Қоңыр балдырлар (Phacophyta) типіі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І Кіріспе

Қоңыр балдырлар (Phacophyta) типі.

ІІ Негізгі бөлім

А) Изогенераттылар (Kogeneratae) класы

Б) Гетерогенераторлар (Heterogenerate) класы

В) Циклоспорылар (Cуclosporeal) классы

ІІІ Қорытынды

Қоңыр балдырлардың филогенезі

Пайдаланылған әдебиеттер


БАЛДЫРЛАР (Рһаеорһуtа) ТИПІ

Бұлар теңіздің жиегінде не түбінде субстратка ризоидтары арқылы бекініп тіршілік ететін күрделі құрылысты өсімдіктер өзінің атына байланысты хлорофилдің а және с пигменттерінен басқа, қоңыр түс беріп тұратын фукоксантин (С 40 Н 56 О 6 ) және қосымша каротиннің (С 40 Н 56 ) қызыл сары, ксантофилдің (С 40 Н 56 О 2 ) сары пигменттері болады. Осы пигменттердің орайласып келуше байланысты, бұлардың түсі қоңыр жасылдан қара қоңыр, кейде қара түске дейін езгереді. Бұлардың көбісінің анатомиялық құрылысы, жасыл балдырларға қарағанда, әлдеқайда күрделі. Балдырлардың бұл типіне жіп тәрізді, дихотомиялық бұтактанатын лента тәрізді, пластинка пішінді болып келетін қарапайым түрлерімен бірге талломдарының құрылысы балдырлардың басқа типтерінікіне қарағанда өте курделі болып, «сабақ», «жапырақ» тәрізді бөліктерден тұрады. Күрделі құрылысты қоңыр балдырлардың талломдары қарапайым түрдегі ассимиляциялаушы, қор жинаушы, механикалык және өткізгіш тканьдерге бөлінген. Талломдардың мөлшері бірнеше сантиметрден ондаған метрге (20-60 м) жетеді. Бұлар - бір жылдық не көп жылдық өсімдіктер.

Қоқыр балдырдың клеткасы целлюлозды қабықпен қапталған, оның сыртында пектинді заттар болады да клетка қабығы кілегейленіп тұрады. Бұл өсімдікті толқынның соғуынан және су қайту кезінде кеуіп қалудан сақтайды. Протоплазмасында бір ядросы, көптеген дән сияқты хроматофоралары болады, пиреноидтары болмайды. Қор заты ретінде крахмалдың орнына жай қант, көпшілігінде суда еритін полисахарид - ламинарин, кейде май жиналады. Өсімдіктің көлемінің өсуі кейбіреулерінде бір не бірнеше төбе клетка, яғни өсу нүктесінің ұшындағы клеткалар арқылы болса, екінші біреулерінде талломның негізінен, яғни интеркалярлық өсу байқалады.

Талломы кездейсоқ жағдайларда жұлынып кетуі арқылы да вегетативтік көбейеді. Сондай-ақ бір клеткалы кейде көп клеткалы зооспорангиядан пайда болатын зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Зооспора алмұрт пішінді оның бір немесе бірнеше хроматофорасы, қызыл қодыр көзшесі, тең емес екі талшығы және ядросы болады. Талшығының ұзыны алға, қысқасы артқа қарай бағытталған. Кейбір түрлері зооспоралар арқылы көбеюдің орнына қозғалмайтын моноспоралар не тетраспоралармен көбейеді.

Қарапайым түрлері изогамиялы, ал күрделі құрылысты түрлері гетерогамия және оогамия арқылы жынысты жолмен көбейеді. Изо және гетерогаметалар көлденеңінен және ұзынынан белінген көп клеткалы гаметангияда түзіледі. Ал, антеридий мен оогонийлары бір клеткалы болады.

Қоңыр балдырлардың фукустан басқа түрлерінде ұрпақ ауысуы бар. Жыныссыз ұрпақ ауысуда, яғни спорафиттің зооспорангиясында редукциялық белінуден кейін зооспоралар түзіледі. Зооспорадан дара не қос жынысты гаплоидты (гаметофитті) есімдік дамиды. Гаметалар ұрықтанғаннан кейін зиготадан тыныштық фазасын өткізбей-ақ бірден жыныссыз диплоидты спорофит дамиды. Фукуста жыныссыз кебею болмағандықтан, барлық тіршілік кезеңі диплоидты болады да, алдында редукциялық бөліну болатындықтан, тек жыныс клеткалары сперматозоид пен жұмыртқа клетка ғана гаплоидты болады.

Қоңыр балдырлардың 1500-дей түрі бар, оларды ұрпақ ауысуына қарай 3 класқа бөледі: изогенераттылар, екі ұрпақ та көлемі жағынан бір-біріне шамалас. Гетерогенераттылар жыныссыз ұрпақ жынысты ұрпаққа қарағанда ірі келеді. Ал циклоспоралыларда - ұрпақ ауысуы болмайды, гаметалары гаплоидты.

1. ИЗОГЕНЕРАТТЫЛАР КЛАСЫ.

Бұл класқа жататын көпшілік балдырлардың спорофиті мен гаметофитінің үлкендігі және пішіні жағынан бірдей, тек кейбіреулерінің пішіні жағынан ғана айырмасы болады. Бұлардың екеуі де микроскопиялық құрылысты. Жынысты көбеюі изогомиялы, гетерогамиялы немесе оогамиялы. Бұл класс 5 қатарға бөлінеді. Көп тараған өкілі ретінде эктокарпусты қарастыруға болады.

Эктокарпус - талломы кладофораға ұқсаған, тарамдалған жіп иішінді, бірқатар клеткалардан құралған кішкене бұта тәрізді балдыр. Тарамдалған жіптердің ұшы ұзарып түссіз көп клеткалы түкке айналып кетеді. Бұтақтың түп жағындағы бөлінетін қысқа клеткалары арқылы интеркалярлық түрде талломы ұзарып өседі. Эктокарпус қысқа жанама бұтақтың ұшында пайда болатың бір клеткалы зооспорангияларда редукциялық бөлінуден кейін түзілетін зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Зооспоралар жалаңаш бүйрек не алмұрт пішінді дене түрінде зооспорангия қабығының жыртылуынан сыртқа шығады. Аз уақыт қозғалып жүріп, кейін талшығын тастап қабыққа оранады да, жаңа гаплоидты особьқа айналады, алайда ол сыртқы пішіні жағынан зооспорангия пайда болған өсімдікке ұқсас болады, Мұның бүйірлік қысқа бұтақтарынан көп клеткалы гаметангия түзіледі. Гаметангияда көптеген изогаметалар дамып жетіледі де сыртқа шығады. Гаметалары көлемі жағынан бәрі бірдей болады. Гаметалардың біреулері тоқтайды да қалғандары оны айналып жүреді; айналып жүрген гаметаның біреуі тоқтаған жұмыртқаны ұрықтандырады. Сондықтан айналып жүрген гамета аталық, ал тоқтаған гамета аналық деп қаралады. Зигота қабықпен қапталып тоқтаусыз өсіп, зооспорангия дамитын диплоидты особьты береді. Сөйтіп, мұнда ульва балдыры сияқты» спорофит сыртқы құрылысы жағынан гаметафитке ұқсас келеді. Сфацелярия балдыры сыртқы құрылысы және изоморфты ұрпақ ауысуы жағынан эктокарпусқа ұқсас, бірақ оның жіптері көлденең және ұзынынан перделерге бөлінген, сонымен бірге талломы ірі төбе клеткаларының бөлінуі арқылы өседі.

Диктиота - Қара теңізде, Атлант мұхитында көп тараған изоморфты ұрпақ ауысуы бар балдыр. Талломы жалпақ, дихотомиялы бұтақтанған, ризоиды аркылы субстратқа бекінетін, спорофиті мен гаметофитінің сыртқы пішінінде айырмашылығы болмайтын балдырлар. Әрбір жалпақ бұтаның ұшында төбе клеткасы болады, осы клетканың ұзынынан және көлденеңінен бөлінуіне байланысты, таллом ұшынан екі жаққа бірдей өседі.

Диктиота екі үйлі өсімдік. Спорофитте өсетін қозғалмайтын тетраспорангия арқылы жыныссыз көбейеді. Тетраспорангия таллом ның жоғарғы жағындағы клеткадан ірі шар пішінді болып шоқтанып өседі. Оның ішінде редукдиялық бөлінуден соң 4 жалаңаш гаплоидты тетраспора құралады. Одан құрылысы жағынан алғашқы өсімдіктен ешқандай айырмашылығы жоқ жаңа гаплоидты аталық және аналық өсімдік өседі. Бірақ енді бұл өсімдіктен жыныс органының элементтері, яғни жыныс клеткалары дамиды. Гаметофиттің бір особьтарынан көп мөлшерде сперматозоидтары бар антеридийлер, екінші біреулерінен жұмыртқа клеткасы бар бір клеткалы оогонийлер дамиды. Ұрықтанудың нәтижесінде пайда болған зиғота тыныштық кезеңін өтпей-ақ тоқтаусыз өсіп, жаңа өсімдікке айналады. Бұл өсімдік тетраспора дамитын сгюрофит болып есептеледі. Сонымен мұнда сыртқы морфологиялық құрылысы жағынан бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ тек физиологиялық, цитологиялық айырмашылығы бар жынысты және жыныссыз ұрпақ ауысу байқалады. Жынысты ұрпақ гаметофит - гаплоидты, ал гаметалардың ұрықтануынан пайда болған зигота, одан өскен жаңа өсімдік яғни жыныссыз ұрпақ - спорофит диплоидты болады. Спорофиттің беткі клеткаларынан ірі шар тәріздес тетраспорангия паида болады да онда редукциялық бөлінуден кейін қозғалмайтын қабықсыз 4 гаплоидты тетраспора түзіледі. Тетраспора дамуында редукциялы жолмен бөлініп, жынысты гаплоидты өсімдік береді. Даму циклы мұндай өсімдікке Қара теңізде жаздың екінші жартысында өсетін желпеуіш пішіндес сарғыш сұрғылт түсті болып келетін падина жатады. Оның гаметофиті - бір үйлі.

2. ГЕТЕРОГЕНЕРАТТЫЛАР КЛАСЫ.

Бұл кластың даму циклында күрделі құрылысты ірі спорофит, микроскопиялық құрылысы бар кішкентай жіп тәрізді гаметофитпен ауысып отырады. Жыныс процесі изогамия немесе оогамия түрінде болады. Гетерогенераттылар класы 5 қатарға, 19 тұқымдасқа бөлінеді. Бұлардың ішінде көп тараған түрі және шаруашылықта аса маңыздысы - ламинария.

Ламинария - күрделі құрылысты өте ірі, ұзындығы 60 метрге дейін жететін өсімдік. Бұл біздің солтүстіктегі Ақ теңіз және Баренц теңізінде көп тараған. Ламннарияның талломы саусақ салалы, лента пішінді үзын сабақты жапырақ тақтасы сияқты және цилиндр пішінді қысқа сабақ тәрізді бөліктен тұрады. Қысқа сабақтан көптеп тарамдалып шығатын ризоидтары арқылы субстратқа бекінеді. Ламинария - көп жылдық өсімдік, бір-ақ жапырақ тақтасы сияқты бөлігі қысқа қарай (солтүстік жақта) жылда түсіп, оның орнын жапырақ пен сабақтың шекарасындағы меристема клеткаларының өсуінен құралған пластинка тәрізді жаңа жапырақ тақтасы алмастырып отырады. Жапырақ тақтасының бетінде гаплоидты зооспоралары бар бір ұялы зооспорангиялар жетіледі. Әрбір зооспорангияда редукциялы жолмен бөлінуден соң 16-дан 64-ке дейін зооспоралар құралады. Зооспоралардан микроскопиялы өте кішкентай жіп тәрізді аталық және аналық гаметофиттер немесе өскіндер өседі. Аталық гаметофиттен бір-бірден сперматозоид дамитын антеридийлер өседі. Антеридийлік өскінге қарағанда, ірірек клеткалардан тұратын өскіннің оогонийінде бір-бірден жұмыртқа клетка дамиды. Жұмыртқа ұрықтанғаннан кейін, тыныштық кезеңінен өтпей-ақ диплоидты зиготадан ірі спорофит - ламинария өседі. Сонымен ламинарияда папортниктерге ұқсас ұрпақ ауысу барлығы байқалады. Мұнда ірі диплоидты спорофит (ламинария) микроскопиялық мөлшерлі гаплоидты ғаметофитпен ауысып отырады. Жыныссыз генерация жынысты генерацияға қарағанда әлдеқайда үлкен және басым келеді. Әрі қарай дамуда спорофиттің күрделене түскенін, ал гаметофиттің біртіндеп жойылып бара жатқанын көруге болады.

Лесония- «сабағының» биіктігі 4 метрге, диаметрі 60 сантиметрге дейін жететін балдыр. «Сабақтьщ» жоғарғы жағы кеп тармақталып ландет пішінді жапырақтармен аяқталады (1 түсті таблица, 2) . Макроцистис 10-20 м тереңдікте өседі (1 түсті таблица, 3) . Иілгіш жіңішке сабағы 50-60 метрге дейін жетеді. «Сабақтың» бір жағында «жапырақ» тақталары болады. Әрбір «жапырақ» тақтасының түбінде ауа толып тұратын кеңістігі болғандықтан, ол судың бетінде қалқып тұрады.

3. ЦИКЛОСПОРАЛЫЛАР (Сусіозрогеае) КЛАСЫ

Циклоспоралылар класында ұрпақ ауысу болмайды, тек ядро фазаларының алмасуы ғана байқалады. Бұл класқа жататын балдырдың бәрі диплоидты, тек жыныс элементтері - гаметалар ғана гаплоидты. Жыныссыз жолмен көбеймейді. Циклоспоралылар класына 1 қатар, 7 тұқымдас жатады. Бұл кластың Балтық және басқа солтүстік теңіздерде көп тараған өкілі - фукус. Оның талломы жалпақ дихотомиялы бұтақтанған, ұзындығы 0, 5 метрге жететін пластинкадан тұрады, талломның төменгі жағының пішіні сабақ тәрізді болып жұмырлау келген. Сабақ төменгі ұшындағы жалпақ түбірлерімен су астындағы тастарға жабысып өседі. Жапырақ тәрізді талломның ортасынан жуандау келген орталық жүйке өтеді. Талломның жапырақ тәрізді жалпақ бөлігі өз ара матасып жатқан көп клеткалы жіптерден құралады. Бұл қабаттың ішінде борпылдақ, сыртында хроматофораға бай тығыз ткань құрайды. Талломы тарамдалған бұтақтың ұшындағы ойықтарда болатын төбе клеткалары арқылы өседі.

Фукус жыныссыз жолмен кебеймейді. Оогамиялы жолмен жынысты көбейеді. Ересек талломның ұшынан ашық қызғылт сары түсті буылтықтар пайда болады, бұлардан сыртқа қарай бір ғана тесік арқылы ашылатын шар пішінді қуыс - скафидия еседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Pascal тіліндегі айнымалылар типі
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Балдырларға жалпы сипаттама
Теңіз балдырлары
Диатомды балдырлар
Көк-жасыл, қоңыр және жасыл балдырлар
Төменгі сатыдағы өсімдіктер туралы
Балдырлар — төменгі сатыдағы су өсімдіктері
Диатомды балдырлар (Dіatomeae)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz