Сыртқы экономикалық қызметке салық салу



Кіріспе
1 Тарау. Сыртқы экономикалық қызметке салық салу принципінің экономикалық мәні
1.1. Сыртқы экономикалық қызметке салық салудың мәні, мақсаты
1.2. Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіндегі салықтардың рөлі
1.3. ҚР.ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салудағы шетел тәжірибесі
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің үлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі таңда мемлекетіміз сыртқы сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге, олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді
Сонымен, сыртқы экономикалық қатынастарын ары қарай дамыту, халықаралық байланыстарын реттеуді тиімді асыру үшін мемлекеттік басқарудың маңызды элементтерінің біреуін — салық жүйесін әлемдегі үнемі болып жатқан өзгерістерге сай қалыптастырып, шет елдермен сауда қатынастарын реттейтін салықтық тәсілдерінің тиімділігін жоғарлататын жаңа еңгізулерді үнемі қарастырып отыру керек. Сыртқы экономикалық қызметке салық салуды реттеу салық саясатының негізгі бағыты болып табылады. Оның себептері бірнеше: біріншіден, салықтық төлемдер бюджеттің кіріс жағының 75%-ке дейін бөлігін қүрайды, өйткені Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады (дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40% мөлшерінен аспайды); екіншіден, халықаралық экономикада жүріп жатқан либерализацияға қарамастан ұлттық экономиканың әлсіз дамыған салалардағы өндірушілерді шет ел бөсекелестерден қорғау мөселесі біз үшін маңызды роль атқарады. Осыған байланысты салық қызметін, құралдарын жетілдіру салық төлемдерінің мазмұнын, ерекшеліктерін, мөлшерін қарастыру дипломдық жүмысының тақырыбын таңдауыма себеп болды.
Мемлекеттің жан-жақты қарым-қатынасын реттеудің қажеттілігі өседі, өйткені мемлекеттердің өзара тәуелділігі күшеюде. Әлемдегі барлық мемлекеттер әр түрлі төсілдермен өздерінің сыртқы сауда қызметін реттейді.Сыртқы экономикалық қызмет реттеудің алғашқы әдістерінің бірі -мемлекеттердің ұлттық салық бақылаужүйесін тиімді жүргізу халықаралық қатынастарда бекітілген нормаларда жөне ережелерге сөйкес болу керек.
Қазақстан Республикасының экономикасы қазір өте тұрақсыз, қиын кезеңнен өткеруде. Сондықтан оған әртүрлі сыртқы сауданы реттеу тәсілдері, бүкіл экономикалық қатынастарда саны үнемі көбейіп тұратын қорғау шаралары қажет.
Осы дипломдық жүмыстың негізгі мақсаты - ҚР салықтық төлемдердің алынуын талдап, бүгінгі таңда олардың ерекшеліктерін, ұлттық экономикадағы сыртқы экономикалық қызметіндегі рөлін және жетілдіру жолдарын айқындап көрсету.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық
жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік
шеңберінде өзінің үлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі
таңда мемлекетіміз сыртқы сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге,
олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді Осындай жағдайда дамыған ел
өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал
біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі
ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан
құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді
Сонымен, сыртқы экономикалық қатынастарын ары қарай дамыту, халықаралық
байланыстарын реттеуді тиімді асыру үшін мемлекеттік басқарудың маңызды
элементтерінің біреуін — салық жүйесін әлемдегі үнемі болып жатқан
өзгерістерге сай қалыптастырып, шет елдермен сауда қатынастарын реттейтін
салықтық тәсілдерінің тиімділігін жоғарлататын жаңа еңгізулерді үнемі
қарастырып отыру керек. Сыртқы экономикалық қызметке салық салуды реттеу
салық саясатының негізгі бағыты болып табылады. Оның себептері бірнеше:
біріншіден, салықтық төлемдер бюджеттің кіріс жағының 75%-ке дейін бөлігін
қүрайды, өйткені Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады (дамыған
мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40% мөлшерінен аспайды); екіншіден, халықаралық
экономикада жүріп жатқан либерализацияға қарамастан
ұлттық экономиканың әлсіз дамыған салалардағы өндірушілерді шет ел
бөсекелестерден қорғау мөселесі біз үшін маңызды роль атқарады. Осыған
байланысты салық қызметін, құралдарын жетілдіру салық төлемдерінің
мазмұнын, ерекшеліктерін, мөлшерін қарастыру дипломдық жүмысының тақырыбын
таңдауыма себеп болды.
Мемлекеттің жан-жақты қарым-қатынасын реттеудің қажеттілігі өседі,
өйткені мемлекеттердің өзара тәуелділігі күшеюде. Әлемдегі барлық
мемлекеттер әр түрлі төсілдермен өздерінің сыртқы сауда қызметін
реттейді.Сыртқы экономикалық қызмет реттеудің алғашқы әдістерінің бірі
-мемлекеттердің ұлттық салық бақылаужүйесін тиімді жүргізу халықаралық
қатынастарда бекітілген нормаларда жөне ережелерге сөйкес болу керек.
Қазақстан Республикасының экономикасы қазір өте тұрақсыз, қиын
кезеңнен өткеруде. Сондықтан оған әртүрлі сыртқы сауданы реттеу тәсілдері,
бүкіл экономикалық қатынастарда саны үнемі көбейіп тұратын қорғау шаралары
қажет.
Осы дипломдық жүмыстың негізгі мақсаты - ҚР салықтық төлемдердің
алынуын талдап, бүгінгі таңда олардың ерекшеліктерін, ұлттық экономикадағы
сыртқы экономикалық қызметіндегі рөлін және жетілдіру жолдарын айқындап
көрсету. Яғни, осы жұмыстың объектісі болып салықтық төлемдерді алудың
қазіргі кездегі жағдайы табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттер
қойылды:
* әдебиетте аз зерттелген салықтық төлемдерді
алудың теориялық мәселелерінің кейбір
көріністерін анықтау;
* Қазақстан салық органдарының төлем алу
механизмдерін жақсарту мөселелерін анықтау.
Диплом жүмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан жөне
қолданылған өдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде алған тақырыптың актуалдылығы, қабылдаған
мақсат пен міндеттер көрсетілді.
Бірінші тарауда сыртқы экономикалық қызметке салықтық төлемдердің
теориялық мөселелері қаралды.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының сыртқы қызметіндегі салықтық
төлемдердің қазіргі кездегі жағдайлары қарастырылды.
Жүмыстың үшінші тарауынды ҚР –ның сыртқы экономикалық қызметіндегі
салық салудағы проблемалары жөне жақын болашақтағы тиімділігін көтеретін
жетілдіру жолдары анықталды.
Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негізінде шет ел жөне
Қазақстан ғалымдарының әдебиет жұмыстары, ағымдағы ақпарат материалдары
және ресми түрде шығатын статистикалық мөліметтер қолданды.
1 Тарау. Сыртқы экономикалық қызметке салық салу принципінің
экономикалық мәні

1.1. Сыртқы экономикалық қызметке салық салудың мәні, мақсаты

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі
бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты
қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында
қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Еліміздің қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті мәселелердің бірі
болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы халықтың тұрмыс
деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті одан
әрі жетілдіру болып табылады. Осыған байланысты әрі Қазақстан Президентінің
2006 жылғы 1-ші наурыздағы Жолдауында салық тәртібін күшейту және елдегі
салық салу механизмін одан әрі жетілдіру бойынша қойған міндетіне орай
қаржы, салық, несие саясатын және сәйкесінше олардың механизмдерін одан әрі
жетілдіру жолдарын іздестіру - өзекті міндет болып отыр.
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту
бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады.
Жекелеген дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлік өнеркәсіп өндірісінің
50-70 пайызын құраса, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 60-80 пайыз
аралығында. Біздің елімізде де қазіргі таңда экономиканың аталмыш
секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына басым
көңіл бөлінуде..
Шағын бизнес саласындағы кәсіпкерліктің сәтті дамуына оның кадрлық
потенциалын қалыптастырудың елеулі мәні бар. Жұмыс берушілердің жоғары
білікті мамандарды өзінің бизнесі үшін дайындау және қайта дайындауға
итермелейтін нақты экономикалық ынталардың қажеттілігі пайда болады.
Салықтар бұл жерде де белгілі бір ынталандырушы рөл атқаруы мүмкін. Дамыған
шет елдерде салықтар жұмыскерлердің біліктілігін арттырушы бірден-бір құрал
ретінде қолданылады. Францияда мамандарды кәсіпқой деңгейде дайындауды
ынталандыруға салық заңнамасында қызық ереже бар. Мысалға, әр корпорацияның
басшысы жылына бір рет өзінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруы тиіс.
Қарсы жағдайда қаржы жылының аяғында корпорацияның таза пайдасынан 1-2%
салық төленуі тиіс, әрине бұл жағдайда кез келген басшы өзінің
қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға тырысады. Дәл
осындай тәжірибені біздің елімізде де енгізілгені жөн болар еді.
Салық ауыртпалығын азайту шаралары, салықтық бақылауды күшейту мен
бірдей жүргізілуі тиіс. Егер салық төлеушілердің салық заңдылықтарын қатаң
сақтап, өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарамаса, жоғарыда
көрсетілген іс-шаралардың тиімділігі болмайды.
Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің
салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі төмендейді. Сондықтан
мемлекеттер салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу
құралдары арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында оның
экономиканы, өндіріс пен инвестицияны ынталандыруға тигізетін әсерін де
басты назарда ұстау шарт.
Экономикалық реттеушілердің қызмет етуі, салықтарды қоса алғанда,
қоғам қажеттілігінің есебінсіз жүргізілсе, ол реттеушілердің рөлін және
бағыттарын бұрмалайды. Салықтар мен салық салудың ынталандырушы механизмін
құрмаса салық жүйесінің фискалдық бағыты салық төлеушінің табысынан
әкімшілік өндіріп алуды жоғарылатады, сәйкесінше кәсіпкерлік қызметтің
азаюына байланысты салық базасы да азаяды. Салық базасы, сондай-ақ салық
төлеушілердің табыстарын жасыруынан, дәлелсіз шығындардың өсуінен, салық
заңнамасын бұзу себептерінен азаяды. Сондықтан, салық салудың ынталандырушы
механизмінің шығу құралдары арқылы жүзеге асатын салық салудың өндіруші
функциясы толық орындалмайды. Соңғы жылдары салықтық ынталандыру арқылы
мемлекет кәсіпкерлік қызметтің дамуын қолдауға бағытталған біршама маңызды
істерді жүзеге асырды.
Атап айтсақ: шағын және орта бизнес субъектілеріне арнайы салық
режимі енгізілген, салық салу процедурасы оңайлатылған, табысқа салық
қойылымы төмендетілген, қосалқы құнға салынатын салықты төлеудің шекті
деңгейі мен әлеуметтік салықтың регрессиялық ставкасы енгізілген. 9, 48
бет
ҚР аумағына әкелінетін тауарлар бойынша ҚҚС-ты салу объектісі болып,
келесі сомаларды қамтитін көрсеткіш қарастырылады: ҚР заңдарына сәйкес
анықталатын тауардың құны, салықтық рәсімдеу үшін алынатын алымдар,
импорттық салықтық баж, импорттайтын тауарларға төленетін акциз қолданады,
ал алыс шетел мемлекеттерімен саудаласқанда жеткізу орны принципі бойынша
(Брайн Джонс. Салықтық баж, акциздық налогтар, ҚҚС-ң қысқаша суреттемесі
1995 ж.).
Импорттайтын тауарлар мен сәйкес көлік құралдарына ҚҚС пен
акциздер салық органдары мен ҚР заңды актілеріне сәйкес салынады. ҚР
аумағына әкелінетін тауарлар бойынша ҚҚС-ты салу объектісі болып келесі
сомаларды қамтитын көрсеткіш табылады:
ҚР салық заңдарына сәйкес анықталатын тауардың салықтық құны,
салықтық рәсімдеу үшін салықтық алымдар, импорттық салықтық баж,
импорттайтын тауарға төленетін акциз.
Салық заңдарына сәйксс анықталатын салықтық құн немесе тауардың
заттай мөлшері импортталатын акциздік тауарлар бойынша салық салу объектісі
ретінде алынады. Белгілеуге жататын тауарлар бойынша, есептелген акциз
сомасы алып келінетін тауарлардың көлемі бойынша акциздік алым маркаларының
құнына азайтылады.

1.2. Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіндегі салықтардың рөлі

Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық
заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және
дүниежүзілік экономикамен бәйгелестікте дамитын ашық түрпаттағы экономиканы
қалыптастыруды қажет етеді.
Сыртқы экономикалық қызметгі жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта
республика кәсіпорындарының, уйымдарының және аймақтарының дербестігін
кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші
субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен
алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін
қамтамасыз ету жөне мемлекеттік органдардың функцияларын бүл операцияларды
реттеу мен ынталандырура шоғырландыру кезіңде). Сыртқы экономикалық
қызметті басқару негізінен құқықтық жөне экономикалық тұтқаларга (кеден
баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайыэы) аударылып отыр. Сыртқы
экономикалық қызметтің стратегиялық багыты — ұлттық валютаның түрақты жүмыс
істеуі және валюта рыногын дамыту. Валютаның нарықтық багамы экспортты
кеңейту мен импортты оңтайлаңдыру (рационализациялау) жөніндегі сыртқы
экономикалық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі
болып табылады. Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық
бағамдар бойынша оны еркін сатып алу-сатудың валюталық ішкі рыногы
қүрылған. Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-
саттықты жүргізгенде валютаға сүраным мен үсынымның ағымдағы ара салмағьшың
негізінде Үлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюта және кредит
операцияларына коммерциялық банктер шыгады, шаруашылық жүргізуші
субъектілер мүлікті кепіддікке салып шетелдік кредиттерді өздігінше тартуға
қүқық алады.
Компаниялардың, фирмалардың, үйымдардың, банктердің сыртқы
экономикалық қызметінде салық рөлі үлкен роль атқарады деп есептеймін.
Дамудың бағдарламаларына сәйкес сыртқы экономикалық саясат сыртқы
экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Дүниежүзілік конъюнктура
мен шетелдік бөсекенің қолай-сыз дамуынан үлттық рыноктың мүдделерін қорғау
үшін импорттық тауарлардың түсуін реттеу мақсатына сәйкес импорттық баждар
қайта қаралады. Ортақ мүдделері бар елдердің біртүтас экономикалық
кеңестігінің шекарасындағы сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі
мәселелері жөніндегі ұлттық заңнама сөйкестендіріледі.
ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар бөлігінде стратегиялық
курс экономикалық одақты сақтау жөне тәртіпке келтіру, бұл елдердің
көсіпорындары арасында қалыптасқан кооперацияны қолдау, әскери
өндірістерді; көлік, байланыс, энергетика, ғылыми-техникалық прогресс,
кадрларды дайындау сф-расыңда, экологиялық проблемаларды шешуде, қорғанысты
қайта бағдарлау жөніндегі күш-жігерді біріктіру болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы
экономикалық инфрақурылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика
жөне бюджеттік жос-парлау министрліктерінің, Үлттық банктің қүрылымында
сыртқы байланыстарды басқарудың органдары қүрылған. Валюталық операциялар
жасауга лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандаңцырылған тауар
биржаларының желісі жүмыс істейді.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдары-ның аса маңызды
функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу —
нормативтік-қүқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта
заңнамасы-ның сақталуын бақылау және зандарда көзделген санкцияларды
қоддану.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Үлттық банкі, Қаржы министрлігі
зандарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі
валюталық реттеу органдары болып табылады. Үкімет және өзге де мемлекеттік
органдар зандарга сәйкес өз қүЗырының шегінде валюталық реттеуді жүзеге
асырады. Бұл органдар сонымен бірге валюталық бақылауды да жүзеге асырады.
Мүндай фукнцияны сондай-ақ валюталық бақылаудың агенттері — уәкілетті
банктер мен уәкілетті бейбанктік қаржы мекемелері де орындайды, оларға
алынған лицензияларға сәй-кес операциялар жүргізген кезде валюта
заңнамасының сақталу-ына бақылау жасау міндеті жүктелінген.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу өр түрлі нысандар мен
өдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
салық салу;
инвестициялау;
сыртқы қарыз алу;
сыртқы берешек
экспортты қаражаттандыру
Реттеу өдістері көрсетілген нысандарга сай келеді және тура, сондай-ақ
жанама өдістерді кіріктіреді.
Тури әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар
жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары
мен тауар қорларының шектеулігі жагдайында ішкі рынокты толтырып,
түрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ
сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операция-ларға жөне
басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғүрлым . пөрменді
жөне дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бүларға
салықтар, соның ішіңде кеден бажда-ры, валюта багамы, дуниежузілік бага,
сыртқы кредиттер бойын-ша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардыц, басқа
багалы қагаз-дар мен төлем қаражаттарының багамы жатады.

1.3. ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметіне салық салудағы шетел
тәжірибесі

Импорт кезінде (шетелдік импортшы үшін) шетел валютасы бағамының
жергілікті валютаға салыстырмалы төмендеуі жергілікті рынокта
мүмкіндіктердің кеңейгендігін білдіреді (2-нүсқа) және керісінше, бүл
бағамның артуы импортталатын тау-арларға бағаның өсуіне байланысты рыноктың
түқыруына үрындырады (3-нүсқа).
Отандық импортшылар үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып
алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.
Сөйтіп, салық соммасы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді,ол, өз
кезегінде, қаржы қүралдары - экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден
баждары арқылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне жөне
мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді
өндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал
жасайды.
Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едеуір қүлдырауы мен
қанагаттанғысыз сураным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-
теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидаттар бұзылады
әрі бұрмаланады. Бүл түтынушыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен,
өскелең импортты жабу үшін экспорттык, валюталық түсім-ақшаның
жетіспеушілігімен, үлттық валютаның түрлаулы валютага қара-ғанда бірден
қүнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла
отырып немесе халықаралық қаржы үйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің
ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар
жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің
емірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырған импортты да шектеуге мәжбүр
етеді, өйткені оны төлеуге ақшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып
отырған елдерде үзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі
болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті еаяси
тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.
Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып
табылады; бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттік салықтар, сондай-ақ арнаулы —
бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары
(экспорт пен импортқа салынатын салықтар) жөнінде болып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан салық салу жүйесін қалыптастырудың
күрделі жолынан өтті. Ендігі уақытта қай мəселе дұрыс шешілді, ал қайсысын
жетілдіруге мүмкіндіктер бар екендігін түсіну талап етіледі. Мұны түсіну
үшін осындай жолдан өткен басқа елдермен, мысалы Шығыс Еуропа елдерімен өз
еліңді салыстыру қажет. Əдеттегідей, Шығыс Еуропа елдерінің сыртқы
экономикалық қызметке салық саясаты жеке капиталды тартуға есептелген.
Салық жеңілдіктерінің көтермелеу ықпалын кəсіпкерлік қызметке жанама көмек
нысаны ретінде қарастыруға болады. Бұл жұмыста корпоративтік табыс салығы
(КТС), жеке табыс салығы (ЖТС) жəне қосымша құн салығы (ҚҚС) үлгісінде
Шығыс Еуропа елдерінің (Польша, Чехия, Венгрия) жəне Қазақстанның салық
жүйелерінің қазіргі замандағы жай-күйі салыстырмалы түрде талданады.
Мысалы, Польшада салық салудың барлық түрлерін Парламент бекітеді. Соңғы
жылдары Польшаның салық жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, ол
өзгерістер салық жүйесіне барынша нақтылық беру жəне нарықтық экономикасы
бар елдердің салық стандарттарына сəйкес келуге бағытталды. Польшаның
резиденттерінен басқа, Польшада 183 күннен астам жүрген, сондай-ақ
Польшаның аумағында кіріс көзі бар адамдар салық төлеушілер болып табылады.
Польшада осы салықтан босатудың жүзден астам түрі бар, ал заңнамада
көзделген салық жеңілдіктерінің түрлі нысандары салық салу базасын (яғни
кірісті) азайтуға, сол сияқты есептелген табыс салығын тікелей азайтуға
негізделуі мүмкін. Кірістің азаюы сондай-ақ ғылыми, білім беру, мəдени
мақсаттарға жəне денсаулық сақтау ісіне мүлікті өтеусіз беруге (сыйға
тартуға) байланысты болады (алайда өтеусіз беру сомасы кірістің 15%-нан
аспауы тиіс). Сонымен бірге кіріс зейнетақымен қамсыздандыру (жасына жəне
мүгедектігіне байланысты зейнетақы), науқастануына байланысты жəрдемақылар
жəне жазатайым жағдайлар есебінен жарналар көлеміне қарай азайтылады. Заңды
тұлғалардың кірістеріне салық: бұл салықты төлеушілер заңды тұлғалар жəне
заңды тұлғаның мəртебесі бар ұйымдық құрылымдар болып табылады. Табыс пен
шығыс арасындағы айырма ретінде түсіндірілетін кіріс салық есептеуге негіз
болып табылады. Соңғы он жылда бұл салықтың қысқаруға қарай айтарлықтай
өзгеруі орын алды. Егер 1996 жылы заңды тұлғалардың табыс салығының
ставкасы 40% жетсе, кейіннен ол жылына 2% үрдіспен – 2000 жылы 32% дейін
төмендеді. Одан кейін ставканың төмендеу үрдісі тез жылдамдап, 2004 жылы ол
19% тең болды. Польшаның аумағынан тыс тіркелген компаниялардың шектеулі
салық мəртебесі болады жəне Польшаның аумағында алынған пайда үшін ғана
салық төлейді.
Заңды тұлғалардың кірістеріне салықтан мына кірістер босатылады:
- ауыл шаруашылығы қызметінен кірістер, оған ауыл шаруашылығының кейбір
салаларындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты алынған кірістер кірмейді;
- орман туралы заң шеңберінде орман шаруашылықтарынан алынған кірістер;
- өтемақы ретінде жəне қайырымдылық мақсатта алынған төлемдер (білім беру,
денсаулық сақтау, мəдениет, спорт жəне т.б. қоса алғанда);
- халықаралық келісімдер арқылы реттелетін кірістер.
Польшаның пайда алу салығының тартымды ерекшелігі ретінде
заңнаманың салық төлеушінің кез келген шығыстарының сомаларын шығындарға
жатқызуға рұқсат беретінін атап өтуге болады. Сонымен қатар жарнама
шығыстарын, пайда əкелмейтін объектілерге салымдарды, ғылымға қолдау
көрсету мен дамытуға байланысты салымдарды, білім беру, денсаулық сақтау,
қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылыққа жұмсалатын шығындарды шығындарға
жатқызу рұқсат етілген. Жылдық амортизациялық аударымдар 1,5% - 50%
ауқымында түрленіп отырады, ал олардың мөлшері негізгі қорлардың түріне
байланысты. Қаржылық шығын туындаған жағдайда заңнамада кезекті бес салық
жылы бойы пайдаға салықты есептеген кезде шығын сомасын есепке алуға рұқсат
етіледі, сонымен бірге бір жылдағы амортизациялық аударымдардың ең жоғары
сомасы шығындар сомасының жартысынан аспауы тиіс. Сонымен қатар Польшада
қайта өңделген қалдықтарды пайдаланудан жасалған операциялардан алынған
кірістің бір бөлігі салық салудан босатылады. Бұл бөлік өндіріс барысында
пайдаланған шикізат пен қалдықтардың жалпы құнына қатысты пайдаланылған
қалдықтар құнының пайыздық ара-қатынасы ретінде айқындалады. Осындай
жеңілдік берілген қалдықтардың тізбесі, сондай-ақ олардың құнын айқындауға
арналған жан-жақты ереже Қаржы министрінің Декретінде айқындалған. Тізбеде
майлағыш заттар, аккумуляторлар, ескі-құсқы нəрселер, макулатура, əйнекке
арналған ыдыс жəне басқалары сияқты бірқатар позиция бар.Табыс салығынан
сондай-ақ 30 млн. доллар жəне одан астам ақша салған шетелдік инвесторлар
босатылады (5-10 жылға). Польшада табыс салығының ставкаларын одан əрі
ырықтандыру 1078 жоспарланып отырғанын атап өткен жөн: бірте-бірте 22%
мөлшеріндегі табыс салығының бірыңғай ставкасына көшу болжанып отыр. Арнайы
экономикалықкедендік аймақтар: арнайы экономикалық ай-мақтар (бұдан əрі -
АЭА) Польшаның аумағында 1994 жылдан бері бар жəне ел экономикасына
инвестицияларды тартудың барынша тиімді тəсілдерінің бірі болып табылады.
АЭА аумағында шетелік инвесторлар едəуір салық жеңілдіктерін жəне
артықшылықтарын алуға мүмкіндігі болады, ол жеңілдіктер шаруашылық
жүргізуші субъектілердің пайдаға салықтан ішінара немесе толық (АЭА-на
байланысты) босатылуынан, сондай-ақ инвестициялық шығындардың бір бөлігін
шығыс бабы ретінде есепке алудан тұрады. Пайда алу салығынан босату
(инвестордың таңдауы бойынша) ең аз мөлшері 100 мың еуро (400 мың злотыйдан
астам) болатын инвестициялық шығындар негізінде немесе жаңа жұмыс орындарын
құру арқылы жүзеге асырылады. Əдеттегідей, жеңілдіктер мөлшері бастапқы
инвестициялық шығындардың 50 %-нан не жұмыс күшіне екі жыл бойы жұмсалған
шығындардың 50%-нан аспауы тиіс. Шағын жəне орта бизнеске қатысты барынша
оңтайлы жағдайлар жасалған, олардың мемлекеттік қолдауының ең жоғары көлемі
65% жете алады.
Бес жыл бойы инвестор рұқсатта көрсетілген кəсіпкерлік қызметті
жүргізуге, АЭА-да инвестициялау барысында алынғантартылған негізгі
қорлардың меншік құқығын сақтауға жəненемесе құрылған жұмыс орындарының
санын сақтауға міндетті. Сондай-ақ Польшаның аумағында еркін кедендік
аймақтар жəне қосымша кедендік қоймалар жұмыс істейді. Еркін кедендік
аймақтарда жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілері бөлшек сауданы
қоспағанда, кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы экономикалық қызмет
Сыртқы экономикалық қызметке салық салу туралы
Кедендік төлемдер: түрлері, есептеу, төлеу тәртібі
Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
Кәсіпорынның салық салу жүйесі
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
Кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметі жайлы
Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі
Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Пәндер