Коммерциялық банктер операциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. Коммерциялық банктердегі активтік операциялардың түрлері және формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарының ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларды орындайды. Пассивтік операцияларсыз активтік операциялар, ал активтік операцияларсыз пассивтік операциялар жүзеге аса алмайды. Бірақ барлық жүргізілетін операциялар тек қана бір мақсатқа ғана бағытталады, ол – табыстарды көбейтіп, шығындарды азайту.
Курстық жұмыста коммерциялық банктердің активтік операциялары зерттеледі. Өйткені, активтік операциялар коммерциялық банктер қызметіндегі маңызды операциялардың бірі болып табылады.
1. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000 – 328 бет.
2. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырлған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 бет.
3. Мақыш С.Б.
Ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 129 б.
4. Сейітқасымов Ғ.С.
Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005. – 416 бет.
5. Искаков У.М., Бозаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Финансовые рынки и посредники: Учебник. – Алматы: Экономика, 2005. – 298с.
6. Банки Казахстана №8 (122), 2007.
7. Банки Казахстана №9 (123), 2007.
8. Банки Казахстана №10 (124), 2007.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі
атқаратын
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..

2. Коммерциялық банктердегі активтік операциялардың түрлері және
формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...

Кіріспе.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте
зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет
етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін
шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу,
бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және
басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер
мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен ауруханалардың,
институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын
шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар
банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан
операциялар жүргізеді.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар
жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарының ұйымдастырумен ғана
шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал
кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары
жүргізіледі.
Коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларды орындайды.
Пассивтік операцияларсыз активтік операциялар, ал активтік операцияларсыз
пассивтік операциялар жүзеге аса алмайды. Бірақ барлық жүргізілетін
операциялар тек қана бір мақсатқа ғана бағытталады, ол – табыстарды
көбейтіп, шығындарды азайту.
Курстық жұмыста коммерциялық банктердің активтік операциялары
зерттеледі. Өйткені, активтік операциялар коммерциялық банктер қызметіндегі
маңызды операциялардың бірі болып табылады.

1. Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі
атқаратын рөлі.

Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты
несиелеу халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта
бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік
туғызады.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері
клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие
мекемесі.
Өнеркісібі дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен
көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:
Біріншіден, жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен.
Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктердің
қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
Екіншіден, жүргізетін операциялары жөнінен. Коммерциялық банктер
әмбебап және маманданған болып бөлінеді.
Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен – банктер
федералдық (одақтық), республикалық және аймақтық болып бөлінеді.
Төртіншіден, экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен
– салалық және салааралық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелгендей қазіргі коммерциялық банктер өз
қызметінде осы аталған өзгешеліктердің аралас варианттарын қолдануда.
Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік
қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы –
акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өткізілу
жиналыс өткізілуі мүмкін. Кезексіз жиналыс банктің құрылтайшыларының,
кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі
акционерлерден тұратын топтар құрылып, олар банктің жұмысын қадағалайды.
Жылдық жиналыста банктің есебі бекітіліп, оның директорлар кеңесі
сайланады. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті
басқарады. Ол бірнеше кеңесші комитеттерден құрылып, нақты іс-әрекеттер
бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп-несие комитеті банк
берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды.
Коммерциялық банктер бірнеше басқарма (департаменттер) мен
бөлімдерден құрылады. Мысал ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың
типтік үлгісін келтірейік. Ол өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді:
салымдар жинақтау (осы жинақтарды қабылдау және төлеу); депозиттік және
кассалық операциялар (кіріс және шығын кассалары , ағымдағы шоттарды
жүргізу, чектермен операциялар, инкассалық және клирингтік операциялар,
ақша аудару); есеп-несиелік операциялар (несие қабілеттілігін тексеру және
несие беру, вексельдерді есептеу); инвестиция және бағалы қағаздар
(акцияларды, облигацияларды сатып алу және сату және т.б.); шетелдермен
операциялар (валюталарды сату және сатып алу, халықаралық есеп айырысу,
аккредитивтер мен жол жүру чектерін беру); жарнама және сыртқы байланыс
(жаңа клиенттер тарту); сенімділік операциялар (сенімхатпен мүлікті
басқаруға қабылдау); бухгалтерлік есеп тексеру бөлімдерін біріктіреді. Осы
негізгі құрылымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалық принциппен
ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты
басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

● ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
● несие беру;
● шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
● төлем құралдарын шығару;
● бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
● сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын
жүргізу);
● клиенттерге кеңес беру.

Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру –
банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытща бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың иесіне
процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие
операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі
экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің
делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі – несие беруде делдал
болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие
қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау
мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың
төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының
арасындатікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі
қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін.
Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық
делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі
секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді. Ұйымдасқан және
жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін
емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердің рөлі зор.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз
жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша
қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді. Инфрақұрылымы жеткілікті
дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп
айырысу технологиясының үнемі жетілдірілуінталап етеді. Сондықтан бұл
елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға
қатысушы банктердің арасындағы клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ
банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда
есеп айырысу корреспондент-банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді
орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету
үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептеудің
электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі
жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие
беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының
көлеміне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, егер клиент банкке 10 мың доллар
салып, оны талап бойынша алынатыншотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның
нәтижесінде банк балансының активінде кассалық қалдық 10 мың доллар өседі,
ал пассивінде депозиттер де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақша көлемі
өзгермейді, себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына
ауысты.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз
байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында
кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың
тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен
эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ орналастыру
және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы
қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз
есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз
береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады
және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды
қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы
операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп
пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде жүргізеді.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың
мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін
басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару (ақшаны
акцияға,қозғалмайтын мүлікке салу); құндылықтарды сейфте сақтау және т.б.
қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл
аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа
шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция
бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы
қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқаруы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанымен,
шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды
қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге
кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне,
бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және
табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің
жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.

Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және
кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар
жүргізуге дейін нұсқау береді.

Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға
болады:

● несиелеу және есеп беру ісі бойынша – ақша нарығындағы коньюктура,
проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы туралы
хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойынша нұсқау
беру, қолма-қол ақшасыз есептеуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу;
● бағалы қағаздарды шығару және олармен операциялар жүргізу бойынша –
бағалы қағаздар нарығы коньюктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы
қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың
айналыс ережесі туралы хабар;
● күрделі қарыз беру бойынша – құрылыс қызметі нарығының коньюктурасы,
құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс-монтаж (құрастыру)
жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін есептеу
туралы анықтама.

Несие ссудалық капитал қозғалысын жүзеге асырады, яғни ссудаға
берілетін ақша капиталы. Сол сияқты ақша капиталының ссудалыққа
трансформациясын қамтамасыз етеді. Несиелік операциялардың негізгі даму
бағыттарын көрсетейік:
- Несие нарықтық экономикада ең алдымен капиталдың бір саладан екінші
салаға құйылуының икемді механизмі ретінде сипатталады.
- Несие ақша массасы құрылымына және көлеміне, төлем айналымына активті
әсер етуіне бағытталған.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімнің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізігі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылы
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етед, ал
заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының
болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып
табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы” заңға
сәйкес банктер мынадай операцияларды жүзеге асыра алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиеттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің иемденушілердің тапсырмалары
бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және
басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай
талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг)
тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің
тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды
қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (актиытік операциялар);
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
“Коммерциялық банк” термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне
қызмет көрсетуі барсында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған
(міне осында “коммерциялық банк” деген атауға ие болған). Бірақ
өнеркәсіптің және салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де
сфераларына қызмет көрсете болғандықтан да банктің “коммерциялық” деген
атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің “іскер деген”
сипатын білдіреді, оның шаруашылығын агенттердің барлық жұмыс түрлеріне
қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.
Коммерциялық банктер – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Банктердің дамуы
Коммерциялық банк - экономикалық өсудiң негiзi
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Активті және пассивті операциялардың ерекшеліктерін анықтау
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері туралы
Банктің активтік операциялары
Пәндер