Әлеуметтік жұмыста болжаудың типологиясы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4 б.
I. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1. Болжам жасаудың негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.19б.
1.2. Болжамның категориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.27б.
II. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА БОЛЖАУДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
2.1. Болжамды классификациялаудың көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ..28.34б.
2.2. Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері ... ... ... ... ... ... ... .35.45б.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46.47б.
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47.48б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48.49б.

КІРІСПЕ
Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.
Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.
Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай дедйді: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.
Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу.
Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерін әртүрлі тұрғыдан қарастыру, оны ғылыми түрде дәлелдеу біздің осы жұмысымыздың алына қойған мақсаты болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерінің типологиясынын жасауда жұмыстың басты мақсатына енеді. Ауқымы кең, жан-жақты проблема болғандықтан оны оны әлеуметтанудың бір саласы деп қабылдауға болады.
Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі, пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды.
Бітіру жұмысының мақсаты - әлеуметтік жұмыс саласында қолданылатын болжау әдістерінің жіктелуін көрсету.
Бітіру жұмысының міндеттері – болжау ұғымына қатысты толық ақпараттар жинақтау, Қазақстан Республикасының заңдары, бағдарлама, болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар еңбектерін қарастыру.
Жұмыстың зерттеу пәні - әлеуметтік жұмыстағы болжау әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін көрсету.
Тақырыптың зертелу деңгейі – Қазіргі өтпелі экономикалық жағдайда дамуды келесі сатысына өту барысында еліміздегі ерекшеліктерді ескере отырып, шетелдік тәжірибелерді пайдалану керектігін мамандар көптеп айтып жүр. Ақпараттандыру ғасырында бұл жетістіктерге қол жеткізу қиындық тудырмайды. Осыған орай бітіру жұмысында шетелдік ғалымдардың да көзқарастары беріледі. Ресей ғалымы И.В.Романенко өз еңбегінде әлеуметтік және экономикалық болжаудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар болжау әдістерінің жіктелуін ғылыми тұрғыда қарастырған. АҚШ ғалымдары Майкл Мескон, Майкл Альберт болжау әдістерін басқару стилінің тәсілі ретінде қарастырған.
Бітіру жұмысының екінші тарауында болжамның түрлері, жіктелуі көрсеткіштері қарастырылған.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және жеті кестеден тұрады. Жұмыстың көлемі – 49 бет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Оқулықтар:
1. Агафонов А. Н. Социальная работа : введение в специальность.
Караганды, 2004.
2. Козлов А. А., Иванов Т. Б. Практикум социального работника.
М ., 2000.
3. Лифинцев Д.В. Современные модели организации
взаимодействия в процессе социальной работы . Автореф. дис...
канд.соц. паук . М., 1996 .
4. Основы социальной работы / Под ред. П. Д. Павленка. М.:
Инфра - М , 2001 .
5. Психология социальной работы / Под ред. М. А. Гулиной .
СПб.:Питер,2002.
6. Социальная работа: Введение в профессиональную
дечтельность / Под общ. ред. Козлова А . А . М., 2005 .
7. Социальная работа / Под общ. ред. В . И. Курбатова . Ростов
н/ Д., 2003 .
8. Социальная работа : теория и практика / Отв. ред. Е. И.
Холостова , А. С. Сорвина . М.: Инфра - М , 2003 .
9. Справочное пособие по социальной работе . М.: Юрист , 1997 .
10. Теория и методология социальной работы / Под ред. С. И.
Григоревна. М.: Наука, 1994 .
11. Теория социальной работы / Под ред. Е. И. Холостовой . М., Юрист
12. Қ.Р. тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция материалдары, Ал-2001 А.Б.Айтбембетова
13. Социальное и экономическое прогназирование. / И.В.Романенко Санк- Петербург.2000
14. Филатова Е.В. / Теория социальной работы. Кемерово: Кемеровский государственный Университет,2002.
Мерзімді басылымдар:
1. Егемен Қазақстан // Болжаудың көрсеткіштік сипаттамасы. Ақпаров.М.Н. наурыз 2001ж
2. Казахстанская правда // Субъективный фактор - прогназирование. апрель 2003 №28
Сөздіктер:
1. Словарь - справочник по социальной работе /Под ред. Е. И.
Холостовой . М, 2000 .
2. Әлеуметтену. Оксфорд сөздігі – Алматы, 2002.
3. Социологиялық сөздік / Жалпы редакциясын басқарған К.Ү.Биекенов - Алматы, Қазақ университеті
4. Энциклопедический социологический словарь. Общ.ред. Ран Осипова Г.В.1995
5. Социологический словарь. под редакцией С.А. Ерофеева. М. “Экономика” 2004.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .. 3-4 б.
I. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ
МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1. Болжам жасаудың негізгі қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7-19б.
1.2. Болжамның категориялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-27б.
II. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА БОЛЖАУДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
2.1. Болжамды классификациялаудың
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... 28-34б.
2.2. Әлеуметтік жұмыста болжаудың
ерешеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..35-45б.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 46-47б.
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...47-48б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48-
49б.
КІРІСПЕ
Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс”
қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне
әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы
рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған
сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға,
түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек
көрсетуімен анықталған.
Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы
түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау
ерекшелігі.
Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай
дедйді: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі
әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік
салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.
Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол
қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы
мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс
қолдана білу.
Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерін әртүрлі тұрғыдан қарастыру,
оны ғылыми түрде дәлелдеу біздің осы жұмысымыздың алына қойған мақсаты
болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерінің типологиясынын
жасауда жұмыстың басты мақсатына енеді. Ауқымы кең, жан-жақты проблема
болғандықтан оны оны әлеуметтанудың бір саласы деп қабылдауға болады.
Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі
шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын
модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның
әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның
ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс
теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік
беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі,
пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері,
категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар
тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды.
Бітіру жұмысының мақсаты - әлеуметтік жұмыс саласында қолданылатын
болжау әдістерінің жіктелуін көрсету.
Бітіру жұмысының міндеттері – болжау ұғымына қатысты толық
ақпараттар жинақтау, Қазақстан Республикасының заңдары, бағдарлама, болжау
әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар еңбектерін қарастыру.
Жұмыстың зерттеу пәні - әлеуметтік жұмыстағы болжау әдістерінің
жіктелу ерекшеліктерін көрсету.
Тақырыптың зертелу деңгейі – Қазіргі өтпелі экономикалық жағдайда
дамуды келесі сатысына өту барысында еліміздегі ерекшеліктерді ескере
отырып, шетелдік тәжірибелерді пайдалану керектігін мамандар көптеп айтып
жүр. Ақпараттандыру ғасырында бұл жетістіктерге қол жеткізу қиындық
тудырмайды. Осыған орай бітіру жұмысында шетелдік ғалымдардың да
көзқарастары беріледі. Ресей ғалымы И.В.Романенко өз еңбегінде әлеуметтік
және экономикалық болжаудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін ашып
көрсеткен. Сонымен қатар болжау әдістерінің жіктелуін ғылыми тұрғыда
қарастырған. АҚШ ғалымдары Майкл Мескон, Майкл Альберт болжау әдістерін
басқару стилінің тәсілі ретінде қарастырған.
Бітіру жұмысының екінші тарауында болжамның түрлері, жіктелуі
көрсеткіштері қарастырылған.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды бөлімнен, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
жеті кестеден тұрады. Жұмыстың көлемі – 49 бет.
I. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1. Болжам жасаудың негізгі қағидалары
Болжау негіздері. Негізгі ұғымдар.
Прогностиканың негізгі немесе базисті ұғымдары мыналар (келесілер) болып
табылады.
1) Болжам нұсқасы – болжау объектісін болуы мүмкін болжамдар тобы
құрайтын, болжамдардың бірі.
2) Болжау әдісі – болжам жасауға бағытталған, болжау объектісін зерттеу
тәсілі.
3) Болжау әдістемесі – нақты объектілердің болжамдарын өңдеу әдістері мен
ережелер жиынтығы.
4) Болжау объектісі – болжау субъектісінің іс-әрекеті бағытталған
процесстер, құбылыстар және оқиғалар. Объектінің табиғатына қарай
әлеуметтік ғылыми-техникалық экономикалық- экологиялық және басқа
объектілерді бөлуге болады: Болжау субъектісінің оған әсер ету
мүмкіндігіне байланысты басқарылатын және басқарылмайтын объектілер.
5) Болжам тұтынушысы – ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе болжамның
нәтижелерін қолданушы жеке тұлға, ол кейбір жағдайларда болжамға деген
тапсырманы беруші. Кейде тұтынушы тапсырыс беруші болуы мүмкін.
6) Болжаудың амалы (тәсілі) – болжам жасау процесінде нақты нәтиже алуға
бағытталған бір немесе бірнеше матеметикалық, логикалық және басқа
операциялар мысалы: а) Сарапшылардың баға беруінің орташа өлшенген
мәнін есептеу: б) Сарапшының біліктілігін анықтау в) Қозғалыс ретін
теңестіру және т.б.
7) Болжамдық үлгі – болжау объектісінің үлгісі оны зерттеу болашақта және
оларды іске асыру мерзімдері мен жолдарында объектінің жағдайы туралы
ақпарат алуға мүмкіндік береді. Кесте түріндегі болжамдық үлгі болжау
объектісінің кесте - үлгісі немесе кесте үлгі деп аталады.
8) Болжамдық қабат, астар (фон) – болжам тапсырмасын шешу үшін маңызды
болжау объетісіне қатысты сыртқы жағдайлар (факторлар) жиынтығы.
9) Болжау жүйесі – болжау әдістерінің және оларды жүзеге асыру жолдарының
жүйесі, ол болжаудың негізгі принциптерімен сәйкес қызмет етуші.
10)Іске асыру құралдары – Сарапшы топтары, ұйымдастыру іс-шаралары
техникалық құралдар және т.б. табылады. Болжау жүйелері автоматталған
және автоматталмаған болуы және басқарудың түрлі деңгейлерде өңделуі
мүмкін.
11)Болжау субъектілері – осы болжамды жасаушы ұйым, кәсіпорын, мекеме
немесе жеке тұлға.
12)Болжау кезеңі - өзінің міндеттері әдістері мен нәтижелерін сипаттайтын
болжамдарды жасау процесінің бөлігі. Кезеңдерге бөлу, болжау
субъектілерін жүйелі сипатының құрылу ерекшелігімен болжам фонының
деректерін жинау, іздеу және нормативті үлгілерін құру, болжам
верификациясымен байланысты. Болжауға қатысты операциялардың алдында
болжамдық бағдар ерекше орын алады.
Болжау принциптері.
Болжамдарды жасауда келесі талаптарды ұстану маңызды болып табылады.
1) Нұсқаулық – жұмысшы гипотезаның ерекшелігінен мақсатты қоюдан
(нормативті болжауда) және болжамды қабат (фон) нұсқаулардан шыға отырып,
болжамның бірнеше нұсқасын жасау.
2) Верифицируемость – үздіксіздік – болжау объектісі туралы жаңа деректер
түскенінде қажеттілік бойынша болжамдарды түзеуді қажет ететін болжау
принципі. 3) Рентабельділік – болжамды қолданудан экономикалық әсердің,
болжамды жасауға деген шығыннан көбеюі, жоғарылауы. 4) Жүйелілік –
болжанушы көрсеткіштердің барлығының сонымен бірге болжам өлшемдерінің
өзара байланысы. 5) Келісу (келіскендік) – түрлі табиғаты бар нормативті
және іздеу болжамдарының келісуін талап ететін болжау принципі.
Болжамдардың түрлері және мақсаты.
Болжам түрлерін түрлі жіктеу белгілері бойынша топтастыру 1-ші
кестеде берілген.
1-ші кесте.
Болжамдар түрлері.
№ Жіктеу белгісі Болжам түрі Түсіндірме (болжам
мақсаты, оның мазмұны)
1 2 3 4
1 Болжамның мазмұны Іздеулік Болжамның мазмұны
мынаны анықтау болып
табылады:
-болашақта болжау
объектілерінің
жағдайлары.
Нормативті -мүмкін жағдайлардың
жолдары мен мерзімдері
(берілгеннің қабылдануы
ретінде)
Кешенді Іздеулік және
нормативті болжамдардың
элементтерінен тұратын,
болжам.
2 Бейнеленуші Сандық Мыналарға негізделген
қасиеттердің сипаты болжам:
-Сандық көрсеткіштерге;
Сапалы -Сапалық
көрсеткіштерге;
Жүйелі -болжау объектілерін
жүйелі көрсету;
3 Нәтиже көрінісінің Интервалды Нәтижесі мынадай түрде
дискреттілігі көрсетілген болжам:
-болжамды іске асыру
үшін берілген берілген
болжау объектілерінің
сипатының сенімдік
интервал түрінде.
Нүктелік Сенімдік интервал
көрсетпей болжау
объектісін сипаттаудың
жалғыз мәні түрінде;
4 Бекіту кезеңі Оперативті(қауырт) Болжау объектілері үшін
бекіту кезеңі бар,
прогноз:
- 1 айға дейін.
Қысқа мерзімді - 1 айдан 1 жылға
дейін.
Орта мерзімді - 1жылдан 5 жылға
дейін.
Ұзақ мерзімді - 5 жылдан 15 жылға
дейін.
Алыс, ұзақ мерзімді - 15 жылдан ары қарай.
5 Болжанушылардың Бір өлшемді Болжам мыналардан
сипатының саны тұрады:
-болжау объектісінің
бір сапалы немесе
сандық сипаты.
Көп өлшемді -болжау объектісінің
бірнеше сапалы немесе
сандық сипаты.
6 Мемлекет ареалы, Локалды Мыналарға қатысты
аймағы болжам:
(мемлекеттердің) -осы берілген
мемлекеттің аймағының
бөлігіне.
Аймақтық Осы мемлекеттің
аймағына.
Аймақаралық - осы мемлекеттің
бірнеше аймақтарына.
Жалпы мемлекеттік -жалпы мемлекетке
Мемлекетаралық Бірнеше мемлкеттерге
Ғаламдық Жалпы жерге және
адамзатқа
7 Халық шаруашылығының Салалық Мыналарға қатысты
құрылымы. болжам:
-қандайда бір салаға
Салааралық - бірнеше салаларға
Территориалды-өндіріс-территориал ды-
тік өндірістік
құрылымдарға.
Болжамдардың өлшемдері.
Болжамдардың негізгі өлшемдері мыналар болып табылады.
1) Болжамның сенімділігі – берілген сенімділік интервал үшін болжам жасау
мүмкіндігін бағалау. 2) Болжам қателігінің қайнар көзі – болжам қателігінің
болуына себепші, фактор. 3) Болжамның негізділігі, дәлелдігі - әдістер мен
бастапқы ақпараттың объектке, мақсаттарға және болжам міндеттеріне сәйкес
болу деңгейі. 4) Болжам қателігі – апостериорлы (латын тілінде а posteriory
кейінгі, жолын қуушы, a priory алдыңғыға қарағанда) болжамның объекттің
шын жағдайынан немесе оны іске асыру жолдары мен мерзімдерінен ауытқу
көлемі. 5) Болжамды негіздеу кезеңі – уақыт аралығы, оның негізінде
ретроспекция құрылады. 6) Бекіту кезеңі – осы шақтан болашаққа жасалатын
болжамның уақыт аралығы.7) Болжамдық көкжиек – болжамды бекітудің
максималды ықтимал кезеңі.8) Болжамның дәлдігі – Болжамның сенімдік
интервалын оны іске асырудың берілген ықтималдылығы үшін бағалау.[2]
Болжау кезеңдері.
Болжау процесі жалпы түрде 8 кезеңнен тұрады.
1) Болжамның алдындағы бағдар – болжамға және оған кіретіндерге деген
тапсырманы орындаудан алдыңғы, шаруалар жиынтығы: а) объектті
анықтау; б) болжаудың мақсаттары мен міндеттері; в) негіздеу кезеңі
және г) болжамды бекіту кезеңі. 2) Болжамға деген тапсырманы, яғни
болжамның мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын және оны өңдеудің
тәртібін белгілейтін құжатты жасау.3) Болжамдық ретроспекция – болжау
объектісінің және болжамдық қабаттың (фон) даму тарихын олардың
жүйелі сипатын алу мақсатында зерттеу. 4) Болжамдық диагноз – болжау
объектісінің және болжамдық қабаттың (фонның) жүйелі сипатын олардың
даму тенденцияларын білу, көрсету мақсатында зерттеу.5) Болжамдық
проспекция – болжамды диагноз нәтижелері бойынша болжамды жасау. 6)
Болжам верификациясы – болжамның сенімділігін және дәлдігін бағалау
немесе оның негізділігін тексеру. 7) Болжамды түзету – болжамды, оның
верификациясы және қосымша деректер негізінде нақтылау, айқындау. 8)
Болжамдар синтезі – жүйелі болжамды жасау, өңдеу.
Болжау объектісі.
Болжау объектісінің сипаттамалары.
Болжау объектісінің қандай-да бір қасиетінің сапалы немесе сандық
бейнесі болып табылатын болжау объектісінің сипаттамаларын жасау процесінде
мынадай ұғымдар қолданылады. 1)Болжау объектісінің ауыспалысының базистік
мәні – болжам негізі мен бекіту кезеңдерін бөліп жатқан диагноз кезеңіндегі
болжау объектісінің ауыспалысының мәні. 2)Бас, негізгі (генеральный)
анықтау кестесі – болжау объектісінің өлшенген сипаттамаларының иерархиялық
(сатылық) жүйесі, ол оның сапалы суреттеуін жалпыланған сандық бағалауға
айналдырады.3) Динамикалық қатар – болжау объектісінің ауыспалысының
бұрынғы және болшақ мәндерінің уақытша жүйелілігі. 4)Болжау объектісінің
мәнді ауыспалысы (яғни мұндай ауыспалы объектті, болжау міндетімен сай
суреттеу үшін маңызды болып табылады) оның ішінде: а) эндогенді (оның
өзіндік қасиеттерін бейнелейді) және б) экзогенді (сыртқы ауыспалылардың
кейбір жиынтығының әсерінен пайда болады). 5)Болжау объектісінің өлшемдері
– болжау объектісінің сандық сипаттамалары, ол тұрақты немесе тұрақты деп
болжамды негіздеу және бекіту кезеңдерінде саналады. 6)Динамикалық қатардың
жүйелі (ұдайы) құраушысы – динамикалық қатармен берілген, оның дамуның
негізгі тенденциясын бейнелейтін ауыспалының бұрынғы және болашақ
мәндерінің бір қалыпты өзгеруші жүйелілігі. 7)Болжау объектісінің
күрделілігі – болжау объектісінің элементтерінің, қасиеттерінің,
қатынастарының түрлілігін анықтайтын сипаттама. 8)Динамикалық қатардың
кездейсоқ құраушысы, құрамы- динамикалық қатардың құра ушысы, оған деген
кездейсоқ ықпалдардың және өлшем қатыліктерінің әсерін бейнелейді. 9)
Болжау объектісінің құралымы – болжау объектісінің элементтерінің ішкі
ұйымдасу және байланыс тәсілі.
Болжау объектісі туралы бастапқы ақпарат және оны дисконттаудың
заңдылығы. Болжау объектісі туралы бастапқы ақпарат болуы мүмкін: 1)
фактографиялық (болжам тапсырмасын шешу үшін қажетті нақты мәліметтерден
тұратын қайнар көзден алынған, мысалы бухгалтерлік есеп мәліметтері және
т.б.), озық ақпаратты қосқанда (қоғамдық практикадағы жаңалықтарды іске
асырудан озық тұратын ғылыми-техникалық ақпарат; оған жататындар – жаңалық
ашуға және ашылуларға, авторлық куәліктерге, патенттерге және т.б.
тапсырыс); 2) сараптық (сараптық бағалаудан тұрады).
Болжау объектісі туралы мәліметтер жиынтығы болжаудың мақсаттары
мен әдістерімен сәйкес жүйеге ұйымдастырылғын, болжаудың ақпаратты
кеңістігін құрайды, оның сапасы екі көрсеткіштер арқылы сипатталады:
1.бастапқы ақпараттың толықтығы (сенімді бастапқы ақпаратпен болжам
міндеттерін қамтамасыз ету деңгейі), сонымен қатар болжау объектісінің
ауыспалысының ақпараттылығы.
Болжау объектілерінің ауыспалысының мәнін өлшеу сәттерінің өткен
шаққа кетуіне қарай, өткен мәндердің ақпараттылығы азаяды, яғни болжау
объектісі туралы ақпаратты дисконттаудың заңдылығы бар.
Болжау объектісін, оның көкжиегін және фонын талдау.
Болжау объектісін талдау келесі принциптерден құрылады: 1)
ерекшелік, өзгешелік (болжау объектісінің ерекшелігінің талдау процесін
есептегенде), 2) ұтымдылық, оңтайлылық (болжау объектісінің
сипаттамаларының өлшеу шәкілін (шкала), өлшемділіктің болжамға деген
тапсырмаға сәйкес рационалды қолдану), 3) талдаудың үздіксіздігі (болжам
жасаудың барлық кезеңдерінде талдауға бейім зерттеулерді өткізу).
Болжау объектісінің талдауын, талдау субъектісі іске асырады – ұйым,
зерттеу тобы, маман. Болжамға деген тапсырмаға сәйкес талдауға мыналар
жатады: 1) болжау объектісінің құрылымы (болжау объектісінің элементтерінің
құрамы және өзара байланысы); 2) болжау объектісінің динамикасы (оның
дамуының сипаттамаларын көрсету және бағалау); 3) болжамдық үлгінің
адекваттылығы (болжау объектісінің болжамдық үлгісінің сенімділік пен
дәлдігіне сай келу деңгейі).
Болжамға деген тапсырманы жасау процесінде іске асырылатын болжау
объектісінің талдауы – бұл болжам алдындағы талдау, ал бекіту кезеңінен
кейінгі талдау, оның процесінде болжау объектісінің болжамды мәндерін оның
нақты ахуалымен үйлестіру, салыстыру жүргізіледі,-бұл болжамнан кейінгі
талдау.
Болжау объектісін талдаумен қатар, мыналар іске асырылады: 1) болжау
объектісінің болжамдары көкжиегін талдау (болжамның берілген сенімділігі
және дәлдігі үшін болжам объектісінің бекіту кезеңінің шекті мәндерін
анықтау); 2) болжау объектісінің болжамды фонының талдауы (болжау
объектісінің дамуына және болжамды жасау шарттарына ықпал етуші сыртқы
объектілер мен әсерлер жиынтығының талдауы).
Болжау аппараты
Болжаудың фактографиялық әдістері.
Болжаудың фактографиялық әдісі – бұл фактографиялық ақпаратқа
негізделген әдіс. Әлеуметтік және экономикалық болжауда қолданылатын
негізгі фактографиялық әдістер, осы әдістердің қысқаша сипаттамалары 2-
кестеде келтірілген.
2-кесте.
Болжаудың фактографиялық әдістері.
№ Әдіс Әдістің қысқаша сипаттамасы
1 2 3
1 Авторегрессионды Талдауға және динамикалық қатардың
мәндерінің корреляциясын олардың
арасындағы уақытша интервалды қолдануға
негізделген стационарлы кездейсоқ
процестерінің болжау әдісі.
2 Үйлесімді таразылар Үйлесімді таразылар көмегімен осы сызықтың
нүктелерін аппроксимилденген сызық
кесінділерін өлшеу.
3 Аргументтерді топтық Бастапқы динамикалық қатардың бөлшектік
есептеу аппроксимациясының болжаушы қызметінің
түрлері немесе өлшемдері.
4 Интерполяциялар Болжау объектісінің дамуының шарттарын
(болжамдық) және шектеулерін есепке алу арқылы іске
асатын аппроксимирлі қызметті таңдау
болатын, математикалық интерполяциясы.
5 Тарихи аналогия Болжау объектісінің аналогиясы оның
дамыған табиғаты бойынша онымен бірдей
объектіні орнату және қолдану.
6 Математикалық аналогия Табиғаты әртүрлі объектілердің даму
процесінің математикалық сипатының
аналогиясын орнату.
7 Озық ақпарат Ғылыми-техникалық ақпараттың қасиеттерін
қолдану қоғамдық практикадағы
ғылыми-техникалық жетістіктерін іске
асырудан озық болу.
8 Патентті Өнер табуды (жаңалықты) және ашылуларды
бағалау (қабылданған критерийлер жүйесі
бойынша) және олардың динамикасын зерттеу.
9 Икемді құрылым қызметі Экстрополяциялық қызметті қолдану, оның
бойынша болжаулар түрі мен өлшемдері көптеген ықтимал
қызметтердің бастапқы динамикалық қатарын
ретроспективті талдау процесінде
таңдалады.
10 Жарияланымдық Болжау объектісі туралы жарияланымдарды
бағалау және оларды жариялаудың қозғалысын
зерттеу.
11 Регрессионды Ауыспалы – аргументтер мен болжанушы
ауыспалы-қызметтің жиынтығы арасында
тұрақты статистикалық байланыстарды талдау
және қолдану.
12 Санақтық Болжау объектісінің сипаттамаларының және
олардың санақтық өзара байланыстарының
динамикалық қатарларын құру және талдау.
13 Факторлы Факторлы санақтық талдау аппаратын немесе
оның түрлерін қолдану динамикасында объект
туралы ақпараттардың көпөлшемді аумақтарды
өлшеу.
14 Марков шынжырлары Болжау объектісінің бір жағдайдан басқаға
өту ықтималдығын талдау және қолдану.
15 Дәйектемелік-көрсеткішті Болжау объектісі туралы жарияланым
авторларын дәйектеу динамикасын бағалау
және талдау.
16 Экспоненциалды жұмсарту, Таразылардың және оның коэфиценттерінің
жұқалау(сглаживание). экспоненциалды азаюын қолдану арқылы
экстраполяциялық қызметті құру.
17 Экстраполяциялар Апроксимиляциялық қызметті таңдау болжау
объектісінің даму шарттары мен шектеулерін
есепке ала отырып математикалық
экстраполяцияда іске асады.
Болжаудың сараптық әдістері.
Сарапшы – болжау объектісіне қатысты бағалауды қалыптастыру үшін
тартылатын білікті маман. Сарапшы топ – белгілі бір ереже бойынша
қалыптасқан сарапшылар ұжымы. Болжамның міндетіне қатысты айтылатын
сарапшының немесе сарапшы топтың пайымы, пікірі сараптық бағалау деп
аталады; бірінші жағдайда жеке сараптық (болжамдық) бағалау, ал екіншіде
ұжымдық сараптық (болжамдық) бағалау термині қолданылады. Сарапшы
кәсіптік білім, интиуция және тәжірибе негізінде болжау объектісіне қатысты
сенімді, нақты бағалаулар жасау қабілеті оның құзырлылығын сипаттайды.
Соңғысы құзырлылық көрсеткіші деп аталатын сандық өлшемі бар. Сарапшы
тобына қатысты да әділ: сараптау тобының құзырлылығы – бұл сарапшының тұтас
пікіріне пара-пар болжау объектісіне қатысты сенімді, нақты бағалаулар
жасау қабілеті; сараптау тобының құзырлылығының сандық өлшемі топқа енетін
жеке сарапшылардың құзырлылық көрсеткіштерін жалпылау негізінде анықталады.
Болжаудың сараптық әдісі – сараптау ақпаратына негізделген болжау
әдісі. Сараптау әдісін теоретикалық аспектіде қолданудың құқыққа сай
екендігі әдістемелік дұрыс алынған сараптық пайымдаулар ғылымда қабылданған
екі критерийлер кез-келген жаңа білімнің сенімділігін қанағаттандыру арқылы
дәлелденеді.[3] 3-кестеде әлеуметтік-экономикалық болжамдарды жасау
кезінде қолданылатын негізгі сараптау әдістерінің атаулары және қысқаша
сипаттамалары берілген.
3-кесте
Болжаудың сараптау әдістері.
№ Әдіс Әдістің қысқаша сипаттамасы
1 2 3
1 Дельфилық Бірнеше турда сарапшыларға тәуелсіз, жасырын сұрақ
қою арқылы сараптау тобының келісілген бағалауын
анықтау, ол сарапшыларға алдыңғы турдың нәтижелерін
хабарлау қарастырылады.
2 Жеке сараптау Ақпарат көзі ретінде бір сарапшының бағалауын
бағалауы қолдану.
3 Интервью сұрақ-жауап сызбасы бойынша сарапшымен болжам
жасаушының әңгімесі негізделген сараптық бағалаудың
әдісі.
4 Идеялардың Белгілі бір ережелермен бекітілген нақты проблеманы
ұжымдық бірлесуібірлесіп шешу жолымен сарапшылардың шығармашылық
іс-әрекетін ынталандыруға негізделген:
1)Идеяларды бағалауға тыйым салу;
2)Бір баяндаудың уақытын шектеу;
3)Алдыңғы идеяны дамытушы сарапшының баяндауының
басымдығы;
4)Одан кейінгі кезеңдегі идеяларды бағалау;
5)Барлық идеяларды жүйелеу. Идеяларды ұжымдық
бірлесу әдісі негізінде идеялардың басқарылатын
бірлесу деструктивті салыстырылған бағалау,
ынталандырылған бақылау және т.б. әдістер.
5 Ұжымдық сараптауТопқа енетін сарапшылар шығарған тәуелсіз жеке
бағасы бағалауларды өңдеу арқылы сарапшы тобының
жалпыланған бағалауын айқындау.
6 Матрицалық Жеке аспектілердің байланыстарының сараптау
бағаларының матрицалық түсіндіру.
7 Морфологиялық Морфологиялық әдісті қолданатын болжаудың матрицалық
матрица әдісі.
8 Морфологиялық Болжау объектісінің құрылымын айқындау және оның
элементтерінің түрлі мәндерін, осы мәндердің кейінгі
үйлесімді нұсқаларын таңдау мен бағалау.
9 Болжамды Фонның түрлі болжамдарында болжау объектілерінің
сценарий құру жағдайының жүйелілігін орнату.
10 Эфристикалық Болжам үлгісінің эвристикалық амалдарымен логикалық
болжам талдауды қолдану арқылы сараптау бағалауларын іздеу
ағашын құру және кесу.
11 Сараптау Объекттің жеке аспектілері бойынша болжамдарды
комиссиялары сарапшы тобының бағалауына сай жасалған бүтін
құжатқа біріктіру.
Верификация әдістері.
Верификация, верифицируемдік принципінен шығатынындай – бұл
болжамдардың сенімдікті, дәлдікті және негіздеуді тексеру.
4-кесте.
Болжамдар верификациясының әдістері.
№ Верификация Оның қысқаша сипаттамасы
1 2 3
1 Инверсті Бұл мына жол арқылы болжамды верификациялау:
-болжамдық ретроспекция кезеңіндегі болжамдық үлгінің
адекваттылығын тексеру.
2 Консеквентті -алдын ала болжамдардан болжамды аналитикалық немесе
логикалық шығару.
3 Жанама -басқа жасаушылар алған болжамдармен салыстыру.
4 Қарсыласпен -болжам бойынша қарсыластың сыни ескертулерін жоққа
шығару.
5 Қайта сұрау - сарапшыларды сұрастыруды қолдану.
6 Тіке, тура - оны басқа әдіспен қайта жасау.
7 Қателіктерлі - болжамның ұдайы қателерінің көздерін табу және
есепке ала шығару.
отырып
8 Сарапшымен -Біліктілігі жоғары сарапшының бағалауларымен
салыстыру.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық сценариін жасау.
Макроэкономикалық сценарий жасаудың блок-сызбасы.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамын жасау объектісінің
дамуының макроэкономикалық сценариін құруды қарастырады. Сценарий болжаудың
барлық кезеңдерінде жасалады және жалпы түрде 5-кестеде көрсетілген
прцедуралар блогын қосқанда.
5-кесте
Макроэкономикалық сценарийді жасаудың блок-сызбасы.
№ Болжау кезеңдері Макроэкономикалық сценарий жасаумен байланысты
процедуралар.
1 2 3
1 Болжам алдындағы Теоретикалық және әдістемелік алғышарттарды
бағдар таңдау (пікірталассыз), сонымен бірге жұмысшы
гипотезасын таңдау.
2 Болжамға деген
тапсырманы жасау
3 Болжамдық Жүйеленген суреттеуді құрастыру.
ретроспекция
4 Болжамдық диагноз Математикалық аппаратты таңдау, даму
заңдылықтарын шығару.
5 Болжамдық Сценарийдің сандық сипаттамаларын алу,
проспекция қорытындыларды қиыстыру.
6 Болжам Қорытындылардың дәлдігін тексеру.
верификациясы
7 Болжамды түзеу
Сценариді жасау, қиыстыру
Верификациялық синтез негізінде
8 Болжамдар синтезі
Болжамдарды жасауда қолданатын бастапқы көрсеткіштер.
Әлеуметтік көрсеткіштер.
Адам дамуының көрсеткіші.
Негізгі әлеуметтік индикатор – адам дамуының көрсеткіші (АДК)
болып табылады – білім деңгейінің, кірістердің және өмір сүру ұзақтығының
көрсеткіштерінің орташа арифметикалығын білдіретін өмір деңгейінің
жалпылаушы көрсеткіші. АДК-ның жоғарғы көрсеткіштері бар (Ресей, Қытай және
Үндістаннан басқа) әлемнің бірнеше елдері берілген, максималды мыналар
болып табылады: а) АДК=0,960 (Канада); б) Өмір ұзақтығының күтілетін
индексі =0,91 (Жапония); в) Халықтың білім деңгейінің көрсеткіші = 0,99
(Канада); г) Шын ВВП-ның адам санына деген индексі = 0,99 (Австрия,
Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Канада, Нидерланды,
Норвегия, АҚШ, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Жапония)[4].
Адам дамуының көрсеткішін қалыптастырушы көрсеткіштер.
Өмір ұзақтығының көрсеткіші. Негізгі көрсеткіштері;
1) Халықтың үй жағдайлары: а) халықтың үймен орташа қамтылуы (жалпы
алаңның м тұрғынға); б) Үй сапасы (Мысалы, елдімекендерді су құбырымен
қамту деңгейі); в) Үй алуға есепте тұрған отбасы санының таза салмағы оның
ішінде жыл аяғындағы отбасы саны (пайызбен алғанда);
2) денсаулық қорғау: а) дәрігерлер және орташа медициналық персонал саны;
б) халыққа амбулаториялық жәрдем беруші дәрігерлік мекемелер саны және осы
мекемелердің қуаты; в) әйелдерге ақыл-кеңес беру орталықтарының және
балалар емханаларының саны; г) аурухана мекемелерінің саны; д) аурухана
орындарының, төсектерінің саны; е) төсек - орнының қорын мамандандыру
(терапевттік, онкологиялық және т.с.с. аурулар); ж) өндірістегі зақым
деңгейі; з) еңбекті қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға қатысты іс-шараларға
деген шығындар; и) кезеңдік медициналық бақылаудағы тұлғалар саны; к)
диспансерлік бақылауда тұрған адамдар саны; л) уақытша жұмысқа қабілетсіз
(жеке себептерге байланысты); м) халықтың ауру деңгейі: ішімдікке әуестік,
нашақорлық, қатерлі ісіктер; н) туризм мен демалысты дамыту (санаторийлер,
демалыс пен туризм мекемелерінің, жазғы сауықтыру лагерлерінің, адамдарға
арналған қонақүйлер саны; жолаушыларды туристік және саяхаттық таныстыру
сызығында тасымалдау; спорттық құрылыстар саны және сұлбасы);
3) халықтың азық-түлікті қолдану және тамақтың құндылығы;
4) қоғамдағы қылмыс жағдайы.
Халықтың білім деңгейінің көрсеткіші. Негізгі көрсеткіштер:
1) мектепке дейінгі мекемелер саны;
2) балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту;
3) мектепке дейінгі балалар саны;
4)мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды орынмен қамтамасыз ету;
5) білім беру мекемелерінің саны: а)кешкі орта білім беретін мектептер;
в)кәсіби – техникалық оқу орындары; г)мемлекеттік орташа арнайы оқу
орындары; д)мемлекеттік жоғарғы оқу орындары; е)басқа білім беру
мекемелері;
6) білім бері мекемелерінде оқитындар саны;
7) білім беру мекемелеріне абсолютті мәнмен; 10000 халық қабылдау;
8) мамандар шығару (абсолютті мән; 10000 халық).
Шын ВВП деңгейінің халық санына деген көрсеткіші. Негізгі
көрсеткіш – шын ВВП-ның көлемі.
Болжамның кең тараған эксперттік әдістері.
Коллективтік зерттеу әдістері – эксперттердің қойылған мәселені
талқылаудың нәтижесіне ортақ, жалпы көзқарасын білдіреді. Бұл әдістерге
келесілерді топтастыруға болады:
1) Жиналыс – ашық талқылау әдісі. (комиссия әдісі)
2) “Миға шабуылдау әдісі” немесе “миғаәсер ету әдісі”.
3) “Сот әдісі”.
4) Дельфи әдісі.
1) Комиссия әдісі – қаралып жатқан мәселе төңірегінде бірегей пікірді
қалыптастыру мақсатында жалпы талқылау (дискуссия) жүргізу. Бұл әдістің
қолданылуының мысалы ретінде – негізгі тауар нарығында әрдайым жүйелі
түрде жүргізіліп отыратын коньюктуралық жиналысты атап өтуге болады.
Қаралып жатқан мәселе анық және қысқа қалыптастырылған болуы қажет.
Мысалы әлемдік бағаларды қысқа мерзімді (коньюктуралық) болжамдауда
эксперттер үшін келесі мәселелер туындауы мүмкін: а) халықаралық
тауарлық келісім қорытындысы бойынша немесе экономиканы мемлекеттік
реттеу нәтижесінде, белгілі бір тауарға әлемдік бағаның кенеттен өсуінін
күтуге болады ма?, б) қазіргі таңда коньюктура максимум (немесе минимум)
деңгейде деп айтуға болады ма немесе келешекте керісінше жағдайды
күтуге болады ма?, в) белгілі бір дәстүрлі емес сатып алушының әлемдік
нарыққа енуі зерттеліп жатқан тауарларға әсері бар ма, болса қандай? –
деген сұрақтар туындайды.[5]
Коммисиялық әдісті қолдану – бұл қарастырылып отырған
мәселеге коллективтік пікірді қалыптастырады, жеке эксперттердің
субъективтілігі мен қайта алдын алуды болдырмайды.
Бірақ “комиссиялық әдіс” белгілі кемшіліктерге ие, бұл
әдісте беделді эксперттердің пікірі қабылданады да, қалған
тұлғалардың пікірі жасырын қалып, беделді эксперттердің пікірі
қабылданады. Әдетте мұндай жағдай екі-үш “мықты” тұлғалар арасында
болады да, қалған эксперттердің пікірі қалып қояды. Ал кейде
керісінше, алдын-ала айтылған көпшіліктің пікірінен аса алмай,
эксперт көпшілік пікіріне қосылуға мәжбүр болады., ал өз пікірі
жасырн қалады.
Комиссиялық әдістің кемшіліктерін жоюдың бір түрі – миға
шабуыл жасау (миға әсер ету әдісі б. т. ойдық генерациялық
коллективті әдіс және қойылған бағаға топтық қарау әдісі деп
аталады). Бұл әдістің ерекшелігі мәселені қарағанда айтылған
пікірге ешқандай сын немесе баға айтылмайды. Миға шабуыл жасау әдісі
негізгі екі мәселені шешу болып табылады: Олар 1) жаңа ойды
генераторлау, және ұсынылған идеяға анализ жасау мен бағалау. Осыған
сәйкесінше екі түрлі топ пайда болады: генераторлар тобы мен
аналитиктер тобы. Ойдың генераторлар тобы 5-15 адамнан немесе одан
да көп адамнан тұрады. Бұл топтың құрамындағы адамдар талқылайтын
мәселенің мамандары болуы міндетті емес, олар қойылған тапсырманы
түсінсе болғаны. Топтың мүшелері мәселені шешуде және жеке немесе
топтық қызығушылығы болиауы керек.
Миға шабуыл жасау әдісін қолданып жиналыс жүргізерде
гипотезаға негізделінеді. Сәйкесінше, мұндай жиналыс жасау
келесідегідей жүргізіледі: барлық қатысушының көңілін тек анық
табылып отырған мәселеге аудару, сонымен қатар кез-келген, егер оның
практикалық құндылығы күдікті идеяларға да мән беру керек, жалған
идея айтпау керек. Мұндай шарттар қатысушылардың талқылау жасауына
еркіндік береді. “Миға шабуыл жасау” жағдайы экспертиза
қатысушыларының шығмаршылық ойлау қабілетін дамытып, осыған орай
жаңа идеялардың туындауына алып келеді.
“Миға шабуыл жасауда” жүргізуші басқарып, еркін
шығармашының еркін ойды айтуды және сын болжауын қадағалайды. Сеанс
жүргізушінің алғы сөзімен ашылып, ол таралатын мәселемен таныстырып
және оның шешілу қажеттілігін айта отырып, жиналыс ережесін еске
түсіруі қажет. (Ол бұл ережені көрінетін жерге іліп қоюы қажет).
Жүргізуші содан кейін ойды ортаға салуды ұсынып, өзі бір- екі ой
айтады. Жүргізуші айтылған ойлар тобын жүйелеп, жиналыстың дұрыс
жүргізілуін қадағалап отырады. Егер жиналыстың жиналыстың мүшелері
шамадан көп болса, екі топқа бөледі.
Миға шабуыл жасау әдісі қазіргі кезде шешім қабылдау мен
оған талдау жасауда кеңінен қолданылады. Бұл ұйымда эксперт
жасағанда зерттеушілердің алдында кездесетіндігімен байланысты. Бұл
әдістің жетістікті болуы басқарушыға байланысты. Ол барлық
ережелердің орындалуын қадағала, дискуссияны жетілдіруі қажет.
Мұндай тұлғаны табу өте қиынға соғады.
Сот әдісі – бұл эксперттер коллективтері жұмысының
сотпроцесі ережелерімен сәйкес жүргізілуі. Бұл әдісті қолданғанда
екі түрлі көзқарасты эксперт топтарының болғанында өте тиімді
болады. “Ісі қаралушы “ болып талданатын мәселе табылады. Бұл
мәселенің дұрыс шешілуіне қызығушылық танытқан адамдар тобы сот пен
сот мүшесі ролін атқарады. Эксперттер тобының көзқарасына қарсы
шыққан көшбасшылар прокурор мен қорғау орнында болады. Күәгерлер
ролін әр түрлі фактілер, әдебиет көөздері, эксперимент нәтижелері
мен эксперттер атқарады. “Қорғау” өзінің идеясын қорғаса, “прокурор”
оны сынап, кінәләйді. Содан кейін сәйкесінше бұл екі жақ орындарын
ауыстыруы мүмкін. Ал “сот” талқылау жүргізіп және ақырғы шешім
қабылдайды.
Дельфи әдісі - өз ойын ежелгі грек қаласы Дельфи мен оның
ақылгөйлерінің болашақты болжау ерекшелігімен байланыстырылады. Ең
алғаш рет бұл әдіс әскери ғылыми-техникалық болашақтағы болжау
мақсатында РЭНД Корпорейшн зерттеу ұйымының ғалымдары О.Хеммер,
Н.Дольки және Т. Гордон қолдады. Дельфи әдісі топтық көзқарасты
қалыптастыруға ретімен жүретін процедуралар. Бұл әдіске тән
қасиеттер: 1) арнайы анкета арқылы алынған жауаптың анонимділігі. 2)
реттелінетін қайта байланыс, экспертизаның ұйымдастырушысымен
бірнеше турлы сауалнама. 3) топтық есеп статистикалық әдістің
көмегімен алынады. Бірнеше турлы сауалнама жүргізуде, жеке
тұлғалардың пікірін эксперттің пікіріне жақындату мүмкіндігі болады.
Мысалы, эксперттер басқа эксперттердің анонимді жауабымен таныстыру
арқылы, оның шешім қабылдауына әсе етуге болады.
Дельфи әдісінің негізінде келесідегідей мәселелер қамтылуы
қажет: 1) анкетада қойылған сұрақтарға сандармен жауап беру
мүмкіндігі, 2) баға беруде эксперттер жеткілікті деңгейде ақпаратпен
қамтылған болуы керек, 3) әр сұрақтың жауабы экспертпен негізделген
болуы керек.
Дельфи әдісі бойынша эксперттердің жұмысы келесі алгоритм
бойынша құрылуы керек: 1) тапсырманы қалыптастыру; 2) әр эксперттің
пікірінің ашылуы; 3) бар пікірді ашу; 4) жеке талқыланған пікірді
ашу; 5) эксперттер арасында келіспеушілік пікірлердің қалыптасуы; 6)
пікірлердің келіспеушілік себептерін анықтау; 7) эксперизаға
қатысушыәрбір экспертке экспертиза қорытындысы мен пікірлердің қайта
реттелінген нәтижесімен таныстыру; 8) әр эксперттің алғашқы
пікірінің талдауымен таныстыру, оның өзгеруі немесе сол күйінде
қалуы; 9) қалыптасқан пікірді ашу.
Әдетте екі-үш раунд жүргізу жалпы ортақ пікірді
қалыптастыруға жеткілікті саналады.
Әлеуметтік болжам - әлеуметтік теорияға көзқарас, онда
бірқатар тарихи тенденциялардың ықтимал жүзеге асуын нобайлап белгілеу
әрекеттері жасалады. Мұның классикалық мысалы Даниель Беллдің “The coming
of Post Industrial Society” (1973) атты еңбегі, онда “A Venture in Social
Forecasting” деген тақырыпша бар. Белл өзінің батыл ойларын жекелеген
әлеуметтік іс жағдайы жөнінде болжам айту ережелеріне белгілі бір пошым
беру әрекеттерінен бөліп қарайды. Ал әлеуметтік болжам тек ықтималдықты
нобайлауға тырысады және ол “заңдылық және оқиғалардың қайталап көрінуі”
бар жерде ғана немесе бағыты “статистикалық уақыт серия шеңберінде
анықталуы мүмкін” тенденциялар бар жерде немесе “олар тарихи тенденциялар
ретінде тұжырымдала алатын жерде”, “оқиғаларға ықпал ететін адамдар
тарапынан парасаттылықтың жоғары дәрежесін топшылауға болатын жерде” мүмкін
болады. Бұл шарттарға ілуде бір ғана қол жететіндіктен, деп мойындайды
Белл, әлеуметтік болжамдар көбінесе жасалатын қысымды дәлелдей түсумен
шектеледі, оның шеңберінде белгілі бір шешімдердің нәтижелерін болжау емес,
кейбір саяси шешімдерді ғана тиімді қабылдауға болады. [6]
Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы.
Әлеуметтік жұмыс біздің еліміз үшін салыстырмалы түрде ғылыми-
тәжірибелік іс-әрекеттің жаңа аймағы болып табылады және де оның көптеген
аспектілері теориялық жағдайда әлі де болса “даулы” мәселе күйінде қалуда.
Сондықтан да әлеуметтік жұмытың әдістерін анықтау, оның классификациясы
және мазмұнды сипаты үнемі ғалымдар мен практиктердің талқылау пәні болып
табылуы кездейсоқ емес.
Жалпы ғылыми мағынада әдіс – философиялық және ғылыми білім жүйесінің
негізделуі мен құрылу тәсілі, сонымен қатар болмыс, шындықты меңгерудің
теориялық және тәжірибелік операциялары мен амалдардың жиынтығы. өзінің
генетикалық тамырымен әдіс адамның практикалық қызметінен туындайды, оның
тәсілдері шындықтың зыңдарына тиесілі болуы керек. Таным барысында ойлау
әдісінің дамуы мен дифференциясы әдіс туралы ілімге - әдіснамаға алып
келді. Әдіснама – теориялық және тәжірибелік іс-әрекетті құру мен
ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі, сонымен қатар, осы жүйе
жайлы ілім.
Әдіснамалық ғылымның негізінде практикалық іс-әрекетті жүзеге
асырудың және білім алудың тәсілі ретінде көрінетін әдіс туралы ілім жатыр.
Әдіснамалық талдау объект туралы білім алу қалайша мүмкін, объект туралы
қорытындылардың негізділігі мен білімнің дұрыстығын қандай әдістер
қамтамасыз етеді, объектінің табиғатына білім алудың қанай поцедуралары
адекватты дегн сұрақтарға принципиалды жауаптар беруге негізделген.[7]
Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмысты әдіснама тұрғысынан үш көзқарас
тұрғысында қарастыруға болады:
1. Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде;
2. Әлеуметтік жұмыс практикалық іс-әрекет түрі ретінде;
3. Әлеуметтік жұмыс оқу пәні ретінде;
Әрине, әлеуметтік жұмыс әр аспектіде әртүрлі сапада көрінеді және
әртүрлі әдістер мен көзқарастар, бағыт- бағдарларды қолдануды талап етеді.
Егер әлеуметтік жұмыстың ғылми пән ретіндегі басты мақсаты - әлеуметтік
шындықты тану болса, онда ол практикалық іс-әрекет ретінде осы ақиқаттың
түрленуімен байланысты.
1.2. Болжамның категориялары
Ғылымдағы әдіснамалық талдау ғылымның объектісі мен пәнін белгілеуді,
түсінік категорияларының аппаратын және жалпы заңдылықтарды, зерттеуді
ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін анықтауды көрсетеді. Ғылымның
объектісі мен пәні зерттелінетін құбылыстардың шекарасын, нақты ғылымның
басқа ғылымдардың жүйесіндегі орнын анықтайды. Қандай да бір ғылымның
объектісі деп зерттеуіне беріліп отырған ғылым бағытталған ақиқаттың (
табиғи және әлеуметтік ) бір жағы үғындырылады. Сонымен қатар ешқандай
ғылым саласы өзінің объектісін түрлі себептерге байланысты толығымен
сипаттай алмайды. Осыған орай, көптеген нақты ғылымдар өзінің қарастыратын
сферасын шектеуге мәжбүр. Кез - келген ғылым объектіге ол қалыптасқан
дәстүрге қатысты бағыт - бағдарында шектеулі. Сондықтан ғылымның
объектісінен пәнді ажыратады. Ғылымда зерттеу объектісі қай қырынан
көрсетілген, соған орай, сол ғылымның пәні объектісінен ажыратылады. Ортақ
қабылданған пікір бойынша, әрбір ғылымның пәні - ол, таңдамалы түрде
алынған объективті қүбылыстың бір салада зерттелінуі.
Ғылымнын пәнін анықтау -сол ғылымның білім аймағында жеткен дәрежесіне
және әлеуметтік практикасының дамуымен байланысты. Егер обьект ғылымға
тэуелсіз пайда болса, ал пән сол ғылыммен бірге қалыптасып, сол ғылымның
категориялар жүйесінде тіркелінеді.
Осыған сэйкес, ғылымның объектісі мен пэнінің таңдалуы элеуметтік
жұмыстың теориясы мен практикасының мазмүнына әсерін тигізеді. Әлеуметтік
жүмыстың теориясы үшін оның нақты айқындалуына ықпалын тигізетін
бағыттардың әртүрлілігі тэн болып табылады.
В Словаре-справочнике по социальной работе ( 2000г )
отмечается:...Объектом исследования социальной работы является процесс
связей,взаимодействий способов и средств регуляции поведения социальных
групп и личностей в обществе. Предметом социальной работы как
самостоятельной науки являются закономерности, обусловливающие характер и
направленность развития социальных процессов в обществе.
Основы социальной работы ( 1999г ) [8] деген еңбекте көрсетілгендей:
Әлеуметтік жұмыстың объектісі - басқа адамның көмегіне мұқтаж адамдар,
қарттар, зейнеткерлер, мүгедектер, ауыр сырқаттар, балалар, ауыр өмірлік
жағдайға түскен адамдар, теріс жолға түскен жасөспірімдер және т.б. ..
Әлеуметтік жүмыстың объектісі мен пәні, бір жағынан, практикалық
әлеуметтік жүмыстың бағыттарымен негізделген, екінші жағынан, әлеуметтік
жүмыстың теориясы мен практикасының мазмүны мен шекарасына әсерін тигізеді.
Объект пен пән тұрғысынан алынған түрлі құрылымдарға қарамастан бұлар бір -
біріне үқсас. Қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмыс көмекке аса мұқтаж
адамдарға әлеуметтік көмек шегінен шығып, адам туралы теориялық білімді
игеріп, сол адамның әлеуметтік жағдайын түзеуге тырысады.
2. Ғылыми білім аясындагы әлеуметтік жұмыстың әдістері
Әлеуметтік жұмыста объектіні тану үшін қолданылатын объективті ғылыми
білімнің қалыптастыру әдісі басқа ғылымдарда қолданылатын тәріздес.
Ғылымда білім алу жолдарына қатаң қатынас бар. Олардың жеткілікті
қатал регламенттері бар. Алынған білім объективті ғылыми талаптарын
қанағаттандыру үшін, ғылымда әдістен тыс білім болмайды : егер қүбылысты
зерттейтін ғылымда эдіс болмаса, ол туралы ғылыми білімнің де болмағаны.
Қазіргі кездегі ғылыми әдістер жүйесінің көп түрлілігі, қоршаған
элемді зерттейтін білімдер жүйесІнің көптігіне байланысты болып отыр.
Осыған сәйкес классификацияның негізіне алынған әдістер зерттеудің
қасиетіне байланысты таңдалады. Олар: қолдану ортасы, қызметтің мазмүны мен
мінезі т.с.с. Әлеуметтік жұмыста әдістердің орны мен рөлі маңызды орын
алады, классификация бірлестік деңгейі әлеуметтік жүмыс теориясы мен
практикасының түріне байланысты. Осының негізінде әдістер жалпы (
философиялық ) әдіс, жалпы ғылыми жэне арнайы ғылыми әдістер деп бөліп
қарастырылады.
1. .Жалпылама немесе философиялық әдіс ~ субъектінің түрлі қызмет
түрлерінде дүниетанымдық және әдістемелік бағыттарының бірыңғайлылығымен
түсіндіріледі. Жалпылама әдістердің тарихи танымда екі түрі бар:
диалектикалық және метафизикалық. Бүл жалпы философиялық әдістер. 19
ғасырда метафизикалық әдіс диалектикалық әдіспен ығыстырыла бастайды.
Сонымен қатар әрбір құбылыс пен оқиғалар өзінің құрылуы мен дамуына
байланысты зерттелінеді.
2. Жалпы гылыми әдіс қызметтің көп саласында қолданылады. Сонымен қатар
әлеуметтік жұмыста да. Олар барынша кең тәртіп аралық спектрде қолданылады.
Жалпы ғылыми әдістердің классификациясы ғылыми таным деңгейімен тығыз
байланысты.
Ғылыми таным екі деңгейде: эмпирикалық жэне теориялық деп ажыратылады.
Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейі шын мәнінде бар, сезілетін
проблемаларды зерттеумен ерекшеленеді. Осы деңгейде түрлі бақылаулар мен
эксперименттер арқасында объект туралы ақпарат жинақталады. Барлық
қабылданған ақпараттарды кесте, графика, сызба түрінде жүйелейді. Ғылымда
жалпы ғылыми негізгі екі эмпирикалық әдістерді айқындау қабыданған :
бақылау жэне эксперимент.
Бақылау.
Ғылыми таным ақиқатты бейнелеудің тәсілі ретінде адам іс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz