Құқықтық мемлекет туралы



КІРІСПЕ 3
1. Мемлекеттің негізгі ұғымдары мен санаттары. Құқықтың мемлекет 5
1.1.Құқықтық мемлекет 12
2. Құқықтың негізгі ұғымдарымен санаттары 13
2.1. Құқыққа түсінік беру 20
3. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет 25
3.1. Құқықтық сананың түрлері 28
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35
Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжалатын «ақылды адам» (хомо сапиенс-һото sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адам¬дар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандық туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не, рулық құрылыс кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде мем¬лекет пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырылды. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы екінші бір теория ол патриархалдық теория деп аталады. Теория отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына, ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда болады деп түсіндіреді. Сондықтан мемлекет үлкен отбасы сияқты. Мемле-кет басшысы монархтың өзінің қол астындағы тұрғындарына қатынасын, отағасының отбасы мүшелерімен қатынасына ұқсас деп дәлелдейді. Патриархалдық теорияның негізін қалаушылары Аристотелъді, Конфуциді және XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Р. Фильмерді жатқызуға болады.
XVII—XVIII ғасырларда мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін шарттар теориясы қалыптасты. Теорияның негізін қалаушылар Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж.Ж. Руссо, Д. Дидро болды. Аталған теорияны жақтаушылардың пікірінше мемлекет халық пен оны басқарушылардың арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта, бағыныштылықта тұру туралы келісімшарт жасасудың нәтижесінде пайда болды.
1. «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жыл¬ғы 21 желтоқсандағы № 2709 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
2. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
3. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
4. «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 129-И Заңы.
5. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
6. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-1. Алматы: Юрист, 2005.
7. «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі № 2107-ХП Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
8. «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдедегі № 20-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
9. Айымханова Н. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы: Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2002.
10. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы: Болашақ баспа, 2002.
11. АғыбаевА,Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Оқулық. Алма¬ты: Жеті жарғы, 2001.
12. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері: Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2003.
13. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы: Оқу-әдістемеліқ құрал. Алматы, 2004.
14. БұғыбайД.Б. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы. Алматы: Қайнар, 2003.
15. Жаламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. Ал-маты: Жеті жарғы, 2004.
16. Маймақов Р. Қазақстан Республикасының саяси құқықтық тарихи. Алматы, 2000.
17. Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы. Астана: Фолиант, 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ 3
1. Мемлекеттің негізгі ұғымдары мен санаттары. Құқықтың мемлекет 5
1.1.Құқықтық мемлекет 12
2. Құқықтың негізгі ұғымдарымен санаттары 13
2.1. Құқыққа түсінік беру 20
3. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет 25
3.1. Құқықтық сананың түрлері 28
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35

КІРІСПЕ

Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп
келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты.
Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар
мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі
адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар.
Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни
біздің ата-бабамыз деп болжалатын ақылды адам (хомо сапиенс-һото sapiens)
қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің
заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда,
Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адамдар
мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда
адамдардың қандық туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру
әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда
болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не, рулық құрылыс кезеңі деп
аталады. Бұл кезеңде мемлекет пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан
алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық
қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа
басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырылды.
Мемлекеттің пайда болуы жайындағы екінші бір теория ол патриархалдық теория
деп аталады. Теория отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына, ал
тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда
болады деп түсіндіреді. Сондықтан мемлекет үлкен отбасы сияқты. Мемлекет
басшысы монархтың өзінің қол астындағы тұрғындарына қатынасын, отағасының
отбасы мүшелерімен қатынасына ұқсас деп дәлелдейді. Патриархалдық теорияның
негізін қалаушылары Аристотелъді, Конфуциді және XVIII ғасырда өмір сүрген
ағылшын ойшылы Р. Фильмерді жатқызуға болады.
XVII—XVIII ғасырларда мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін шарттар
теориясы қалыптасты. Теорияның негізін қалаушылар Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж.Ж.
Руссо, Д. Дидро болды. Аталған теорияны жақтаушылардың пікірінше мемлекет
халық пен оны басқарушылардың арасындағы адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта,
бағыныштылықта тұру туралы келісімшарт жасасудың нәтижесінде пайда болды.
Маркстік теория бойынша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің,
отбасының, жеке меншіктің және бір-біріне қарама-қайшылықтағы таптардың
шығуынан пайда болды дейді. Маркстік теория оның негізін қалаған неміс
ойшылдары К. Маркстің, Ф. Энгелъстің, жұмысшы табы диктатурасының
идеологтары В.И. Лениннің, КВ. Сталиннің есімдерімен байланысты. Зорлық,
күштеу теориясы бойынша мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды,
халықты, ұлтты, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу,
күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің, зорлаудың нәтижесінде
мемлекет қалыптасады. Бұнымен қоса мемлекеттің сыртқы жаулап алушығының
барысында, яғни күшті бір тайпалардың, ұйымның екінші бір тайпалық одақты
немесе ұйымды өзіне күштеп бағындырудың барысында мемлекет пайда болды
деген пікір де осы күштеу теориясының бір құрамдас бөлігі. Аталған
теорияның көрнекті өкілдері Е. Дюринг, К. Каутский, Л. Гумплович.

1 Мемлекеттің негізгі ұғымдары мен санаттары.
Құқықтық мемлекет

Мемлекеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді
қанағаттандырудан туындайтын іс-әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею
заңы жатыр. Еңбекті не іс-әрекетгің осындай сан-салаға таралуы қоғамдағы
адамдар арасындағы еңбек бөлінісіне, кәсіптің қалыптасуына, мамандықтың
тууына, біліктіліктің, дағдының, әдеттің, ептіліктің, іскерліктің,
шеберліктің, машықтылықтың жетілуіне әкелді. Осының нәтижесінде еңбектің
белгілі бір түрімен айналысатын адамдардың үлкен топтары қалыптаса бастады
(аңшылар, малшылар, егіншілер, қолөнершілер т.б.). Адамдар арасында
әлеуметтік теңсіздік біртіндеп ұлғая түсіп, қоғам барынша күрделеніп оны
басқаруды қалыптастырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп қоғамдық еңбек
бөлінісінің, жеке меншіктің, бай мен кедей сияқты таптардың қалыптасуы,
көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар
мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Жоғарыда айтылған әлеуметтік
факторлармен қоса мемлекеттің пайда болуының демографиялық, психологиялық,
антропологиялық, геосаяси, жағрапиялық, этникалық т.б. сияқты факторлары
бар. Жер шарындағы елдердің табиғи-жағрапиялық, мәдени, діни, салт пен
сана, дәстүрлерінің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттің қалыптасуы
бірнеше жолдармен жүзеге асырылды. Осындай мемлекеттің қалыптасуының үш
жолы қалыптасты:
1) шығыстық жал;
2) батыстық жал және
3) аралас жал.
Ежелгі Шығыста мемлекеттің пайда болуы қауымдастық мүшелерін,
тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге арналған жұмыстарды ұйымдастыруға
бағытталған қажеттіліктен туындады. Шығыс елдерінде алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырау кезеңінде ірі су каналдарын қазу, суармалы ирригациялық
жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу, дамбалар салу, суармалы егістікті
жетілдіру сияқты ірі де күрделі ирригациялық; жұмыстар жүргізу керек болды.
Бұндай аса ауыр жұмысты іске асыру жекелеген отбасы немесе бір
қауымдастықтың қолынан келмейтін еді. Міне осы күрделі істерді жүзеге асыру
үшін арнаулы басқару аппараты қажет болды. Ол аппарат жетіле келе
мемлекетке айналды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу
себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді салу;
— оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру,
ұйымдастыру;
— атқарылатын жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Батыс елдерінде мемлекет алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, жеке
меншіктің, мүліқтік теңсіздіктің және таптардың қалыптасуы нәтижесінде
пайда болды. Мемлекеттің пайда болуының аралас жолы рулық, тайпалық
құрылыстан ерте феодалдық мемлекетке бірден өткен елдерге тән.
Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялар. Мемлекеттің пайда болуы
жайындағы теориялардың ең ежелгілерінің бірі теологиялық (құдайтанушылық)
теория. Теология дегеніміз құдайды, алланы танитын ғылым, ілім. Аталған
теорияның негізін қалаушылардың қатарына ортағасырлық Тертулиан, Аврелий
Августан, Фома Аквинский сияқты қудайтанушыларды жатқызуға болады.
Теологиялық теория мемлекетті, мақсаты мен мәні жер бетіңде құдай
патшалығындағы сияқты тәртіп пен үйлесімділік, жүйелілік, татулық, бірлік
орнату болып табылатын құдайлық кәсіп деп қарастырады. Биліктің барлығы
құдайдан тарайды. Құдай жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның
іішнде мемлекеттің де жаратушысы. Ал құдай жаратқан жаратылыстың сыры
секілді мемлекеттің де мәнін түсіну мүмкін емес. Сондықтан құдай жаратқан
дүниеге, билікке және мемлекетке шүбә келтірмей, күмәнданбай, оларға
мойынсұнып бағынған дұрыс. Теократиялық теория өзінен-өзі қиялдың барысында
пайда бола қойған жоқ. Оның қалыптасуының өзіндік алғышарттары бар. Адамзат
тарихында пайда болған ең алғашқы мемлекеттер діни сипатта болып оны
басқаруға діни қызметкерлер — абыздар тікелей араласқан. Мемлекеттің
құдайлық негізі оның беделін нығайтып, шешіміне міндеттілік берді. Мысалы
ежелгі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдарында патшаның билігін құдай
жаратқан, патша билігі құдайдан деп көрсетілген. Жалпы, биліктің құдайдан
тарағаны жайындағы пікір барлық діндерге тән.
Мемлекет адамдардың қатынасқа, бір-бірімен араласуға деген
қажеттіліктері, бірлікке, татулыққа, тыныштыққа ұмтылған, өзара
жақындастыратын психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда
болған деген пікір айтатын мемлекеттің пайда болуының психологиялық
теориясы. Оның көрнекті өкілдерінің бірі орыс заңтанушысы Л.И. Петражицкий
болды.
Мемлекет ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын
қызметтері. Құқықтық мемлекет. Ғылымға мемлекет терминін алғаш рет
италияндық ойшыл Николло Макиавелли (1469—1527) енгізген. Оған дейін
мемлекет деген ұғымның орнына республика, корольдық, қалалық қауым,
княздық, жер, патшалық, ел, басқару, өктемдік, үстемдік, ат
төбеліндей билік деген сияқты әр түрлі атаулар қолданылып келген.
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілердің жиынтығынан
тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекеттің қоғамдағы саяси партиялар,
қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік
бірнеше белгілері бар. Ондай белгілері мемлекеттің аумағының болуы,
мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік, мемлекеттің
егемендігі (тәуелсіздік), құқық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық
жүйенің болуы жатады.
а. Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Аталған
аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы
аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып іске асырылады. Тек елшілік
аясында немесе басқа да халықаралық келісім арқылы көрсетілген шеңберде
болмаса, бір мемлекеттің аумағында екінші мемлекеттің билігі жүрмейді.
ә. Мемлекеттің екінші бір белгісі ол мемлекеттік (бұқаралық) биліктің
болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан
оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады.
Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету
аппараттары жатады. Тек мемлекет қана сот, прокуратура, ішкі істер
бөлімдері, әскер, абақты сияқты органдар мен мекемелердің көмегімен
мемлекеттік билікті іске асырады.
б. Халықаралық құқық теориясына сәйкес мемлекеттің ең негізгі
белгілерінің бірі сол мемлекеттің аумағында тұратын халқының болуы.
Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық
қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық
нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған құқықтық нормативтік актілер
халықтың барлық топтарына ортақ және міңдетті түрде орындалуға, сақталуға
және іске асырылуға тиіс.
в. Мемлекеттің келесі бір белгісі ол мемлекеттің егемендігі.
Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық
тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады:
біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір
мемлекеттік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет
органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы;
үшіншіден, мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар
биліктің тәуелсіздігі.
г. Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың
болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Кез келген мемлекет
өзінің саясатын, билігін белгілі бір құқықтық нормативті актілерді қабылдау
арқылы іске асырады. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді
және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі,
қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
д. Мемлекеттің негізгі белгілерінің тағы бірі сол мемлекетте салық пен
салық жүйесінің болуы. Салықтар, алымдар, төлем-ақылар — мемлекеттік
аппаратты, қызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын,
халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік
аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Мемлекеттің
негізгі міңдеттерін тиімді орындау қабілеттілігі көп жағдайда мемлекеттік
биліктің ең жоғарғы органдарының ұйымдастырылуына, құрылымына, қалыптасу
тәсілдеріне байланысты болады. Мемлекеттің жоғарғы органдарының жұмысын,
қалыптасуын, өзара қызметтерін, міндеттерін, құзырларын ұйымдастыру, бөлу
теориялық қана емес, практикалық маңызға ие болады. Себебі, мемлекеттік
билік бір адамның не белгілі бір топтың қолына шоғырлануы, керісінше әр
түрлі мемлекеттік органдардың арасында бөлініп атқарылуы мүмкін. Аталған
жайлардың барлығы мемлекетті басқару нысанына байланысты болады.
Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз - мемлекеттік биліктің жоғарғы
органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі.
Елдегі жоғарғы биліктің даралық пен немесе көпшілікпен іске асырылуына
байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай монархиялық жат
республикалық болып екі түрге бөлінеді. Монархия дегеніміз елдегі жоғарғы
мемлекеттік билік мұрагерлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің
нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік,
конституциялық, аралас монархия болып бірнеше түрге жіктеледі. Абсолюттік
монархияда мемлекеттік билік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот
билігі сияқты үш тармағы бір адамның, монархтың қолына шоғырландырылады
жөне соның тікелей араласуымен, қадағалауымен, бақылауымен, келісімімен,
рұқсатымен іске асырылады. Сонымен абсолюттік монархиянық төмендегідей
белгілері бар: монархтың мемлекеттік билікке үстемдігі; мемлекеттік
биліктің барлық тармағының монархтың қолына шоғырлануы; монархтың билігін
шектейтін белгілі бір өкілетті органның болмауы; ішкі және сыртқы саясатты
монарх өзі тағайындайтын министрлер арқылы іске асырады; мемлекетті
басқаруға халықтың араласу құқығы шеңберінің шектеулілігі; қоғам тарапынан
жоғарғы билік органдарын бақылау механизмінің жоқтығы.
Бүгінгі таңда абсолюттік монархия негізінен біршама Шығыс елдерінде
бар. Мысалы олардың қатарына Оман сұлтандығын, біршама өзгерген түрде
Бахрейн, Катар, Кувейт, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары
мемлекеттерінде сақталған. Конституциялық және парламенттік монархтда
монархтың билігі конституциямен не парламенттің іс-әрекетімен шектелген.
Республика монархиялық басқарумен қатар пайда болып дамыған. Республиканың
алғашқы белгілері б.з.б. ІҮ-ІІІ мың жылдықтарда Ежелгі Месопотамияның қала
мемлекеттеріңде қалыптасқан. Республика мемлекеттік биліктің жоғарғы
органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау
арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республикалық басқару нысанының негізгі
белгілері төмендегідей: мемлекет басшысы мен мемлекеттік биліктің ең
жоғарғы органдарын халықтың сайлайтындығы; мемлекеттегі органдар мен
лауазымды қызметтердің өмір бойы емес, белгілі бір мерзімге сайлануы;
мемлекеттің жоғарғы органдарын сайлайтындықтан олар халықтың атынан сөйлеу,
әрекет жасау құқығына ие болады және осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттік
биліктің көзі халық деп мойындалады; мемлекеттік биліктің заң шығару
билігі, атқару билігі және сот билігі болып үш тармаққа бөлініп іске
асырылуы.
Республиканың президенттік, парламенттік жат аралас басқару сияқты
түрлері болады. Президенттік басқару тарихта бірінші рет 1787 жылғы
Конституция бойынша АҚШ-та енгізілді. Президенттік республиканың негізгі
белгілері: Мемлекеттің басшысы Президенттің бүкіл халықтың дауыс беру
тәсілі арқылы сайлануы; Мемлекет басшысы Президент бір мезгілде атқарушы
биліктің басшысы болып саналады; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі,
атқару билігі жөне сот билігі сияқты үш тармаққа міндетті түрде бөлінуі;
аталған мемлекеттік биліктің тармақтары және мемлекеттік билікті атқарушы
органдардың арасындағы қарым-қатынас тежемелік және тепе-теңдік жүйесі мен
қағидасына негізделіп реттеледі; Үкіметті Парламенттің келісімімен
Президент қалыптастыратындықтан ол Президент алдында жауапты.
Парламенттік басқару барысында бүкіл халықтық жолмен сайланған
Парламенттің рөлі мен маңызы басқа президент, үкімет сияқты институттарға
Қарағанда жоғары. Үкімет Парламент депутаттарының сайлауымен қалыптасады
және Парламент сенімі арқылы елді басқаруды іске асыруға мүмкіншілік алады.
Сондықтан Үкімет Парламент алдында жауапты. Парламенттік басқарудың
белгілері: мемлекеттік биліктің қатаң тармақтарға бөлінуі анық байқалмайды.
Заң шығарушы және атқарушы биліктің ынтымақтасып әрекет жасау тәртібі
сақталады. Сондықтан президенттік басқару сияқты емес, Парламенттік
республика көп жағдайда заң шығарушы және атқару биліктерінің тепе-теңдігін
қамтамасыз етеді; парламент сайлауында жеңіске жеткен және парламентте
көпшілік орынға ие болған партия не бірнеше партиялардың одағы үкіметті
қалыптастыратындықтан ол парламент алдында жауапты; Мемлекет басшысы
Президента Парламент сайлайтындықтан формальды түрде үкімет басшысын
тағайындауға құқығы бар. Елді, халықты басқару ыңғайлы болу үшін мемлекет
аумағы ауыл, аудан, қала, облыс, аймақ, өлке, округ, штат, губерния т.б.
сияқты әкімшілік құрылымдарға бөлінеді. Аталған құрылымдарда мемлекеттің
басқару органдары құрылады. Олар мемлекет билігін іске асырып жергілікті
тұрғындарды басқарады. Сонымен мемлекеттің орталық және жергілікті
органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және
жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы
мемлекеттің құрылым нысаны деп аталады. Мемлекет әкімшілік-аумақтық
құрылымына орай унитарлы, федеративті, конфедеративті болып келеді. Бүгінгі
таңда дүние жүзінде көп тараған, аумақтық-әкімшілік ұйымдастырылуы
қарапайым болып табылатын ол унитарлы басқару нысаны не болмаса унитарлы
мемлекеттер деп атауға болады. Унитарлы мемлекет өз ішінде ауыл, аудан,
қала, облыс, аймақ т.б. секілді әр түрлі әкімшілік-аумақтарға бөлінгенімен
олардың өзіндік саяси еркіндігі болмайды. Унитарлы Мемлекеттің негізгі
белгілеріне: құзыреттері жергілікті жердегі билікпен шектелмей бүкіл
мемлекет аумағына тарайтын, жалпы елге ортақ заң шығару (өкілетті), атқару
және сот органдарының болуы; жалпы мемлекеттік, халықтық деңгейде әрекет
жасайтын құқық және ақша жүйелерінің тұтастығы; мемлекеттің жоғарғы,
орталық билік органдарының алдында жергілікті жердегі ауыл, аудан, қала,
облыс, аймақ т.б. сияқты әкімшілік бірлестіктер ешқандай артықшылығы жоқ
тең заңдық мәртебеде болады; бүкіл унитарлы мемлекеттің аумағына ортақ,
барлық әкімшілік бірлестіктерге міндетті біртұтас заңдардың болуы. Сонымен
унитарлы мемлекет деп өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ
әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекетті айтамыз.
Жер шарының 1 млрд-тан астам адамы мекендейтін 24 елінде федеративті
басқару сақталған. Олардың қатарына АҚШ, Канада, Германия, Австралия,
Швейцария, Бельгия, Австрия, Бразилия, Аргентина, Мексика, Венесуэла,
Индия, Пакистан, Нигерия, Малайзия, Біріккен Араб Эмираттары, Комор
аралдары, Ресей, Югославия мемлекеттері т.б. жатады. Федеративті мемлекет —
орталық пен жергілікті жердегі билік органдарының қарым-қатынастары ортақ
конституциямен бекітілген билік нысаны мен құзыретінің бөлінуіне
негізделген, салыстырмалы мемлекет тектес бірлестіктерден құралған тұтас
одақтас мемлекет. Жоғарыда айтылғандай, кез-келген мемлекетте негізгі карым-
қатынастар билік, коғам және жеке адам арасында қалыптасады. Аталған үш
жақты өзара қарым-қатынастардың сипаты мен тәсілдері сол елдегі,
мемлекеттегі өмір сүріп отырған саяси режимнің (тәртіптің) тұрпаттарына
тікелей байланысты болады. Сондықтан саяси режим (тәртіп) дегеніміздің өзі
мемлекеттік биліктің іске асырылуының амал-айла, әдіс, тәсілдерінің
жиынтығы. Мемлекеттік биліктің іске асырылуының тәсіліне орай билік, қоғам
және жеке адам арасындағы қатынастың сипаты анықталады. Осы тұрғыдан
қарағанда саяси режимнің тұрпатына қарай мемлекет нысаны жағынан
демократиялық емес (тоталитарлы, авторитарлы режімдер) және демократиялық
(президенттік, парламенттік) болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Тоталитарлық латын тілінен аударғанда толық, тұтас деген мағына
береді. Сонда тоталитарлықтың барысында бүкіл қоғам мен жеке адам өмірінің
барлық жағы тұтастай мемлекеттік қолына, бақылауына шоғырландырылады. Бір
сөзбен айтсақ, барлығы мемлекет үшін, барлығы мемлекеттің ішінде,
мемлекетке қарсы, мемлекеттен тыс ешнәрсе болмауы тиіс, мемлекет мүддесі
басқа субъектілердің мүддесінің көрінісі, жиынтығы, шоғырланған шоқтығы.
Тоталитаризмнің сталинизм, гитлеризм, фашизм деген сияқты түрлері бар.
Батыс Еуропа саясаттану ғылымында тоталитаризмнің төмендегідей бірнеше
белгілері көрсетіледі: бір ғана бұқаралық партия; бір идеологияның
үстемдігі; бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттін үстемдігі; экономиканы
басқару мен бақылаудың орталықтанған жүйесі; жаппай саяси қуғын-сүргін.
Авторитаризм көп жағдайда тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезең
ретінде қарастырылады. Сондықтан авторитаризм тұсында көппартиялылық,
меншіктің көптүрлілігі, біртұтас идеологияның болмауы, бұқаралық ақпарат
құралдарына мемлекеттен тыс үстемдіктің пайда болуы т.с.с. өзгерістер
қалыптаса бастайды.
Мемлекеттік билікті, оның қызметтері мен міндеттерін іске асыру үшін
белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері
іске асырылатын мемлекеттік органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз.
Мемлекет механизмі төмендегідей бөлшектерден тұрады: мемлекеттік аппарат;
мемлекеттік ұйымдар, мекемелер; мемлекеттік кәсіпорын; ақша-қаржы қоры.
Мемлекет бүкіл қоғамдық қатынастарды реттеуге және халықты басқару
барысында өзіне тән бірнеше қызметтер атқарады. Мемлекеттің қызметі
дегеніміз оның мәні мен табиғаты көрінетін іс-әрекетінің басты бағыты.
Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, әлеуметтік топтарға, жеке
адамдарға немесе баска мемлекеттерге бағытталады. Мемлекеттің қызметтеріне
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, мәдени-тәрбиелік, саяси, табиғатты
қорғау, әскери, қорғаныс, халықаралық қылмыспен күрес т.б. жатады.
Мемлекеттің қызметтері бірнеше топтамаларға бөлінеді. Мысалы мемлекет
қызметінің маңыздылығына қарай олар негізгі және қосымша, уақыт жағынан
тұрақты, уақытша, кеңістіктегі әрекетіне байланысты: жалпы мемлекеттік
(жалпы ұлттық) және аймақтық, жалпы маңызды мақсаттардың атқарылу саласына
байланысты: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекеттік қызметтері — мәні мен қажеттілігін білдіретін мемлекеттің
іс-әрекетінің негізгі бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған
ортаға, әлеуметтік топтарға, тұлғаларға, басқа мемлекеттерге бағытталған
белсенділігінің әр түрлі көрінісі. Қоғамдық қатынастарды тәртіпке
келтіретін және реттейтін мемлекеттік ықпал жасау құралдарын шартты түрде
құқықтық және ұйымдастырушылық деп екіге бөлуге болады. Мемлекет қызметінің
құқықтық нысанда іске асырылуына құқық шығару, құқық қолдану және құқық
қорғау жатады. Құқық шығару қызметі нормативтік құқықтық актілерді
санкциялау, жасау, қабылдау, ескілерінің күшін жою сияқты мемлекеттің іс-
әрекетінен көрінеді. Мемлекеттің құқық қолдану қызметі дегеніміз
қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді іске асыруды қамтамасыз етуге
бағытталған шаралар қолдануы. Құқық қорғау қызметі қабылданған нормативтік
құқықтық кесімдердің дұрыс орындалуын және сақталуын қадағалау, бақылау
және құқық бұзушыға мәжбүрлілік шарасын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет қызметінің ұйымдастырылу арқылы жүзеге асырылу нысаны не
әдісі тұрғындардың іс-әрекетінің жағдайына ықпал жасау болып табылады.
Мемлекет жалпы мемлекеттік, ұлттық, жергілікті деңгейлердегі маңызы бар
істерді жүзеге асыру үшін тұрғындарды жұмылдырады, ұйымдастырады. Осы
мақсатта әр түрлі саяси шешімдер, бағдарламалар қабылданады.
Аталғандардан басқа да мемлекет төмендегідей қызметтер атқарады: құқық
қорғау, құқықты іске асыру, құқыққа түсінік беру, құқық белгілеу, заң
қабылдау, өкім, үкім шығару, жаза тағайындау, қауіпсіздікті сақтау,
қылмыспен күрес, адам, азамат құқығын, бостандығын қорғау, халықаралық
ланкестікпен күрес, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық мәдени-тәрбиелік,
саяси, табиғатты қорғау, сыртқы істерді жүргізу, қорғану т. б.

1.1.Құқықтық мемлекет

Мемлекеттік биліктің ықпалын, күшін құқықпен шектеу керек деген
пікірлер ерте дүниеден бері айтылып келеді. Аталған пікірлер Еуропадағы
ХҮII-ХҮIII ғасырлардағы абсолюттік монархияның күшеюі кезеңінде құқықтық
мемлекеттің теориясы болып қалыптасты. Бұл теория адамдардың табиғи
жаратылғандағы құқықтары мен бостандықтарын басты мұрат ретінде
қарастырады. Осындай адамдардың жаратылыстық, табиғи құқықтарының
арасындағы ең маңыздыларының бірі адамның меншік құқығы. Белгілі бір
мүліктің яғни меншіктің иесі болу адамның бостандығының, еркіндігінің,
тәуелсіздігінің көкжиегін кеңейтеді. Өмір сүруінің материалдық
алғышарттарын қалыптастырады.
Адамның осындай табиғи құқықтарының бірі өмір суру құқығы. Бұл
дегеніміз тек қана тәннің өмір сүруі мен жеке бастың қауіпсіздігі кепілдігі
ғана емес, бақытты тұратындай өмір сүру, әр адам өз өмірінің шын мәніндегі
қожасы болатындай, өзінің өмірдегі мақсаты мен арманын өз бетімен анықтай
алу мүмкіндігі мен еркіндігі.
Адамның табиғи құқықтарының бірі ол бостандық, еркіндік құқығы. Оның
мәні адамды ешкімнің құлдыққа, бодандыққа салуға, соттың үкімінсіз бас
бостандығынан айыруға не шектеуге, заңсыз мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Мемлекеттің барлық типтеріне тән ортақ белгілерімен қоса, құқықтық
мемлекет өзіне тән өзгешеліктерімен ерекшеленеді.
Біріншіден, құқықтық мемлекетте адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының кепілдігі мен мызғымастығы толық сақталады. Бұл дегеніміз
мемлекет адам мен жеке тұлғаның белгілі бір еркіндік шеңберін мойындап, ол
аумаққа қол сұқпауға тырысады. Яғни мемлекет биліктің жасауына рұқсат
берілмесе, оған биліктің араласуына тыйым салынады деғен қағиданы
ұстанады. Мысалы хат алысу, телефонмен сөйлесу құпиялары, жүріп тұру, көшіп-
қону еркіндігі, жеке басына қол сұқпау т.б. адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарына мемлекет қол сұқпауы тиіс. Тек қана заңда белгіленген
ерекше жағдайларда ғана аталған шаралар құқық аясында жүргізілуі мүмкін.
Екіншіден, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары, билік пен жеке
адамның арақатынасы халықтың егемендігін мұратына негізделеді. Халықтың
егемендігі дегеніміз, халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып
табылуында. Сондықтан мемлекеттің ең жоғарғы органдары мен лауазымдары,
халықтың сайлау, дауыс беруі арқылы құрылады. Мысалы Қазақстан
Республиқасының Президенті, Парламенті депутаттары сияқты жоғарғы
мемлекеттік лауазым мен органдар бүкілхалықтық сайлау барысында
қалыптасады.
Үшіншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен
қамтамасыз етудің құралы мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот
билігі сияқты тармақтарға бөлініп атқарылуы. Егер мемлекеттік билік аталған
тармақтарға бөлінбей бір орталықтанып кетсе не бір адамның, белгілі бір
топтың қолына шоғырланған жағдайда адам мен азаматтың құқықтары,
бостандықтары шектеліп, нұқсан келтірілген болар еді.
Төртіншіден, құқықтық мемлекет өмірдің барлық саласында құқықтың үстем
болуымен сипатталады. Мемлекетгік органдар мен қызметкерлердің, лауазымды
адамдардың және де қарапайым жеке тұлғалардың іс-әрекеттерінің барлығы
құқыққа негізделген жағдайда құқықтық мемлекеттің құрылымы беки түседі.
Азаматтарға тыйым салынбағанның барлығын жасауға болады деген қағидамен
өздерінің әрекетін өлшеп-пішуге мүмкіншілік туады.
Бесіншіден, мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі нығаяды.
Жеке тұлға өзінің мемлекет алдындағы міндеттерін бұлжытпай орындаса,
мемлекет те өз тарапынан адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары
бұзылмай сақталуын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, заңның дұрыс
орындалуын, азаматтардың міндеттерінің атқарылуын қадағалайды, бақылайды.
Осы аталған қарым-қатынастар тек қана құқықтың, заңдардың шеңберінде,
аясында реттеліп отырады.
Сонымен құқықтық мемлекет дегеніміз адамның мемлекетпен және басқа
адамдармен қарым-қатынасы барысында құқықтық қорғалуына, бостандығына,
әділдікке кепілдік берілуі арқылы мемлекеттің биліктік ықпалы шектелетін,
мемлекет пен жеке адам арасындағы құқыққа негізделген байланыстың тәсілі.

2. Құқықтың негізгі ұғымдары мен санаттары

Құқық - қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп,
қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар
жүйесі.
Құқықты кім жасайды және ол кімге қызмет етеді? деген сұраққа жауап
беруге талпынудан құқықтың мәні білінеді. Құқықтың мәнін түсіндірудің екі
жолы қалыптасқан: таптық, жалпы әлеуметтік. Құқықтың таптық мәні - құқықты
қоғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп
түсіну. Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні - құқықты қоғамды ұйымдастырып,
татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі
деп түсіндіру.
Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып екі топқа бөлінеді.
Құқықтың жалпы белгісіне ең алдымен оның әлеуметтік-тарихи табиғаты жатады,
яғни құқық белгілі бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың
жемісі. Құқықтың ерекше белгілері: нормативтілігі, жүйелілігі, жалпы
міндеттілік сипаты, формальды айқындылығы, рәсімділігі, бір тұлғаға ғана
бағытталмағандығы, бір әрекетгі еместігі, мемлекетпен байланыстылығы.
Құқықтың нормативтілігі дегеніміз рұқсат берудің, тыйым салудың және
міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез-құлықтың жалпы көлемін
бекіту. Құқық тек қана қарапайым нормалардың жиынтығы емес, керісінше бір-
бірімен тұтас байланыстағы мінез-құлық ережелерінің жиынтық жүйесі. Аталған
жүйенің негізін баптарына басқа заңдар мен құқықтық нормалар баптары қарама-
қайшы келмейтін Конституция немесе басты заңдар құрайтын байланысты
құқықтың жүйелілігі деп айтамыз.
Құқықтың жалпы міндеттілік сипаты, оның нормаларының талаптарын
қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігінен
көрінеді. Құқықтың нормалары мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде
бекітіледі, яғни формальды түрде айқындалады. Құқықтық нормативтік
актілердің, заңдардың қабылдану, іске асырылу және орындалу тәртібінің
белгіленген рет жосықтылықпен реттелуі құқықтың рәсімділігі деп аталады.
Құқық тек бір ғана тұлға емес, адамдардың үлкен топтарының, халықтың,
ұлттың, тұрғындардың ортақ мүдделерін іске асыруға, құқықтарын қорғауға
бағытталуы оның келесі ерекшелігіне жатады.
Құқықтың нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінің күшін жойғанша
үнемі күшінде болатындығы құқықтың бір әрекетті емес белгісіне жатады.
Құқықты мемлекет белгілеп, айқындайтындықтан, ол тек қана мемлекетпен тығыз
байланыста болады.
Жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және
мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы
құқықтың дерек (қайнар) көздері деп аталады. Құқықтың дерек көздерінен
құқықтың нысандарын (формаларын) айыра білу керек. Біріншіден, құқықтың
көздері әрқашан құқықтық нысан түрінде инститталған, ал құқық нысаны құқық
шығару (құқық қабылдау) істің нәтижесі. Екіншіден, адамдардың мінез-құлығын
құқықтың нысанына сіңген құқық ережелері анықтайды, реттейді.
Құқықтану, құқық негіздеріне байланысты әдебиеттерде құқықтың алты
деректік көздері көрсетіледі: құқықтық дәстүр; нормативтік кесім; соттық
үлгі; шарт (соның ішінде әкімшілік); сот практикасын байыту; ғылыми
құқықтық доктрина. Құқықтың ең алғашқы тарихи қайнар кездерінің бірі бұл
құқықтық дәстүр, адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған,
сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық
ережелерінің жиынтығын құқықтық дәстүр деп атаймыз. Дәстүр мемлекет пайда
болған кезде ғана құқықтық сипатқа ие болады. Себебі дәстүр мемлекеттің
қолдауына сүйеніп жалпыға бірдей міндеттілікке айналады.
Құқықтың қайнар көздерінің тағы бірі доктрина болып табылады. Доктрина
деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер
жүйесі деген мағына береді. Мысалы діни доктринаға сүйеніп біршама қоғамдық
қатынастар құқықтық сипатқа ие бола алады. Нақтырақ айтсақ, ислам дінінде
құранның, шариғаттың көмегімен кейбір отбасы-некелік, мүліктік және де
басқа даулар қаралып шешілген. Сонда шариғаттық доктринаға негізделіп
қабылданған шешім заң деп есептелген.
Құқықтың қайнар көзіне келесі бір құқықтық іске өнеге болатын құқықтық
үлгі де жатады. Құқықтық үлгінің соттық және әкімшілік сияқты екі түрі
болады. Төменгі деңгейдегі немесе сол дәрежедегі басқа соттарға осыған
ұқсас істерді қарағанда өнеге болатын соттың белгілі бір іс бойынша
қабылдаған шешімі соттық құқықтық үлгі деп аталады. Осыған ұқсас істерді
қарағанда өнеге болатын әкімшілік органның немесе әкімшілік соттың белгілі
бір іс бойынша қабылдаған шешімі әкімшілік құқықтық үлгі деп аталады.
Барынша көп тараған құқықтың қайнар көздерінің бірі, мінез-құлықтың жалпы
міндетті ережесі, мемлекеттің органдары жасаған не бекіткен ресми іс-
құжаттардын жиынтығы нормативтік-құқықтық актілер болып есептеледі.
Нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган
немесе мемлекеттін лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды
белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата
тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік құқықтық
актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық
актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар
жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық
жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының
нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, жоғарғы Сотының
және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік
қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық
мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
7-1) орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының
нормативтік құқықтық бұйрықтары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің
нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтіқ құқықтық шешімдері.
Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық
бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық
бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық
акт;
3) қағида қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір
саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.
Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі
нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және
олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің
нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің
деңгейімен анықталады.
Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президенті не
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық
органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім
уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық
актілер шығаруға құқығы жоқ. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер
болып табылмайды. Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан
ең жоғары тұрған Қазақстан Республикасы Конституциясы қалған нормативтік
құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін
деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан
Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары;
2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстері;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының
нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік
органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық
мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары және Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
7-1) орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының
нормативтік құқықтық бұйрықтары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің
нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары
деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тыс
тұрады.
Әкімшілік-аумақтық бөліністер мәслихаттарының нормативтік құқықтық
шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдерінің
нормативтік құқықтық шешімдерінің сатысы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң актілерімен
белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары
тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық
өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келуге тиіс емес. Егер
нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу
туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер
тікелей қолданылады. Күшіне енген нормативтік құқықтық актілерді қолдану
үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді. Егер нормативтік
құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша
нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл
норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады.
Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарға
бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
Нормативтік-құқықтық актілердің бірі кодекс. Кодекс дегеніміз
біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп,
жүйеге келтірілген заң. Қазақстан Республикасының кодекстері:
1) бюджеттік;
2) азаматтық;
3) азаматтық іс жүргізу;
4) неке-отбасы;
5) экологиялық;
6) су;
7) жер;
8) орман;
9) салық;
10) кеден;
11) көлік;
12) еңбек;
13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
14) әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты;
15) қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты;
16) қылмыстық іс жүргізу сияқты біртектес қоғамдық қатынастарды реттеу
мақсатында қабылданады.
Өзінің заңдық күші және маңыздылығы жағынан жетекші орынға ие
нормативтік-құқықтық актілердің бірі заңдар. Заңдар-белгіленген тәртіппен
қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Заң - қоғамдық
қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті және Қазақстан
Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт. Заң басқа
нормативтік-құқықтық актілерден заңдық күші жағынан жоғары тұрады.
Сондықтан басқа нормативтік-құқықтық актілер заңға қайшы келмей соның
аясында, шеңберінде әрекет жасайды. Заңдық күші бойынша заңдар
конституциялық заңдар, органикалық заңдар және қатардағы заңдар болып
бірнеше түрге бөлінеді.
Конституциялық заңдарға конституциялар және оған теңестірген заңдар
жатады. Конституциялық заңдар қоғамдық құрылыстың басты қағидаларын
анықтайтындықтан олар қоғам мен мемлекет дамуының барынша маңызды
мәселелерін қамтиды. Сондықтан конституциялық заңдар басқа заңдар үшін
құқықтық негіз болып табылады. Конституциялық заң дегеніміз Конституцияда
көзделген мәселелер бойынша Парламеттің әр Палата депутаттарының жалпы
санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданатын заң.
Органикалық заңдар құқықтың қайнар көзі ретінде Батыс Еуропа елдерінде кең
таралған. Бұндай заңдар негізінен мемлекет органдарының іс-әрекетін
реттейді және олардың қабылдануы аталған елдердің констиуцияларында
қарастырылған. Қарапайым заңдарды мемлекеттің заң шығарушы органдары немесе
елдердің президенттері қабылдайды.
Нормативтік-құқықтық актілер қатарына заңға тәуелді нормативтік
құқықтық актілер де жатады. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер заң
актілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң
актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған, өзге де
нормативтік құқықтық актілер. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер
заңға қайшы келмеуі қажет және олар заңдардың орындалуы үшін қабылданады.
Осындай заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге:
1) Қазақстанның бүкіл аумағында орындалуға міндетті болып табылатын
Республика Президентінің Заңдары, Жарлығы және өкімдері;
2) күнделікті өмірдің өзекті мәселелері бойынша қабылданған Үкіметтің
қаулысы мен өкімі;
3) құқық нормалары көрсетілген министрліктердің, мекемелердің бұйрығы
мен нұсқаулары;
4) жергілікті әкімшілік басшыларының қаулысы, шешімдері, өкімдері
жатады.
Құқық бөлшектерінің ұйымдастырылу және өзара байланысу тәртібін
көрсететін ішкі құрылымын құқықтың жүйесі деп атаймыз. Құқық жүйесі
төмендегідей бөлшектерден тұрады:
1) құқық салаларынан (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық,
экологиялық, іс жүргізу т.б.);
2) құқық институттарынан (сайлау институты, меншік институты,
қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату институты т.б.);
3) құқық нормаларынан (диспозиция, гипотеза, санкция).
Құқық салалары - өзінің сипаты жағынан бірдей болып табылатын қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың барынша іріленген жиынтығы.
Құқық институттары құқықтың белгілі бір саласының шеңберіндегі
нормалардың жиынтығы.
Құқық нормасы (құқықтық норма) — нормативтік құқықтық актіде
тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген
ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-
құлық ережесі. Құқықты іске асыру, құқық қолдану, құқыққа түсінік беру,
құқықтық қатынас, құқықтық тәртіп, құқық бұзушылық, құқықтық жауапкершілік,
заңдылық.
Құқық қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейді. Құқықтың
қоғамдағы адамдардың қатынасын реттеуі қызметі құқықтық нормалар қоғамдық
практикаға, адамдар мен ұйымдардың, органдардың іс-әрекетіне енген жағдайда
толық орындалады. Құқық адамдардың әрекеті, қылығы, мінездері арқылы іске
асырылады. Сонымен құқықтың іске асырылуы деп құқықта бекітілген
субъективтік құқықтар мен адамдардың заңды мінез-құлықтарында заңды
міндеттердің орындалуы арқылы құқықтың нормаларының өмірге енгізілуін
айтамыз. Құқықтың іске асырылуына заңға сәйкес мінез-құлық, әрекет жатады,
ал теріс мінез-құлық құқықтың талаптарын бұзушылық болып табылады. Құқық
нормалары талаптарының сипатына қарай заңға сәйкес мінез-құлық тыйым
салынған, міндеттейтін, құқық беретін болып үшке бөлінеді.
Құқық теориясында құқықтың іске асырылуының құқық бұзбау, құқық
орындау, құқық пайдалану сияқты үш формасы (нысаны) көресетіледі. Құқықтың
іске асырылуының аталған тура формаларына құқықтық реттеудің тыйым салу,
міндеттеу және рұқсат беру сияқты үш тәсілі сәйкес келеді. Құқықты бұзбау,
құқықты орындау, құқықты пайдаланулардың құқықтың іске асырылуының тура
формаларына жататын себебі, оларды құқықтың субъектілері мемлекеттің
көмегіне жүгінбей-ақ, өздерінің құқыққа, заңға сәйкес мінез-құлықтарымен
іске асырады. Егер де адамдар, ұйымдар арасындағы қарым-қатынастарда
құқықтың іске асырылуы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттің араласу
қажеттілігі туады. Бұл жағдайда құқықтың іске асырылуының құқық қолдану
сияқты ерекше формасы туындайды. Құқықты биліктік өкілеттілігі бар органдар
мен лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдары, құқық қолдануға құзыреті
бар басқа да мекемелер қолданады. Азаматтар тек өздерінің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлекет қағидаларын қарастыру
Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру мәселелері
Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары
ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
Құқықтық мемлекеттің белгілері
Қазақстан Ресубликасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Конституциядағы құқықтық мемлекет белгілері
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТАРЫ
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Құқықтық мемлекет: ой тұжырымынан жүзеге асыруға дейін
Пәндер