Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері


мазмұны

Кіріспе . . . . 2

1. Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері …. . . . . 4

1. 1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері………. 4

1. 2 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану. Кәмелетке толмағандардың соттылығы, оны жою мен алып тастау……… . . . 27

2. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың алдын алудың қылмыстық-құқықтық тәсілдері . . . . . . 34

  1. Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстылығының алдын алу проблемалары және оларды жетілдіру жолдары . . . 34
  2. Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстылығымен күресу саясатының ерекшелігі және оның алдын алудың қылмыстық-құқықтық тәсілдер жүйесі . . . . . 40

2. 3 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жауаптылықтың құқықтық реттеудің ерекшеліктері . . . . 47

Қорытынды. . 64

Қолданылған әдебиеттер . . . . . . 67

Кіріспе

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалау мәселелеріне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өз алдына жеке тарау алынған. Бұл жағдай алдымен кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы қылмыстылықтың құрамдас бөлігі ретіндегі айтарлықтай өзіндік ерекшелігімен дәйіктелген.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасы туралы мәселелер арнайы, бірінші рет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тарауларының бірінді орын алған, яғни ол әділеттілік қағидаларына сәйкес 1990 жылғы 15 қазанда БҰҰ Бас ассамблеясының келісімімен мақұлданған және күшіне енген «Балалардың құқықтары» туралы Конвенциясымен сәйкестендірілген.

Соған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары көрсетілген /1/.

Бұл ерекшеліктер жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық тұрғыда өсіп жетілуінің өзгешіліктеріне: әлеуметтендірілу деңгейінің жеткіліксіздігіне, психозикалық, жас жағынан және әлеуметтік кемелденуіне, адамгершілік құндылықтары жөніндегі одағай түсініктеріне, мінез-құлқының өзіндік қасиеттеріне (жылдам ашуланғыштық, қызбалық), «формальды емес жетекшілердің» әсерінен тезберілуі, үлкендерге еріп кетуі және т. б., тәуелді болып келеді.

Кәмелетке толмағандардың арасында жасалатын қылмыстардың көбісі пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-зорлық пиғылдармен жасалатын ауыр қылмыстардың үлесі өте жоғары. Ондай қылмыстарға көбіне аса қатыгездік пен тағылықтың (вандализм) сипаттары тән болып келеді. Мұндай қылмыстардың көпшілігі қоса қатысу (көбінесе бірге орындаушылық түрінде), әсіресе топқа қатысу (жартысынан жуығы) түрінде жасалады, ал мұның өзі жасөспірімдердің психологиясының өзіндік ерекшеліктеріне орайлас келеді. Жобамен алғанда олар жасаған үш қылмыстың біреуі ересектермен қосарласып келеді.

Жұмыстың мақсаты: Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күресу шараларын жүйелеу және кәмелетке толмағандар жөнінде қылмыстық нормаларды жетілдіру, зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз (2007 жылғы 21 мамырға дейінгі өзгертулер мен толықтырулармен) Алматы, «ЮРИСТ» баспасы -2009.

Жұмыстың міндеттері: Қойылған мақсатқа жету жолында мына аталған міндеттерді шешу жоспарланады:

- Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күресуін зерттеу объектісі ретінде зерделеу, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жекелеген түрлерін ажыратып алу;

- Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының қазіргі кездегі жай- күйі, өсуі, құрылымы, қозғалысын анықтау;

- Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының себептері мен оның шарттарын қарастыру;

- Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу шараларын жүйелеу және осы бағыттағы субъектілердің қызметтерін анықтау.

Құрылысы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1. Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері.

1. 1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері.

Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамалары қылмыстық құқық субъектісі ретіндегі кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғауды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етеді. Қылмыстық жауаптылық пен жазаның заңдық шегін анықтауда олардың жас ерекшеліктері қатаң ескеріледі.

Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының әлеуметтік-психологиялық тұрғысы қалыптасып келе жатқан тұлға өз дамуының қай кезеңінде қылмыстық заң тұрғысынан алғанда жауаптылықтың осындай нысанын атқару қабілетіне ие бола алатындығын анықтауды ұйғарады. Психология тұрғысынан алғанда қылмыстық жауаптылық тұлғаның ойлау санасының белгілі бір деңгейін, психологиялық пісіп-жетілгенін көрсетеді және сондықтан жауапты тұлғаны тәрбиелеудің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қылмыстық жауаптылық - қылмыстық құқықтың қылмыс, жаза, қылмыс құрамы сияқты ең маңызды ұғымдарымен тығыз байланысқан неігізгі ұғымдарының бірі. Қылмыстық жауаптылық заңдық жауаптылықтың бір түрі болып табылады және сондықтан соған тән белгілердің барлығына ие болады, сонымен бірге өзінің мынадай ерекшеліктері бар: қылмыстық жауаптылық қылмыс жасағаны үшін ғана қолданылады; мұндай жауаптылық сотпен мемлекет атынан жүктеледі; тәртіп бойынша ол жаза немесе өзге де қылмыстық құқықтық сипаттағы шараларды қолданумен қосталады. Қылмыстық жауаптылық ұғымының нақты анықтамасы заңнамаларда жоқ. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауаптылықтың негіздемесі жайында ғана айтылады (ҚР ҚК 3-бабы) : /2/ қылмыс жасау, яғни Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Е. Қайыржанов, қылмыстық жауаптылық - бұл адамның жасаған әрекеті үшін қылмыстық құқық нормаларына негізделген нормалармен жауап беру міндеті ғана емес, ол сонымен бірге мемлекеттің кәніліге еріксіз ықпал ету құқығы, деп деп санайды /3/.

Қылмыстық жауаптылықты жазалаумен бірдей теңдестіруге болмайды. Бұл ұғымдар бір біріне жақын болғанымен бірдей емес. Қылмыстық жауаптылық көбінесе жаза тағайындалғаннан кейін тоқталады. Қылмыстық

2. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 2009 жылдың 10 сәуіріне дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. - Алматы: Жеті жарғы, 2009. - 5 б.

3. Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть) . - Алматы, 1998. 35-бет.

жауаптылық жазалудың алғышарттары болып табылады, бірақ ол жаза тағайындамайынша болмайды, мысалы, жазасыз айыптау үкімін шығару/4/.

Бұрынғы 1959 жылғы Казақ КСР Қылмыстық кодексіне қарағанда 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасы арнайы бөлімды қарастырылады (VІ-бөлім) . Ондағы нормалардың бәрі де БҰҰ Бас Ассамблеясымен мақұлданған және 1990 жылдың 15-қазанында күшіне енген «Бала құқығы туралың Конвенцияда көрсетілген адамгершілік пен әділеттілік қағидаларына сай келеді.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселелерді қарастыра отырып, оның өткен тарихына шолу жасамай өтуге болмайды. Қылмыстық-құқықтық шаралардың қолданылуына тереңірек баға беру үшін, «көне заман мен орта ғасырдан бастап адамзат өмірінің бірнеше дәуірініңң кезеңдерін қарастырып өту керек сияқты:

- сол кездегі заң мәселесінде адам өмірінің ерекше қорғалатын кезеңі балалық шақ ұғымына ешқандай құқықтық мән берілмеді;

- сол кездегі құқықтық актілерден балалар мен жас өспірімдерді сотта, түрмелерде солардан босатылғаннан кейін қорғаудың арнайы заң ережелерін көре алмағандықтан, көне замандағы, ортағасырлық және «ертең капитализм құқықтары бала-қылмыскерлерді дербес демографиялық топ ретінде қарастырмады деп ұйғаруға болады;

- тиісінше заң мен соттың кәмелетке толмағандарға деген қаталдығы, егер олар заңға қайшы қылық жасаған болса, құқықтық жағдайы ересектермен теңестірілді. Қазіргі заманғы заңгерлер үшін ересектермен бірдей жаза қолдануы 9 жасар бала мен ересектерге күштірек әсер ететіндігіне назар аударған болар едің.

Император Юстианның дигестінде «25 жасқа толмаған адамдар туралың деген тақырыппен берілген 4-титул бар (төртінші кітабында) . Титулдің 1-тармағында рим заңгері, претория префектісі Доминиция Ульпианның (шамамен 170-228 жылдары өмір сүрген) айтқандары бар. Нағыз әділеттің жолымен жүре отырып, претор балғындарға қорған бола білді, осы жастағылардың мінезі орнықсыз әрі мықты болмағандықтан, олардың көбісінің алдаудың шырмауына түсіп қалу мүмкіндігін ескере отырып эдикт белгіледі, осы эдикт бойынша ол оларға көметесуге және алдаудан сақтап қалуға уәде берді. Бәлкім, Ульпианның балғындарға, егер олар қасақаналықпен құқық бұзатын болса көмек көрсетуге болар ма еді деген сұраққа берген жауабы біздің осы заманғы түсінігімізге жақындау дәйексөз болып та қалар. «Құқық бұзушылықта, - деп жауап береді Ульпиан, - кәмелетке толмағандарға көмекке келу дұрыс емес, және мұндай көмектің

4. Рахметов с. М., Кулмхамбетова Б. А. Нурымбетов А. А. Наказание. - Алматы: жеті жарғы, 2002. - 58 б.

көрсетілмейтінін де мойындау керек. Өйткені, егер ол ұрлық жасап немеесе заңға қайшы шыған келтірілген болса оған ешқандай жеіңлдік жасалмауы тиіс.

12 кесте Заңында (б. д. д. 451-450 жылдардағы көне рим құқығының негізгі қайнар-көзі) алғаш рет жазаны кешіру қағидасы тұжырымдалды. Ол ең бастысы кәмелетке толмағандарға арналды және осы заңның мазмұнын тұсіндірген одан кейінгі кейбір еңбектерде ол кәмелетке толмағандарға негізделген кешірім ретінде тұжырымдалды.

12 кесте Заңында төмендегі келесідей екі шарт болғанда жаза тағайындау туралы әңгіме қозғалды:

1) адам өзі жасаған қылмыстық әрекетін сипатын түсінбегенде;

2) қылмыстық әрекеттің өзі аяғына дейін жеткізілмегенде.

Бұл қағида көп уақыт бойы рим құқығын қабылдаған елдерде кеңінен таралып келді. Мысалы, француз заңгерлері оның Францияда және басқа да романдық елдердегі өмір сүруін 12 кесте Заңынан бастап 1789 жылғы Ұлы француз революциясына дейін санайды.

12 кесте Заңы бойынша қасақаналықпен жасалған қылмыс есесі толтырылмайтын әрекет болып саналды, ол үшін қашанда жаза тиісті болды. Алайда, сана-сезімі пісіп-жетілмеген деп танылған кәмелетке толмағандар үшін жазаны жеіңлдетуге жол берілді.

Балалар мен жас өспірімдерді арнайы құқықтық қорғаудың жоқтығы «Шваб айнасың (12-ғасырдағы герман заңдарының жинағы), «Каролинаң (Король Карл-V-нің қылмыстық-сот ережелері жинағы) сияқты белгілі тарихи-құқықтық ескеркіштерге де тән болды. Дегенмен оларда жазаға кешірім жасау орын таба білсе де, заңдардың өзінде бұл қағиданы айналып өту жөнінде ескертулер болды. «Каролинаныңң GLХХІХ бабында балғындығына байланысты «көрінеу ақыл-есінен айырылып қалатынң қылмыскерлер турасында айтылды. Осындай адамдарға қатысты жаза қолдану кезінде «мұндай жағдайда не істеу керектігі және жаза қолданудың қажеттігі жөнінде білгір адамдардан ақыл-кеңес сұрауң жөнінде айтылған. Осы «білгір адамдарң жазалау немесе жазаламау жөнінде шешім қабылдайтын болған. Сондай-ақ, заң бойынша 14 жасқа дейін өлім жазасы қолданымайтындықтан осы ережеде кәмелетке толмаған қылмыскерге өлімі жазасын қолданудың жайы көрсетілген. Дегенмен, бұл ережелерде жасалған қылмыстың ауыртпалығын ескеруге байланысты қарама-қайшылықтар да болмай қоймады (кей жағдайда 14-жасқа дейін өлімі жазасын қолдану да мүмкін болды) .

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында сотта және қылмысты атқару

5. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран / под ред. З. М. Черниловского. - М., 1984. 43-53-беттер

6. Мельникова ЭБ. Ювенальная юстиция. - М., 1999. 28-31-беттер.

7 Каролина. Уголовно-судебное уложение Карла 5. - Алматы, 1967. 114-115-беттер.

кезінде балалар мен жас өспірімдерді арнайы қорғаудың жоқтығы туралы

мәліметтік деректер де пайда бола бастады. Ағылшын заңгері П. Кинг 1762-1782 жылдар аралығындағы Англиядағы қылмыстылықты зерттеп, түрмелердегі жасы кіші балалардың құқықтық қорғансыздығының шектен шыққандығын анықтады. Сотталған балалардың көп бөлігін 10-13 жас аралығындағы ер балалар мен қыз балалар құраған екен. Олардың бәрі де ересек сотталғандармен бірге орналастырылған.

Осы сияқты көптеген жағдайлардың бәрі кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерінің жалғаса түсуіне себепкер болды. Мәселен, Англия мен Уэльс корольдік түрме инспекторлары 1836 жылғы баяндамаларында, бала түрмеге қылмыс үшін емес, өзінің жасы бойынша түседі, ал одан шыққанда сол қылықтардың жасалу жолдарын үйреніп шығады шығалды деген екен.

Түрмелерді зерттеуші Джон Хорвард өзінің «Түрмелер мемлекетің деген еңбегінде (1776 ж. ) балалар мен жас өспірімдердің құқықсыз жағдайларын сот алдында ересектермен бірдей есептелуінің салдары деп атап көрсетті.

Сөйтіп, көне дәуір мен ортағасырлық уақыттарда әлемдік өркениетте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық проблемалары - олардың ескерілген құқықтық жағдайлары - сол кездегі көптеген зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды, бірақта бұл проблемаларды шешу мүмкіндігіне қол жеткізіле алмады.

Көне зиялы заңнамалар ескерткіштерінде қылмыстық жауаптылыққа жас шамасының ықпалы туралы ешқандайда қаулы-қарарлар жоқ. Ол жөнінде 1679 жылғы заңдар жинағы да ештеңе айтпайды. Тек қана «Қалалық заңдарданң ережелерінен «егер жеті жастағы ересек бала кісі өлтірсе, ол өлім үшін кінәланбайдың деген жаңа нұсқаулы бап енгізілді. Бұл қаулы толығымен жат елдің құқығынан алынған. Қанша дегенмен мәселені шешуге қатысты, - Н. С. Таганцевтің пікірінше, - айқындық байқалмады. Ол заңдарда еркек пен еркектәң жыныстық қатынасы үшін жауаптылық 12 жастан бастап қарастырылса, шіркеулік заңдарда ол 14 жастар бастап қарастырылды.

Мұндай қорытындалар істің шын мәнісін ашып көрсете елмады және қылмыскердің жасына байланысты сипаттамаларды анықсыздау түсіндірді.

Қатерліктер діни және зайырлы қылмыстық-құқық теорияларының арақатынасын онша тереңдетілмеген жолмен анықталады. Ортағасырлық құқықта айқын жеке логика жеткілікті болды.

Жас шамасы жөніндегі мәселе зиялы емес діни көзқараста болды. Адам тұлғасы құдайдың жаратқан дүниесі ретінде қарастырылып, белгіленген заң бойынша дамыды, ал мемлекеттік өкіметтің өздерінің қарауы бойынша жауаптылықтың жас шамасына қатысты шегін белгілеуге хақысы болмады. Осыдан кейін мынадай заңды түрдегі қорытынды шығады, зайырлы заңнамалардың жас шамасына деген назары XVІІ-ғасырдың екінші жартысында ауа бастағаны байқалады.

Қылмыс күнә ретінде қарастырылатын болғандықтан, жасағаны үшін жауаптылық күнәһар болу қабілетіне қарай анықталатын болды. Оның шегі жеті жас болды. XVІ ғасырдың басында шетелдік С. Герберштейннің Ресей туралы хроникасында: «сол кезден бастап адам күнәһарлық жасайды деп, жеті жасар балаларға қатыстылық телінедің, деп көрсетілді.

Қарап отырсақ, С. Герберштейн жеті жас шамасымен әйелдердің тазалық (адалдық) шегін де анықтайды.

Осындай құбылыстардың христиандық ағымдары еуропалық елдердегі мәселелерді де осыған ұқсас көзқарастармен анықтады. А. Кистяковский, Англияда жеті жас шамасында ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесу ұзақ уақыт қолданылып келгенін айтады. Византияның заңдары мен неміс кодекстері бойынша жеті жастағыларға өлім жазасы қолданылған. Осындай пікірлерді криминалист А. Богдановский де ұстана отырып, 7 жастан бастап ми құрлысының дамуында сапалы өзгерістер болады және бұл жас Еуропа заңнамаларында өте орнықты, деп санады. /8/ Орыстың заң тәжірибесінде балаларды бұдан да кіші жаста өмірден айыру болғаны белгілі, бұл тергеусіз сот немесе соттан тыс зорлық-зомбылық жолымен, ешқандай соттың үкімінсіз-ақ жүзеге асырылатын болды. Жеті жастан кем жастағы болған баланы жазалауға тыйым салатын Бағыттаушы кітаптың тура нұсқауларының негізінде қылмыстық жауапқа тартудың ең төменгі шегі жеті жас болып саналды.

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктері XІX ғасырдағы ресейлік заңнамалардан да байқалды. 1845 жылғы қылмыстық жазалау және атқару туралы Ережелерінде осы жауаптылыққа оның 142-150-баптары арналды. Негізінен бұл баптарда кәмелетке толмаған жас шамасына қарай жазаның ауыр түрін жеңілірек түріне ауыстыру қарастырылды. Мәселен, осы ереженің 148-бабына сәйкес, 14-тен 21-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар абайсызда жасаған қылмысы үшін ата-анасы мен асыраушысының қадағалауымен өз үйіндегі түзеу жазасына тартылатын болды.

1864 жылғы әлемдік судьялармен салынатын жазалар туралы Жарғының 6-бабы әлемдік судьяларға 10 мен 17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың түрмеде өтеу жазаларын түзеу баспаналарында өтеуге ауыстыру құқығы берілді.

Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының кейбір ерекшеліктері 1903 жылғы Қылмыстық ережелердің 41-бабында қарастырылды. Мәселен, осы баптың 1-тармағында «өзінің жасаған

әрекетінің қасиеті мен мәнін ұғына алмаған немесе өз қылықтарын басқара алмаған 10 мен 17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетіне айып тағылмайдың, деп көрсетілді. /9/

8. Российские законодательство Х-ХХ веков. Судебная реформа. Т. 8. - М., 1991. 395-бет.

Октябрь төңкерісінен кейін көп кешікпей Кеңес өкіметі: 1918 жылдың 14-қаңтарындағы ХКК (халық комиссарлары кеңесі) Декретінде қолдау тапқан: «Балалар үшін сот пен түрме жоқ!ң деген ұран көтерді. Бұл декрет балиғатқа толмағандар мен кәмелетке толмағандар үшін сот пен түрмені жоюды жария етті. Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған 17 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ісі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жататын болды.

Әйтседе, 20 жылдардың аяқ шеніне дейін кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылылығы туралы заңнамалар бірнеше рет өзгеріске ұшырады, солай бола тұрсада қылмыстық жаза арасынан мәжбүрлеу және тәрбиелеу шаралары бұрынғысынша басымдылыққа ие болып қалды.

Қазақтың кәдімгі заңы бойынша 15 жасқа дейінгі жасы толмаған қылмыскерлер сотқа тартылмайтын болған. Осы жайында С. Л. Фукс былай деп жазады, «15 жасқа дейінгі балаларды қылмыстық жауаптылықтан толығымен босату, олардың кісі өлтіріп немесе ұрлық жасағанынан әлдеқайда артық емес пе. Қылмыс деп өзінің әрекетіне есеп беруге қабілетсіздігімен емес, көптеген жағдайда жаза деп саналатын айып төлей алмау қабілетсіздігі түсіндіріледі. Он бес жаста отау иесі атанып, қазақтың осы жастағы баласы әке бола бастауға тиіс болған. Енді сот алдында жас бала емес, меншік иесі, өзінің қылмысы үшін жауап бере алатын, қазақ құқығы тұрғысынан алғанда қылмыстық жауапқа тартуға болатын аптал азамат тұрадың.

Қазақтардың кәдімгі қылмыстық құқық нормаларын әсерлілігін сол кездегі Қазақстан жерінде қолданысқа енгізілген РКФСР-дің 1922 жылғы Қылмыстық кодексінің өзгертулеру мен толықтыруларынан көруге болады. Қазақстан Орталық атқару комитетінің ІІІ-сессиясы бұрынғы көшпелі халықтың әлеуметтік өмір жағдайын, ауыл еңбекшілерінің құқықтық сана-сезім деңгейін ескерк отырып кәмелетке толмаған қазақтарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ерекше жағдайын белгіледі. Әсіресе, қылмыстық жаза балиғатқа толмағандарға (14 жасқа дейін) қолданылмады, ал кәмелетке толмағандарға 14 тен 18 жасқа дейінгі қазақтар, ал басқа ұлттардың 14 тен 16-ға дейінгі жас аралығындағы өкілдері жатты. /10/ Қазақстан жерінде 34 жыл бойы қолданыста болып келген 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық кодексі қылмыстық жауаптылық жасын былайша анықтады: «медициналық-педагогиклық сипаттағы әлеуметтік қорғау шаралары қолданылатын он төрт

жасқа дейінгі балиғатқа толмағандарға қатысты соттық-түзеу сипатындағы

әлеуметтік қорғау шаралары қолданылмайдың.

Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қатысты соттық-түзеу сипатындағы әлеуметтік қорғау шараларын қолдану,

9. Российские законодательство Х-ХХ веков. Законодательство эпохи бржуазно-демократической революции. Т. 9. - М., 1994. 284-бет.

10. Еркин Абиль. История государства и права Казахстана: курс лекции. Астана: ИКФ «Фолиант», 2002. - 56 с.

кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия медициналық-педагогиклық сипаттағы әлеуметтік қорғау шараларын қолдану мүмкін деп тапқанда ғана қолданылатын болды (1926 жылғы РКФСР ҚК 12-бабы) .

Дегенмен, КСРО ОАК және ХКК 1935 жылғы 5-сәуірдегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күресу шаралары туралың қаулысымен 1924 жылғы КСР Одағы мен одақтас республикалардың қылмыстық заңнамаларының Негізгі бастауларының кәмелетке толмағандарға медициналаық-педогогикалық сипаттағы шара қолдануға құқық беретін 8-бабы алынып тасталып, 12 жастан бастап ұрлық жасауға, күш көрсетуге, денеге жарақат салуға, біреуді жарымжан етуге, кісі өлтіруге және кісі өлтіруге ұмтылған әрекеттері әшкереленген кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жазалау шараларының барлық түрін қолдану белгіленді. КСРО ОАК және БКП(б) ОК 1935 жылғы 31-мамырдағы «Балалар жетімдігі мен қадағалаусыздығын жою шаралары туралың қаулысы қабылданып, онымен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия жойылды. Аталған актілерде сол кездегі үстемдікке ие болған қылмыстылықпен күрестің әмбебеп құралдары ретіндегі мәжбүрлеу туралы қате көзқарас көрініс тауып қалыптаса бастады.

Соғыстан кейінгі жылдары кәмелетке толмағандарға қатысты алғаш рет тәрбиелік шаралар кеңінен қолданыла бастады. Мәселен, КСРО Жоғарғы соты Пленумының 1948 жылғы 17-ақпанындағы «Кәмелетке толмағандарға қатысты 1947 жылғы 4-маусымдағы Жарлықты қолдану туралың қаулысымен сот органдарына 12 мен 16 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың болмашы мөлшерде ұрлық жасаған жағдайында қылмыстық жаза тағайындау орынсыз деп табылғанда қылмыстық іс жүргізу тәртібімен істі тоқтату және айыпталушыны еңбекпен түзеу колониясына жіберу туралы мәселені талқылауға салу ұсынылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың құқықтары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы
Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Қазақстандағы балалар құқығы
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz