Қазақстан жерінің зерттелу тарихы



I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

А) Қазақстан жері туралы қарапайым, атаулар тізімі түріндегі
деректердің жинақталуы.

Ә) Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі географиялық
зерттеулер.

В) Ресей империясының боданы кезінде Қазақстан табиғатының
отарлау мақсатында тереңдете зерттелуі.

Г) Қазақстан табиғатының кеңес дәуірінде жан.жақты зерттелуі.

III. Қорытынды бөлім
Қазақстан жерінің зерттеу тарихы өте ұзақ және әріден, адам баласы мәдениеті дамуының ежелгі кезеңінен басталады. Мұның басты екі себебі бар. Біріншіден қазақ жері Еуразияның орта тұсында – Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасаған жолдарының торабында орналасқан. Солтүстік Орал тауларымен, ал оңтүстігінде Арал, Каспий су айдындарымен шектелген жалпақ дала өңірін бойлап халықтардың талай ұлы көштері өткендігін тарихтан білеміз. Дені шығыстан батысқа қарай бағытталған бұл ұлы көші-қон Еуропаның, соның ішінде әсіресе Ресейдің тағдырына үлкен ықпал жасағаны белгілі. Қазақ жері талай ғасыр әлемдік маңызы бар құрлық керуен жолдарының үстінде жатты. Тағы осы кең «қақпа» арқылы батыс пен шығыс елдері бір-бірімен елшілік қарым-қатынас жүргізіп отырды.
Екіншіден, кең-байтақ даланы қоныстанған көшпенді ел тауар өткізетін қолайлы аймақ, ал оның жер байлығы арзан шикізат көзі ретінде әруақытта көрші назарын өзіне аударды.
Түрлі кезеңдерде Қазақстан жерін зерттеудің сипаты мен ерекшеліктері зерттеу жүргізген елдің әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне тығыз байланысты болды. Сондықтан Қазақстанды географиялық зерттеу тарихын дәуірлеу ең алдымен жалпы тарихи дәуірлерге бөлуге негізделді. Сонымен бірге әр кезеңдегі зерттеу сипатының ерекшеліктері де есепке алынды. Осы негізде Қазақстан табиғатын зерттеу тарихи төрт дәуірге бөлуге болады.
I-дәуір Ежелгі заманнан XVIII ғ. 30-жылдарға дейінгі аралықты қамтиды.
Бұл кезеңде арнайы географиялық ғылыми-зерттеул жұмыстары жүргізілмеген, тек табиғат нысандары жайында үзік-үзік қарапайым деректер саудагерлер мен елшілердің кездейсоқ саяхаттары нәтижесінде жинақталған. Осыған орай Қазақстан табиғаты және оны жайлаған халықтар туралы алғашқы жазба деректер ежелгі Грек және Рим ғалымдарының еңбектерінде-ақ кездесе бастайды. Мәселен, Геродот(б.з.б. V ғ.) Каспий теңізінің тұйық алап екендігін, одан шығысқа қарай созылып кететін кең байтақ жазықты массагеттер мекендейтінін баяндайды. Сонымен қатар ол өз еңбегңнде тұңғыш рет Волга (Оар) және Жайық (Лик) өзендері туралы көмескі мағлұматтар келтіреді. Грек ғалымы бұл деректерді Қара теңіз маңына барып қайтқан саяхатының скифтерден естіген әңгімелерінен алған. Әрине, тікелей өз көзімен көрмегендіктен саяхатшылардың әңгңмелерінде шындық пен болжам араласып жүруі заңды құбылыс.
1. Ә.Бірмағанбетов «Қазақстанның физикалық географиясы» Алматы 2004 ж.

2. Өтемағамбетов М.М. «Қазақстанның физикалық географиясы» Алматы 1978 ж.


3. Бірмағамбетов Ә.Б. «Қазақстанның физикалық географиясы бойынша әдістемелік нұсқаулар» Алматы 1992 ж.

4. Бірмағамбетов Ә.Б. «Қазақстанның табиғатын зерттеудің негізгі кезеңдері» Алматы 2001 ж.


5. Гвоздицкий Н.А., Николаев В.М. «Қазақстанның физикалық географиясы» Алматы 1979 ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министірлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

География кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: "Қазақстан жерінің зерттелу тарихы"

Орындаған: Аманбаева Н.Ж.
Тексерген: Жарбосова Л.

2006
Жоспар:

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

А) Қазақстан жері туралы қарапайым, атаулар тізімі түріндегі
деректердің жинақталуы.

Ә) Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі географиялық
зерттеулер.

В) Ресей империясының боданы кезінде Қазақстан табиғатының
отарлау мақсатында тереңдете зерттелуі.

Г) Қазақстан табиғатының кеңес дәуірінде жан-жақты зерттелуі.

III. Қорытынды бөлім

Қазақстан жерінің зерттеу тарихы өте ұзақ және әріден, адам баласы
мәдениеті дамуының ежелгі кезеңінен басталады. Мұның басты екі себебі бар.
Біріншіден қазақ жері Еуразияның орта тұсында – Еуропа мен Азия елдерінің
бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасаған жолдарының торабында орналасқан.
Солтүстік Орал тауларымен, ал оңтүстігінде Арал, Каспий су айдындарымен
шектелген жалпақ дала өңірін бойлап халықтардың талай ұлы көштері
өткендігін тарихтан білеміз. Дені шығыстан батысқа қарай бағытталған бұл
ұлы көші-қон Еуропаның, соның ішінде әсіресе Ресейдің тағдырына үлкен ықпал
жасағаны белгілі. Қазақ жері талай ғасыр әлемдік маңызы бар құрлық керуен
жолдарының үстінде жатты. Тағы осы кең қақпа арқылы батыс пен шығыс
елдері бір-бірімен елшілік қарым-қатынас жүргізіп отырды.
Екіншіден, кең-байтақ даланы қоныстанған көшпенді ел тауар өткізетін
қолайлы аймақ, ал оның жер байлығы арзан шикізат көзі ретінде әруақытта
көрші назарын өзіне аударды.
Түрлі кезеңдерде Қазақстан жерін зерттеудің сипаты мен ерекшеліктері
зерттеу жүргізген елдің әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне тығыз байланысты
болды. Сондықтан Қазақстанды географиялық зерттеу тарихын дәуірлеу ең
алдымен жалпы тарихи дәуірлерге бөлуге негізделді. Сонымен бірге әр
кезеңдегі зерттеу сипатының ерекшеліктері де есепке алынды. Осы негізде
Қазақстан табиғатын зерттеу тарихи төрт дәуірге бөлуге болады.
I-дәуір Ежелгі заманнан XVIII ғ. 30-жылдарға дейінгі
аралықты қамтиды.
Бұл кезеңде арнайы географиялық ғылыми-зерттеул жұмыстары
жүргізілмеген, тек табиғат нысандары жайында үзік-үзік қарапайым деректер
саудагерлер мен елшілердің кездейсоқ саяхаттары нәтижесінде жинақталған.
Осыған орай Қазақстан табиғаты және оны жайлаған халықтар туралы алғашқы
жазба деректер ежелгі Грек және Рим ғалымдарының еңбектерінде-ақ кездесе
бастайды. Мәселен, Геродот(б.з.б. V ғ.) Каспий теңізінің тұйық алап
екендігін, одан шығысқа қарай созылып кететін кең байтақ жазықты
массагеттер мекендейтінін баяндайды. Сонымен қатар ол өз еңбегңнде тұңғыш
рет Волга (Оар) және Жайық (Лик) өзендері туралы көмескі мағлұматтар
келтіреді. Грек ғалымы бұл деректерді Қара теңіз маңына барып қайтқан
саяхатының скифтерден естіген әңгімелерінен алған. Әрине, тікелей өз
көзімен көрмегендіктен саяхатшылардың әңгңмелерінде шындық пен болжам
араласып жүруі заңды құбылыс. Сондықтан Геродот
Каспий теңізіне батыстағы Аракс өзені құяды деп дұрыс көрсете отырып,
еңбегінің парсы патшасы Кирдің массагеттерге жорығын баяндайтын екінші бір
жерінде тағы да теңіздің шығыс жағасындағы Аракс өзені жайында екінші рет
қайталайды. Бұл жерде Геродот Әмударияны шатыстырған деп болжауға болады.
Қалай дегенімен Геродоттың еңбегі ежелгі гректерге Каспийден шығыстағы
елдер туралы көмескі болса да кейбір мағлұматтар жеткенін көрсетеді .
Каспийден шығыстағы елдер туралы неғұрлым толығырақ және шындыққа
жақын келетін деректер ежелгі Грек географы Клавдий Птолемейдің (б.з. II
ғ.) еңбектерінде кздеседі. Ол Жайық (Даих), Жем (Рюммус), Сырдария (Яксарт)
өзендерінің атын атайды. Бірақ К Птолемей Сырдария Әмудариямен бірге
Каспий теңізіне құяды деп есептейді.
Осы сияқты Каспий теңізі және Арал-Каспий басеиінінің кейбір ірі
өзендері туралы қарама-қайшы деректер ежелгі ғалымдар- Плинийдің,
Страбонның т.б. шығармаларына да кірген.
Б.з.б. II-ғасырда Қытай аса қуатты ғұн тайпалары бірлестігімен
күресте одақтастар іздеу барысында Ората Азия мен Оңтүстік Қазақстанды
қоныстанған халықтармен елшілік және сауда-саттық қарым-қатынас орнатады.
Сол кездегі Қытай елшілері батыс елдері туралы географиялық сипаттаған
бірқатар мәліметтер хабарлайды.
Ол мәліметтер көбінесе халықтардың саны, таралуы және шаруашылығына
қатысты, сонымен бірге олпрда тұңғыш рет Арал теңізі, Сырдария, Іле,
Талас,Шу өзендері, Тянь-Шань таулары аталған.
Қазақстанның Арал-Каспий алқабына қатысты бөлігі туралы неғұрлым
толық және дәл мәліметтер орта ғасырдағы араб деректерінде көптеп
кездеседі. Бұл араб халифатының құрамына Орта Азияны қосып алғаннан кейін
қазақ жерімен іргелес елге айналуының тікелей нәтижесі болды. Мұнан әрі
арабтардың Қазақстанның батыс бөлігі арқылы Волга бойындағы халықтармен
елшілік және сауда қатынастарын орнатуы Арал-Каспий алқабы жайындағы
мәліметтерді кеңейте түсті.
Белгілі саяхатшы Ибн-Фадлан 922 ж. Үргеніштен Үстіртті және
Каспий маңы ойпатын басыпволга бойына өткен. Оған кері бағытта XIV ғ. Ибын-
Батута Хорезмге барған. Бұл екі сяхатшының жол жазбаларында Үстірттің
сипаттамасы берілген, Волга, Сағыз, Жем өзендері аталған.
Араб ғалымдарының Арал-Каспий алқабы туралы мәліметтері олардың
карталарынан орын алды. Истахри Хорезм көлі деген атпен Арал теңізінің
тұңғыш картасын жасады. Ибын-Хауқал жасаған Орта Азия картасында Каспий
және Арал теңіздері, Волга, Сырдария, Әмудария өзендері бейнеленген.
Идрисидің Үлкен картасында Каспий мен Арал теңізі бір-біріне оқшау
көрсетілген.
XIII ғ. Моңғолияға сапармен барған Рим папасының өкілі Плано Картини
және Франция елшісі Вильгельм Рубрук өздері болып өткен Қазақстанның шөл
және шөлейт алқаптарының қысқаша сипаттамасын берген. Олар Каспий теңізінің
тұйық алап екендігі туралы орта ғасырдың 1-жартысында ұмыт болған маңызды
географиялық мағлұматты қалпына келтіріп, Балқаш, Алакөл, Тарбағатай,
Жоңғар Алатауы туралы алғашқы деректерді жариялған
Шығыс елдері туралы кейбір деректер Моңғол шапқыншылығы кезінде
жаңа сауда жолдарын пайдаланып сапарға шыққан саудагерлердің жол
жазбалрында кездеседі. XIV ғ. басында ондай сауда орталықтары Генуя мен
Венецияның қолында болды. Донның сағасындағы Тана қаласында Еуропаның шығыс
елдерімен бүкіл саудасы шоғырланды. Тана, Астрахань, Сарайшық, Үргеніш;
Отырар және Алмалық қалалары арқылы генуялықтар Қытаймен қатынас жасап
тұрды. Осы сауда жолы туралы Больдуччи Пегалоттидың саудагерлерге басшылық
түрінде жазылған кітабында толық мағлұматтар бар. Оның сипаттамасындағы
ерекше көңіл аударарлық жағдай – ол кезде Астрахпнь мен Сарыайшықтың
арасында құрлық жолымен қатар су жолы қатынасының болуы. Бұған 1375 ж.
Италияда жасалған дүние жүзілік Каталон картасында Өлі Қолтық пен
Маңғыстау түбегінің анық бейнеленуі дәлел бола алады. Картада Өлі Қолтықтың
құрлыққа сұғына кіріп тұрған бөлігі көп нүктелермен белгіленген. Бұл
шығанақты құм басып бара жатқанын, оның біраз бөлігі тайыз екеніндігін
көрсетеді. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің дүние жүзілік картада
біршама жақсы бейнеленуі осы жермен мағызды сауда жолдарының өтуінің
нәтижесі деп білу керек.
XV ғ. соңына қарай Алтын Орданың ыдырауына және дүниежүзілік
сауда жолдарының құрлықтан теңізге ауысуына байланысты батыс еуропалықтар
Қазақстан мен Орта Азия арқылы Шығыс елдерімен жүретін байланысын тоқтатты.
Соған орай тура XVI ғ. екінші жартысына дейін географиялық әдебиет қазақ
жері туралы деректермен толыққан жоқ.
Орта ғасырдың соңғы кезеңінде қазақ жері туралы географиялық
мәліметтер жинау түгелдей орыс мемлекетінің қолына көшті. Бұл XV ғ. аяқ
кезінен орын ала бастаған орыс қазақ экономикалық және саяси
байланыстарының тікелей нәтижесі болды. Мұндай байланыстар Ресей Казан
(1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарын өзіне қосып алып, Волга мен
Жайық өзендерінің аралығын жайлаған Ноғай Ордасына да билігін жайғанынан
кейін жұйелі сипат алды. Волга маңы халықтарының түгелдей орыс үкіметіне
бағынуы орыс-қазақ байланыстарының күрт жандануына себеп болады. Орыс
мемлекеті қазақ жері арқылы ежелден бері Орта Азия халықтарымен сауда және
елшілік қатынастар жүргізіп келгені белгілі. Орта Азия халықтарына бару
үшін Алтын Орда тұсындағы екі жолды пайдаланған. Олардың біріншісі
Астраханьнан Жайықтың төменгі ағысына дейін барып, онан әрі Сырдария
бойындағы Отырарға, немесе Үргенішке қарай кететін құрлық жолы болатын.
Екіншісі – Астраханьнан теңізбен Маңғыстауға, әрі қарай Үстіртті басып
Үргеніш пен Хиуаға шығатын жол..
XVI ғ. орыстар қазақ жерінің үлкен бөлігімен танысып, бай
географиялық мәліметтер жинауына қолайлы жағдай туғызды. Бұл мәліметтер
бүкіл Мәскеу мемлекетінің және оған көршілес елдердің Үлкен сызба деп
аталатын картасынан орын алған. Өкінішке орай Үлкен сызба біздің
кезімізге дейін жеткен жоқ. Оның сызбаша сипаттамасы Үлкен сызбаның
кітабы1627 ж. оқулығы толық түсініктеме бере алады. Осы жазба
сипаттамаға қарағанда Үлкен сызба Есіл, Ұлытау, Сарысу, Қаратауғу дейінгі
Қазақстанның аса маңызды керуен жолдары басып өтетін бүкіл батыс бөлігі
түгелдей қамтылып, онда 50-ге жуық географиялық объектілер өзен, көл,
тау, құм, т.б. аты аталған. Осы кездерде орыс зерттеушілері Қазақстанның
кейбір кен байлықтары туралы да хабарлар болған. Кітапта Индер көлі мен
Елек өзені бойында тұз өндірілгендігі, Ұлытау төңірегінде қалайы, Жыланшық
өзені бойында табиғи бояу кездесетіндігі айтылған.
Ресейдің қазақ және Орта Азия хандықтарымен XVI ғ. берік орнаған екі
жақты байланыстары XVII ғ. онан әрі кеңейе түскен. Бұл кезде Батыс
Қазақстан арқылы өтетін жолдармен бірге Сібір жағынан келетін жолдардың
маңызы артқан. Одан басқа орыстар Ертіс арқылы Қытаймен және Жоңғар
хандығыменен жиі елшілік қатынас жасаған. Жайықтан шығысқа қарай созылып
жатқан кең алқап туралы XVII ғ. жинақталған географиялық мағлұматтар
сібірлік тарихшы және географ Семен Ремезовтың Бүкіл сусыз және жолсыз
тастақ даланың сызбасы (1697 ж.) деген картасында көрсетіледі.
С.Ремезовтың сызбасына Қазақстанның барлық ірі өзендері, көлдері,
керуен жолдары, мекендеген халықтар, қираған қала орындары т.б. ұзын ұрғасы
200-ге тарта жер-су аттары енген. Онда Үлкен сызбаға енбегн жаңа жерлер
өте көп. Олар әсіресе Қазақстанның шығыс бөлігінде басым.
Сонымен, ежелгі заманнан XVIII ғ. дейінгі Қазақстан туралы
географиялық сипаттағы деректер, Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен
сауда және елшілік қарым-қатынасының нәтижесінде жинақталған. Қазақ жерін
зерттеудің бастапқы кезеңі негізінен географиялық нысаналарды жалпылама
хаттау кезеңі болды. Бұл кезеңде жер бетінің көрінерлік нысындары картаға
түсіріле бастады.
II-дәуір. XVIII ғ. 30 жылдарынан XIX ғ. 60 жылдарына дейін
созылған Қазақстаннық Ресейге қосылу дәуірі оның географиялық зерттелу
тарихында да ерекше дәуір құрайды. Бұл дәуірде мұнан бұрын орын алып
келген атаулар жайында қарапайым деректер жинау табиғат құбылыстарын
бақылау және зерттеу жұмыстарына ауысады. Табиғат жағдайларын жалаң
сипаттап қана қоймай сонымен бірге оларға талдау жасау арнайы білімді қажет
ететінінде сөз жоқ. Соған сәйкес енді бұрынғы кздейсоқ саяхатшылар-
саудагерлер, елшілер, түрлі қызмет адамдарының орнына табиғат зерттеу ісін
негізінен ғалымдар қолына алды.
Географиялық зерттеулер басты 3 түрлі мақсатқа сай жұргізілді.
Олар, біріншіден әскери-барлау жұмыстары; екіншіден, бекіністер салу
арқылы қазақ жеріне кеулеп кіру және елде орыс үкіметі билігін орнату;
үшіншіден, басып алған жерлерді шаруашылыққа игеру. Бұл айтылғандар
Ресейдің Қазақстанды жаулап алып, өз отарына айналдырудың 3 кезеңіне сәйкес
келеді.
Әскери барлау жұмыстары Қазақстанның Ресейге қосылуынан әлде-
қайда бұрын басталғанды. Сондықтан XVIII ғ. бас кезіндегі бір қатар
экспидициялар хронология жағынан бұрынырақ өтіп кеткенімен мақсаты және
жинаған мәліметтері жөнінен қарастырылып отырған дәуірге жақынырақ тұрады.
Ресей үкіметі қазақ даласына ерте кезден-ақ бүкіл Азия елдеріне
апаратын тоғыз тарау жолдардың алғашқы сатысы деп қарады.. Орыстардың шығыс
елдеріне үмтылысы әсіресе I Петрдің кезінде нақтылы қолға алына бастады.
Ертіс бойына бекіністер салуға және ресейдің Жоңғариямен қатынас
орнатуына байланысты Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанда тұңғыш
топографиялық түсірулер жүргізілді. Осындай топографиялық экспедициялардың
нәтижесінде бір жағынан Қазақстанның жеке бөліктерінің ірі масштапты
карталары және олардың негізінде аймақтық шолу картасы жасалса, екінші
жағынан табиғат жағдайлары туралы ғылыми мәліметтер алынады.
Әскери-барлау мақсатындағы экспидициялар әсіресе Қазақстанның
Ресейге қосылу барысында жиі ұйымдастырылды. Үкімет орындары мұндай
экспидицияларға әрдайым жаңа жерлерді жаулап алудағы және отарлауға қажетті
бастапқы қадам ретінде қарады. Сондықтан 1731 ж. Кіші жүздің ханы
Әбілқайырдан Ресейдің қоластына кіру туралы ант алуға барған
М.Тәуекелевтің елшілігіне екі геодезист офицердің қосып жіберілуін кездей
соқ нәрсе деп қарауға болмайд.
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өтініші бойынша Сырдарияның сағасына
қала салуға орын таңдау үшін 1740-41 ж. В.Д.Галадышев пен И.Муравиннің
экспидициясы зерттеу жұмыстарымен айналысты. Экспедициа басшыларының жол
жазбаларында Орсқ қамалынан Сырдарияның сағасы арқылы сипатталады. Жазбаша
есепке қосымша И.Муравин жасаған картада Ор,Ырғыз,Сырдария өзендері, Арал
теңізңнің шығыс жағалауы көрсетілген.
И.Муравин мен К.Миллердің материалдарын И.Красильников Орынбор
губерниясының және оған іргелес аудандардың шолу карталарын шолу жасауға
пайдаланған (1755). Бұл карталарда әсіресе автордың өзі тікелей
топографиялық түсірулермен айналысқан Жайық алқабы ұсақ өзендері мен
көлдеріне дейін егжей-тегжейлі көрсетілген (мысалы, Үлкен Қобда, Кіші
Қобда, Бұлдырты, Өзенсор, т.б.). Осымен қатар олардың Орталық Қазақстанда
қатысты көптеген географиялық объектілерді табуға болады. Атап айтқанда
Сарыарқаның аласа таулары мен қыраттары, Есіл, Нұра, Сарысу, Шу, Торғай
өзендері және олардың салалары дұрыс бейнеленген.
Осындай топографиялық экспедициялардың нәтижесінде бір жағынан
қазақстанның жеке бөліктерінің тұңғыш ірі масштабты карталары және олардың
негізінде аймақтық шолу карталары жасалса, екінші жағынан оның табиғат
жағдайлары туралы ғылыми мәліметтер алынды. 1768-1774 ж. Академиялық
экспедициялар басталды.
Мазмұны жөнінен академиялық экспедициялар жалпы ғылыми сипатқа ие
болды: бір мезгілде бүкіл табиғат элеменнтері, сонымен бірге археология,
тарих, халықтың әдет-ғұрпы және шаруашылығы жөнінен мәліметтер
жинастырылды. Дегенімен олардың ішінде өте-мөте табиғат жағдайларына басты
көңіл бөлінеді.
Ресейдің бүкіл терреториясын шарлаған экспедиция маршруттары
Қазақстанның да бір қатар аудандарын қамтыды. Әсіресе Волга мен Жайықтың
аралығы туралы аса құнды географиялық мәліметтер жиналды.
Сондай ақ экспедиция мүшелері аса бай деректік мәліметтер жинаумен
қатар Қазақстанның жазықтық бөлігінің кейбір табиғат ерекшеліктеріне
тұңғышрет ғылыми тұрғыдан түсінік беруге тырысты.
XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында Қазақстан табиғатын зерттеуде
әртүрлі елшілер мен әскери экспедициялар әліде елеулі орын алды. Оларға
қосылған ғалымдар жүріп өткен жолдарының табиғат жағдайларына тыңғылықты
бақылаулар жүргізіп, өсімдіктер мен жануарлардың колекциясын жинады.
Осы сияқты елшіліктер мен әскери экспедицияларға қосып жіберілген
ғалымдар мен топографтар бақылаулары да үлкен ғылыми нәтиже берді.
А.Богословский Мұғалжар Орал тауының орографиялық жалғасы екендігін
түпкілікті анықтады.
1800 ж. Т.Бурнашев пен И.Поспелов Семейден шығып, Бетпақдала,
Қаратау арқылы Ташкентке дейін барды. Саяхатшылардың жол жазбаларында осы
кзге дейін зерттеушілердің назарынан тыс қалып келген Сарыарқаның табиғаты
жалпылама сипатталып, пайдалы қазбалары туралы кейбір деректер келтірілді.
1825-26 ж. Ф.Ф.Берг басқарған экспедицыя Э.А.Эверсманның және Бас
штабтың бірнеше офицерлерінің қатынасуымен Каспий мен Арал теңізінің
аралығын зертеді.
XIX ғ. 30 жылдарына дейін бүкіл қазақ өлкесі туралы
жиналған географиялық, тарихи және этнографиялық мәліметер А.И.Левшиннің
қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қисақ ордалары мен далаларының сипаттамасы
деген еңбегінде (1832 ж.) тұңғыш рет жан-жақты талданып, қорытылды.
Кітапта қосымша ретінде жаңа жеректерге сүйеніп 1831 ж. Жасалған
Қырғыз-қазақтарға қарасты жерлер мен Түркістанның картасы берілген. Карта
Қазақстанның жеке аймақтарының сол кездегі зертелу дәрежесін айқын
көрсетеді. Онда республика территориясының Ресей қол астына бұрын кірген
батыс бөлігінің географиялық объектілері айтарлықтай дұрыс көрсетілсе,
шығыс бөлігін бейнелеуде бірқатар ауытқушылықтар баиқалады. Ал орталық
Қазақстан ақ таңдақ күйінде қалған.
Теңіздегі кеме қатынастарын игеру мқсатында ұйымдастырылған
экспедиция- ны басқару А.И.Будаковтың үлесіне тиді.
Экспедиция 1848-49 ж. Екі маусымда теңіз жағатауларын түгелдей
картаға түсіріп шықты, көптеген тереңдіктерді өлшеді, теңіздің орталық
бөлігінен бұрын белгісіс аралдар тобын таптиы. Осы сияқты жүргізілген
түсірулер және астраномиялық өлшеулер Аралдың бірыңғай теңіздегі бірыңғай
картасын жасауға мүмкіндік берді. А.И.Макшеев Орыс География қоғамының
жазбаларында Арал теңізінің жүиелі физикалық географиялық сипаттамасын
жариялады, теңіздің жағалауы, ағыстары, түбінің бедері жайлы құнды
мәліметтер келтірді.
1853-56 ж. Белгілі орыс ғалымы К.М.Бэр басқарған экспедиция Каспий
теңізінде тұңғыш арнаулы гидралогиялық және биологиялық зерттеулер
жүргізді. Каспий теңізі деңгейінің төмендеп бара жатқанжығы жайында
қортынды жасап, теңіздің солтүстік жағалауында кеңінен таралған, кейіннен
ғылымға өзінің атымен енген Бэр төбешіетерін сипаттап жазды.
Қарастырып отырған дәуірдің соңына қарай зерттеу кешенді физикалық
географиялық сипат ала бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар И.Г.Борщов пен
Н.А.Северцовтың 1857-58 ж. Арал-Каспий экспедициясынан басталды.
Экспедиция маршруты елік, Жем өзендері алқабын, Мұғалжарды, Үстіртті,
Солтүстік Арал маңын, Срдария маңы ойпатын, Ырғыз-Торғай алабын қамтыды.
И.Г.Борщов өзінің бұрынғы зкрттеушілер атап көрсеткеніндей
Мұғалжардан батысқа және шығысқа қарай жатқан жазықтар біртегіс емес,
бірнеше сатыдан тұратынын анықтады. Орал сырты үстіртін солтүстікке және
батысқа қарай биіктей беретін белесті көтеріңкі жазық, ал Торғай үстіртін-
көлі көп, дөңгелек қазан шұңқыр ретінде бөлді. Бұл жерде Торғай ұстіртінің
бір ажғынан Оңтүстік Орал мен Мұғалжарға, екінші жағынан Сарыарқаға
қарағанда төмен жатуы негізге алғандығы байқалады.
И.Г.Борщов арал-Каспий аймағында өсімдік топтары мен облыстарының
қалыптасуында топырақ жағдайларының ерекше орын алатынын алғашқылардың
бірі болып атап өтті. Ол Арал-Каспий өлкесіне жатысты: селеулі дала, сазды
шөл, тұзды шөл, төбешікті құм облыстарын бөлді.
Н.А.Северцовтың И.Г.Борщовпен бірлесіп атқарған геологиялық
бақылаулар экспедициясы Арал-Каспий аймағында пермь, триас, бор, және
кейнозой шөгінді жыныстарын тауып, олардың таралуын анықтады.
1860-62 ж. Северцов Жайық өзені алқабының оңтүстік бөлігін
зерттеумен айналысты. Ол ғалымның табиғат жағдайлары жөнінен Каспий маңы
ойпаты бір тұтас территория, оның ортасын жарып ағатын Жайық өзені табиғи
шекара құрамайды деген тұжырымы физикалық географияда озық ой-пікірдің
қатарына жатады..
Осы кезде Қазақстанның шығыс, оңтүстік шығыс таулы бөлігінде және
оған іргелес аудандарда кешенді физикалық географиялық зерттеулер кең етек
ала бастады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан жеріндегі мыс-тас дәуірінің зерттелу тарихы
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Антарктида
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Пәндер