілет» термині адамның белгілі бір істі орындап, одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.

Демек, әр бала бойындағы табиғи нышандардың, жоғарғы қабілеттер деңгейіне көтерілуі тек баланың белсенділігіне және дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысына байланысты.

Балаларда кездесетін баяулықты, сылбырлықты, оның биологиялық кемшілігі деп қарауға әзір тұрамыз. Біздіңше, тұйықтық, бұйығылық, баяулық оның табиғатының әсері емес, көп жағдайда оқыту мен тәрбиенің нәтижесі ондағы әміршілдіктің салдары болуы мүмкін.

Академик Д. Ковалевский «ән айтқысы, би билегісі, әңгіме, ертегі, өлең құрастырғысы, сурет салғысы келмейтін баланы табыңызшы», - дейді. Шынында, табу қиын. Егер ондай бала кездесе қалса, ол жаман тәрбиенің нәтижесі деуге әбден болады.

Қабілеттілік нәтижесінің теориялық және практикалық негізін қалауда С. Л. Рубинштейн еңбектері зор роль атқарады. Ең алдымен қабілеттіліктің дамуы туралы, қабілеттің қалыптасуының негізін салса, кейінірек олардың көрінуінің психологиялық құрылымын ашып берді. С. Л. Рубинштейн қабілеттілікті нақты бір іс-әрекетке икемділік деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша қабілеттілік - жаңа бір іс-әрекетті жеңіл меңгерумен, сонымен қатар индивидтің бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көшуі мен қабылдау тәсілдерін терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша қабілеттің негізі - туа біткен нышан, тұқымқуалаушылықтың белгісі болып табылады, яғни, адамның жүйке, ми аппараттарының анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі болып табылады. Осыған орай, ғалым «қабілет нышандарының негізінде дами отырып, нышанның өз бетінше функциялануы емес, тек дамудың негізгі кезеңі, алғы шарты» деп жазды.

С. Л. Рубинштейн іс-әрекет барысында қабілет пен ептіліктің өзара байланысы ерекше роль атқаратынын айтады. Бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін еске ала отырып, бір жағынан ептілік, білім т. б. меңгеру қабілеті бар екенін білдірсе, қабілеттің қалыптасуы сол іс-әрекеттің ептілігі мен білімдерді меңгеру арқылы іске асатындығын түсіндіреді [15] .

Б. М. Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешелік деп қарастырады. Б. М. Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді, біріншіден, қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді, қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» түсінігі адамда бар білім, ептілік және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге қабылетті деп санайды. Б. М. Теплов қабілеттіліктің дамуы - бір жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп көрсетеді [13] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері сабағы арқылы қиялын дамыту
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
«Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке үйрету»
Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту
Естиярлар тобында сурет салу
БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РӨЛІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктері
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz