Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту



Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту.
Кіріспе бөлім:
Ойлау. Ойлау туралы жалпы ұғым.
Негізгі бөлім: Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын, ой.өрісін дамытудың маңызы мен міндеттері.

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының түрлеріне сипаттама.
а) Көрнекі .бейнелі ойлау.
ә) Логикалық ойлау.
б) Көрнекі іс.әрекет ойлау.

ІІ. Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамытудың мәні мен жолы.

ІІІ. Ойлау әрекетін қалыптастыруда үлкендердің тигізетін ықпалы.

Қорытынды бөлім:
Мектеп жасына дейінгі балаларға ойлау қабілетінің қажеттігі.
І. Адамның өз өмір тіршілігімен күнделікті іс - әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелермен күрделі істерді шешіп отыруына ортамызда бізге әлі беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көреміз. Соған орай біз дүниенің сыр сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді оларды айтып көрсетуді мақсат етеміз. Міне осындай мақсат мүдделерге жету жолында әр бір адам өзінің іс - әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады. Өйткені әлі шексіз, әлемдегі нәрселердің сырын құпиясын білу үшін ойлану толғануды қажет етеді. Мысалы: Оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып есептеледі. Сонымен ойлау дегеніміз, элементтік жағдай мен ұштасқан тілмен тығыз байланыста психикалық процесс. Бір сөзбен айтқанда ойлау -сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы ойына, ойлау адамның өмір тәжірибесімен практикалық іс-әрекеттер нәтижесінде пайда болып тікелей сезім процесінің шеңберінен асып түседі. Сыртта ауа -райын білу үшін мен үйден шығып білуім қажет, бұл айналадағы дүниені түйсікпен қабылдаулар арқылы, тікелей таңу жолы. Кейбір кезде біз сыртқа шықпай-ақ үйдің сыртына ілінген темометрді көріп-ақ ауа-райының қаншалықты жылы -суық екенін байқауымызға болады. Білудің мұндай түрін жанама түрде білу деп атаймыз. Білім алудың екінші жолы бұл неғұрлым күрделі бірақ оны алуға түйсіктермен қабылдаулар, заттар мен құбылыстар туралы дұрыс мәліметтер бере алмаған күнде мүмкіндік береді. Бір мысал келтірейік: Шыны стаканға ыстық су құямыз біз оны алдымен ыстық суды стакан сынып кетпесін деп аз -аздап құямыз. Осы нақты стаканның қалай боларын білмейміз бірақ ыстық құйғаннын стаканның сынатының талай рет көргенбіз. Стаканның сапасын / ыстыққа төзімсіздігің / мен барлық шыны стаканда болады деп қорытамыз.
1. К. Жарыкбаев Психология
2. А.П. Усова Балабақшада тәрбиелеу
3. В.С. Мухина Педагогикалық және жас ерекшеліг психологиясы
4. Т. Тәжібаев Жалпы психологиясы
5. Л.А. Венгер
В.С. Мухина Психология
6. Алдамуратов Жалпы психолгия
7. О.С. Багданова Адамгершілікке тәрбиелеу бағдарламасы
8. Ж. Аймауытов Психология
9. Жарыкбаев Жалпы психологиясы
10. Қазақтың мақал-мәтелдері.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Баланын өміріндегі барлық ерекшеліктері тек қана ойлау арқылы жүзеге
асады. Ата -ана қашанда өзінің нәрестесін тек қана жақсылықпен
өсуіне талпындырады.
Біздің болашағмыздағы ойлау мен даму бұл тек қана үлкендердің
көмегімен іске асады.

Н.Ә. Назарбаев 2030 жыл

Жоспар:

Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту.
Кіріспе бөлім:
Ойлау. Ойлау туралы жалпы ұғым.
Негізгі бөлім: Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын, ой-өрісін дамытудың
маңызы мен міндеттері.

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының түрлеріне сипаттама.
а) Көрнекі -бейнелі ойлау.
ә) Логикалық ойлау.
б) Көрнекі іс-әрекет ойлау.

ІІ. Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамытудың мәні мен жолы.

ІІІ. Ойлау әрекетін қалыптастыруда үлкендердің тигізетін ықпалы.

Қорытынды бөлім:
Мектеп жасына дейінгі балаларға ойлау қабілетінің қажеттігі.

І. Адамның өз өмір тіршілігімен күнделікті іс - әрекетінде әр
алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелермен
күрделі істерді шешіп отыруына ортамызда бізге әлі беймәлім
құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көреміз. Соған
орай біз дүниенің сыр сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың
өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді оларды айтып көрсетуді
мақсат етеміз. Міне осындай мақсат мүдделерге жету жолында әр бір
адам өзінің іс - әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз
қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады. Өйткені әлі шексіз,
әлемдегі нәрселердің сырын құпиясын білу үшін ойлану толғануды қажет
етеді. Мысалы: Оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын
болса, мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып есептеледі. Сонымен
ойлау дегеніміз, элементтік жағдай мен ұштасқан тілмен тығыз байланыста
психикалық процесс. Бір сөзбен айтқанда ойлау -сыртқы дүниедегі болмыстың
жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы ойына, ойлау
адамның өмір тәжірибесімен практикалық іс-әрекеттер нәтижесінде пайда болып
тікелей сезім процесінің шеңберінен асып түседі. Сыртта ауа -райын білу
үшін мен үйден шығып білуім қажет, бұл айналадағы дүниені түйсікпен
қабылдаулар арқылы, тікелей таңу жолы. Кейбір кезде біз сыртқа шықпай-ақ
үйдің сыртына ілінген темометрді көріп-ақ ауа-райының қаншалықты жылы -суық
екенін байқауымызға болады. Білудің мұндай түрін жанама түрде білу деп
атаймыз. Білім алудың екінші жолы бұл неғұрлым күрделі бірақ оны алуға
түйсіктермен қабылдаулар, заттар мен құбылыстар туралы дұрыс мәліметтер
бере алмаған күнде мүмкіндік береді. Бір мысал келтірейік: Шыны стаканға
ыстық су құямыз біз оны алдымен ыстық суды стакан сынып кетпесін деп аз
-аздап құямыз. Осы нақты стаканның қалай боларын білмейміз бірақ ыстық
құйғаннын стаканның сынатының талай рет көргенбіз. Стаканның сапасын
ыстыққа төзімсіздігің мен барлық шыны стаканда болады деп қорытамыз.
Бірақ күн ілгері ыстық болса, бөлшектеніп сыну, салқын
болса, бүтін күйінде сақталу қасиеттерін есте сақтамай қорыту мүмкін
емес. Сөйтіп фактілермен құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту жанама
түрде жүргізу байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы
қатынастарды анықтау, арқылы қол жететін таным процесі ойлау деп аталады.
Ойлаудың физиологиялық негіздері - үлкен мен сынарлы қыртысында
құраларын уақытылы нерв байланыстары. Бұл шартты рефлекстер екінші
сигналдардың әсерінен туады, екінші сигнал риалдық, шындықты бейнелейді,
бірақ сөзсіз екінші сигнал системасы негізінде пайда болады. Ойлау
процесінде сигнал системасының екеуіде бір-бірімен тығыз байланысты,
екінші сигнал системасының екеуінде қоршаған дүниеден хабардар болуы тиіс.
Егер сөздердің адамдар үшін реалдық маңызы, егер адам олар арқылы қандай
да бір нақты заттар мен құбылыстар мен арақатынас жасаса онда мұндай
сөздер шындықтың сигналдары болудан қалады.
Ойлаудың әлеуметтік тегі жоғары да айтылғандай біздің ой іс-
әрекетіміздің құралы болып табылатыны сөзбен тығыз байланысты. Адам ойлаған
кезде ол өзінің ойын атап отырған сияқты болады.
Кейде ол ішінен айтып отырған кең өрісті сөйлем формасында
жасалады, бірақ көбіне ой сөздермен сөйлемдермен қысқартылған
түйінделген түрінде қалыптастырылады. Сөйтіп біз бұл іштен айтуды әрқашан
байқай бермейміз. Ойлау жемісінің сабақтастығы оны кейінгі ұрпаққа білдіріп
отыру, сөз арқасында ғана мүмкіндік болады. Бұл тәжірибе беріліп отырмаса
адам ойы ғылымды техниканы және мәдениетті жасай алмаған болар еді. Ойлау
қорытындысының ауызша және жазбаша сөзбен баянды өтілуіне балаларға бұрын
қол жеткен білімді дайын күйінде бере отырып және оларды өз бетімен ой
әрекет жасауға ұмтылдырады сөйтіп ойдағыдай оқытуға мүмкіндік береді. Ой
әрекеті процесінде адамдарды ойлаудың әдістері немесе операциялары болады.
Кейбіреулерін қарастыратын болсақ мына кезекпен келуі мүмкін:
І. Анализ және синтез. Қандай да затты зерттеген кезде көбіне
оны біз әрбір бөліктерге бөлеміз сонан кейін олардың әрқайсысын
жеке қарастыруға болады, сонан соң бұл бөліктердің атқаратын қызметтері
айтылады. Бүтінді бөлшекке бөлудің мұндай әдісін анализ дейміз. Ал ой
еңбегі процесінде адамға ой операциясын жасауға тура келеді. Заттық жеке
бөліктен немесе элементтерін қосып біріктіруге де тура келеді. Егер
өсімдіктің жеке бөліктерін ойша бір бүтін етіп біріктермесек ол туралы
түсінік ала алмаймыз.
Жеке элементтерді немесе бөлімдерді бір бүтін етіп біріктіру
әдісін синтез дейміз.
Анализ бен синтез -ойлаудың аса маңызды әдістері. Ойлаудың көптеген
әдіс процестері оларды қолданады.
Адамның ой әрекеті, академик Павлов айтқандай аналитикалық
синтетикалық әрекет. Ойша анализ және синтез жасау заттармен практика
жүзінде істес болу нәтижесінде туды. Жаңғақты шағудың өзі, -деп жазды
Энгельс -анализдің басталуы, анализ бен синтез қарапайым ой
операцияларында творчествомен байланыста және күрделі ой процесінде де
қолданылады.
ІІ. Салыстыру - бұл заттар мен олардың жеке элементтерінің
белгілерінің арасындағы ұқсастықпен айырмашылықты белгілеу. ойлау
процесәнде салыстырудың маңызы зор. К.Д. Ушинскийдің айтқанындай: Барлық
ұғынудың барлық ойлаудың негізгі дүниедегінің бәрін біз тек салыстыру
арқылы білеміз деп есептеді.
ІІІ. Абстракция және нақтылау. ойлау процесінде көбінесе заттардың
бір қатар белгілеріне немесе сол заттардың өздеріне көңіл аударуға қандайда
бір белгісін немесе қасиетін бөліп алып қарауға тура келеді. Мысалы:
Біздің адамның көзіне жақсы көрінетін түс ретінде жасыл түс туралы айтып
жасыл түспен боялған нақты затты айтпауымызға болады. Немесе айталық:
күш санадан маңыздырақ -дейміз, бірақ нақты қай күш туралы әңгіме болып
отырғанын адамның күшімен жануардың, машинаның күші ме т.с. ол жағын
түсіндіріп жатпауымызға болады.
Заттарды бір қатар қасиеттерін ойша дерексіздендіріп қандайда
бір болса бір бізге керек қасиетін бөліп алып қарауда абстракциялау
деп атайды. Ал егер біз белгілі бір затты айтсақ немесе ол заттың нақты
белгісін атап көрсеткен мұнда нақтылау деп атқарады.
IV . Қорыту. Адамда қорыту яғни ортақ қасиеттері бар заттарды,
құбылыстарды ойша біріктіру нәтижесінде жасалады. Мысалы: метал
деген ұғымды ойлау бұл демек темірдің, болаттың, шойынның, мыстың т
.б. ортақ белгілерін бөліп алып қарап оларды біз қорыта айтылатын сөзге
металға біріктіру болып табылады.
Бірақ қорытуда әрқашан мәнді белгісі алына бермейді. А.М.
Горькийдің Қандайда болса таптың бір өкілінің патриоттық шамамен
дұрыс жасау үшін ол таптың жүздеген адамдарына өте жақсы үңіле қарау
қажет деген болатын. Ойлаудың негізгі формалары бір нәрсе туралы ойлағанда
әрқашанда ұғымға сүйеніп отырамыз.
Ұғым деген зат немесе құбылыс туралы оның жалпы сондай-ақ мәнді
қасиеттерін бейнелейтін ой. Егер мен жақтаулары бар төрт аяқты, бір
затты көрсем бұл заттың не үшін жасалғанын түсінемін, менде стол деген
ұғым туады. Ұғым заттың бейнесі болып табылатын елестен ерекше, өзім
тұратын үй жөніндегі түсінігінде мен нақ осы үйді барлық ерекшеліктерімен
ойша көріп тұрамын. Бірақ мен Үй адамның баспанасы деп ойлағанда
мен белгілі бір үйді айтпаймын. Кез келген үй жөнінде қорытылған ұғымды
пайдаланамын. Сонда ұғым елестен гөрі күштірек, кеңірек. Мысалы:
Біз мың бұрышы бар геометриялық фигураны көре алмаймыз бірақ мың бұрыш
деген ұғым бар, біз практикада мұндай фигураның болуы мүмкін
екендігін білеміз. Мысалы: Далада жаңбыр жауып тұр, бала столға
отырған жоқ деген ұғымдар.
Пікір дегеніміз -ойлау формасы, мұнда бір нәрсе мақұлданады не
теріске шығарылады, пікірде көбінесе ұғымның мазмұны ашылады. Психология
-адамның психикалық өмірінің заңы туралы ғылым. Бір немесе бірнеше
пікірлерден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы ой қорытындылары деп
аталады. Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивті болып бөлінеді.
Индукция деген -бұл пікір туғызу әдісі. Мысалы: 1 ,2, 3, 4, т.б. заттарды
суға салғанда соншалық жеңіл болатыны анықталғаннан кейін суға
салынған дененің қандай болса да өзі ығыстырып шығарған судың
салмағы қанша болса, сонша салмағын жоғалтады деген қорытынды
жасалады.
Дедуктивті ой қорытындылары немесе әдетте айтыларындай дедукция
денгеніміз -бұл пікір туғызу әдісі болып есептеледі. Мысалы:
Қандай дене біткеннің бәрі қызса үлкендігін білгеннен кейін темір
жол рельстері де ыстық уақытта біраз қызарады деген қорытынды жасауға
болады. Қатаң логикалық ойлаудың айқын мысалы геометриядағы теорема
дәлелдері және белгілері алдағы ережелерге негізделген бірі екіншісінен
сөзсіз туып отыратын басқа қорытындылар белгілі. Ойды байқау және
эксперимент әдістері мен зерттеуге болады. Адам қалайша ойлайды ұғымдар
қандай жолмен жасалады. Міне осылардың қай-қайсысын зерттеуге болады.
Мәселен жазушының, ғалымның шығармашылығын, сөз өрнегін суреттушілер мен
сәулетшілердің ой түйінділерін зерттеу барысында көптеген мағлұматтар
алуға болады. Әрбір ұғымның маңызын талқылау арқылы белгіленіп отырады.
Талқылаусыз заттардың байланысын, қатынасын ешуақытта ашуға болмайды. Адам
талқылау арқылы ғана бір ұғымға келеді. Талқылау әр кезде ой әрекеті болып
табылады. Талқылау үшін адам фактілерді, заттарды бір-бірімен салыстырып
оларды бөлшектеп не болмаса біріне қосып оларды абстракцияға айналдырып не
болмаса нақтыландырып бір-бірінің ұқсастығын айырмашылықтарын белгілеп
отыруы тиіс.

ІІ. Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен өсуін жеті жасқа толу
мерзімімен ұштастыра отырып зерттелетіні мәлім. Баланың ойлау әрекеті үнемі
дамып мазмұны жағынан өрістеп отырады. Сәбилік шақта баланың ойлауын
дамытудың негізі қаланатынын өзіміз білеміз. Балалар сыртқы бағдарлау іс-
әрекетімен заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар
орнатуды талап ететін мәселелерді шешуден бейнелерді пайдалана отырып
қарапайым ойлау іс-әрекеттердің көмегімен ойша шешуге көшеді. Мектепке
дейінгі балалардың ой қызметіні мынада: Олардың білімі мен заттар мен
құбылыстардың өзара қатынасы мен байланысын білуден емес, айналадағы болмыс
обьектілеріне қызығудан туындайды. Тәрбиеші балаларды заттар мен
құбылыстарға тек қана қызықтырып қоймайды, сонымен қатар ой өрісін
кеңейту тілін жетілдіру арқылы олардың ойлауын да дамытады. Бірақ мұның
бәрі өте аз. Ойлау процесі барысында дамитындығын ұмытуға болмайды және
логикалық сын көзбен қарай отырып, ойлауға үйрету қажет. Басқаша айтқанда
ойлаудың көрнекі бейнелі формасы қалыптасады.
Сәбилік шақтың аяғында бала заттар мен бейнелерді өзге заттардың
белгілері, баламалары ретінде қолдануын игере бастаған кезде сана
-сезімінің белгілі функциясын игерудің бастамасы жататынын білеміз.
Мектепке дейінгі балалардың ой қызметінің ерекшеліктері мынада: Олардың
білімі мен заттар мен құбылыстардың өзара қатынасы мен байланысын білуден
емес айналадағы болмыс обьектілеріне қызығудан басталады. Тәрбиеші
балаларды заттар мен құбылыстарды қоршаған ортаға тек қана қызықтырып
қоймай, сонымен қатар балалардың ой-өрісін кеңейту тілін жетілдіру арқылы
ойлауын дамытады. Мектепке дейінгі балалардың ой қызметінің ерекшеліктері
өзара қатынасымен байланысын білуден емес, айналадағы болмыс
обьектілеріне қызығудан басталады. Мектепке дейінгі балалық шақта
заттардың, құбылыстардың іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар
қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан
міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда,
құрастыруда, жапсыруда, еңбек және оқу тапсырмаларын орындауда бала үйреніп
алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қоймайды, жаңа нәтижелер ала
отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді.
Балалар саздың ылғалдық дәрежесі мен оның бейімдігін, құрылым
формасы мен оның орнықтылығын доптың соққан күшпен оның еденнен жоғары
секіру күшінің дәрежесі арасындағы т.б. байланыстарды табады және
пайдаланады.
Дамып отыратын ойлау балаларға өздерінің іс-әрекеттерінің нәтижелерін
алдын -ала көріп, жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ойлаудың әуестілігі, танымдыө ынталары дамыған сайын. Балалар
өздерінің практикалық іс-әрекеттерінен шығатын міндеттерді аумағынан
аспайтын, қоршаған дүниені тану үшін кеңірек пайдаланады.
Бала алдына танымдық міндеттер қоя бастайды, байқалған құбылыстарға
түсінік іздестіреді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған
мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі,
құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып қортындылар жасайды. Балалар
өз тәжірибелерімен байланысы жоқ құбылыстар жөнінде, олар туралы
үлкендердің әңгімелерінде де өздері оқып берген кітаптардан да пікірлесу
мүмкіндігін алады. Мысалы: Әділет өзінің үлкен ағысының қағазды орап алып
үрлегенін көріп, соны бұл да қайталап жасайды, эксперимент барысында Әділет
өзінің қолының дірілдегенін байқайды. Бұл экспериментті басқа да өздерінің
жолдастарына жасауды ұсынады. Әрине балалардың пайымдауларын әрқашан
қатесіз болып шыға бермейді. Бұған олардың білімі мен тәжірибесі жетпейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің ойда жоқ жасалған жерлерден
теңеулермен және қорытындылармен үлкендердің күлкісін келтіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалар заттардың ең қарапайым көзге анық
көрінетін байлаыстары мен қатынастарын ажыратудан біртіндеп анағұрлым
күрделі және байланыстықтарын түсіне білуге көшеді. Осындай байланыстардың
басты түрінің бірі -себептер мен салдар қатынасы. Мектепке дейінгі түрлі
жастағылар өздерінің көз алдында өтіп жатқан құбылыстардың себептерін қалай
анықтайтынын үш жасар балалар затқа тиетін белгілі бір себептердің
табатындығын көрсетеді.
Ал мектепке дейінгі төрт жастағы балалар заттардың себептері
заттардың өздерінің қасиеттерімен байланыстылығын түсіне бастайды. Мектепке
дейінгі ересек балалар заттардың көзге бірден шалынатын -ерекшеліктерін
ғана емес, олардың тұрақты қасиеттерін де көрсете бастайды. Қайсібірі
құбылыстардың қалай өтетіндігін бақылаулар заттар мен іс-әрекет жасаудың
өзіндік тәжірибесі мектепке дейінгі ересектерге құбылыстар себептері
жөніндегі ұғымдары, нақтылауға пайымдау арқылы сол себепті дұрысырақ
түсіндіруге мүмкіндік береді.
Эксперименттердің бірінде мектепке дейінгі ересектерге түрлі
заттардың бірінен соң бірін көрсетіп, қалқитыны немесе бататыны суға
тастағанда айта білу керек. Тәрбиешіт балаға ашқышты көрсетіп тастағанда,
ол бататындығын атап көрсетті, өйткені ол темірден жасалған. Ал енді ағашты
көрсетіп суға тастағанда, бала оның суға батпайтыны белгілі екендігін
көрсетті, өйткені ол ағаш, немесе жеңіл жеген мағынада. Ал ендігі кезек
экспернимент қалбырмен жасалынады, бірақ мұны бала батады деп тұжырымдады,
себебі ол темірден жасалған деген болатын, бірақ ол қалбыр қаңылтырдан
жасалғандықтан темір болғанмен де суға батпайтынын тәрбиеші балаларға айтып
түсіндіру қажет, өйткені қалбыр іші қуыс немесе бос, сондықтан қалбыр
батпайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық,
физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді қолдана білуді
талап ететін біраз күрделі міндеттерді шеше білу дами бастайды. Мысалы:
алты жасар балалар мына міндетті толық қанағаттандырарлықтай дәрежеде шеше
алады.
Орманда екі аңшы келе жатты, күн батып бара жатқан сәт еді, ауылға
дейін әлі алыс болғандықтан екі аңшы орман ішіне түнемекші болды. Олар
қарды таптап, баспана жасай бастады. Осы сәтте аңшылар шай ішкісі келе дағы
су алуға еш жер таба алмайды. Дегенмен екінші аңшы өзінің тапқырлығымен су
тауып келетіндігін айтып қолына шәйнекті ұстап кете барады. Балаларға
мыңадай сұрақ қойылады, қайдан аңшы су әкелуі мүмкін, өйткені еш жақын
жерде не ауыл, не су жоқ болатын. Мұндай жағдайда балалар бұл шешімді
қалай табу керек.
Баланың ойлауына түсінікті міндеттер аумағын кеңейте түсуі оның
барған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын дамыту жолдары
Туристік қызметтің негізгі статистикалық көрсеткіштері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Пәндер