Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе

1. Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз

ету

1. 1 Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы-құқықтық нормалар

1. 2 Мемлекеттін каржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері

1. 3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі каржы-құқықтық актілері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.

Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі - материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды.

Бұл жұмыста негізінен қаржы ұғымы мен негізгі атқарушы функциялары, мақсаты мен міндеті бейнеленген. Сондай-ақ қаржының басқа категориялармен өзара байланысы қарастырылған.

ІІ Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету

2. 1 Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы-құқықтық нормалар

Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл орайда қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.

Қаржы құқыгы - бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, болу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына соны-мен бірге валюта жоне сақтық заңнамасын, банк құқыгын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты белімдерді де қосады.

Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар - құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржы-күқықтық нормалардың императивтік (өмірлік, бүйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық, және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жа-сауға бағытталған қаржы қатынастары қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.

Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы-құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады (5. 1 сызбаны қараңыз) . Олардың қаты-сушылары субъективті заңи құқықтар мен міндеттіліктер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекетгің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады. Нормативтік-құқықтык, қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құқықтар мен міндеттіліктер кезінде болжанған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды белгіленген мақсаттар бойынша бөлу және пайдалану мемлекеттік қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл орайда мемлекеттік органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілгсн, қаржы құқықтық кдтынастарының басқа қатысушыларының - кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруга олардың құқы бар.

1 сызба. Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржы құқықтық механизмнің қалыптасуы

Нұсқамалардың мұндай түрі біріншілердің бағынышындағы мемлсксттік органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржы құқықтық қатынастарына ене отырып мемлекеттік органдардың ә мір ету құқығына ғана емес, сондай-ақ олардың қаржы қатынастарының басқа қатысушыларының құқықтарымен байланысты міндеттіліктері де болады. Қаржы құқықтық қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты міндеттіліктері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.

Мсмлексттік-өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субъективті іс-әреттердің нысандары мен әдістерінің көмегімен объективті қаржы құқықтық қатынастарын шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржы-құқықтық нормалар мен кесімдер оның тұтқалары ретіндс көрінеді. Сөйтіп қаржы және құқықтық нысандар мен әдістердің экономикалық процестерге қаржы-құқықтық ықпал етудің бірыңғай механизміне қосылуы болады.

Қаржы қатынастарының бір қатысушыларына мемлекет тарапынан болатын тиісті өкілеттіктер үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының мемлекеттік-өкіметтік нұсқамалары, сондай-ақ ұсыныстары, келісулері қаржы-құқықтық реттеудің әдістері болып табылады. Қаржылық міндеттемелердің орындалуы көбінесе азаматтар мен лауазымды адамдардың заңды сөзсіз орындауына және саналылығына негізделген сенім әдісімен қамтамасыз етілсді. Қаржылық міңдеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу одісі қолданылады: бюджсткс уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.

Санкциялар қаржы-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға ө сімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық, жұмсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және т. т. жатады.

Басқа жағынан қаржы қатынастарының субъектілерінс олардың құқықтарын әкімшілік сот тәртібімсн немесе мемлекеттің билеп-төстеуші органдарының - өкілдікті органдары мен жергілікті әкімшіліктердің қызметі процесінде қорғау мүмкіндігіне кепіл болады; олар ездерінің бақылауындағы құрылымдар актілерінің заңға сәйкес келмеген жағдайда бұза алады.

2. 2 Мемлекеттін каржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері

Мемлекеттік қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

Сол немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс-қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару (атқарушы-өкімші қызмет) түрінде жүзеге асырылады. Мемлексттің биліктің жоғары органы - Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекетгж биліктің жер-жердегі органдары - депутаттардың жиналысы - мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-өкімші қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті жерлерде - басшылар (әкімдер) және жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.

Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:

мемлекеттің іс-қимыл етуінің нақтылы кезендеріндегі оның міндеттеріне;

қаржы құқығы субъектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысавдарына;

мемлекет кірістсрінің көздеріне;

ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына;

мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістермен жүргізіледі.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдала-нылады:

1. Орталықтандырылған мемлекеттік қорларға: мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға сақтық және кредит қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары (әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар жатады) . Ерікті негіздерде жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекеттік қарыздар, ақшалай-заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар - депозитгер бойынша төлемдердің бір белігі жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттің ақша қаражатгарын бөлген кезде мына әдістерді ажыратады: қаржыландыру - қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру (несиелендіру) - қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.

3. Қаржы операциялары ксзінде ақша қаражаттарымен қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшамен есеп айырысу одістері қолданылады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорындармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдал анылады.

Сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекеттің қызметінің нысандары мен әдістері түрліше болып келеді (21. 2 болімді қараңыз) .

2. 3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі каржы-құқықтық актілері

Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің өкілетгікті шегінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану, оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржы қатынастарын реттейтін, сонымен бірге бүл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржы-құқықтық актілерді қабылдайды.

Қаржы-құқықтык, актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және зандық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметгің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық, актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.

Қаржылық қызметтің сол немесе өзге құқықтық нысандарын қолдану реттелінетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен, заңи акті ұзақ және тұрақты қаржы қатынастарын қамтып көрсетеді және оны Парламент бекітеді; қысқа қатынастар, мысалы республикалық бюджет тұралы заңды да елдің әлеуметтік-экономикалык өмірі үшін мұндай актінің мәнділігіне қарай осы орган бекітеді. Заңи емес қаржы нысандары ағымдағы қаржы қызметінде іс қылады; оларға мыналар жатады: қаржы және салық, органдарының аппаратында кеңестер өткізу, кәсіпорындардың қаржы службасына нұсқаулық, беру, бюджеттерді депутаттардың жиналысының бекітуіне әзірлеу кезіндегі комиссиялардың мәжіліс-терін өткізу және т. б.

Қаржы-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік жәнс жскс, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.

Нормативтіктерге біртекті қаржы қатынастарының тобын реттсйтін актілср жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етсді. Олар кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін, анықталған төлсмдерді ссептеудің тәртібін, төлемдердің тұрпатты нышандарын жәнс басқаларын белгілейді.

Жвке актілер құқық нормаларын белгілі бір төлеушіге немесе қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды.

Заңнамалык, актілер - бұл Парламент шығаратын зандар мен қаулылар, Республика Президентгерінің Жарлықтары.

Қосалқы актілер - бұл заңға негізделген және заңды орындауға қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының бұйрықтары, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджсттік жоспарлау министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттергс рұқсат етуі тұралы қарарлары және т. б.

Жоспарлы-қаржылық, актілердің қалғандарынан айырмашылығы сол олар өзара қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болады, яғни олар қаржы ресурстарын жұмылдыру, болу және пайдалану жөніндсгі жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджстте қаржыландыруда тұратын мемлекст мсксмслсрі шығындарының сметалары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем жүйелері ұғымы
Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы - құқықтық нормалар
Қаржылық құқық. Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету
Қаржы құқықтық қатынастары мен қаржы - құқықтық нормалар
Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Нарықтағы әлеуметтану
Қаржы жүйесінің ұғымы
Қаржылық қүқықтық нормалар және қаржылық қүқықтық қатынастар
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz