Үмбетбай Уайдин – публицист, сатирик


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..3
I Ү. Уайдин . публицист ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.1 Үмбетбай Уайдин публицистикасының бастаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Публицистикалық жазбаларының тәрбиелік мәні (мәдени, әдеп жазбалары негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ІІ Үмбетбай Уайдин және қазақ сатирасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

2.1. Ү. Уайдин . сатирик, фельетонист ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.2. Ғалым, ұстаз Ү. Уайдинннің баспасөздегі шығармашылық
портреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Бітіру жұмысының өзектілігі. Қоғамдағы үнемі ұшырасып отыратын көптеген келеңсіздіктерге тұсау салып, тосқауыл қояр сатира жанры – өмірдің өткір қанжары іспетті. Сатирадай өткір қанжарды екінің бірі батылы жетіп ұстауға дәті бармағандықтан, оны ілуде біреулер ғана ұстауға дәрмен танытады. Ондай адамдарды бүгінгі күн тұрғысынан сатириктер деп атап жүрміз. Қазақ баспасөзіндегі сатираның өрлеп, өркендегеніне біраз уақыттын жүзі болды. Әлі де кемелденіп, көкжиекті кеңіту керек. Осы аралықта сатира садағын асынған бірнеше сатириктерді өмірдің өзі тәрбиелеп шығарды.
Сатираны көп зерттеген, бұл түрдің үлкен теоретигі Я. Эльсберг: «Сатира – болмысты әдебиет пен өнерде көрсетудің бір әдіс-тәсілі», - дейді [1]. Ал, А.П. Квятковский: «Сатира – болмыстағы жағымсыз құбылыстарды сынап, әшкерелеуді, күлкі етуді мақсат етіп қарасөзбен немесе өлеңмен жазылатын көркем әдебиеттің түрі», - деп бағалайды [2].
Бұл бағдарда әрине, қазақ сатирасы қашанда алдыңғы саптан көрініп отырды. Сатираның тақырыптық диапозоны аса өрісті: тұрмыс, мінез көріністері, қоғамдық өмір мен саясаттағы келеңсіздік, адамшылықтан ауытқу, т.б. оның қырағы көзінен қашан да тыс қалмайтын. Жалпы сөз өнерінің, оның ішінде сатираның негізгі өзекті мәселесі қоғамдағы келеңсіздіктер мен адам бойындағы мінез-қылықтарындағы кемшілікерді уақытында тауып, «емдеп» отыратын құдіреттілігінде дей аламыз. Сондықтан кезең-кезеңімен, дәуір-дәуірімен сатираның даму бағытын зерттеп, ондағы ірі сатирик тұлғалардың шығармашылығын жан-жақты саралап отыруы отандық ғылымның да, қоғамның да талабы деп түсінеміз.
«Үмбетбай Уайдин – сатираның майын қанып ішкен адам. Қазақ сатирасының негізін салушылардың бірі. Ол тілі уытты көптеген шығармаларды дүниеге әкелді. Қазақ сатирасының алтын қоры деуге де болады»,- деп Сейіт Кенжеахметов баға берген Уайдиннің сатиралық сипаттағы шығармаларын, публицистік еңбектерін қалың жұртшылық оқып, көріп жүр. Жазған еңбектері баспасөз беттеріне жарияланып, жеке жинақ болып бірнеше мәрте жарық көрді. Бірақ, осы уақытқа дейін сатирик, қаламгердің шығармалары ғылыми негізде талданып, жүйеленген жоқ. Сол себепті біз оның сатириктік, публицистік қырын аша отырып, қаламгердің журналистикаға қосқан үлесін көрсетуді ниет еттік. Ү. Уайдаұлының әр жанрдағы сатирасы, публицистикалық, эстетикалық мақалалары кез-келген болашақ журналист үшін, сатира саласында жүргендер үшін пайдасы мол үлгі болары анық. Оның әр уақытта жазған дүниелері қазақ публицистикасына бөлек сипат, сатирасына соны соқпақ салғандай болды. Этикалық пайым-парасатқа толы мақалалары да көптеген оқырмандардың керегіне айналары даусыз.
1960-70 жылдары қазақ сатирасына келген Ж. Алтайбаев, С.Адамбеков, С.Әлжіков, Ғ. Қабышев, Ш. Смаханұлы, О. Әубәкіров, Е. Домбаевтармен
1. Эльсберг Я. Вопросы теорий сатиры. М., 1957, с. 27.
2. Квятковский А.П. Поэтический словарь. М.: Сов. Энциклопедия. 1966, с 253.
3. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989.
4. Аграновский А. Своего дела мастер. – М., 1980. 5 б.
5. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978. 128 б.
6. Уайдин Ү. Өмірге құштарлық. Алматы: Жалын, 1985.
7. Көпен Ә. Із. –Алматы: Білім, 2005, 18-19 бб.
8. Қожакеев Т. Таңдамалы шығармалар. Алматы: ҚазАқпарат. 137 б.
9. Соғыстан кейінгі жылдардағы М.О. Әуезов публицистикасы. Ғылыми басылым. Алматы, 223-224 бб.
10. Уайдин Ү. Быды-быды. – Алматы: Жалын, 1982. 59 б.
11. www.Qamal.kz сайты
12. Қалмырзаев Ә. Өз елімде зиялылар бар //Ана тілі, №49-50. 5 желтоқсан 2007.
13. Уайдин Ү. Әдеп әлемі. Алматы: Ана тілі, 2007. 51 б.
14. Аханбайқызы А. Қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыз //Айқын, №223. 29 қараша 2007.
15. Тоқтаров Т. Сұхбат //Қазақ әдебиеті, 24 шілде, 1998.
16. Байгелді Ә. //Егемен Қазақстан, 25 желтоқсан, 1998.
17. Мәдина апайға мың да бір рахмет. //Жас Алаш, 16 қараша 2000.
18. Ұстаз. №5-6, 16 ақпан, 2011.
19. Құлиев Ж. Арыл жаман әдеттен, сахи халқым! // Жұлдыз. №8, 2008. 39 б.
20. Гегель. Соч.: в 10-ти т. – М., 1940-Т XIII. - 350 с.
21. Сатира. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік / Құраст:. Ғабитов. Т., Құлсариева А. және т.б. – Алматы: Раритет, 2004. -320 б.
22. Белинский В.Г. Собр. Сочинений в 3-х томах. т. Ш, М. 1948, с. 112.
23. Уайдин Ү. Алло, бұл кім?. Алматы: Өнер, 1991. 23 б.
24. Әдебиеттануға кіріспе. Алматы: Ана тілі. 1991. 127 б.
25. Жұмабекқызы А. Заман және жастар //Адам ата – Хауа ана. №12, (69) желтоқсан, 2005.
26. Әбілқызы К. Ұстаздардың ұстазы //Журналист, №7, 18 қараша 2005.
27. Уайдин Ү. Сырымды айтайыншы. Алматы: Баянжүрек, 2010. 387 б.
28. Мәндібай Т. Ақтөбе. 14 желтоқсан 2010.
29. Әбділда Ж. Бюрократтардың Үмбетбай ағайдай ұстазы болмаған ғой //Жас Алаш. №116, 28 қыркүйек, 2002.
30. Бейсенбекұлы Д. Бүгінгі мектептегі педагогикалық тәрбие //Қазақстан мұғалімі, 2 қыркүйек, 2006.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – А., 1996.
2. Уайдин Ү. Өмірге құштарлық. Алматы: Жалын, 1985.
3. Көпен Ә. Із. –Алматы: Білім, 2005, 18-19 бб.
4. Скуленко М.И. Журналистская пропаганда. – Киев, 1998.
5. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы: 1988.
6. Амандосов Т. Журналист және өмір. - Алматы: Қазақстан, 1967.- 280.
7. Амандосов Т. Қазақ совет баспасөзінің жанрлары. – Алматы: Мектеп, 1968.- 244б.
8. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974. 118б.
9. Ахметов З. Өлең - сөздің теориясы.- Алматы, Мектеп, 1973.
10. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1993. – 534б.
11. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы: Қазкемкөркемәдеб, 1964. -264б.
12. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: 1989.
13. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. – Алматы.
14. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Жібек жолы, 2005.
15. Барманқұлов М. Телевидение: деньги или власть? – Алматы: Санат, 1997 – 272б.
16. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. - Алматы: Санат, 1994. - 448б.
17. Кольцов М. Писатель в газете. – Мәскеу, 1961.
18. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері.- Алматы: Мектеп, 1970. - 380б.
19. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 357б.
20. Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 237б.
21. Прохоров Е. Публицист и действительность. - Мәскеу: МГУ, 1973.
22. Шостак Н. Журналист и его произведение. Мәскеу, 1998.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 88 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..3
I Ү. Уайдин –
публицист ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..3

1.1 Үмбетбай Уайдин публицистикасының
бастаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ..6
1.2. Публицистикалық жазбаларының тәрбиелік мәні (мәдени, әдеп жазбалары
негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...23

ІІ Үмбетбай Уайдин және қазақ
сатирасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

1. Ү. Уайдин – сатирик,
фельетонист ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
37
2. Ғалым, ұстаз Ү. Уайдинннің баспасөздегі шығармашылық
портреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .63

СІЛТЕМЕЛЕР
КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының өзектілігі. Қоғамдағы үнемі ұшырасып отыратын
көптеген келеңсіздіктерге тұсау салып, тосқауыл қояр сатира жанры – өмірдің
өткір қанжары іспетті. Сатирадай өткір қанжарды екінің бірі батылы жетіп
ұстауға дәті бармағандықтан, оны ілуде біреулер ғана ұстауға дәрмен
танытады. Ондай адамдарды бүгінгі күн тұрғысынан сатириктер деп атап
жүрміз. Қазақ баспасөзіндегі сатираның өрлеп, өркендегеніне біраз уақыттын
жүзі болды. Әлі де кемелденіп, көкжиекті кеңіту керек. Осы аралықта сатира
садағын асынған бірнеше сатириктерді өмірдің өзі тәрбиелеп шығарды.
Сатираны көп зерттеген, бұл түрдің үлкен теоретигі Я. Эльсберг: Сатира
– болмысты әдебиет пен өнерде көрсетудің бір әдіс-тәсілі, - дейді [1].
Ал, А.П. Квятковский: Сатира – болмыстағы жағымсыз құбылыстарды сынап,
әшкерелеуді, күлкі етуді мақсат етіп қарасөзбен немесе өлеңмен жазылатын
көркем әдебиеттің түрі, - деп бағалайды [2].
Бұл бағдарда әрине, қазақ сатирасы қашанда алдыңғы саптан көрініп
отырды. Сатираның тақырыптық диапозоны аса өрісті: тұрмыс, мінез
көріністері, қоғамдық өмір мен саясаттағы келеңсіздік, адамшылықтан ауытқу,
т.б. оның қырағы көзінен қашан да тыс қалмайтын. Жалпы сөз өнерінің, оның
ішінде сатираның негізгі өзекті мәселесі қоғамдағы келеңсіздіктер мен адам
бойындағы мінез-қылықтарындағы кемшілікерді уақытында тауып, емдеп
отыратын құдіреттілігінде дей аламыз. Сондықтан кезең-кезеңімен, дәуір-
дәуірімен сатираның даму бағытын зерттеп, ондағы ірі сатирик тұлғалардың
шығармашылығын жан-жақты саралап отыруы отандық ғылымның да, қоғамның да
талабы деп түсінеміз.
Үмбетбай Уайдин – сатираның майын қанып ішкен адам. Қазақ
сатирасының негізін салушылардың бірі. Ол тілі уытты көптеген шығармаларды
дүниеге әкелді. Қазақ сатирасының алтын қоры деуге де болады,- деп Сейіт
Кенжеахметов баға берген Уайдиннің сатиралық сипаттағы шығармаларын,
публицистік еңбектерін қалың жұртшылық оқып, көріп жүр. Жазған еңбектері
баспасөз беттеріне жарияланып, жеке жинақ болып бірнеше мәрте жарық көрді.
Бірақ, осы уақытқа дейін сатирик, қаламгердің шығармалары ғылыми негізде
талданып, жүйеленген жоқ. Сол себепті біз оның сатириктік, публицистік
қырын аша отырып, қаламгердің журналистикаға қосқан үлесін көрсетуді ниет
еттік. Ү. Уайдаұлының әр жанрдағы сатирасы, публицистикалық, эстетикалық
мақалалары кез-келген болашақ журналист үшін, сатира саласында жүргендер
үшін пайдасы мол үлгі болары анық. Оның әр уақытта жазған дүниелері қазақ
публицистикасына бөлек сипат, сатирасына соны соқпақ салғандай болды.
Этикалық пайым-парасатқа толы мақалалары да көптеген оқырмандардың керегіне
айналары даусыз.
1960-70 жылдары қазақ сатирасына келген Ж. Алтайбаев, С.Адамбеков,
С.Әлжіков, Ғ. Қабышев, Ш. Смаханұлы, О. Әубәкіров, Е. Домбаевтармен бірге
осы жанрдың ыстығына күйіп, суығына тоңған Үмбетбай Уайдин сатира
қоржынына салар олжасын салды, әлі де сала бермек. Қоғамда кездескен кейбір
кемшіліктерді уытты ирониясымен, сарказмды сатирасымен өткір сынаған
сатирик публицистикаға да ерекше еңбек етті. Оған дәлел – кітаптарында,
баспасөз беттерінде жарияланған туындылары. Бірақ сатирик шығармашылығы
ғылыми тұрғыда бұған дейін зерттелмеді. Ү. Уайдиннің сатиралық һәм
публицистикалық еңбектеріне ғылыми түрде талдау жасап, бүгінгі күн
тұрғысынан таразылау – біздің парызымыз іспетті.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл бітіру жұмысында сатирамыздың ірі
өкілі Үмбетбай Уайдиннің сатириктік жолының дамуы мен қалыптасу кезеңдерін,
сатириктік, публицистік қызметінің ерекшеліктерін саралау арқылы
журналистикаға қосқан үлесін анықтау, қаламгер ретінде журналистиканың,
әдебиеттің өрістеуі үшін жазған шығармаларын жанрлық, тақырыптық тұрғыда
талдау-таразылау мақсат етілді. Ү. Уайдиннің еңбектерін айқындау мен
саралау үшін алдыға мынадай міндеттер қойылды.
– Ү. Уайдиннің сатираға келу жолын көрсету;
– Уайдиннің сатиралық шығармаларын жанрлық, тақырыптық табиғатына
қарай жіктеу;
– Ү. Уайдиннің сатиралық, публицистік шығармашылығының басты
сипатын, негізгі ерекшелігін ашып көрсету;
– Сатириктің публицистика саласында журналист этикасына, халық
әдебінің қалыптасуы мен кемелденуіне қосқан еңбегіне шынайы баға
беру;
– Уайдаұлы публицистикасының оқушыларына берер тәрбиелік мәнін
ғылыми тұрғыда бағдарлау.
Зерттеу әдістері. Жұмыста баяндау, шолу, салыстырмалы талдау,
жинақтау, қорыту әдістері қолданылды. Бітіру жұмысының негізгі бағыттары–
сатиралық, журналистік және публицистік сипатта өрбіді.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Бітіру жұмысында негізінен
1969-2010 жылдар аралығындағы жарияланымдарды қарастыруымыздың мынадай
себептері бар:
Біріншіден, сатириктің көптеген туындылары Кеңес өкіметі кезінде
жазылды. Кейбірі – сол уақыттың сойылын соғып, Кеңестік режимнің қабағына
қараған дүниелер. Бұған сатирикті жазғыра алмаймыз. Ол кезде заман солай
болды. Сондықтан тәуелсіздікке дейінгі жарық көрген жазбалары мен
кітаптарына зер салдық.
Екіншіден, сәуелсіз ой қашан да ақиқатты айтады. Автордың
тәуелсіздіктен кейін жазған дүниелерінің көбісі осы заманның бет-бейнесін
көрсетеді. Сол себепті 2010 жылға дейін жазылған еңбектерін пайдаландық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ү. Уайдиннің жеке азаматтық тұлғасы,
қазақ сатирасындағы орны, әдебиетке қосқан үлесі туралы аз айтылған жоқ.
Әдеби көркем болмысын айқын көрсеткен автордың Өмірге құштарлық, Сырымды
айтайыншы және Көпен Әмір-бектің сықақшымен сыр-сұхбат жасаған Із
кітабын айырықша атап өтуге болады. Ал, сатирадағы орны, өрнегі туралы
зерттеуші ғалым Темірбек Қожакеевтің таңдамалы шығармаларының 7 томдығын
пайдаландық. Жанрлық, тақырыптық ерекшеліктерін зерттеу барысында Үмбетбай
Уайдиннің өз кітаптарына, атап айтсақ: Қара көзілдірік (1969), Құрдым
сиыр (1970), Ендігісін айтпаймын (1974), Ішің білсін (1976),
Контейнермен келген кемпір (1978), Тілсіз қоңырау (1980), Быды-быды
(1982), Нанайын ба, нанбайын ба? (1984), Особая столичная простокваша
(1984), Мәселе қайда жатыр? (1987), Алло, бұл кім? (1991), Пәлен-
пәштуан (1992), Атың кім, әй? (1995), Знакомство по обьявлению (1986),
Әумин (2001), Сен кімге күлесің? (2003), Біз былай байығанбыз (2005)
т.с.с. жүгіндік. Ал, журналистік, публицистік (Әдеп жайлы жазбалары) қырын
ашуға өзінің Өмірге құштарлық (1985), Әдеп әлемі (2008), Мәңгілік
мәселе (1993) атты еңбектері көмектесті. Қаламгер, сатириктің әдебиеттегі
портретін республикалық мерзімді басылымдар жазды.
Дегенмен де, Ү. Уайдаұлының сатириктік бейнесі ашылғанымен, оның
журналистік, публицистік жолы туралы әлі күнге толық деңгейде зерттеле
қойған жоқ. Сондықтан Уайдиннің сатириктік, журналистік, публицистік
қарымын зерттеуді нысанаға алып отырмыз.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Бұл – қазақ сатирасының ардагері, көрнекті
сатирик Үмбетбай Уайдиннің сатиралық, публицистік шығармашылығын арнайы
қарастырған тұңғыш еңбек. Зерттеу жұмысында сатирик-қаламгердің 1969 жылдан
осы уақытқа дейін жазған сатиралық, публицистикалық еңбектері қаралды.
Белгілі сатирик Үмбетбай Уайдиннің публицистік қырын ашу, оның ішінде
қаламгер публицистикасының тәрбиелік мәні, мәдени әдептілік жазбаларындағы
публицистикасын қарастыру, журналист этикасын зерттеуші ғалым екендігіне
арнайы дәлел келтіре отырып, оның сатириктік, публицистік қырын саралау
мақсат етілді.
Ү. Уайдиннің шығармашылық ерекшелігін айқындау мен саралау үшін
алдыға мынадай міндеттер қойылды:
– Ү. Уайдиннің баспасөзге келуі, сатира майданына араласуы.
– Ү. Уайдиннің публицистикасының, оның ішінде әдеп жайлы
жазбаларын талдау мен талқылау.
– Сатириктің ел білмейтін эстетик екенін ғылыми тұжырымдамалар
арқылы көрсету.
– Үмбетбай Уайдаұлының фельетондарындағы публицистика
элементтеріне талдау жасау, яғни сатириктің фельетонист-публицист екенін
анықтау.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, сілтемелерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ҮМБЕТБАЙ УАЙДИН – ПУБЛИЦИСТ

1.1. Үмбетбай Уайдин публицистикасының бастаулары. Қазақ
зерттеушілерінің ішінде публицистикаға тұңғыш анықтаманы Ахмет Байтұрсынов
өзінің Әдебиет танытқыш атты еңбегінде берді. А.Байтұрсынов публцистиканы
көсем сөз деген қазақ сөзімен төркіндестіреді. Көсем сөз шешен сөз сияқты
әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шағарылатын сөз. Шешен сөзден мұның
айырылатын жері – шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады.
Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем
сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып
істеу ыждағатымен айтылады [3].
Орыстың белгілі журналисі Анатолий Аграновскийдің айтуынша, қай жерде
ой болса, сол жерде публицистика белең алады. Публицистика ойға құрылуға
тиіс. Әдебиетші жазуға отырып, тақырыптың тамаша бұрылысын, жаңа сюжетті,
жаңа сөздерді іздеген кезде бұл ең алдымен, оқырманды ойдың жетегімен алып
кету үшін жасалады... Жақсы жазатын адам жақсы жазбайды, жақсы ойлайтын
адам жақсы жазады [4].
Қазақ зерттеушілерінің де ой-тұжырымдары да публицистика туралы білім
көкжиегін кеңейте түседі. Профессор Т.Амандосов: Публицистика – өмірдің
сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық... Публицистика – адамдар
арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің
әлеуметтік, саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа
құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап – түсіндіріп береді,- деген
қортынды жасайды [5].
Публицистика саласына келу бар да, оның қазанында қайнап қалу бар.
Қиындығынан қызығы мол публицистикаға Үмбетбай Уайдин де араласты.
Ү. Уайдин 1935 жылы 10 қараша күні Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Темірастау (Жаныс би) ауылында дүниеге келді. Балалық шағы Ұлы Отан
соғысына тап келген ол бастауыш мектепті Темірбастаудағы орта мектепте
оқып, 1949 жылы жаңа жетіжылдық мектепте біраз оқып, сегізінші сынып
қарсаңына келгенде Шымкентке барады. Шымкенттегі орта мектепте оқи жүріп ол
әдеби үйірмеге қатысады. Сосын Шымкенттен Алматыға жол тартып әйгілі жазушы
Сәбит Мұқановтың көмегімен Еңбекшіқазақ ауданындағы пансионатқа орналасады.
Жазушы жас кезінен өлең-жырға, сын-сықақ, әдебиетке әуес болып өседі. Оның
публицистикаға келуі мүмкін осы жағдайларға байланысты шығар.
Публицист болып ешкім де бірден қалыптаспайды десек, Үмбетбай
Уайдин де бірден публицист болып қалыптасқан жоқ. Бұл жөнінде Ү. Уайдин
өзінің Өмірге құштарлық деп аталатын ғұмырнамалық кітабында:

Талантымның оянуына мектеп қабырға газетінің бетінде жарияланған
Тухватуллиннің мынадай өлеңі түрткі болды:
Уайдин Үмбетбай,
Сабақтан екі аласың.
Екілігіңді жоймасаң,
Орныңда биыл қаласың.
Бұл өлең мені Тухватуллинге мықтап өшіктірді. Сынып ішін көк шаңға
көміп, сол күні екеуміз жақсылап тұрып төбелесіп алдық,- деп еске алады
Үмбетбай Уайдаұлы [6].
Осыдан соң, Үмбекең Тухватулинге арнап мазақ өлең жаза бастайды.
– Өлеңіңде жан жоқ. Сенің өлеңің өліп қалған өлең,- деп Тухватулин оны
өзіне одан сайын өшіктірді. Сол өшігу, сол намыс аяғы ақырында Уайдинді
аудандық газет редакциясынан шығарады. Жас шәкірттің жолы болып, шығарған
өлеңі редактор Сағынтай Байғабыловтың көп өңдеуімен Колхозшы газетінің
1952 жылғы 1 майдағы санында Ұлы күш деген атпен жарық көрді.
Уақыт иісі бар және бала кездегі арман-қиял бастауы демесек, бұл өлең,
әрине поэзияға қойылар талап-тілек деңгейінен көп төмен. Ол былай еді.
СССР жеріне,
Көз жетпейді қарасаң.
Ұшан-теңіз байлығы,
Сан жетпейді санасаң.
Коммунистік ұлы күш,
Теңізге теңіз қосуда.
Коммунизм шыңына,
Халқым өрлеп асуда. Бұл жолдар Уайдиннің өлеңдегі тұңғышы болды.
Көзіме ыстық көрінетіні – бұл жолдар жазу-сызу өнеріндегі менің
тұңғышым. Және мұнда менің алғашқы күресім, жеңісім, намысым жатыр ғой!,-
дейді сатириктің өзі [6, 20].
Ізінше аудандық газетке Үмбетбай Уайдаұлының тағы бір өлеңі шығады.
Өлең шыққанмен, Жамбылдан ұрлап алғансың деп досы Тухватулин бәрібір
мойындамайды. Жамбылдан ұрламағанын дәлелдегісі келіп жас сатирик аудандық
газет редакциясына тағы да:
Ерте тұрып Алғазы,
Барды өзен жанына.
Оқып жүрген кітабын,
Жайды өзінің алдына.
Көріп оны өз досы,
Әлихан келді қасына.
Пионерлік ізетпен,
Амандасты досына,- деген өлең апарып береді [6, 24]. Ол өлең көп ұзамай
жарық көреді.
Бұл өлеңді де Тухватулин мойындамаған соң мектеп оқушысы аудандық
газетке шыққан сол екі өлеңін бір конвертке салып, Қазақстан пионері
газетінің редакциясына жібереді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін
Қазақстан пионері газетінің редакциясынан жауап хат келеді. Автор мұны
былай деп еске алады: Құрметті Үмбетбай! - деп леп белгісі шаншылған
хатта ұмытпасам, Талабыңа нұр жаусын! деген мазмұндағы тасқа басылған
хат. Төменгі жағына Сәлеммен С.Сарғасқаев деп бір ағай қол қойыпты.
Мұндай қуанбаспын,- дейді [6, 25].
Жауап хатты алғанына мақтанған Уайдинге Тухватулин: – Ой, оның несі
мақтаныш. Мен жазсам маған да осындай хат келеді, - дейді [6, 25].
Қаламгердің публицистика әлеміне келуінің өзі сатиралық оқиғалардан
басталады. Өлеңмен жеңе алмадым, төбелесіп жеңе алмадым, бұл Тухватулинге
енді не істесем екен? - деп жүріп бозбала Үмбетбай журналдың бетінен
боксер Ескендір Хасановтың суреті басылған мақалаға көзі түсіп, енді боксер
болуды армандайды.
Сегізінші сыныпты әлдеқандай себептермен Ү. Уайдин Шымкент қаласында
оқыды. 1953 жылдың 18 қаңтардағы Южно-Казахстанская правда газетіне
суреті шығып, оның ақындық таланты қайта қозады. Бір күні Қазақстан
пионері газетінен тағы бір ауыз қара сөзін көріп, қатты қуанады. Артынша
тағы да сол Қазақстан пионері газетінің редакциясынан ішінде Андерсеннің
ертегілері және Төртінші белес сияқты кітаптар бар бір құшақ сәлемдеме
алады. Мұндай құрметті көргеннен кейін арманшыл шәкірт өлең жазумен
қайтадан айналысуға бел буды.
1954 жылы жігіт шағына жеткен Уайдин 1957 жылға дейін Украинада әскери
борышын өтеп келді. Әскери міндетін өтегеннен кейін ол Донбастағы
Ворошиловград облысы, Красный Луч қаласына аттанды. Мұнда шахта құрылысында
тас қалаушы болып (шахта 17-17 бис) жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп,
әдебиет үйірмесіне қатысады.
Донбастан орала салысымен, жауырыны бекіп, буыны қатпаған Үмбетбай
өлеңнің әуресімен бір жолы аудандық газет редакциясына барады. Онда
редактормен сөйлескен сәтін ол: Редактор (Тілеужан Шойғарин) дидары жылы-
жарқын, көңілді кісі екен: Өлең жағы бізде қуаңшылық, әкелгендеріңді
тастап кет, шырағым. Ал қызметтің әзір ыңғайы жоқ, хабарласып тұр, - деді.
Қалдырып кеткен бір құшақ өлеңімнен газет бетінде Шопан қарындас деп
аталатын бір өлеңім жарық көрді.
Аудандық редакцияға бір соққанымда редактор стол календарына адресімді
түртіп алып қалған-ды. Бір күні ол кісі үйге адам жіберіпті. Бұл адамның
қолында: Бала, келіп кет, - жазылған бір жапырақ қағаз бар екен. Келіп
кет... дегені – керексің дегені. Мен керекпін. Мен керек адаммын!
Осындай мақтаныш сезіммен редактордың кабинетіне кіріп бардым [6, 27].

Газет редакторы Тілеужан Шойғариннің: Бала, ерте ме, кеш пе
баспасөзге келгің келсе, ендігі еңбек жолыңды сен өмірдің осы саласының
қара жұмысынан – баспаханадан баста, баспаханада істей тұр, - деп, редактор
бетіме күлімсіреп қарады. – Редакция штатында тап қазір саған лайық бос
орын жоқ. Орын босап жатса, көрерсің. Әзірше баспаханада істей тұр,- деген
сөзінен кейін бозбала жігіт баспаханаға жұмысқа тұрды. Баспаханада істеген
кезін Көпен Әмір-бектің Із кітабына берген жауабында: 1958-60 жылдар
аралығында Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық Коммунизм таңы газетінің
баспахнасында жұмыс істедім. Күндіз аудан мекемелерінен түскен тапсырыс
бланкаларды басып, түнге қарай (аптасына үш рет) газет шығарамыз. Әріп
терушілердің Әбдісағи Мүтәлиев деген жігіттен басқасы қыз-келіншектер-
тұғын. Баспаханада небәрі үш жігітпіз. Мен аға печатникпін. Қасымдағы
серігім – Аманбай Кездібаев. Ол бүгінде Ақтөбе қаласында тұрады. Кәсіби
журналист. Аманбайдан кейінгі көмекшімнің аты-жөні Ниетбай Маманбаев.
Ейск түнімен сарт-сұрт. Газет, баспахана бояуының өзі қазір ұзақ, көңілді
әңгіменің желісі. Қара бояу, қолымызды кесекпен ысқылап жусақ та,
оңайлықпен кете қоймайтын. Тырнақтың қап-қара көбесін көрсетпеу үшін қыз-
келіншектермен сәлемдескенде мен көбіне оларға қолымды бүкірейтіп
ұсынатынмын,- деп көрсетеді баспаханада қызметте болған сәттерін [7].

Жас маманның келісімін алғаннан кейін Уайдин баспахананың қайнаған
қызу тіршілігіне араласады. Баспаханаға алғаш келген кезін: Баспахананы
бірінші көруім. Үсті ұя-ұяға бөлінген төрт бұрышты тақтайдан жем терген
тауықтай ұсақ-ұсақ бірдемелерді іліп алып, қолдарындағы қасықтай темірдің
қуысына салып, он шақты, қыз-келіншек үн-түнсіз жұмыс істеп тұр. Өздері әп-
әдемі, қолдары қап-қара. Әлде таныстырушыдан, әлде менен – қайсымыздан
қандай ерсілік тапқанын білмедім, редактордың аузынан: Украинадан келген
жазушы деген сөз шыға бергенде түпкі бұрышта тұрған қызыл бет қыз шиқ ете
қалғанда тәйт! деп, тыйып тастады. Баспаханамен, басқамен танысқаннан
кейін редакторған берген бастапқы уәдемнен айнығым келді. Құрылысымда жүре
бермейін бе, не бар маған мұнда? Мұнда керек болсам, құрылысқа да
керекпін.... Бала, сен сөйт, ойлан, қабырғаңмен кеңес. Алдағы дүйсенбіге
бір хабарыңды бер, - деді редактор сәлден соң. – Ыңғайым келмес десең
оныңды айт, бізді алаңдатпа, онда басқа адам іздейміз. Әрі ойлап, бері
ойлап, ақыры құрылыспен қош айтысып, әріп басушының көмекшісі болып
баспаханаға орналастым,- деп еске түсіреді [6, 28].
Үмбетбай Уайдин баспаханада жүріп, қолмен істелінетін қара машинаның
жұмысын токпен істейтін машинаға ауыстырды. Бастауыш партия ұйымының
секретары Тауман Төрехановтың және жауапты секретарь Нысан Мусиннің қолдау-
көмегімен ақыры дегеніне жетіп ақыры Үмбетбай іске қосқан машинамен
Социализм туы газеті токпен басылып шықты.
Үмбетбай Уайдаұлы баспаханадан кейін тәжірибе жинап, толысқан соң
Социализм туы басылымына тілшілікке қабылданады. Газетте журналисті
бірден жұмысқа алмайды, алар болса тәжірибе жасау үшін белгілі бір нысанға
жұмсап, бақылап көреді.
Редактор теміржолшылар күніне байланысты Үмбетбайға локомотив
депосынан бір мақала, Аманбайға спортшы-теміржолшы жайында бір очерк жазып
қайтуды тапсырады. Үмбетбай мен Аманбайдың бұл алғашқы публицистік
сапарыларында екеуі бастықтардан ешкімді таба алмай редакция тапсырмасын
орындамастан қайтып барады.
Бұдан кейін де газет-журналдардың бетінде бір шумақ, жарым шумақ
өлеңдері біршама көрініп тұрды. Университеттің төртінші курсында оқи жүріп
Лениншіл жас газетіне қызмет сұрап барғанда, өкінішке орай ондағылар
келісім бермейді. Бұған ренжіген Үмбетбай Уайдин: Бастарын шайқаса
шайқасын, диплом қолыма тиген соң, бір аудандық газетке барамын да редактор
боп отырып аламын,- деп күшейеді. Достарының алдында шыққан Амандық
хабарыңа Шәкең сүйсініп қалыпты,-деген жақсылық хабарынан кейін Уайдин
Шерхан Мұртазаевтың кабинетіне бас сұғады. Шерхан Мұртазамен жете танысқан
соң Уайдин араға аздаған уақыт салып атағы дүрілдеп тұрған Лениншіл жасқа
қызметке тұрды.
Жас маман редактор Қарсыбай Қасымбековтің басшылығымен жұмысының
Біссімілләсін авторлардың хаттарына жауап жазудан бастады. Сансызбай
Сарғасқаев пен Нығмет Ғабдуллиндердің баяғы бала кезінде өзіне жазған
хаттарын тауып алып, әуелгі кезде авторларға содан айнытпай жауап жазып
жүреді де, кейін өз жанынан сөз тауып, ағыл-тегіл ақыл хат жазады. Бұл
жолда да балаң жігіт сынға ұшырайды. Ол туралы өзі: Осы ағыл-тегіл
ақылымды бірде Сәңгерей байқап қалып:
Хат қысқа жазылуға тиіс, хат дәлелмен жазылуға тиіс,- деп ескерту
айтты. ... Жан ышқынды. Бөлім меңгерушісі кондитер фабрикасынан материал
ұйымдастырып келуге тапсырма берді. Бардым. Қыз ба, келіншек пе – мұнда
келген соң біреумен сөйлесіп, сол жайлы айдақтатып-сойдақтатып очерк
жаздым. Бұл очеркім редактордың алдына баруын барып, бірақ кідірмей қайтып
келді. Жарамады. Осыдан кейін Мұртазаев мені айдап шықты. Ауыр. Ауыр
болғанымен амалым қайсы, іске аспаған өзіме өкпелемесем кімге өкпелеймін!,
- дейді.
Лениншіл жастағы жағдайды өткерген жас тілші осыдан кейін Жетісу
газетінің редакциясына барды. Газет редакторы Әбдуәли Қарақұловтың бұйрығы
арқылы Үмбатбай Уайдаұлы хатшылыққа қабылданды. Жетісуда да журналистің
қаламгерлік дәурені ұзаққа созылған жоқ. Авторша айтсақ, Сызған макетім
макет болмай, қиқым-сиқым аудармаларым мен жазғандарым жарамай, редакция
мен типографияның екі ортасында борсаңдап жүгіріп жүргенімде материал
жоғалтып, графикті бытыстырып, мұнда келген соң да жаман иісім шығып,
әсіресе Сарбас Ақтаев шамамды байқап, түңіле бастады... Жан ышқынды!.
Бір айға толар-толмас уақытта тілшіні редактор өзіне шақырып алып:
Бала бізге жазатын, жаза білетін, қолынан іс келетін адам керек, журналист
керек. Шамаңызды байқадық, бұл жер сізге қол емес...,- деп тоқетерін
айтады.
Шамаңызды байқадық деген ауыр сөзді естіген есті жігіт: Сонда, мен
журналистикаға шынымен адасып келгенмін бе? Жоқ, мен – журналистпін. Мен
ақынмын. Мен әлі дәлелдеймін!,- деп университетке келді. Қасиетті
қарашаңырақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұстаз болып қалып, ғылыми
жұмыстармен айналыспақшы болды.
ҚазҰУ-да ұстаз болуға мүмкіндіктің болмайтынын сезген ол радио,
телестудия саласына бағытын бұруға ниеттенді. Сөйтіп жүріп, ақыры, радионың
әдебиет және драматургия редакциясына орналасады. Жасаған хабарлары
бірнеше жиналыста ауызға ілігіп, оң бағасын алды. Ара-тұра Ара журналына
соғып, жазған сатиралық жазбаларын редакцияға беріп отырды. Ал, 1971 жылы
Ара - Шмельге біржолата жұмысқа тұрды.
Осы кезден бастап сатириктің таланты дамып, талабы ұшталып, сатираға
дендеп араласа бастады. Бақытымды бір терең сезінген кезім осы Ара -
Шмель журналының редакциясында қызмет жасаған жылдарым,- дейді
сатириктің өзі. Ара редакциясында жүріп ол атақты күлкінің корифейлері
Жүсіп Алтайбаев, Садықбек Адамбеков, Николай Казанцев, Оспанхан Әубәкіров,
Есенжол Домбаев, Юрий Тарасов, Оспанәлі Иманәлиев, Көпен Әмірбековтердей
үлкенді-кішілі сықақшылармен танысады. Ара- Шмельдің жұмсауымен Жазылбек
Қуанышбаев, Кәмшат Дөненбаева сияқты еңбек ардагерлерімен дидарласты. Ара-
Шмельдің жұмсауымен Қарағанды, Қаратау, Жезқазған, Екібастұз кен
қоймаларын аралап, қым-қиғаш тағдырларға араласып, көптеген адамдарға жеңіс
алып берді. Редакция қоржынына кеп түскен хаттар арқылы бірнеше адамдардың
тағдырына араша түсті. Өзіне жүктелген міндет пен жауапкершіліктің үдесінен
шыға білгендіктен, журналист Үмбетбай оқырман тарапынан алғысқа бөленді.
Ара - Шмельдің жіберуімен, адамдардың тағдырына араласу үшін
бірнеше мәрте журналистік сапарға шықты. Көргенін бүкпесіз жазып, сынайтын
кезде нысанадағы адамын аяусыз түйреді.
Журналистика – қызық та қиын мамандық. Оның қызығының өзі сол
қиындығында екенін мен Мамандық таңдаудың маңызы деп аталатын мақаламда
біраз айтқанмын. Қай мамандыққа да, әсіресе, медицина, заң, педагогика және
журналистика мамандықтарына кездейсоқ келуге, адасып келуге болмайды. Ара
- Шмельде қызмет жасаған жылдарымда осыған көзім жетті,- дейді өз
сөзімен қуаттап.
Журналистика – өмір, – дейді Борис Полевой, – егер ол нағыз журналист
болса, егер ол журналистикаға жүрек қалауымен келсе, ондаған жылдармен
есептелмейді, жазғандарымен есептеледі.
Үмбетбай Уайдиннің публицистикасын зерттеу барысында сатиралық
жанрлардың басымдығын аңғардық. Солардың ішінде әсіресе, сатиралық фельетон
жанрына Ара журналында қызмет етіп жүргенінде көбірек қалам сілтеді. Осы
тұста фельетон жанрының теориялық анықтамасына қысқаша тоқтала кеткенді жөн
көрдік.
Фельетон – журналистиканың жауынгер жанры. Фельетонистердің азап-
бейнеті басқа жанрда жазатындармен салыстырғанда екі-үш есе... бес есе
қиын. Бұл жанрды көбірек іш тартып, оның азды-көпті ыстық-суығын бір
кісідей бастан өткіздім. Фельетонистердің азап-бейнетін фельетонистер
біледі, енді бір сәт белгілі орыс сатиригі, фельетонист Алексей Ходановты
тыңдап көрейік: Рас, таңдап алған тағдырың екен, көн, шыда. Көнбейді
екенсің, Кочетов дұрыс айтады; басқа мамандыққа ауыс. Бірақ, журналистің
атын жамылып, ана жер, мына жерде төске ұрма! Фельетонистердің азап-бейнеті
дегенді Уайдин осындай реттерден шығарып айтқан болатын.
Зерттеуші Т.Қожакеев: Қазақ топырағында фельетон термині әр кез
әр түрлі мағынада пайдаланылған. Мысалы, алғаш Айқап журналы өзінің
негізгі бір бөлімін фельетон деп атаған. Онда да қазақтың тұрмыс
тіршілігі жөніндегі әр қилы публицистикалық мақалалар, көркем әңгімелер,
очерктер, аудармалар, тарихи деректер жарияланып жүрген. Фельетон –
насихаттық публицистикалық жанр. Оның сөзі – үгіт сөзі, насихат сөзі.
Фельетонның публицистикалық жанр болатын себебі – біріншіден ол да
публицистиканың қызметін атқарады. Өз кезінің, өз заманының толғағы жеткен,
көкейтесті әлеуметтік мәселелерін сөз етеді. Екіншіден, фельетон жанрының
жазылу табиғатында да публицистикалық үн, баяндау сарыны көп болады [8].

ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары фельетон жанры негізінен сатиралық
жанр ретінде мол көрініс тапты. Өйткені қоғамдағы кемшіліктерді айта-айта
жауыр қылғандай болып, әдебиет қайталанатын тақырыптарға ұрынды. Сондықтан
ол соншалықты сезімталдықпен оқылмайтын болды. Өзінің жанрлық иммунитеті
сәл әлсірегендей күй кешті. Осы кезде сатиралық сарказммен, жеңіл юмормен,
кекесінді ирониямен жеңіл әрі салмақты фельетондар жарық көре бастады.
Фельетонның бұл түрі оқырман жүрегіне еркін жол тапты.
Қай жерде, қай басылымда болмасын ол сенің теледидардағы секілді
түріңе, радиодағы сияқты дауыс мәнеріңе қарамайды. Керсінше, қалам
сілтеуіңе сөз саптауыңа баса мән береді. Әлсіз жазсаң шыңдайды, мықты
жазсаң қолдайды. Дегенмен, қалам ұстаған әрбір журналистің көтерер жүгі,
орындар міндеті ауыр. Үмбетбай Уайдин Ара - Шмельде жүрген кезде
журналист жолында кездесетін қиындықтарға жолықты. Бірақ, қиындық болса да
шыдап бақты. Екі жеңіл машинасы, екі саяжайы, облыс орталығында екі үйі,
екі әйелі бар деген мазмұнда қалалық ГАИ-дің бастығы, милиция майоры
Панарбаевтың үстінен редакцияға хат келіп түседі. Осы жолы жауапкершілік
жүгі Үмбетбайға жүктеледі.
Сарыауыз балапандай сатирикке Панарбаев оңай жау болмайды. Қалпағын
маңдайына қоқырайта киіп, ыңыранып, журналиспен жүре сөйлеседі. Ыңыранса,
ыңыранатындай реті бар, облыс басшыларының көбімен таныс, кейбір заң
орындарының қызметкерлері де осының жағында. Бір мақаласы арқылы Үмбетбай
паңданған Панарбаевтың бойына жинаған артық заттарын құстырады. Енді
бірде редакцияға хат жазып, Шындық жоқ деп шырылдаған Шығысқазақстандық
Михаиловтың шағымы бойынша діттеген жерге ұшақпен ұшады.
Хат мазмұны мынадай: совхозда жүз қаралы сиыр, бес жүздей қой із-
түссіз жоғалған. Соның қырсығынан бес адам: ферма меңгерушісі Михаилов,
бухгалтер Булгакова, совхоздың бас мал дәрігері Көпжасаров пен бір сиыршы,
бір қойшы жауапқа тартылған. Автор негізгі айыпкер ретінде совхоз директоры
Спановтан күдіктенеді. Қаламгердің қарымы арқылы істің бір шеті қазыла-
қазыла келе басқа ауданға кетіп, одан әрі облыстық сотқа қарай созылады. Іс
облыстық сотпен де бітпей, республика жоғары сотына барып тіреледі. Ақыр
аяғында Уайдиннің ерлікпен пара-пар әрекетіне орай жеңіс Михаиловтардың
жағына қарай шығады. Кейін Ара - Шмельге жазған алғыс хатында Михаилов
пен Булгакова Шындық бар! деп жазады.
Журналистиканың қызу майданында жүріп, журналистік құқығын пайдаланып
Үмбекең Ырғыз ауданының орталығындағы музей үйінің ірге көтеруіне және мал
басып, маскүнемдер түнеп, техника таптап, жермен жексен болуға қараған осы
аудандағы бір үлкен зираттың қоршалуына себепкер болады.
Шығысқазақстандағы сапардан соң Уайдин фельетонның фактісін қалтаға
басып келе жатып оның бас кейіпкері жолдасының туған қайын атасы екенін
әңгіме барысында байқайды. Мынау қиын болды ғой? Айтайын ба, айтпайын ба?
Жазайын ба, жазбайын ба? Адал асын алдыма қойып, көмейін көрсете күліп, ақ
жүрегімен ақтарылып әңгіме айтып отырғанда бұл шынымды айтпағаным арамдық
болмай ма? Оқымаса да оқыды деп, онжылдықты бітірмесе де бітірді деп
біреуге жалған аттестат берген адамның қылмысын көріп-біліп тұрып, көрмеген-
білмеген болғаным және оны жазбағаным әділеттілік пе? Жә, Алматыға барған
соң көрермін,- дейді. Алматыға келген соң сатириктің қолы жүрмей, ойы
өнбей жаза алмай, сол жерден тоқтатады. Шығыс Қазақстандағы мәселеден кейін
алдынан көлденеңдеп тағы бір түйткіл шаң береді.
Бір шопанның үш баласы бірдей өртеніп кеткен. Шағымданушының жазғанына
қарағанда бұған кінәлілер: совхоздың мал базындағы үйдің пешін өрт
қауіпсіздігі ережесімен санаспай, қалай болса солай, жөнсіз салдыра салған
совхоз директоры мен ферма меңгерушісі. Жан түршігерлік оқиға! Кінәлі адам
– ошақтың аузына бір шелек тамыздық – солярка тастап кеткен үш баланың
шешесінің өзі. Тергеу қызметкерлерінің қортындысы солай болып шығады.
Өмірде бар фактілерден сюжет тудырып, оны әңгімелік әдіс-тәсілдермен
баяндаған. Тілінің, сынының өткірлігі жағынан, үні сарыны жағынан өмірде
көргенін автор фельетон дәрежесіне жеткізді.
Фельетонның ең қуатты шығармашылық табиғаты фактіні анықтауымен
ерекшеленеді. Былай қарасаң, өз бетінше күнде саңқылдап тұрған радиодан
қандай фактіні тауып алуға болады? Шындығында болады екен. Мәселен,
Шырқалсын ән, төгілсін күй көмейден деген хабарда қызық қылғанда сол ән
айтылмай, күй төгілмей қалуы мүмкін... Өйткені, уақыттың бәрі басқа жаққа
кетуі кәдік. Ол, қалай? Қалайы сол, тыңдаңыз. Умбетбай Уайдиннің Концерт
аяқталды... атты фельетонында осындай факт ашылған. Алдында байқадық,
хабардың аты Шырқалсын ән, төгілсін күй көмейден деп аталады. Енді ән
шырқалып, күй орындалуы керек қой. Біз соған жете алмай алаөкпе болып
отырмыз. Өйткені, ән де, күй де біреуге, не бірнеше адамға арналуы керек.
Байқауымызша, сценарий солай құрылған. Бірақ әнге жете алмай отырмыз.
Диктор өзіне ән сұрап өтінішпен келген хатты, оның авторының тілегін
радиотыңдаушыларға жеткізіп отыр. Ән сұраушы қасқаң біраз туғандарын,
жақындарын тізбелеген екен. Әрең бітейін деді. Сөйтсек, хат әлі бітпепті.
Хат иесі әнді кімге арнау керек екенін тізбелеп айтып бола беріп, хатта
екінші тынысы ашылыпты. Енді өз туыстарының біреулеріне характеристика
беріп кетіпті, әнге әлі жете алатын түріміз жоқ. Басталған хатты аяқтамау
тағы ұят.
Бұл шығармада Умбетбай Уайдиннің фельетон жазудың хас шебері екені
анық танылады. Шындығында тыңдарман да, хат жазған студент те, ыждаһатпен
оқыған диктор да періште, ешқандай кінасы жоқ жандар. Бірақ уақыт әнге
жетпей қалды. Хабардың негізгі мақсаты ән болатын. Фельетон жанрының қуаты
да шыншылдығында, деректің өмірде бар юморлығында. Бір қарағанда еш
сөкеттігі жоқ хабар туралы шығармада қаншама уытты сатира жатыр. Автор
соншалықты нәзік нәрсені көре білген. Қарапайым келемеж шебер сатириктің
қаламы арқылы озық дүниеге айналған.
Бұл сатиралық фельетонда бірнеше мәселе қатарымен ашылып отыр.
Біріншіден, хат жазып отырған студенттің ақкөңілділігі мен мылжыңдығы қатар
өрбіген, екіншіден радио да оны қорыта алмай халыққа сол күйінде қотара
салған... Сол сияқты көптеген детальдар қалқып шығып отыр. Және осы
фельетонның композициясы мен сюжеті аса тартымды құрылған. Осы тұрғыдан
алғанда Үмбетбай Уайдиннің жоғарыда аталған фельетоны – көркем тілде
жазылған шығарма. Сатира мен юморды қатар өріп берген осынау ерекше
фельетон қазақ публицистикасына қосылған қомақты үлес екендігінде сөз жоқ.
Сатириктің келесі Мен қайтейін... фельетоны шаруашылық
мәселесінде,оның ішінде мал шаруашылығы саласына арналып жазылды. Бір
ауылдың бағып отырған малдарының жағдайы нашарлап бара жатқанына байланысты
совхоз бастығы тергеуге алынады. Жанрлық табиғатын анықтар болсақ, бұл
фельетон – мақалаға жатады деп топшылаймыз. Өйткені, мұнда публицистикаға
тән белгілер көптеп кездеседі. Айталық, факт бар, адамның есімі
бүркемеленбей ашық айтылады. Бұл орайда профессор Т. Қожакеевтің фельетон-
мақаланың басқа фельетон түрлерінен ажыратылатын өзіндік ерекшеліктерін
байқап көрсек: Біріншіден, мұнда фельетон-корреспонденциядағы сияқты
нақты, дәл адрес бола бермейді. Ол қоғамдық мәні зор проблемалық мәселеге,
қорытындыланған ой-пікірге үлкен идеяға негізделіп жазылады. Екіншіден,
фельетон мақалада факт тереңірек талданады. Ол мәселенің қойылысынан, жалпы
идеядан басталып, қозғаған ойын жеке жайлармен, жеке фактілермен тәптіштеп
дамытады. Пікірін дәлелдеу үшін тарихтан мысалдар, саясаттан деректер
келтіру арқылы фактіден саяси-әлеуметтік терең қорытынды шығарады. Ой
түйіндеу жасайды. Мұнда көбінесе логика күші арқылы ой-пікірдің дұрыстығына
көз жеткізіледі. Осы жағынан ол мақалаға ұқсап жатады дейді [8, 142].
Негізгі талаптарға бағынсақ, көтерілген мәселе – мал шаруашылығын дамыту.
Бұл мәселе бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда аса маңызсыз болғанымен, кешегі
кеңестік режимдегі Қазақстан үшін маңызды мәселе ретінде орын алды. Жанрлық
жақтан фельетон – мақала аталғанымен, оның ішінде Мен қайтейін...
фельетон – сұхбатқа жатады екен. Бірақ, ешбір сатира зерттеушілерінің
еңбегінен, тұжырымдамаларынан фельетон-cұхбат деген атауды кездестірмедім.
Болашақта бұл сатира зерттеушілерінің ойында жүретін дүние. Мен неге мұны
фельетон-сұхбат қатарына жатқыздым. Ойыма сүйеніш ретінде Темірбек
Қожакееевтің: Ойлап қарасақ, бұл талап әр жанрға, әр уақытқа қойылатын
шарт емес пе?! Фельетон-мақалада автордың сатира арсеналындағы әр түрлі
құралдарды шебер игеруі маңызды, - келтірдім. Яғни, автор қоғамдық
проблеманы, ауылдың бет-бейнесін, адамдарды көрсету үшін сұхбатты таңдап
алған. Оған: Танысып қойыңыздар, Терлікбай Жанғазиев Маралды мал
бордақылау совхозының бастығы. Ендігі әңгімеміз осы кісімен, - деген
жолдардан сұхбатқа тән белгілерді байқай аламыз. Қаламгер сұхбат жасай
отырып, барлық айтқысы келгенін оқырманға шебер жеткізе білген. Автордың
басқа да үзеңгілестерінен екшеп алар ерекшелігі осында.
Ү. Уайдиннің Саған өтірік, маған шын, Мен қайтейін, Маған неғыл
дейсіздер?, Көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет, Елу жәшік емізік, тағы
басқа фельетондары өткірлігімен ерекшеленеді. Адам бойындағы кемшілікті дөп
басып айту, оны фельетон жанрында бейнелеп көрсету сатирик жазушының өзінің
даралық стилінің көрінісі дей аламыз. Сатириктің тағы бір осындай фельетоны
Биыл қар жаумайды деп аталады. Фельетонның тақырыбының өзі ерекше уытты.
Осы бағдарда айтарымыз - фельетонға тақырып табу ерекше шеберліктің
белгісі. Шындығында неге қар жаумайды? Жалпы фельетон сол қыстың болмауы
жайында ма? Сатириктің Биыл қар жаумайды атты фельетоны - осы жанрлық
талаптарды толық көрсеткен типтік шығарма.
Шындығында фельетонда көтерілген мәселе қыс мәселесі емес, адам
бойындағы кемшілік. Бір қарағанда фельетондағы әңгіме ауаны қыс бола ма,
жоқ болмай ма? деген төңіректе жүргеніне таңырқай қарайсыз. Ал, шындығында
оның мән-жайы басқада. Фельетонның негізгі кейіпкер уәде бергіш Әйтеков.
Осы арада автор мынадай сюжетке қыстырма әңгіме енгізеді: Бір олақ қатын:
Бұл мен өзім желмін бе, құзбын ба, шалбар тіккеніме ай жарымдай уақыт
болды. Енді тек бір балағы қалды, – деп мақтанған екен. Бұл арқылы автор
жаңағы Әйтековке меңзеп тұр. Мәселе, сол Әйтековте ғана емес, соған тәуелді
сенгіш пендеде болып отыр. Сонымен біздің кейіпкеріміз оның алдына тағы мың
барады. Ғажап жауаптар естиді. Етікті бітірмей жатқандардың сөгіс алғанын
айтады, тағысын тағылар.
Сатирик жазушы Әйтековтың образын өткір сарказм мен нәзік юмормен
өлтіре сынайды. Фельетондағы астарлы сынның уыты басым. Әбден өтірік айтуға
дағдыланған, еті өлген, беті жұқарған Әйтековты оқырманға турап-турап,
сілікпесін шығарып көрсетеді. Міне, осы жерде авторлық тұлға, етікке
тапсырыс берер негізгі герой күйініп барып айтатыны, есіне бір жарым ай
шалбар тіккен әлгі олақ жеңгеміз түсіп, Әйтеков содан несі артық деп
күйінеді. Фельетонның кейіпкері шартты адам болса да бұндай типтер
ортамызда жүр.
Біз бұл шығарманы жанрлық табиғаты жағынан фельетон-әңгімеге
жатқызамыз. Өйткені бұл фельетонда шағын сюжетті фельетон-әңгімеге тән
бірнеше көркемдік элементтер бар. Бұл фельетонда моральдық және әлеуметтік
мәселелер өріле берілген.
Фельетон – қоғам тынысын сездіретін жанр. Қазіргі заманда ешкім
тіккізіп етік кимейді. ХХ ғасырдың екінші жартысының басында ондай
құбылыстар болған. Соған арасында юмормен жеткізілген бесжылдық ұғымын
қосыңыз. Шығарма образдың характерін бірден ашудан басталады. Тақырыбы -
сол кейіпкердің қанатты сөзі. Кейіпкер - жоспарлы экономикасы бар
мемлекеттің іштен құлауына көмектескендердің классикалық типі. Мұнда автор
өз құлқынын ғана ойлайтын адам, елдік, ұлттық құндылықтардың сақталатын
ерекше мәдени құбылыс музей салу ол үшін тек қана жымқырып табыс табатын
көз.
Бұл мәселелік фельетонға да жатады. Бұл әлеуметтік індеттің де бір
көрінісі, факт қоғамдағы сол кездегі асқынған әлеуметтік құбылыс, бір
сөзбен айтқанда өкіметтікін несін аяйсыңға саятын психология. Соның арты
не болғанын әлем көрді. Үлкен мемлекет гүрс етіп құлады. Шығармашылық
ізденісі қуатты сатирик осындай бір етіктің тарихы арқылы тұтас мемлекетті
жайлаған келеңсіздікті аша алады. Көркемдік көру қуаты, даралық стиль
шеберлігі осындай детальдардан көрініс табады. Бұл фельетонның жанрлық
қуатының күштілігін байқатады, сондықтан оны журналистикаға ғана тиесілі
жанр ретінде қарауға болатынын байқаймыз.
Соның көрінісі – жоғарыда келтірілгендей, фельетонның жанрлық түрлері.
Әр фельетонист жолға шыққан сайын редактор: Жымиып барып мәселені
сұйылтып, жылмиып қайтпай, қалай да бір-бір фельетон қамти келіңдер, - деп
қатырып жібереді,- деп жүріп, міне бүгін заңғар фельетониске айналды.
Фельетон – журналистиканың жауынгер жанры. Фельетонистердің азап-бейнеті
басқа жанрда жазатындармен салыстырғанда екі-үш есе... бес есе қиын. Бұл
жанрды көбірек іш тартып, оның азды-көпті ыстық-суығын бір кісідей бастан
өткіздім, - дейді сатириктің өзі [6, 32 б ].
Үмбетбай Уайдин шығармашылығын талдап-таразылай келе оның сатираға
келуі фельетонист-публицист екендігімен тікелей байланысты. Олай
деуіміздің бір себебі – сатириктің фельетонында публицистиканың айқын
белгілері кездесті. Сатира тарихында фельетонды бір ғалымдар әдеби жанр
десе, кейбір зерттеушілер публицистика жанры ретінде қарастырды. Біз өз
тарапымыздан публицистикалық жанр санатына қосар едік. Дәлелі: профессор
Темірбек Қожакеевтің айтуынша: Фельетон Германияға, одан Россияға ауысқан.
Орыс неміс баспасөзінде гезеттің, журналдың белгілі бір бөлімін фельетон
деп атаған, - дейді. Тағы бір пікірінде ғалым: Мысалы, алғаш Айқап
журналы өзінің негізгі бір бөлімін фельетон деп атаған. Онда да қазақтың
тұрмыс-тіршілігі жөніндегі әр қилы публицистикалық мақалалар, көркем
әңгімелер, очерктер, аудармалар, тарихи деректер жарияланып жүрген. Журнал
1912 жылғы 3 нөмірінен бастап подвалын фельетон деп атап, онда сатиралық
сарындағы материалдар жариялай бастаған, - дейді [8, 143]. Демек,
фельетон әдебиеттен гөрі публицистикаға етене жақын.
Қазақ сатирасындағы фельетон жанрының сапалық, көркемдік жағынан
даму тұрғысында Ү. Уайдиннің мол үлесі бар. Зерттеу барысында сатириктің
фельетондарында публицистика бар екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан
Ү.Уайдинді фельетонист-публицист деп атаймыз. Әуелі бір мәрте публицистика
ұғымына тоқталайық. Қазақ зерттеушілерінің ішінде публицистикаға тұңғыш
анықтаманы Ахмет Байтұрсынов өзінің Әдебиет танытқыш еңбегінде берді.
Шын мәнінде публицистика әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар бүгінгі
күннің көкейкесті мәселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезеңдердегі басты
міндеттерді аңғартып, саяси-әлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді.
Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, тәжірибемен ұштастыра
отырып, баяндайды [9]. Енді шығармаларына талқы жасайық.
Саған өтірік, маған шын... фельетонында қаламгер публицистиканы
қоса қамтыған. Мәселен, үлкен шаһарлардан тыс қалған ауылдардағы қордалы
мәселелерді сөз еткен. Ол – жыраққа телевизияның жетпеуі. Теледидар
құрылғысы ауылға жеткізілгенімен, жұртшылыққа пайдалануға берілмегендігі.
Уайдин фельетон арқылы осындай күрделі проблеманы көтереді. Шығарма екі
адамның монологы ретінде өрілген. Кісіге қараған күн дегеннен шығады,
сізге өтірік маған шын, құны бір қаралық сирақты телевизор болды ақсақал.
Күндердің күнінде сол телевизорымыз көрсетпей қойып, үй ішімізбен
дүрліктік. Шапқылап жүріп антеннасын жұлмаладық... Сурет болмағасын
антеннаны талдың басына іліп қойдық. Болмады. Болмағасын антеннаны қайтадан
жерге қойып, бетін шығысқа қараттық, құбылаға қараттық. Болмады дейді.
Ахмет Байтұрсынов талабының қалыбына салатын болсақ, публицистика
мәселелерді сырттай емес, өмірмен, тәжірибемен ұштастыра отырып баяндайтын
жанр болса, онда Уайдиннің аталмыш шығармадағы кейіпкерлері өмірден түйгені
бар адамдар. Нүптебай Нүктебаевтың айтқан әңгімесі мен келтірген деректері
фельетонның өзіне публицистиканың реңін беріп тұр.
Шығарма иесі келесі бір Мен қайтейін... еңбегінің сюжетін
сұхбатқа құрған. Сұхбат дегеніміз – публицистика. Қонақ ретінде келген
Маралды мал бордақылау совхозының бастығы Терлікбай Жанғазиев тілшінің
біраз сұрақтарына жауап береді.
Публицистиканың негізгі нысанасы қоғамдық мәселе көтеру боп
табылады. Маралды мал бордақылау совхозының бастығының артында бірнеше
бұқара тұр. Олар қандай күйде, нендей жағдайда барлығы совхоз бастығының
мойнында. Ендігі кезекте тілші бастықтан болған мән-жайдың себеп-салдарын
сұрайды. Дәлел келтірейік:
- Терлікбай Жанғазиевич, мына жұртыңыз не деп жүр?
- Жанғазиев: - Е, жұртым не деп жүр екен?
Сіздің бұл шаруашылықты дүрілдетем деп гүрілдеп келгеніңізге бес жылдың
бел ортасы болыпты. Осы уақыттың ішінде мал да қырылды дейді жұртыңыз, өрт
те шықты дейді жұртыңыз.
Жанғазиев: - Мал өлсе індет болды. Өрт шықса сөндіру міндет болды.
От пен су – тілсіз жау,- дейді бұрынғының шалдары. Осы әнеукүні тайдай
тал түсте өрт шығып, ойбай шөбімізден айрылып қала жаздадық. Жұртымызбен
қиқулап шауып жүріп сөндірдік. Оны осындағы бір пысықтар: Басына қорықшы
қойылмады, сондықтан өрт кетті, -деп үлкейтіп айтып жүрген көрінеді.
Шығасы болайын десе, шөп тұрмақ қорықшың да өртеніп кетер. Солай емес пе?
Қолдан от жағып жібергеніміз жоқ, мен қайтейін. Оның артынан астық қоймасы
жанып кетті. Оған да қастық жасаған ешкім жоқ, қате болды, мен қайтейін
[10].
Мәселе көтерілді. Сұрақ қойылды, жауап берілді. Терлікбай
Жанғазиевке сауал қойған тілші – автордың өзі. Автор шығарманың өне бойында
публицистикаға тән белгілерді қамтыды. Оған дәлел болатын баяндау, өмірлік
мәселе, мәселені шешу жолдары.
Кез-келген проблеманы публицист түрлі тәсілдермен шешуге талпынады.
Мәселен: Біздіңше сөз түзелмей – іс түзелмейді. Демек, Жанғазиевтің мына
мен қайтейіні түзелмей, шаруашылық өмір бойы көгермейді [10, 61 б]. Бұл
– фельетоншының туындаған мәселені шешуде ұстанған жолы. Басқа бір қаламгер
болатын болса, шаруашылықты түзеу арқылы адамды түзей аламыз деуші ме
еді?! Абай данышпан айтпақшы: Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел деген
өлең жолдарындағыдай автордың айтпағы – сөзді түзеу арқылы істі түзеуді
көксеп тұр. Осы орайда біз қаламгердің фельетонындағы публицистиканы аңғара
отырып, оның ең әуелі сөздің киесіне, құдіретіне, салмағына жүгінетіндігін
байқастаймыз.
Журналистика саласын көп зертеген ғалым Т.Ыдырысов публицистика
туралы былай деген: Публицистика – кең мағыналы, аумақты ұғым. Оны тар
шеңберде тұжырымдауға болмайды. Оған белгілі бір маңызды оқиғаларға
арналған саяси, насихаттық, проблемалық мақалаларды да, деректі
естеліктерді де, экономика мен мәдениеттің өзекті мәселелерін қозғайтын
жинақы корреспонденцияларды да, репортаждар мен сұхбаттарды да, арнаулы
ашық хаттарды да жатқызуға болады. Асқақ шабытпен, әсерлі жазылған газет
мақаласы, сөз жоқ, көркем шығармалар жазуға итермелейді. Публицистика әрбір
сөзді, әрбір пікірді елеп, сұрыптап жазатын тарих емес, ол өмірдің өзі
деуге болады. Уайдиннің Концерт аяқталды, Көңіл бөлгендеріңізге
рахмет, Елу жәшік емізік т.б фельетондарында саяси, әлеуметтік мәселелер
көтерілген.
Алайда публицист дәуір тынысын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қалтай Мұхамеджанов публицист, драматург, сатирик
Көпен Әмірбек- сатирик
Уәлихан Омарұлы - публицист
Қайнар Олжай - публицист
публицист жазушы Нұрмахан Оразбеков
Асқар Егеубаев - публицист
Әлихан Бөкейханов – публицист
Публицист шығармаларындағы этнотарих мәселесі
Алтынбек Сәрсенбайұлы - публицист
Асқар Егеубай – публицист, аудармашы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь